Зергерлік бұйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 19:12, курсовая работа

Краткое описание

Квалиметрия — әртүрлі объектілер сапасының сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылыми сала. Сапа – бұл жалпы ғылыми категория екені белгілі. Оның мағынасы кез келген объектінің мәнді анықтамасын көрсетеді. «Квалиметрия» термині екі сөз түбірінен тұрады, яғни «квали»-бұл сапа болса, ал «мерия» — бұл бір нәрсені өлшеу және сандық бағалау. Олай болса, квалиметрия – сапаны басқару құрамына кіретін жеке бір ғылым. Мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің біріне зергерлік бұйымдарды дайындау жатады. Оларды бағалы, жартылай бағалы және әшекейлеу тастарын, сондай-ақ басқа да жоғарғы эстетикалық талаптарға сәйкес үлкен шебелікпен орындаған бағалы емес металдардан жасалған көркемсурет бұйымдарын үйлестіру арқылы алады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРдың ассортименттері
1.1 Зергерлік бұйымдардың сипаттамасы
1.2 Зергерлік бұйымдардың түрлері
1.3 Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу тәсілдері
2 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРдың САПАлық көрсеткіштері
2.1 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштері
2.2 Зергерлік бұйымдардың сапалық көрсеткіштерін сынау
3 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРдың САПАлық көрсеткіштерін БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
3.1 Зергерлік бұйымдардың сапасын эстетикалық бағалау
3.2 Зергерлік бұйымдарды кешенді бағалау тәсілдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

zergerlik1.docx

— 45.56 Кб (Скачать документ)

 Зергерлік бұйымдарды күту Зергерлік әшекей бұйым- дарында адам денесі терлегеннен пайда болатын қоңыр дақ қалмауы үшін әшекейлерді шешіп алысымен фланельмен құрғатып сүр- ту керек. Түрлі шаруа істегенде және химикаттарды пайдаланарда жүзік, білезік және басқа зергерлік бұйым- дарды шешіп қояды. Әсіресе алтын жалатқан бұйымдарды сақтықпен тұтыну керек. Әшекей заттарын сынап пен күкірт негізінде жасалған косметикалық бұйымдарды пайдаланғанда да (сынап алтынмен қосылса амальгома түзеді, бұдан бұйымдардың бетіне ақ дақ түседі, ал күкірт алтын мен күміске қосылса, қара түсті күкірттік қосылыстар түзеді) шешіп қойған жөн. Алтын және күміс бұйымдарға тиген йод та қоңырқай дақтар қалдырады. Зергерлік бұйымдарды қорапшасында, құрғақ жерде сақтау керек. Әсіресе күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен белгілі бір дәрежеде бояуының түрін жоғалтатын аметисті, түсті топазды (алтын жалқындыдан басқасын), інжу мен ақықты ұқыптап сақтау қажет. Егер тас қондырылып асыл металдан жасалған немесе тас қондырылмаған әшекейлік бұйымдардың жылтыр өңі тайса, оны жұмсақ тіс щеткасымен 1/2 стакан суға 1 шай қасық мүсәтір спиртін қосып сабынды суға жуу керек. Одан соң бұйымды таза жылы сумен шайып жіберіп, әбден құрғағанша фланельмен сүрту қа- жет. Алтын жалатқан бұйымдарды щеткамен неғұрлым сирегірек жуған жөн. Інжу, ақық, малахит пен янтарь ылғалға төзімсіз келеді. Осындай тасты және фольгаға қондырылған жасанды тасты бұйымдарды, сондай-ақ тастары желімдеп жапсырылған әшекей зат- тарын қатты ластанғанда этиль спирті қосылған сабынды суға (1:1) көп ұстамай шайып алу керек; янтарьды фланельмен ғана, ал қалған тастарды этиль спиртімен сүртіп тазартуға болады. Күмістен жасалған ірі бұйымдарды (мәселен ыдыс-аяқтар мен бөлменің ішкі әшекейлері) «Ювелирная» пастасымен тазартуға болады. Тым қатты ластанған  бұйымдарды зергерлік шеберханаларда тазарттыру керек.

Сынама палатасының  таңбасы – сапа кепілі. Зергерлік бұйымдардың, сонымен бірге асыл және жартылай асыл тастардың сараптамасы – Сынама палатасы қызметінің негізгі міндеті. Сараптамаға тапсырыс беру дегеніміз – зергерлік бұйымдардың және олардың құрамдас бөліктері – асыл, жартылай асыл тастар мен металдардың түпнұсқалылығы туралы барынша толық және жан-жақты ақпарат алуды білдіреді.

Қызметтер: сараптық тұжырымдамасымен бірге гауһарлардың, меруерттердің, түсті асыл және өңдеуші тастардың диагностикасы;мемлекеттік бақылау мақсатында асыл тастарды идентификациялау;импорттық және отандық өндірістің бағалы металдары мен олардың қорытпаларынан жасалған зергерлік және тұрмыстық бұйымдарды сыннан өткізу және таңбалау;бағалы металдардың техникалық сараптамасын жүргізу;зергерлік бұйымдарды сынау;реактивтер жасау;бағалы металдарды, асыл және жартылай асыл тастарды және олардан жасалатын бұйымдарды шығару (әзірлеу) кезінде әдістемелік және кеңестік көмек көрсету;аналитикалық және сату мақсатында зертханалық жағдайда бағалы металдарды балқыту және тазарту;бағалы металдардың сынықтары мен олардан жасалған бұйымдарды сатып алу және сату;сынама таңбаларын әзірлеу және тану саласында халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;бағалы металдар мен олардан жасалған бұйымдарды шығару және техникалық сараптау саласындағы өнімдерді, қызметтерді және сапа жүйелерін сертификаттау бойынша органдарды аккредитивтеуге қатысу;бағалы металдар мен олардан жасалған бұйымдарды сараптау саласындағы нормативтік (әдістемелік, жетекшілік және ұсыныстық) құжаттармен қатар, әкелу, сату, бағалы металл сынықтарынан жасалған бұйымдарды сатып алу ережелерін, бұйымдарды сынама таңбасымен таңбалау тәртібін, өнімді жасау кезіндегі шығын нормаларын, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, өңдеу, сақтау, тіркеу және тапсыру тәртібін, атаулы таңбаны тіркеу және беру тәртібін әзірлеуге қатысу. 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Азгальдов Г. Г., Райхман Э. П.  О квалиметрии. – М.: Изд-во стандартов, 1992.
  2. Азгальдов Г. Г., Райхман Э. П.  Экспертные методы в оценке качества товаров. – М.: Экономика, 1994.
  3. Амиров Ю.Д. Квалимерия и сертификация продукции. – М.: Изд-во Стандартов, 1996.
  4. Дронова Н. Д. Оценка ювелирных изделей. – М.: МГИУ. 2004.
  5. Калейчик М. М. Квалиметрия – М.: МГИУ. 2003.
  6. Солод Г. И. Основы квалиметрии –М.: Изд-во МГИ, 1991.
  7. Федоров М. В., Сомов Ю. С. Оценка эстетических свойств товаров.- М.: Экономика, 2000.
  8. Федюкин В. К. Основы квалиметрии. Управление качеством продукции.   – М.:  Филин, 2004.
  9. Фомин В. Н. Квалиметрия. –М.: Институт «Инфо», 2002.
  10. ГОСТ 23544.0-79 Экспертные методы оценки качества промышленной продукции. Основные положения.
  11. ГОСТ 23554.1-79 Экспертные методы оценки качества промышленной продукции. Организация и проведение экспертной оценки качества продукции.
  12. Шепелев А. Ф. Товароведение и экспертиза ювелирных товаров и часов.- М.: Ростов-на-Дону «МарТ» 2001.
   



 


Информация о работе Зергерлік бұйымдар