Адвокат в уголовном и гражданском процессах

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 20:24, реферат

Краткое описание

Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін дербес мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқық негіздері қайта қаралып, жаңалап құру қажеттігі туды. Осы жолда қыруар жұмыстар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік басқару, экономика, әлеуметтік – саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жорықтар қабылданып іске асырылуда. Заңдарды тиянақты және қолайлы жасауға заңгер – ғалымдар мен заңгер практиктер қатысып, олар халықаралық ұйымдар мен шетел мамандардың беделді сарапшылықтарынан өткен болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата Заңы бұған дәлел.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімі 12 бапқа сәйкес адамдар құқықтары мен (міндеттерін) бостандықтарына кепілдік беріледі және танылады деп айтылған.

Содержание

Кіріспе
І. Адвокатура курсының ұғымы, пәні және міндеттері
ІІ. Адвокаттық қызметі
ІІІ. Адвокаттың мәртебесі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

контрольная по адвокатуре.doc

— 102.00 Кб (Скачать документ)

Жалпы азаматтың отбасылық, тұрғын үй, еңбек және әкімшілік  заңдарымен реттелетін қатынастардың күрделілігі, сондай-ақ, азамат өзінің субъективтік құқықтарын толық жүзеге асыру  және қорғау үшін заң нормаларын, оларды қолдау тәртібін тиісті дәрежеде білмеу кәсіби заңгер – адвокаттық билік көмегін сұрауға итермелейді2. Ал адвокат заңда көрсетілген барлық құралдар мен әдістерді қолданып, азаматтың құқықтары мен мүддлерін қорғаудың ең тиімді жолдарын таңдап, сапалы заң көмегін көрсетуге тырысады және ол оның басты міндеті болып табылады. Атап айтқанда, адвокаттар – заң сұрақтары бойынша, кеңестер беру, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар мен азаматтардың тапсырмасы бойынша сотта өкілдік ету, азаматтық істер бойынша сот өндірісіне талапкердің жауапкер және басқа да тұлғалардың өкілі ретінде қатысуы сияқты басқа да заң көмегін көрсетуді соның ішінде заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын дайындау, шарт жасау және т.б.

 

Адвокаттың мәртебесі

 

Адвокат – міндетті түрде адвокат алқасының мүшесі болып табылатын және Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңының нормаларымен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.

Адвокат алқасының мүшесі болу үшін жоғары заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы екі жылдан кем емес және адвокаттық қызметі жүзеге асыру құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы мүше бола алды.

Қазақстан Республикасының Президентінің “Лицензиялау туралы” Заң күші бар Жарлығында айтылғандай: “Азаматтарға қызмет көрсетуге байланысты мынадай қызмет түрлері лицензиялауға жатады: мемлекеттік емес суъектілердің із кесу (детективтік) және күзет қызметіне, адвокаттық қызметке байланысты заң қызметін көрсету”2.

Адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны әділет біліктілік алқасының ұсынымы негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі береді. Берілген лицензия негізгі тұрақты болып табылады және оның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

Адвокатқа лицензия біліктілік емтиханын тапсырған жағдайда беріледі.

Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия мынадай тұлғаларға берілмейді:

    1. қасақана жасаған қылмысы үшін сотталған тұлғаға;
    2. жазасын өтеп жатқан тұлғаларға;
    3. алкаголь мен есірткі заттарды пайдалануы нәтижесінде тиісті тәртіппен әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған тұлғаларға;
    4. лицензия алу үшін біліктілік емтиханын тапсырмаған тұлғаларға;
    5. кәсіпкерлік қызметпен айналысатын немесе қандай да ақы төленетін қызмет түрімен айналысатын тұлғаларға;
    6. заңмен көзделген т.б. жағдайларда.

Адвокаттың көмекшілері мен тағлымдамалардан өтушілер, болуы мүмкін.

Адвокаттың көмекшілері еңбек шартының негізінде заң

консультациясында, адвокат кеңесінде немесе адвокаттық қызметпен

жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс істейді.

Көмекшілері адвокатың барлық тапсырмалары мен бұйрықтарын орындауға құқылы болып табылады.

        Жоғары заң  білімі бар азаматтар авокаттық  тағлымдамадан өтушілер деп атайды. Бұл тағлымдама туралы шарттардың  негізінде адвокатта тағлымдамадан  өтеді.

Адвокаттың құқықтары:

Адвокат алқаларының мүшелеріне құқықтар мен міндеттер берілген. Адвокат алқасының мүшелерінің құқықтары 2 топқа бөлінеді.

Бірінші топқа – адвокат алқаның  мүшесі екендігін көрсететін құқықтар.

     Екінші топқа –  қылмыстық бойынша қорғаушы және  азаматтық іс бойынша өкіл ретінде адвокаттық кәсіби құқықтары жатады1.

Адвокат алқа мүшесі ретінде:

  • Адвокаттар алқасының органдарына сайлануға және сайлауға;
  • Адвокаттар алқасы органдарына алдына алқа қызметіне қатысты мәселелер қоюға, алқа мен оның оргындарының жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
  • алқа органдары оның қызметі немесе мінез-құлқын тексерген және талқыланған барлық жағдайларда өзі қатысуға;
  • өз бастамасымен алқа құрамынан шығуға құқығы бар.

Адвокат, қорғаушы немесе өкіл ретінде мынадай әрекеттер жасауға құқылы:

  • Заң көмегін көрсету үшін қажет нақты мәліметтерді дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;
  • Көмек сұрап келген адамға қатысты материалдармен танысуға және оларды ақпаратты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген тәсілдермен белгілеп алуға;
  • заңдарға қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы2.

Адвокаттың міндеттері:

Адвокат заң талаптарын сақтауға міндетті және көмек сұрап өтініш жасаған адамның келісімінсіз оларды жария етуге  құқығы жоқ және т.б.

Мемлекет өз кезегінде адвокаттарға заң бойынша, қойылған талаптарды орындалуын қамтамасыз ету үшін белгілі-бір шараларды қолданады, яғни құқық қоргау органдарында және әділет органдарында белгілі-бір өкілеттікті беру арқылы құқықтық қызмет пен халыққа заң көмегін көрсету аясындағы қызметі құқықтық тұрғыда реттейді. Осылайша, реттеудің мақсаты болып, құқықтық көмек көрсету рыногын жоғары, сапалы құқыққорғау қызметімен толтыру болып табылады.

Қылмыстық және азаматтық істер бойынша сотқа қатысудан басқа адвокат азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді, бірлестіре отырып ұйымдарға, мекемелерге, кәсіп орындарға берген сауалдарына заңды негізге ала отырып, консультациялық кеңес береді. Осы консультациялық кеңес негізінен туындап тұрған дауды бастамас бұрын талап арызды қалай керек екендігін, әкімшілік, әлеуметтік саяси тұрғыдан еңбек қатынастарының барысында туындаған даулы сауалдардың дұрыстығын анықтауға адвокат осы жұмыс арқылы ашып береді1.

Консультациялық жұмыс адвокаттардың қызметтерінің бір түрін көрсетеді. Заң көмегін қамтамасыз етеді. Мысалы: бір қызметкерлерді жұмыстан заңсыз түрде шығарып тастады, осы заңдылықты шешіп, әшкерлеу барысында адвокат қыруар жұмыс жасап айқындайды:

Біріншіден, заңды көмек сұрап келген қызметкер ауруханада емделген бе, емделсе қай уақыт аралығында. Жұмыстан шығарып жіберу қағазы қашан жазылған, алдын-ала қызметкерге жұмыстан қудаланатындығы туралы ескертіледі ме деген сауалдарға жауап іздеп дауды дұрыс шешілуіне адвокат өзінің кеңесі арқылы көмек береді. 

Конституциялық қызметті адвокаттар басты жағдайларда заң консультацияларда жүргізеді. Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы ” Заңында заң консультациясын құру тәртібі бар.

  1. Заң көмегін көрсету жөнінде жұмысты ұйымдастыру үшін адвокатар алқасының төралқасы заң консультацияларын құрады.
  2. Заң консультациясы адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оның өз атауы мен тиесілі адвокаттар алқасына белгіленген мор мен мөр таңбасы, заң көмегін ұйымдастыру үшін қажетті өзге де атрибутикасы болады. Заң консультациясы адвокаттар алқасының жалпы жиналысы бекіткен ереже негізінде іс-қимыл  жасайды.

Құқықтық квалификациясын көтеру мақсатында адвокатураға арналған арнайы хабар-анықтама, номативтік және методологиялық әдебиеттер шығарылған материалдар бар қиын сауалдар туындаған жағдайда тәжірибелі, жоғары сауатты адвокаттар қатарымен методологиялық кеңес мәжілісінде қаралады. Консультациялық жұмыстың қорытындысы жүйелік түрде талап қортындайды. Осыған келіп заңды кеңестің дұрыс берілуін бақылайды және сапасын бағалауға мүмкіншілік береді. Тәжірибе бойынша консультациялық жұмыс көбінесе азаматтық, отбасы, еңбек және әкімшілік заңдар тарапындағы қатынастардан туындайтын сауалдар кездеседі.

Құқықтық қатынастарды реттеу үшін адвокат нақты мамандандырылған кеңес беру керек. Кеңес беру арқылы тауып тұрған дауды

азаматтар өз құқықтарын тәжірибеде жүзеге асыру, мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен мүдделерді қорғау аясында көп жағдайларда азаматтық іс-жүргізуде – сот өкілдігі институтын қолдау арқылы қамтамасыз етіледі.

Бұл институтты қолдау мүмкіндігі АІЖК-нің 58-бабында бекітілген, яғни азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы, сондай-ақ, азматтық іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша, өкілі болуы құқығынан айырмайды.

Сот өкілдігі – азаматтық іс жүргізу құқығының дәстүрі және негізгі институттарының бірі болып табылады. Сот өкілдігіне азаматтық істер жүргізушілік заң барлық азаматтық істер бойынша барлық соттарда және азаматтық іс жүргізудің барлық салаларында жүзеге асыуына жол береді.

Ең маңыздысы азаматтарға көмек беретін заңды кеңестер мағыналы болу керек. Соттағы іс бойынша бір жақты болуды, талап арызды беруді, жеткілікті негіздерге байланысты қарсы талап беруді қажет ететін әрекетерден құралу керек.

Егер адвокат өзінше келіп түскен сауалды жан-жақты зерттеп дұрыс шешілсе, онда туындап тұрған даудың нәтижесі әділетті түрде шешіледі. Әрине, сотта даудың бағытын білу болжамды түрде болып келеді. 

Соттағы істерге байланысты берілетін заңды кеңестер, бұл адвокаттың консультациялық жұмыстың бір түрі. Ең көп жақтысы бұл – тараптары мен құқықтарын, міндеттерін білу барысында дауды бейбіт жолмен шешу. Адвокат азаматтарды қабылдаған кезде заңды нормаларды ерікті сақтауға бағыт береді. Жақсы ұйымдастырылған және орындалып жатқан консультациялық жұмыс адвокаттың алдындағы  заңды сауалдардың дұрыс қамтылуында берілетін жәрдем.

Маңызды рөлі болып адвокатқа берілген заңды дұрыс қолданудағы және талқылауындағы құқықтық сана. Адвокат құқықтық ойдың байлығын, заңның насихатталуын талап ететін әділеттікті аңсайтын болу керек.

Адвока алқасының негізгі взносы заңды консультациямен және адвокат кеңселері болып табылады.

Заңды консультация – заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін адвокаттар алқасының төралқасы құрады.

Заң консультациясы орналасқан жерді адвокаттар алқасының төралқасы белгілейді.

Заң консультация барлық адвокаттар алқасы сияқты территориялық принцип бойынша құралады.

Заң консультациясының басында адвокат консультациясының жиналысында жарысын дауыспен меңгерушісі басқарады.

Заң консультациясының меңгерушісі адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар.

Адвокат алқасының мүшесі – заңды тұлғаның құқықтарын пайдаланатын жеке адвокаттық кеңселер құруға құқылы.

          Азаматтың, кез – келген саладағы қоғамдық – құқықтық қатынастардың қатысушы ретінде құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттің, оның органдары мен ұйымдарының, дербес азаматтарының мүмкіндігі мен уәкілеттігіне кіреді. Бұл конституциялық қағиданы бүкіл мемлекеттік жүйемен қатар, азаматтар мен олардың бірлестігінің (заңды ұйымдардың) құқықтарын қорғауды, мүдделерін білдіруді жүзеге асыратын, оларға тиісінше білікті заң көмегін көрсететін ұйым – Қазақстан Республикасының адвокатурасы болып табылады.

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқығы және бостандығы.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-шы тамызда Референдумда қабылданған Конституциясына сәйкес адам құқығы мен бостандығы танылып, оларға мемлекет тарапынан кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасының демократиялық және құқықтық мемлекеттердің қатарына жатқызылады, бұған сәйкес әркімнің қоғамдық және мемлекеттік өмір аясында қоғамдық-құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. Бұған әркімнің өз құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғауды да жатқызамыз.

Осыларды ескере отырып, әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар екендігін айтуды жөн деп ойлаймын.

Азаматтың, кез-келген саладағы қоғамдық-құқықтық қатынастардың қатысушы ретінде құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттің, оның органдары мен ұйымдарының, дербес азаматтарының мүмкіндігі мен уәкілеттігіне кіреді. Бұл конституциялық қағиданы бүкіл мемлекеттік жүйемен қатар, азаматтар мен олардың бірлестігінің (заңды ұйымдардың) құқықтарын қорғауды, мүдделерін білдіруді жүзеге асыратын, оларға тиісінше білікті заң көмегін көрсететін ұйым – Қазақстан Республикасының адвокатурасы болып табылады.

Жоғарыда аталған функцияларды өз қызметін мақсат тұтқан адвокатура Қазақстан Республикасында заңдылықты, құқықтары мен бостандықтарды қорғау мен қалпына келтіруді жүзеге асырады.

Мемлекет пен азаматтардың қоғамдық-гуманистық мазмұнды мәселелердің арақатынасы, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы өз алдына азаматтардың байлығы болып табылады.

Осы арақатынас арқылы туындаған құқықтар мен міндеттерді түсіндіру, біздің қоғамға деген парызымыз қабылданып жатқан заңдарды дұрыс түсінбейтін, оларды жүзеге асыра алмаймыз.

Сондықтан да,  әрине, адвокаттық қызмет әлі орын таба қоймаған. Жеріміздің түпкір-түпкіріндегі азаматтар адвокаттық қызметтің маңызын түсінбейді, астыртын-үстіртін адвокаттық ілім екендігін ғана біледі. Шетелдерде болса, адвокаттық қызмет кең көлемде қолдануда және адвокат қызметінің рөлі зор, маңызды және көп көңіл бөледі. Әр отбасы өзінің жеке мүдделерін қорғау барысында адвокаттық қызметке жүгініп жұмыс жасайды. Осыған байланысты қазіргі кезде Қазақстан аумағында көп аумақты өзгерістер болуда.

          Осы  арақатынас арқылы туындаған  құқықтар мен міндеттерді түсіндіру, біздің қоғамға деген парызымыз  қабылданып жатқан заңдарды дұрыс  түсінбейтін, оларды жүзеге асыра  алмаймыз.

Информация о работе Адвокат в уголовном и гражданском процессах