Өнім стандартизациясының және сертификациясының теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 13:19, дипломная работа

Краткое описание

Әлеуметтік – экономикалық даму болжамы бес жылғы кезеңге жергілікті мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарларын, жергілікті бюджеттерді үш жылғы кезеңге әзірлеуге, аумақтың даму бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады. Әлеуметтік – экономикалық даму болжамы келесі негізгі бөліктерден тұрады:
- аймақтың экономикалық дамуының экономикалық тенденциясы;
- аймақтың экономикалық даму жағдайы және факторлары;
- 2011 – 2015 жылдарға арналған нысаналы индикаторлар және әлеуметтік – экономикалық даму болжамы;
- 2011 – 2013 жылдарға арналған аймақтың бюджеттік параметрлер болжамы;

Содержание

Кіріспе
1 Өнім стандартизациясының және сертификациясының теориялық аспектілері
1.1. Қазақстан республикасында стандарттау мәні, маңызы, мақсаты
1.2 Қазақстан республикасында сертификаттау ұғымы
1.3 ҚР стандарттау және сертификаттау саласының заңнамалық актілері
2 ҚР өнім сапасын стандарттауды және сертификаттауды талдау
2.1 Қарағанды облысындағы кәсіпорындар өнімдерін стандарттау және сертификаттау
2.2 Шахтинск қаласы әкім аппаратындағы мемлекеттік қызметтің стандарттарға сәйкестігі
2.3 Шахтинск қаласы кәсіпорындарының өнім сапасын стандарттау және сертификаттау
3 Шахтинск қаласының кәсіпорындарын жетілдіру шаралары
3.1 Шахтинск қаласы кәсіпорындарын жетілдіру жолдарының маңыздылығы
3.2
3.3

Қорытынды
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом-Балнур.doc

— 922.50 Кб (Скачать документ)

 

Мемлекеттік стандарттау  жүйесі стандарттардың мынадай түрлерін белгіленген:

Жалпы техникалық шарттардың стандарттары белгілі бір түрлерін біртектес өнімдер үшін оларды пайдалану (тұтыну) және қабылдау тәртіптерін, тексеру әдістерін, маркалау, тасымалдау және сақтау тәртіптерін белгілейді.

Техникалық шарттардың стандарттары мазмұны жағынан кең, талаптары жан-жақты қамтитын стандарттар.

Жалпы техникалық талаптардың  стандартында біртектес өнімдер үшін олардың сапалылығын қамтамасыз ететін жалпы талаптар беріледі. Өнімнің түрі мен қолданылуына байланысты олардың физика – механикалық (беріктігі, қаттылығы, созылғыштығы, серпімділігі және т.б.), физика – химиялық (агрегаттық күйі, тығыздығы, қату және қайнау температурасы және т.б.), эстетикалық (бояуы, түсі, қолайлығы, т.б.) қасиеттеріне қойылатын талаптар белгіленеді.

Техникалық талаптар стандартында, техникалық жалпы талаптар стандартына қарағанда, өнімнің белгілі бір түріне қойылатын талаптар белгіленеді.

Параметрлер немесе размерлер стандартында өнімдердің белгілі бір түрін ( типін, маркасын, үлгісін) өндіруге қажетті параметрлер мен размерлер

белгіленеді.

Маркалар стандартында материалдардың (бұйымдар, шикізаттар, химиялық реактивтер, пластикалық заттар, т.с.с.) маркалық номенклатурасын, химиялық құрамын, тұтыныстық қасиетін, тексеру әдістерін белгілейді.

Сортаменттер стандарты өнімнің геометриялық формасы мен размерін белгілейді.

Қабылдау тәртібінің стандарты өнімнің белгілі бір түрі мен тобын олардың сапасы мен санына байланысты қабылдау тәртібін белгілейді.

Тексеріс (сынақ) стандартында сынаққа қажетті сынамаларды (үлгілерді) даярлаудың реті, өнімнің тұтыныстық сипаттамаларын тексеру әдістері белгіленеді. Бұл стандартта тексерудің әр түрі берілген: өнімнің сапасын күнделікті тексеру, өнімді жеткізіп беруші кәсіпорындардың жаңа өнәмді өндіруді игеру барысында жүргізетін типтік тексеру, өнімнің қойылатын талаптарға сай екендігін мезгіл-мезгіл тексеру.

Өлшем стандартының дәлдігін тексерудің құралдары мен әдістерінің стандартында приборлар мен өлшеуіш аспаптардың дәлдігін тексерудің тиімді әдістері мен құралдары белгіленген.

Типтік технологиялық  процесс стандартында өнімнің белгілі бір түрін өндіруге прогрессивтік технологияны қолданып өнім сапасының бірыңғай деңгейін қамтамасыз етудің жолдары мен техникалық құралдары белгіленген.

 

 

    1. ҚР стандарттау және сертификаттау саласының заңнамалық актілері

 

   Қазақстан Республикасындағы Стандарттау,  
сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың  
мiндеттi талаптарының сақталуына және сертификатталған  
өнiмге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттiк қадағалау  
мен бақылауды жүзеге асыру   
ЕРЕЖЕСI      

 Осы ереже  " Стандарттау туралы ", " Сертификаттау туралы ", "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы", "Өлшемдердiң бiрлiгiн қамтамасыздандыру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң бюджеттiк бағдарламаларының төлқұжаттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 қаңтардағы N 138  қаулысына  сәйкес (N 059 "Тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiне сату саласында мемлекеттiк қадағалау жүргiзу үшiн үлгiлерiн сатып алу және сынау") әзiрлендi және стандарттау, сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына және сертификатталған өнiмге мемлекеттiк қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн бекiтедi, бұдан әрi - мемлекеттiк қадағалау, бақылау.   
      Өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын Мемстандарттың және оның аймақтық органдарының лауазымды тұлғалары үшiн, сондай-ақ тексерiлетiн Қазақстан Республикасының аймағындағы жеке және заңды тұлғалар үшiн, шетел фирмаларын қоса, осы Ереже мiндеттi болып табылады.    

1. Жалпы ережелер 

1. Мемлекеттiк  қадағалаудың мақсаты - өнiм, жұмыс (қызмет көрсету), (бұдан былай - өнiм), сапасын, олардың азаматтардың өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыздандыру мәселелерiнде мемлекет мүдделерiн және тұтынушылардың құқығын қорғау болып табылады.   
      Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына мемлекеттiк қадағалау - осы талаптарды бұзу фактiлерiн анықтауға, алдын алуға және жоюға бағытталған стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi құзыреттi мемлекеттiк органның және оның аймақтық бөлiмшелерiнiң, заң актiлерiнде аталған басқа мемлекеттiк басқару органдарының қызметi.   
      Тiркелген сертификаттау жөнiндегi органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiне мемлекеттiк бақылауды заңмен бекiтiлген тәртiп бойынша стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi құзыреттi мемлекеттiк орган және оның аймақтық бөлiмшелерi iске асырады.      

2. Мемлекеттiк  қадағалау мен бақылаудың негiзгi мәселелерi мыналар болып табылады:   
      1) нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарын бұзушылықты анықтау, болдырмау, жоюға бағытталған талаптарының сақталуы;   
      2) сертификаттау ережелерiнiң, сертификатталған өнiм сапасының сақталуын бақылау;   
      3) мiндеттi сертификаттау ережелерi мен нормативтiк құжаттарында белгiленген мiндеттi талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауы, Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және (немесе) сатылатын өнiм сапасының күйi туралы сенiмдi ақпаратты мемлекеттiк органдарға, басқа мүдделi ұйымдарға ұсыну.       

3. Мемлекеттiк  қадағалау және бақылау объектiлерi:   
      1) Бiрнеше рет өндiруге немесе қолдануға мүмкiн өнiм, процестер (жұмыстар), қызметтер;   
      2) өнiмге (қызмет көрсету, жұмыс) берiлген нормативтiк, техникалық және басқа құжаттама;   
      3) өндiрушiлер (сатушылар, орындаушылар) өнiмiн, сынақ зертханаларын (орталықтарын), сертификаттау органдарын мiндеттi сертификаттау жөнiндегi жұмысы.      

4. Мемлекеттiк  қадағалау Қазақстан Республикасы  аумағында шетел фирмаларын қоса, жеке және заңды тұлғаларда  өнiмнiң өмiршеңдiк кезеңiнiң кез келген сатысында жүргiзiледi: өнiмдi әзiрлеу және өндiрiске жеткiзу, оны даярлау, тарату (жеткiзу, сату), қолдану (пайдалану), сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату, сондай-ақ процестердi (жұмыстарды) орындау және қызмет көрсету.       

5. Мемлекеттiк қадағалау Мемстандарт бекiткен тәртiп бойынша аттестатталған және белгiлi үлгідегi куәлiктерiне ие Мемстандарттың және оның мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органдарының лауазымды тұлғаларымен - мемлекеттiк инспекторларымен жүзеге асырылады.   
      Тексерiске бақылау және қадағалау қызметiн атқарушы басқа мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi, сертификаттау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар белгiленген тәртiп бойынша қатысуы мүмкiн.   
      Барлық жағдайда тексерiстi Мемстандарттың немесе оның мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органдарының лауазымды тұлғалары басқарады.      

 6. Мемстандарт құзыретiне жататын мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк инспекторы Мемстандарт төрағасы болып табылады.   
      Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары - Мемстандарт төрағасының орынбасары болып табылады.   
      Астана және Алматы қалалары мен облыстардың Бас мемлекеттiк инспекторлары - Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органдарының басшылары болып табылады, олардың құрылымдық бiрлiктерiнде - Басқарма басшыларының орынбасарлары - негiзгi бөлiмшенiң тұрғылықты жерiнен тыс орналасқан қалалар бойынша бөлiм басшылары.      

7. Мемлекеттiк  қадағалау барысында сыртқы тексерiс, өнiмдi салыстыру, өлшем және сынақ бақылау және қадағалау нәтижелерiнiң сенiмдiлiгiн және әдiлдiгiн қамтамасыз ететiн басқа әдiстер қолданылады.      

8. Заңды тұлғалардың  басшылары және жеке тұлғалар  тексерiс кезiнде мемлекеттiк инспекторларға  тексерiстi iске асыру үшiн қажеттi жағдайды қамтамасыз етуi тиiс:   
      1) мемлекеттiк инспектор куәлiгiн және заңмен белгiленген талаптарға сай мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органында, және қажеттi жағдайда прокуратура органында тiркелген тексеру тапсырмасын ұсынған жағдайда қызмет және өндiрiстiк бөлмелерiне еркiн кiру;   
      2) мемлекеттiк қадағалау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi, тексеру кесiмiн ресiмдеу үшiн бөлме мен ұйымдастыру техникасын, өлшем және сынақ құралдарын, үлгiлердi сынауға жеткiзуге арналған көлiк құралдарын ұсыну, аралық кесiмдерге, анықтама қағаздарына қол қоюға құқылы жауапты тұлғаларды бөлу;   
      3) сынақ жүргiзуге (талдау, өлшеу) шығындалған үлгiлер мен шығындардың құны республикалық бюджет, немесе өнiм үлгiлерiн сатып алуға және сынауға бюджет қаражаты бөлiнбеген болса, тексерiлетiн объектiлер шығындары есебiне жатқызып, нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiн бақылау үшiн өнiмнiң сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеу. 

2. Мемлекеттiк  қадағалауды дайындаудың және  
 жүргiзудiң жалпы ережелерi

9. Мемлекеттiк  қадағалау төмендегiлердi ескере  отырып, таңдаулы тексерiс арқылы  жүзеге асырылады:  
      1) жыл сайын Мемстандарт белгiлеген мемлекеттiк қадағалаудың басым бағыттары;  
      2) Үкiметтiң, Мемстандарттың және жергiлiктi атқарушы органдарының мақсатты тапсырмалары;  
      3) тұтынушылардың шағымдары мен басқа органдар тарапынан келген ақпарат;  
      4) тiркелген сынақ зертханалары (орталықтары) және сертификаттау органдары туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тiзiлiмiнiң деректерi.

10. Өнiм өндiрушiлер  нормативтiк құжаттардың мiндеттi  талаптарын сақтауына жоспарлы  тексеру аралығы жылына бiр  рет болады.   
      Тауарлардың үлгiлерi аймақтық Басқармаларының басшылары бекiткен кестеге сай сатып алынады.   
      Жеке және заңды тұлғалардың нормативтiк құжаттарында өнiмге қойылған талаптарды бұзу фактiлерi бойынша тұтынушылардың шағымдары мен кiнәрәт-талаптары, жоғарыдағы мекемелер мен жергiлiктi билiк органдарының қосымша тапсырмалары мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органына келiп түскен жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргiзiледi.   
      Тексерiс нәтижесiнде нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптары, мiндеттi сертификаттау ережелерi анықталған жағдайда және заңнамада бекiтiлген ұйғарым берiлгенде, ұйғарымды орындау үшiн берiлген мерзiм аяқталған соң тексерiс ұйымдастырылуы тиiс.   
      Егер ұйғарым алған заңды (жеке) тұлға анықталған бұзушылықтардың жойылуы туралы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi органына хабарласа және тиiстi рұқсаттарды беру туралы өтiнсе, тексерiс бұрын берiлген ұйғарымды орындауға арналған мерзiмге дейiн ұйымдастырылуы мүмкiн.

11. Мемлекеттiк  қадағалаудың қандай да бiр  объектiсiн тексеру жөнiндегi комиссия (инспектор) қызмет көрсететiн  аймақтың, облыстың (қаланың) Бас  мемлекеттiк инспекторымен құрылып (анықталып), бекiтiледi.

12. Тексерiс  ұйымдастыру үшiн тексерiлетiн  объект басшысына мемлекеттiк  қадағалау жөнiндегi аймақтық органының  тексерiстердi есептеу журналында  және прокуратура органында мiндеттi  түрде тiркелуге тиiстi, 1 қосымшасының нысаны бойынша тексерiс жүргiзу кесiмi даярланады.

13. Тексерiске  әзiрлену барысында:   
      1) алдыңғы тексерiстердiң нәтижелерiне талдау жүргiзiледi, оның iшiнде бақылау және қадағалау жөнiндегi басқа мемлекеттiк органдары жүргізгені;   
      2) тексерiс затына қатысты нормативтiк және техникалық құжаттамаға талдау жүргiзiледi;   
      3) тексерiлетiн объект қызметiнiң нәтижелерi зерттеледi (есептiк деректер, шағымдар және т.б.);   
      4) қажеттi жағдайда тексерiс бағдарламасы әзiрленедi;   
      5) басқа мекемелердiң мамандарын және бақылауға алынған өнiм сапасы саласындағы сарапшыларды қатыстыру қажеттiлiгi жөнiндегi мәселе қарастырылады;   
      6) қаланың, облыстың сынақ зертханаларында (орталықтарында) бақылауға алынған өнiмге сынақ жүргiзу мүмкiндiктерi анықталады.

14. Тексерiлетiн  объектiге келген соң объект  басшысына немесе оны алмастырушы  тұлғаға осы құжаттың 12-тармағына  сәйкес әзiрленген тексерiс жүргiзу  туралы хабарлама берiледi және  тексерiс жоспарымен таныстырады.   
      Одан соң комиссия мүшелерi - мемлекеттiк инспекторлар және қатыстырылған мамандар арасындағы жұмыс белгiленедi, және тексерiс объектiсi ұсынатын қажеттi мәлiметтер мен құжаттардың тiзiмi анықталады.

3. Стандарттау  жөнiндегi нормативтiк құжаттардың  
 мiндеттi талаптарының сақталуына мемлекеттiк қадағалау жүргiзу ережесi

15. Нормативтiк  құжаттардың мiндеттi талаптарының  сақталуына мемлекеттiк қадағалау  жүргiзу барысында бекiтiлген талаптарды  сақтауға баға берiлуi тиiс.   
      Осы мақсатпен өнiмнiң сыртқы түрi тексерiледi, салыстырылады және сынақ жүргiзу үшiн өнiмнiң үлгiлерi (сынамалары) iрiктеледi.   
      Iрiктеу әдiстемесi және iрiктелетiн үлгiлердiң саны (iрiктеу көлемi) нақты өнiм стандарттарының талаптарына сәйкес болуы тиiс.   
      Егер өнiм стандарты тұтас бақылауды көздейтiн болса немесе үлгiлердi iрiктеу мөлшерi белгiлемесе, iрiктеу мөлшерiн тексерiлетiн объект басшысының келiсiмiмен мемлекеттiк инспектор анықтайды, бiрақ кемiнде тексерiлетiн топтама өнiмiнiң 10%-ы немесе тұтас бақылау кезiнде кемiнде 3 бұйымы.   
      Үлгiлердi iрiктеу 2-қосымшадағы нысан бойынша кесiммен ресiмделедi.

16. Өнiмнiң  нормативтiк құжаттар талаптарына  сәйкестiк бағасы стандарттарды  көзделген бақылау және сынақ  (талдау, өлшеу) негiзiнде берiледi.   
      Өнiмнiң сыртын тексерiлетiн объект мамандарының қатысуымен мемлекеттiк инспектор тексередi.   
      Үлгiлердi сынау тексерiлетiн өнiмдi сынауға тiркелген кез келген зертханада (орталықта) жүргiзiледi.   
      Ірiктелген үлгiлер (сынамалар) басқа өнiмнен оқшауланады, буып-түйiледi, пломба салынады немесе мөр басылады және iрiктеу кесiмiнiң көшiрмесiмен, сынақ бағдарламасы көрсетiлген 3 қосымшадағы нысан бойынша жолдама бағыт хатымен қоса сынаққа жiберiледi.   
      Үлгiлер алынған өнiмнiң топтамасы, тез бұзылатын өнiмдерден басқасы, сынақ аяқталғанға дейiн сатылмайды.  
      Сынақ көлемiн тапсырмаға байланысты тексерiстi басқарушы мемлекеттiк инспектор анықтайды.   
      Сынақ нормативтiк құжаттарда белгiленген тек мiндеттi талаптар бойынша жүргiзiледi.   
      Тұтынушылар шағымдары бойынша тексерулердi жүргiзген кезде өнiмнiң тұтыну қасиетiн негiздейтiн өнiм сәйкессiздiгiне сынақ осы көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi.

4. Қолданылған  үлгілердiң құны және сынақ  (талдау, өлшеу)  
жүргiзуге жұмсалған шығындар үлгiлердi сатып алуға және сынауға

Информация о работе Өнім стандартизациясының және сертификациясының теориялық аспектілері