Экскурсия педагогикалық үрдіс ретінде
Курсовая работа, 27 Февраля 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Экскурсиялық іс-халық арасындағы мәдени ағартушылық жұмыстың маңызды бөлігі.Экскурсиялық іске жүз жылдан астам уақыт болса да,оның тез қарқынмен дамуы ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында басталды.Экскурсиялық істің дамуы әдістемелік және теориялық негіздер жоспарын талап етті.Ресейдің экскурсиялық басқару туризм және экскурсиялық Кеңес Орталығы және туристік экскурсиялық ұйым жұмысшыларының білім жетілдіру институты басты рөл атқарды.Экскурсия – ұжыммен немесе жеке түрде көрікті жерлерге, мұражай және т.б. жерлерге бару,оқыту және мәдени-сауаттандыру мақсатында болатын жол сапарлар. Одан басқа экскурсия дегеніміз қоршаған ортада болып жатқан процесстерді тану, оларды қабылдау.
Содержание
Кіріспе 3
І. Экскурсия жүргізудегі тақырыптың ерекшеліктері 4
1.1 Экскурсияға кіріспе,оның құрылымы:ұйымдастырулық және ақпараттық бөлімдері 4
1.2 Эксурсияның негізгі функциялары 7
ІІ.Экскурсия педагогикалық үрдіс ретінде 9
2.1 Экскурсияның жіктелуі 9
2.2 Экскурсия жүргізудегі даярлау үшін әртүрлі пәндер білімдерін қолдану 12
ІІІ.Экскурсияны өткізу тәсілдері 14
3.1 Экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру әдістерін зерттеу 14
3.2 Экскурсияны өткізу техникасын анықтау 20
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23
Прикрепленные файлы: 1 файл
Экскурсиядан курстық жұмыс.docx
— 95.91 Кб (Скачать документ)Экскурсиялық іс әрекетте психологияның элементтерін қолдану.
Адамның психикалық
күйі,бұл психикалық іс- әрекеттің
анықталған деңгейі,ол жеке тұлғаның
белсенділігі нәтижесінде айқындалады.Экскурсия
жүргізуші мен экскурсанттардың
әр түрлі психикалық түрде
болуының негізі,ол:өмір мен еңбектің
қоғамдағы рөлі,ұжымдағы микроклимат,денсаулық
күйі,физиологиялық фактор,және
атмосфералық процесстер.
Экскурсия жүргізушілер
мен методистері экскурсия жүргізбес
бұрын мінез-құлық,темперамент,қаблеттілік,табиғи
жетімтіктері,ес,байқағыштық,қиял,және
ойлау сияқты адамның жан дүниесімен алдын-ала
танысқан жөн.
Экскурсия барысында
экскурсанттардың көңіл-күйі,психикалық
жайы, белсенділігі,экскурсия жүргізушісінің
дайындығына байланысты болады.
Сонымен қатар,танымдық процессті
де ұмытпаған абзал болар.
Танымдық процесс
экскурсанттардың абстрактілі ойлау
нәтижесінде жалғасады.Экскурсия
танымдық процессте екіге бөлінеді:
1)Сезімдік таным;
2)Логикалық таным.
Экскурсия ұйымдастыруды
даярлау кезінде экскурсия жүргізушісі
өзін-өзі ұстай білуге,дұрыс мағлұматтандыру
өнеріне психологикалық тұрғыдан
дайын болу қажет[7].
Кез келген экскурсия,экускурсия
жүргізушіден немесе жаңа ғасыр термині-
мен айтатын болсақ,гидтің тілдесуінен
,белсенділігінен, коммуникативтілігі-
нен,өмірлік тәжірибесінен байқалады.
Логикалық және
психологикалық заңдылықтарды бойына
сіңірген методист- тер,немесе экскурсия
жүргізушілері келесі логикалы-психологикалық
сұрақтарды ешбір қиындықсыз
шеше алады:
1)Экскурсиондық материалдың
айғақты мазмұндамасымен қамтамасыз
ету;
2)Тарихи оқиғалардынақты логикалық жүйелікпен сараптай білу;
3)Қоғамдық аргументтерді қиындықсыз қолдану;
4)Әрбір әңгімені
немесе тарихи баяндаманы құлаққа
жағымды етіп мәлімдеу;
5)Кез келген контингент жайлы толық хабардар болу;
6)Әр түрлі темпераментті адамдармен тез тіл табысу.
Қорытындылайтын
болсам,экскурсанттарды даярлау
барысында логикалық және психологиялық
заңдылықтар зор рөл атқарады.Сондықтан
да,алдын-ала даярлау кезінде
өзін-өзі логикалық тұрғыдан моральды
дайындау қажет деп ойлаймын.Менің
ойымша,экскурсиядағы логикалық
құрылым және хронологиялық-экскурсиондық
материалды тез ұғынудың тиімді
жағдайына әсерін тигізеді.
Назар аударуға
ықпал ету,көңіл бөлудің кризистік
жағдайлары және оларды экскурсия
жүргізу уақытында ескерту.
Кез келген экскурсияның
қызықты болуы керек екендігін
барлығы да жақсы біледі.Экскурсияның
қызықты да танымды болуы үшін
экскурсия жүргізуші,экскурсанттарға
тек жақсы жағынан көрінуі
қажет.
Сурет 3
Экскурсанттардың
назарын өзіне аудару үшін,экскурсия
жүргізушілері көркем әдеби сөздерді
қолданып қана қоймай,эстетикалық
ұғынуына,мәдени мағынасына көңіл
бөлген дұрыс.
Экскурсияның қызықықты өтуінің негізгі принциптері.
1)Экскурсияның өтілу уақыты академиялық сағат,яғни 45 минуттан бір тәулікке дейін созылуы;
2)Экскурсанттардың жеке немесе ұжымы болуы;
3)Қызықты гидтың болуы;
4)Көрнекілік құралдары
мен экскурсиялық объектілердің
көптеп болуы;
5)Объектілердің көрсетілім мақсаты;
6)Берілген контингент
төңірегінде мәлімдемелер қорының
болуы;
7)Экскурсияға қатысушылардың,белсенділік
көрсетуі.
Статистика бойынша,назар аударушылардың төменгі деңгейі 18-21 жас аралығында,орташа деңгей 22-25 жас аралығында,және жоғарғы деңгей 23 жастан ары қарай байқалады[8].
Экскурсия дайындау 15 негізгі кезеңнен тұрады:
1)Тақырып таңдау,
соған орай тақырыпты ашу үшін
экскурсия мақсаттары мен міндеттерін
анықтау;
2)Әдебиеттерді таңдау ;
3)Экскурсиялық материал
қайнарларын сұрыптау және кітапнама
құрастыру;
4)Тақырып бойынша
мұражай қорларымен, экскурсияға
қатысты экспозициялармен танысу;
5)Экскурсия бағдарын
(маршрутын) құру және бағытта
кездесетін экскурсиялық нысандарды
зерттеу;
6)Экскурсияның бақылау мәтінін жазу;
7)Экскурсияның бақылау мәтіні бойынша бағдарды жүріп өту;
8) "Экскурсовод портфелін " дайындау ;
9)Әдістемелік қабылдауларды жинақтау;
10)Экскурсия өткізу анықтамасы ;
11)Экскурсия барысындағы
қөауіпсіздік ережелерін анықтау;
12)Дара мәтін жазу;
13)Экскурсия құрастырушысы;
14)Экскурсияны тиісті органдарға бекітуге беру;
15)бекіту .