Семей ядролық полигоны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 23:22, доклад

Краткое описание

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Семей Ядролық Полигоны. Баяндама.doc

— 1.45 Мб (Скачать документ)

Бұл ретте әкім О. Сүлейменовтың  адамзат алдындағы еңбегін халықаралық қауымдастық мойындағанын және ол полигонды ЮНЕСКО шешімімен «Бейбітшілік ескерткіші» реестрі қатарына қосқаны айғақтайтынын атап өтті. 

«Невада-Семей» антиядролық  қозғалысының 20 жылдық мерейтойына  арналған конференцияның өту күні Олжас Сүлейменовтың туылған күнімен сәйкес келіп отыр. Ахметжан Есімов барлық алматылықтар атынан антиядролық қозғалыс лидеріне тәбәріктік естелік – алтын алма силады.   
«Біз «Невада-Семей» қозғалысын айтқанда, кеңестік дәуірдегі «Біздер партия дегенде - Ленинді мегзейміз» деген қанатты сөзі еріксіз еске түседі. Осы жағадайда да, біз «Невада-Семей» қозғалысы дегенде – Олжас Сүлейменовты мегзейміз», - деді А. Есімов.

Антиядролық қозғалыс лидері О. Сүлейменов болса, ел президенті Нұрсұлтан  Назарбаевпен Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешім өте күрделі жағдайда қабылданғанын конференцияда еске алды.   
«1991 жылдың тамызы біздің есімізде. ГКЧП-дан кейінгі ахуал күрделі тұғын. Кенеттен осы кезде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қояды. Бұл, шын мәнінде, әлі КСРО тарамай тұрып Қазақстанның тәулсіздігін паш еткен құжат болды. Мен мұны, сол оқиғалардың қатысушысы ретінде, ол кезде де, қазір де Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке батылдығы деп бағалаймын. Біздер, оның қорықпай біздің қозғалысты қолдағанына ризамыз», - деді ол, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 20 жылдық мерейтойына арналған конференцияда сөйлеген сөзінде. 

«Мен осы үшін оған, кейбір БАҚ-тарда әр түрлі пікір  айтылғанына қарамай, алғысымды білдіремін. Осы хабарларды оқи отырып, мен әр кез осы фактыны еске аламын, және ол менің санамда кейбір газеттерде Н. Назарбаев туралы барлық теріс жазылғандардан асып кетеді», - деп қосты ол.  

Семей ядролық сынақ  полигоны ядролық сынақ жасайтын әлемдегі ірі полигондардың бірі болған. Ең бірінші сынақ полигонда 1949 жылғы 29  тамызда жасалған болатын. Онда барлығы 468 ядролық сынақ жасалды.

1949 бен 1962 жылдар арасында  онда 30 жер беті сынағы жасалды  және 88 ядролық қондырғы ауада сыналды, олардың арасында бірінші термоядролық қондырғы (1953 жылы 12 тамызда) мен алғашқы сутегі бомбасы (1955 жылы 22 қарашада) бар, 6 қондырғы үлкен биіктікте, ғарышта сыналды. Жер бетіндегі сынақтан басқа полигонда 340-тан астам жерасты сынағы: тік ұңғылар мен көлбеу туннельдерде жасалды.    

 

Антиядролық қозғалыс тарихы 1989 жылы 25 ақпанда басталды. Осы күні КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа үміткер Олжас Сүлейменовтың сайлауалды сөзі жоспарланған болатын. 28 ақпанда Қазақстан жазушылар үйінің ғимаратына жүздеген адам жиналды. Осылайша жалпыхалықтық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысы пайда болды.

Ол Семей ядролық  полигонындағы сынаққа жаппай наразылық  білдірді. 1989 жылы қозғалыс Семей полигонында  жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11-ін тоқтатты. Тек 7 жарылыс болды, соңғысы 19-шы қазанда болды. Қарағандының 130 мың қозғалысқа қатысушы шахтерлері қарар қабылдады: егер жарылыс жалғасатын болса, мерзімсіз ереуілге шығу туралы. Оларды Семей, Павлодар, Өскемен мен Жезқазған жұмысшылары қолдады. Жұмысшыларды ҚазКСР Жоғарғы кеңесі қолдады.

Семей полигоны жабылды 29 тамыз Қазақстан тарихы үшін ерекше күн. Бұл Семей полигонындағы сынақтардың басталған күні және полигонның жабылған күні. Екі оқиғаның арасында 42 жыл өтті. Алғашқы сынақтың ғылыми жетекшісі Курчатов болып жарияланды, ол Берияның жарлығына сәйкес РДС-1 сынағын өкізуге өкім шығарды. Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де полигон көз шағылыстырарлық жарық берді, бұл КСРО алғашқы атом бомбасын әзірлеу мен сынақтан өткізуді табысты аяқтады дегенді білдірді.

Жарылыс қуаты тротил баламасының 22 килотоннасын құрады. Полигон  тарихында барлығы 456 ядролық және термоядролық жарылыс болды. Ядролық  зарядтардың жинақталған қуаты  Хиросимаға тасталған атом бомбасы  қуатынан 2,5 мың есе артық болды. Бұл сынақтардың халық пен экологияға тигізген зардабын әлі күнге дейін бағалау мүмкін емес.

1989 жылы Қазақстанда  ядроға қарсы Олжас Сүлейменов  бастаған «Семей-Невада» қозғалысы  пайда болды. Ядросыз өмір үшін күрескен қазақстандықтардың басты мақсаты Семей полигонын ғана емес, жер бетіндегі басқа да полигондарды жабу болды. 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны президентіміз Назарбаевтың Жарлығымен жабылған болатын.

Бір кездері ядролық  полигон нақ Семей жерінде  неге құрылды деген сұрақтың жауабын  іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан бағаланғаны ма?

1989 жылдың ақпанында  Семейдегі атом полигонын жабу  үшін күресті бастауға ұйғарған  «Невада - Семей» қозғалысының  алғашқы митингісі өткізілді.  Оны басқарған – белгілі қоғам  қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық».

Осы уақытқа дейін  үнсіз тығылып келген халық бір  дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды.

Қазақстан Республикасының  егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев  Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы.

Сөйтіп тиянақтылық  пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды.

1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

 

 

Семей полигоны.

 

Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім КСРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605. Полигонның қалыптасуы Москва облысының Звенигород қаласында басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары поселкесіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумақтарында орналасқан. Жалпы ауданы – 18500км кв., периметр – 600  км-ге жуық. Аталған облыстардың тәрбітіне 54%, 39%, және 37% полигон аумағы тиіс келеді. Полигон сынақтарына дайындық жұмыстары 1949 жылғы шілде айында аяқталды. Сол жылдың 29 тамыз айында КСРО-да алғаш ядролық құрылғының сынағы өткізілді. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілік           И.В. Курчатов атқарды. 1953 жылғы 12 тамызда полигонда алғаш термоядролық құрылғы, 1955 жылы 22 қарашада – сутегі бомбасы сыналды. Ядролық сынақтар ядролық жарылыс құрылғылары және қарулардың үлгілерін сынау мақсатында өткізілді. Кейіннен халық-шаруашылық мақсатта өткізілді. Полигон күрделі ғылыми-зерттеу кешені болып саналды. Құрылымы жағынан ол базалық Курчатов қаласынан тұрды.

Сынақ алаңдары құрылысымен  қатар сынақ алаңынан 130 км Семей  қаласынан батысқа қарай орналасқан тұрғын әкімшілік орталық салына бастады. Алғашқыда тұрғын қалашық  әскери гарнизон қызмет істеді,        Семей – Конечная бекеті теміржол магистралі құрылысының аяқталуынан соң айрықша құпиялылығына байланысты «Москва-400» атауына ие болды. 1947 жылдан бастап қала статусына ие болып, Курчатов аталынды. Әлемге Семей-21 ретінде белгілі (пошта бөлімшесі). Қаланың тарихы ядролық қару базасының құрылу тарихымен ажырамас байланыста. Өзінің тарихындағы ең сұрапыл Ұлы Отан соғысында қорғаныс сипаттағы күрделі мәселелер шешімімен, 1947 жылы КСРО МК және КОКП ОК қаулысымен Тау сейсмикалық бекеті (ТСБ), атомдық зарядтарды табиғи сынау үшін «905» обьектісі құрылды. ОП-2 алғашқы командирі артиллерия генерал-лейтенанты Рожанович Петр Михайлович (1948 жылғы ақпан-қыркүйек).

Оны артиллерия генерал-майоры Колесников Сергей Георгиевич алмастырды. Семей сынақ полигонының соңғы командирі Коноваленко Юрий Владимирович болды. Алғашқы дайындыққа жетекшілік етуші Игорь Васильевич Курчатов болды. Әскери құрылысшылар 1947 жылы Ертіс өзенінің жағасына (Обь өзенінің үлкен сағасы, Қазақстанның маңызды өзендерінің бірі) орналасты. Семей қаласынан шамамен 130 км, ағыстан төмен қарай тұрғын-үйлердің, әкімшілік ғимараттардың, техникалық құрылғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле бастады. Бос орында құрылыс бастау қиынға соқты. Жеке құрам үшін шатырлы қалашық, өзен ағысына жақын жерде су ысыту үшін темір бөшкелері бар моншалар жасалды. Сонымен қатар әскерлерге жертөлелер жасау үшін жер қазылып, орманнан тіреулер алынып, жертөлелерді жауып, үстінен құм себілді. Офицерлер жертөлелері тақтайшалармен жабылып, ішінен фанералармен қоршалды. Әскерлерде қыс бойы тамшылар тамып, әсіресе жылынған мезгілде тоқтамады. Отынның жеткілікті мөлшерде болмауы офицерлер үйінің қабырғаларында шық қырау қабаттарымен қапталатын. Қыс (әсіресе 1948 жылы) өте қатты болды, 40-50 градусқа дейін жететін және қол және аяқ саусақатарының үсініп, кестіру жағдайлары жиі болған. Ақпан айларының аязынан, боранынан жертөлелер есіктері жабылып қалып, көбінесе аршып алуға тура келетін. Жеке құрамға азық-түлік жеткізу үшін автожолдардың болмауынан күніне 300гр. нан ғана жеуге рұқсат етілген.

Полигондағы өмір сүру жағдайы  майдандағыдан кем болған жоқ: сол сияқты жертөлелер, жол қазандық азықтану, заттық, саудалық аттестаттар, жанұядан алыстатылу, қатаң жағдай режимі. Қойылған мәселелерді орындау, үлкен ерік күші, шыдамдылық, жеңімпаз елге деген сүйіспеншілік, әскери құрылысшаларға, командирлерге подполковник Барсуков В.М., Подполковниктер Евтиков М.А., Евдокимов А.А., Тран В.И. және басқаларына өте қысылтаяң мерзімде, 1949 жылдың шілде айына дейін ядролық қаруларды сынау құрылғылары мен объектілерін дайындауды аяқтау қажет болды. Қатарлас құрамына 2 құрылыс полкі кіретін 31516 әскери бөліміне жүктелген тұрғын қалашық құрылысы ( М алаңы) басталды. Әскери құрылысшалардың алдына заманға сай, толық ыңғайластырылған әскери қалашық салу міндеті қойылды. Бұл міндетті 53 инженерлік-құрылыс полкі орындады. Біртіндеп қалашық өсе бастады, адамдар өмірі ыңғайлана бастады. Жеке құрам жертөлелерден тұрғын үйлер мен казармаларға көшті және алғашқы құрылыс болып Ленин көшелеріндегі үйлер және ЖПО, 52605 ә-б гарнизондық штабы болды.

Полигон басшысына арналып коттедж салынды, бірақ оған бірінші жарылыста Л.П. Берия өз қорғаушыларымен қоныстанды. 1949 жылы «Офицерлер үйі» пайдалануға енгізілді. 1950 жылы – су тазалау құрылғысының барлық кешенімен су алу бекеті құрылысы аяқталды.         

Ең алғашқы 36 пәтерлік үйлер 1952 жылдың жазында берілді. Бұл Первомайская 32, (құрылысшылар үйі) және Молодежная,2 (Победы). Екі қабатты казарма, госпитальдің хирургиялық бөлімі 1953 жылы аяқталды. Ертіс жағасындағы жағалау сатылармен тас қалауларынан 1954 жылы құрылған. Офицерлердің жанұяларына келуге 1952-1953 жылдары ғана рұқсат етілді. Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 2-3 айға созылған үлкен бетондардан үйлер кварталдарын салу басталды. 1956-1958 жылдары гарнизонда моншалық-кір жуу комбинаты, монша, жаңа наубайхана, Универмаг салынған. 1955 жылдан бастап кең көлемде тұрғын қалашықты жасылдандыру және көркейту басталды. 1960 жылы жасыл алқаптар 95 га. ауданды алды, 35 сәндік және 2 мың жеміс ағаштары сонымен қатар көптеген гүл түрлері болды. 1957 жылдың маусым айында 31516 ә/б құрамына Шаған бекетінде орналасқан (240 объект) бөлімдер кірді. Олардың құрамында         7-ші, 16-шы бөлек аэродромдық-құрылыстық полктер, 708 участок арнайы жұмыстар, 412 жеке монтаждау ротасы және 1008 әскери госпиталь болды. Бұл бөлімдер 1946-1947 жылдары құрылды және 1954 жылы объектіге қорғаныс құрылысының айрықша маңызды жұмыстарын орындау үшін келді. Көптеген арнайы және ұрыс кешендері салынды, ал 240 обьект ресми емес атауы «Половинкада» біздің қалашыққа кіші ағайын біздің қалашығымыздан көлемі жағынан біраз кішірек қалашық өсіп келді.

«О» алаңы Ертістен шамамен  бір жарым километрдей жерде  сынақ полигонының ғылыми-тәжірибелік  бөлімі (ҒТБ) салынып, қоршалды. Бұл  аумаққа бірнеше қызметтік ғылыми-зерттеу  лабораториялары (биологиялық, радиохимиялық, физикалық өлшеу ) ғимараттар және әскери техниканы сынау секторы, қазіргі уақытта – Радиациялық Қауіпсіздік және Экология Инсититуты салынды. «Ш» алаңы 1949-1962 ж.ж. мерзімінде атмосфералық сынақ жүргізу үшін қызмет етті. Барлығы 130 атмосфералық сынақ жүргізіліп, оның 30 – жерүсті ядролық сынағы болды, кейіннен алаң ядролық физика саласының тәжірибелерін өткізуге және әскери техникаларды сынауға пайдаланылды. Алаңда зерттеу ядролық реакторы, «Сияние» стендтік кешені, 330 орынға арналған 6 қонақ үйі, 4000 адамдық казарма орналасқан. «Балапан» алаңы Жерасты бұрғылау сынақтарын өткізуге және кәдімгі жарылғаш заттармен моделдік тәжірибе жасауды өткізуге қызмет еткен. Алаңда 131 жерасты бұрғылау сынақтары, 33 шахталық жіберу қондырмаларымен, сынауға арналған кең масштабты эксперимент өткізілген, қондырмалардың және инженерлік байланыстардың арнайы форты болды. 850 орындық 5 қонақ үйі, 1100 адамдық казарма болды. 1988 жылы КСРО мен АҚШ арасындағы келісім бойынша (1974 жылғы 3 шілдедегі жерасты ядролық қаруларын сынауды шектеу туралы) бақылау жөнінде біріккен эксперимент өткізілді (ББЭ).

«Дегелен» алаңы Жерасты штольнядағы ядролық сынақ өткізуге арналған. Барлығы 233 сынақ өткізілген. Алаң физикалық тәжірибелер өткізуге перспективалы болған. Таулы-техникалық және құрылыс-монтаждық өндірістік-техникалық базасы, 1200 орындық қонақ үйі, 1100 адамдақ казарма болды. Барлық тәжірибелік алаңдарда жауынгерлік клуб, монша, орталық жылу беру, су құбыры, су жіберу құбырлары болды. Курчатовта ғылыми-зерттеу лабораторялар, жинақталды, дәрігерлер және биологтар, математиктер мен физиктер сонымен қатар шахта құрылысшылары өндірістік базасы, бұрғышылар, геологиялық барлаушылар, құрылысшылар орталығы жинақталды. Бұл ағаштармен көмкерілген, фонтандары бар, бақтары, балалар алаңы, аэродром, теміржол. Автобус бекеттері бар сонымен қатар Мәдениет сарайы, музей, өзінің теледидары, газеті бар әдемі қала болған. Тәулік бойына күнімен, түнімен сынақ алаңдарымен, орталықпен байланысты ұстау және қорғау жөніндегі күзет антеннелеры, радарлық құрылғылардың айналары аспанға қарап тұратын. Бұл Әскери-өндірістік кешеннің (ӘӨК) гүлденіп келе жатқан жабық қалашығы болатын. Мұнда зерттеу және тәжірибе жасауға арналған барлық жағдай жасалды. Қалада белгілі кеңес физиктері И.Курчатов, Ю.Харитон, А.Сахаров, Я.Зельдович өмір сүріп, қызмет еткен.

Информация о работе Семей ядролық полигоны