Сот үкімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 13:38, дипломная работа

Краткое описание

Мен өз жұмысымда мынандай мәселелерді қарастырдым: Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде, сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері, сот үкімі, сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары немесе сот үкімінің іс жүргізуге енуі, соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi, үкімді жариялау және өзгерту, үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер және үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар мәселелерін қарастырдым.

Содержание

Кіріспе ......................................................................................................................................5
.
І Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде
1.1Сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері. Сот үкімі……………...….7
1.2 Сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары………………………………..27
ІІ Сот үкімінің іс жүргізуге енуі
2.1 Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi………………………….........36
2.4 Үкімді жариялау және өзгерту……………………………………………......38
2.3 Үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер…..................................................................................................................42
2.4 Үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар………………………………………………………………....45
Қорытынды.................................................................................................................55
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................58
Қосымша................................................................................................................ ...60

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_91.doc

— 428.00 Кб (Скачать документ)

Ескертпелерді қарау нәтижелері бойынша  судья олардың дұрыстығын куәландыру туралы не оларды қабылдау туралы дәлелді  қаулы шығарады. Хаттамаға және судьяның қаулысына жacaлғaн ескертпелер басты сот талқылауларының хаттамасына қоса тігіледі (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 330-бабы).

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 301-бабына сәйкес сот отырысының хаттамасы алдын ала тыңдау барысында  да жүргізіледі.

Алдын ала тыңдау да, сондай-ақ басты сот талқылауы да сот  отырысы хаттамасының міндетті қатысуымен жүргізіледі, ол Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 87-бабына орай, сот отырысының хаттмасында көрсетуге жататын  барлық жағдайларды толық және дұрыс  жазып отырады. Сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болады. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 90-бабы және 94-бабының 1-бөлігінің 2-тармағы көзделетін мән-жайлар туындаса, оған қарсылық білдіріледі.

Тұлғаның сот отырысына  сот отырысының хатшысы немесе соттың приставы ретінде оның алдында қатысуы  олардың сот отырысына тиісті сапада одан әрі қатысуын жоққа шығаратын  мән-жай болып табылмайды. Сот  отырысының хатшысы мен соттың приставына қарсылық білдіру туралы мәселені істі қараушы сот шешеді (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 94-бабы).

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік  қаулысы «Сот отырысының хаттамасы  жөнінде қылмыстық іс жүргізу  заңдарының нормаларын қолдану туралы» 23 желтоқсан 2005 жылғы №11 сәйкес ҚІЖК-нің 301-бабында, ҚІЖК-нің 41-45-тарауларында көзделген жағдайлардан басқа, сондай-ақ хаттаманы мынадай кезде жүргізу міндетті:

- ҚІЖК-нің 109-бабында  тәртібімен прокурордың шешіміне  шағымды қарау;

- сезіктіге, айыпталушыға  қамауға алу, бұлтартпау шарасын қолдануға және қамау мерзімін ұзартуға, сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны сот медициналық сараптама өткізу үшін медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға берген прокурордың санкциясының заңдылығы мен негізділігін ҚІЖК-нің 110, 111-баптарының тәртібімен тексеру;

-  Істі апелляцияда  қарау кезінде жәбірленушіден, куәдан, сарапшыдан жауап алу;

- ҚІЖК-нің, 452-457-баптарының  тәртібінде үкімнің орындалуымен  байланысты мәселелерді шешу:

-  ҚІЖК-нің 54-56-тарауларында  көзделген тәртіпте ерекше өндірісте істерді қарау (медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, іс жүргізу өндірісінің іс-әрекеттері туралы шет мемлекеттер сотының тапсырмасын атқару; шет мемлекеттер сотының үкімін орындаумен байланысты мәселелерді шешу).

Сот практикасын зерделей келгенде, судьялардың сот отырысы хаттамасының дұрыс жүргізілуіне жете көңіл бөле бермейтінін көруге болады.

Тіпті, кейбір судьялар бұрынғы  қылмыстық іс жүргізу заңдарын да қолданылған әрекет еткен хаттамалардың  үлгілерін қазіргі қылмыстық  іс жүргізу заңымен іс қарағанда сол үлгілерге салып пайдаланатыны да ұшырасады. Соның нәтижесінде, хаттамаларда сот отырысы кезінде судьяның барлық іс-әрекеттері, оның ішінде процеске қатысушылардың іс жүргізу құқықтарын түсіндіруге қатысты әрекеттері толық көрінбей қалады.

Ал судьялардың кейбіреулері заңда көзделген мүмкін болатын  мән-жайларды белгілеп, сот отырысының хаттамасы үлгілерін дайындап алған. Мұндай үлгілерді хаттама бланкісі ретінде қолдана отырып, олар нақты  іске қажеті жоқ мән-жазбаларға көңіл  бөлмейді (мысалы, қорғаушыдан бас тарту, соған орай сот шешіміне қарсылық білдірулер, оларды шешу және т. б.).

Сот тәжірибесінде хаттамаларда соталушының, жәбірленуші мен куәлардың  жауаптары қысқартылып, толық көрініс  таба бермейтініне байланысты бұзушылықтардың жиі кездесетіні; хаттамаларда және заңдық фактілерді бұрмалау (көбіне-көп андаусыз); мәселелердің анықталмай қалуы; төрағалық етушінің объективті еместігі және әділетсіздігін, айыптау жағының басымдығын көрсететін деректері келтірілмейді; берілетін өтініштер өтініш берушінің айқындамасын білдіретін дәлелдерсіз ұсынылады, сондықтан соттың қабылдаған шешімінің дұрыстығын бағалауға мүмкіндік болмайды; айыптаушы мен қорғаушының жасалған қылмысты заңдық тұрғысынан саралауы мен дәлелдеуі бойынша сот жарыс сөзінде айтылатын негізгі дәлелдері де келтірілмейді және т.б. Сондай-ақ, шығарылған үкімге хаттаманы «кешіре салу» жағдайлары да белгілі.

Сайып келгенде, сот отырысының хаттамасында соттың барлық іс жүргізу  әрекеттері оның іске тікелей қатысы бар-жоғына қарамастан көрініс табуға тиіс.

Мәселен, басты сот  талқылауының дайындық бөлімінде бір-қатар  әрекеттер іске тікелей қатысты  емес, дегенмен оларды жүргізген кезде  Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 41-тарауында  көрсетілгендей, белгілі бір реттеу және іс жүргізу нысанын қатаң сақтау талап етіледі.

Сот отырысының хатшысы  жүргізетін сот отырысы хаттама  болып табылмайды. Ол іс жүргізу  нысанымен әзірленген және заңмен белгіленген  тәртіпте хатшы мен төрағалық  етуші қол қойғаннан кейін  ғана хаттама болып есептеледі. Қылмыстық іс жүргізу заңы хаттама жүргізудің мәшіңкелік, немесе компьютерлік әдістерін қарастырады, сондай-ақ хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшін стенография қолданылуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 328-баптың 2-тармағы). Алайда, іс жүзінде көрсетілген норманы орындау үлкен қиындық тудыруда. Өйткені бүгінгі таңда соттарда стенографияны меңгерген хатшылар жоқтың қасы. Оның үстіне Қазақстанда мұндай мамандарды әзірлеу мәселесі әлі он шешімін тапқан жоқ.

Қылмыстық іс жүргізу  заңында стенографиялық жазбалар туралы нақты ештене айтылмаған. Ал, ғылыми әдебиеттерде стенограмма сот хаттамасы ретінде төрағалық етуші мен хатшы салыстыра тексеріп, түзеткеннен және қол қойғаннан кейін ғана іс жүргізу мәніне ие болады деген тұрақты пікір қалыптасқан. Аталмыш тұжырым, қазіргі заманғы іс жүргізу саласындағы ғалым Н.А.Әбдіқановтың пікірі бойынша, сот өндірісінің жалпы талаптарына қайшы келмейді.

Ал енді сот талқылауын машиналық немесе компьютерлік әдістермен қағазға түсіру мәселесіне келер  болсақ, іс жүзінде хатшылар сот  мәжілісінде хаттаманы қолмен жазып, тек отырыстан кейін ғана машиналық немесе компьютердің көмегімен оны ресіпдеп жүр. Хаттаманы әзірлеудің мұндай технологиясы, біздің ойымызша, өте тиімсіз - көп уақыт жоғалту болып табылады.

Шын мәнінде, хатшының хаттама  жүргізуден басқа да міндеттері толып жатыр ғой. Айталық, істерді сот талқылауына әзірлеу барысындағы тиісті жұмыстарды орындау (сұрау салу, хаттар әзірлеу, сотқа шақыру, т.б.); процеске қатысушыларды, куәларды шақыру; істерді қараудың, апталық кестесін жасау және оны аудандық соттың кеңсесіне тапсыру; қылмыстық істерді алдын ала тыңдаудан және басты сот талқылауынан кейін ресімдеу; қарау қорытындысын істерді есепке алу журналына жазу; процеске қатысушыларға Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген мерзімдерде табыс етілуі тиіс сот актілерінің (үкімдердің, қаулалардың, т.б.) көшірмелерін беру; Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңдарына сәйкес қарсылық білдіру құқықтарының бар екендігін түсіндіре отырып, апелляциялық шағымдардың немесе наразылықтардың көшірмелерін процеске қатысушыларға және тараптарға жолдау; сот актілерінің орындау қағаздарының (сот актісінің, орындау қағазының көшірмесін алғандығы жөнінде қолхатты іске тіркеп) көшірмелерін бергендігі, жолдағандығы туралы мәліметтерді көрсете отырып, анықтамалық қағаздарды әзірлеу және аудандық сот торағасының, судьялардың, кеңсе меңгерушісінің және сот әкімшісінің тапсырмасы бойынша басқадай кеңсе жұмыстарын атқару.

Біздің пайымдауымызша, сот мәжілісі хаттамасын жүргізу  әдісін жақсартудың бірден-бір жолы сандық технологияны пайдалану болып табылады. Мысалы, қазір АҚШ соттарында, Украйнаның Жоғарғы сотында, Ресейдің Жоғарғы сотында арнайы стетнотайптық техника қолданылады. Осы қондырғы арқылы хатшы сот мәжілісінің хаттамасын толық көлемде жасай алады. Сот процесін жазып алатын аталмыш «SRS-Fеmida» жүйесі «Соттағы іс жүргізу» кешеніне енеді. Бұл жүйенің ең басты ерекшелігі фонограмма түсіру арқылы сот процесін толық жазу, сот мәжілісінің электронды формулярын жасау, сондай-ақ стенографиялық модульдің (сандық транскрайбер) көмегімен есептердің мәтінін тікелей» аяу болып табылады.

Сот мәжілісінің барысын  жазып алудың ұсынылып отырған әдісі  сот процесінің ашықтығын, толықтығын және айқындығын қамтамасыз етеді. Дәл  осы жағдайда сот мәжілісі хаттамасының толықтығына және дұрыстығына ешкімніңде күдігі болмайды. Киев облысындағы Апелляциялық соттың тарағасы Юрий Ничипоренко «SRS- Fеmida» жүйесі туралы өз ойын былай жеткізеді: «Жүйе өте қарапайым, пайдалануға ыңғайлы, сот мәжілісі хаттамаларын әзірлеу процесін әлдеқайда жеңілдетуге, олардың әділ жазылуына мүмкіндік береді. Сот процесінің аудиожазбасы кез келген фрагменттерді келесі бір сот мәжілістерінде қажет уақытында тез тауып алуға барынша қолайлы».

Осындай жаңа жүйені Қазақстанның сот саласына енгізу, әрине, Процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, сот хаттамасының уақытын үнемдеуге, сот мәжілісі хаттамасының толық және дұрыс жазылуына мол мүмкіндік берер еді.

Сот құжаттары заң  және стилистикалық тұрғыда өте  сауатты әзірленуі тиіс. Дәл осындай  қатаң талап сот мәжілісінің хаттамасына да қатысты. Бір өкініштісі, бұл жөнінде аудандық сотта іс жүргізу туралы заңда да, нұсқаулықта да ештеңе айтылмаған. Дегенмен де, хаттаманың мәтіні анық және түсінікті жазылуы тиіс. Хаттаманы сауатсыз, ұқыпсыз әрі үстірт жазуға жол берілмейді. Мұндай келеңсіздік орыналған жағдайда, төрағалық етуші судья хатшының назарын хаттаманың тіліне, стиліне аударуға мінлетті.

Заңда хаттаманың толық  және дұрыс жүргізілуіне байланысты төрағалық етуші судьяның жауапкершілігі нақты көрсетілмеген. Алайда, хаттаманың мазмұны үкімнің заңдылығымен, негізділігімен тікелей байланысты ғой. Eгep ҚP ҚІЖК 328-бабының 4-тармағында көрсетілген «...хаттамаға сот отырысына төрағалық етуші мен хатшы қол қоюы» деген ережеге сүйенер болсақ, судьяның хаттамаға қол қоюы, оның заңға сәйкес ресімделгеніне келісетіндігін (бақылау жасағанын) көрсетеді емеспе. Өкінішке орай, сот тәжірибесінде хаттамаларға қол қойылмаған жағдайлар да кездеседі. Бұл өз кезегінде, әрине, сот талқылауына сенімсіздік тудырады: «Сот мәжілісінің хатшысы хаттамаға қол қоймағандықтан оның дұрыстығы күдікті».

Заңда белгіленген тәртіпте жазбаша нысанда, соның ішіңде қосымша  техникалық құралдарды (киноға түсіру, бейне және дыбыс жазбасын) қолдана  отырып, жасалатын сот отырысының хаттамасы істерді сотта қарау кезінде дәлелдеу процесінің дұрыс көрініс табуына кепілдік беретін іс жүргізу актісі болып табылады. Техинкалық мүмкіндіктерге келетін болсақ, соттар оларды жеткілікті қаржыландырудың, сондай-ақ арнайы даярланған кадрлардың жоқтығына байланысты пайдалана алмай отыр.

Л.С.Халдеев «...егер бүгінгі  таңдағы техникалық мүмкіндіктерді қолдансақ, онда сот отырысының әрбір  хаттамасы, шынында да, сот процесінің барысын түгелдей бейнелей алар еді  және іс бойынша шығарылатын шешіммен бір мезгілде дайындалар еді. Мұндай жағдайдың, бір жағынан, сот талқылауы барысында судьялардың іс жүргізу нормаларын бұзу фактілерін жоюға, сондай-ақ сот отырысының хаттамасына келтірілген ескертпеден бас тарту туралы шешім қабылдау кезіңде алдын алуға және тәртіптік әсері де болар еді», — деп әділ атап көрсеткен.

Сот отырысы хаттамасының негізгі маңызы оның процеске қатысушыларына, сондай-ақ жоғары тұрған сот сатыларына істі қарау нәтижелері туралы, шығарылған үкімнің заңдылығы мен негізділігі  жөнінде бағалауға мүмкіндік беретіндігінде болып табылады.

Сот отырысының хаттамасы, ең алдымен оған жол берілуі тұрғысынан бағаланады. Ол заңда белгіленген  белгілі бір іс жүргізу нысанын  сақтағанда ғана заңдық маңызға ие бола алады. Сондықтан да хаттаманы  жүргізу және пайдаланудың іс жүргізу сипаты болады.

Хаттамадағы барлық өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді дер  кезінде, ұқыпты жасау керек және оны сот отырысына төрағалық етуші мен хатшының қолдарымен куәландыруы қажет. Осыған байланысты хаттамаға судьяның онымен егжей-тегжейлі таныспай қол қоюына жол берілмейтіндігіне назар аударған жөн, мұндай жағдай тәжірибеде аз кездеспейді. Сот отырысының хаттамасына төрағалық етушінің қол қоюын заң шығарушы бос қағаз бастылық деп емес, оның дұрыстығының негізгі кепілдемесі ретінде қарастырады.

Сот отырысының хаттамасын заңда қатаң реттеу тәртібімен жүргізу  және оның жүргізілуіне процеске қатысушылардың тарапынан белгілі бір бақылау  жасауы істі қарайтын судьялардың жауапкершілігін  арттырады, өйткені сот отырысының хаттамасында көрсетілген соттың барлық іс-әрекеттері мен шешімдері тексерілуі мүмкін.

Сот шешімдерінің заңдылығы  мен негізділігін бірінші сатыдағы соттың зерттеген дәлелдемелерінің негізінде жоғары тұрған сот тексереді.

Егер іске тіркелген  хаттама істі қарау барысыңда  жасалған қорытындылардың негізділігін дұрыс және олардың объективті шындыққа сай екеңдігін бағалауға мүмкіндік беретін болса, онда тексеру нәтижелі болады. Сот тәжірибесінде нашар жүргізілген хаттама, сот отырысында іс жүзіндегі мән-жайлар мен фактілерді толық емес немесе дұрыс көрсетпеген кезде үкімді бұзуға негіз болатын жағдайлар да кездесіп тұрады.

Хаттамалық жaзбaлap - істі бірінші сатыда қарайтын соттар үшін де өте маңызды. Өйткені сот бірнеше  апта, тіпті айлар бойы созылатын  үлкен сот процестері бойынша  сот талқылауы барысында-ақ түрлі мәселелерді дұрыс шешу үшін, сондай-ақ соттың өзін-өзі бақылау құралы ретінде қолданылуы мүмкін істің жеке мән-жайларын бағалау және саралау үшін хатшы жүргізетін сот отырысының хаттамасына жүгінуге мәжбүр болады.

Істі бірінші сатыдағы сотта қарау кезіндегі хаттамалық жазбалар кеңесу бөлмесінде түрлі қаулылар шығару барысында қолданылуы мүмкін және үкімді шығару сәтінде сараланады.

Жоғарыда мазмұндалғандар  басты сот талқылауының толықтығының және объективтілігінің кепілі болатын  маңызды шарт, — ол хаттаманың дұрыс іс жүргізу нысанында дайындалғандығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Сот үкімі