Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.

Содержание

КІРІСПЕ

1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ
1.1
Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен маңызы
1.2
Қылмыстық істі қысқарту негіздері мен жіктелуі, тәртібі

2
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
2.2
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту

3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қылмыстық істі қысқарту .doc

— 596.50 Кб (Скачать документ)

Осылайша келтірілген дәйектерге егер ақтау немесе зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылмаса не адам қабылданған шешiмге келiспесе, ол азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа шағымдануға құқылы деп көрсетлген ҚР ҚІЖК 47-бабының ережелерін келтірсе болады.

Сондай-ақ зиянды өтеу жәбірленушімен азаматтық талап қойылған кездегі  қылмыстық іс бойынша өндірісте  де орын алады. Осы жағдайда зиянды өтеу институты ақтау институтынан тәуелсіз, себебі бұл жерде оның қатысы жоқ.

Бұл жердегі ең басты сәт ретінде, өз кезегінде, қылмыстық процесте және азаматтық сот өндірісі тәртібімен де зиянды өтеу құқығын жүзеге асыруға  негіз болатын ақтау фактісін алуға болады.

Осыған байланысты С.Бачурин, ақтау  ‒ сотпен, тергеушімен, анықтау органымен, прокурормен заңмен көзделген тәртіпте тұлғаның кінәсіздігін ресми танумен және оған мемлекетпен ҚР заңнамасымен көзделген құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік берумен қорытындылатын қылмыстық процестің дербес институты [30,45 б.].

Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу ақталған тұлға немесе ол қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлері қылмыстық  процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген материалды зиянды өтеу мен моральдық зардаптардың орнын толтыруға құқылы болатын дербес институт болып табылады.

Сонымен жоғарыда аталғандарды қорытындылай отырып, ҚР қылмыстық-процессуалды заңнамасында ақталушы тұлғаның ұғымын қарастырып, және оны ҚР ҚІЖК-нің 7-бабына енгізу керек деп санаймыз.

Ақталған тұлға ‒ оған қатысты  қылмыстық ізге түсу органдарымен немесе сотпен ҚР ҚІЖК-нің 39-бабы 1-бөлігінде  көзделген ақтамайтын негіздер бойынша  қылмыстық іс қысқартылған және ҚР ҚІЖК 42-бабына сәйкес материалды зиянды өтеу мен моральды зардаптын орның толтыру, сондай-ақ ҚР ҚІЖК 41-бабындағы өзге де зиян түрлерін өтеуге құқығы түсіндірілген тұлға.

Сонымен қатар толық ақтау және ішінара ақтау ұғымдарына қарастыра  кету артық болмайды. Себебі қылмыстық  процесс теориясында толық және ішінара ақтау ұғымдары туралы, көбінесе таралған екі пікір бар. Бір авторлар ақтау тек толық болады деп санаса, екінші бір авторлар ақтау ішінара да болады деп тұжырым жасайды.

Біздің ойымызша да екінші пікір  ақылға қонымды. Мысалға, кінәлі тұлғаны  алғашында жауапқа тартылғанға қарағанда ҚР ҚК-ндегі ауырлығы төменірек қылмысы үшін соттаған кезде, осы адамның қылмысты жазаланатын әрекетті жасағаны жоққа шығарылмайды. Бұл жерде, әрине толық ақтау туралы сөз болмайды да. Тек аталған тұлғаның бірінші айыптау бойынша толығымен ақталмағанын атап өту керек. Яғни азамат ішінара ғана ақтала алады. Егер айыптау түгелімен теріске шығарылып немесе ҚР ҚІЖК-нің 39-бабы 1-бөлігіне сәйкес ақтау үкімі шығарылған кезде толық ақтау орын алады.

Сонымен қатар заң шығарушы аталған  ережені ҚР ҚІЖК 40-бабы 2-бөлігіне бекітіп қойды. Осылайша Қазақстанда аталған  мәселе түпкілікті түрде шешілген. Бірақ осы ережеден өзге проблема шығып отыр. ҚР ҚІЖК 40-бабы 1-бөлігінде көзделген тұлғалар келтірген зиянды толық көлемде өтеттіріп алуға құқығы бар. Сонымен қатар осы баптың 2-бөлігінде аталған тұлғалар да зиянды өтеттіруге құқылы. Бірақ бұл жерде қандай көлемде зиянды өтеттіріп алатыны ескертілмеген.

Заң шығарушы зиянды өтеп алуға құқылы адамдарды жайдан-жай екі топқа  бөліп отырған жоқ. Біздің ойымызша, мұндай бөлініс тұлғаларға өтелетін зиян көлеміне байланысты болып отыр.

Сөйтіп ҚР ҚІЖК 40-бабы 1, 2-бөлігі мәтіндері  бойынша, 1-бөлікте аталған тұлғалар толық ақтауға жатады, ал 2-бөліктегі  тұлғалар орын алатын салдарларға тәуелді  ішінара ақтауға жатады.

Аталған проблеманың маңызды мәнге  ие, ішінара ақтаумен байланысты  қылмыстық істерді оқып зерттеу  кезінде анықталған жайт, ақталған азаматқа зиянды өтеу туралы сұрақ  не соттық, не тергеулік тәжірибеде қойылмаған.

Осылайша зиянды өтеу құқығына тағылған айыптау бойынша толықтай ақталған тұлғалар ғана ие болады. Осы сұрақтар бойынша ғылыми ізденістер жүргізілді, онда ақталған адамның ҚР ҚІЖК-нің  40-бабы  2-бөлігі бойынша зиянды өтеуді талап ету құқығының бар екені көрсетіледі, сонымен аталған проблемаға көңіл аударылмай, керісінше бле тұра заңсыз үкімдер шығару сұрақтарына аударылып тұр.

Жалпылай келе қылмыстық процесс  теориясы мен тәжірибесінде ақтау  мен зиянды өтеу институттарын әрі  қарай дамыту қажеттілігін атап өтуге  болады. Олар ақталуға жататын адамның материалдық, моральдық және өзге де зияндарын өтеттіріп алу құқығының іске асрылуына ықпал етеді. Осылайша мемлекет ақталған адам алдында жіберілген тергеулік және соттық қателіктерді мойындау ниетін көрсетеді. Сондай-ақ толық және ішінара ақталуға жататын тұлғаларға қаншалықты көлемде зиянды өтеу мәселелері де маңызды. 

Қылмыстық процестегі ақталған тұлғаларға моральды зиянның орнын толтыруда, оның  ақшалай көлемін анықтау  мәселесіне тоқтап өтсек. Қазіргі уақытта  егеменді Қазақстанда қылмыстық-процессуалды ғылымның дамуы барысында ақталғандарға қатысты моральдық зиянның орнын толтыру проблемасын қарастыруда, моральды зиянның орнын толтырудағы оның ақшалай нысандағы көлемін анықтау туралы сұрақтар талас тудырып отыр. Қылмыстық процесте қылмыспен келтірілген моральдық зиянның орнын толтыру туралы сұрақ қоюдың өзі, ең болмаса оның ақшалай нысанда орын алуының мүмкін еместігіне байланысты аталған сұрақты қарастыру мүмкін болмайтын жағдай деген көзқарастар бар [30,47 б.]. Алайда осы мәселемен айналысатын көптеген ғалымдар бұған қарама-қарсы пікірде. Ол моральдық зиянның орнын толтыру мүмкін болып қана қоймай, ақтау және зиянды өтеу институттарымен көзделген өзге де шаралармен бірге қарастырылуы керек. С.Бачурин мен Н.Бачурин осы пікірді қолдап және ақтау ‒ азаматтардың бұзылғанға дейінгі құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешенін қосатын қылмыстық процесс институты деп көрсеткен. Мемлекеттің осы қызметінің маңызды элементі ақшалай нысанда моральдық зиянның орнын толтыру болып табылады [31,24 б.]

Сөйтіп моральдық зиянның ақшалай  нысанда орнын толтыру көлемі заңнамада оннан мыңға дейінгі  айлық есептік көрсеткіш шамасында  бекітілуі қажет. Бұл пікір мынадай  дәйектермен негізделеді. Біріншіден, орнын толтырудың төменгі шегі мемлекеттің  ақталған азаматқа қатысты қолданылған қылмыстық жазаның, не қылмыстық-процессуалды мәжбүрлеу шараларының қате қолданылуын мойындау фактісі ретінде қарастырылып, ақталған адамның бұзылған құқықтарын ақшалай нысанда лайықты өтеу құқығын жүзеге асырады. Яғни туындаған салдарларға тәуелсіз кез-келген ақталған адамға орнын толтырудың минимальді көлемі заңнамамен кепілденуі қажет. Екіншіден, аталғандай мың айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі орнын толтырудың ең жоғары шегі заңнамамен мұндай орнын толтырудың шегі бекітілуі қажет екендігімен негізделеді, керісінше жағдайларда әрекеттегі заңнамаға сәйкес бұл сұрақ судьялармен жеке қарастырылып, әсіресе үлкен сомаға талап өтініш берілген кезде, аталған зиянның көлемін анықтау тәжірибесінің бейберекет құрылуына әкеліп соғады.

Сондай-ақ мұндай төлемдер (ақталғандармен ұсынылған) мемлекет бюджеті үшін шамадан тыс шығынға алып келеді. Демек заң шығарушымен ақталғандарға төленетін нақты сомалар орнатылуы керек [31,26 б.].

Моральдық зиянның ақшалай өтемақысының максимальді көлемін мың айлық есептік көрсеткіш шамасында айқындаған жөн деп санаймыз. Заң шығарушының моральдық зиянның ақшалай өтемақысы туралы сұрақты шешу барысында осындай көлемді анықтауды судьяға беріп қоюындағы позициясы да белгілі бір дәрежеде дұрыс. Шынында да, әрбір нақты жағдайда істің барлық мән-жайларын ескере отырып, судья келтірілген моральдық зиян үшін төленетін өтемақының белгілі бір сомасын тағайындай алады. Сондай-ақ бұл орын алуының өзі сот тәжірибесінде проблемалы болып келетін, ақталған адамды көп қиындық келтіретін процесс, яғни ақшалай нысандағы моральдық зиян сомасын дәлелдеу процесінен босатады. Осыған байланысты әрі қарай судьялар үшін объективті критерийлерді белгілеп алған жөн. Ақталғандардың біртекті азаматтық талпа қоблары бойынша сомаларды төлеу айырмашылығы қатып қалған қағидалы мәнге ие болмауы керек, себебі кез-келген жағдайда моральдық зиян өтемақысының көлемін айқындау мүмкін емес. Әрбір жеке жағдайларда судья өзінің  белгілі бір соманы төлеу туралы шешімін дәлелдеуі, ақталған адаммен ұсынылған барлық дәлелдемелерді жетекшілікке алуы керек болады. Ал жоғарыда біз ұсынып кеткен әдісте судьялардың шыныменде келтірілген моральдық зиянның ақшалай нысандағы өтемақысы сомасын дәл анықтауға мүмкіндігі болады. Егер талап қоюшы өтемақы сомасымен келіспесе, ол 2001 жылғы 21 маусымдағы ҚР Жоғары Сотының «Моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы соттармен қолдану туралы» №3 нормативтік қаулысының 6 тармағына сәйкес ішінара қанағаттандырылған өтемақы сомасын апелляциялық немесе қадағалау тәртібінде қайта қарауды талап етуге құқылы. Заңсыз ұстау немесе қамау, заңсыз соттау, арнайы медициналық мекемеге заңсыз орналастыру жағдайларында адамның уақытша ұстау изоляторына, тергеу изоляторына, түзеу мекемелеріне, арнайы медициналық мекемелерге келген күнінен бастап назарға алынған төлем сомаларын бекіту қажет делінетін пікір бір топ ғалымдармен әлі де зерттеліп жатыр. Біріншіден, аталған тәжірибе бірқатар европа елдерінде, соның ішінде Германияда орын алған. Бірақ мұндай рецепция сұрағы бұл тәжірибенің қазақстандық заңнамаға бейімделуі мен оның жағымды, жағымсыз жақтарын есепке алуды қажет етеді. Сонымен қатар аталған елдердегі заңнама құрылымы мен эжкономикалық жағдайлардың түрлі екені ескерілуі керек.

Сонымен бірге келтірілген моральдық  зиянның ақшалай нысаны өтемақысының сомасын анықтау азаматтарды ақтау кезінде басым рөлге ие болмауы да керек. Себебі моральдық зиян келтірген кезде өте маңызды болып табылатын жайт, ол қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекетімен келтірілген зиян үшін ресми кешірім жасауы (ақталған адамның тұрғылықты жері, жұмыс орны, оқу орны бойынша ресми түрдегі хат және қабылданған шешім жайлы жергілікті газет-журанлдарда кешірім мәтінін жариялау арқылы, не радио, теледидар және өзге де ақпарат құралдары көмегімен азаматтарды хабардар ету), осындай зиян келтірген тұлғаның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мұндай норма ҚР ҚІЖК 44-бабы 1-бөлігінде бекітілген. «Ақша ауырлығы тіптен бағалауға жатпайтын субъективті қасірет шегудің орнын толтыра алмайды, бірақ ол моральды қанағаттандыру ретінде маңызды...» деп П.И.Люблинскиймен айтылған сөздер моральдық зиянның ақшалай нысандағы дәл көлемін анықтаудың мүмкін еместігі, тек оның ішінара материалды өтемақысы туралы айтуға болатыны жөніндегі ойларды қуаттайды [34].

Егер ақтау институты жайла  сөз қозғайтын болсақ, онда қазіргі ҚР қылмыстық-процессуалдық ғылымының даму сатысында құқықтық мемлекет орнатудағы басты көрсеткіш болып  ақталған тұлғаларға келтірілген зиянды өтеуді реттейтін құқықтың нормаларын жүзеге асыру деңгейі табылады. Ақтаудың мақсаты адамға белгілі бір ақша сомасы төленіп, ресми кешірім білдіріліп және бұрынғы құқықтарын қайтадан қалпына келген кезде ғана орындалған болып саналады [35]. 

Жалпы ақтау негіздерімен қылмыстық  іс қысқартылған жағдайда сол тұлғаға  келтірілген зиян өтелуге жататыны белгілі. Бірақ заңға сәйкес ақтау үкімі шығарылып, сондай-ақ ақтайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған тұлғаға келтірілген зиянды өтеуден бас тартатын жағдай ‒ ерікті түрде өз-өзіне жала жабу болып табылады. Бұл ҚР ҚІЖК-нің 40-бабы 1-бөлігінде көзделген: егер анықтау, алдын ала тергеу және сот талқылауы процесiнде ерiктi түрде өзiне өзi жала жабу жолымен ақиқатты ашуға кедергi келтiргендiгi және сол арқылы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген зардаптардың пайда болуына жағдай жасағандығы дәлелденген адамға зиянның өтелуi тиiс емес [33,29 б.].

Ерікті түрде өзіне өзі жала жабу ‒ бұл сезіктінің, не айыпталушының, сотталушының  анықтау органдарын, тергеушіні, прокурор мен сотты шын  мәнінде өзі жасамаған қылмысты жасағандығына сендіру мақсатында әдейі, біле тұра берген жалған жауабы.

Ерікті түрде өзіне өзі жала жабудың әдеттегі мысалдарына өзінің ұлын, не аға-інісін қылмыстық жауаптылықтан  алып қалу үшін, қылмысты өз мойнына  алған азаматтық бергетін айғақтары  және ол белгілі бір кезеңге дейін сол жауаптарын өзгертпейді.

Азаматтың мүліктік талаптарын қанағаттандырудан  бас тартуға әкеп соғатын ерікті түрде өзіне өзі жала жабу қасақана жасалған емес, мәжбүрлі түрде орын алуы керек және ол осы азаматтан  жауап алу хаттамасында көрсетілуі тиіс.  Сондықтанда зиянды өтеуді болдырмайтын ерікті түрде өзіне өзі жала жабу деп  тек сезіктінің, айыпталушының, сотталушының белгілі бір критерийлерге сәйкес келетін өтініштерін немесе айғақтарын атауға болады. Әсіресе бұл қылмыстық процесті жүргізуші органның не соттың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мүмкін болатын кесірлі салдарлар жәбірленуші үшін өте маңызды болатын қылмыстық процесте елеулі мәнге ие.

Тұлға өзінің өтінішінің немесе айғақтарының жалған екенін толығымен  сезіне отырып, қасақана беруі керек. Тұлғаның ешқандай абайсыздығы, соның ішінде өрескел абайсыздығы немесе оның адал ниетті жаңылысуы оның зиянды өтеу құқығынан айыра алмайды.

Өзіне қарсы  өтінішті немесе айғақты тұлға өз еркімен беруі керек.  1999 жылғы 9 шілдедегі ҚР Жоғары Соты Пленумының «Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу бойынша заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» қаулысында «іс бойынша сезіктінің, айыпталушының, сотталушының өзіне өзі жала жабуына әкеліп соққан тыйым салынған тергеу әдістері, не өзге де заң бұзушылықтар анықталған жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен немесе заңсыз соттаумен тұлғаға келтірілген зиян қанағаттандырылуға жатады» деп тікелей көрсетілген [36]. Бұл тек қана азаматқа тергеумен жасалған қысым, қорқыту, бопсалау және т.б. жағдайларда өзіне өзі жала жапқаны үшін келтірілген зиянды өтеуді қанағаттандырумен қатар, тергеушінің қате әрекеттерінен немесе дәлелдемелерді бұрмалауынан арандатуға ұшыраған тұлғаның өзіне қарсы өзге де айғақтарды (бұл да өзіне өзі жала жабу болып табылады) беруі де зиянды өтеуге кедергі болмайтынын айқындап тұр. Мысалға, сезікті (айыпталушы) УҰИ-ға (уақытша ұстау изоляторына) қамалғаннан кейін, яғни онымен жүргізілген «сәйкес жұмыстардың» нәтижесінде тергеушінің тергеулік болжамының бағытында өз еркімен мойындайтын айғақ береді. Немесе тергеушімен бұрмаланған сараптама қорытындысы әсерінен азаматта психикалық шектен шығуы орын алып, ол өзі жасамаған қылмысты жасадым деп мойындай салады.

Сонымен қатар  тәжірибеде өзіне өзі жала жабудың еріктілігін орнату елеулі қиындықтарды тудырып отыр. Қазіргі таңда сот залында сотталушы алдын ала тергеу кезінде берген мойындау айғақтарынан толығымен бас тартатын жағдайлары көптеп кездесіп жатады. Көп жағдайларда мұндай бас тартулар оның психикалық және физикалық қысым көрсетуі, сондай-ақ оның өзіне және оның туыстарына қорқыту, зорлық әрекеттерін қолодану жағдайында айғақ бергенімен түсіндіріліп жатады. Ал алдын ала тергеу мен анықтау органдары, өз кезегінде мұны жоққа шығарады [33,30 б.]

Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі