Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 14:31, курсовая работа

Краткое описание

Жетілдіру деңгейіндегі алынатын өнімнің көлемі қажетті мөлшерде жоғары болса да, біршама азая бастайды. Сондықтан туристтік кәсіпорын мұны жеңуде максималды түрде мүдделі. Фирманың басты күші өзінің нарықтық үлесін ұстап қалуға, өнімді жетілдіру арқылы оның тұтынушылығын арттыруға, маркетингтік комплексті түрлендіруге және т.б. бағытталады. Егер бұл жағдайлар іске асырылмаса, өнім өзінің нарығындағы орнын жоғалтып, құлдырау деңгейіне жетуі мүмкін. Сондықтан туристік фирма қызметінің даму факторларын талдау барысында зерттеу жүргізіп, жетік меңгеріп, жетілдіру мәселелерін ұсыну қазіргі кезде басты мақсат етіп қойылған.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................
4
І
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1
Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдары.......................................................................................

6
1.2
Туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторлары.............
19
1.3
Туристік фирма қызметінің негізгі статистикалық көрсеткіштері................................................................................

29

ІІ
ҚР-дағы ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1
Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму тенденциялары....................................................................

36
2.2
Фирманың туристік қызметін зерттеу факторлары..................
45
2.3
Туристік фирма қызметінің нарықтағы орнын талдау (ҒаламНұр туристік фирмасы мысалында)...............................

52

ІІІ
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1
Туристік фирма қызметінің менеджменттік және маркетингілік стратегиясын жетілдіру жолдары......................

61
3.2
Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары......................................................................................

67


ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................
75

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

dip_2195.doc

— 809.50 Кб (Скачать документ)

6 кезең. Бағаланатын қзметтің бәсекелестік  қабілеттілігінің кешендік көрсеткішінің  анықтау.

Бағаланатын қызметтің бәсекелестік қабілеттілігінің кешендік көрсеткіші салыстырмалы және экономикалық көрсеткіштердің топтама индекстері негізінде анықталады.

7 кезең. Бағаланатын қызметтің  бәсекелестік қабілеттілігі туралы  қорытынды.

Бәсекелестік қабілеттілікті жоғарылатудың оптималды бағытын анықтау нарыққа бәсекелестік қабілеттілігі бар қызметтерді енгізумен байланысты мүмкіндікті залалдарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Туристік қызметтің бәсекелестік қабілеттілігін бағалау нәтижелері тапсырыскерлерді тарту үшін оны жайғастыруға оптималды тәсілдемені анықтауға және нарықтың анықталған сарасының қажетсінуін қанағаттандыруға қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген жосықсыз бәсекелестік түрлерін ескере отырып, оны қайталамау. Оларға келесілер жатады:

- Фирмалық атауды, тауар белгілерін, қызмет көрсету және (немесе) кәсіпкердің өзге де коммерциялық белгілерін заңсыз пайдалану, олар тұтынушыларды өндіруші немесе тауар (жұмыстар, қызметтер) сатушыға қатысты шатастыруға әкеледі немес шатастыруы мүмкін;

- Бәсекелестің тауарының сыртқы ресімделуінің көшірмесін, оның фирмалық атауын, таңбалануын, тауар белгісін, басқа да коммерциялық белгілерді, сондай-ақ жарнама материалдарын, фирмалық орамды, тауар нысанын және өзге де сыртқы ресімдеуді тікелей алу жолымен бәсекелесті көшірмелеу, олар тұтынушыларды өндіруші немесе тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатушыға қатысты шатастыруға әкелуі мүмкін;

- Тауарларға (жұмыстар, қызметтерге) қатысты, оның ішінде шығуы, шығарушысы, сатушысы, сондай-ақ сапасы, тұтынушылық қасиеттері, маңызы, тауарларды (жұмыстар, қызметтер, бәсекелестің жақсы аты мен беделін кемсітетін өзге де алдын ала жалған мәліметтер тарату) шығарудың тәсілі мен орны туралы алдын ала жалған мәліметтер мен пікірлер және тауарларды (жұмыстар, қызметтерді өзінің сипаты немесе коммерциялық мақсаты бойынша шарт мәніне жатпайтын сатудың қосымша шарттарын бәсекелесі жоқ сатушыларға, сатып алушыға мақұлдату;

- басқа бәсекелестің тауарларымен (жұмыстар, қызметтерімен) немесе қызметімен қате салыстырудан тұратын жарнаманы және өзге де ақпаратты тарату;

- тауарлардың (жұмыстар, қызметтердің) шынайы қасиеттері, сапасы және бағасы туралы мәліметтерді жарнамалық ақпаратта әдейі бұрмалау немесе жасыру;

- бәсекелестер арасындағы бағалар, рыноктарды бөлу, басқа кәсіпкерлерді шығарып жіберу туралы және бәсекелестікті жоюға немесе елеулі шектеуге бағытталған өзге де шарттар туралы кез келген келісімді жасау және орындау;

- бәсекелестікті жоюға немесе елеулі шектеуге әкелетін рыноктық қатынастардың субъектілерінің көлденең қосылуы;

- коммерциялық қызметтік құпияны құрайтын ғылыми-техникалық, өндірістік және өзге ақпаратты, оның иесінің келісуінсіз алу, пайдалану немесе жария ету;

- демпингтік бағаларды пайдалану жолымен бәсекелестікте артықшылыққа қол жеткізу;

- бәсекелестікті жоюға немес шектеуге, негізсіз артықшылық ұсынуға және (немесе) алуға әкелетін өзге де іс-қимылдар.

Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуде маңызды бағыты болып оның бәсекелесу қабілеттілігін анықтау табылады. Осы кезде алынған нәтижелер келесі мәселелерді шешуде қолданыла алады:

- өнімдерді жетілдіру және жаңарту қажеттігін негіздеу;

- бәсекелестік қабілеттің анық бір деңгейіндегі өнімдерді өткізудің мүмкіндікті көлемін бағалау;

- туристік қызметті  өткізу процестерін басқару;

- нақты нарықта баға стратегиясын таңдау;

- кәсіпорындарда және т.б. өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерін басқару жүйесін қалыптастыру және жетілдіру.

Туристік қызметтің бәсекелесу қабілеттілігін анықтау, тәжірибе жүзінде, мәселенің ғылыми өңделуінің әлсіздігімен күрделенеді. Қызметтің бәсекелесу қабілеттілігі қазіргі экономикалық әдебиеттерде барынша жалпылама тұрғыдан қарастырылады және көбінесе бәсекелестік жағдайында осы көрсетілетін қызметтердің өткізілу мүмкіндігі ретінде анықталады. Мұндай анықтама қарастырылатын категорияның мәнін ашпайды, онсызда белгілі қызметтің өтімділігінің оның бәсекелестік қабілетіне тәуелділігін қайталайды. Бұл кезде, өзі мен басқа бәсекелес – қызметтер арасындағы сұранымды бөлуді шарттайтын нақты туристік қызметтің бәсекелестік қабілеттілігінің мазмұны жоғалады.


 

Сурет 8 – Бәсекелестіктің бес құраушысы

 

Өнімдердің бәсекелестік қабілеттілігі анықтамасына, оның барлық тұтынушылық және айырбастық қасиеттері көрсетілетін, өнімнің әмбебап сипаттамасы сияқты бағасы арқылы келу әрекеттері кездеседі. Жәнеде бәсекелестік қызметтің  мұндай қасиеттерінің дамуы бағалар айырымында байқалуы керек, өйткені оны осы өнімдердің бір – біріне қатынасы бойынша бәсекелестік қабілеттілігі деп есептеледі.

Кейбіреулер «бәсекелестік қабілеттілігі» категориясының мәнін айқындау үшін, ол тұтынушылар көзқарасы арқылы қарастырылуы керек деген болжамалар айтады.

Нарық, қызметтердің өзара бәсекелесе отырып, тұтынушылар талабына сәйкестігіне салыстырулар мен тексерулерден өтетін және олардың осы талаптардан ауытқулары айқындалатын қоғамдық қатынастың саласын көрсетеді. Сатып алу кезінде әрбір дербес сатып алушы ұқсас өнімдер ішінен өзіне қажетті қызметті таңдау процесін жүзеге асырады және оның қажетсінуін мейлінше қанағаттандыратын өнімді ғана сатып алады.

Қоғам масштабында қоғамдық қажетсінуді қанағаттандыруға арналған қызметтер арасында, бәсекелес қызметтермен салыстыру бойынша, ең толық сәйкес келетін қызмет мойындау табады.  Оны жалпы тауарлық массадан осы сәйкестігі айрықшалайды, бәсекелестік күресте жеңісті қамтамасыздандырады, басқаша айтқанда, ол бәсекелестік қабілетті деп айтуға мүмкіндік береді.

Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің келесі маңызды бағыты – ол туристік қызметті  таңдау кезінде тұтынушы оның өзі үшін маңызы бар ерекшеліктеріне ғана бағдарланады:

– бұл қызметтің сапасы мен пайдалылығын көрсететін параметрлер, өйткені  оны таңдаудың маңызды шарты болып тұтынушы көңіл аударатын қасиеттері мен сипаттамаларының тура келуі табылады;

- бәсекелестік қабілетті анықтау үшін қызметтерді нақты қажетсінуге сәйкестік дәрежесі бойынша салыстыру ғана емес, сонымен қатар солармен байланысты тұтынушының шығыныныңда ескерілуі маңызды болып табылады.

Бұл кезде ескеретін нәрсе: сатып алынған зат тек міндетті шартты белгілейді, қажетсінуді қанағаттандырудың бастапқы пункті. Қосынды жұмсалған шығындар екі бөлімнен тұрады: бір жолғы (туристік қызметтің сатылу бағасы) және ағымдағы (жеткен орынындағы жұмсалатын шығындар – экскурсиялар, қосымша тамақтану, көлік, көңіл көтеру және т.б.), жалпы бұл жұмсалған шығындардың жалпы сомасы тұтынушы үшін қажетсінуін қанағаттандыру бағасы ретінде алынады (тұтыну бағасы).

Жоғарыда айтылғандардан шыға отырып, келесідей қорытынды жасауға болады, туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағытындағы бәсекелестік қабілеттілік туристік қызметтің кешенді көп аспектілі сипаттамасын көрсетеді, бұл қызметті нақты нарықта, анықталған кезеңде өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, қажетсінуге сәйкестігі бойыншада, туристер жұмсаған шығын бойыншада ұқсас өнімдермен салыстырғанда нарықтағы оның басымдылығын анықтайды.

Туристік қызметтің бәсекелестік қабілеттілігі сипатталады:

- сапа көрсеткіштерімен (қызметтің  пайдалы тиімділігін анықтайды);

- экономикалық көрсеткіштермен (тұтынушының  бағасын анықтайды).

Бәсекелестік қабілеттіліктің нақты (нарықтық) бағасы тұтынушыларға туристік қызметті сатып алу – сату процесінде берілетінін айқын білу керек. Дегенмен, маркетингпен басқару процесінде туристік қызметтің әлуеттік, есептеме бәсекелестік қабілеттілігін бағалау маңыздылығы да кем емес.  Осы соңғысы жаңа қызметтерді әзірлеу, қолданбалы қызметтерді жетілдіру қажеттігі туралы шешімдерді негіздеу, бағалық стратегия мен тактиканы қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

Мына бір жағдайды тағы белгілеп кету керек, яғни бәсекелік артықшылықты ұстап қалу әрбір бәсекелес кәсіпорын үшін ерекшелік көрсетуі мүмкін. Сонымен бірге, туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін барлық талданған кәсіпорындар үшін жоғары қатардағы артқшылықтарға бағытталуыну керек, яғни жаңа технологияларды, ноу-хауды, жаңа тауарлар мен қызметтерді, өзінің қызметтерін жоғарылатуды енгізу керек. Соның негізгі бір аса маңызды саласы болып кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы болып тұрмыстық каналы мен бәсекелестердің сегменттері табылады. Маркетинг бойынша қызметтердің бар артқшылғын жетілдіру мақсатында пайда болған талаптарға ену үшін мүмкіндік көрсету, маркетингтік және қызметтік стратегияны өңдеу және бәсекелестеден бұрын оны енгізуді айқын көрсету керек. Бәсекелестер мен тұтынушылар туралы базаны құру керек, олар туралы ақпараттарды жүйелі жинай және талдай отырып маркетингтік стратегяны құруға мүмкіндік болады.

Бәсекелестерді оқып білу нарық бөлігі, «ой» бөлігі, «жүрек» бөлігі сияқты аса маңызды өзгерістердің дәрежесін талдауд талап етеді.

«Ой» бөлігі – мысалы белгілі бір нарықта қызмет ететін сол немесе басқа фирма туралы сұрағанда бірінші болып еске түсіретін тұтынушылар саны. Берілген көрсеткіш тұтнушылардың ой сезімінде фирманың қызмет көрсетуі сақталып қалғандығын көрсетеді.

«Жүрек» бөлігі – бұл тұтынушылардың қалауы мен қажеттіліктерін үлкен дәрежеде қанағаттандыратын фирманың қызметін қалайтын тұтынушылар саны. Шетел фирмалары көбіне «жүрек» бөлігінің көлемін жарнамаға кеткен шығыдармен өлшейді. Берілген көрсеткіштің жағдайы «ой» бөлігінің динамикасының өзгеруіне әкеліп соғады. Бұл көрсеткіштер стратегия мен маркетингтік саясатының дұрыс емес бағытталуын анықтауға мүмкіндік береді. Бұлардың өзгерісінің арасында өте күшті байланыс бар. «Ой» бөлігі мен «жүрек» бөлігінің төмендеуі нарық бөлігінің төмендеуіне әкеліп соғады жәе де керісінше.

Бәсекеге қабілеттілікті күшейту үшін күшті итермелеуші күш болып әдістерді іздеумен байланысты бәсекелік артықшылықты жеңу үшін «бенчмаркетинг» болып табылады, бұл ағылшын тілінен «стандарт, бағыт, эталон» деген мағынаны береді.

Оның мәні іздеумен бәсекелестерге қарағанда фирмаға тиімді жұмыс істеу үшін көмектесетін және бағыттаушы болатын оқып білу мен және кәсіпкерліктің аса күшті әдістерді қолданумен бекітіледі. Сонымен қатар, бенчмаркетинг – бұл бәсекеге қабілетті фирмалардың бизнес – үдерісін жетілдірудің өзіндік жағдайын іздеу, жеңу және үйрену әдісі. Бұл мәселемен жұмыс істейтін ғалымдар өте күшті болып табылатын фирманың қызметімен жұмысшы үдерісінің өзіндік тиімділігін салыстыу жүйелі үдерісі ретіде сипаттайды. 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жұмыста жүргізілген туристік фирма қызметінің даму факторларын жетілдіру мәселелерін жан – жақты талдау келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді:

1. Туристік фирма қызметінің дамуында бәсекеге қабілеттілігін күшейту көлемі мен құрылымына ықпал ететін әртүрлі себептерді екі топқа бірлестіруге болады: объективті және субъективті. Объективті себептерге табыстың өсуі, әл-ауқат, төлемді демалыстарды енгізу, бос уақыттарды көбейту және т.б. сияқты әлеуметтік-экономикалық факторлар жатқызылады. Субъективті факторларға мемлекеттік органдардың және үкіметтің, халықаралық ұйымдардың мақсатты бағыттағы саясатын жатқызуға болады;

2. Туристік компания оқиғаны талдаумен бірге, бәсекелік ортаны да талдауы керек. Турфирма бұқаралық ақпарат құралдарында көп көтерілмеуі мүмкін, мақсатты аудиториясы болмауы мүмкін. Ондайда не істеуге болады? Ең алдымен туристік зонаны жылжыту үшін PR-стратегия жасалады. Екіншіден, БАҚ-пен байланыс орнатылады. Үшіншіден, корпоративтік, онлайн басылымдар, журнал, бюллетендер шығаруға болады.

3. Туристік фирмалардың залалдықсыздығын талдау, қызметтің қосарланған және өзара байланысты аясындағы туристік қызметтің интеграциясы фирманың тәуекелдігін төмендетуге мүмкіндік береді, тиімділіктің көрсеткіштерін жақсартады. 

4. Туристік қызметтің қызмет көрсету сапасын арттыруда PR – стратегиясын қолдану қажет

5. Турфирма айналысатын инфрақұрылымына тікелей инвестициялар тарту жөнінде жұмыстар жүргізу және Қазақстан туристік ассоциациясымен бірлесе жұмыс атқару тиіс.

6. Турфирмада қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын туристік бизнестің дамуы лекциясын ұйымдастыру мен жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарлап өткізу. Туризм саласы едәуір дамыған жақын және алыс шетелдерде халықаралық туристік көрмелерге үнемі қатысу. Берлин қаласындағы (Германия) ITB халықаралық туристік биржасына қатысу. Лондон қаласындағы (Ұлыбритания)  Дүниежүзілік туристік биржаға қатысу.  Шет елдердің жетекші турисік операторлары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізу.

7. Турфирма қызмет көрсету аймағы бойынша ұлттық қорықтары, табиғи ескерткіштері және т.б табиғи-рекреациялық аймақтары туралы фотоальбомдар, буклеттер жасау. Туристік қызмет көрсету аймағындағы туризм түрлері туралы журналдар, жарнамалық видеороликтер, буклеттер, проспекттер шығару. Туристік қызмет көрсету аймағы бойынша сәулет, археология ұлттық ескерткіштері және т.б мәдени-тарихи объектілері туралы жарнамалық-ақпараттық материалдар шығару. Веб-сайтта және электронды бұқаралық ақпарат құралдарында “Туристік қызмет көрсету аймағы бойынша туристік мүмкіншіліктері туралы ”  ақпаратты жаңарту және қолданыс көрсету. Бұқаралық ақпарат құралдарында туристік саланың дамуы барысы жөнінде ақпараттар жариялау.

8. Туристік фирманың маркетингі фирманың басқа функционалдық бөлімшелерінің әрекеттерінде, жақын қараған кездерде біріктірілетін, қызметтің ерекше түрін көрсетеді. Қазіргі маркетинг фирма қызметтерінде «адамдық капитал» мәнінің маңызды өсуін және осы капитал сапасының бірмезгілдік-радикалдық өзгерісін жан – жақты ескеруі керек. 

9. Өндірісті, өткізілімді, сатып алуды, қаржыны және т.б.  басқару бойынша негізгі функционалдық міндеттерді орындаушы менеджерлерге, бұл қызметті өздерінің бағыныштыларымен, жетекшілерімен және әріптестерімен тиімді коммуникацияның жүзеге асырылуымен ұштастыру қиын. Сондықтан, «ҒаламНұр” туристік фирмасының  имиджі беріктенуі және тиімді қызметі үшін біздің көзқарасымызда штатқа қоғаммен байланыс бойынша маманды немесе басқаша айтқанда “public relations ” маман енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет.

10. Менеджмент ішкіфирмалық “public relations” саладағы мамандарға сенім артады. Бұл мамандар менеджерлер мен «көк жағалылар» арасындағы коммуникациялық делдалдар сияқты әрекет істеу үшін, белгілі бір жағдайлар қажет.

Информация о работе Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары