Гиповитаминоздардың негізгі себеп-тері
Реферат, 27 Октября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
ХΙХ ғасырдың екінші жартысында тамақ өнімдерінің құндылығы, олардың құра-мындағы ақуыздар, майлар, көмірсулар минералдық тұздар және судың болуымен анықталатындығы дәлелденді.
Дегенмен, дәрігерлердің практикалық тәжірибесі және клиникалық бақылаулар, сонымен қатар, теңіздегі және құрғақ жерлердегі саяхатшылардың тарихтары тамақтың құрамындағы жоғарыда көрсетілген құнды заттары толық болғанымен кейбір ерекше аурулардың (қырқұлақ,бери-бери,) дамитындығын көрсетті.
Прикрепленные файлы: 1 файл
3 Бөлім. Витамины.docx
— 2.87 Мб (Скачать документ)Биотин жетімсіздігінің клиникалық көріністері нашар зерттелген, себебі ішек бактерияларының бұл витаминді қажет мөлшерде синтездей алатын мүм-кіндігі бар. Сондықтан, биотиннің ави-таминозы ішектің дисбактериозы ке-зінде байқалады, мысалы антибиотик-тердің көп мөлшері, немесе сульфанил-амидтың препараттарды көп қолдан-ғанда ішек микрофлорасы көп өлуі ке-зінде немесе шикі жұмыртқа ақуызын рационға көп енгізгенде байқалады. Жұмыртқа ақуызында авидин глико-протеині бар, ол биотинмен жақсы байланысып, сіңірілуін нашарлатады. Авидин (молек. массасы 70 000 кД) 128 аминқышқылдарынан тұратын, төрт ұқсас суббірліктерден тұрады, әрбір суббірлік биотиннің бір-бір молекула-сын байланыстырады. Биотиннің жетім-сіздігі кезінде қызаруы, терінің қабыр-шақтануы байқалатын, сонымен қатар тер бездерінен көп бөліну (себорея) сияқты ерекше дерматит дамиды.
Н авитаминозы кезінде жануарлар жүнінің, шашының түсуі байқалады, тырнақ зақымдалуы, бұлшық еттердің ауруы, шаршау, ұйқы басу және депрессия байқалады.
7.Фолий қышқылы. (Вс витамині, В9 витамині)
Фолий қышқылы үш құрылымдық бір-ліктен тұрады: птеридин қалдығы (І), парааминобензой қышқылы (ІІ) және глутамин қышқылы (ІІІ).
Формула жазу керек
Әртүрлі заттардан алынған фолий қыш-қылының құрамында 3-6 глутамин қыш-қылы қалдықтары болуы мүмкін. Фолий қышқылы 1941 жылы өсімдіктердің жасыл жапырақтарынан бөлініп алын-ғандықтан оған фолий қышқылы деген ат берілді. (латынша folium – жапырақ). Фолий қышқылының көп мөлшері ашытқыда, бауырда, бүйректерде, етте және басқа жануар текті өнімдерде болады.
Фолий қышқылының тәуліктік мөл-шері 50-200 мкг дейін, дегенмен сіңірілуі нашар болғандықтан тәуліктік мөлшерін 400 мкг-ға дейін көбейту ұсынылады.
Фолий қышқылының биологиялық рөлі. Фолий қышқылы тотығу дәрежесі әр түрлі. Бір көміртекті радикалдарды: метил-, оксиметил-, формилді радикал-дарды тасымалдауға қатысатын кофер-менттердің синтезіне субстрат болып табылады. Бұл коферменттер әртүрлі заттардың синтезіне: пуринді нуклео-тидтердің, ԁУМФ тың ԁТМФ-ке айналу реакциясына, глицин және сериннің алмасуына (9,10 тарау) қатысады.
Авитаминозының негізгі белгілері.
Фолий қышқылының авитаминозы ке-зінде қан түзілуі бұзылады, соған сәйкес қан аздықтың әртүрлі түрлері дамиды. (макроцитарлы анемия), лейконемия, бойдың өсуі нашарлайды. Фолий қыш-қылының авитаминозы кезінде эпите-лий регенерациясы, әсіресе шірінді қабаттағы тұрақты бөлініп тұратын жасушалардағы ДНҚ синтезіне қажет пуриндер және пиримидиндердің жетіс-пеушілігі туғызатын АҚЖ байқалады. Фолий қышқылының жетімсіздігі адам-дар мен жануарларда сирек кездеседі, себебі бұл витамин ішек микрофло-расында жеткілікті мөлшерде синтезде-леді. Бірақ, сульфаниламидтік препа-раттарды бірқатар ауруларды емдеуге қолданғанда, витаминнің авитаминозы тууы мүмкін. Себебі сульфаниламидтік препараттар микроорганизмдерде фо-лий қышқылы синтезін тежеуші рөлін атқарады, яғни оның құрамындағы па-рааминобензой қышқылының құрылым-дық аналогы. (2 тарауды қараңыз).
Птеридиннің кейбір туындылары (аминоптерин және метотрексат) фолий қышқылын қажет ететін барлық орга-низмдердің өсуін тоқтатады. Бұл препа-раттар қатерлі ісік ауруымен ауыратын ауруларда ісікті тоқтату үшін ем ретінде қолданылады.
8.В 12 витамині (кобаламин).
В12 витамині 1948 жылы бауырдан кристалды түрде бөлініп алынды. 1955 жылы Дороти Ходжкен рентген-құры-лымдық анализдің көмегімен бұл вита-миннің құрылысын ашты. 1964 жылы осы жұмысы үшін ғалым Нобель сыйлығының лауреаты атағына ие бол-ды. В12 витамині-құрамында металы бар (кобальт) жалғыз витамин (3-2 су-рет).
3.2-сурет. В12 витамині (1) және оның коферменттері, метилкобаламин (2) және 5-дезокси-аденозилкобаламин (3) құрылыстары.
В12 витамині өсімдіктерде де, жануар-ларда да синтезделмейді. Бұл негізінен-тек қана микроорганизмдерде синтез-делетін жалғыз витамин. Витамин бак-териялармен, актиномицеттермен және жасыл-көк балдырлармен синтезделеді. Жануар ұлпаларында В12 витаминіне бауыр және бүйрек бай.
Жануарларда витаминнің жетіспеуші-лігі кобаламиннің сіңірілуі бұзылуымен байланысты, ал кобаламиннің сіңірілуі Касланың ішкі факторы синтезінің бұ-зылуымен байланысты, себебі витамин Касла факторымен бірге сіңіріледі. Касла факторы асқазанның жабынды жасушаларымен синтезделеді. Касла факторы – гликопротеин, молекулалық массасы 93 000 Д. Ол В12 витаминімен Са+2 қатысуымен байланысады. В12 витаминінің гиповитаминозы асқазан сөлі қышқылдығының төмендеуімен байланысты, ал ол асқазан шірінді қабаты зақымдалуы нәтижесінде болуы мүмкін.
В12 гиповитаминозы, тағы да хирургия-лық жолмен қарында толығымен алып тастағанда жүруі мүмкін.
Тәуліктік қажеттілігі 1-2 мкг, яғни өте аз мөлшерде қажет. В12 витамині екі коферменттің түзілуі үшін қажет: цито-плазмада метилкобаламиннің және митохондрияда дезокси аденозилкоба-ламиннің (3-2 сурет).
• Метил В12-коферменті гомоцистеин-нен метиониннің түзілуіне қатысады.
Сонымен қатар, метил- В12 – ДНҚ және РНҚ синтезі үшін бастапқы заттар болатын нуклеотидтер синтезі үшін қажет, фолий қышқылдарының туынды-лары өзгерістері үшін қажет.
• Дезоксиаденозилкобаламин тақ санды көміртегі атомы бар май қышқылдары метаболизміне және тармақталған кө-мірсутекті тізбегі бар амин қышқылда-ры метаболизміне қатысады. (8,9 тарау-ды қараңыз).
В12 витамині авитаминозы негізгі бел-гілері–макроцитарлы (мегабласталы) анемия. Бұл ауру үшін негізгі белгі эритроциттер көлемінің үлкеюі, қан айналымында эритроциттер санының азаюы, қанда гемоглобин концентра-циясының төмендеуі. Қан түзілуі бұзы-луының негізгі себебі, нуклеин қыш-қылдары алмасуымен тікелей байла-нысты, оның ішінде қан түзілу жүйе-леріндегі тез бөлінетін жасушалардағы ДНҚ синтезі бұзылуы. В12 витамині авитаминозы қан түзілу қызметінің бұ-зылуынан басқа, орталық жүйке жүйе-сінің қызметі бұзылуы байқалады, ол тақ санды көміртегі атомы бар май қышқылдары ыдырауы кезінде жина-лып қалатын метилмалон қышқылының улылығына байланысты, және кейбір тармақталған бүйірлік тізбегі бар амин қышқылдарының жиналып қалуына тәуелді.
С витамині (аскорбин қышқылы) Аскорбин қышқылы – қышқыл лактоны, құрылысы глюкозаға жақын. Екі түрде кездеседі: тотықсызданған (АҚ) және тотыққан (дегидроаскорбин қышқылы ДАҚ).
Аскорбин қышқылының бұл екі түрі тез және қайтымды түрде біріне-бірі айна-лады және кофермент түрінде тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады. Аскорбин қышқылы ауадағы оттегімен, пероксидпен және басқа тотықтырғыш-тармен тотыға алады.
ДАҚ цистеин, глутатион, күкіртті сутегі әсерінен тез тотықсызданады. Әлсіз сілтілік ортада лактонды сақинаның бұзылуы және биологиялық белсенді-ліктің жойылуы байқалады. Тамақ дай-ындау барысында тотықтырғыштардың қатысуымен С витаминінің біразы бел-сенділігін жояды.
С витамині – жаңа піскен жеміс, көкө-ністер (3-1 кесте).
3-1 кесте. Кейбір тағам өнімдері мен өсімдіктердегі аскорбин қышқылының мөлшері.
Өнім |
Витаминің мөлшері,мг/100г |
Итмұрын |
2400 |
Облепиха |
450 |
Қарақат |
300 |
Лимондар |
40 |
Апельсиндер |
30 |
Алмалар |
30 |
Картоп |
25 |
Қызанақ |
20 |
Сүт |
2,0 |
Ет |
0,9 |
Адамға қажет тәуліктік мөлшері 50-75 мг.
Биологиялық қызметтері. Аскорбин қышқылының негізгі қасиеті-оңай то-тығып-тотықсыздану. ДАҚ-мен бірге АҚ жасушада редокс - потенциалы +0,139 В болатын тотығу-тотықсыздану жұбын құрайды. Осы қасиетіне сәйкес, аскорбин қышқылы көптеген гидрокси-лдену реакцияларына қатысады:Про және Лиз коллаген синтезі (дәнекерлеу ұлпасының негізгі ақуызы) кезінде гид-роксилденуі, дофаминнің гидроксил-денуі, бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатында стероидты гормондардың синтезделуі (9-11 тарауды қараңыз).
Ішекте аскорбин қышқылы Ғе3+ ионын Ғе +2 ионына дейін тотықсыздандырады, яғни оның сіңірілу қабілетін аттырады, ферритиннен темірдің бөлінуін жыл-дамдатады. (13 тарауды қараңыз), фола-ттың коферметтік түрге көшуіне мүм-кіндік береді. Аскорбин қышқылы табиғи антиоксиданттарға жатады. (8 тарауды қараңыз). С витаминнің бұл рөліне америка ғалымы, екі рет Нобель силығының лауреаты Л.Полинг аса көңіл бөлген. Ол бір қатар аурулардың алдын-алу және емдеу үшін (суық ұстап қалу сияқты) аскорбин қышқылының бірден көп мөлшерін (2-3г) дейін қол-дануды ұсынды.
С витамині жетімсіздігінің клини-калық көріністері. Аскорбин қышқы-лының жетімсіздігі қырқұлақ (цинга) ауруын туғызады. Қырқұлақ ауруы тамақтың рационда жаңа піскен жеміс-тер және көкөністер болмағанда дами-тындығы туралы осыдан 300 жыл бұ-рын, яғни ұзақ уақыт теңізде жүзгенде және солтүстік экспедицияда жүрген-дерде байқалғандығы туралы жазылған. Бұл ауру тамақта С витамині жетіспе-генде дамиды. Қырқұлақ ауруымен адамдар, маймылдар және теңіз шош-қасы ауырады. Авитаминоздың негізгі көрінісі дәнекерлеу ұлпасының ақуызы коллоген синтезі бұзылуынан байқала-ды. Нәтижесінде, тіс түптерінің босауы, тістердің қозғалуы, қыл тамырлардың бүтіндігі бұзылуы (тері астылық қан құйылу) байқалады.
Ісік, буындарда ауыру, анемия дамиды. Қырқұлақ кезіндегі анемия темір қорын жұмсау қабілеті бұзылғандықтан және фолий қышқылы метаболизмінің бұзы-луынан пайда болады.
10.Р витамині (биофлавоноидтар)
«Р витамині» деген ұғым, қазіргі кезде биофлавоноидтар тұқымдасын бірікті-реді. (катехиндер, флавонондар, флавон-дар). Бұл көптүрлі табиғаты өсімдік полифенолды қосылыстар, олар С вита-мині сияқты қан тамырларының өткіз-гіштігіне әсер етеді.
Р витаминіне лимон, гречиха, қара қарақат, шәй жапырақтары, итмұрын же-містері бай келеді. Тәуліктік қажет-тілігі, адам үшін әлі белгісіз. Флаво-ноидтардың биологиялық рөлі дәнекер-леу ұлпасының жасуша аралық матрик-сын тұрақтандыру және қылтамырлар өткізгіштігін төмендетеді. Р витамині тобына көптеген қосылыстар гипотен-зивті әсер етеді.
Р витамині гиповитаминозының кли-никалық көріністері Р витамині гипо-витаминозы кезінде тіс түптері қан ақ-қыштығы күшейеді және тері астында нүктелік қанталау жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық және аяқ-қолдар ауруы байқалады. 3-2 кестеде суда еритін ви-таминдердің негізгі биологиялық қыз-меттері, коферменттік түрлері, тәуліктік қажеттілігі және авитаминозының кейбір көріністері көрсетілген.
3-2 суда ерітин витаминдер.
Б. Майда ерітин витаминдер
1. А витамині (ретинол) – циклді қанықпаған бір атомды спирт.
А витамині тек жануар өнімдерінде ғана кездеседі: ірі қара мал және шошқа ба-уырында, жұмыртқа сары уызында, сут өнімдерде, балық майында өте көп. Өсімдік тамақтарда (сәбіз, томат, бұ-рыш, салат т.б).
А витаминінің провитамині болатын каротиноидтар болады. Ішектің шірінді қабатында және бауыр жасушаларында каротиноидтарды А витаминінің бел-сенді түріне айналдыратын, талғамды фермент каротиндиоксигеназа бар.
А Витаминнің тәуліктік қажеттілігі ересек кісі үшін 1-2,5 мг дейін, ал ß- каротин мөлшері 2-5 мг дейін. Әдетте А витаминінің тамақтық өнімдердегі белсенділігі халықаралық өлшем бірлі-гімен анықталады. А витаминінің бір халықаралық бірлігі (ХБ) 0,6мкг ß-ка-ротинге немесе 0,3мкг А витаминіне эквивалентті.
А витаминінің биологиялық рөлі Организмде ретинол бірқатар қызмет-терді реттеуші ретиналь және ретиной қышқылына айналады. Олар жасуша-лардың өсуіне және ерекшеленуіне қа-тысады, сонымен қатар көру процесінің фотохимиялық негізін құрайды. А ви-таминінің көру процесіне қатысуы мұ-қият зерттелген (3-3сурет).
Аталуы |
Тәуліктік қажетілігі мг |
Коферменттік түрі |
Биологиялық қызметтері |
Авитаминозына тән белгілер |
В1 (тиамин) |
2-3 |
ТДФ |
Декарбоксилденуі ɑ-кетоқышқылы, белсенді альдегид тобын тасымалдау (транскетолаза) |
Полиневрит |
В2 (рибофлавин) |
1,8-2,6 |
FAD FMN |
Тыныс алу ферментте-ріндегі, сутегі тасымалдау |
Көздің зақымдалуы (кератиты, катаракта) |
В5 (пантотен қышқылы) |
10-12 |
КоА-SH |
Ацил тобын тасымалдау |
Дистрофиялық өзгерістер бүйкек үсті безі және нерв ұлпаларында |
В6 (пиридоксин) |
2-3 |
ПФ(пиридоксаль фосфат) |
Аминқышқылдардың алмасуы (трансаминдену, декар-боксилдену) |
Нерв жүйесінің жо-ғарғы козуы дерма-титтер |
РР (ниацин) |
15-25 |
NAD NADP |
Су тегін тасымалдау ак-цепторы |
Дерматит,деменция,диарея |
Н (биотин) |
0,01-0,02 |
Биотин |
СО2 фиксациясы карбо-ксилденуі(мысалы, пиру-ват және ацетил-КоА) |
|
Вс (фоль қышқылы) |
0,05-0,4 |
Тетрагидрофоль қышқылы |
Бір көміртекті топтарды тасымалдау |
|
В12 (кобаламин) |
0,001-0,002 |
Дезоксиаденозил және метилкоба-ламин |
Метил тобын тасымал-дау |
Макроцитарлы анемия |
С (аскорбин қышқылы) |
50-75 |
- |
Пролинің лизинің гидро-ксилденуі, (коллагеннің синтезі),антиоксидант |
|
Р (рутин) |
белгісіз |
- |
С витаминімен тотығу-тотықсыздану реакция-сына қатысады, гиалуро-нидаза әсерін тежейді |