Экскурсия педагогикалық үрдіс ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 17:34, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Экскурсиялық іс-халық арасындағы мәдени ағартушылық жұмыстың маңызды бөлігі.Экскурсиялық іске жүз жылдан астам уақыт болса да,оның тез қарқынмен дамуы ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында басталды.Экскурсиялық істің дамуы әдістемелік және теориялық негіздер жоспарын талап етті.Ресейдің экскурсиялық басқару туризм және экскурсиялық Кеңес Орталығы және туристік экскурсиялық ұйым жұмысшыларының білім жетілдіру институты басты рөл атқарды.Экскурсия – ұжыммен немесе жеке түрде көрікті жерлерге, мұражай және т.б. жерлерге бару,оқыту және мәдени-сауаттандыру мақсатында болатын жол сапарлар. Одан басқа экскурсия дегеніміз қоршаған ортада болып жатқан процесстерді тану, оларды қабылдау.

Содержание

Кіріспе 3
І. Экскурсия жүргізудегі тақырыптың ерекшеліктері 4
1.1 Экскурсияға кіріспе,оның құрылымы:ұйымдастырулық және ақпараттық бөлімдері 4
1.2 Эксурсияның негізгі функциялары 7
ІІ.Экскурсия педагогикалық үрдіс ретінде 9
2.1 Экскурсияның жіктелуі 9
2.2 Экскурсия жүргізудегі даярлау үшін әртүрлі пәндер білімдерін қолдану 12
ІІІ.Экскурсияны өткізу тәсілдері 14
3.1 Экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру әдістерін зерттеу 14
3.2 Экскурсияны өткізу техникасын анықтау 20
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экскурсиядан курстық жұмыс.docx

— 95.91 Кб (Скачать документ)

   Әрбір тақырыптың  өз кіріспесі бар.Егер топ құрамы  әр түрлі болса (мысалы:жергілікті  тұрғындар мен келуші туристтер,ересек  адамдар,және балалар),бір экскурсияның  әр түрлі кіріспелері болады.Экскурсия жүргізушісі,экскурсанттарға нақты бағдар беретін,олармен байланыс түзуге мүмкіндік туғызатын кіріспені дайындау мен орындауға ерекше назар аударады.

   Алғашқы бақылау  және экскурсиялық жұмыстағы  объектілерді көрсету. Объектілерді  көрсету – экскурсанттарды бір  немесе бірнеше объектілермен  таныстыру тәсілі.Мысалы:архитектуралық  ескерткіштермен.

   Көптеген экскурсияларды  көрсету әдістерін құрайды.Объектілерді  көрсету оның ерекшеліктері мен  қасиеттерін,көзбе көрінбейтін элементтерін,тарихи  жағдайын елестетіп,бақылауға алуға  жеңілдік береді.

   Объектілерді корсету  – экскурсанттардың және экскурсоводтардың  мақсатты іс-әрекеттеріне бағытталған  жүйе.Көрсету,яғни заттарды демонстрациялау, экскурсанттарға объект жайлы  түсінік беру.Адам экскурсияда  дұрыс көруді, қарауды,бақылауды,және зерттеуді үйренеді.Бұл көрсетудің басты міндеті[10].

   Экскурсияда көрсетудің басты міндеттері келесі түрде.

   1)Экскурсанттардың  алдында тұрған экскурсиялық  объектілерді көрсету;

   2)Жоқ объектілерді  көрсету(суретте немесе фотода  сақталған);

   3)Сол жерде болған  тарихи жағдайларды баяндау;

   4)Сол жерде болған  тарихи тұлғаның іс-әрекеттерімен  таныстыру (ақынның,жазушының,суретшінің, және т.б.);

   5)Объектті сол  кездегі уақыт бойынша бейнелеу.

   Алғашқы бақылау әдісі.Бұл әдіс экскурсанттардың объектінің орналасқан жеріне келгенде қолданылады.Ол өзімен алғашқы бақылаудың,алғашқы қадамын сипаттайды.Бұл әдісті қолданудың екі тәсілі бар. Бірінші тәсілі: экскусоводтың сөзімен басталады: «Ал бұл мынандай ескерткіш,таныс болыңыз!»Мұнымен экскурсовод экскурсанттардың объектіні өздері тамашалап,көруге,алғашқы бақылау жасауға шақырады.Кейін экскурсовод объектінің сәніні түсінуге,экскурсанттардың назарын аудартады.

   Бұл экскурсанттарға мынандай мүмкіндік береді:

   1)Объектінің орналасқан  жеріне байланысты тарихи жағдайын  елестетуге;

   2)Табиғи түрде  объектіні елестетуге;

   3)Объектіге белгілі  баға беру;

   4)Қоршаған ортасы  туралы түсінік қалыптастыруға.

Екінші тәсілі:экскурсоводтың қысқаша кіріспе сөздерінен басталады. Экскурсовод,экскурсанттарды дұрыс бақылау жасауға,объектінің нақты ерекшеліктері мен қасиеттерін тануға шақырады.Үйлесімділіктің деңгейлері: Кез келген экскурсия екі элементтің үйлесімділігіне негізделген:Экскурсиялық объектілерді көрсету,және олар жайлы әңгімелеу.

   Элементтердің үйлесімділігін түсіну үшін бірнеше деңгейлерге бөледі:

   1)Қарапайым экскурсия,көрсету  мүлдем жоқ.Экскурсоводтың әңгімелеуімен  жүретін,объектілерге бақылау жасалынады.Бұндай  таныстыру деңгейі,тарихи жағдайлармен  жолда таныстыру,экскурсиялық ақпаратқа  тән. Экскурсиялық әдіс тәсілдер  қолданылмайды.

   2)Әңгімелеу болады,дәріс ретінде,тақырыпты ашуға көмектесетін әртүрлі суреттер,сызбалар қолданылады;

   3)Үйлесімділіктің  деңгейі – мұнда әңгімелеу,көрсетуге  тең болады.Бұл деңгейде объектіні  көрсетудің маңыздылығы бар.Экскурсиялық  процесс тереңдетіледі,экскурсовод  көрсетудің амалдарын қолдана  бастайды,көрсету мен әңгімелеуді  экскурсанттарға әсер ету үшін  теңестіреді.Қатысушылардың рөлдері  ауысады.Енді олар тек қана тыңдармандар ғана емес,сонымен қатар көрермендер болып келеді.

   4)Көрсету және  әңгімелеу үйлесімділігі экскурсиялық  мінез қалыптастырады. Көрсету экскурсияда  басты орын алады,ал әңгімелеу  екінші орында қалады. Экскурсанттардың  қатысуымен мәдени және тарихи  ескерткіштері тереңірек зерттеледі.

   5)Көрсету және  әңгімелеу оптимальды үйлесімділікке  жетеді.

   Мәдени-ағартушылық,жұмыстың  кез келген түрінің өзіне ғана  тән ерекше белгілері болады.Экскурсияның  негізгі принципі –көрнекіліктердің  жоғарғы дәрежесі.Басқа белгілері  де маңызды.Бірақ олар түрлі  экскурсиялар үшін бірдей емес.

   Экскурсиялық іс  –халық арасындағы мәдени-танымдық  жұмыстың басты бөлімі болып  келеді.Экскурсиялық іске жүз  жылдан асыр кетті,бірақ оның  жақсы даму кезеңі болып осы  ғасырдың 70-80 жылдары болып келеді.

   Экскурсиялық мекемелер  туристер үшін экскурсия ұйымдастырады. Жоспарлы экскурсияның құны туристік  жолдама құнына кіреді.

   Туристердің қалауы бойынша олардың өз қаржысы есебінен қосымша экскурсия ұйымдастырылуы мүмкін.Оның басты маңызы мынада;

   1)Діни туризм арқылы  халықаралық инвестицияның тартылуын  қамтамасыз етеді;

   2)Шетел валютасының  ел қазынасына түсуіне мүмкіндік  береді;

   3)Халықты жұмыспен  қамтамасыз ету жүзеге асырылады;

   4)Шағын және орта  кәсіпкерлікті дамытады;

   5)Экспорттың дамуына  оң әсерін тигізеді;

   6)Әлеуметтік-саяси  жағдайға оң әсер етеді.

   Экскурсиялық туризмді дамыту үшін мүмкіндіктерді зерттеу.

   Діни туристер,бірінші  орында қажылар саяхатқа өздері  өмір сүретін үйреншікті жағдайлардағы  діни іс-әрекеттен артығырақ бір  нәрсе жасау қажеттілігіне шығады.Ал  адамдардың діни әулие орындарға  сапарға шығуыда әртүрлі себептерден  туындайды:сыйынып жалбарынуға,жеке  басының мәселелерін шешуге,құндылықтар  жүйесін иемденуге,рухани бағытын  бекіту,елдің мәдени мұрасымен  танысу[11].

  

                    2.2.Экскурсия өткізудің техникасын анықтау.

 

   Экскурсия жүргізушісінің сөз шеберлігі,экскурсия жүргізу техникасы.

Экскурсиялық тақырыпты қабылдау дыбыстық және бейнелеу қатарлары бойынша құрылады.Дыбыстық қатардың қайнар көзі экскурсия жүргізушісі және оның сөзі болып саналады.

   Сөйлеу кезінде  тілдің мүмкіндіктерін қолдану,экскурсия  жүргізушісіне берілген тақырып  бойынша білімдер жиынтығын білдіруге мүмкіндік береді.Сөйлеудің түсініліктілігі және нақтылығы бірқатар факторларға тәуелді сөздер таңдау және нақтылығы бірқатар факторларға тәуелді сөздерді тыңдау және тіркестерді құрастыру дұрыстығы.

   Сөйлеу ішкі және  сыртқы болып бөлінеді.Сыртқы  сөйлеудің коммуникативті бағдары  бар,оның мазмұны басқа адамдардың  түсінуіне бағдарланған. Экскурсия  жүргізушісінің әңгімесі –адамдардың  ой-өрісіне,және фактілік іс-әрекетіне  әсер ететін,нақты объектілер  туралыақпарат бере отырып, экскурсанттар  ойында ақпарат туралы дұрыс  бейнені қалыптастыратын сыртқы  сөйлеу үлгісі.[12].

   Ішкі сөйлеу –аудиторияға  хабарланатын ойды алдын-ала қалыптастыратын  ішкі сөйлеу.Экскурсия жүргізушісі  үшін ішкі сөйлеу дегеніміз  –барлық экскурсияны,немесе оның  бөлігін іштей айтып шығу.

   Әрбір экскурсия  жүргізушісі ішкі сөйлеудің мүмкіндіктерін  толығырақ қолдануы крек,себебі  кез келген танымдық тапсырмаларды  құрастыру және шешу –адамның  өз-өзімен араласудың мәні болып  келеді.

   Экскурсия жүргізушісі  экскусия кезінде екі формаларды  да қолданады,бірақ сыртқы сөйлеу,ішкі  сөйлеуге қарағанда басымырақ  қолданылады.Ал экскурсант,экскурсия  жүргізушісінің хабарламасын қабылдай  отырып,ішкі сөйлеуді көбірек  қолданады.Бұл қабылданған білімдерді  түсінуге,және есте сақтауға экскурсия  жүргізушісінің ойымен ,көзқарасымен  келісуге мүмкіндік береді.

   Экскусия жүргізушісі  сөйлеу темпі,тимі, әңгіменің мазмұнына  байланысты. Олар экскурсия кезінде  өзгереді –бәсеңдейді,немесе жылдамдайды.Сөйлеу  темптері тез,орташа,баяу,ақырындап  өзгеретін,және үзілмелі болып  бөлінеді. Сөйлеу темпі әңгіменің  мазмұнын тыңдаушыға әсерлі жеткізуі  тиіс.

   Экскурсия жүргізушісі  үшін жақсы дикция –буындарды,сөздерді,және  сөз тіркестерін нақты,түсінікті  айту өте маңызды.

   Экскурсия жүргізу техникасының ұғымы,мақсаты және міндеттері.

   Кез келген экскурсияның  әсерлілігі,оны өткізудің техникасына,өткізу  әдістемесі мен техникасының  байланысына тәуелді.Экскурсия өткізудің  техникасына бірқатар талаптар  қойылған.Оның қатарына кіреді:

   1)Экскурсия жүргізушісінің  топпен танысуы;

   2)Объект маңында  топтарды дұрыс орналастыру;

   3)Экскурсанттардың автобустан шығып,автобусқа (басқа да көлік құралы)  қайта оралуы;

   4)Экскурсия жүргізушісінің  микрофонды қолдануы;

   5)Толықтай экскурсияға,және  тақырыпты ашуға бөлінген уақытты  ұстану;

   6)Экскурсанттардың  сұрақтарына жауап беру.

   Кез келген жаңа  экскурсия бойынша жұмыс,оның  мақсатын анықтаудан басталады.Бұл  экскурсия авторларына болашақта  жұмысты ұйымдастырылған түрдеөткізуге  көмектеседі.Экскурсия мақсаты –дегеніміз  бұл не үшін экскурсанттарға  тарих және мәдениет ескерткіштері  мен басқа да объектілер көрсетіледі.Экскурсия жүргізушісінің әңгімесі де сол соңғы мақсатқа бағынады. Бірнеше мақсаттарды атап өтейік: Отанға деген отаншылдықты, қоғамдық пайдалы еңбекке,басқа халықтарға махаббатты,және сыйластықты тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру,сонымен қатар ой өрісін кеңейту,ғылыммен мәдениеттің әр түрлі салалары бойынша қосымша білім алу,және т.б.Экскурсия міндеттері –тақырыпты ашу арқылы мақсатқа жету[13].

   Тақырыбына,түріне,және өткіз формасына тәуелсіз барлық экскурсиялардың сызбалары бір:кіріспе,негізгі тарау,қорытынды.

   Кіріспе екі бөлімнен тұрады:

   1)Ұйымдастырушылық(экскурсия  тобымен танысу,және экскурсанттардың  жол кезінде қауіпсіздік пен  бағытқа өзін-өзі ұстау ережелері  туралы нұсқаулар);

   2)Ақпараттық(тақырып  туралы,бағыттың ұзақтығымен ұзындығы  туралы,кету мен қайтып  келу  уақыты аяқталатын жері туралы  қысқа хабарлама)[14].

   Негізгі тарауы  нақты экскурсиялық объектілер  негізінде, көрсетумен әңгімелеудің  құралдары.Оның мазмұны бірнеше  тақырыпшалардан құралады, олар  объекттерде ашылуы тиіс,және  тақырыпшамен біріктіріледі.Экскурсия  тақырыпшаларының саны 5-тен 12-ге  дейін болуы мүмкін.Экскурсия құру үшін тақырып мазмұнын ашуға көмектесетін объектілерді дұрыс таңдау өте маңызды.Олардың саны белгілі-бір экскурсияда,уақытта,және тақырыпшаның маңыздылығына байланысты.

   Қорытынды кіріспе  сияқты экскурсиялық объектілермен  байланысты емес.Ол уақыт бойынша 5-7 минут созылуы тиіс,және 2 бөліктен  тұрады.Бірінші –экскурсияның негізгі  мазмұнының шешімі,экскурсия мақсатын  көрсететін тақырып бойынша қорытынды.Екінші  –берілген тақырыпты кеңейте  және тереңдете алатын басқа  экскурсиялар туралы ақпарат.Қорытынды,кіріспе  негізгі тарау сияқты өте маңызды.

 

 

 

 

 

                                                 Қорытынды  

 

   Қорытындылайтын  болсам,экскурсанттарды даярлау  барысында логикалық және психологиялық  заңдылықтар зор рөл атқарады.Сондықтан  да,алдын-ала даярлау кезінде  өзін-өзі логикалық тұрғыдан моральды  дайындау қажет деп ойлаймын.Менің  ойымша,экскурсиядағы логикалық  құрылым және хронологиялық-экскурсиондық  материалды тез ұғынудың тиімді  жағдайына әсерін тигізеді.

   Алғашқыда экскурсия белгілі бір тәжірибелік мақсаттағы серуен тәрізді болды.Мысалы:дәрілік шөптерді іздеу.Кейін ғылыми міндеттерді атқара бастады.Мысалы:өлкетану мұражайы үшін экспонаттарды іздестіру.Тәрбиелік жұмысты жақсарту ұмтылысы экскурсияны мәдени-ағартушылық жұмыстың бір түріне айналдырды.

   Экскурсия терминіне  ең алғаш рет 1882 жылы В.Даль  былай деп анықтама берген: «Экскурсия  – бұл қызық ақпарат алу  мақсатында арнайы ұйымдастырылған  саяхат».Аталмыш терминде М.П.Анциферовтың  өз тұжырымдамасында төмендегідей  баяндаған: «Экскурсия –мұражайға,шет  елдерге,өндірістік кәсіпорындарға  саяхат жасау барысындағы мәдени  және ғылыми-танымдық мақсатпен  ұйымдастырылған ұжымдық саяхаттың  бір түрі».

   Экскурсиялық теория  – бұл «экскурсия»сөзінің бірізді  дәлелдемесі,оның негізгі аспектілері,көрсетілім  ерекшеліктері,методы және экскурсиялық  іс-әрекеттердің психологиялық негіздері.

   Экскусиялық теорияның  белсенді дамуы 70 – жылдары айқын  көрінеді. Негізінен, «экскурсия» сөзі  латын тілінде «экскурсио» деп  аталады.Орыстың төл сөздік қорына  ХІХ ғасырда еніп, «жүгіріп шығу»  деген мағынада қолданылған болатын.Бірақ  кейінірек көптеген зерттеулердің  нәтижесінде «саяхат» деген мағынаны  иемденді. «Саяхат»сөзін жеке алып  қарасақ,бір жерден екінші жерге  жөнелу,зерттеу,жаңалықтар ашумен  теңеуге болады.

       Экскурсия – экскурсовод маман қызметінің ерекше түрі.Кейбір әдіскерлер экскурсия,экскурсоводтардың жұмысы,ал экскурсанттар экскурсия барысында демалады деген пікірді ұстанады.Бұл қате пікір.Экскурсиялық үрдіске қатысу өтк қиын жұмыс болып табылады,сондықтан екі жаққа да оңай тимейді.

   Экскурсия белгілі  бір автордың шығармасы болғандықтан,әдеби  шығарма қойылатын талаптарды  есекре отырып,құралды және барлық  экскурсиялық материал бағынатын  сюжеті болады.Өзінің міндеттерімен  өткізу формасы бойынша шолу  экскурсияға қарағанда өзінің  құрылымы,мазмұны,өткізу әдістемесі  бойынша қиынырақ болып табылады.

   Экскурсияны сонымен  қатар қарым-қатынас формасы ретінде  де қарастыруға болады. «Қатынас»  түсінігі орыс тілінде «өзара,іскер-достық  қарым -қатынас» ретінде қарастырылады.

Информация о работе Экскурсия педагогикалық үрдіс ретінде