Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.

Содержание

КІРІСПЕ

1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ
1.1
Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен маңызы
1.2
Қылмыстық істі қысқарту негіздері мен жіктелуі, тәртібі

2
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
2.2
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту

3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қылмыстық істі қысқарту .doc

— 596.50 Кб (Скачать документ)

Қарар ҚР ҚІЖК-нің тиісті баптарын көрсетумен шешім қабылдаудың негіздерін, қабылданған мерзімін, прокурордың  аты-жөні, лауазымы туралы мәліметтерді, қол қою мерзімін қамтиды. Қылмыстық  іс немесе бас тарту материалы бойынша тұлғаны тәртіптік немесе әкімшілік жауаптылыққа тартуға, сондай-ақ мемлекеттің материалды мүддесін қорғау үшін нақты негіздер орын алған түпкілікті шешіммен прокурордың келісуі жағдайында, процессуалды шешім көшірмелері прокуратураның өзге де бөлімшелеріне тиісті шараларды қолдану үшін жіберіледі. Жоғары тұрған прокуратураның жазбаша сұрау салуы кезінде бас тарту материалдары немесе қылмыстық іс аудан, қала, облыс және оғн теңестірілген прокурорлардың қолдарымен, қабылданған процессуалды шешімге деген олардың позициясы көрсетіле отырып ілеспе хат арқылы жолданады. Тергеу мен анықтау органдарының қылмыстық істі қысқарту және ақтамайтын негіздермен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешімдерінң заңдылығын тексеру кезінде тұлғаның кінәлілігі жайлы дәлелдемелер қатыстылығы мен жол берушілігі тұрғысында бағаланады. Егер күмән туындаған жағдайында тараптардың татуласуы, рақымшылық актісін қолдануға және өзге де ақтамайтын негіздерге қатысты келісім болу фактілерінің дұрыстығына тексеру жүргізіледі. Анықталған заң бұзушылықтар анықтау мен тергеудің заңсыз шешімдерінен бас  тарту арқылы, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың әрекеттерін негізсіздеп танумен қатар олардың жауаптылығы туралы мәселені алға қою арқылы  жойылады. Қажет болған жағдайда тексеру жүргізуші прокурормен тәртіптік өндіріс пен ұсыныс енгізілген ведомствоның талқылауына қатысу жүргізіледі. Қылмыстық ізге түсу органдарының орталық аппаратына енгізілетін прокурорлық қадағалау актілері Департамент арқылы, облыстық аппаратқа облыс және оған теңестірілген прокурорлар арқылы жолданады. 

Қысқарған іс бойынша қайтадан іс жүргізу ескіру мерзімі өтпеген  жағдайда ғана болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ

 

2.1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ АҚТАЙТЫН НЕГІЗДЕР БОЙЫНША ҚЫСҚАРТУ

 

ҚР ҚІЖК-нің 39-бабына сәйкес аталған  кодекстің 37-бабының 1, 2, 5, 7 және 8 тармақтары тәртібімен қылмыстық істі қысқарту негіздері ақтайтын негіздер болып  табылады. Яғни қылмыс оқиғасының болмауы, қылмыс құрамының болмауы, жеке және жеке-жариялы айыптау істері бойынша жәбірленуші арызының болмауы, өзi туралы белгiлi бiр айыптау бойынша соттың заңды күшiне енген үкiмi не қылмыстық iзге түсудiң мүмкiн еместiгiн белгiлейтiн соттың күшiн жоймаған қаулысы бар адамға қатысты, белгiлi бiр айыптау бойынша қылмыстық iзге түсу органының қылмыстық iзге түсуден бас тарту туралы күшiн жоймаған қаулысы бар адамға қатысты мән-жайлар [2]. 

Сонымен ақтайтын негіздермен қылмыстық істі қысқарту деп қарастыру себебін қарастырсақ. Қылмыстық істі ақтайтын негізде қысқарту қандай да бір тұлғаға қатысты қылмыстық процесті жалғастырудан оң негіздемелерге байланысты мемлекеттің өкілетті органдар мен лауазымды адамдар атынан бас тартуы. Жоғарыда аталған негіздердің кез келгенібар болған жағдайда адам кінәсіздеп танылады және оның ҚР Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуге болмайды. 

Ақтайтын негіздердің  бірі, қылмыс оқиғасының болмауы, бұл  мән-жай, көбінесе, қылмыстық істі қозғаудың  себебі болып табылады. Төмендегідей мысал келтіре кетсек: патрульдік посттың қызметкерлері аудан территориясынан ер адамның мәйітін тауып, қылмыстық ізге түсу органдарына хабарлайды. ҚР ҚІЖК 221-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалғанға дейін тексеру жүргізіллуі мүмкін (аталған жағдайда оқиға болған жерді қарау). Соған қоса, мәйітті қарау барысында зорлық іздері табылмауы да мүмкін. ҚР  ҚІЖК 242-бабы 2-бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс қозғалғанға дейін де жүргізілуі мүмкін болатын, өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалады. Алынған сот-медициналық сараптамасы қорытындысына сәйкес, мәйіті табылған ер адамның өлімі организмнің салқындауынан (көбінесе, "бомж" санатындағы адамдардың салқын ауа-райында үсіп-өлуі), жүрегі тоқтап қалуы  және т.б. салдарынан болуы мүмкін, яғни зорлық-зомбылық өлімді көрсететін  белілер жоқ. Мұндай жағдайларда қылмыс оқиғасының болмауына байланысты қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға толық негіз бар, атап айтсақ, тергеуге дейінгі жүргізілген әрекеттер нәтижесінде, оның ішінде оқиға болған жерді қарау, сараптама тағайындау, көзімен көргендерден сұрау алу, жәбірленуші тұлғасын анықтау, қылмыстық жазаланатын әрекетті көрсететін жағдайлар анықталмады. 

Қылмыс құрамының  болмауы, қылмыстық құқықтың ережесіне  сәйкес, қылмыс құрамы элементтен тұрады: қылмыс объектісі, объективтік жағы, қылмыс субъектісі, қылмыстың субъективтік жағы. Қылмыс объектісі дегеніміз заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар, ал қылмыс затына кінәлі тұлғамен қол сұғушылық жасалады. Мысалы, ұрлық кезінде қылмыс заты сөмке немесе ақша және т.б. заттар болуы мүмкін. Бөтеннің мүлкін ұрлау әрқашанда қылмыстық істі қозғауға әкелмейді, себебі қылмыстық құқықта ұсақ-түйек ұрлық деген ұғым бар.  Осы уақытқа дейін заңды тұлғалар мен жеке тұлғалаларға келтірілген зиян елеусіздігі бірдей болып келді. Ол 10 айлық есептік көрсеткішпен есептелінді, егер де келтірілген зиянның сомасы аталған сомадан аспаса, қылмыс құрамының болмауына байланысты іс қозғалмайтын еді. Бірақ қалта ұрлықтарының және төмен жалақы алатын немесе тек зейнетақыға өмір сүретін адамдардың мүліктерін ұрлау қылмыстарының көбеюіне байланысты аталған тұлғалар тарапынан қылмыстық ізге түсу органдарына көптеген шағымдардың түсуіне себепші болды, себебі осы тұлғалар өздеріне келтірілген шығын он айлық есептік көрсеткіштен аспағандықтан,  қылмыстық істі қозғау және ол бойынша әрі қарай тергеу жүргізу құқығынан айырылды. Осыдан кейін бұл шешім өз күшін жойды және жеке тұлғаларға келтірілген шығынның елеусіздігі төмендегідей анықталатын болды: кінәлі тұлғаның нақты бір қылмысты әрекетті жасаудағы ниетінің бағытталуымен (яғни, оның не ұрлағысы келді) және жәбірленушінің оған келтірілген шығынға субъективтік қатынасымен.  Көріп отырғанымыздай, шығынның елеусіздігін анықтауда субъективті фактор басым болып тұр.

Қылмыс құрамын  анықтауда қылмыс орынын, уақытын, қылмыс жасау мен оны жасыру әдістерін айқындайтын объективтік жағы әсер етпейді, бастысы, қылмысты әрекеттің оқиғасы орын алса болды, яғни ҚР ҚК-не сәйкес жасалған әрекет қылмыс болып табылуы керек. Қылмыс субъектісіне байланысты тоқталсақ, қылмыстық жауаптылыққа тек 16 жасқа толған, ал ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 14 жасқа толмаған тұлғалар тартылады (ҚР ҚК 15-бабы 2-бөлігі).  Қылмыстың субъективтік жағын дәлелдеу қылмысты дәрежелеуге әсер етеді, ал дәлелденбеуі тұлғаның әкімшілік жауаптылығына әкеліп соғуы мүмкін. Мысалға, ірі мөлшердегі емес есірткі заттарын сатудың мақсатының дәлелденбеуі. Қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға немесе істі қысқартуға әкелетін соған ұқсас мысалды алсақ. Тұлғаны ұстау кезінде түрі есірткі затына ұқсас өсімдік заты табылды. Айтып өтілгендей, қылмыстық іс қозғалғанағ дейін сараптама тағайындалып және жүргізілуі мүмкін. Аталған жағдайда бұл төмендегі себептерге байланысты қажет:1) қылмыстық істі қозғау үшін сараптама көмегі арқылы табылған және алынып қойылған өсімдік затының есірткіге жататындығын анықтау қажет. 2) қылмыстық істі қозғау үшін есірткі затын анықтауға арналған криминалистикалық сараптама қорытындысымен қатар, сол есірткі затының салмағы да маңызды, себебі ҚР ҚК-нің 259 бабына сәйкес, тұлға есірткі заттарын сату мақсатынсыз заңсыз иемденіп алу немесе сақтау үшін, оның елеулі мөлшері болған кезде қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. 3) ұстау кезінде сатуды көздейтін дәлелдемелер немесе күдік туғызатын фактілі деректер болмауы да мүмкін.

Осылайша сараптама  қорытындысы қылмыстық істі қозғау мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Егер де өсімдік есірткі заты болып  табылмаса, онда қылмыс құрамы да жоқ. Не болмаса салмағы сәйкес келмеген жағдайда (мысалға, марихуана үшін сату мақсатынсыз иемденіп алу мен сақтау үшін  қылмыстық жазаланатын ірі мөлшер ‒ 10 грамнан төмен болмауы керек; гашиш үшін ‒ 2 грамнан кем емес; героин үшін - 0,03 грамнан кем емес және т.б.) [21,30 б.].

Жеке және жеке-жариялы  айыптау істері жәбірленуші шағымының  болмауы. Жәбірленуші арызының болмауы қылмыстық іс қозғаудан бас тартуды және қылмыстық ізге  түсуден бас тартуды білдіреді. Бірақ осы айыптау істері бойынша прокурордың қылмыстық іс қозғау құқығы болатын жағдайда, прокурор жәбірленуші арызы болмаса да, ол өз бастамасымен істі қозғай береді.  Осындай жағдайлар орын алған кезде мынадай екі шешімнің бірі қабылдануы мүмкін, жәбірленушінің өтінішінсіз іс бойынша сотта өндірісті жүргізу мүмкін болмағандықтан, қылмыстық істі қозғаудан бас тартылады (прокурордың қылмыстық істі қозғау құқығына ықпал ететін негіздердің болмауы), жәбірленуші тараптың тараптар татуласуы арқылы қылмыстық істі қысқарту туралы өтініші негізінде, соттың іс бойынша қозғалған өндірісті қысқартуы. Соңғы шешім ақтайтын негізге жатпайды және біз оны кейінгі бөлімде толық қарастырамыз.

Өзі туралы белгілі  бір айыптау бойынша соттың заңды  күшіне енген үкімі не қылмыстық  ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін  соттың күшін жоймаған қаулысы бар  адамға қатысты. Мұндай қылмыстық ізге түсуді болдыртпайтын жағдай ақылға қонымды және жүйелі ретінде көрінеді. Олай болмаған жағдайда бір айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу екі рет жүзеге асырылар еді. Әрине, іс бойынша жаңадан мән-жайлар ашылуы мүмкін, бірақ тұлғаға қатысты қылмыстық ізге түсу заңмен көзделген ретте, заң күшіне енген сот үкімінің күші жойылса және қосымша сот талқылауына, не қосымша тергеуге жіберілген жағдайларда мүмкін, бұл сол тұлғаға қатысты қылмыстық ізге түсудің қайта жаңғыртылғанын білдіреді. Бұл өзіне қатысты сот қаулысының күші жойылмаған тұлғаға да тең дәрежеде әсер етеді. Сондай-ақ бұл жерде соттың күші жойылмаған шешіміне, оның жарамдылығы мен қазіргі уақыттаға атқарушы күшіне басты назар аударған жөн.

Белгілі бір  айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық ізге түсуден  бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты ақтайтын негізде қылмыстық істі қысқарту. Бұл жоғарыда аталып өткен негізді қолданумен ұқсас болып келеді, тек мұндағы айырмашылық ‒ сол қылмысты факт және сол айыптау бойынша күшін жоймаған тергеу, анықтау органының немесе прокурордың қаулысының болуына байланысты қылмыстық ізге түсуден бас тартып, қылмыстық істі қысқартамыз. Ал қылмыстық ізге түсуді қозғау үшін прокурорға анықтау немесе алдын ала тергеу органының лауазымды тұлғасымен шығарылған негізсіз процессуалды шешімін жою керек.

Ақтау сөзі (rehabilitatio) латын тілінен аударғанда қабілеттілігін, жарамдылықты қалпына келтіру деген  мағынаны білдіреді.  Ақтау ұғымы  заң әдебиеттерінде орта ғасырлардан  бері кездеседі, алғашқыда сотталғандарды оған тиесілі барлық құқықтарымен бірге кешіру деген институтты білдірген.

Осы ұғым ұзақ уақыт  қылмыстық процесте сақталып келді. Шет елдерде ол сотталып шыққан кінәлі тұлғаның бұрынғы барлық құқықтық салдарларын  жою деген мағынаны білдірді, жазасын  өтеп шығу бас бостандығынан айыру түріндегімен қатар, әр түрлі құқықтардан шектеу түріндегі жазаларға қатысты.

Құқықтық мемлекет идеясы қалыптаса бастағанда, тең  жауаптылық деген белгімен сипатталатын азаматтардың құқыққа қарсы әрекеті  үшін мемлекет алдында жауаптылығы, ал мемлекеттің өз органдары мен лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі салдарынан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына зиян келтіргенде, олардың алдындағы жауаптылығы ұғымдары қалыптасты. Буржуазды революция кезінде заң әдебиеттерінде қылмыстық жауаптылыққа кінәсіз  тартылғандарды мемлекеттік марапаттау институты болған.

Көптеген Батыс  Европа елдерінде XX ғасырда кінәсіз  тұлғаларды соттаумен байланысты әділетсіз, құқыққа қайшы үкім шығарған судьялардың  азаматтық жауапкершілігін заңнама  бекітетін. Мәселен, Германияда заңсыз сотталған тұлға, егер судья қасақана немесе өзінің қызметтік міндеттерін абайсызда бұзып үкім шығарған жағдайда, өзіне келтірілген барлық шығынды өтеттіріп алуға құқылы болған. Оның ішінде пара алып, үкім шығарған судьяның әрекеті сотпен қудалауға ұшыраған. Ал Австрияда, егер судья өзінің билігін асыра пайдаланып заңсыз қамауға алған дағдайда немесе абайсызда жасаған әрекеті үшін оған талап қойылатын болған. Италия мен Португалияда парақорлықпен заңсыз қамауға алу оған қылмыстық қудалаумен бірге судьялардың азаматтық жауапкершілігшінің негізі болған. Францияда судья сот тергеуі немесе үкім шығарар кезде әдейі қасақана, алдау мен алаяқтық мақсатта әрекет жасағаны белгілі болса, азаматтық жауапкершілікке тартылатын болған. Сондай-ақ Францияда егер судья қамауға алынған тұлғаға бір тәулік ішінде жауап алуды жүргізбесе, азаматтық жауапкершілікке тартылатын. Сонымен бірге Франция мен Англияда да  легальді айыппұл жүйесі жұмыс істеген, яғни лауазымды тұлғаның заңсыз әрекеті салдарынан жәбірленушінің пайдасына. Мысалға айтатын болсақ, лауазымды тұлға өз міндеттерін бұза отырып, қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғаға оны қамауға алу туралы қаулының көшірмесін көрсетпеген жағдайда 100 фунт стерлинг айыппұлға тартылған. Швеция мен Норвегияның заңнамасы қамаудағы тұлғаның тергеу кезінде қылмысқа қатысы жоқ екендігі дәлелденген жағдайда ғана, оларға келтірген шығынды өтеп алуға құқық берген. Осылайша, шет еуропа елдерінің заңнамасы әділсот саласындағы лауазымды тұлғалардың жасаған қылмыстары үшін азаматтық жауаптылық институтын енгізген.

Қазіргі кезеңдегі  шет мемлекеттердің заңнамасы құқық  қорғау қызметін жүзеге асыру кезінде  азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына  келтіру  тәртібі мен негіздерін реттейтін нормаларды қамтиды. АҚШ-тың  федералды заңнамасына сәйкес, кінәсіздігі сотпен танылған жеке тұлғалардың мүліктік талаптарын төрағасы мен мүшелерін елдің президенті тағайындайтын притензиялық сот қарайды. Сондай-ақ жеке тұлғаларға ммелкет төлейтін шығынның көлемі 5000 доллардан аспауы қажет.

Заң әдебиетінде  қылмыстық процестегі ақтау ұғымы талас тудыратын тақырып болып табылады. Аталған ұғымның объективті қажеттілігін дауламастан заңгерлер оның мазмұны және оны жүзеге асыру әдістері жайла дауласып келеді. Б.Т. Безлепкин ақтау ұғымы деп, сотпен сотталған адамның ақталуын немесе сотталғанға, айыпталушыға, сондай-ақ сезіктіге қатысты қылмыс оқиғасының, құрамының, сонымен қатар қылмысқа қатыстылығының дәлелденбеуіне байланысты қылмыстық істі қысқарту фактісін түсінеді.

Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі