Өнім стандартизациясының және сертификациясының теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 13:19, дипломная работа

Краткое описание

Әлеуметтік – экономикалық даму болжамы бес жылғы кезеңге жергілікті мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарларын, жергілікті бюджеттерді үш жылғы кезеңге әзірлеуге, аумақтың даму бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады. Әлеуметтік – экономикалық даму болжамы келесі негізгі бөліктерден тұрады:
- аймақтың экономикалық дамуының экономикалық тенденциясы;
- аймақтың экономикалық даму жағдайы және факторлары;
- 2011 – 2015 жылдарға арналған нысаналы индикаторлар және әлеуметтік – экономикалық даму болжамы;
- 2011 – 2013 жылдарға арналған аймақтың бюджеттік параметрлер болжамы;

Содержание

Кіріспе
1 Өнім стандартизациясының және сертификациясының теориялық аспектілері
1.1. Қазақстан республикасында стандарттау мәні, маңызы, мақсаты
1.2 Қазақстан республикасында сертификаттау ұғымы
1.3 ҚР стандарттау және сертификаттау саласының заңнамалық актілері
2 ҚР өнім сапасын стандарттауды және сертификаттауды талдау
2.1 Қарағанды облысындағы кәсіпорындар өнімдерін стандарттау және сертификаттау
2.2 Шахтинск қаласы әкім аппаратындағы мемлекеттік қызметтің стандарттарға сәйкестігі
2.3 Шахтинск қаласы кәсіпорындарының өнім сапасын стандарттау және сертификаттау
3 Шахтинск қаласының кәсіпорындарын жетілдіру шаралары
3.1 Шахтинск қаласы кәсіпорындарын жетілдіру жолдарының маңыздылығы
3.2
3.3

Қорытынды
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом-Балнур.doc

— 922.50 Кб (Скачать документ)

 

МЭК — стандарттау жөніндегі дербес халықаралық ұйым.

МЭК ИСО-мен жасалған келісім бойынша электротехника, электроника және байланыс саласында жұмыс жасайтын дербес халықаралық ұйым болып саналады.

Көптеген ортақ нәрселерге ие және алдына халықаралық стандарттар әзірлеудің бір ғана мақсатын қоятын екі дербес ұйымның өмір сүруі таза тарихи себептер ретінде түсіндіріледі (МЭК ИСОдан 40 жыл бұрын құрылған болатын).

Техникалық комитеттер және жұмыс топтары - барлығы 600-ге жуық техникалық органдар МЭК-тің негізгі құрылымдық бөлімшелері болып саналады.

Комиссия мүшелерінен тұратын Кеңес МЭК-тің жоғарғы басшы органы болып саналады. Кеңес өзінің жыл сайынғы барлық отырыстарында, МЭК қызметінің мәселелерін: жетекші тұлғаларды сайлауды, қаржы, жаңа мүшелер қабылдауды және т.б. қарайды.

МЭК мүшелерінің саны-43. Бұл дамушы елдердің басым көпшілігінде электротехника, электроника және байланыстың өте жеткіліксіз дамуымен түсіндіріледі. Нәтижесінде, олардың комиссия қызметіне деген қызығушылықтары мүлде шектеледі.

Елдердің бұкіл ұлттық комитеттерін білдіретін Кеңес МЭК-тің жоғарғы басшы органы болып саналады. Кеңес өзінің отырысына, кезек бойынша, жыл сайын әр елде жиналады және техникалық, сол сияқты әкімшілік және қаржылық сипаттағы МЭК қызметінің барлық мәселелерін қарайды.

МЭК-тің техникалық комиссиясы мерзімді түрде Кеңес сайлайтын іс-қимыл Комитетінің, көмегімен жұмысын жүргізеді. Іс-қимыл комитеті техникалық комитеттердің жұмысын үйлестіреді, олардың қызмет саласын бекітеді, ТК төрағаларын тағайындайды және т.б. Іс-қимыл комитетіне Кеңеске жетекшілік жасаған сияқты, үш жылда бір рет сайланатын МЭК Президенті жетекшілік етеді.

Іс-қимыл комитеті жанынан  екі бөлімше құрылған: электроника және байланыс саласындағы Кеңесші  комитет (АСЕТ) және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіру комитеті (АКОС). Бұл комитеттер МЭК ТК және ПК төрағалары және хатшыларынан тұрады.

Адамзат дамуының бүкіл кезеңі ішінде сапа туралы ойлар онымен қоса ілесіп келеді. Адамның сапаны сезінуі, оған, өзінің күнделікті жеке басы үшін, кесе, садақ және жебе т.б. заттарды жасап шығара бастаған кезінен пайда болды. Меншіктің пайда болуымен сапаны қабылдаушылық та өзгерді, ол мал табындарына ен салу, мүлікті таңбалаудан көрінді. Қолөнері кәсіпшілігінің, сауданың дамуымен клеймо (белгі) кең тарау алды, қол өнер кәсібімен айналысушы, тауар жеткізуші өзінің клеймасымен өз тауарларының сапасына кепілдік берді. Тауарға белгі соғудың бұл түрі бүгінгі күнге дейін сақталған. Сапаны бағалау көрсеткіштер жүйесінің дамуымен қоса жүрді, мұны біздің дәуірімізге дейінг 17-ші ғасырдың аяғы меп 18-ші ғасырдың басында, Вавилон патшасы Хамурапи қабылдаған, өте ертедегі сапа туралы заңдар тарихы растайды, онда былай деп жазылды:

Егер құрылысшы қандай да бір болсын адамға үй салса және оны берік етіп тұрғызбаса, нәтижесінде үй құлайды және оның иесінің өмірін қияды, ондай жағдайда сол үйді салған құрылысшы өлтірілуі тиіс.

Егер құлаған үйден, сол үйді салғызушының баласы мерт болған болса, онда кұрылысшының бір баласы өлтірілуі тиіс. Егер бұл ретте үй иесінің құлы өлген болса, онда құрылысшы кұны сондай тұратын, орнына өз құлын береді.

Егер үй құлаған кезде үй иесінің мүлкі қираған болса, онда құрылысшы оны қалпына келтіреді (не қираса соның бәрін).

Егер құрылысшы қандай да бір болсын адам үшін үй салып, оның құрылысын берік етіп салмаса, нәтижесінде қабырғасы сөгіледі, мұндай жағдайда ол өз есебінен құрылысты жаңадан салуы тиіс".

Орта ғасырларда тауарларға белгі соғуға мемлекеттік бақылау енгізіледі (әсіресе металмен айналысатын қолөнершілерге).

ХШ ғасырда гильданың пайда болуы, тауарларға мемлекеттік бақылаудың күшеюі нәтижесінде, сарапшы кәсібі пайда болды.

Индустрияландырудың басталуымен, жаппай өңдірудің дамуымен, тауарларға белгі соғудың маңызы төмендейді және XVIII ғасырда заңмен қорғалған тауар белгісіне олардың трансформациялануы болады. Өнеркәсіп өндірісінің одан әрі дамуы ақпараттарды өңдеудің статистикалық әдістері негізінде сапаның сол заманғы қамтамасыз етілуімен оның одан әрі сапа белгісіне жаңартылуына ықпал етті.

Философиялық категория ретінде, объекті сапасы, негізінен, оның жекелеген қасиеттері ғана қамтымайды, оны толық қамти отырып, одан бөлінбейтін, тұтастай түрде объектімен байланысты болады. Сондықтанда сапа заттың, адамның, қоғамның болмысымен де байланысты.

Ауыз екі сөйлеу кезіндегі "сапа" сөзі жиі түрде қандай да бір затты сипаттау үшін пайдаланылады. Алайда, бұл категория одан мейлінше кең: біз тұтынатын өнімдер сапасынан бастап, біз өмір сүретін қоғам сапасына дейінгінің бәрін қамтиды.

Тарихи дамудың барлық кезеңі ішінде философтар әртүрлі кезеңдерде сапаға әртүрлі анықтама берді. Солардың ішінен мынадай анықтамаларды кездестіруге болады:

  • "Сапа — бұл мақсатқа жету үшін жарамдылық";
  • "Сапа - бұл пайдалану үшін жарамдылық";
  • "Сапа - бұл адам қажеттілігін қанағатандыруға тауардың қабілеттілігі";

Сапа - бұл өнімнің талаптарға сәйкестігі.

ИСО 8402 «Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету Сөздік» стандартында қазіргі талапқа неғұрлым сәкес келетін анықтамалар қабылданған: «Сапа» -белгіленген және болжанатын қажеттіліктерді қанағаттандырудағы оның қабілетіне жататын объектілер сипаттамаларының жиынтығы. «Объект» жеке сипатталған және қаралған, соның өзі.

Процесс – кіретін элементтерді шығатын элемент етіп қайта жасайтын (түрлендіретін) қызметтің өзара байланысты ресурстарының жиынтығы.

Әдістеме-қызметті жүзеге асырудың белгілінген тәсілі.

Өнім-қызметтер немесе процестер жиынтығы.

Ұйымдық құрылым-құрылым бойынша ұйым өзінің функциясын орындайтын міндеттеме, өкілеттік және өзара қарым-қатынас.

Жеткізуші- тұтынушыға өнім беретін ұйым.

Тұтынушы- жеткізуші беретін өнімдерді тұтынушы.

ИСО 9000 топтары сапасын басқару жөніндегі Халықаралық стандарттар.

 

Стандарт номері

Шыққан жылы

Атаулары

   

Негізгі нормалар

ISO 8402

1994

Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету. Сөздік.

ISO 9000-1

1994

Сапаға жалпы басшылық және сапаны басқару бойынша стандарттар. 1 бөлім. Таңдау және қолдану жөніндегі  басшылық нұсқау.

ISO 9001

1994

Сапа жүйесі. Жобалау, әзірлеу, өңдеу, монтаждау және қызмет көрсету кезінде сапаны қамтамасыз етуге арналған үлгі.

ISO 9002

1994

Сапа жүйесі. Өндіру, монтаждау  және қызмет көрсету кезінде сапаны қамтамасыз етуге арналған үлгі.

ISO 9003

1994

Сапа жүйесі. Түпкі  бақылау және сынау кезінде сапаны қамтамасыз етуге арналған үлгі.

ISO 9004-1

1994

Сапаға жалпы басшылық және сапа жүйесінің элементтері. 1бөлім. Басшылық нұсқау.


 

Сапа жүйесінің элементтері:

  1. Басшылық жауапкершілігі
  2. Саап жүйесі
  3. Контрактыларды талдау
  4. Жобалауды басқару
  5. Құжаттамалар мен ақпараттарды басқару
  6. Сатып алу
  7. Тұтынушыларға жеткізілетін өнімдерді бақылау
  8. Өнімдерді сәйкестендіру және бақылап отырушылық
  9. Процестерді басқару
  10. Бақылау және сынау
  11. Бақылау, өлшеу және сынау жабдықтарын тексеру
  12. Бақылау және сына мәртебесі
  13. Сәйкес келмейтін өнімдерді бақылау
  14. Түзетуші және сақтандырып ескертуші әрекет
  15. Түсіру-тиеу жұмыстары, сақтау, орау, консервация және жеткізу.
  16. Сапа туралы ақпараттарды басқару
  17. Сапаны іштей тексеру
  18. Оқыту (кадрлар даярлау)
  19. Техникалық қызмет көрсету
  20. Статистикалық әдістер

 

    1. ҚР-да сертификаттау негіздері

 

Сертификаттау латыншадан аударғанда «дұрыс жасалған» «деген ұғымды білдіреді. Ол үшін қандай талаптар қарастырылып отырғанын, сол талаптарға сәйкестігін бақылаудың түрін анықтап алу қажет. 
        Бақылаулар, негізінен сынақ зертханаларында іске асырылады.Берілген талаптарға сәйкестік дәрежесін жүйелі түрдегі тексеруді сәйкестік багасы деп атайды. 
        Сәйкестік бағасын «үшінші жақтың» сынақтан өткізуінің нәтижесі бойынша анықтайды. «Тасымалдаушы» (бірінші жақ) мен «сатып алушыларға» (екінші жақ) тәуелсіз қызмет орнын «үшінші жақ» деп атаймыз. 
Сәйкестік багасы сәйкестікке тексерумен, сэйкестікті қадағалаумен және сәйкестікпен қамтамасыз етулермен тығыз байланысты. 
       Сәйкестікке тексеру - өнімнің (процестің, қызметтің) қабылданған талаптарға дәлелдемелер бойынша сәйкестігін мақұлдау. 
       Сәйкестікті қадагалау - өнімнің (процестің, қызметтің) қабылданған талаптарға сәйкес жүмыс жасап жатқандығына көз жеткізудегі қайта бағалау. 
Сәйкестікпен камтамасыз етілу - өнімнің (процестің, қызмет-тің) берілген талаптармен қамтылуы жайлы мэлімделуі болып табылады. 
      Тасымалдаушының сәйкестік туралы мәліметі - өнімнің берілген талаптарға сәйкес келуі жайындағы жазбаша кепілдік беруі, яғни ол каталогте, пайдалану жайлы басшылықта, этикет түрлерінде болып келеді. 
        Сертификаттау туралы заң Қазақстан Республикасындағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (бұдан әрі қарай процестерді), сертификаттаудың кұқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауга қатысушылардың қүқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды. 
          Осы заңда төмендегідей үғымдар пайдаланылады: 
1)тіркеу - уәкілетті мемлекеттік органның сертификттау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы (орталығы) ретіндегі белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқылы екендігінің ресми тануы;  
2)тіркеу аттестаты - белгіленген қызмет саласында сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының (орталығының) нақты жұмыстарды орындауға деген құқығын куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне берілетін қүжат;  
3)аудит (сертификаттаудагы) - сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың (немесе) сынақ зертханаларының, орталықтарының қызметіне тәуелсіз талдау жасау, сондай-ақ өтініш» берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімдердің процестердің, жұмысы мен қызметінің белгіленген талапға сәйкестігін бақылау; 
4)Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі (мемлекеттік сертификаттау жүйесі) – өз құзірет шегінде сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасындағы сертификаттау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтыгы; 
5)сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ лабораторияларының (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылау— стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының және оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) нормативтік құжаттарды бұзу фактілерін анықтауға,жолын кесуге, жоюға бағытталған қызметі; 
6)сәйкестік туралы декларация - жеткізіп берушінің,дайындаушының, сатушының өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген нысанадағы құжаты; 
7)өтініш беруші - өнімді, процесті, жұмысты, қызмет көрсетуді, сертификаттауға ұсынған және оның сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беретін немесе заңды тұлға (дайындаушы, сатушы, атқарушы); 
8)сәйкестік белгісі — мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне сәйкес қолданылатын, осы өнімнің, процестің, жұмыстың қызмет көрсетудің нақгы стандартқа немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкес екендігін, қажет сенімнің қамтамасыз етілетінін көрсететін белгіленген тәртіппен қорланған белгі; 
9) инспекциялық бақылау - сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың тарапынан сертификатталған өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің белгіленген талаптарға сэйкестігіне бақылау жасау; 
10)өнімнің бірдейлігі-белгілі бір өнімді өндіру, оның айналасы, пайдаланылуы саласында айырым белгілері бойынша біркелкі танылуын қамтамасыз ететін рэсім;  
11)сынақ зертханасы (орталыгы) - өнімнің құжат талаптарына сәйкестілігін жүргізетін орталық; 
12)сертификаттау жөніндегі нормативтік кұжат — сертификаттау жөніндегі қызметтің алуан түрлеріне немесе оның нэтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, белгілейтін стандарттау туралы қүжат;  
13) өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетушіерді сертификаттау жөніндегі орган — мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген тәртіппен, белгілі бір қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тіркелген заңды түлға; 
14) мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімі — сәйкестік 
сертификаттарын, сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын (орталықтарын), сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды, сертификаттау саласындағы нормативтік қүжаттарды тіркеу есебінің құжаты; 15) сертификаттау - дайындаушы (сатушы, атқарушы) мен тұтынушыға сатып алушыға тәуелсіз мекеменің, өніміне, жұмысына қызмет көрсетудің нормативтік құжаттарының белгіленген талаптарға сәйкес жазбаша растауы; 
16) сертификаттау - өнімнің, процестің, қызметтің берілген талаптарға сәйкестігіне үшінші жақтың жазбаша түрде кепілдік беруі болып табылады; 
17) тауардың шыгу тегінің сертификаты - өнімнің шығарылған және куәландырылған қүжаты;  
18) сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудитор - белгілі бір қызмет саласында сертификаттау немесе тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аттестатталган маман. 
2.2. Сертификаттаудың мақсаты мен принциптер 
      Сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау. 
Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. 
       Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістін сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің (қызметтердің) сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз 
етеді.  
       Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдердің сапасын; сертификаттау үшін арнаулы білімі бар, білікті және тәжірибелі мамандар керек. Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестатталған сынақ зертханалары қажетті жабдықтармен, нормалық, анықтамалық, құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынақ барысында алынған нәтижелер, бірдей жағдайда зертханаларда сыналып алынған нәтижелер, бір-бірімен сәйкес болуы керек. 
        Аталған жүмыстарды жүргізу елімізде «Стандарттау және сертификаттау» мамандарына жүктелген. 
        Қазакстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі: 
- өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету 
- өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі; 
- сынақтың кәсіби түрде өтуі; 
- шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау; 
- өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауга қатысатыг адамдардың жауапкершілігі; 
- сертификаттау туралы ақпарат ашықтыгы немесе сәйкестік (белгісі) сертификатының уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат; 
- сертификаттау объектісінің ерекшелігін ескере отырып өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынак тәсілінің көптүрлілігі; 
- сертификаттау жүмысында ИСО (МЭК) аймактық ұйымдар,халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану; 
- Қазақстан Республикасы қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдердің сертификаттау органдарының аккредитациясын, аккредитацияланған сынақ зертханасының сертификаттарын және сәйкестік белгісін Қазақстан Республикасында тану; 
- ақпараттық коммерциялық құпиясын ашпау; 
- қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамын қатынастыру. 
         Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитенің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталды. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85%-дай болады, сондықтан сертификаттау жұмысының маңызы әрі қарай да өсе береді. 
          Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады. 
       Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару 
1.Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды Қазақстан 
Республикасының Үкіметі белгілеген стандарттау, метрология және 
сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 
2.Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік кұжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады. 
          Мемлекеттік сертификаттау жүйесін үйымдастыру 
1.Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық кұрылымын мыналар құрайды: стандарттау, метрология жэне сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган; өнімді, үрдістерді, жүмыстарды, қызмет корсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар; 
тіркелген сынақ зертханалары (орталықтары). 
2. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ зертхана орталықтарына қойылатыи талаптарды және оларды тіркеудің рәсімдерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді. 
        Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның сертификаттау саласындағы құқықтары мен міндеттері 
стандарттау, метрология жэне сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның міндеттері; мемлекеттік сертификаттау жүйесін құру және оның жұмысын ұйымдастыру; сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, сертификаттауды дамытудың алдағы жоспарларын әзірлеу; міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің (жұмыстардың тауарлар мен қызмет көрсетушілердің) тізбесін дайындау; 
мемлекеттік сертификаттау жүйесінде ұйымдарды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кұқығына және сертификаттау сынақтарына белгіленген жүйемен мемлекетгік сертификаттау тәртібі бойыншатіркеу;  
сарапшы-аудиторларды аттестаттау; сынақ зертхана орталыктарымен өнімді. процестерді,жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру; мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімін жүргізу; мемлекеттік сертификаттау жүйесінің сәйкестік сертификаттарымен белгілерінің нысандарын. оларды беру және қолданудың тәртібін белгілеу;сынақ зертхана орталықтары мен өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру туралы қабылдау; құзыретті ұйымдарға сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге бірақ рет рұқсат беру; егер басқа ұйымдар шығарған сертификаттау жөніндегі құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесінің талаптарына қайшы келсе, олардың күшін жою туралы нұсқаулар беру; 
сертификаттау ережелері мен рәсімдерінің бұзылуына кінәлі адамдарға зандарда белгіленген құқықтық ықпал ету шараларын қолдану.  
       Өнімді, процестерді, жұмыстарды, кызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар: 
1.Өнімді өндірушілерге, оны берушілер мен тұтынушыларға 
тәуелсіз (осы қызметтерді көрсететін және осы қызмет көрсетулерді 
тұтынатын жеке және заңды тұлғаларға тәуелсіз), өзінің құрылымында мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген талаптарға жауап беретін сынақ зертхана (орталықтары) бар барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар өнімді, үрдістерді, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар бола алады. Өнімді, процестерді, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс. 
         Сертификаттау жөніндегі органдардың филиалдары мен өкілдіктері, осы филиалдар мен өкілдіктер стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелген жағдайда сертификаттау жөніндегі жұмыстарды орындай алады. 
2.Өнімді, үрдістерді, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдарды тіркеу кезінде: 
-сертификаттаудың объектілерінің айқындалуы; 
-талаптарына сәйкес сертификаттау жүргізілетін нормативтік күжаттардың санаттары мен түрлерінің белгіленуі; 
тіркеу саласына енгізілген объектілерге сертификаттау жүргізудің ережелері мен рәсімдерінің реттелуі тиіс. 
       Сертификаттау органдарын тіркеу жөніндегі комиссия құрамына тәуелсіз ұйымдардың өкілдері кіруге тиіс. 
3. Өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар белгіленген тәртіппен мемлекеттік сертификаттау тізімінде тіркелуге тиіс. 
      Сынақ зертханалар: 
1. Сынақ зертханасының (орталықтары) заңды тұлға мәртебесі болады немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі бола алады. 
2. Сертификаттау мақсатында сынақтарды жүзеге асыратын ұйымдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.  
3. Заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын зертханаларда (орталықтарда) сертификаттық сынақтар жүргізілген кезде оларды жүргізуге сынақ лабораториясына (ортлығына) тапсырма берген сертификаттау жөніндегі орган өкілінің сынақтарға қатысуы қамтамасыз етілуге тиіс. 
      Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын зертхана (орталықтары) сертификаттық сынақтар жүргізілуі кезінде сертификаттау жөніндегі орган өкілінің қатысуы талап етілмейді.  
      Сәйкестік сертификаты 
      Өнімдер, үрдістер, жұмыстар, қызмет көрсетулер техникалық регламенттерге, стандарттарға немесе өзге де нормативтік құжаттарға метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгіленген үлгідегі сертификатты береді. Сәйкесітік сертификатты стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган, белгіленген тәртіп бойынша серфикаттаудың мемлекеттік жүйесі тізіміне тіркелуі тиіс.  
       Сәйкестік белгісі сертификатталған өнімді таңбалауға арналады. Сәйкестік белгілерін қолдану тәртібін стандарттау, метрология сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді. 
      Сертификаттаудың міндетті және ерікті түрлері белгіленеді. Міндетті сертификаттау дегеніміз —адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік қүжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында, міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне енгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау. 
      Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 
      Ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы бойынша өнімнің, үрдістердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды. 
       Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар 
1.Міндетті сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, 
қызмет көрсетулерді сәйкестік сертификаты жоқ болса өткізуге 
тыйым салынады. 
Міндетті сертификаттауға жататын Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген, өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жарнамалауға тыйым салынады. 
2.Міндетті сертификаттауға жататын импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарды мемлекеттік сертификаттау жүйесінде танылатын сертификаттың және сәйкестік белгісінің болуы көзделуге тиіс. 
Міндетті сертификаттауға жататын және бөлшек саудага арналған импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарда өнімге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты қоса беру көзделеді. Ақпараттар өнімнің, елдің және дайындаушы кәсіпорынның атауы, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, қолдану әдісі (егер аталған ақпараттың болуы) өнімнің осы түріне арналған нормативтік құжаттармен шектелсе ғана қамтылуға тиіс. 
       Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарга қойылатын талаптар 
1. Сертификаттау жөніндегі нормативтік қүжаттар белгілейтін талаптар ғылымның, техника мен технологияның қазіргі заманға сай жетістіктеріне негізделуі, халықаралық (аймақтық) стандарттардың талаптарына сәйкес келуі, өнімді пайдаланудың, үрдістерді, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындаудың шарттарын ескеруі тиіс. 
        Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары, халықаралық саудада қосымша кедергі келтірмеуге тиіс. 
Нормативтік құжаттарда регламенттелген сертификаттау ережелері мен рәсімдері отандық өнім үшін де, оның шығу тегіне қарамастан, бірдей болуға тиіс. 
      Сертификаттау саласындағы құжаттарды әзірлеу барысында олардың жобаларының мәтіндері, заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда, талқылау және мүдделі мемлекеттік басқару орындарының, жеке және заңды тұлғалардың ескертпелер мен ұсыныстар дайындауы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында немесе стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның арнаулы басылымдарында жарияланады. 
       Сертификаттау жөніндегі құжаттар жобаларына ескертпелер мен ұсыныстар дайындауды қарау тәртібі мен мерзімін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді. 
2. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін негіз ретінде халықаралық техникалық регламенттер мен стандарттар қолданылуы тиіс, бұған олардың адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейіне, елеулі технологиялық мәселелерге байланысты тиімсіз немесе жарамсыз болу жағдайлары кірмейді. 
3. Міндетті сертификаттауға жататын өнімге арналған нормативтік құжаттарда олар бойынша міндетті сертификаттауда жүзеге асырылатын талаптар, осы талаптарға сәйкестік бақылаудың әдістері, өнімді таңбалаудың ережелері, ілеспе құжаттамаға енгізілетін сертификаттау туралы ақпаратқа қойылатын талаптар болуы тиіс. 
      Сертификаттау саласындағы мемлекеттік бақылау және сертификатталған өнімдерге, үрдістерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге инспекциялық бақылау. 
      Сертификаттау ережелерінің сақталуын және сертификатталган өнімнің сапасын мемлекеттік түргыдан қадағалау. 
1. Сертификаттау ережелерінің сақталуына, сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган стандарттау және сертификаттау туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады. 
2. Сертификаттау ережелерінің сақталуына және сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалау барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар (шетелдік ұйымдарды қоса алғанда) мен жеке тұлғаларды әзірлеу, өндіру, беру, өткізу, айналыста (пайдалануда) болу, сақтау, тасымалдау, кәдеге жарату сатыларында жүзеге асырылады. 
Сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ зертхана (орталыгының) қызметін мемлекеттік тұргыда бақылау 
1. Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ зертхана (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган немесе оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелері заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 
2. Сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының (орталығының) қызметінде сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, оны алты ай мерзімге дейін тоқтата тұруга құқығы бар. Тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұрған себептер жойылганнан кейін, тіркеу аттестатын қайта қолдана бастайды. 
       Тіркеу аттестатының күшінде болу мерзімі ішінде нормативтік кұжаттар талаптарын қайталап бұзғаны анықталған жағдайда стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша сот тіркеу аттестатының күшін жоюы мүмкін. 
       Сертификаттау саласында мемлекеттік қадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары 
       Сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхана орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың; 
       Қызметтік куәліктері мен жұмыстарды жүргізуге арналған нұсқамаларды көрсеткен кезде сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасын мемлекеттік қадағалауға немесе сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхана (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауға кедергісіз қол жеткізуге; 
Жеке және заңды тұлғалардан сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалау және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхананың (орталықтарының) қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуга және алуға; 
       Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, жұмсалған үлгілердің құны мен сынақтар (талдаулар, өлшеулер) жүргізуге арналған шығындарды тексерілетін объектілер өндірісінің шығысына жатқыза отырып, өнімнің сәйкестігін бақылау үшін оның сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізуге; 
        Стандарттау және сертификаттау туралы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғаларға заңдармен белгіленген құқықты ықпал ету шараларын қолдануға құқығы бар. 
        Сертификатталган өнімді, үрдістерді, жұмыстардыц және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылау. 
        Сертификатталған өнімдерді, үрдістерді, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылауды сертификаттау жөнін нормативтік құжаттарды белгіленген тәртіппен сертификат жөніндегі органдар жүргізеді. 
Сертификаттау туралы заңдарды бұзганы үшін жауаптылық жеке және заңды тұлғалар, барлық меншік нысанындағы үйымдардың лауазымды адамдарды сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдарға сәйкес жауапты болады. 
       Сертификаттаудың маңызды мәселелері, өнімдерді сертификаттау 
Өнімдерді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау (импорттық өнімдерге де) бекітілген. 
        Біртекті өнімдерді өзіндік ерекшеліктері бойынша сертификаттау жүйесі келісімді тәртібін жасайды. 
         Тәртіп, өнім сипаты таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша, сертификатталған өнім нормалық құжаттың қандай талаптарына сай келуін, сертификаттау жұмысы қандай кезекпен жүргізілуін және оның маңызын анықтайды. 
         Сертификаттау тәртібі ИСО/МЭК нұсқауларының жалпы принциптеріне сай болуы керек. 
         Сертификатталатын кезінде тексерілетін тауардың сипаты (параметрлері) мына нышандарға қарай таңдап алынады: 
-өнімнің бірдейлігін анықтау мүмкіндігі (белгілі-бір өндіріс партиясына жатады); 
-тапсырылған өнімнің техникалық күжатына сэйкестігі; 
-алынған параметрлер қауіпсіздік нормасын, экологиялық өнімге нормалық құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес толық және шын анықталуы; 
заң актілеріне сәйкес, міндетті сертификаттауда, басқа талаптарды көрсететін қажетті параметрлерді анықтау. 
       Сертификаттау құрылымын таңдап алғанда өнімді өндірген өндірістің, сынақтың, тапсырудың, нақты өнімнің пайдасының ерекшеліктері еске алынады. Сертификаттау құрылымы Мемлекеттік стандартпен немесе өкілетті сертификаттау органдарымен анықталады. 
        Өз еркімен сертификаттауда өтініш беруші сертификаттау кұрылымын таңдап алып сертификаттау органына ұсынады. 
        Өнімді сертификаттау тәртібі 
1. Сертификаттауга өтініш беру. Өтініш беруші өтінішін сертификаттау органына, ол жоқ болса ҚР Мемстандарт комитетіне береді. Сертификаттау органы өтінішті қарап, өтініш берушіге сертификаттауды қандай орган жүргізетінін хабарлайды. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер беріледі. 
2. Үлгі алу, бірдейлігін анықтау және сынақ жүргізу. Сынақ үлгісін аттестатталған сынақ зертханасы немесе сертификаттау органдарының өкілетті мекемелері жүргізеді. Сынақтан өткен үлгі сертификаттау жүйесінің нақты өнімге тарайтын ережесі бойынша сақталады. 
3. Өндірісті багалау. Таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша өндірістің жағдайы немесе сапа жүйесінің сертификаты талданады. Өндірісті бағалау тәсілі сәйкестік сертификатында көрсетіледі. 
4. Сәйкестік сертификатын беру. Өнімнің сапасы жөніндегі сынақ хаттамасы, өндірісті бағалау нәтижесі және басқа құжаттар сертификаттау органында талданылып, өнімге қойылатын талаптарға сәйкес немесе сәйкес емес екендігі туралы тұжырым жасалады. Бағалау нәтижесі жөнінде эксперттің қорытындысы жасалып, оң шешім болганда сертификаттау органы сәйкестік сертификатын береді. Өнімге қауіпсіздігі жөнінде арнаулы талаптар (санитарлық, ветеринарлық т.б.) қойылатын болса, сертификат тек қана арнаулы сертификаты (гигиеналық, ветеринарлық, фитосанитарлық т.б.) болса ғана беріледі. 
Сертификаттың пайдалану мерзімін сертификаттау органы бекітеді, бірақ 3 жылдан көп болмауы керек. 
5. Сәйкестік белгісін пайдалану. Дайындаушы сертификаттау органынан лицензия алып, сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен белгілеу кұқын алады. 
6. Инспекциялық бақылау. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау сертификат мерзімінің ішінде жүргізіледі, бірақ жылына 1 мәртеден аз болмауы керек. 
1 - құрылым - аккредитацияланған зертханада типтік үлгілі тауар партиясын ғана сынайды. Бүл күрделі конструкциялы өнімдерге тарайды. 
2 - құрылым - аккредитацияланған зертханада сату орнындағы, сатылатын өнімнен (тауарды) алынган үлгіні сынақтан өткізеді. 
3 - құрылым - дайындау орнындағы дайын өнімді сақтау қоймасынан алынған үлгіні сынау зертханасында сынайды. 
4 - құрылым - типтік үлгіні сынау үшін дайындау орнынан да сату орнынан да алады. 
5 -құрылым - типтік үлгіні сынау, өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау. Инспекциялық бақылаудың сертификатталған сапа жуйесін (өндірісті), сатушыдан, дайындаушыдан алынған үлгіні сынаумен бірге жүргізеді. 
6 -құрылым - сертификаттау органына өтініш декларация беріліп сәйкестік белгісіне лицензия алады. Бұл құрылым өндірістегі сапа көрсеткішін сертификаттау үшін жасалады. 
7 - құрылым - тауар партиясын сынау үшін қолданады. 
8 - құрылым - әрбір өнімді сынауды өткізуді қамтиды. 
9-10 құрылымдар - дайындаушының өтініш-декларациясы бойынша инспекциялық бақылау жүргізеді.  
Құрылымды пайдалану: 
1 - құрылым - отандық азғантай мөлшердегі шығарылған өнімдерге және аз мерзімге шығарылған импорттық тауарларға арналады. 
2 - құрылым - ұзақ мерзімге қойылатын импорттық өнімдерге арналады. 
3 -құрылым - сертификатталғаннан кейінгі ұзақ мерзімде бірқалыпты жағдайдағы өнім сапасына арналады. 
4 -құрылым — инспекциялық бақылауды өткізу, міндетті жағдайда пайдаланылады. 
5-6құрылым - өндірілетін өнім қоспасына қатаң талап қойғанда пайдаланылады. 
7-8 құрылымдар — бір рет қойылатын өнімдерге арналады. 
9-10 құрылымдар - кіші кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлерге жарамды. 

       Қызмет етуді сертификаттау 
       Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына (әрі қарай ДСУ) кіруге әзірлік жасап жатыр. Осы ұйымның қызмет саудасының Бас келісіміне (ҚСБК) қол қойған ел, техникалық кедергілер, инвестицияның бір елден бір елге еркін жүруіне кедергі жасамайды. Бас келісім бағалы қағаздар, көлік түрлері, телекоммуникация, құрылыс, банк жүйесі, туризм, білім, медициналық қызметтер т.б. қызмет ету түрлерін қамтиды. Бас келісімге қол қойған ел, қатысушы елдерге өз рыногында ең қолайлы жағдайлар жасауға тиіс, оның ішінде, сауда тарифын төмендеті, реттеу мәселелерінің анықтығы т.с.с. Қызмет етуді сертификаттау, көрсетілетін жұмыска нақты стандарт талабы болуын қажет етеді. Республикада қалыптасқан тұрмыстық қызмет етудің ішінде-шаштараз, монша, тұрмыстық радиоэлектроника, электр аппараттары, бас киім, сәнді бұйымдар тігу, автокөлік жөндеу, химиялық тазарту, кір жуу, аяк киім тігу және жөндеу, үйді жөндеу т.с. кең тараған. Нарықтык экономикага көшкелі халықаралық туризм және қонақ үй қызмет ету жұмысы да кең тарап келе жатыр. 
        Аталған қызмет көрсету жұмысы сертификаттауды талап етеді. 
Қызмет етудің қауіпсіздігіне байланысты басты міндеті бірнеше сатыларға бөлінеді. Осы көрсеткіштерге қарай сертификаттау құрылымы да өзгеріп отырады. Мысалы, шаштараз қызмет ету жұмысында әртүрлі пайдаланатын химикаттар т.б. заттар адам өміріне қауіпсіз болуы керек. Осындай көрсеткіштер автокөлік, киім тазарту т.с.с. қызмет етуде де орындалуы қажет. 
       Қазақстан Республикасында қызмет етуді сертификаттау автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және өңдеу (ҚР Е 3.24-94), химиялық тазарту мен бояу, туристік, қонақ үй қызмет ету, жолаушыларды автокөлікпен тасымалдауды сертификаттау жаңа калылтасып келеді. 
       Қызмет етуді сертификаттау жүйесінің принципі, өнімдерді сертификаттау жүйесімен бірдей (міндеттілігі жэне өз еркімен, үшіші жақтың қатынасуы, сертификаттау органын аккредитациялау, сәйкестік сертификатын беру т.б.). Сонымен қатар қызмет етуді сертификаттаудың өзіндік ерекшелігі де бар, қызмет ету барысында орындаушы мен тұтынушының қарым-қатынасы, түтынушыға көрсетілген қызметтік әсері, уақыты, сапасы т.б. 
       Қызмет ету жұмысын салыстырмалы түрде материалды емес (қасиетінің өзгеруі, жасауы, т.б.) және моральдық-психологиялык рухына әсер ету деп бөлуге болады. 
         Қызмет етуді сертификаттау құрылымына мына жұмыстарды қосуға болады: 
- материалдық қызмет етудің нәтижесін тексеру; 
- көрсетілген қызметтің сапа жүйесін сертификаттау; 
- қызмет ететін жұмыскерді аттестациялау; 
- қызмет ету технология тәсілін аттестаттау; 
- қызмет көрсететін кәсіпорындарды сертификаттау; 
- инспекциялық бақылау. 
         Қызмет етуді сертификаттау құрылымы негізінен орындаушының шеберлігін, көрсетілген қызмет етудің үрдісін, кәсіпорынды аттестациялау, сапа жүйесін сертификаттау, қызмет етудің нәтижесін қалауынша тексеруден тұратындай етіп алуға болады. Ал, инспекциялық бақылауды қызмет ету нәтижесін бағалау, технологиялық бағалау, үрдістің тұрақтылығын тексеру арқылы жүргізуге болады, ол көрсетілетін қызметке байланысты таңдап алынады. 
       Қызмет етудің материалдық түрін сертификаттағанда орындаушының кәсіптік деңгейін аттестациялау (шағын кәсіпорындар және кәсіпкерлерді) қызмет ету үрдісін аттестациялау, сапа жүйесін сертификаттау және осы аталған көрсеткіштерді инспекциялық бақылау арқылы жүргізіледі. 
Қызмет көрсетуді сертификаттау үшін халықаралық, регионалдық және ұлттық стандарттардың талаптарын пайдаланады. 
Қазақстан Республикасында қызмет етуді сертификаттауды мемлекет деңгейінде заң, ережелер, негіз болатын стандарттар, классификатор пайдаланылады. ҚР СТ-ы кәсіпорын деңгейінде нақты қызмет ету түріне техникалық шарт, фирма, кәсіпорын стандарттары, конструкторлық, технологиялық құжаттар рецептер және мөлшерлеуіш құжаттары пайдаланылады. 
         Міндетті сертификаттауда пайдаланылатын құжаттарда адамның денсаулығы мен өміріне қауіпсіздік нормасы, экологиялық параметрлері, қызмет ету тәсілі, технологиялық үрдістің орындалу, орындаушының шеберлігін, сапа жүйесін қамтамасыз ету тәсілдерінің талаптары көрсетілуі тиіс.

Информация о работе Өнім стандартизациясының және сертификациясының теориялық аспектілері