Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2014 в 16:46, курсовая работа

Краткое описание

Мен осы курстық жұмысымның тақырыбын «Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу мәселелері » - деп алғандағы негізгі мақсатым: азаматтық процестегі дәлелдеу сатылары, түрлері, азаматтық процестегі дәлелдеулердің алатын орны, дәлелдеу мен дәлелдеу құралдарының арасындағы негізгі айырмашылықтарды ажырата білу және тағы сол сияқты басқа да сұрақтардың негізгі мәнін ашып, түп-тамырын айқындауға тырысу. Қылмыстық істерден азаматтық істердің айырмашылығы және тағы сан алуан сұрақтар.
Осы курстық жұмысымды жазу барысында сан алуан сұрақтардың жауабының куәсі болдым мысалы: Соттық дәлелдеу – бұл істің мән-жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойынша процеске қатысушылардың қызметі. Өзгеше айтар болсақ – бұл тараптардың және өзге де қатысушылардың дәлелдемелерді табыс етуге, жинауға және оларды зерттеуге әрекеті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

aZAM_IS_ZhURG_DALELDEU_MASELELERI.doc

— 191.50 Кб (Скачать документ)

Жазбаша дәлелдемелер нысаны бойынша  мына түрлерге бөліп қарастыруға  болады:

1. жай жазбаша нысандағы құжаттар;

2. міндетті нысандағы жазбаша дәлелдемелер (некеге құру туралы куәлік, комерциялық акт, бала туу туралы куәлік және т.б.).

3. нотариуспен куәландырылған шарттар.

Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды  адамдар баяндаған немесе куәландырған мәліметтер азаматтық іс үшін маңызы болса, дәлелдемелер болып танылады. Құжаттарға, соның ішінде ҚР АІЖК-нің 66-бабында көзделген тіртіппен алынған, талап етілген немесе табыс етілген компьютерлік хабарламаны қамтитын материалдар, фото және кино түсірілімдер, дыбыс және бейне-жазбалар да жатады.

Сотқа жазбаша дәлелдемелер табыс ету міндеттілігі.  Талап етілген жазбаша дәлелдемелерді табыс ету немесе оны сот белгілеген мерзімде табыс ету мүмкіндігі жоқ тұлғалар бұл туралы себептерін көрсете отырып, сотқа хабарлауға міндетті [5,25 б].

Сот хабардар етілмеген жағдайда, сондай-ақ соттың жазбаша дәлелдемелерін табыс ету талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаса, іске қатысушы тұлғалар - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал соттың қайталама және одан кейінгі талаптарын орындамаған жағдайда, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Айыппұл салу өзінде жазбаша дәлелдемені ұстап отырған тұлғаны сот талап еткен затты беру міндетінен босатпайды.

Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа күйінде беріледі. Егер құжаттың көшірмесі берілсе, сот қажет болған жағдайда түпнұсқаның берілуін талап етуге құқылы.

Жазбаша дәлелдемелерді сақталып тұрған жерінде қарау және зерттеу Жазбаша  дәлелдемелерді сотқа беру қиын болған ретте сот тиісінше куәландырылған көшірмелерді және үзінділерді беруді талап ете алады немесе жазбаша дәлелдемелерді олар сақталып қойылған жерде қарай алады және зерттей алады.

Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелерді қайтару.Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар оларды табыс  еткен тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл орайда істе жазбаша дәлелдемелердің судья куәландырған көшірмесі қалады.

Жазбаша дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін, егер сот мүмкін деп тапса, оларды табыс  еткен тұлғаларға қайтарылуы мүмкін.

Заттай дәлелдемелер. Заттай дәлелдемелер-өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар  мән-жайды анықтау құралы бола алады  деп ұйғаруға негіз бола алатын заттар.

Сотқа заттай дәлелдемелер:

өз бастамасы бойынша  іске қатысатын тұлғалар;

сот ұйғарымы бойынша басқа тұлғалар ұсыну мүмкін.

Заттай дәлелдемелердің жазбашадан негізгі айырмашылығы – заттай дәлелдемелерінде мәліметтер материалдық түрде, ал жазбашада  олар сандар, әріптер, белгілер арқылы көрінеді.

Заттай дәлелдемелерге билік ету  мәселелері бойынша сот ұйғарым  шығарады.

Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап шығу.

Заттай дәлелдемелерді сақтау және қарау   

1. Заттай дәлелдемелер істе сақталады  немесе айрықша тізілім бойынша  соттың заттай дәлелдемелер сақтау камерасына өткізіледі. Сот заттай дәлелдемелерді өзгеріссіз қалпында сақтауға шара қабылдайды. 
           2. Сотқа әкелу мүмкін емес заттар тұрған жерінде сақталады. Оларды сот қарап, хаттамада егжей-тегжейлі сипаттауға, ал қажет болған жағдайда суретке түсіруге және мөрмен бекітілуге тиіс. Заттай дәлелдемелерді қарау хаттамасы іске қосып тігіледі.   

3. Заттай дәлелдемелерді сақтау  жөніндегі шығындар осы Кодекстің  110-бабына сәйкес тараптар арасында бөлінуі мүмкін.      

Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарау   

1. Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді  сот дереу қарап шығады және  зерттейді, одан кейін оларды  қарап шығуға әкелген адамға  қайтарады. 
           2. Мұндай заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеу орны мен уақыты туралы іске қатысушы адамдар, егер олар заттай дәлелдемелерді тұрған жерінде қарау кезінде келе алса, хабарланады. Хабарланған іске қатысушы адамдардың келмеуі заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеуге кедергі келтірмейді. Қарап шығу және зерттеу деректері хаттамаға енгізіледі. 
      3. Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап шығу, оның нәтижелерін жазу [6,78 б].

Заттай дәлелдемелерге билік ету      

1. Заттай дәлелдемелер соттың  шешімі заңды күшіне енгеннен  кейін олар алынған адамдарға  қайтарылады немесе сот бұл  заттарға құқығын таныған адамдарға беріледі немесе сот белгілеген тәртіппен өткізіледі. 
          2. Заң бойынша азаматтардың иелігінде бола алмайтын заттар тиісті ұйымдарға беріледі.     

3. Заттай дәлелдемелер оларды  сот қарап шығып зерттегеннен  кейін, егер олар алынған тұлғалар өтінім жасаса және мұндай өтінімді қанағаттандыру істі дұрыс шешу үшін кедергі келтірмесе, іс жүргізу аяқталғанға дейін оларға қайтарылуы мүмкін.     

4. Заттай дәлелдемелерге  билік ету мәселелері бойынша сот ұйғарым шығарады [3,36 б].

   5. Сарапшылардың қортындылары. Сарапшы – арнайы ғылыми білімі бар іске мүдделі емес адам. Сарапшының қортындысы – бұл сарапшының алдына сот немесе тараптар қойған мәселелер бойынша іс материалдарын зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілген заттай дәлелдемелер мен үлгілерге негізделген ҚР АІЖК-де көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қортындылар.

Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін іс материалдарын зеттеу нәтижесінде  іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталуы жағдайда тағайындалады. Сарапшыға ұсынылған сұрақтар және бұл сұрақтар бойынша оның беретін қортындысы сарапшының арнаулы білімнің шегінен шықпауы тиіс [7,96 б].

Сот сараптаманы:

тараптың өтінімі бойынша;

өз бастамасы бойынша  тағайындайды.

Сараптаманың тағайындалуы туралы сот ұйғарым шығарады.

Сараптама зерттеу сипатына не сот отырысында зеттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкіндігі жоқтығына немесе қиындығына байланысты сотта немесе соттан тыс жүргізіледі.

Сарапшының құқықтары:

істің сараптама нысанасына қатысты материалдарымен танысуға;

қортынды беру үшін қажетті  қосымша материалдарды өзіне  беру туралы өтінім жасауға;

соттың рұқсатымен сот  отырысына қатысуға және оған қатысушыларға  сараптама нысанына қатысты сұрақтар қоюға,

сараптарма жүргізу  кезінде өз құқығына нұқсан келтіретін сот әрекетіне шағым жасауға;

Сарапшының міндеттері:

соттың шақыру бойынша  келуге;

өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген  және объективті қортынды беруге;

жүргізілген зерттеулер мен берілген қортындыға байланысты мәселелер бойынша айғақ беруге.

Төрағалық етуші сарапшыға  көрнеу жалған қортынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді, ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі [1].

Сараптаманы:

сарапшы жеке;

сарапшылар комиссиясы (мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келе отырып, қортындыға қол қояды не қортынды берудің мүмкін еместігін  туралы хабардамаға қол қояды);

кешенді (іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының негізінде зеттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны мамандығы әртүрлі сарапшылар өздерінің құзіреті шеңберінде жүргізеді);

қосымша (қортынды жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде тағайындалатын);

қайталама (сарапшының алдыңғы  қортындысы жеткілікті түрде негізделмеген  не оның дұрыстығы күмән тудырған, не сараптама жүргізудің іс жүргізу  нормалары елеулі бұзылған кезде  дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалатын) түрлерде өткізу ҚР АІКЖ-сі бойынша көзделген.

Сараптама сотта іс қарауға  әзірлеу сатысында, сондай-ақ осы  сотта іс қарау кезінде тағайындалуы мүмкін. Бұл жағдайда сот сараптаманы  өткізу үшін істі кейінге қалдыру тиіст.

Сарапшы өз қортындысы жазбаша  нысанда сотқа ұсынуы тиіс.

Заңмен көзделген жағдайларда  ерекше іс жүргізу (азаматтың психикалық хал-жайын анықтау үшін; азаматты әрекетке қабілетті деп тану –  істері бойынша міндетті түрде сараптама тағайындалады

Іске қатысушы адамдар - дәлелдемелерді жинау мақсатында, сондай-ақ сот оларды зерттеу және бағалау мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқылы.

Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету  үшін сот маман шақыруы мүмкін.

Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар:

1) заңда тікелей көзделсе  немесе оның нормалары мен  принциптеріне қайшы келмесе;

2) ғылымилығы жарамды  болса;

3) іс бойынша іс  жүргізудің тиімділігін қамтамасыз  ететін болса;

4) қауіпсіз болса, жол беруге болады деп танылады.

Ғылыми-техникалық құралдарды жасырын қолданудың нәтижесі, мұндай қолдануға заңмен жол берілетін  жағдайларды қоспағанда, дәлелдеме  ретінде пайдаланылмайды.

Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану тарап ұсынған анықтамамен  белгіленеді немесе ғылыми-техникалық құралдардың деректері, оларды пайдаланудың шарттары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектілер және оларды пайдаланудың нәтижелері көрсетіле отырып, сот жүргізген тиісті іс жүргізу іс-әрекеттерінің хаттамаларында көрсетіледі.

Ғылыми-техникалық құралдардың  көмегімен алынған құжаттар мен  басқа да материалдарды зерттеу, сақтау және оларға билік ету осы  Кодекстің 87 және 89-баптарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Дәлелдеу тәртібі заңмен регламенттелінген. Дәлелдеу қызметі азаматтық процестің (тараптардың айтысуы мен тең құқытылығы, сотта іс қараудың жариялығы және т.б.) жалпы принциптерімен бағытталанды және процестің әр сатысында жекешеленеді. Дәлелдемелер жинау, зерттеу не бағалау бойынша соттың немесе іске қатысушылардың әр іс-әрекеттері процессуалдық тәртіптерге сәйкес болу тиіс. Осы тәртіптер қатарында дәлелдеу тәртібі ерекше орын алып отыр. Сот дәлелдемелерді бағалағанда, заңды және құқықтық сананы басшылыққа ала отырып, сот мәжілісінде істің барлық мән-жайын жинақтап, толық және объективті түрде қарауға негізделген өзінің ішкі сеніміне лайықты бағалайды. Сот үшін ешқандай дәлелдемелердің күні ілгері белгіленген күші болмайды.

Дәлелдемелер келесі тұрғыдан бағаланады:

1-дәлелдемелердің қатыстылығы;

2-дәлелдемелерге жол беру;

3-дәлелдемелердің растығы;

4-дәлелдемелердің азаматтық  істі шешу үшін жеткілігі.

1.Дәлелдемелердің қатыстылығы  – бұл іс үшін маңызды мән-жайлардың  бар екндігін туралы тұжырымдарды  растайтын, теріске шығаратын  не оларға күмән келтіретін  нақты деректер ретінде танылатын дәлелдемелер.

Дәлелдемелердің қатыстылығы  тәртібінің мәні – іске қатысты  болатын дәлелдемелерді сот қатыстыруы және зерттеуі тиіс.

Іске қатысты дәлелдемелерді сотпен қатыстыру құқығы ҚР АІЖК-нің 69-бабының 2-бөлігінде белгіленген. Дәлелдемелер мәні оның іске қатыстылығымен анықталады. Іске қатысты дәлелдемелердің жиынтығы материалдық және процессуалдық құқықтар нормаларымен анықталады. Дәлелдемелердің іске қатыстылығын судья өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.

Дәлелдемелерге жол беру – бұл нақты азаматтық істер талқылау процесінде (куәнің айғақтары, заттай дәлелдемелер және т.б.) дәлелдеу құралдарын қолдануда заңмен белгіленген шектеулер. Бұл заң бойынша белгілі бір тәсілдермен (мысалы, жазбаша дәлелдемелермен) расталатын істің мән-жайын басқа дәлелдеу тәсілдерінің қандайымен болса да растауға болмайды.

Заң бойынша белгілі (тараптар және үшінші тұлғалардың түсініктемелері, куәлар айғақтары, жазбаша және заттай дәлелдемелер, сарапшының қортындысы, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары және өзге де құжаттар) бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес.

Кейбір жағдайларда  азаматтық процесте өзге де мән-жайлар қаңның тікелей белгілеу бойынша  әртүрлі дәлелдемелермен дәлелденуге тиіс емес. Мысалы, меншік құқығы куәлар айғақтарымен дәлелденбейді, себебі олар тек меншік туралы сәйкесті құжат (сатып алу-сату шарты) ұсынуы бойынша; неке қатысатын куәлар айғақтарымен дәлелдеуге болмайды, себебі ол тек некеге тұру туралы куәлікпен рұқсат етіледі.

Нақты деректер (деректер және деректер туралы мәліметттері) заң  талаптарын бұза отырып:

    • іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру;
    • оларды ығыстыру арқылы;
    • істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азамттық процестің өзге де ережелерін бұзатын болса, онда мұндай дәлелдемелеоге жол беруге болмайды.

Оны жеке қарастыратын болсақ:

    • күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс-әрекеттерді қолдану;
    • оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалану;
    • осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін жүргізу;
    • қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс-әрекетіне қатысу;
    • іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұзу;
    • белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;

Информация о работе Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу мәселелері