Гиповитаминоздардың негізгі себеп-тері

Реферат, 27 Октября 2013, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


ХΙХ ғасырдың екінші жартысында тамақ өнімдерінің құндылығы, олардың құра-мындағы ақуыздар, майлар, көмірсулар минералдық тұздар және судың болуымен анықталатындығы дәлелденді.
Дегенмен, дәрігерлердің практикалық тәжірибесі және клиникалық бақылаулар, сонымен қатар, теңіздегі және құрғақ жерлердегі саяхатшылардың тарихтары тамақтың құрамындағы жоғарыда көрсетілген құнды заттары толық болғанымен кейбір ерекше аурулардың (қырқұлақ,бери-бери,) дамитындығын көрсетті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

3 Бөлім. Витамины.docx

— 2.87 Мб (Скачать документ)

3 Бөлім

 

Витаминдер.

 

ХΙХ  ғасырдың екінші жартысында тамақ өнімдерінің құндылығы, олардың құра-мындағы ақуыздар, майлар, көмірсулар минералдық тұздар және судың болуымен анықталатындығы дәлелденді.

    Дегенмен, дәрігерлердің практикалық  тәжірибесі және клиникалық бақылаулар, сонымен қатар, теңіздегі және құрғақ жерлердегі саяхатшылардың тарихтары тамақтың құрамындағы жоғарыда көрсетілген құнды заттары толық болғанымен кейбір ерекше аурулардың  (қырқұлақ,бери-бери,) дамитындығын көрсетті.

Витаминдер  тұралы ілімнің дамыуна, орыс ғалымы Н.И. Луниннің тышқандарға жасаған тәжірибесі көрсеткен ғылыми зерттеулерінің маңызды үлесі болды. Тышқандардың бір тобы (бакылау) табиғи сүтпен қоректендірілді, ал екінші тобына сүт құрамындағы заттар қоспасын: ақуыз, май, сүт қанты, минералды тұздар және сумен қоректендірілді. Біраз уақыт өткен соң тәжірибелік топтағы тышқандар өліп қалды, ал бақылау тобындағы тышқандар дамуы қалыпты болганы байқалды. Нәтижесінде сүттің құрамында қалыпты тіршілік етуге қажет қосымша заттар болатындығы туралы қорытынды жасалды.

Лунин жасаған қорытындының дәлелі ретінде бери–бери ауруының даму себебі анықталды. Тамаққа тазартылмаған күріш қолданған кісілердің дені сау, қалыпты күйде болса, тазартылған күрішті қолданған кісілердің бери-бери ауруына ұшырайтындығы байқалған. 1911 жылы поляк ғалымы күріш кебегінен бери-бери ауруын емдейтін затты бөліп алды.

Бұл органикалық заттың құрамында амин тобы болғандықтан Функ бұл затты витамин, яғни өмір амины (латын сөзі vita- өмір) деп атады.

Қазіргі кезде жиырмаға жуық витаминдер белгілі, олар адам организмінің қалыпты өсуін  және физиологиялық және биохимиялық  процестердің қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Олардың көпшілігі (В12, РР т.б.) коферменттер құрамында болады, ал кейбіреулері маманданған қызметтер атқарады (А, Д, Е, К витаминдері).

Витаминдер–химиялық табиғаты және құрылысы әртүрлі негізінен өсімдіктерде, кейде-микроорганизмдермен синтезделетін төменгі молекулалы органикалық заттар. Адамдар үшін витаминдер–алмасуға жатпайтын –тамақтық фактор.

Витаминдердің тамақпен жеткіліксіз түсуі, олардың  сіңірілуінің бұзылуы немесе организмнен  қолданылуы бұзылуы гиповитаминоздар деп аталатын патологиялық күйді  туғызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гиповитаминоздардың негізгі  себеп-тері:

   •Витаминдердің тамақта жетімсіздігі;     

   •АҚЖ сіңірілуінің бұзылуы;

   •Витаминдер өзгерісіне қатысатын   ферменттердің  біткен кемістігі;

  •Витаминдердің құрылымдық аналог-тарының әсері (антивитаминдер).

Адамның витаминге мұктаждығы жы-нысына, жасына, физиологиялық күйіне және еңбек ету түріне тәуелді. Вита-минге мұқтаждық тамақтың құрамына да тәуелді (диетада ақуыздардың, көмір-сулардың көп болуы), майлардың мөл-шеріне  және сапасына, сонымен қатар климаттық жағдайларға тәуелді.

Витаминдердің жіктелуі.

Химиялық құрылысы және физико-хи-миялық қасиеттері (ерігіштігі) бойынша витаминдер 2 топқа бөлінеді.

А. Суда еритін витаминдер

В1 витамині (тиамин)

В2 витамині (рибофлавин)

РР витамині ( никотин қышқылы, нико-тинамид, В3 витамині)

Пантотен қышқылы (В5 витамині)

В6 витамині ( пиридоксин)

Биотин (Н витамині)

Фолий қышқылы (Вс витамині, В9)

В12 витамині (кобаламин)

С витамині (аскорбин қышқылы)

Р витамині (биофлавонойдтар)

Б. Майда еритін витаминдер.

А витамині (ретинол)

Д витамині (холекальциферол)

Е витамині (токоферол)

К витамині (филлохинон)

Суда еритін витаминдер, организмге кажет мөлшерден артық түссе де, суда жақсы еритін болғандықтан тез орга-низмнен шығарылып отырады.

Майда еритін витаминдер, майда жақ-сы ериді, тамақпен түскен артық мөл-шері, организмде оңай жиналып қалады.

Олардың организмде көп жиналуы, зат алмасу прцесінің қалыпты жағдайдан ауытқып, гипервитаминоз дамиды, кей-де өлім қаупі туады.

А.Суда еритін витаминдер.

1.В1 витамині (тиамин). Витамин метинді көпіршемен байланысқан пири-мидинді және тиазолды сақинадан тұ-рады.

 

 

 

 

В1 витамині көздері. В1 витамині 1912 жылы К.Функ кристалды  түрде бөліп алған  бірінші витамин. Ол табиғаты өсімдіктің (астық дақылдары және кү-ріш тұқымдары қабықтарында, бұршақ, фасоль және сояда) тамақ өнімдерінде көп кездеседі. Жануар организмдерінде В1 витамині тиаминнің ди фосфорлы эфирі (ТДФ) түрінде кездеседі, ол ба-уырда, бүйректе, мида, жүрек бұлшық еттерінде тиаминнің АТФ-пен тиамин-киназа ферменті қатысуында әрекет-тесуі нәтижесінде түзіледі.

Тәуліктік қажеттілігі– ересек кісілерде орташа 2-3 мг В1витамині қажет. Бірақ В1 витаминіне мұқтаждық тамақтың құрамына және жалпы калориясына, зат алмасу процесінің қарқынына және жұмыс істеу қарқынына тәуелді. Та-мақтың құрамында көмірсулық компо-ненттің көп болуы витаминді көп қажет етеді, ал майлар көп болса бұл қажет-тілік күрт төмендейді.

В1 витаминінің биологиялық ролі. В1 витамині ТДФ түрінде үш фермент және ферменттік комплекстің құрамына кіреді: пируват-және α-кетоглутарат де-гидрогеназалық комплекс  құрамында болып, пируваттың және α-кетоглута-раттың тотыға декарбоксилдену реак-цияларына қатысады, транскетолаза құрамында ТДФ глюкозаның пентозо-фосфаттық жолмен өзгеріске ұшырау реакцияларына қатысады.

 

 

 

 

 

 

 В1–витамині жетіспегенде негізгі және тек осы витаминнің жетімсіздігінде дамитын полиневрит байқалады, оның негізіне жүйке жүйесінің дегенеративті өзгерістері жатады. Алдымен жүйке бағанасы бойымен ауру сезімі пайда болады, әрі қарай тері сезімталдығы жойылып, сол ауруы дамиды (бери-бери). Аурудың екінші белгісі жүрек қызметінің бұзылуы, яғни жүрек ритмінің бұзылуы, жүрек аймағында ауру сезімі пайда болады. В1 витамині жетіспегенде АҚЖ бөліп шығару, жиырылу қызметтерінің, ас қазан сөлінің қышқылдығының төмендеуі, тәбеттің жоғалуы, ішек тонусының төмендеуі байқалады.

2.В2 витамині (рибофлавин). В2 витамині құрылысы негізіне риби-тол спиртімен байланысқан изоал-локсазин жатады.

 

                          

                              В2-витамині

 

Рибофлавин сары түсті кристаллдар (латынша flavos-сары), суда нашар ериді. В2 витаминінің негізгі көзі- бауыр, бүйрек, жұмыртқа, сүт, ашытқы. Сонымен қатар шпинатта, бидайда, қарабидайда кездеседі. Адам аздап В2 витаминін ішек микрофлорасының өнімі ретінде алады.

Тәуліктік қажеттілігі ересек кісілер үшін 1,8-2,6мг. Биологиялық қызмет-тері. Ішектің шірінді қабатында, вита-мин сіңірілгеннен кейін ФМН және ФАД коферменттерінің синтезі жүреді:

 

 

ФАД және ФМН коферменттері фла-винді ферменттердің құрамында бола-ды, ал бұл ферменттер тотығу-тотық-сыздану реакцияларына қатысады (2,6,9,10тараулардан қараңыз).

Рибофлавин  жетіспеушілігінің клини-калық көріністері.

Жас организмдердің өсуі тоқталады. Ауыз қуысында шірінді қабатта қабыну процестері байқалады, ауыз бұрышта-рында ұзақ уақыт жазылмайтын жары-лулар мұрын-ерін қыртыстарында дер-матит байқалады. Көздің қабынуы тән: конъюктивит, мүйізді қабаттың васкуля-ризациясы, катаракт дамиды В2 вита-минінің жетіспеушілігі кезінде, бұлшық еттің жалпы әлсіздігі байқалады.

3.РР витамині. (никотин қышқылы, никотинамид, В3 витамині).

 

 

 

 

РР витамині көздері. РР витамині өсімдік тамақтарында кең тараған, ол күріш және бидай кебектерінде, ашыт-қыда, ірі қара мал және шошқа бауыры мен бүйректерінде көптеп кездеседі. РР витамині триптофаннан синтезделе ала-ды, (60 молекула триптофаннан 1 моле-кула никотинамид түзіледі), сондықтан тамақта триптофан мөлшері көп болса, РР витаминіне мұқтаждық төмендейді. РР витаминінің тәуліктік қажеттілігі ересек адамдар үшін 15-25мг, ал балалар үшін-15 мг.

Биологиялық қызметтері. Никотин қышқылы көптеген, әртүрлі дегидро-геназалардың коферменттік қызметін атқаратын НАД+ және НАДФ+-тың құ-рамында болады. (2 тарауды қараңыз). НАД+ синтезі организмде 2 кезеңнен тұрады:

 

 

 

НАДФ+ НАД+-тан цитоплазмалық НАД+ -киназаның қатысуымен фосфорлану нәтижесінде түзіледі.

НАД+ + АТФ →   НАДФ+   + АДФ.

РР витаминінің жетіспеушілігі «пе-ллагра» ауруын туғызады оның үш белгісі бар: дерматит, диарея, деменция («үш Д») Пеллагра күн сәулесі түсетін терінің ашық жерлерінде симметриялы дерматит түрінде, АҚЖ жұмысы бұзы-луы (диарея) және ауыз, тілдің шірінді қабаттарында қабыну жарақаттары тү-рінде байқалады. Пеллаграның ұзақ дамыған түрінде ОЖЖ қызметі бұзы-луы (деменция) байқалады: еске сақтау-дың нашарлауы, галлюцинация және сандырақтау т.б.

4.Пантотен қышқылы. (В5 витамині) Пантотен қышқылы Д-2,4 – дигидрокси-3,3-диметилмай қышқылы және ß-ала-ниннен тұрады, ол екеуі бірімен-бірі амидті байланыс арқылы байланысқан:

Пантотен қышқылы – ақ, майда крис-талды ұнтақ, суда жақсы ериді өсім-діктерде және микроорганизмдерде  синтезделеді, табиғаты жануар және өсімдік тағамдарында көптеп кездеседі, (жұмыртқа, бауыр, ет, балық, сүт, ашыт-қы, картоп, сәбіз, бидай, алма). Адам ішегінде пантотен қышқылы аздаған мөлшерде ішек таяқшасымен синтез-деледі.

Пантотен қышқылы–жан жақты (уни-версалды) витамин, бұл витамин адам-дар, жануарлар, өсімдіктер және микро-организмдер ушін қажет.

Пантотен қышқылының тәуліктік  қажеттілігі 10-12мг.

Биологиялық қызметтері. Пантотен қышқылы жасушаларда 4-фосфопан-тотейн және КоА (3-1 сурет) коферменті синтезі үшін қажет, ол 4-фосфопан-тотейн – пальмитоилсинтетаза фермен-ттік комплекстің жұмысы үшін қажет кофермент.


 

 

3-1 сурет. 4-Фосфопантотеинің және КоА-ның құрылысы.

 

КоА-катаболизмнің жалпы жолдарын-дағы реакцияларда ацил-топтарын тасы-малдауға, (6 тарау), май қышқылдарын белсендіруге, холестерин және кетонды денелердің синтезіне (8 тарау), ацетил глюкозаминдер синтезіне (15 тарау), бауырда бөгде заттарды залалсыздан-дыру үшін қажет. (12 тарау).

  Витамин жетіспегенде дамитын кли-никалық көріністер. Адам және жануар организмінде дерматиттер, ішкі секреция бездерінде дистрофиялық өз-герістер (мысалы: бүйрек үсті безінде, жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы (нев-рит,сал), жүректе, бүйректерде дистро-фиялық өзгерістер, жануарларда жүн түсу, шаш тусу, пигментсіздену, тәбет-тің төмендеуі, жүдеу байқалады. Адам қанындағы пантотен қышқылының тө-мендеуі басқа витаминдердің гиповита-миноздарымен біріге жүріп, гиповита-миноздардың біріккен түрін дамытады.

5.В6 витамині  (пиродоксин, пиродок-саль,пиридоксамин)

В6 витамині құрылысы негізіне пиридин сақинасы жатады.

В6 витаминінің 3 түрі бар, олар бір – бірімен азот атомымен салыстырғанда

п–орында болатын орынбасарларымен ерекше. Барлығының биологиялық бел-сенділіктері бірдей.

 

Витаминің 3 түрі де түссіз кристалдар, суда жақсы ериді.

Адам үшін В6 витаминінің көзі жұ-мыртка, бауыр, сүт, жасыл бұрыш, сә-біз, бидай, ашытқы сияқты тамақ өнімдері.Аздаған мөлшері ішек флорасымен синтезделеді.

  Тәулік мөлшері 2-3 мг.

  Биологиялық қызметтері. В6 витами-нінің барлық түрлері организмде пириридоксальфосфот және пиридок-саминфосфат сияқты коферменттер син-тезі үшін қажет. Коферменттер пиридин сақинасындағы бесінші орында орна-ласқан гидроксиметил-тобының пири-доксалькиназа және фосфат тобының көзі ретінде АТФ-қатысында фосфор-лануы нәтижесінде түзіледі.


 

 

Пиридоксальды ферменттер аминқыш-қылдары алмасуында шешуші роль атқарады: аминқышқылдарының транс-аминделуін және декарбоксилденуін катализдейді, кейбір амин қышқылда-ры метаболизміндегі серин, треонин, триптофан құрамында күкірті бар ерек-ше реакцияларына қатысады, сонымен қатар гем синтезіне қатысады. (9,12 та-рауды қараңыз).

Витамин жетімсіздігіндегі  клиника-лық көріністер:

Балаларда В6 авитаминозы кезінде ОЖЖ шамадан тыс қозғыштығы, қайталап тұратын ГАМҚ жеткілікті түрде түзілмеуінен туатын аяқ-қолдың тартылуы (9 тарауды қараныз), дерма-титтің ерекше түрлері дамиды. Ересек адамдарда В6 гиповитаминозының да-муы туберкулез ауруын ұзақ уақыт изониазидпен (В6 витамин антогонисі) емдегенде байқалады. Бұл кезде жүйке жүйесінің зақымдалуы (полиневриттер), дерматиттер дамиды.

6.Биотин  (Н витамині).

Биотин құрылысы негізіне тиофен сақинасы жатады, оған мочевина моле-куласы қосылған, ал бүйірлік тізбегі валериян қышқылынан тұрады.

 

 

Н витамині негізінен барлық табиғаты жануар және өсімдік тағам өнімдерінде кездеседі. Бұл витамин, бауырда, бүй-ректе, сүтте, жұмыртқа сары уызында көп кездеседі. Қалыпты жағдайда адам биотинді ішекте бактериалардың син-тезі көмегімен алады.

 Тәуліктік мөлшері 10 мкг-нан аспай-ды.

Биологиялық ролі.  Биотин коферме-нттік қызметін карбоксилаза ферменті-нің құрамында атқарады, ол CO2 белсенді түрін түзуге қатысады.

 

Адам организмінде биотин ацетил-коА  дан малонил-КоА түзуге (8 тарау), пу-рин сақинасы синтезінде (10 тарау), со-нымен қатар пирожүзім қышқылының карбоксилденіп оксалоацетат (6 тарау),  түзу реакцияларына қатысады.

Информация о работе Гиповитаминоздардың негізгі себеп-тері