Зергерлік бұйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 19:12, курсовая работа

Краткое описание

Квалиметрия — әртүрлі объектілер сапасының сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылыми сала. Сапа – бұл жалпы ғылыми категория екені белгілі. Оның мағынасы кез келген объектінің мәнді анықтамасын көрсетеді. «Квалиметрия» термині екі сөз түбірінен тұрады, яғни «квали»-бұл сапа болса, ал «мерия» — бұл бір нәрсені өлшеу және сандық бағалау. Олай болса, квалиметрия – сапаны басқару құрамына кіретін жеке бір ғылым. Мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің біріне зергерлік бұйымдарды дайындау жатады. Оларды бағалы, жартылай бағалы және әшекейлеу тастарын, сондай-ақ басқа да жоғарғы эстетикалық талаптарға сәйкес үлкен шебелікпен орындаған бағалы емес металдардан жасалған көркемсурет бұйымдарын үйлестіру арқылы алады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРдың ассортименттері
1.1 Зергерлік бұйымдардың сипаттамасы
1.2 Зергерлік бұйымдардың түрлері
1.3 Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу тәсілдері
2 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРдың САПАлық көрсеткіштері
2.1 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштері
2.2 Зергерлік бұйымдардың сапалық көрсеткіштерін сынау
3 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРдың САПАлық көрсеткіштерін БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
3.1 Зергерлік бұйымдардың сапасын эстетикалық бағалау
3.2 Зергерлік бұйымдарды кешенді бағалау тәсілдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

zergerlik1.docx

— 45.56 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

1 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРдың ассортименттері

1.1 Зергерлік бұйымдардың сипаттамасы

1.2 Зергерлік бұйымдардың түрлері

1.3 Зергерлік бұйымдарды  әшекейлеу тәсілдері 

2 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРдың САПАлық көрсеткіштері

2.1 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштері

2.2 Зергерлік бұйымдардың  сапалық көрсеткіштерін сынау

3 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРдың САПАлық көрсеткіштерін БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

3.1 Зергерлік бұйымдардың сапасын эстетикалық бағалау

3.2 Зергерлік бұйымдарды кешенді бағалау тәсілдері

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Квалиметрия — әртүрлі  объектілер сапасының сандық бағалау  әдістерін біріктіретін ғылыми сала. Сапа – бұл жалпы ғылыми категория  екені белгілі. Оның мағынасы кез  келген объектінің мәнді анықтамасын  көрсетеді. «Квалиметрия» термині  екі сөз түбірінен тұрады, яғни «квали»-бұл сапа болса, ал «мерия»  — бұл бір нәрсені өлшеу  және сандық бағалау. Олай болса, квалиметрия  – сапаны басқару құрамына кіретін  жеке бір ғылым. Мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің біріне зергерлік бұйымдарды дайындау жатады. Оларды бағалы, жартылай бағалы және әшекейлеу тастарын, сондай-ақ басқа да жоғарғы эстетикалық  талаптарға сәйкес үлкен шебелікпен орындаған бағалы емес металдардан  жасалған көркемсурет бұйымдарын үйлестіру  арқылы алады.Зергерлік өнер өте  ертеде пайда болған. Бұл өнерден  адамның әдемілікке деген беталысын аңғаруға болады. Біздің эрамызға дейінгі VІІ ғасырда Ежелгі Грецияда глиптика – тасты қашау өнері пайда болған. Ежелгі Римде бағалы тастары бар әртүрлі бұйымдар кең қолданған. Алтын мен күміс ежелгі орыс мәдениетінің барлық жағында қолданылған.Көркемсурет мәдениетінің дәстүрлі зергерлік өнері көптеген Кавказ және Орта Азия халықтарының да ежелгі өнер танымы. Табиғат ерекшеліктері, өмір ағыны, ұлттық өнер салттары – осының барлығы да зергерлік бұйымдардан, олардың түрлері мен әшекейлеу тәсілдерінен көрініп тұрады.  Осы қурстық жұмысты орындаудың мақсаты — зергерлік өнердегі материалдың ерекшеліктерін терең түсініп, оның сапалы сәндік қасиеттерін  анықтау және көркемсурет шеберлігінің жоғарғы орындалу сипаттарын білу, яғни зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштерін кешенді бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу тәсілдері 

 

 Зергерлік бұйымдырды  әртүрлі тәсілдермен әшекейлейді.  Олар: алтын және күміс жалату, оксидтеу, анодирлеу, қиыршықтау, қарайту, көркемсуреттік эмаль жағу, бедер салу.

Алтындау және күмістеу –  бұл бұйымға сәнділік беріп, оларды коррозиядан сақтау үшін берік металдармен  әлсіздеу металдардың гальваникалық  қапталуы. Әдетте, алтын мен күміс  жалатуды электролиттік тәсілмен жүргізеді. Бұл процестің мәні – бұйым  сыртына оның тұзының сулы ерітіндісінен  жасалған металл қабатын шөктіру. Шөгілетін металл тұзының ерітіндісі (электролит) толтырылған ваннаға алтын немесе күміс жалататын бұйымды іледі. Ванна арқылы үзілмейтін тоқ күшін өткізіп, сосын ондағы ерітіндіден бұйым сыртына шөгіліп қалатын металл (алтын немесе күміс) бөлініп шығады.

Алтындау немесе күмістеу қабаты бұйымның түріне және тағайындалуына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, күмістен жасалған сырға, алқа, медальондардың алтын жалату қалыңдығы 1мкм, баулар үшін – 2 мкм; мельхиор мен  нейзильберг тастарынан дайындалған  үстелді әшекейлеу заттарының (қасықтар, шанышқылар, сүт құйғыштар, қантқа арналған қалақшалар және т.б.) күміс жалату қабаты 24 мкм.

Бұйымдар қатты, химиялық төзімді және сырты жылтыр болу үшін, родий қабатының жұқа шөгіндісін қолданады (0,25 мкм). Күміс бұйымдарға жалатылған родий қабаты оларды ауадағы күңгірттенуден қорғайды.

Оксидтеу – бұл күміс және күмістелген бұйымдарды немесе олардың жеке бөліктерін әшекейлеу мақсатында күңгірт, ал кейде ақшыл түске айналған қақпен бүркеу. Ол бұйымды ыстық күкірт ерітіндісіне салу жолымен жүргізіледі. Шеті ақшыл оксидпен көмкерілген бедерлі суреті бар бұйымдар өте әдемі көрінеді.

Анодирлеу (анодты оксидтеу) – бұл жасанды пленка алу және алюминий бұйымдарын алтын немесе басқа түстерге бояу. Ол күкірт қышқылында жүргізіледі, және де алюминий бұйымын бояуға салу жолымен орындалады. Бұйымдарды органикалық бояулармен бояйды. Анодирленген бұйымның оксидті пленкасы коррозияға төзімді және қатты келеді. Бұл бұйымдар өте сәнді және қымбат емес.

Бұйымдарды қиыршықтауды қолмен, механикалық тәсілмен және сыртын қышқылмен улау жолымен орындайды. Бұйымға сурет бойынша қолмен бедер салу кезінде, болат кескіштерінің (штихель) көмегімен әртүрлі пішінді металдарды таңдайды да, осылайша бедерленген суретті қалыптастырады. Металдың бетіне қышқылмен бедер салу кезінде, бұйымның сыртын балауыз, канифоль және асфальт топырақтарымен жауып, оның үстіне металы көрінгенше қышқылмен өңдеп сурет салады. Осылайша, қышқылдың металға әсер етуінен, топырағы кеткен жерде сурет пайда болады.

Қарайту – бұл қара эмальмен күміс бұйымына сурет безендіру. Суреттер оюланған және сюжетті болады. Қарайтып сурет салу мәнерлігі мен көркемсуреттік бағалануы бедер салу сапасына байланысты болмақ.

Кішігірім портреттік бейнелеу өнеріне арналған әртүрлі заттарды сәндеу үшін көркемсуреттік эмальдарды қолданады.  Эмаль — металл бұйымдарына және оларға арнайы пештерде күйдіру жолымен бекітілген шыны тәрізді қабат. Эмаль мөлдір және мөлдір емес, ақ және әртүрлі түстерге боялған болады. Қандай эмаль түрі болсын, оларды бейнелеу бояуларына арналған жұқа қылқаламмен жағу жолымен орындайды. Содан кейін муфель пештерінде күйдіріп бекітеді.

Инкрустирлеу – ағаш немесе металл бұйымдарының сыртқы бетінің кейбір тұстарын сүйекпен, металмен, шынымен немесе зергерлік тастармен толтыратын әрлеу тәсілі. Мысалы, осы тәсілмен жасалған халық шеберлерінің ағаш қобдишалары мен әшекей ыдыстары белгілі.

Металдардың көркемсуреттік өңделуінің тағы біріне бедер салу жұмыстары жатады. Бұл жұмысты безендірілген суретті салып қана қоймай, оған тиісті эстетикалық бағалық беретін суретші-бедершілер жүргізеді. Қолдан жасалған бедерлік жұмыстар ылғи да өте қымбат болған. Себебі, оларды дайындауға өте көп уақыт және жоғарғы сапалы қол еңбегі керек.

Зергерлік тастардың бағалығын, сапасын, құндылығын олардың эстетикалық көрсеткіштерімен анықтайды: әдемілігі, мөлдірлігі, жылтырлығы, түсі, пішіні.

Зергерлік тастардың көпшілік қасиеттері (қаттылық, беріктілік және т.б.) осы минералдардың пайда болу жағдайларымен және олардың ішкі құрылымымен байланысқан. Заттың екі түрлі құрылу типі бар: кристадық және аморфты (кристалдық емес). Заттардың кристалдық құрылуы кезінде, оның атомдары немесе атомдар тобы өзара байланысқан белгілі қашықтықта және қатаң тәртіппен орналасады, ал аморфты құрылуы кезінде – атомдардың немесе олардың топтарының ара-қашықтығы мен өзара орналасуы ретсіз немесе жартылай реттелген болады. Зергерлік тастардың құрылымы, негізінде, кристалдық болады, сондықтан олардың құрамы біркелкі, бірақ физикалық қасиеттері барлық бағытта да бірдей емес, яғни анизотропиямен сипатталады.

Кристалдар формасы көпжақты болады: гексаэдр, октаэдр, ромбододекаэдр, пентагондодекаэдр. Сол сияқты, кристалдардың одан да күрделі формалары болады. Егер тасты микроскоппен қарайтын болсақ, онда ол бірнеше ұсақ кристалл-дәндерінен тұратынын көре аламыз.

Түс – зергерлік тастардың маңызды, әрі өзіне тән сапа көрсеткіштерінің бірі. Тастар түсі бойынша сан алуан болады: жеңіл боялған, қою боялған, сызықтармен, шұбар-ала, ауыспалы әртүрлі түстермен және т.б. боялған. Сондай-ақ, тастар мөлдір, жартылай мөлдір және мөлдір емес болады. Табиғатта өз бояуы бар минералдар саны көп емес. Олар, мысалы, көгілдір немесе жасыл түске мыспен боялған көк тас пен малахит. Ал қоспалармен бояу көзделген минералдар саны недәуір көп. Көп жағдайда, аса қарқынмен боялған тастар ерекше бағаланады (бұл зүбәржәт пен аквамаринге тән). Әдетте, ашық түстер аз бағаланады, бірақ оған аса бағалы саналатын түссіз немесе аздаған көгілдір реңкі бар алмасты жатқызбайды.

 

 

Эстетикалық бағалау сапаны бағалау

 

Соңғы жылдары зергерлік  бұйымдардың шығарылуы едәуір өсті. Олардың ассортименті кеңейіп, сапасы мен көркемсуреттік әшекейленуі  жақсарды. Әлемнің көптеген зергерлік  бұйымдарды шығару зауыттарында бағалы металдарды сапалы балқыту, кесу, үскілеуді  қамтамасыз ететін лазерлік техникалар енгізілді. Алмасты қиыршықтау, қарайту, эмальдау, бедерлі сурет салу сияқты жұмыстар сапасы бағалана бастады.

Барлық кезеңнің зергерлері – данышпан шеберлермен жасалған ең үздік бұйымдарға гауһар, зүбәржәт, жақұт, сапфир, меруерт тастары, әлемнің  ең таңдаулы мұражайларын безендіріп тұрған алтын және күміс ыдыстары жатады.

Зергерлік тауарларға сәндік үшін жасалған бұйымдар, жеке күтіну  құралдары, үстел және тұрмыс сәнділіктері, темекі шегу және сағат бұйымдары, сувенирлер және тағы басқалары жатады.

Жеке бастың әшекей заттары (жүзіктер, сырғалар, алқалар, білезіктер, моншақтар, мойынтұмарлар, медальондар  және баулар) түрлері мен фасондарына  қарай әртүрлі болады: сыртқы сәнділігі  бойынша қарапайым және материалы  қымбат, не болмаса әсерлі және қымбат емес – осының барлығы да киімді жақсы сәндейді, және де онымен жақсы  үйлесімін табуы керек.

Жеке зергерлік әшекейлермен қоса, бір композициямен орындалатын жиынтықтар да болады.  Жеке күтіну заттары тобына опа қалыптары, айналар, иіс сулар шынысы, қалпақтарға арналған түйреуіштер, галстукке арналған қысқыштар және т.б. жатады.

Өнім шығарушы кәсіпорындарындағы зергерлік бұйымдардың сапасын  тексеру үшін, оларды әртүрлі сынақтардан  өткізеді. Сауда кәсіпорындарында, әдетте, таңдау жолымен өнімнің дайындалу  партиясынан 10 данадан кем емес 10%-ға дейін бұйым іріктеліп алынады. Іріктелген бұйымдардың пломбаланған үлгі-эталонына және нормативтік-техникалық құжаттамаға, техникалық үлгіге сәйкес сыртқы түрін анықтайды; этикеткаларының  дұрыс ресімделуін (барлық реквизиттерінің  болуы және дұрыс толтырылуы); білезіктер мен жүзіктердің нақты өлшемінің  таңбалау мәліметтеріне сәйкестігін, зергерлік тастардың болуын және олардың сапасын тексереді, және де зергерлік тастардың шынайы екенін анықтайды.

Зергерлік тастарды қасиеттердің бірімен тексерген кездегі маңызды  ақпарат алу көзі болып, ультрафиолет сәулелерінің әсерінен пайда болатын  люминесценция табылады. Түсті анықтау  үшін, қараңғы бөлмені пайдаланады.

Зергерлік тастардың мықты  орнатылғанын, ағаш таяқшамен басып  немесе бұйымды сілку арқылы анықтауға  болады. Ал бағалы металдардан жасалған бұйымның салмағын 1-ші класты техникалық таразыларда өлшеуме анықтайды. Осы орайда, алтын қорытпаларынан және платина металдарынан жасалған бұйымдарды 0,01 г дейінгі нақтылықпен; күміс қорытпаларынанжасалған бұйымдарды 3-ші класты таразыларында 0,1 г дейінгі нақтылықпен өлшейді.

Егер іріктеліп алынған  бақылау үлгілерінің біреуі болсын МЕМ СТ талаптарына сәйкес келмесе, онда екі еселенген үлгі алып (20%-ға дейін), қайталанған тексеріс жүргізеді. Ал егер де осы тексерістің қорытындысында бұйымның біреуі МЕМ СТ талаптарына  және таңбаланған үлгі-эталонына  сәйкес келмей шықса, онда барлық партия брак болып есептеледі.

Зергерлік бұйымдардың сапасына және де тұтынушылық қасиеттерінің  қалыптасуына әсер ететін факторлардың бірі болып материал табылады. Тұтынушылық  қасиеттер функционалдық, эргономикалық, гигиеналық, беріктілік, қауіпсіздік, ал ең бастысы – эстетикалық болмақ.

Зергерлік бұйымдарды дайындауға қажетті негізгі материалдар  болып, ізгі (бағалы) және түрлі-түсті  металдар мен олардың қорытпалары, бағалы, жартылай бағалы және әшекейлеу  тастары, янтарь, перламутр, синтетикалық тастар, сондай-ақ шыны, эмаль, сүйек, мүйіз  және пластикалық заттар табылады.

Бағалы, жартылай бағалы және дайындау тастарының негізгі мекен  орны еліміздің әр түкпірінде орналасқан. Олардың бірнеше жіктемесі бар. Саудада және кәсіпорында зергерлік  бұйымдарды салыстырмалы құндылығына  қарай бөледі. Бағалы және жартылай бағалы тастар әдетте мөлдір болады, және де жарқырауық тастар деп аталады, ал өңдеу тастары – егелеуге ғана жарамды мөлдір емес немесе әлсіз  көрінетін түсті минералдар болып  саналады.

Бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды тек  шығарушының бәсіре бедерлемесі  мен мемлекеттік сынамалы таңбасы  болған жағдайда ғана сатуға болады. Сондай-ақ, шетел өндірістерінің де бұйымдарының міндетті түрде мемлекеттік сынамалы таңбасы болу керек.

Біздің елімізде сатылуға шығарылатын түсті металдардан  жасалған барлық бұйымдардың Қазақстан  Республикасының қаржы Министрлігінің сынамалық бақылау инспекциясымен қойылған сынамасы болуы керек.

Мемлекеттік сынамалы таңба  – бұйымға бедер салу немесе механикалық  емес тәсілмен, мемлекеттік сынамалы бақылау инспекциясымен салынатын  арнайы белгі. Бұл бұйымның мемлекеттік  инспекциямен тексеріліп, көрсетілген  таңбадан кем емес сынамасының бар  екенін білдіреді. Мемлекеттік сынамалы таңба куәландыру және сынама белгілерінен тұрады. Олар бірге (бір бейнеде) немесе бөлек қойылуы мүмкін.

Екі жартыдан тұратын (сырғалар, қос қысқыштар және т.б.) бұйымдардың  әр бөлігіне таңба соғады. әртүрлі  фасонды баулардың бір шетіне таңба салып, екінші шетіне кәсіпорынның бәсіре-белгісін таңбалайды.Бұйымның көркемдік әрленуі мен пішіні олардың тағайындалуына сәйкес келіп, оның пайдалану қолайлылығын қамтамасыз етеді және жаңаша эстетикалық талаптарға сай келеді.

Информация о работе Зергерлік бұйымдар