Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.

Содержание

КІРІСПЕ

1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ
1.1
Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен маңызы
1.2
Қылмыстық істі қысқарту негіздері мен жіктелуі, тәртібі

2
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
2.2
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту

3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қылмыстық істі қысқарту .doc

— 596.50 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда көрсетілген қылмыстық  істі қысқарту негіздерінің жіктелулерінің қай-қайсысы өзінше дербес сипатта бола  алады. Оның барлығы олардың қайсысының нақты қандай мақсаттарға қолданылатынына тәуелді болып тұр.

Қылмыстық істерді қысқартудың  процессуалды тәртібінің практикалық  мәнділігі жөнінен алып қарасақ, негіздердің басқалай жіктелуі аса маңызға ие болады.

Соған сәйкес, қылмыстық істерді  қысқарту ақтайтын және ақтамайтын  негіздері бойынша жіктеген де дұрыс:

"Ақтау" (лат. Rehabilitation, re ‒ тағы, қайта + habilitas/habilitatis/ ‒ жарамдылық, қабілет, ағылш. rehabilitation) ‒ 1) азаматтың құқықтарын ( сот тәртібімен немесе әкімшілік тәртіпте) қалпына келтіру; 2) кең мағынада, адал атағы мен бұрынғы беделін қалпына келтіру.

Осыдан көретініміз, қылмыстық  істерді ақтамайтын негіздер бойынша  қысқарту кезінде еш қандай "қайта қалпына келтіру" деген болмайды.

Ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық  істі қысқарту

Қылмыстық істі  қысқартудың ақтайтын негіздері ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы 1-бөлігі 1, 2, 5, 7 және 8 тармақтарында көзделген. Яғни, көбінесе, қылмыс оқиғасының болмауы  мен қылмыс құрамының болмауы, сондай-ақ айыпталушының ҚР ҚК қылмыстық әрекетті жасағандығының дәлелденбеуі.

Алдын ала тергеу органдарының тәжірибелік  қызметінде осы негіздерді шектеуде қиындықтар туындап жатады. Осы сұрақтар бойынша қылмыстық-іс жүргізу әдебиетінде дау-дамаулар жүргізіліп келеді. 

Қарастырылып отырған мәселенің  тәжірибелік мәнділігі теоретикалық мағыналылығына қарағанда кеңірек. Қылмыс оқиғасының болмауына байланысты қылмыстық істі қысқартқан кезде  өзіне қатысты іс қысқартылған тұлғаның қандай да бір жауаптылығы туралы мәселе де жоғалады. Ал тұлғаның әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болуына байланысты іс қысқартылғанда, айыпталушыны құқықтық жауаптылықтың өзге түріне тарту мүмкіндігін жоймайды. 

ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлігі бойынша  қылмыс оқиғасының болмауына байланысты қылмыстық іс төмендегідей жағдайларда қысқартылуы керек:

Соған қатысты қылмыстық іс қозғалған  сол оқиғаның болмауы.

Мысалға, С. деген азаматтың өтініші  бойынша кәмелетке толмаған қызының  жоғалып кету фактісіне қатысыт  қылмыстық іс қозғалады. Бірқатар жедел-іздестіру шараларын және тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін С. деген азаматтық қызының осы облыс айдандарының бірінде құрбысында тұрып жатқаны белгілі болды, сонымен қатар ол үйіне қайтқысы келмеген.   Аталаған факті бойынша қылмыстық істі қылмыс оқиғасының болмауына байланысты қысқартқан. Осындай жағдайларда қылмыстық іс толығымен қысқартылады.

Қылмыстық іс қозғалған әрекет, шыныменде, орын алды, бірақ оны жасаған айыпталушы емес, басқа тұлға. Мұндай жағдайларда  да қылмыстық іс ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлігі 1-тармағы негізінде қысқартылуы тиіс, бірақ толығымен емес, айыпталушыға немесе сезіктіге қатысты. Ал іс бойынша тергеу жүргізу айыпталушы ретінде жауапқа  тартылуға тиіс тұлғаны анықтау мақсатында әрі қарай жалғастырылады.

Сол бойынша қылмыстық іс қозғалған әрекет орын алды, бірақ қылмысты болып табылмайды және ол әрекеті жасаған айыпталушы емес, басқа тұлға. Бұл жағдайларда қылмыстық іс толығымен қысқартылады, егер де ол әрекетте әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда, оны жасаған кінәлі тұлғаны анықтау үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндіріс басталуы қажет.  

Қылмыс құрамы болмауына байланысты қылмыстық іс нақты бір тұлғаға  қатысты қысқартылады: сол тұлғамен айып тағылып отырған әрекет жасалған, бірақ ол әрекет қылмыс болып табылмаған жағдайда.

Бұл жалпы ереже. Сонымен бірге  қылмыстық заң қылмыс белгілеріне  жататын әрекетті жасаған тұлғаларды қылмыстық жауаптылықтан босататын  арнайы жағдайларды да қарастырады: 1) қажетті қорғаныс ‒ ҚР ҚК-нің 32 бабы; 2) қол сұғушылық жасаған тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру ‒ ҚР ҚК-нің 33 бабы; 3) аса қажеттілік ‒ ҚР ҚК-нің 34 бабы; 4) физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу ‒ ҚР ҚК-нің 36 бабы; 5) орынды тәуекел ‒ ҚР ҚК-нің 35 бабы; 6) өкімді немесе бұйрықты орындау ‒ ҚР ҚК-нің 37 бабы.

Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жоғарыда аталған жағдайларды анықтау  барысында және аталған ҚР ҚК баптарында көзделген өзге де жағдайлар орын алған кезінде қылмыстық іс ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлігі 2-тармағына  сәйкес қысқартылуы керек.

Теортетикалық мағынада да ең күрделі болып соғатын қылмыстық істі қысқартудың негізі ‒ егер дәлелдемелерді жинауға барлық мүмкіндіктер сарқылып, айыпталушының қылмыс жасауға қатыстылығының дәлелденбеуі.

Әдебиетте осы негізді қолдануға  қатысты түрлі көзқарастар бар.

Н.Г. Стойко осыған байланысты заңнамада дәлелденбегендік үшін қылмыстық істі қысқартудың үш түрлі дербес негізін қарастыруды ұсынады: қылмыс оқиғасының дәлелденбеуіне байланысты; айыпталушының қылмыс жасауға қатыстылығы дәлелденбеуіне байланысты; айып тағылып отырған әркекетті жасауға тұлға кінәсінің делелденбеуіне байланысты [9].

Осы позицияны ұстанғанда дұрыс  болар еді. Шыныменде,   тергеу тәжірибесінде әрекеттің нақты  бір тұлғамен тығыз байланысты болатын  жағдайлары көптеп кездеседі.  Сондай-ақ дәлелденбегендік үшін қылмыстық істі қысқарту ‒ осы тұлғаға қатысты істі толығымен бірден қысқарту болып та табылады.

Ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық  істерді қысқарту кезінде қылмыстық  заңды дұрыс қолдану міндеті  де шешіліп жатады, себебі қылмыстық  заң қылмыс жасамаған тұлғаға немесе қылмыс жасаудағы кінәсі  дәлелденбеген тұлғаға қатысты қолданылмайды.

Бірақ, көбінесе, қылмыстық істер  оған жеткілікті негіздерсіз қозғалғандықтан, не айыпталушы ретінде, расында, қылмыс жасаған тұлғаны емес, басқа адамды тартқандықтан, не қылмыс жасаудағы айыпталушының кінәсін дәлелдей алмағандықтан қысқартылып жатады (немесе ақтау үкімі шығарылып жатады). Міне, сондықтанда, ақтайтцын негіздер бойынша қылмыстық істерді қысқарту үлесі, сондай-ақ ақтау үкімдерінің үлесі сотқа дейінгі өндірістің түрлі нысандарының және түрлі ведомстволардағы тергеушілер қызметінің тиімділігін салыстырып талдаудың құралы болып табылады.

Қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқартуға  тоқталсақ. Қылмыстық істерді қысқартудағы ақтамайтын негіздер шеңбері едәуір кең.  Кез-келген ақтамайтын негіздер бойынша, бұрын қылмыстық іс қозғалған қоғамға қауіпті әрекеттің тұлғамен, расында, жасалуы және осы әрекеттің қылмыс секілді қоғамға қауіпті болуы кезінде ғана қылмыстық істерді қысқарту мүмкін болатын жағдайлардың барлығын біріктіреді.  Сонымен бірге барлық ақтамайтын негіздерді екі топқа бөлуге болады:

Біріншісі ‒ өз өндірісінде жатқан қылмыстық істі тұлғаның қысқартуы  міндетті болатын негіздер. Оларға төмендегі ҚР ҚІЖК 37-бабында көзделгендер жатады: ескіру мерзімінің өтуі; егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары, сондай-ақ бөлек тұлғаларға кешірім жасау; әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты; жәбірленуші арызымен ғана қозғалатын істер бойынша, жәбірленушінің айыпталушымен татуласуы; жәбірленуші арызымен ғана қозғалатын қылмыстық істер бойынша, жәбірленуші арызының болмауы; айыпталуышының қайтыс болуы (іс бойынша іс жүргізу қайтыс болған адамды ақтау немесе істі басқа адамдарға қатысты тергеу үшін қажет жағдайларды қоспағанда); өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты; белгілі бір айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық ізге түсуден бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты.  

Екінші топ тергеушіде істі қысқарту құқығы пайда болатын, бірақ ол істі қысқартуға міндетті болмайтын негіздер. Бұл негіздер ҚР ҚІЖК-нің 38 бабында көзделген:  жағдайдың өзгеруі; жәбірленушімен татуласуы; шын өкінуі.

Бірінші және екінші топтағы негіздер арасындағы айырмашылық ‒ бірінші  топтағы негіздердің әр қайсысы  негізінде іс кез келген әрекетке қатысты, оның қоғамға қауіптілігі дәрежесіне қарамастан іс қысқартылады. Ал екінші топтапғы негіздер бойынша, егер тұлға ауыр немесе аса ауыр қылмыстар үшін айыпталса, іс қысқара алмайды.

Бірінші топтағы негіздерді қарастыра  кетсек. Ескіру мерзімінің өтуі. П.М. Давыдов пен Д.Я Мирский жазғандай, ескіру ‒ заңмен бекітілген мерзімнің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатының жойылуы және істің міндетті қысқартуға жатқызылуы.  Оны қолдану үшін келесідегідей шарттар қажет:

Қылмыстық жауапқа тарту үшін ескіру мерзімі таралатын қылмыстардың тұлғамен жасалуы (бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, террористiк қылмыстар, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттiң конституциялық құрылысы негiздерiне және қауiпсiздiгiне қарсы, экономикалық қызмет саласында, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке қарсы аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға ескiру мерзiмi қолданылмайды).

Аталған нақты бір қылмыс бойынша ескіру мерзімінің өтуі. ҚР ҚК-не сәйкес, ол мерзімдер болып табылады: а)кiшiгiрiм қылмыс жасағаннан кейiн екi жыл; б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейiн бес жыл; в) ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он бес жыл; г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейiн жиырма жыл [5].

Қылмыс жасаған тұлғаның анықтау  мен тергеуден жалтармауы. Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескiру мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезiнен бастап жаңартылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасаған уақыттан берi ескiру мерзiмi тоқтатылмаса және мынадай мерзiмдер: а) кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейiн он жыл; б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейiн он бес жыл; в) ауыр қылмыс жасағаннан кейiн жиырма жыл; г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейiн жиырма бес жыл өтсе, адам қылмыстық жауапқа тартылмауға тиiс.

Айыпталушының істі ескіру мерзімі  өтуімен қысқартуына қарсылығының болмауы.

Рақымшылық актісін қарастыра  отырып, А.Я. Дубинский, рақымшылық немесе кешірім жасау актісін қолданудың міндетті шарты болып, қылмыс құрамының, қоғамға қауіпті әрекетті жасаған тұлға кінәсінің дәлелденуі табылады [6].

Қылмыстық іс жүргізушілік заң мұны қарастырмайды. Онда қылмыстық іс қозғала  алмайды, ал қозғалған іс қысқартуға жатады деп көрсетілген.

Белгілі бір санаттағы адамдармен қатар, кіммен жасалғанына қарамастан қылмысты әрекеттер  де амнистияланады, мысалға, барлық лауазымдық жалғандық жасау. Аталған негіз бойынша қылмыстық іс мынадай екі шарт орын алғанда қысқартылуы мүмкін: 1) рақымшылық актісінің өзінде нақты аталған жағдайға шектеу жоқ; 2) тұлға аталған негіз бойынша өзіне қатысты істі қысқартуға қарсы болмауы керек.

Рақымшылық актісінің орындалуы  барысында айыпталушы өзінің ақталуы  бойынша тергеу жүргізуді аяқтауды талап етуге құқылы.

Қоғамға қауіпті әрекетті жасаған  кезде қылмыстық жауаптылық жүктелетін жасқа толмаған адамға қатысты қылмыстық істі қысқарту. Аталаған жағдайда осы негіз бойынша қылмыстық істі қысқарту міндетті болып табылады.

Белгілі бір жасқа жету қылмыс субъектісін  айқындаудың белгісі. Егер қоғамға  қауіпті әрекетті жасаған тұлға заңмен бекітілген жасқа толмаса, онда ол қылмыс субъектісі бола алмайды, және аталған жағдайда әрекетте қылмыс құрамы жоқ болып табылады. Бұл негіздің өзінше жекеленуі, П.М. Давыдов пен Д.Я. Мирский, пікірлерінше, кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға ерекше назар аудару қажеттілігінен туындап отыр.  Әрекеттегі заңға сәйкес (ҚР ҚК 15 бабы), қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы 16 болып бекітілген. Алайда бұл жалпы ереже, себебі қылмыстық жауаптылық кейбір қылмыстар үшін 14 жастан басталады. Бұл тізім ҚР Қылмыстық кодексінің 15-бабында атап өтілген.

Сондай-ақ кейбір қылмыстардың лауазымды  тұлғалармен жасалатынын, олар үшін қылмыстық жауаптылықтың 18 жастан басталатыны  ескерген жөн. Тұлға белгілі бір  жасқа туған күнінен кейінгі тәуліктің 00 сағатында толған болып есептеледі. Егер жас шамасы сот-медициналық сараптамамен анықталса, оның туған күні сарапшымен аталған жылдың соңғы күнімен санаған жөн.

Тұлға қылмыстық жауаптылық жүктелмейтін жасқа толмаған жағдайлардың барлығында, алдын ала тергеу кезінде, оның қаншаға толғанына қарамастан іс қысқартылуға жатады.

 ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлігі 11-тармағына сәйкес қылмыстық сот ісі жүргізіліп жатқан тұлғаның қайтыс болуы да қылмыстық істің қысқартылу негізі болып табылады. Аталған негіз бойынша істі қысқартпастан бұрын, мыналарды нақтылап анықтау қажет: а) қылмыс оқиғасы орын алды ма; б) қылмыстың жасалуына қайтыс болған азамат кінәлі ме; в) оның қылмыстық жауаптылыққа тартылуы керек, көзі тірі қатысушылары бар-жоғын.

Қылмыстық іс жүргізу заңының мәні бойынша жеке айыптау істері ҚР ҚІЖК-нің 37-бабынса сәйкес қысқартылады. Осы негіздегі тәжірибе былайша бағыт алады. Көбінесе осы жағдайларда азаматтар сотқа емес, ішкі істер органына жүгініп жатады. Көп жағдайларда, учаскелік инспекторлар осы арыздар бойынша, соттың орнына татуластыру процедурасын жүргізеді, ақыры, татуласуға қол жеткізіп, бұрын қозғалған қылмыстық істі қысқартады.

Қылмыстық істі қысқартудың ақтамайтын негіздерінің екінші тобы, олардың  бірі орын алған жағдайда, тергеушіні істі сөзсіз қысқартуға міндеттемейтіндігімен бірінші топтан айрықшаланады. Ол бұл сұрақты әрбір нақты жағдайда, сол әрекетке және оны жасаған тұлғаға қатысты барлық мән-жайларды ескере отырып шешеді. Әрекеттегі заңнама кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін шын өкінумен қатар, ҚР ҚК-тің Ерекше бөліміндегі тиісті баптармен арнайы көзделген өзге де жағдайлармен байланысты қылмыстық істі қысқарту мүмкіндігін қарастырады.

Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі