Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2014 в 16:46, курсовая работа

Краткое описание

Мен осы курстық жұмысымның тақырыбын «Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу мәселелері » - деп алғандағы негізгі мақсатым: азаматтық процестегі дәлелдеу сатылары, түрлері, азаматтық процестегі дәлелдеулердің алатын орны, дәлелдеу мен дәлелдеу құралдарының арасындағы негізгі айырмашылықтарды ажырата білу және тағы сол сияқты басқа да сұрақтардың негізгі мәнін ашып, түп-тамырын айқындауға тырысу. Қылмыстық істерден азаматтық істердің айырмашылығы және тағы сан алуан сұрақтар.
Осы курстық жұмысымды жазу барысында сан алуан сұрақтардың жауабының куәсі болдым мысалы: Соттық дәлелдеу – бұл істің мән-жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойынша процеске қатысушылардың қызметі. Өзгеше айтар болсақ – бұл тараптардың және өзге де қатысушылардың дәлелдемелерді табыс етуге, жинауға және оларды зерттеуге әрекеті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

aZAM_IS_ZhURG_DALELDEU_MASELELERI.doc

— 191.50 Кб (Скачать документ)

3. Заттай дәлелдемелер  оларды сот қарап шығып зерттегеннен кейін, егер олар алынған тұлғалар өтінім жасаса және мұндай өтінімді қанағаттандыру істі дұрыс шешу үшін кедергі келтірмесе, іс жүргізу аяқталғанға дейін оларға қайтарылуы мүмкін.     

4. Заттай дәлелдемелерге  билік ету мәселелері бойынша сот ұйғарым шығарады.

      5. Сарапшылардың қортындылары. Сарапшы – арнайы ғылыми білімі бар іске мүдделі емес адам. Сарапшының қортындысы – бұл сарапшының алдына сот немесе тараптар қойған мәселелер бойынша іс материалдарын зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілген заттай дәлелдемелер мен үлгілерге негізделген ҚР АІЖК-де көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қортындылар.

 

 

 

 

2 ДӘЛЕЛДЕУ ПӘНІ

 

2.1 Дәлелдеуге жатпайтын деректер

 

 

Соттық дәлелдеудің  пәні – істі қарап, шешу үшін сот  растығын анықтауға тиіс заңды фактілер. Талап немесе оның қарсылық білдіру негізіне кіруі мүмкін дәлелдеуге жатпайтын фактілер дәлелдеу пәніне жатқызылмайды.

Дәлелдеу  пәніне қатысты  деректер құрамы әрбір іс бойынша  әртүрлі. Осы жағдайда қолдануға  тиіс материалдық құқық нормалармен басшылық ете және тараптардың талаптарынан және қарсылықтарынан оны сот анықтайды.

Әуелі дәлелдеу пәніне талап  негіздемесінің деректері жатқызылады, яғни талап қоюшымен талап негіздемесі  ретінде көрсетілген заңды фактілер, сондай-ақ талапқа қарсылық негіздемесінің  деректері, яғни жауапкермен талапқа қарсы негіздемесі ретінде көрсетілген заңды фактілер.

Процеске даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар қатысқанда немесе қарсы талап  қойылғанда іс бойынша дәлелдеу пәніне осындай талаптар негізінде деректер енгізіледі.

Егер тараптар заңды  маңызы жоқ фактілерге сүйенетін  болса, онда сот оларды зерттеуге  тиіс емес. Ал егерде тараптар іс бойынша  маңызы бар фактілерді белгілемесе, онда сот оны өз бастамасы бойынша  дәлелдеу пәніне жатқызуы тиіс, сондай-ақ дауды дұрыс шешу үшін тараптарға дәлелдемелер табыс етуге ұсыныс жасайды.

Дәлелдеуге жатпайтын  деректер.  ҚР АІЖК іс бойынша дәлелдеуге жатпайтын төрт категория деректер белгілейді. Содықтан олар дәлелдеу пәніне жатқызылмайды. Жеке атайтын болсақ оларға:

    • жалпыға белгілі деректер;
    • преюдициалды анықталған деректер;
    • ұйғарылған (болжамды) деректер;
    • даусыз деректер қатысты болады.
    • Әрқайсысын жеке қарастырайық.

Қандай деректерді жалпыға  белгілі деп тану туралы соттын өзі  шешеді. Сот жалпыға белгілі деп танылған мән-жайларды дәлелдеуді талап етпейді.

Преюдициалды анықталған деректер дәлелдеуге жатпайды, яғни бұл  іс бойынша қабылданып және заң күшіне енген сот үкімімен не шешімімен  бекітілген деректер. Мұндай деректер жалпы іс қарау тәртібі бойынша теріске шығарылуы мүмкін, яғни істі қайта қарауда өзге тұжырыммен.

Тәжірибеде регрестік  талаптарды қарастыруда преюдициалдық  деректер жиі кездеседі [11,98 б].

Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.

Ұйғарылған (болжамды) деректерге, мысалы, көктем (наурыз) айларының басында  қар еріп өзенде су деңгейі көтеріледі немесе қыста жол тайғақ болады деген деректерді жатқызуға болады. Мұндай болжамдар жалпы сотта іс қарау тәртібі бойынша тараппен жоққа шығарылуы мүмкін.

Даусыз деректер –  заңмен танылған деректер. Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған деректер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейді.

Дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайларға:

осы заманға ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпшілікте жалпы  қабылданған зерттеу әдістерінің  дұрыстығы;

адамның заңды білуі;

адамның өзінің қызметтік  және кәсіби міндеттерін білуі;

олардың бар екендігін растайтын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы есептеледі [1].

Соттың алдында іске қатысатын немесе қатыспайтын тұлғалардан  жазбаша дәлелдемелер талап ету туралы өтінім жасайтын тұлға осы дәлелдемені көрсетуге, оларды өз бетінше алуға кедергі болатын себептерді, өзі дәлелдемелерді сол тұлғаларда деп санайтын негіздерін көрсетуге тиіс. 
      Соттың азаматтардан немесе заңды тұлғалардан талап ететін жазбаша дәлелдемелері тікелей сотқа жіберіледі.

Сот жазбаша дәлелдеме  талап ету туралы өтінім берген тұлғаға  соңынан сотқа табыс ету үшін алу құқығын беретін сұрату бере алады.

Жазбаша дәлелдемелерді тараптар және іске қатысушы басқа  да тұлғалар тапсыруы, сондай-ақ олардың өтініші бойынша сот талап етуі мүмкін. Соттың азаматтардан немесе заңды тұлғалардан талап ететін жазбаша дәлелдемелері тікелей сотқа жіберіледі.

Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, тұпнұсқа күйінде беріледі. Егер құжаттың көшірмесі берілсе, сот қажет болған жағдайда түпнұсқаның берілуін талап етуге құқылы. Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар оларды табыс еткен тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуға мүмкін. Бұл орайда істе жазбаша дәлелдемелердің судья куәландырған көшірмесі қалады.

Жазбаша дәлелдемелер нысаны бойынша мына түрлерге бөліп қарастыруға  болады:

1. жай жазбаша нысандағы  құжаттар;

2. міндетті нысандағы  жазбаша дәлелдемелер 

3. нотариуспен куәландырылған шарттар.

Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды адамдар баяндаған  немесе куәландырған мәліметтер азаматтық  іс үшін маңызы болса, дәлелдемелер болып  танылады. Құжаттарға, соның ішінде ҚР АІЖК-нің 66-бабында көзделген  тіртіппен алынған, талап етілген  немесе табыс етілген компьютерлік хабарламаны қамтитын материалдар, фото және кино түсірілімдер, дыбыс және бейне-жазбалар да жатады.

Сотқа жазбаша дәлелдемелер табыс ету міндеттілігі.  Талап  етілген жазбаша дәлелдемелерді табыс ету немесе оны сот белгілеген мерзімде табыс ету мүмкіндігі жоқ тұлғалар бұл туралы себептерін көрсете отырып, сотқа хабарлауға міндетті.

Сот хабардар етілмеген  жағдайда, сондай-ақ соттың жазбаша  дәлелдемелерін табыс ету талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаса, іске қатысушы тұлғалар - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал соттың қайталама және одан кейінгі талаптарын орындамаған жағдайда, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Айыппұл салу өзінде жазбаша дәлелдемені ұстап отырған тұлғаны сот талап еткен затты беру міндетінен босатпайды.

Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа күйінде беріледі. Егер құжаттың көшірмесі берілсе, сот қажет  болған жағдайда түпнұсқаның берілуін талап етуге құқылы.

Жазбаша дәлелдемелерді сақталып тұрған жерінде қарау және зерттеу Жазбаша дәлелдемелерді сотқа беру қиын болған ретте сот тиісінше куәландырылған көшірмелерді және үзінділерді беруді талап ете алады немесе жазбаша дәлелдемелерді олар сақталып қойылған жерде қарай алады және зерттей алады.

Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелерді қайтару.Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар оларды табыс еткен тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл орайда істе жазбаша дәлелдемелердің судья куәландырған көшірмесі қалады.

Жазбаша дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін, егер сот мүмкін деп тапса, оларды табыс еткен тұлғаларға қайтарылуы мүмкін.

Заттай дәлелдемелер. Заттай дәлелдемелер-өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негіз бола алатын заттар.

Сотқа заттай дәлелдемелер:

өз бастамасы бойынша  іске қатысатын тұлғалар;

сот ұйғарымы бойынша  басқа тұлғалар ұсыну мүмкін.

Заттай дәлелдемелердің  жазбашадан негізгі айырмашылығы – заттай дәлелдемелерінде мәліметтер материалдық түрде, ал жазбашада олар сандар, әріптер, белгілер арқылы көрінеді.

Заттай дәлелдемелерге билік ету мәселелері бойынша  сот ұйғарым шығарады.

Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап шығу.

Заттай дәлелдемелерді сақтау және қарау     

1. Заттай дәлелдемелер  істе сақталады немесе айрықша  тізілім бойынша соттың заттай  дәлелдемелер сақтау камерасына  өткізіледі. Сот заттай дәлелдемелерді  өзгеріссіз қалпында сақтауға  шара қабылдайды. 
            2. Сотқа әкелу мүмкін емес заттар тұрған жерінде сақталады. Оларды сот қарап, хаттамада егжей-тегжейлі сипаттауға, ал қажет болған жағдайда суретке түсіруге және мөрмен бекітілуге тиіс. Заттай дәлелдемелерді қарау хаттамасы іске қосып тігіледі.    

3. Заттай дәлелдемелерді сақтау жөніндегі шығындар осы Кодекстің 110-бабына сәйкес тараптар арасында бөлінуі мүмкін.      

Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарау     

1. Тез бүлінетін заттай  дәлелдемелерді сот дереу қарап  шығады және зерттейді, одан  кейін оларды қарап шығуға әкелген адамға қайтарады. 
      2. Мұндай заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеу орны мен уақыты туралы іске қатысушы адамдар, егер олар заттай дәлелдемелерді тұрған жерінде қарау кезінде келе алса, хабарланады. Хабарланған іске қатысушы адамдардың келмеуі заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеуге кедергі келтірмейді. Қарап шығу және зерттеу деректері хаттамаға енгізіледі. 
      3. Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап шығу, оның нәтижелерін жазу.

Заттай дәлелдемелерге билік ету     

1. Заттай дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін олар алынған адамдарға қайтарылады немесе сот бұл заттарға құқығын таныған адамдарға беріледі немесе сот белгілеген тәртіппен өткізіледі. 
      2. Заң бойынша азаматтардың иелігінде бола алмайтын заттар тиісті ұйымдарға беріледі.     

3. Заттай дәлелдемелер  оларды сот қарап шығып зерттегеннен  кейін, егер олар алынған тұлғалар  өтінім жасаса және мұндай  өтінімді қанағаттандыру істі  дұрыс шешу үшін кедергі келтірмесе, іс жүргізу аяқталғанға дейін  оларға қайтарылуы мүмкін.     

4. Заттай дәлелдемелерге  билік ету мәселелері бойынша сот ұйғарым шығарады.

      5. Сарапшылардың қортындылары. Сарапшы – арнайы ғылыми білімі бар іске мүдделі емес адам. Сарапшының қортындысы – бұл сарапшының алдына сот немесе тараптар қойған мәселелер бойынша іс материалдарын зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілген заттай дәлелдемелер мен үлгілерге негізделген ҚР АІЖК-де көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қортындылар.

 

 

 

2.2 Дәлелдеудің жалпы тәртібі

 

 

Дәлелдеу тәртібі заңмен регламенттелінген. Дәлелдеу қызметі  азаматтық процестің (тараптардың  айтысуы мен тең құқытылығы, сотта  іс қараудың жариялығы және т.б.) жалпы  принциптерімен бағытталанды және процестің  әр сатысында жекешеленеді. Дәлелдемелер жинау, зерттеу не бағалау бойынша соттың немесе іске қатысушылардың әр іс-әрекеттері процессуалдық тәртіптерге сәйкес болу тиіс. Осы тәртіптер қатарында дәлелдеу тәртібі ерекше орын алып отыр. Сот дәлелдемелерді бағалағанда, заңды және құқықтық сананы басшылыққа ала отырып, сот мәжілісінде істің барлық мән-жайын жинақтап, толық және объективті түрде қарауға негізделген өзінің ішкі сеніміне лайықты бағалайды. Сот үшін ешқандай дәлелдемелердің күні ілгері белгіленген күші болмайды.

Дәлелдемелер келесі тұрғыдан бағаланады:

1-дәлелдемелердің қатыстылығы;

2-дәлелдемелерге жол  беру;

3-дәлелдемелердің растығы;

4-дәлелдемелердің азаматтық  істі шешу үшін жеткілігі.

1.Дәлелдемелердің қатыстылығы  – бұл іс үшін маңызды мән-жайлардың  бар екндігін туралы тұжырымдарды  растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер ретінде танылатын дәлелдемелер.

Дәлелдемелердің қатыстылығы  тәртібінің мәні – іске қатысты  болатын дәлелдемелерді сот қатыстыруы және зерттеуі тиіс.

Іске қатысты дәлелдемелерді сотпен қатыстыру құқығы ҚР АІЖК-нің 69-бабының 2-бөлігінде белгіленген. Дәлелдемелер мәні оның іске қатыстылығымен анықталады. Іске қатысты дәлелдемелердің жиынтығы материалдық және процессуалдық құқықтар нормаларымен анықталады. Дәлелдемелердің іске қатыстылығын судья өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.

Дәлелдемелерге жол  беру – бұл нақты азаматтық  істер талқылау процесінде (куәнің айғақтары, заттай дәлелдемелер және т.б.) дәлелдеу құралдарын қолдануда заңмен белгіленген шектеулер. Бұл заң  бойынша белгілі бір тәсілдермен (мысалы, жазбаша дәлелдемелермен) расталатын істің мән-жайын басқа дәлелдеу тәсілдерінің қандайымен болса да растауға болмайды.

Заң бойынша белгілі (тараптар және үшінші тұлғалардың түсініктемелері, куәлар айғақтары, жазбаша және заттай дәлелдемелер, сарапшының қортындысы, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары және өзге де құжаттар) бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес.

Кейбір жағдайларда  азаматтық процесте өзге де мән-жайлар қаңның тікелей белгілеу бойынша әртүрлі дәлелдемелермен дәлелденуге тиіс емес. Мысалы, меншік құқығы куәлар айғақтарымен дәлелденбейді, себебі олар тек меншік туралы сәйкесті құжат (сатып алу-сату шарты) ұсынуы бойынша; неке қатысатын куәлар айғақтарымен дәлелдеуге болмайды, себебі ол тек некеге тұру туралы куәлікпен рұқсат етіледі.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу мәселелері