Жеке тұлға - халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 14:19, курсовая работа

Краткое описание

Мақсат пен зерттеудің пәні келесідей тапсырмаларды шешуді болжайды:
- «халықаралық қылмыстық құқықты бұзу» түсінігіне қандай әрекеттер жататынын орнату;
- индивидтердің халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік институтының генезисін зерттеу;
- қандай халықаралық қылмыстық құқық бұзушылықтар халықаралық дәрежеде жеке жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін немес әкеп соғатынын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаупкер.docx

— 142.51 Кб (Скачать документ)

Әскери  қылмыстар мен адамзатқа қарсы  қылмыстар анықтамасына маңызды  және мәнді толықтыру ретінде  1973 жылы 3 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 2187 пленарлы отырысында қабылданған «әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін кінәлі тұлғаларды жазалау, беру, қамау, табуға қатысты халықаралық ынтымақтастық қағидасын» жатқызуға болады. Осы аталған құжат барлығы 9 қағидадан тұрады:

  1. әскери қылмыстар және адамзатқа қарсы қылмыстар қайда және қашан жасалғанына қарамастан тергеуге жатады, ал осындай қылмыстарды жасағаны туралы дәлелі бар тұлғаларға іздеу салу, қамау, оларды кінәлі деп таныған жағдайда соттық жауапкершілікке тарту және жазалау;
  2. әрбір мемлекет өз азаматын әскери қылмыстар үшін немесе адамзатқа қарсы қылмыстар үшін соттау құқығына ие;
  3. мемлекеттер әскери қылмыстар, адамзатқа қарсы қылмыстарды алдын алу үшін және бұлтартпау мақсатынада бір бірімен екі жақты және көпжақты негізде ынтымақтастықты жүзеге асырады және осы мақсатта қажетті ішкі және халықаралық шаралар қабылдайды;
  4. мемлекеттер осындай қылмысты жасағаны үшін  сезікті тұлғаларды табу, қамау және сотқа тарту мақсатында және кінәлі деп таныған жағдайда жалпы ережеге сәйкес осы қылмыс жасалған мемлекетте жазалау. Осыған сәйкес мемлекеттер осындай тұлғаларға байланысты мәселелерге қатысты ынтымақтастықты жүзеге асырады;
  5. әскери қылмыстар және адамзатқа қарсы қылмыстар жасағаны туралы дәлелдемелері бар тұлғалар соттық жауапкершілікке тартылуға жатады, ал оларды кінәлі деп таныған жағдайда жалпы ережеге сәйкес мемлекеттер осындай тұлғаларға байланысты мәселелерге қатысты ынтымақтастықты жүзеге асырады;
  6. мемлекеттер жоғарыда 5 пункте аталған тұлғаларды соттық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін тергеу материалдары мен ақпараттарды жинау істерінде бір бірімен ынтымақтастықты жүзеге асырады және осындай ақпараттармен алмасады;
  7. 1967 жылы 14 желтоқсандағы аумақтық УБЕЖИЩЕ туралы Декларацияның 1 бабына сәйкес мемлекеттер бейбітшілікке қарсы қылмыс жасады деуге толық негіз бар тұлғаға қатысты убежище бермейді;
  8. мемлекеттер әскери қылмыс және адамзатқа қарсы қылмыстар үшін кінәлі тұлғаларды табу, қамау, беру және жазалауға қатысты өз мойындарына алған халықаралық міндеттемелерге зиян келтіруі мүмкін заңшығарушылық немесе өзге де шараларды қабылдамайды;
  9. әскери қылмыстар және адамзатқа қарсы қылмыстар жасағаны туралы дәлелдемелер бар тұлғаларды табу, қамау және беру мақсатындағы және кінәлі деп таныған жағдайда, оларды жазалауда мемлекеттер БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен достық қатынастарға қатысты халықаралық құқық қағидалары туралы Декларация ережелеріне сәйкес әрекет етеді [22].

Жалпы индивидтердің  халықаралық қылмыстық құқықты  бұзғаны үшңн жауапкершілікті көздейтін  негізгі қайнар көздердің дамуына  халықаралық трибуналдардың Жарғылары, олардың үкімдері үлкен рөл атқарады. Жоғарыда атап өткендей Нюрнбергтегі Халықаралық әскери трибуналдардың үкімдерінде және Жарғысында қылмыстық  құқық аясындағы халықаралық  қылмыстар түсіндіріліп, жеке тұлғалардың  оларды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілігі қалыптасты. Нәтижесінде 1946 жылы 11 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясында халықаралық құқықтың қағидасы ретінде танылып, 1949 жылғы Женева конвенцияларында және 1977 жылғы І Қосымша хаттамада бекітілді [3].

 

 

2.1 Әскери қылмыстар жасаған жеке тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту қағидалары

 

Халықаралық гуманитарлық құқық халықаралық  қылмыстар мен халықаралық сипаттағы  қылмыстарды бұлтартпаудың жалпы  жүйесінде ерекше орынға ие. Ол халықаралық  гуманитарлық құқықтың нормаларын бұзғаны  үшін жауапкершілікті көздейтін  қылмыстарды бұлтартпаудың өзіндік  жүйесіне ие [51]. Халықаралық гуманитарлық құқықтың пайда болу уақытымен қатар оның шегінде соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзумен байланысты жасалған әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелерін реттейтін нормалар мен қағидалар қалыптаса бастады. Халықаралық гуманитарлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке тұлғалардың жауапкершілік институты (аталған құқықбұзушылық әскери қылмыстар деген атуға да ие), оны жүзеге асыру механизмі осы құқық саласының кодификациялау шегінде үнемі дамып және күрделеніп отырды; оларда осы процестің барлық қиындықтары мен жетімтіктері көрініс тапты.

Халықаралық гуманитарлық құқықты қоса алғанда халықаралық нормативтік жүйесінің сипатты белгісі ондағы қағидалар жинағының болуымен көрініс табады. Ертеректе қарастырылған қағидалармен қатар халықаралық гуманитарлық құқықта әскери қылмыстар жасағаны үшін жеке тұлғалардың жауапкершілік мәселесін халықаралық және мемлекетішілік дәрежеде реттейтін нақты халықаралық-құқықтық нормалар жинағының құқықтық сипатын анықтайтын ереркше қағидалар да бар. Олардың маңыздырақтарын қарастырып өтейік [22].

Әмбебап юрисдикция қағидасы. Азаматтығы мен  қылмыс жасалған орынға қарамастан, оларды жасағаны үшін айыпты тұлғаларды қылмыстық  жауапкершілікке тарту әскери қылмыстарды  бұлтартпаудың маңызды элементі болып табылады. Бұл өз кезегінде  осы тәріздес әрекеттерге әмбебап  юрисдикция қағидасын тарату арқылы мүмкін болады [2].

Әмбебап юрисдикция деп қылмыс жасаған тұлғаның азаматтығына және жасалған орынға қарамастан халықаралық құқықпен қылмысты деп  танылған әрекеттерге мемлекеттің  қылмыстық юрисдикциясы таратуды айтады. Ертеректе бұл қағида тек қарақшылық пен құл сатушылыққа қатысты  қолданған болса, қазіргі таңда  әскери қылмыстарды қоса алғанда  бірқатар халықаралық қылмыстар  мен халықаралық сипаттағы қылмыстарға  өз әрекетін таратады.

Әмбебап юрисдикция қағидасын жүзеге асыру  үшін негіз халықаралық шарттарда  да, кәдімгі құқықта да кездеседі  [3].

1949 жылдың барлық төрт Женева конвенциялардың 49, 50, 129, 146-баптарында «Әр Жоғарғы Келісуші Тарап құқық бұзушылықты жасаған немесе жасауға бұйрық берген айыпталушы тұлғалардың азаматтығына қарамастан оларды іздестіруге және оларды өз соттарына беруге міндеттенеді. Егер өз заңнамасының ережелеріне сәйкес айыпталушыларды мүдделі Жоғарғы Келісуші Тараптардың сотына беруге құқылы, егер сол Жоғарғы Келісуші Тарап осы тұлғаларды айыптауға негіз болатын дәлелдемелер ұсынса».

Жоғарыда  келтірілген ережелерге сәйкес құқықбұзушылық жасағаны үшін айыпты адамдарды іздестіруге  міндетті және оларды өз соттарына  немесе өзге мүше мемлекеттің соттарына  азаматтығына қарамастан беруге міндеттенеді. Женева конвенциялары құқық бұзушылық  жасалған орыннан юрисдикция тәуелсіздігін  қарастырмағанмен, олардың талқылауы  әмбебап юрисдикцияны мойындады. Сондықтан, 1949 ж Женвеа конвенциялары шарттық құқықта әмбебап юрисдикцияның алғашқы мысалы болып табылды. Сонымен қоса, 1949 ж Женева конвенциялары міндетті әмбебап юрисдикцияны тек маңызды құқық бұзушылықтарға қатысты қолданылады [4]. 

Қазіргі таңда осындай құқық бұзушылықтар әскери қылмыстар болып саналатындықтан, ол доктринада, ұлттық заңшығармашылықта, халықаралық трибуналдар мен  ұлттық сот тәжірибелерінде бекітіліп  және танылған. Мұндай құқық бұзушылықтар факультативті әмбебап юрисдикцияға жатады. Мысал ретінде бұрынғы  Югославия бойынша Халықаралық  трибуналдың Тадич ісі бойынша  шығарылған шешімін келтіруге болады: 1949 ж 12 тамызынан Женева конвенциялары мен 1977 ж 8 маусымдағы І және ІІ Қосымша хаттамаларындағы маңызды бұзушылықтарды бұлтартпау туралы 1993 ж 16 маусымдағы бельгия заңы; Азербайжан Республикасы мен Белорусия Республикасының қылмыстық кодекстері; халықаралық емес сипаттағы қарулы қақтығыс жағдайында әмбебап юрисдикцияны қарастыратын Нидерланд заңнамасы туралы 1996 ж Арнхема Әскери палатасының шешімі; Женева конвенциялары мен ІІ хаттамалардың жалпы 3-бабында айтылған бұзушылықтар жағдайында әмбебап юрисдикцияларды көздейтін Швейцарияның Әскери қылмыстық кодексінің 109-бабына сәйкес Швейцария сотының позициялары[10].

Дегенмен  әмбебап юрисдикциясы қағидасының  тарау тенденциясы осы халықаралық-құқықтық актілерде арнайы жарғысы бар Женева конвенциялары мен І Қосымша хаттамалардағы маңызды бұзушылықтарға қатысты ғана емес, сонымен қоса халықаралық гуманитарлық құқықтың шұғыл дамуы мен кодификациялау процесінде орын алғанын мойындау қажет. Бұл тенденция 1998 ж Рим статуты мен 1954 ж Гаага конвенциясына 1999 ж 26 наурыздағы ІІ Хаттаманы қабылдауда көрініс тапты.

Әмбебап юрисдикцияны кеңейту үрдісі 1954 ж қарулы қақтығыс жағдайында мәдени құндылықтарды қорғау туралы Гаага конвенциясына Хаттаманың 16 бабының, 1 тармағының, с тармақшасында бекітілген болатын. Бұл ереже осы шарттың 15 бабында көзделген қылмыстарға қатысты юрисдикцияны орнату үшін қажетті әр тарап 2 тармақ үшін зиян келтірмейтін заңды шаралар қабылдауды орнатады.

Ескіру  мерзімін қолданбау қағидасы. Әскери қылмыстар үшін ескіру мерзімін қолданбау  және адамзатқа қарсы қылмыстарға  ескіру мерзімін қолданбау туралы Конвенция  қабылданғанға дейін халықаралық  құқықта ескіру мерзімін қолдану  туралы мәселе қозғалаған жоқ. Нюрнберг халықаралық әскери трибуналының Жарғысында да, 1949  ж Женева конвенциясында да (кейінірек І Қосымша хаттамада да) мұндай ереже болған жоқ [6].

1968 ж  26 қарашасынан бастап адамзатқа қарсы қылмыстар үшін және әскери қылмыстар үшін ескіру мерзімін қолданбау туралы Конвенция осы қағиданы бекіткен алғашқы халықаралық шарт болып саналады. Осы конвенцияның І бабы келесіні бекітті.

Жасалған  мерзіміне қарамастан келесідей  қылмыстарға ешқандай ескіру мерзімі  қолданбайды:

а) 1945 ж 8 тамызынан бастап Халықаралық нюрнберг әскери трибуналының Жарғысында анықталып және 1946 ж 13 ақпандағы 3 (І) және   1946 ж 11 желтоқсандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 95 (І) резолюцияларымен расталып, сонымен қатар 1949 ж 12 тамыздағы соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенциясында тізілген «маңызды бұзушылықтар» ретіндегі әскери қылмыстар;

б)   1945 ж 8 тамызынан бастап Халықаралық Нюрнберг әскери трибуналының Жарғысында анықталып және 1946 ж 13 ақпандағы 3 (І) және   1946 ж 11 желтоқсандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 95 (І) резолюцияларымен, апартеид саясатының салдары болып табылатын қарулы шабуыл кезінде қудалану немесе басып алу немесе адамгершіліксіз әрекеттер, сонымен қатар геноцид әрекеттері орын алған мемлекеттің ішкі заңнамасын бұзбаған болса да, геноцид қылмысын алдын алу және ол үшін жазалау туралы 1948 ж конвенцияда анықталатын геноцид қылмыстары сияқты адамзатқа қарсы қылмыстар [38].

Қажетті шараларды қабылдамағаны үшін басшының жауапкершілік қағидасы. Басшының қажетті  шараларды қабылдамағаны үшін жауапкершілік  қағидасы оның қоластындағылардың әскери қылмыстарды жасауды болдырмау  немесе алдын-алу үшін шаралар қолданбағанын білдіреді. Осы қағида мазмұнын халықаралық гуманитарлық құқықтың бірқатар ережелерін сараптамадан өткізу арқылы орнатуға болады. 1907 ж жер соғысының дәстүрлері мен заңдары туралы Гаага ережелерінің 1 бабында жазылған және 1977 жылғы І Қосымша хаттаманың 43 бабының 1 тармағында жазылған ережелердін бірін қарастырар болсақ, қарулы күштер  «өз қоластындағылардың тәртібі үшін жауапты тұлғаның басшылығында» болуы қажет екенін көздейді. 1949 жылғы ІІІ Женева конвенциясының 39 бабында да жеке міндеттеме ретінде әскери тұтқындарға арналған лагерьге жауапты тұлғалардың жауапкершілігін атап өтеді. өз қоласындағыларының қарулы қақтығыс құқықғын бұзуға жол берген, және де өз әрекетін ақтамаған жағдайда басшы жауапкершілікке тартылады деген түсінік шарттық құқықта жаңадан кездеспейді. Басшының міндеттері І Қосымша хаттаманың 86 бабының 2 тармағында қалыптасқан: «осы Конвенцияны немесе осы Хаттаманы бұзу бағыныштағы адаммен жасалғаны туралы факті басшыны қылмыстық және дисциплинарлы жауапкершіліктен босатпайды» [10].

Басшының  қажетті шараларды қабылдамағаны  үшін жауапкершілік қағидасының  одан әрі дамуы Рим статутында жалғасын тапты. Рим статуның 28-бабында оның мазмұнын ашып көрсететін келесідей ережелер бар:

«Соттың юрисдикциясына жататын қылмыстар  үшін осы Статут бойынша қылмыстық  жауапкершіліктің өзге де негіздеріне  толықтыру ретінде:

а) өзінің қол астындағы күштерге қажетті  бақылауды жүзеге асырмау салдарынан оның билігіндегі немесе бақылауындағы  жағдайларға байланысты не болмаса  оның бұйрығында немесе бақылауында  болатын күштермен жасалған, Сот  юрисдикциясына жататын қылмыстар  үшін әскери басшы немесе әскери басшы  ретінде әрекет етуші тұлға қылмыстық  жауапкершілікке тартылады, егер:

i) осындай әскери басшы немесе осындай тұлға қол астындағы кұштері осындай қылмыс жасауға ұмтылғанын немесе жасағаны білді немесе сол кезде қалыптасқан жағдайға байланысты білуге тиіс болса;

іі) осындай  әскер басшысы немесе осындай  тұлға оларды жасауды бұлтартпау немесе алдын алу үшін оның өкілеттілігі шегінде барлық қажетті және қолжетерлік  шараларды қабылдамады, не болмаса  қылмыстық ізге түсу және тергеу әрекеттерін  жүргізетін құзырлы органдарға осы  мәселені бермегені үшін;

б) өзінің қол астындағы күштерге қажетті  бақылауды жүзеге асырмау салдарынан оның билігіндегі немесе бақылауындағы  жағдайларға байланысты не болмаса оның бұйрығында немесе бақылауында болатын күштермен жасалған, Сот юрисдикциясына жататын қылмыстар үшін (а) тармағында жазылмаған басшы мен бағынушының арасындағы қатынастарға қолданылады, егер:

і) басшы  бағынушылардың осындай қылмыс жасауға  ұмтылғанын немесе жасағанын білген немесе осыған меңзеген ақпараттарды қасақана елемегені үшін;

іі) қылмыстар  басшының бақылауы мен жауапкершілігіне жататын қызметіне байланысты жасалса; басшы оларды жасауды бұлтартпау немесе алдын алу үшін оның өкілеттілігі шегінде барлық қажетті және қолжетерлік  шараларды қабылдамады, не болмаса  қылмыстық ізге түсу және тергеу әрекеттерін  жүргізетін құзырлы органдарға осы  мәселені бермегені үшін» [39].

Егер  таңдау фактілі мүмкін болған жағдайда, оның өз үкіметі немесе басшысының қылмыстық бұйрығын орындағаны үшін тұлғалардың жауапкершілігі қағидасы. Егер таңдау фактілі мүмкін болған жағжайда оның өз үкіметі немесе басшысының қылмыстық бұйрығын орындағаны үшін тұлғалардың жауапкершілігі қағидасы қылмыстық жауапкершіліктің қағидасы ғылыми доктринада ең күрделі және әртүрлі түсіндірілетін қағидалардың бірі. Көбіне бұл бір жағынан заңсыз бұйрықтарды орындауға жол бермеу, екінші жағынан бағынбаудың тізімі мен дисциплинаны қамтамасыз ету  қажеттілігі арасындағы  тепе теңдікті табуға ұмтылумен түсіндіріледі. Доктринада осы мәселені шешудің үш негізгі  түрі бар. Біріншісі, бағынушының жоғарғы  басшысының (командир) бұйрығы бойынша  әскери қылмыс жасағаны үшін бағынышты  адамның жауапкершілігін танымау. Доктринада ол «жоғарғы тұрғандардың жауапкершілігі» деген атауға ие. Екіншісі, қылмыстық бұйрықты орындаған  тұлғалардың міндетті жауапкершілігі. Ал соңғысы яғни үшіншісі, «шектеулі  жауапкершілік теориясы» қылмыстық  бұйрықты кейбір ескертпелер арқылы орындаған тұлғалардың жауапкершілігін  танудан тұрады. Бұл позициялардың  мәні бұйрықтың заңсыздығы туралы мәселені қарастыру кезінде жазалауды  жеңілдету немесе азайту мүмкіндігіне алып келеді. Қазіргі таңда бірінші  түр тәжірибеде қолданылмайды, бірақ  бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық  трибунал оны қайта жандыандыру  мүмкіндіктерін қолданылғаны мәлім. Көбіне осындай теоретикалық аспектілер қарастырылып отырған қағиданың дамуын ұлттық және халықаралық құқықта анықтайды.

Информация о работе Жеке тұлға - халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі ретінде