Қорлар қозғалысының есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2014 в 19:23, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік есептеу, үздіксіздік, түсініктік, мәнділік, маңыздылық, дүрыстылық, ақиқаттық, алдын-ала көз қарасы жоқ оймен, нейтарлдық, қарампаздық, аяқталғандық, салыстырымдылық, тізбектілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Субъектінң басшылығы бухгелтерлік есепті ұйымдастыру мен есептік жүйенің құрылуын қамтамасыз етеді, бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғалардың қатарын анықтайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

готовый диплом.doc

— 923.50 Кб (Скачать документ)

Егер тауарлар сатып алушының келісімінсіз, келісімшарт бойынша қарастырылмаған ретте келетін болса,  келісмішарттың шарттары бұзылса, келісімшарт қатынастарының болмаған кезінде, сонымен қатар сапасыз тауарлар келіп түскенде ол оны пайдалану, алу үшін бас тарту керек. осындай жағдайда ол осындай құндылықтарды жауапты сақтауға алу керек, және ол туралы жабдықтаушыны хабардар ету керек.

Тауарларды қоймада секциялар бойынша бөлу, жеке түрлері мен типоөлшемдер (шатбель, стеллаж, сөрелерде және т.б.) тез қабылдауды, жіберуді және бар болуын қамтамасыз ету керек. әр түрінің сақталуы  орнына байланысты сол жерде орналасқан тауардың мәліметтері бар жапсырма орналасады. Бірдей тауарларды әртүрлі қоймаларда сақталуына жол бермеу керек. Келіп түскен құжаттар (шот-фактуралар, тауарлы-материалдық үстемелер), тауарларды алумен байланысты құжатарадың барлығы акцепт  (қабылдау төлемі) және тексерісі  үшін бухгалетрияға беріледі. Осында оларды тауарлардың келіп тсүуі журналында тіркейді (ф. № 2 М-1), сонымен қатар, акцепттен бас тарут үшін және төлем мерзімін  оперативтік бақылау үшін керек болады.

«Кадам» ЖШС  тауарлар қозғалысының есебі бойынша құжат айналымы 2.3 суретінде келітірілген. Жабдықтаушылардың негізгі құжаттары шот-фактура мен туарлық – транспорттық үстемелік болады (Б қосымшасы).

Банктік есептік шоттарда (ағымдық), валюталық және арнайы шоттардағы ақшалай құралдардың инвентаризациясы қалған соманың қалдықтарын тексеру арқылы жасалыд, сәйкесінше шоттарда бар ақшалай құралдар, кәсіпорынның бухгалтериясының мәліметтері негізінде. Банктің көшіремелері негізінде жүзеге асырылады.

 

 

 

2.3-сурет – «Кадам» ЖШС тауар қозғалысының есебі бойынша құжат айналымы


 

Кіріс ордері бір данада материалдық-жауапты тұлғамен толтырылады, тауарлардың қоймаға келіп  түсу күні.

Тауарларды қабылдау актісі ( № 2 ТМҚ-2 типтік формасы) тауарларды қабылдау кезінде рәсімделеді, бұл жабдықтаушының ілеспе құжаттарымен саны мен сапасының әртүрлі болуы кезінде орын алады, акт тауарларды құжатсыз қабылдау кезінде пайдаланылады.

Тауарлардың сынуы, бқзылуы кезінде (№ТМҚ-46 типтік формасы) пайдаланылады, тауарлардың бағасы түскен кезде, кәсіпорындағы олқылықтар салдарынан жіберілген сыну, бқзылу, зақымдану.

Талдау кезінде тек қана меншікті айналым капиталының абсолюттік көрсеткішті білу маңызды емес, сонымен бірге, меншікті капиталдағы жалпы  өлшемі ішінде үлестік салмағын да білу қажет. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалайтын көрсеткіштердің ішінде аса маңызды болып табылады.

Келіп түскен қорлар, яғни шот-фактурасы төлем бойынша талап етілмегендер (фактураланбағандар), журнал-ордерде әр жабдықтау бойынша жеке көрсетіледі. Нөмірдің орнында осындай жағдайда «Н» әріпі қойылады, яғни фактураланбағандар дегенді білдіреді. Қорларға шот-фактуралар келіп түскен кезде фактураланбағандар тәртібінде келіп түскен қорлар, ертерек олардың есептік құны сомасынан жазылғандар біріктіріліп, ал алынған шот-фактуралар негізінде жазбалар жалпы тәртіпте жүзеге асырылады.

Тауарлық-материалдық қорларды қабылдау кезінде анықталған артықшылықтар фактураланбағандар жабдықтаулар ретінде жеке жазба жолы ретінде көрсетіледі.

Фактураланғандар санына қарсы жетіспеушіліктер мен қарсылықтар соамсы акцептелген (төленген) тауарлық – материалдық қорларын қоймаға қабылдау кезінде, сонымен қатар, бағалардың сәйкессіздігі кезінде, келісімшартпен негізделген, арифметикалық қателері бухгалтерлік анықтамалар құраладры бойынша  қосымша проводканы үйлестіріп түзетеді.

Тауарлық-материалдық қорларды сатып алған кезде, жұмыстары мен қызметтерді алған кезде олар бойынша қажетті мәліметтері жеке журнал – ордерлерінің бланктеріне бірігеді, яғни, бірінде есептеулер бойынша жазбалар жүзеге асырылады, ал екіншісі бойынша – жұмыстар мен қызметтер көрсетіледі.

Серіктеспен ұзақмерзімдік өзара қарым қатынас кезінде дебиторлық қарыз кредиторлыққа өтеді және керісінше. Бұл жағдайда шатасып кету өте оңай, егер есеп жөнді болмаса орын алады. Бастапқы құжаттар касса бойынша кіріс және шығыс ордерлері, банктік шоттан көшірме, демалысқа шығындық үстемелері, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша анықталады.

Журнал-ордерде көрсетілген мердігерлермен атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтері туралы жазбаны көрсетілген актлер негізінде жаслады (басқа да құжаттар), жұмысты қабылдау шамасы бойынша және көрсетілегн қызметтердің тауарлық-материалдық қорлардың түсімін көрсетуге ұқсас түрде.

Дебеттік (төлем) және кредиттік (акцепт) айналымының қорытынды сомасы ай соңында бас кітапқа енгізіледі.

Дебиторлармен есептеулер бойынша салықтық регистрлер бекітілмеген. Осылайша, салық төлеушіге оны өзі әзірлеу керек.

Алынған тауарлары, жұмыстары мен қызметтері, кәдімгі операциондық қызметі ішінде сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыз сомасы актмен ратсалады, кәдімгі қарыздық міндеттемелермен, тауарларды жіберуге үстемелермен немесе басқа да шаруашылық құжаттармен.

Актда тауарладың атауы көрсетіледі (жұмыстың немесе қызметтің), саны, бағасы, айналым есептеледі, ҚҚС мөлшерлемесі, ҚҚС сомасы (егер, ҚҚС төлемшісі болса) және жалпы сома сеептеледі.

Актны үш тұлға қол қояды: кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтер және актның көшірмесіне жауапты тұлға.

Актның дұрыстығы толығымен тексеріліп болған осң онда кәсіпорынның мөрі қойылады.

Акт жүзеге асыру бойынша айналымның өткізілу мерзіміен кем мерзімде берілмеуі керек.

Акт – бұл міндетті құжат, оның негізінде есептік регистрлердегі шоттар корреспонденциясы таратылады, және бұл құжат жұмыстарды, тауарды және қызметті сатып алуды растаушы құжат болып табылады. Егер кәсіпорын ҚҚС төлемшісі болса, онда актның негізінде ҚҚС зачетке алынады, ал жабдықтаушы ҚҚС төлемшісі болады деген шартта ол ҚҚС құжатында береді.

Шот-фактурада көрсетілуі тиіс:

- актның құру күні мен реттік  нөмірі;

- тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлға, актны жазып алуға міндетті) немесе заңды тұлғаның толық атауы (ұйымның), мекенжайы, РНН, ҚҚС бойынша есепті ұсыну куәлігінің нөмірі және алу  мерзімі;

- келісімшартты құру күні мен  мерзімі;

- жүзеге асырылған (жұмыстар, қызметтер) тауарлардың атауы;

- салық салынатын айналымның өлшемі;

- ҚҚС мөлшерлемесі,

- ҚҚС сомасы.

Тауардың құны (жұмыс, қызмет) ҚҚС есепке алғанда.

Қазіргі шаруашылық қызмет ету  жағдайда кәсіпорынның тиімді қызметі оның қаржылық аман қалу мүмкіндігі, қаржыландыру көздерімен тартуы және олардың  пайдалы, оңтайлы түрде пайдалануы анықтайды.

Шот-фактура жүзеге асыру бойынша айналымды өткізу күнінен кем мерзімді жасалмауы тиіс және басқарушының қолы қойылады, бас бухгалтер, жауапты тұлға актны жазып берген қол қояды, сонымен бірге заңды тұлғаның мөрі болуы керек.

Кәсіпорын балансында қорларды кірістіру «Кадам» ЖШС жабдықтаушы құжаттары негізінде жүзеге асырылады: - шот-фактурағ онда жабдықтаушының мекен-жай, РНН,  реттік нөмірі мен құру күні, атауы көрсетіледі; ұсыналатын тауарлардың атауы мен саны,  тауралардың қосылған құн салығынсыз бағасы, қосылған құн салығы өлшемі, тауардың бағасының қосылған құн салығының есепке ала отырып бағасы;

- тауарлы-трансорттық үстемелер;

- құндылықтарды қабылдаған материалдық жауапты тұлғаның үстемелері мен құжаттары.

Егер жабдықтаушыға «Кадам» ЖШС жеткізілген қорлардың сапасының төмен болуы немесе толық жеткізілмеуі салдарынан қарсылықтар қойылатын болса, онда  сатып алушы он күннен кем күн ішінде қарсылығын жіберу керек.

Қарсылық талабына акті, транспорттық үстеменің көшірмесін, пломбалар, жабдықталған және басқа да құжаттарын қоса берілу керек.

Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жүмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалык базасын жасайды, яғни өндіріске қажет корларын құрайды. Кәсіпорынды жабдыктау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорыңдармен немесе делдалдык ұйымдармен келісім-шартқа отырады.

Демек, көсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) карамастан, жабдыктаушылардан алынған материалдық, босалқы корлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша — есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.

Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бакылап отыруға мүмкіндік береді.

Келіп түскен шот-фактураларды алдымен «Келіптүскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылыктардың түсуіне карай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірунен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журналдың деректерін деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдыктау бөлімінің тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне карай жазып отырады."Ескерту" бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.

Есеп журналы бойынша тіркеу номірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүреді.

Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фактура жөне баска да есеп айырысу қүжаттары келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бүл ретте тіркеу нөмірі мен төлем-тапсырмаларыңық (шот-фактура) нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцепттің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан (айлақтан) өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.

Екінші кезенде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлы-көліктік құжаттары (накладнойлары), материалдар қабылдау туралы актілері) негізіңде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік немесе келісім-шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны жөне тауарлы-материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары; есебі бойынша жекелегсн щоттар шегінде төлем талап-тапсырмаларына (шот-фактураға) сәйкес алынған нақты құны бойынша керсетіледі.

Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бқзылуы анықталса, актінің негізінде талап сомасын Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айырысуға дейін анықталатын болса, онда оның сомасына тиісті есеп айырысу төлем құжаттарында акцептті азайтады.

Қоймадан тауарлардың жіберілкі оның жүктелуі мен жүзеге асырылуында болады. Осымен бірге аналитикалық есебі келесі бағыттар бойынша тауарлардың шығуы ақпараты беріледі:

- сатып алушының жүзеге асырылуы (тапсырыс беруші);

- басқа сатып алушылар.

«Кадам» ЖШС қоймасынан тауарлар жүктелуі мүмкін: сатып алушының тікелей өзіне; су, әуе, автокөлік, теміржолмен  сатып алушылары, сатып алушының орталықтандырылған жолы арқылы.

Үстемеде жіберілуге керек тауарлардың атауы, ассортименті және саны беріледі. Үстеме құжаттар төрт данада беріледі. Бірінші данасы тауарлардың таңдаушысы, екіншісі – көтерме кәсіпорынында, үшінші – сатып алушыға жіберіледі және төртінші төлем құжатына қоса беріледі және  банкке  тауармен есеп айырысу үшін беріледі. Қоймада тауарларды сатып алу үшін  үстеме құжатта нақты жіберілген тауарлардың саны, құны мен бағасы көрсетіледі.

«Кадам» ЖШС бухгалтериясы жазылған үстеме құжаттарды тексереді: тауарлардың бағаларының дұрысытығы мен қорытыныны есептеу. Қоймадан тауарларды жіберу кезінде  сатып алушы үстеме құжатта қол қою  керек және дұрыстығына сенім білдіру керек.

Шот-фактурада қосылған құн салығына жатқызуға негіз болатын Қазақстан Республикасының Салықтық кодексіне сәйкес 256 бапқа сәйкес болады, оған тиіс келесілер көрсетілуі керек:

а) шот-фактураның реттік нөмірі, сандық мәні бар;

б) шот-фактураны құру күні;

в) тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлға, шот-фактураны жазып алуға міндетті) немесе заңды тұлғаның толық атауы (ұйымның), мекенжайы;

г) жабдықтаушының идентификациялық нөмірі және жұмысты, қыметті, тауарды алушының нөмірі;

Информация о работе Қорлар қозғалысының есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері