Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:31, дипломная работа
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.
КІРІСПЕ
1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ
1.1
Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен маңызы
1.2
Қылмыстық істі қысқарту негіздері мен жіктелуі, тәртібі
2
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
2.2
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту
3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаған адам, егер ол ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарға басқа да қатысушыларды әшкерелеуге белсендi түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
ҚР ҚІЖК 37-бабы кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе бiрiншi рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгiленсе, прокурордың келісімімен сол кәмелетке толмаған адамға қатысты істі қысқарту мүмкіндігін қарастырған.
ҚР ҚІЖК 38-бабы кішігірім және орташа ауыр қылмыстар үшін жәбірленушімен татуласуын қарастырады. Мұнда жалпы ережелермен қатар (сол тұлғаның өзінің келісімі және прокурор келісімі), ең қажет болады: 1) жәбірленушінің істі қысқарту туралы өтініші; 2) айыпталушының жәбірленушімен татуласуы; 3) айыпталушымен жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеуі.
Жалпы алғанда заңнамаға аталған негізді енгізудің қажеттілігін айта кеткен жөн шығар, тек орынды қолдану керек.
Қылмыстық істі қысқарту туралы шешім
тиісінше қаулы қабылдау арқылы орындалады.
Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы
шығарар алдында алдында
Алдын ала тергеу аяқталды және қылмыстық істі қысқартудың қандай да бір негізі бар деуге жеткілікті дәлелдемелер жинақталды деп танығаннан кейін кейін прокурор, сондай-ақ тергеуді жүргізуші тергеуші, анықтау органы мынадай әрекеттер жасауға міндетті:
а) егер әңгіме қылмыстық істі ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы бойынша қысқарту туралы болса, әрекеті тергелген адамға өкілетті органның қабылдаған шешіміне негіз болған мән-жайдың мәнін түсіндіреді, оның осы негіз бойынша қаулы шығаруына қарсы еместігін анықтайды;
б) жеке және жеке-жариялы айыптау істері бойынша жәбірленушіге кінәліні жауапқа тарту туралы оның арызы болмаса іс-әрекеттің қылмыс деп танылмайтындығын, тиісінше ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығаратындығын түсіндіреді;
в) егер қылмыс жасаған адам, заң тұрғысынан алып қарағанда, қол сұғуға жатпайтын болса, оны қылмыстық жауапқа тартуға келісім беруге уәкілетті органға (лауазымды адамға) алдын ала тергеудің нәтижесі туралы ақпарат жібереді; жауабын сұратып алады, оны қылмыстық іс материалына тігеді, кінәліге қылмыстық жауапқа тарту туралы келісім алынбаса, оны жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) хабарлайды.
Жоғарыда көрсетілген барлық әрекеттердің нәтижелері қылмыстық іс материалдарына көрініс табуы тиіс. Өзіне қатысты қылмыстық істі қысқарту туралы шешім қабылданатын адамнан немесе қайтыс болған адамның қайтыс адамның туыстарынан, қажет болған жағдайда, сол негіздер бойынша қылмыстық істің қысқартуына қарсы емеспін деген қолхат алынады.
Мүмкіндік болса, жеке айыптау істері бойынша жәбірленушіден кінәлінің қылмыстық жауапқа тартылғанын қаламайтындығы туралы арызы алынады.
Заңда көрсетілген органның (лауазымды
адамның) қол сұғылмайтын субъектіні
қылмыстық жауапқа тартуға
Қылмыстық істі қысқарту туралы тергеуші дәлелді қаулы шығарады,
онда істің мәнісі және оны қысқартудың негіздері баяндалады (ҚР ҚІЖК-нің 269-бабы).
Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының кіріспе бөлімінде оны жасаған уақыт пен орын, шешім қабылдаған адамның қызметі, атағы және фамилиясы, аты-жөні, істің аталуы мен нөмірі, қылмыстық заңның тергеу жүргізілген қылмыс көзделген бабы көрсетіледі.
Қаулының сипаттау-дәлелдеу бөлімінде іс қозғауға себеп және негіз болған мән-жайлар, істің мәнісі, оның қылмыстық-құқықтық саралануы, қылмыстың жасалуында сезік тудырған немесе айыпталынған адам туралы деректер, қылмыстық істі қысқаруға негіз болған мән-жайлар істің тиісті парақтарына және қылмыстық іс жүргізу (қылмыстық, т.б.) заңының баптарына сілтеме жасалынып баяндалады. Заң бойынша iстi тоқтатуға айыпталушының немесе жәбiрленушiнiң келiсiмi бойынша ғана жол берiлетiн жағдайларда мұндай келiсiмнiң бар екенi қаулыда көрсетiлуге тиiс. Сондай-ақ қолданылған бұлтартпау шаралары да осында көрсетіледі.
Қаулының қорытынды бөлімінде тергеушінің қылмыстық істі қысқарту туралы, заттай дәлелдемелердің тағдыры, бұлтартпау шарасын және мүлікке салынған тыйымды (басқа бұлтарпау шараларын) бұзу туралы, процеске қатысушыларды қабылданған шешімнің негізімен таныстыру, сондай-ақ азаматтық талапкерге (оның өкіліне) келтірілген зиянды азаматтық іс жүргізу тәртібінде өндіртіп алу құқығын түсіндіру туралы шешімі көрсетіледі.
Тұлғаның қылмыстық істі қысқартуға деген келісімі қаулы шығарылғанға дейін алынады, бірақ ол сезіктінің, айыпталушының қол қоюы арқылы қаулыда көрініс табуы міндетті болып табылады. Келісім ақтамайтын негіздер бойынша қықсартылған істер кезінде ғана қажет етіледі. Мұндай негіздердің тізімі ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы 3, 4 тармақтарында, 38-бабында көрсетілген.
Қылмыстық істі қысқарту қажеттігі туралы бастаманы немесе ол бойынша тергеу жүргізуді (істі басқа тергеушіге бергенге дейінгі) қылмыстық іс материалдарын оқып-зерттеу нәтижесі бойынша тергеу бөлімінің бастығы немесе тергеушіге осындай нұсқаулар бере алатын прокурор жүргізе алады. Бұл жағдайда ҚР ҚІЖК-нің 63-бабы 3-бөлігі қылмыстық істі қысқарту туралы тергеу бөлімі бастығының нұсқауын тергеуші оны орындамай, қадағалаушы прокурорға шағым жасауға құқылы. Тергеушінің осы сұрақ бойынша прокурордың нұсқауымен келіспеген жағдайында, ол жоғары тұрған прокурорға шағым жасай алады, алайды аталған нұсқаудың тергеушімен орындалуын тоқтатпайды. Бұл жерде тергеуші өкілеттігінен неғұрлым кеңірек болатын және сот сатысындағы қылмыстық ізге түсудің жүзеге асырылуына таралатын сотқа дейінгі қылмыстық процестегі прокурорлық өкілеттіктің ерекшелігі ретінде көрінеді.
Қылмыстық істің заңды және негізді қысқартылуының міндетті шарттарына заң қабылданған шешім туралы процеске қатысушыларды жазбаша хабарландыруды жатқызады. Сонымен қатар олардың өтініші бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі табыс етілуі мүмкін. Қылмыстық істің қысқартылуы іс бойынша өндірістің аяқталуының дербес нысаны болып табылатындықтан, процесс қатысушылары қылмыстық іс материалдарымен де таныса алады. Іспен танысу тәртібі, іс материалдарымен танысқаннан кейінгі өтініштерді мәлімдеу мен шешу ҚР ҚІЖК-нің 276-бабының тәртібімен жүзеге асырылады.
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қықсартқан жағдайда қаулы көшірмесі мүдделі тұлғаға табыс етіледі немесе пошта арқылы жолданады. Сонымен бір уақытта ол адамға қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеттіріп алу құқығын түсіндіру туралы хабарлау да жіберіледі. Аталған тұлға осы құжаттардың көшірмесін алған жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші органға келтірілген мүліктік шығынды өтеу туралы талаппен жүгіне алады. Осындай өтініш келіп түскееннен кейін бір айдан кем емес уақытта қылмыстық процесті жүргізуші орган келтірілген зиян көлемін анықтайды, сол уақыттағы инфляцияны ескере отырып, аталған зиянды өтеу өндірісі туралы қаулы шығарады. Қаулының елтаңбалы мөрмен куәландырылған көшірмесі төлем жасауға міндетті органға немесе тұлғаға танысу үшін табыс етіледі немесе жолданады (ҚР ҚІЖК-нің 42, 43-баптары). Сондай-ақ ақтайтын негіздермен іс қысқартылған жағдайда тұлға азаматтық тәртіпте өзіне келтірілген моральдық шығынды өтеу туралы талап қоя алады.
Сондай-ақ заттай дәлелдемелер туралы мәселені шешкен кезде мыналар ескерілген дұрыс.
Айыпталушыға тиесілі емес қылмыс
қаруы тәркіленуге жатады, ол тиісті
мекемеге беріледі немесе жойылады. Сатуға
болатын заттар сату үшін сауда кәсіпорындарына
беріледі. Пайдалануға жарамды құрал-
Егер бұл көрсетілген заттар қылмыс қаруы болмаса, қылмыстық жолмен табылмаса және оларды иемденудің және сақтаудың мән-жайларында қылмыстық құрам болмаса, онда ҚР ҚІЖК-нің 171-бабы 1-бөлігі тәртібінде алынған бұл заттарды тиісті мекемелерге өткізумен шектеуге болады.
Заттай дәлелдеме болып
Меншік иесінен немесе иемденушіден заңсыз алынған валюталық құндылықтар, заңда көзделген жағдайлардан басқа реттерде, тиесілігі бойынша қайтарылады. Егер валюталық құндылық иесінің қалауымен ол қылмыстық мәміле объектісіне айналса, онда мемлекеттің кірісіне алынады. Қылмыстық жолмен табылған ақша мен басқа да құндылықтар мемлекет кірісіне алуға жатады [19,28 б.].
Контрабанда және басқа да қылмыстар
белгісі бойынша қозғалған, анықтау
жүргізу кеден органдарының құзіретіне
жатқызылған істер бойынша
Қалған заттар заңды иелеріне қайтарылады, иелері анықталмаса мемлекет меншігіне өтеді. Бұл заттардың кімге тиесілі екендігі жайында дау туындамаса, ол азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде шешіледі.
Қылмыстық істі тергеуші (анықтау органы, прокурор): қылмыстық оқиғаның болмауы; іс-әрекеттер қылмыс құрамының болмауы; азаматтың қылмыс жасауға қатысқандығының дәлелденбеуі себепті қысқартса, ол азаматқа бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің тәртібін түсіндіруге және қылмыстық жауапқа заңсыз тартудың, бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстауды заңсыз қолданудың нәтижесінде азаматқа келген зиянның орнын толтыру үшін заңда көзделген шараларды қолдануға міндетті.
Бұл жерде ескеретін бір жағдай ‒ алдын ала тергеу кезінде, кейде айыпталушы ретінде тартылған адамға немесе басқа адамдарға қатысты тәртіптік ықпал ету немесе әкімшілік жазалау шараларын қолдануды керек ететін фактілер анықталады. Қылмыстық істі қысқартқанда тергеуші, мұндай жағдайларда ол фактілер жайындағы мәліметтерді тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану үшін кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігіне жеткізеді не әкімшілік жазалау шарасын қолдануы үшін материалды сотқа жолдайды.
Қысқарған қылмыстық істің
Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулысына сезiктi, айыпталушы, олардың қорғаушылары, жәбiрленушi және оның өкiлi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ арызы бойынша iс қозғалған адам немесе мемлекеттiк органның немесе ұйымның өкiлi тергеуге қадағалау жасап отырған прокурорға шағымдана алады (ҚР ҚІЖК-нің 271-бабы).
Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыға қадағалаушы прокурорға шағым жасау ‒ қылмыстық істің заңды және негізді қықсартылуының қажетті шарты болып табылады. қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесін алғаннан кейін прокурор қабылданған шешім туралы процеске қатысушылардың хабардар болу фактісін тексеруге және ақтайтын, ақтамайтын негіздермен қылмыстық істі қысқарту кезінде орындау қажет өзге де мән-жайларды тексеруге, анықтауға құқылы.
Қысқартылған істердің заңдылығына қадағалау жүргізу тәртібі Бас Прокурордың 2008 жылғы 27 тамыздағы «Тергеу мен анықтаудың заңдылығына қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқауды бекіту туралы» №47 бұйрығында көрініс тапқан (16-18 тармақтар). Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен және есірткі заттары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық істер мен материалдар бойынша процессуалды шешімдердің заңдылығын тексеру олардың прокуратураға келіп түскеннен кейінгі он күн ішінде жүргізіледі. Қылмыстық процесті жүргізуші органның процессуалдық шешімнен бас тарту туралы өтініштерін қарастыру кезінде, олар келіп түскеннен кейінгі он бес күн ішінде тексеріс жүргізіледі. Қалған жағдайларда тергеуге дейінгі тексеріс материалдары, тоқтатылған және қысқартылған қылмыстық істер бойынша процессуалды шешімдердің заңдыылғын тексеру, олардың прокуратураға келіп түскенінен бастап бір ай мерзімнен аспауы тиіс. Қылмыстық істі ақтайтын негізде қысқарту туралы шешіммен прокурор келіскен жағдайда дәлелді қорытынды шығарады. Қылмыстық істі ақтамайтын негізбен қысқартумен байланысты тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешіммен келіскен жағдайда қаулының жоғарғы оң жақ тұсына прокурормен келісі туралы қарар жасалады.
Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі