Адвокат в уголовном и гражданском процессах

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 20:24, реферат

Краткое описание

Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін дербес мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқық негіздері қайта қаралып, жаңалап құру қажеттігі туды. Осы жолда қыруар жұмыстар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік басқару, экономика, әлеуметтік – саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жорықтар қабылданып іске асырылуда. Заңдарды тиянақты және қолайлы жасауға заңгер – ғалымдар мен заңгер практиктер қатысып, олар халықаралық ұйымдар мен шетел мамандардың беделді сарапшылықтарынан өткен болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата Заңы бұған дәлел.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімі 12 бапқа сәйкес адамдар құқықтары мен (міндеттерін) бостандықтарына кепілдік беріледі және танылады деп айтылған.

Содержание

Кіріспе
І. Адвокатура курсының ұғымы, пәні және міндеттері
ІІ. Адвокаттық қызметі
ІІІ. Адвокаттың мәртебесі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

контрольная по адвокатуре.doc

— 102.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

Жоспар

 

 

 

Кіріспе

І. Адвокатура курсының ұғымы, пәні және міндеттері

ІІ. Адвокаттық қызметі

ІІІ. Адвокаттың мәртебесі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін дербес мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқық негіздері қайта қаралып, жаңалап құру қажеттігі туды. Осы жолда қыруар жұмыстар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік басқару, экономика, әлеуметтік – саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жорықтар қабылданып іске асырылуда. Заңдарды тиянақты және қолайлы жасауға заңгер – ғалымдар мен заңгер практиктер қатысып, олар халықаралық ұйымдар мен шетел мамандардың беделді сарапшылықтарынан өткен болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата Заңы бұған дәлел.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімі 12 бапқа сәйкес адамдар құқықтары мен (міндеттерін) бостандықтарына кепілдік беріледі және танылады деп айтылған.

Сонымен қатар, демократия және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекетті азаматтардың құқықтық санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін түсінбей, заңмен реттемей құру мүмкін емес.

Дамыған шет мемлекеттерде адвокат қызметі аса жоғары бағаланады. Себебі, оған адам баласына, оның тағдырына араша түсу міндеті жүктелінетіні белгілі. Адам баласына, оның тағдырынан бағалы дүние сирек десек те жарасқандай. Ал социалистік жүйеде билік қоғамға өз әмірін жүргізіп келеді. Мұндай жағдайда адвокатура қызметінің ештеңе шешпейтіні, формальді құрылым ретінде ғана қорғағаны о бастан мәлім.

 Қазіргі заманның  өзгеруіне байланысты Қазақстанда  тәуелсіз адвокатураның қажеттілігі  айқын бола түсті. Расын айтсақ  бұрындағы адвокат сотта, іс қарау барысында еш нәрсе шешпейтін. Өз көзқарастарын білдіре алмайтын. Өз деңгейінде азаматтардың құқығын қорғауға дәрменсіз еді. Осы қабылданған Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңы адвокаттық қызметті толық деңгейде жүргізуге жол беріп, танысып ашты. Заңда адвокаттардың қызметі жан-жақты қорғалады.

Адвокат тәуелсіз саналатындықтан, олардың қызметі кәсіпкерлікке жатпайды. Мемлекеттік мекеме де болып табылмайды.

Адвокатура – азаматтадың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды заң шеңберінде жүзеге асыра отырып, адвокаттық қызметті атқаратын азаматтардың ерікті қоғамдық ұйымы.

Жалпы халықтың сауаттылығының және мәдениетінің көтерілуі, олардың әлеуметтік саяси – тәжірибеге ие болуы, демократияның дамуы оның негізгі принциптерінің насихатталуы, соның ішінде азамматтардың құқыктары мен бостандықтарын қорғау және басқаларды, осы аталғандар адвокатура сияқты құқықтың институттың туындауына себеп болды. Адвокатураның ұйымдастырушылық құқықтың нысаны – адвокаттар алқасы, ал оның мүшелері адвокаттар болып табылады.

 

Адвокатура, оның пайда болу үрдісі, өмірдегі рөлі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдық негізі

 

Азаматтардың квалификациялық заңды көмекпен қамтамасыз ету – бұл маңызды конституциялық тәртіп болып табылды.

1995 ж. 30-тамыз айында қабылданған  Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабына сәйкес әрбір адам  сот арқылы қорғалуына заңда  көрсетілген тәсілдер арқылы  өз құқықтары мен бостандықтарын  қорғауға, білікті  заң көмегін  алуға құқылы.

 Осы бапты негізге ала отырып, азаматтардың құқықтарын тек мемлекеттік органдармен ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдармен де қолданылады. Заңды тәсіл ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын арнайы адвокат алқасы болып табылады.

Белгілі бір тұлға мүддесін әділдікке салып қорғау жұмыс бағытының саяси мәні болып саналатын мән авокаттық қызметке үлкен жәрдем көрсетеді.

Адвокатура – адвокаттық қызмет атқаратын азаматтарда құрылған ерікті қоғамдық ұйым. Адвокатураның шынайы құралы – “демократия” Қазақстан Республикасының адвокатурасы - өзін-өзі басқаратын, шаруашылық есептегі қоғамдық ұйым.

 Қоғамдық ұйымдардың  беделі көтерілген сайын азаматтардың  құқықтары мен бостандықтары  кеңейтілген сайын күннен күнге  дейін өсуде.

1997 ж. 5-желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңы адвокатураның қазіргі кездегі жұмысы, (қабылданған заң арқылы) қызметін, бағыты, мақсатын анықтайды. Осы қабылданған заң арқылы адвокатураның беделі өседі деген ойдамын.

Аталып кеткен Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңның бірінші бабында адвокаттық қызметтің, яғни адвокатураның мақсаты белгіленген. Қазақстан Республикасындағы адвокатура – адамның өз құқықтарын, бостандықтарын  сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдем беру мақсаты болып табылады.

“Адвокатура”  ұғымына бірнеше анықтама бар, көбіне:

Адвокатура – адвокаттық кәсіп, яғни сотта адамның мүддесін қорғаудан тұратын қызметтің бір түрі.

Адвокатура – бұл адвокаттардың қоғамдық тобы, яғни, өздерін бұл мамандыққа арналған тұлғалар тобы (класы).

Адвокатура – адвокаттардың сословиясы, яғни өздерінің кәсібін өздеріне арналған тұлғалар тобы.

 Адвокатура – сот өкілдігінің қарама-қайшылықтарына құқық қорғаушылқ.

Арсентьев В.О. Адвокатураның ең толық ұйымын былай деп айтқан:

Адвокатура – бұл заң негізінде жеке азаматтар мен заңды тұлғаларға заң жүзінде көмек көрсететін мамандандырылған қоғамдық ұйым1.

Дәл осындай анықтаманы Қ.Х.Халиковтың еңбегінен де табуға болады. Ол адвокатураға мынадай анықтама береді: адвокатура дегеніміз өзін-өзі басқаратын қоғамдық ұйым, ол заң негізінде халыққа және ұйымдарға құқықтық мәселелер жөнінде ақыл-кеңес беру, алуан түрлі құжаттар мен іс қағаздарын жасау, сотта қылмыстық істер бойынша өкіл болуды жүзеге асыру жолымен заң көмегін көрсетеді2.

Бұл ұғымдардан адвокатураның заңға негізделіп, азаматтарға (халыққа) және заңды ұйымдарға құқықтық тұрғыдан ақыл-кеңес, түсіндірмелер, заң жөнінде ауызша және жазбаша анықтамалар беретін, азаматтар мен заңды тұлғалардан арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жазатын, сондай-ақ азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша соттарда және т.б мемлекеттік органдарда өкіл болуды, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу және сотқа жәбірленушілердің қорғаушылары, өкілдері, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер ретінде қатысуды жүзеге асыратын, өзге де заң  көмегін көрсететін, өзін өзі басқаратын қоғамдық ұйым екенін анық көреміз.

Адвокатураның даму тарихын қарастыратын болсақ, соттар сияқты адвокатураны ежелгі институт деп айтсақ ол біздің қателескеніміз.

Классикалық дәуірдің Грек және Рим тарихында ерікті азамат, сот алдында өзі жауап беруші міндеті болатын. Сондықтан Ежелгі Грецияда халықтың білім заңдарын негізін зерділеп оқытуға әкеп соқтырады.

Цехтік және мемлекеттік ұйымды қорғаумен өкілдіктің орнына адвокатура өзіндік басқарылатын еркін мамадық иелерінің ұйымы келген. Ең бірінші рет бұл түрде Францияда пайда болған. Бірақ Франциядағы 1789 жылғы төңкерістен кейін ерекше орын алатын адвокаттар қауымы таратылған. Бұған себепкер төңкерілістен кейін 1790 жылы 2-ші қыркүйекте қабылданған Декрет болып келеді. Осы Декрет бойынша әрбір азамат сотта сөйлей алатын және оған рұқсат берілген 1803 жылы адвокатура Наполеон – 1 мен жартылай орнына келтірілген болатын. Қандай да бір диктатор болмасын, әрқайсысы адвокаттарға сыншыл, білікшілер қатарына жатқызып, жаңа көзқараспен қарайтын.

Наполеон – 1-ші солардың қатарында болатын, бірақ әрбір де адвокатураны қанша сынап, жойғысы келсе де, жоя алмады. Адвокатура өзінің даму жолын Францияда жалғастырған.

Дамыған шет мемлекеттерде адвокат қызметі аса жоғары бағаланады. Себебі, оған адам баласына, оның тағдырына араша түсу міндеті жүктелінетіні белгілі. Адам баласына, оның тағдырынан бағалы дүние сирек десек те жарасқандай. Ал социалистік жүйеде билік қоғамға өз әмірін жүргізіп келеді. Мұндай жағдайда адвокатура қызметінің ештеңе шешпейтіні, формальді құрылым ретінде ғана қорғағаны о бастан мәлім.

Ресейде – Ресей адвокатурасы 1864 жылғы сот ережелеріне сәйкес дамыған және бұдан бастап Ресей адвокатурасы ерекше ашылу жолына түскен болатын. Адвокат ортадағы басты кейіпкер болып табылады. Сот мәжілісінде адвокаттың сөйлеу дәрежесі сотқа қатысушыларға ғажайып әсер қалдырған1.

Қоғамға әйгілі Ресей адвокаттары да пайда болған. Олар: Плевако, Спасович, Кони, Карабчевский, Андриевский және тағы басқалары.

1917 жылы қазан төңкерісінен кейін  арналған құқықтық диктатуа Ресей  адвокатурасын жойып жіберуге әкеп соқты.

1922 жылы 22мамыр айында  ВЦИК-тің адвокатура туралы ережесінде  қылмыстық және азаматтық істер  бойынша қорғаушылар алқасын  тудыру ескерілді. Бәрі бірдей 1930-1940 жылдар мне 1950 жылдар арасында  мемлекетке төнген жазалау шараларының арқасында адвокатура тереңдетілген ауыр  зардапқа ие болды. Адамдарды шексіз нысанда адвокаттардың қорғауынсыз, сотта қарсыластырмай-ақ ату жазасына берген болатын, қазіргі кезде әділетсіз жазаланып кеткен азаматтар ақталынған.

Жоғарыда аталып кеткен тарихи оқиғаларға қарамастан адвокатура қазіргі кезде қарқынды түрде өз жұмысын атқаруда. Адвокатураның қазіргі кездегі рөлі соналы жағынан үлкейтілген.

Әрбір құқықтық мемлекет тұлғаның бостандығын және құқығын қорғауды бірінші орынға қояды. Сондықтан да ол күшті тәуелсіз соттық қорғалудың дамуында және сақтап қалуында өзінің көз-қарастарының бар болғандығын айқындаған.

Адвокаттық қызметтің дамып жетілуіне ең басты себепкер болған демократия, заңдылық, адам құқығын сақтау, өзіндік бостандық, ар – ождандық және қадір қасиет деп ойлаймын.

 

Адвокатура курсының ұғымы, пәні және міндеттері

 – заң консультациясы (кеңестері);

 – адвокаттық кеңселер (конторы);

 – заңды тұлғаны тіркемей-ақ  жеке-дара адвокаттық кеңес құру.

Адвокаттық қызметтің ұйымдық нысанына қарамастан барлық адвокаттар аумақтық сипатына қарай адвокаттар алқасына біріктірілген.

Заң кеңестері (юридические консультации) аумақтық принцип бойынша адвокаттар алқасының Төралқасымен ауданда (қалада) құрылады. Заң кеңестері заңды тұлға болып табылмайды, адвокаттар алқасының жалпы жиналысы қабылдаған ереже негізінде қызметін жүзеге асырады. Заң кеңестері адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшесі (филиалы) болып табылады да, заң жүзінде көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Заң кеңесін адвокаттар алқасы төралқа тағайындаған меңгеруші басқарады1.

–   Адвокаттық кеңселер адвокаттар алқасының мүшелерімен, өз бастамалары   бойынша және өз қаражаттары есебінен құрылады. Адвокаттың адвокаттық кеңсені құру мақсаты - өзінің қызметін материалды, ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.

– Адвокаттық кеңселердің қызметін осы кеңсе орналасқан аумақтағы адвокаттар алқасы қадағалайды. 

Өз міндеттерін орындау барысында адвокат сотта күннен-күнге дейін азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін қорғау үшін қызмет жасайды. Адвокат – заңдылықтың нығайтылуына жәрдем беретін, сонымен қатар жоғарыда айтылып кеткен қызметі жүзеге асыратын қоғамдық қызметкер.

Адвокаттық қызметті бір мезгілде мамандырылған және қоғамдық қызметке бөлу қажеті жоқ. Адвокаттың бүкіл қызметі – оның қоғамдық қызметі. Адвокатты әр уақытта  заңның түсінігін  әділ де, талаптарға сай түсіндіру керек2.

Адвокаттың мақсаты азаматтарға заңды көмек көрсетуден тұрады.

Шарттың жасалуы мен бұзылуын, сотта өкіл болу мен алдын – ала тергеуден

өтетін айыпкерді сотта қорғауды, заңды сауал беретін мекемелерге беретін құқықтық кеңестен туындайтын көмектен құрылады.

Адвокаттар мынадай заңдық көмек көрсетеді:

  • Заңдық мәселелер бойынша кеңестер мен түсіндірмелер, заң нормаларына ауызша және жазбаша анықтамалар береді;
  • Арыздар, шағымдар мен заңдық сипаттағы басқа да құжаттар жазады;
  • Азаматтық істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта және т.б. мемлекеттік органдарда әділдікті жүзеге асырады;
  • Алдын ала тергеуге, сотқа қорғаушы, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің өкілі ретінде қатысады1.

Жалпы сауал бойынша адвокаттың міндеттері  Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңның 15-ші бабында көрсетілген  6-шы тармақтың жалпы сипаттамасы.

Ең басты міндеті: біріншіден, адвокат заң талаптарын орындауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің қағидаларын басшылыққа алуға, кәсіптік мінез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға және заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті.

Екіншіден, іс бойынша көмек сұрап өтініш сұраған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстауына тыйым салынады, адвокаттың қылмыстық іс бойынша қолданған тапсырмалардан бас тартуға құқылы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адамның өзінің көзқарасы бойынша әділетсіз үкім  шығарылған жағдайда оған берілен тәртіппен шағым жасауға міндетті. Үшіншіден, адвокатқа мемлекеттік қызметкер болуға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Информация о работе Адвокат в уголовном и гражданском процессах