Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 14:31, курсовая работа

Краткое описание

Жетілдіру деңгейіндегі алынатын өнімнің көлемі қажетті мөлшерде жоғары болса да, біршама азая бастайды. Сондықтан туристтік кәсіпорын мұны жеңуде максималды түрде мүдделі. Фирманың басты күші өзінің нарықтық үлесін ұстап қалуға, өнімді жетілдіру арқылы оның тұтынушылығын арттыруға, маркетингтік комплексті түрлендіруге және т.б. бағытталады. Егер бұл жағдайлар іске асырылмаса, өнім өзінің нарығындағы орнын жоғалтып, құлдырау деңгейіне жетуі мүмкін. Сондықтан туристік фирма қызметінің даму факторларын талдау барысында зерттеу жүргізіп, жетік меңгеріп, жетілдіру мәселелерін ұсыну қазіргі кезде басты мақсат етіп қойылған.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................
4
І
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1
Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдары.......................................................................................

6
1.2
Туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторлары.............
19
1.3
Туристік фирма қызметінің негізгі статистикалық көрсеткіштері................................................................................

29

ІІ
ҚР-дағы ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1
Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму тенденциялары....................................................................

36
2.2
Фирманың туристік қызметін зерттеу факторлары..................
45
2.3
Туристік фирма қызметінің нарықтағы орнын талдау (ҒаламНұр туристік фирмасы мысалында)...............................

52

ІІІ
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1
Туристік фирма қызметінің менеджменттік және маркетингілік стратегиясын жетілдіру жолдары......................

61
3.2
Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары......................................................................................

67


ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................
75

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

dip_2195.doc

— 809.50 Кб (Скачать документ)

Бизнес-жоспар рманың ұжымдық-өндірістің құрылымының дамуын және шаралар негізін жетілдіруге пайдаланады [26]. Бизнес-жоспардың көмегімен үйлестіруді, бір немесе бір-бірін толықтыратын өнімді өндірумен байланысты кәсіпорындардың бірігудің дамуын жоспарлауды ұйымдастыру, өндірістің түпкілікті өнімнің өзгерту операцияларынның қажеттілін, дайын өнімнің бөлек элементтерінің ісіне негізделіп, оның ресурстарының жоғарылауын қамтамасыз етуді анықтайды. Қандай да жағдай болмасын кәсіпорынның бір өндіріс процесіне қатысушыларды ортақ қаржыландыруды орындайды [27].

Фирманың құрған бизнес-жоспары, кәсіпорынның бүкіл кадрларының әлсіз және күшті жақтарын анықтауға, бөлімшелердің іс-әрекетін келістіруге, жаңадан мақсаттарды қоюға және басқару міндеттеріне онтайланған шешімдерді анықтайды. Бұнымен қоса бизнес-жоспарда алдын ала жасалған кәсіпорынның қаржы есептемесінің нәтижелері және өндіріске байланысты туылатын сұрақтарды, бөлінген қаржыдан түскен болжамды табысты қарастырып береді.

Инвестициялық бизнес жоспарлау процесінің тиімділігін есептеу. Халықаралық тәжірибелерде күрделі салымдардың тиімділігін бағалау ақшаның уақытша  құнының  тұжырымына негізделіп және  келесі принциптерге негізделген [28].

Күрделі салымдардың пайдалану тиімділігін бағалау жолдары ақшалай ағымымен қарастырылады. Ол күрделі жобалардың орындалу процесінде құрылады. Жоба тиімді болып есептеледі, егер берілген күрделі салымның қайтарымы болса және күрделі қаржы салушылардың жобадан алатын табысы болса.

Бизнес жоспардың жобалық тиімділігін бағалауда коммерциялық тиімділік - қатысушылар үшін  жобаны іске асырудың қаржылық нәтижелерін, бюджеттік тиімділік жобаны іске асырудан  түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық тиімділік – жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтижелерді анықтауда қолданылады.

Туристік қызметтің ерекшеліктері туристік өнімнің айрықшылығына тәуелді және туристік қызметтің өндірушісінің және тұтынушысының ерекшеліктерімен анықталады. Туризм аясындағы әйгілі қайраткер В.Б.Сапрунованың анықтауы бойынша  “туристік өнім кең мағынада - бұл қызметтер мен тауарлардың кешені, олар өздерінің бірлесуімен туристік сапар (тур) немесе оған тікелей қатысы барларды түзейді” [29].

Туристік өнім өзінің өзіндік ерекшелігі бойынша көпспектрлі, өйткені оның құрамына қонақ үйлер мен көліктер қызметі, тамақ өнімдері, экскурсовод қызметі, туристік жабдықтау кәсіпорынының өнімдері және т.б. кіреді.

Өндірістің ерекшеліктерін және туристік өнімнің өткізілімін ескере отырып, туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігінің келесідей негізгі ерекшеліктерін ұсынуға болады:

– туристік қызметке сұраным тұрақты өседі, сондықтан туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі міндеті сұранысты жоғарылату емес, ал сұранысты басқару және оны өз уақытында қажетті бағытқа қайта бағдарлау;

– тапсырыскерлерге қатысты сенімді және факторлық ақпараттық саясат;

– мерзім аралық кезеңдегі туристік қызметтің диверсификациясы мен  экспансиясының тиімділігі;

– тұтынушының психологиялық, рухтық – эмоционалдық аспектілерін ескеру және зерттеу;

Қызмет көрсету нарығының барлық қатысушыларының стратегиялық зерттеулерінің өзара байланысы, координациясы және реттелуі (сурет 1).


 

 

 

 

 

Сурет 1 - Туристік қызмет қажеттілігінің ерекшеліктері

 

Әлеуеттік сұранымның көлемі саяхаттағысы келетін тұтынушылар мөлшерімен (санымен) анықталады. Туризм бойынша маркетологтар, әлуетті және нақты сұранымдар арасындағы сандық айырмашылықты жоюға,  күш жұмсауы керек.

Туристік қызмет сұранымына факторлардың екі түрі ықпал етеді: жалпы экономикалық және әлеуметтік демографиялық.

Жалпы экономикалық фактордың элементтерінің бірі, сатып алу қабілеттілігімен көрсетілетін, қоғамның әл – ауқаты болып табылады.

Сол, жан басына шаққандағы пайданың өзгерісі шоп – турлардың ұйымдасуына және қалыптасуына, рекреациялық және ішкі туризмге сұранымның төмендеуіне әкелді. Сонымен қатар құлдырау беталысына, кейбір туристік фирмалардың өндірісті әртүрлі тұтыну бойынша саралай бастағанына қарамастан.

Туристік сұранымның қалыптасуына демографиялық факторлар өте маңызды ықпал көрсетеді.

Туристік индустрия үшін маңызды болатын мәселе, жас құрылымының өзгеруі, яғни «демографиялық саңырауқұлақтың» түзілуіне беталыстың пайда болуы.

Қазақстанның туристік өнімін тұтынушыға экономикадағы реформалаудың өтуі, нарықтық қатынастарға өту, экономикалық дағдарыс өте ерекше әсер етті. Егер батыстық тұтынушы автомобилдік, пәтерлік және туристік толқындардың экономикалық жаңаруының кезеңдерінен өтсе, ал туристік қызметтің қазақстандық тұтынушысы алдымен экономикалық қайта даму кезеңін өтуге және жұмыссыздық пен инфляция жағдайларынан өтуге мәжбүрлі, сондықтан Қазақстанда мәдени факторлар туристік сұранымдарға соншалықты ықпал ете қоймайды.

Кез – келген елде және кез – келген туристік нарықта туристік бизнестің дамуы үшін уәждемелеудің алатын орыны ерекше. Саяхаттау уәждері туристік сұранымғада, туристік ұсыныстарғада әсер етеді. Уәждемелеу – тұтынушы психологиясында индивидуумның ояну уәждері. Туризмнің инфрақұрылымын жасау үшін және туристік сұранымды ынталандыру үшін оларға шетелдік туристердің беталысының «қара жәшігін» білуі қажет [30].

Туристік индустрияның  тұтынушылар үшін артықшылықтары - туристердің сапары кезіндегі басымдылықты анықтауды зерттеу маңызды мәнге ие болуда. Сұранымды реттеу мен туризм аясындағы тұтынушы беталысын, оның талғамдарын, мүмкіндіктерін және т.б., анықтау үшін, тәжірибеде тауарлық маркетингтің диффузиялық моделін қолданған тиімді.

Осы туризмдегі модельге сәйкес туризмнің жеке түрлері үшін туристік қызметтің айқын көрінетін сапалық сипаттамаларын бөлуге болады. Мұндай сипаттамаларды жүйелендіру және тауарлық маркетингтің диффузиялық моделі ұсынатын шкала бойынша бағалау керек. Диффузиялық модель шеңберінде шешілетін негізгі мәселе, тұтынушы – туристік қызмет өзара әрекетінің векторын анықтау болып табылады. Ең қарапайымы тұтынушыларды эксперттік сауалнамалау әдісі көмегімен, тұтынушының беталысын анықтау болып табылады. Туристік қызметтің әрбір сапалық сипаттамасы, әдіске сәйкес, сапалық белгілер жиынтығымен сипатталуы керек, жәнеде әрбір сипаттамаға мәнділіктің үш деңгейі орнықтырылады:

– қажетті (мәнділіктің 1 мәні беріледі);

– қалаулы (мәнділіктің 0,5 мәні беріледі);

– талғаусызды (мәнділіктің 0 мәні беріледі) [31].

Сауалданушыларға әрбір сипаттама бойынша үш деңгейдің бірін белгілеу ұсынылады. Бұл әдіс туристік қызметті өндірушілерге туристерге қызмет көрсету кезінде барынша сапалы сипаттаманы таңдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, жалпы туризмнің қандай түрлері сұраныста екенін анықтауға және оларды тұтынушылар уәжімен сәйкес саралауға, оларды стратегиялық жоспарлау кезінде қолдану мақсатында туризм аясындағы тұтынушылық беталысты сұлбалы анықтауға мүмкіндік береді. 

Туристік қызмет нарығының саралануы кезінде қолданылатын негізгі  критерийлері: географиялық, әлеуметтік-демографиялық; психологиялық (сурет 2).

Сурет 2 - Туристік қызметте қолданылатын негізгі  критерийлер

 

Туристік қызмет нарығы сұранысының географиялық параметрлері бойынша мүшеленуі тұрақты тұратын елдің ішкіге, кіруге және шығуға бөлінуіне тәуелді жүргізіледі.

Қазақстанда туризмнің шығу сегментінде өсу динамикасының беталысы байқалады, ондағы барлық сапардың 80% шопинг үлесіне келеді. Ішкі туризм нарығында қолайсыз жағдай туды. Соңғы екі жылдың ішінде осы сегменттің күрт төмендеуі байқалады, бұл шиеленіскен экономикалық дағдарыс пен халықтың пайдасының төмендеуімен және жұмыссыздықпен байланысты.

Шығу туризміне сұраныстың төмендеуінің сипаты кездейсоқтық емес. Туристік белсенділіктің төмендеуі себептерінің бірі – шетелдерде Қазақстан туралы ақпараттың шектеулілігі, елдің туристік әлеуеті туралы каталогтардың, жарнамалық проспектілердің  болмауы. Елдегі мәдени-тарихи ескерткіштерді жөндеу ғана емес, сонымен қатар туризм индустриясында қолдану мақсатында оларды игеруде қажет. Одан өзге, туризм инфрақұрылымының дамуының төменгі деңгейі, әсіресе қонақ үйлерінің, кемпингтердің, отелдердің, бос уақытты өткізу индустриясының объектілерінің болмауы, көңіл көтерер шаралардың жеткіліксіздігі, туризмнің дамуына қаражат бөлудің тұрақты төмендеуі кіру туризміндегі белсенділіктің құлдырауын алдын ала анықтады.

Әлеуметтік шетелдік туризмді тарту үшін, жан – жақты маркетингілік зерттеулер жүргізу керек,  сол арқылы оны қандай туристік өнім қызықтыратынын анықтауға болады, ал соған сәйкес оны қабылдау базасы құрылады.

Туристік қызмет нарығының психологиялық критерийлердің негізгі параметрлері болып табылатындар: уәж, сапарлар, турист типі, мерзімдік, сапар пішіні, қолданылатын көлік құралдары, пайдаланылатын орналасу құралдары, сапардың ұзақтығы, сапарды қаржыландыру көздері [32].

Туристік бизнесте турөнімді өткізудің каналдар жүйесі үлкен роль атқарады. Өткізілім желісі көтерме фирмаларға (туроператорлар) және бөлшекті фирмаларға (тураганттер) бөлінеді.

Маркетингтегі өзекті кезеңдердің бірі жарнама болып табылады. Туристік саладағы жарнама белгілі бір өзіндік ерекшелікте болады. Бәрінен бұрын жарнама кешенді болуы керек және екі элементтен тұруы керек: бірінші элемент - турөнімнің туристік нарыққа жылжытылуына бағытталады, жарнаманың екінші элементі  - мүдделердің қалыптасуына және елге деген қолайлы қатынасты жасауға (халықаралық туризм объектілері) бағытталуды болжайды.

Саралаудың бірінші принципі – тапсырыскерлердің сапар мақсаты негізінде. Сапар мақсатына тәуелді факторларды келесі негізгі категорияларын бөлуге болады: істік, рекреациялық, релаксациялық, экскурсиялық, этникалық, діни, коммерциялық және басқалары.

Әлеуеттік туристер массасының мінездемелері мен саяхаттауға қатынасы бойынша жеке қабаттарға бөлінуі нарықтың психологиялық факторлары негізінде саралануы болып табылады. Көңіл аударуға тәуелді, мысалы, белсенді демалыс немесе керісінше немқұрайлы демалысқа, белгілі өмір стилі түзеледі. Сапарларды сатып алу уәждері әлуеттік тұтынушылардың өмір сүру стилі мен кескініне байланысты.

Идеал жағдайда әрбір тапсырыскер тек соған арналған қызметтер мен өнімдердің кешенін алуы керек. Осы идеалға жақындау үшін, туризмде экономиканың басқа салаларына қарағанда үлкен мүмкіндіктер бар, әрине егер тұтынушы сәйкес бағаны төлеуге дайын болса.

Туристік қызметтерді инвестициялау қажеттігі негізделді, оларды қолданудың барынша қолайлы жолдары анықталды, туризм үшін қолайлы мультипликациялық эффектінің есептелу әдістемесі көрсетілді.

Келтірілген қорытындылар негізінде туризм саласындағы жұмысқа бірқатар түрлендірілулер ұсынылды, олар туристік фирмалардың қызметін жақсартуға және туристік қызметтің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған:

Ірі туристік фирмалардың бірін шетелдік контраганттермен шарт жасасу кезінде орталық агент ретінде қолдану, трансакциялық шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді және соған сәйкес фирмалар қызметін оптималдауға (үйлестіруге), туристік қызмет бағасын төмендетуге, пайда мен пайдалылықты жоғарылатыға мүмкіндік береді.

 

1.3 Туристік фирма қызметінің негізгі статистикалық көрсеткіштері

 

Туристік фирма қызметін статистикалық зерттеу қажеттілігі  туризм саласының жағдайы мен дамуы туралы объективті және дәйекті  ақпарат алуға қажеттілік және оның жалпы ішкі өнімнің жалпы көлеміне салымын бағалау, сондай-ақ туристік ағындарды бағалауды, туристік инфрақұрылымға түсетін жүктемені, туристік сұранысты қанағаттандыру мен тұтыну үміттерінің туристік қызметтердің нарықтағы ұсыныстарына сәйкестігін игеруге негізделген.

Тоқсан сайынғы және жылдық негізде «Туристік қызмет туралы есеп» индексі – 1-туризм  жалпы мемлекеттік статистикалық байқау статистикалық нысаны бойынша туристік ұйымдардың қызметін сипаттайтын келесі көрсеткіштер қалыптастырылады:

- туристік фирмалармен қызмет көрсетілетін келушілердің саны (сапарлардың мақсаты бойынша, туризмнің түрі бойынша және көлік түрлері бойынша);

- туристік қызметпен айналысатын кәсіпорындар саны;

- орындалған жұмыстар мен қызметтер саны;

- қызметкерлердің тізімдік саны;

- бір күндік келушілерге қызмет көрсетілді;

- келудің адам-күні;

- өткізілген жолдамалар саны;

- сатылған жолдамалар саны;

- туристік қызметтің толық кешенін қамтитын жолдамалар;

- жекелеген қызмет түрлерін қамтитын жолдамалар [33].

Халықаралық ұсынымдарға сәйкес туристік сапарлар келу, кету, ішкі сапарлар болып бөлінеді. Кету сапары келу сапары келушінің тұрақты тұру елі шегінен тыс орындарда болуын қамти алатынындай тұрақты тұру елі шегіндегі орындарда болуын қамти алады. Келу сапары тек көзделген ел шегіндегі орындарда болуын ғана қамтиды.

Келушілер ағынын халықаралық тәжірибемен анықтау үшін деректердің әртүрлі көздерін араластырып немесе оларды үйлестіру ұсынылады: мәселен, келу/кету кәртішкелерін қолдану және зерттеу нәтижелері бойынша осындай тұлғаларды байқауды ұйымдастыру. Ал Қазақстан Республикасының келу және кету туризмі бойынша туристік ағынын қалыптастыру үшін тоқсан сайынғы және жылдық негіздегі өткізілген зерттеулер нәтижелері қолданылады, онда Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды - 79 «Туристік қызмет туралы есеп» (1-туризм) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша және «Тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету», «Орналастыру объектілерінің қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша «Туризм саласында қызмет көрсететін туроператорлардың, турагенттердің және өзге де ұйымдардың қызметтері»    экономикалық қызмет түрімен кәсіпорындар (заңды тұлғалар) мен жеке кәсіпкерлер (жеке тұлғалар) зерттеледі. Зерттеудің статистикалық бірліктерінің жиынтығын анықтау үшін  ақпарат көзі болып кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер бойынша статистикалық бизнес тіркелім қызмет етеді.

Информация о работе Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары