Сот үкімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 13:38, дипломная работа

Краткое описание

Мен өз жұмысымда мынандай мәселелерді қарастырдым: Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде, сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері, сот үкімі, сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары немесе сот үкімінің іс жүргізуге енуі, соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi, үкімді жариялау және өзгерту, үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер және үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар мәселелерін қарастырдым.

Содержание

Кіріспе ......................................................................................................................................5
.
І Сот үкімі – процессуалдық акт ретінде
1.1Сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері. Сот үкімі……………...….7
1.2 Сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары………………………………..27
ІІ Сот үкімінің іс жүргізуге енуі
2.1 Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi………………………….........36
2.4 Үкімді жариялау және өзгерту……………………………………………......38
2.3 Үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер…..................................................................................................................42
2.4 Үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар………………………………………………………………....45
Қорытынды.................................................................................................................55
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................58
Қосымша................................................................................................................ ...60

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_91.doc

— 428.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 391-бабында көзделген тәртіпте жеке айыптау ісі бойынша шағымды  өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы судьяның қаулысы; апелляциялық сатының  сот отырысын тағайындау туралы қаулы (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 408-бабы); сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі істі қарау туралы қаулы (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 515-бабы) жатады.

Аталмыш қаулылар сотта  қылмыстық істердің түрлі санаттары  және материалды қараудың іс жүзіндегі алғы шарттары болып табылады. Мұндай қаулылар Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 299 және 302-баптарының талаптарына сәйкес сот отырысын тағайындау үшін жеткілікті негіздердің бар екендігі туралы қорытынды, сондай-ақ Қазақстан Рсспубликасы ҚІЖК-нің 300-бабында көзделген мәселелерге сай болулары қажет.

Екінші топқа: басты сот талқылауын кейінге қалдыру және іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулылар жатқызылады.

Басты сот талқылауын кейінге қалдыра тұру туралы қаулыны  сот Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 321, 327 336 және 344-баптарына сәйкес мына жағдайларда шығарады:

1)  сот отырысына  шақырылған адамдардың бірінің  кедмеуі салдарынан;

2) жаңа дәлелдемелер  алдыру қажеттілігіне байланысты;

3)  басты сот талқылауында  тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында;

4) сотталушыға айыптау  қорытындысы көшірмесін және  басқа құжаттарды тапсырмаған  немесе уақытылы тапсырылмаған  жағдайда;

5)  іске қатысушы  адамдардың бірі болмауына немесе  оны ауыстыруға байланысты;

6)  сот отырысына  шақырылған қорғаушы, сарапшы және прокурорға қылмыстық іс материалдары мен танысып шығу мүмкіндігі берілуіне байланысты.

Осы айтылған жағдайдын  бәрі сот отырысын кейінге қалдыру, оны сол кезеңде жалғастыру, істің  айғақты мән-жайларын дұрыс анықтау  және процеске қатысушылардың құқықтарын сақтау мүмкін болмағанда, объективті қажеттіліктен туындайды.

Сот отырысын кейінге  қалдырғанда сот келмеген адамдарды  шақыру немесе қажетті дәлелдерді алдыруға шаралар қолданады, сонымен бірге  процеске қатысушыларға оның кейінге  қалдырылғаны, қайта қаралатын күні мен уақыты туралы міндетті түрде хабарлайды. Ал, сот тәжірибесінде басты сот талқылауын белгісіз мерзімге қалдыру жағдайлары жиі кездесіп тұрады, ол қылмыстық іс жүргізу заңнамасын өрескел бұзу болып есептеледі.

Мұнда сот талқылауын кейінге қалдыруды сот отырысының үзілісінен айыра білу керек. Сот отырысында үзіліс жасалғаннан кейін, істі тыңдауға үзіліс жарияланған сәттен бастап жалғастырылады. Сот талқылауын кейінге қалдырған кезде іс бойынша сот отырысының жалғастырылуы немесе қайтадан басталуы мүмкін. Егер келесі отырыста де бұрынғы сот құрамы қамтамасыз етілсе, оны тоқтатылған сәтінен бастауға болады.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 50-бабында көзделген негіздерге сүйене отырып, кодекстің 321-бабының 2-бөлігіне сәйкес іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы шығарылады:

1) сотталушы соттан  жасырынып қалған жағдайда;

2) айыпталушы жүйкесінің  заңда көзделген тәртіпте куәландырылған  уақытша бұзылуы немесе өзге  де ауыр науқастануы;

3)  соттың нақты  қылмыстық істе қолданылуға тиіс заңның немесе өзгеде нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкес еместігін тану не адамның және азаматтың Конституциямен бекітілген құқықтары мен бостандығын шектейтіндігі туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасауы;

4) қылмыстық іс бойынша  одан әрі іс жүргізуге уақытша  кедергі келтіретін тежеусіз  күштің іс-әрекеті жағдайында  анықтаушының, тергеушінің немесе  соттың қаулысымен толықтай немесе  тиісті бөлігінде тоқтатыла тұруы  мүмкін;

5) тиісті сараптама  жүргізілген;

6) осы Кодекстің 55-тарауында  көзделген тәртіппен құқықтық  көмек алуға байланысты іс  жүргізу әрекеттері орындалған  жағдайда анықтаушының, тергеушінің  немесе соттың қаулысымен толықтай  немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла  тұруы мүмкін.

Алайда, істі кейінге қалдырып, оны тоқтатқан кезде сот жаңа сот отырысы басталуының белгілі бір мерзімін белгілей алмайды. Сот іс бойынша өндіріске кедергі келтірген мән-жайлар жойылғанға дейін іс жүргізуді тоқтата тұрады.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 304-бабының 2-бөлігіне сәйкес, іс бойынша іс жүргізу бірнеше айыпталушының біреуіне қатысты қорғануға арналған оның құқығына немесе басқа да айыпталушының құқығына нұқсан келтірмеуі шартымен уақытша тоқтатылуы мүмкін. Оларға қатысты іс жүргізу тоқтатылмаған айыпталушылар қамауда болған және судья оларға бұлтартпау шарасын өзгертуді мүмкін деп таппаған жағдайда іс жүргізу отыз тәуліктен аспайтын мерзімге тоқтатылуы мүмкін. Егер осы уақыт ішінде айыпталушылардың біреуіне қатысты іс жүргізуді уақытша тоқтатуға негіздер жойылмаса, онда басқа айыпталушыларға қатысты іс жүргізу жаңартылуы және басты сот талқылауының күні белгіленуі тиіс.

Үшінші топқа: қылмыстық істі қосымша тергеу үшін қайтару және қылмыстық істі тоқтату туралы, сондай-ақ қылмыстық істі соттың қарауына жіберу жөнінде қаулылар жатады.

Сот басты сот талқылауы  сатысында қылмыстық істі сот  талқылауына дайындау барысында  осындай шешім қабылдауға көзделген  негіздер бойынша қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу туралы қаулы  шығарады (ҚР ҚІЖК-нің 303-бабы).

Ондай шешім қабылдау негіздері басты сот талқылауы басталғанға дейін де, сонымен бірге сот тергеуі барысында да немесе аяқталғаннан кейін де анықталуы мүмкін.

Істі қосымша тергеуге жібергенде басты сот талқылауы  аяқталады, сол арқылы сот отырысында тұлғаға бұрын тағылған айыпты қарастыру туралы сот шешімінің күші жойылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 323-бабының 2-бөлігіне сәйкес, іс қосымша тергеу аяқталғаннан кейін сотқа келіп түскен кезде сот отырысын тағайындау мәселесі жалпы тәртіппен шешіледі.

Сот талқылауы істі тоқтату  туралы қаулы шығарумен аяқталуы мүмкін, егер талқылау барысында Қазақстан  Республикасы ҚІЖК-нің 37-бабының    1-бөлігі 3-12-тармақтарында көзделген  мән-жайлар анықталса, сондай-ақ Қазақстан  Республикасы ҚІЖК-нің 317-бабының 6-бөлігі ережелеріне сәйкес айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда, іс басты сот талқылауында Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 38-бабының 1-бөлігіңде көзделген негіздер бойынша да тоқтатылуы мүмкін. Яғни, сот Қазақстан Республикасының ҚІЖК-інің 38-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көзделген ақтамайтын жағдайлары бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық істі қысқартуға құқылы.

Жеке айыптау істері және жеке-жариялы айыптау істері, яғни жәбірленушінің шағымы бойынша қозғалатын істер ондай шағым болмаған жағдайда қысқартылуға жатады.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 33-бабында көзделген қылмыс туралы істер жеке айыптау істері болып есептеледі, іс жәбірленушінің арызы бойынша қозғалады және тараптар білімге келген жағдайда іс тоқтатылады.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 34-бабында көзделген қылмыс туралы істер жеке-жариялы істер  болып есептеледі, іс жәбірленушінің арызы бойынша қозғалады, Қазақстан  Республикасы ҚІЖК-нің 67-бабында бекітілген жағдайларда, яғни жәбірленушінің айыпталушымен бітімге келгеніңде іс тоқтатылады.

Сот талқылауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 306-бабында көзделген жағдайларда аяқталуы мүмкін: ««егер судья істің өзі соттауына жатпайтынын анықтаса, онда ол мұндай шешімнің заңдық негіздерін келтіре және іс жолданатын сотты көрсете отырып, істі соттың қарауына жататындығы бойынша жіберу туралы қаулы шығарады, ол туралы процеске қатысушыларға хабарлайды».

Төртінші топқа: тергеу іс-қимылдарын жүргізу үшін сот отырысында шығарылатын алып келу туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе тоқтату туралы, қарсылық білдіру туралы өтініштерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы, қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы, мүлікке тыйым салу туралы қаулылар жатады.

Басты сот талқылауы  барысында ең кең таралған тергеу әрекеттерінің бірі - сараптама тағайындау, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 354-бабына сәйкес сот тараптардың өтініші  бойынша немесе өз бастамасымен сараптама  тағайындауға құқылы. Сараптама тағайындау туралы қаулы Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 325-бабына сәйкес кеңесу бөлмесінде шығарылады және жеке құжат түрінде жазылады. Өзге қаулылар соттың қалауынша не Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 360-бабында көрсетілген тәртіппен, не сол орында — сот отырысы залында қаулыны сот отырысының хаттамасына енгізе отырып шығарылады.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 315, 322-баптарында көрсетілген  мән-жайлар болса, сот айыпталушыны келтіруге, сондай-ақ оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы. Сот сотталушыны еріксіз келтіру туралы қаулы шығарумен қатар, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 75-бабы 9-бөлігінің негізі бойынша жәбірленушіге де, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 82-бабына сәйкес куәгерге де қатысты қаулы шығара алады.

Сот Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 11-тарауына орай, өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуден шеттету туралы мәлімделген қарсылық білдірулер мен өтініштерді шешуге немесе адамның қылмыстық процеске қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар анықталған кезде тиісті қаулы шығару арқылы өз бастамасына сай оны іс бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттетуге құқылы. Сот талқылауына қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сот Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 99, 100 және 101-баптарына сәйкес, процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қаулы шығарады.

Сот отырысы залында  қоғамдық тәртіпті бұзған, не сотты  сыйламаушылық байқалған жағдайда қылмыстық істі қараушы соттың (судьяның) қаулысымен кінәлі адамға әкімшілік  заңдарында көзделген жаза шаралары қолданылуы мүмкін.

Үкімде азаматтық талап, басқа да мүліктік жaзaлap немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеу бөлігінде  орындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 161-бабына сәйкес сот мүлікке тыйым салу туралы қаулы шығаруға құқылы.

Бесінші топқа: ерекше сипаттағы сот қаулылары жатады. Олар Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 387-бабында көрсетілген жеке мән-жайларға байланысты соттың реакциясын білдіреді, яғни оңда мемлекеттік органдардың немссе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын аударатын басты сот талқылауы барысында анықталған және қарастырылатын іске қатыссыз мән-жайлар жатқызылады. Сондықтан олар жеке қаулылар деп аталады. Сондай-ақ сот Қазақстан Республикасы ҚІЖК 59-бабының 4,5-бөліктерінде көрсетілген негіздер бойынша қадағалау сатысында істерді қарау кезінде жеке қаулы шығаруға құқылы. Сот өзінің жеке қаулыларымен мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын іс бойынша анықталған заңның бұзылу фактісіне, қылмыс жасауға себепті болған азаматтардың құқықтарын бұзу, қызметтік не азаматтық борышын бұзуына, сондай-ақ азаматтық немесе қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен жоғары саналылығы, ерлігі туралы жағдайларға аударады.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 387-бабында жеке қаулы бойынша бір ай мерзімнен кешіктірілмей қажетті шаралар қабылдануы және оның нәтижелері туралы жеке қаулы шығарған сотқа хабарлануы тиіс екендігі айтылған. Алайда заң осының орындалуына ешқандай кепілдік қарастырмаған. Сол себепті, жеке қаулысына жауап ала алмаған сот бұл жөнінде қайта-қайта ескертпелер жасауға мәжбүр болады. Өйткені жеке қаулысы жауапсыз қалған соттың бар қолынан келері - жоғары сатыда тұрған сотқа соттың жеке қаулысын орындауға жете көңіл бөлмеген жауапты қызметкердің үстінен шағым айту ғана.

Сондықтан Қазақстан  Республикасының Жоғарғы Соты өзінің «Соттардың қылмыстық істер бойынша  жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы»  нормативтік қаулысында (№11,2003 жылдың 19 желтоқсан) былай деп көрсетті: «Лауазымды тұлға жеке қаулыны қараусыз қалдырса немесе онда көрсетілген заң бұзушылықты жою жөнінде шара қабылдамаса, онда ол жеке қаулыға өз уақытында жауап қайтарылмағанға теңестіріледі, соған сәйкес сот төрағасы немесе іс бойынша төрағалық етуші Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай - ӘҚБтК) 636-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жазу үшін сот қызметкеріне нұсқау беруге құқылы, яғни ҚР ӘҚБтК-нің, 541-бабына сай бұл әкімшілік іс сотта қаралуға тиіс. Осы фактілерді куәландыратын қажетті құжаттардың қосымшасымен, ӘҚБтК-нің 42-тарауына сәйкес артықшылықтары және әкімшілік жауаптылықтан қорғанышы бар адамдарды әкімшілік жауапқа тарту ерекшелігін ескере отырып, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 35-бабының ережесі бойынша адамдардың әкімшілік жауапкершілікке тартылуы шешілетін жағдайды санамағанда, тиісті аумақтағы сотқа жіберіледі.

Сонымен бірге, Қазақстан  Республикасы ҚІЖК-нің 183-бабының                       4-бөлігіне орай, сот қылмыстық, азаматтық  немесе әкімшілік істі талқылау кезінде кылмыс белгілсрін байкағанда ол туралы жеке қаулы ретіндс прокурорға хабарлауға міндетті.

Алтыншы топқа: апелляшялық сатыдағы сот шығаратын қаулылар жатады. Қазақстан Рсспубликасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысына (№13, 2003 жылдың 19 желтоқсаны) сәйкес, апелляциялық сатының өкілеттіктерін жүзеге асыру жөніндегі барлық іс-әрекеттер қаулымен ресімделеді. Жәбірленушіден, куәлардан жауап алу кезінде сот хатшысы хаттама жүргізеді.

Сот істі апелляциялық тәртіппен  қараудың нәтижесінде Қазақстан  Республикасы ҚІЖК-нің 411-бабына сәйкес өз қаулысымен мынадай шешімдердің  бірін қабылдайды:

1) үкімді, қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты  қанағаттандырусыз қалдырады;

Информация о работе Сот үкімі