Автомобильдің рульмен басқару жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2015 в 10:56, дипломная работа

Краткое описание

Бүгінгі күні әлемдік өндіріс жылына 50 млн. тасымал құралын шығарып келеді. Олардың айырмашылығы мен ерекшеліктері қозғалтқышты, тежеуіш жүйесін, трансмиссия жұмыстарын реттеу, басқаруды электрлендіру мен автоматтандыру болып табылады.
Автозауытконструкторлары рульдік басңаруды тежеуішті күшейту, көру аймағын жақсарту, жылыту және кабинаны желдету жүйелерін жақсарту, жүргізушінің орындығын жетік қондырғылармен ыңғайластыру, басқару автоматикасын қолдану жөне басңа қосымша жақсартулар арқылы жүргізуші еңбегін жеңілдетіп келеді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. ІІ. Автомобильдің жалпы құрылысы
Автомобильдердің классификациясы
Автомобильдің жалпы құрылысы
Автомобильдің техникалық сипаттамасы
ІІІ. Автомобильдің рульмен басқару жүйесі:
Автомобильді басқару қызметі
Руль механизмінің құрылысы мен жұмысы
Руль жетегі
Рульмен басқарудың пайдаланыста реттелуі
Рульмен басқарудағы ақаулар
Рульмен басқаруға техникалық қызмет көрсету кезінде
атқарылатын негізгі жұмыстар
ІV. Техникалық диагностика және техникалық қызмет көрсету:
Техникалық қызмет (ТҚ) жұмыстарының арналымы
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуталаптары
Ауысым сайын техникалық қызмет көрсету
Күрделі және ағымды жөндеу
V. Қоршаған ортаны қорғау
VІ. Қорытынды
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Рульмен баскару.doc

— 3.76 Мб (Скачать документ)

 

 

 

 

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуде қойылатын талаптар

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсеткенде, өндіріс құралдарына технологиялық процестерді ұйымдастырғанда қойылатын санитарлық ереже мен гигиена талаптарын, сондай-ақ мемлекетттік стандарт талаптарын дұрыс орындау керек.

Автомобильдер мен тіркемелерге маусымдың техникалық қызмет көрсету (ТҚК) кезінде байқалған сынықтарды жөндеу керек. Автомобильдерді пайдалануға бермес бұрын тексеруге бағытталған техникалық қызмет көрсету бөлімшелерінде жүргізіп байқайды.

Автомобильдер мен тіркемелерге техникалық қызмет-1 техникалық қызмет-2 техникалық қызмет көрсету ауыспалы агрегаттардың көмегімен жұмыс орнында жасалады, отын және жағармай құю операцияларын жүргізгенде автомобильдің негізгі бөлімдеріне шаң, топырақ және ылғал түспеуі керек. Жұмыстан кейін автомобильдің картерінен алынған майларды, гидравликалық жүйенің сұйықтарын, техникалық қызмет көрсету кезінде алынған басқа да мұнай өнімдерін арнайы ыдысқа жинап, есебін жүргізеді. Жұмыстан шыққан мүнай өнімдерін жерге төгуге болмайды. Күрделі немесе ағымдағы жөндеу алдында ТҚ-2 техникалық қызмет жүргізбей, диагностикаға жіберіп, оны жұмысқа пайдалануға немесе жөндеуге қойылатыны анықталады.

Ауысым сайын техникалық қызмет көрсету. Автомобильді шаң мен ластан тазартады. Сырттай қарап, отынның, майдың және электролиттің ақпауын тексереді, қажет болса жөндейді. Қозғалтқыш картерінің түбіндегі майдың, радиатордағы салқындатқыш сұйықтың деңгейін тексереді, қажет болса, белгілі дәрежеге дейін толтырады. Қозғалтқыштың, рульдік басқарудың, жарық және сигнал беру жүйесінің әйнек тазалауыш пен тежеуіштердің жүмысқа жарамдылығын тексереді. Автомобиль қозғалтқышын ауысым барысында маймен толықтырады.

Бірінші техникалық қызмет көрсету (ТҚ-1) Қозғалтқышты пайдалану жөніндегі нұсқау бойынша ауа тазартқыштарға техникалық қызмет көрсетіледі. Аккумулятор батареясын тексеріп, қажет болса аккумулятордың үстін, клемманы, сымдардың ұшын, тығындағы желдеткіш саңылауларын тазартып, тазартылған сумен толықтырады. Отын сүзгісіндегі ірі қалдықтарды, артқы белдік тежеуіштерінің қуыстары мен бұраушы моментінің үлкейткішіндегі жиналған майды, ауа баллонындағы конденсатты төгеді. Аккумулятор батареялары сымдарының ұшы мен клеммаларды майлайды. Майлау кестесі мен картасына сәйкес автомобильдің құрама бөлшектеріндегі май деңгейін тексеріп, қажет болса, белгіленген дөрежеге дейін толықтырады. Автомобильдің құрама бөлшектерін майлау кестесі мен картасына сөйкес майлайды.

Екінші техникалық қызмет көрсету (ТҚ-2)

Техникалық қызмет-1 өрекеттерінен басқа қозғалтқыштың күйентелері мен клапандары арасындағы саңылаудың мөлшерін, бұрау моменті үлкейткішінің ілініс жалғауышын, бұрау моменті үлкейткішінің тежеуіші мен кардан берілісін, негізгі қозғалтқыштың ілініс жалғауышы мен қуат алу білігінің жетегін, бұрылуды басқару жалғауышын, тежеуіш жүйесін, автомобильдің бағыттауыш доңғалақтарының қиылысуын, рульдік доңғалақтың солқылын, бағыттауыш доңғалақтарды реттейді.

Техникалық қызмет-2 кезінде басңа да диагностикалық жүмыстармен қатар ресурстық диагностика жүргізіледі.

Стартердің техникалық күйін тексеріп, байңалған ақау болса жөндейді. Реттегіш релені тексеріп, қажет болса жөндеп реттейді, электр сымдарының күйін байқап ақаулы жерін оқшаулайды. Баңылау аспаптарының эталонына сәйкес көрсетуін тексереді, егер қажет болса, оларды жаңасымен ауыстырады. Отынды ұсақ элементтерден тазартатын сүзгіні алмастырады. Ауа баллондарының тығыздығын тексереді. Бас берілістегі жетекші тісті доңғалақтары подшипниктерінің саңылауын (бұзбай) тексеріп, қажет болса, реттеу жұмыстарын жүргізеді. Кардан білігіне орнатылған фланецтердің тығыздығын тексеріп, қажет болса реттеу жұмыстарын жүргізеді. Кардан білігіне орнатылған фланецтердің тығыздығын тексеріп, қажет болса оларды қалыпқа келтіреді. Шиналарды керіп, ақауларын түйеді. Қозғалтқыштың салқындатқыш жүйесін жуады. Қозғалтқыштың қуатын жөне бір сағатқа жүмсайтын отын мөлшерін анықтайды. Автомобильді жүргізіп, механизмдерінің жұмыс қабілетін тексереді.

 

 

 

 

 

 

 

Күрделі және ағымды жөндеу

Жөндеу жцмыстарының міндеттері. Жөндеу сипатына және міндетіне сәйкес күрделі жөне ағымдағы болып бөлінеді.

Күрделі жөндеу. Агрегаттарды күрделі жөндеу оны толық бөлшектеу, ақауын анықтау, қалпына келтіру немесе бөлшектерін ауыстыру, ретімен қайта жинау, реттеу жөне сынау жұмыстарын қарастырады. Агрегаттың негізгі жөне негізгі бөлшектері оны толық шешіп қалпына келтіруді қажет еткенде, сондай-ақ агрегаттың жұмыс қабілеті ағымдағы жөндеумен қалпына келтіруге болмайтын жағдайда күрделі жөндеуге жіберіледі.

Негізгі бөлшектер агрегаттың жұмыс істеу қабілетін орындауын қамтамасыз етеді және оның пайдалану сенімділігін анықтайды. Сондықтан негізгі бөлшектерін күрделі жөндеумен қалпына келтіргенде оның сапалық деңгейін қамтамасыз ету немесе жаңа жасалымның сапалылығына жақындату қажет.

Күрделі жөндеумен сондай-ақ, жаңа жасалымның деңгейін немесе соған жуық қалпына келтіруді қамтамасыз етеді: саңылауларды және бекітулерді, бөлшектердің өзара орналасуын (жазықтықта, ось бойында, т.с.с), жұмыс беттерінің микро және макрогеометриясын, металдың құрылымы мен қаттылығын, жасалымды құраушы бөліктерінің пошымы мен сыртқы көріністерін. Күрделі жөндеу басым көпшілігінде арнайыландырылған автожөндеу мекемелерінде жүргізіледі. Қозғалыс құрамын және агрегаттарды күрделі жөндеуге жіберу диагностикалың жабдықтарды қолдана отырып, оның техникалық жағдайын талдау қорытындысымен және жүрген жолын, сонымен бірге техникалық қызметпен жөндеу шығындарын ескеріп жүргізіледі. Жеңіл автомобильдер мен автобустар күрделі жөндеуге кузовына күрделі жөндеу қажет болғанда жіберіледі. Жүк автомобильдері - рамасына, кабинасына, сондай-ақ кемінде негізгі үш агрегатына күрделі жөндеу қажет болған жағдайда жіберіледі. Негізгі агрегаттарға жататындар: қозғалтқыш, беріліс қорабы, тарату қорабы, жетекші белдік (алдыңғы, ортаңғы, артқы белдіктер), алдыңғы белдік және рульдік механизм.

Күрделі жөндеудің бірден-бір өріс алуы, жүк автомобильдеріндегі толық бөлшекті агрегаттарды күрделі жөндеуден өткен агрегаттармен ауыстырып жөндеу, яғни агрегаттық әдіспен жөндеу болып табылады, кейде ағымдағы жөндеу кезінде де айналымдағы қоймадан алынған, күрделі жөндеуден келген агрегаттарды ауыстырып жөндейді. Айналымдағы қор шығарылған, күрделі жөнделген немесе ағымдағы жөндеуден өткен агрегат, бөлшектермен толықтырылып отырады. Кейде АТ мекемесіне айналым қорына орталықтандырылған қоймадан да жаңа немесе күрделі жөндеуден өткен агрегат, бөлшектер келіп толықтырылады.

Күрделі жөндеу үшін агрегатты және автомобильді бірінші және кейінгі күрделі жөндеулер белгіленеді.

Ағымдаеы жөндеу пайда болған ақауларды жөндеу, қалпына келтіру, сондай-ақ автомобильдер мен агрегаттарда қалыптасқан ереже бойынша күрделі жөндеуге дейінгі жүрісін қамтамасыз ету үшін қызмет жасайды. Ағымдағы жөндеудің жұмыс сипаттамасына бөлшектеу, жинау, слесарьлық пісіру, ақауын анықтау, сырлау, бөлшектерін және агрегаттарын ауыстырулар жатады. Агрегатты ағымды жөндеу кезінде шектік жағдайға жеткен, негізгіден басқа бөлшектерді ауыстыруға болады. Автомобильде ағымды жөндеу кезінде кейбір бөлшектерді, механизмдерді, агрегаттарды ауыстыруға болады. Ағымды жөндеуден шыққан бөлшектің немесе агрегаттың кезекті техникалық қызмет-2-ге дейін ақаусыз жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етуі қажет. Қолданыстағы жүйе ережесімен ағымдағы жөндеу үшін уақыт мөлшерін белгілеу меншікті еңбек сыйымдылығымен алынады, яғни еңбек сыйымдылығын автомобильдің жүрісіне шаққанда (адам.сағ./1000 км).

Техникалық қызмет және жөндеу жөніндегі ережеде және сәйкес практика ағымдағы жөндеу жұмыстарының уақыт мөлшерін белгілеудің қажеттілігін көрсетеді (алдын алу жөндеулері), мысалға, қозғалыс үлкен шығынға ұшырататын болған жағдайда агрегат механизмінің істен шығуының алдын алу. Мұндай ағымдағы жөндеу процесінің кейбір аз бөлігін техникалық қызмет жұмыстарымен біріктіруге болады. Басқа жұмыстар өз алдына автомобильді, кузовын және кабинасын техникалың жарамды қалыпта ұстау мақсатында автомобильдің жұмыс мерзімі аралығында жүргізіледі.

Маусымдық техникалық қызмет көрсету

Автомобилъді күзгі-қысқы кезеңде пайдалану кезіндегі маусымдық техникалық қызмет көрсету (ТҚК). Күзгі-қысқы кезеңде пайдалану кезінде көрсетілген маусымдық техникалық қызметте салңындатқыш жүйесіне суықта қатпайтын (төменгі температурада) сұйықтық құяды. Дара жылытқышты жұмысқа қосып, жылу ұстайтын қаппен жабады. Майлау кестесіне сәйкес қыста қыстық, ал жазда жаздың май сортына ауыстырады. Қозғалтқыштың майлау жүйесіндегі радиаторды ажыратады. Реле-реттегіштің реттеуі маусымдық бұрмасын "3" (қыс) қалпына қояды. Қыста 40°С-ңа дейін суық болатын, ауа райы қатаң континентальды аудандарда аккумулятордағы электролит тығыздығын қысқы нормаға жеткізеді. Қозғалтқыштың от алуын жеңілдететін құралдардың жұмысқа жарамдылығын тексереді. Байқалған ақауларды жөндейді.

Көктемгі-жазгы кезеңде пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету (ТҚК). Көктемгі-жазғы жағдайда ауысым алдында автомобильдің жылу ұстайтын қаптарын алып тастайды. Қозғалтқышты майлау жүйесінің радиаторын жұмысқа қосады. Салқындатқыш жүйесінен дара жылытқышты ажыратады. Реле-реттегіштің реттеуіш винтін "Л " (жаз) қалпына қояды. Ауа райы қатаң континентальді аудандарда аккумулятор батареяларындағы электролит тығыздығын жазғы нормаға жеткізеді. Қажет болса, қозғалтқыштың салқындатқыш жүйесін де тұнбадан тазартады.

Автомобилъдерді ерекше жағдайда пайдаланғанда техникалық қызмет көрсету. Шөлейт және құмдақ топырақты жерлерде қозғалтқышқа отын мен майды жабық әдіспен құяды. Автомобиль үш ауысым жұмыс атқарған сайын аккумуляторды тазартылған сумен толтырады.

Ауа райы суық (температура - 30°С төмен) кезде арнайы мекемелер ұсынып отырған дизельдік-арктикалық отын мен майдың арнайы сортын қолданады. Ауысым соңында басқа отын толтырады да, пневматикалық жүйесінің ауа баллондарындағы конденсатты төгеді. Қозғалтқыштың салқындатқыш жүйесіне ауаның төменгі температурасында қатпайтын сұйық құяды.

Автомобиль тастақ жолсыз жерлерде жұмыс істегенде ауысым сайын жүру жүйесінің және қорғаныш құрылғыларының қаншалықты зақымдалғанын, сондай-ақ қозғалтқьпп картеріндегі төгу тығынының, алдыңғы және артқы белдіктің, жақтаудағы редукторлардың, жетекші доңғалақтың беріктігін тексереді. Табылған ақауларды жөндейді. Саздақ жерлерде ауысым сайын майлау және салқындату жүйелерінің сыртқы бетін ластан тазартып, тексереді. Орманда жұмыс істегенде автомобильді ағаштың кесілген, шабылған ұсақ бөлшектерінен тазартады.

Су кедергілерінен немесе саздақ аймақтардан өткен соң қуат берілісі мен жүру жүйелерінің агрегаттарында судың қаншалықты екенін тексереді, ал түнбада су болса, майды ауыстыру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V. Қоршаған ортаны қорғау

Қоршаған орта – табиғи орта құрамдас бөліктері , табиғи және антропогенді объектілер жиынтығы.

Табиғи орта құрамдас бөліктері – жер, жер қойнауы, топырақ, жер беті және жер асты сулары, атмосфералық ауа, өсімдік , жануар әлемі, сонымен қатар, озон қабаты мен ғарыш кеңістігі.

Табиғи объект – табиғи қасиеттерін сақтаған экологиялық орта, табиғи ландшафт.

Антропогенді орта – табиғи орта қасиеттері жоқ адам қолымен қажеттілігіне жасалған  объект.

Құрылыс кәсіпорындары қоршаған ортаны қорғауға арналған барлық шараларды орындауға міндетті. Автомобиль кранын пайдалану кезінде табиғат аясын ластау мен бүлдіру құбылыстарына мыналар жатады:

Жол құрылыс машиналары мен транспорт құралдарын қолдануда дұрыс реттелмеген іштен жану қозғалтқыштарын пайдалану арқылы олардан бөлінетін шығу газдары ментүрлі улы газдардың бөлінуі; Ауысым сайын немесе мерзімді қызмет көрсету кезінде машиналарды құрамындағы мұнай өнімдері мен химиялық жуғыш заттары бр жуынды суды  жинақтайтын арнайы жинақтауышы жоқ кез-келген алаңдарда   жуу;

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын орындауға арналған алаңдар мен территориялардың қалдық сүрту материалдармен, ластанған майлармен, техникалық сұйықтықтармен ластануы;

Пайдаланатын мұнай өнімдерін (жағармай, май, майлағыштар, техникалық сұйықтықтар) жабдықталмаған немесе бейімделмеген  орындар мен ыдыстарда сақтау, ол тапшы заттардың жойылуы мен атмосфера мен топыраққа зиянды улы заттардың, түрлі химиялық қосылыстардың  таралуына алып келеді.

Табиғатты қалпына келтіруге ұзақ уақыт пен үлкен шығындар қажет етеді.  Қоршаған ортаны қорғауда машиналар мен қондырғыларға пайдалану мен техникалық қызмет көрсету кезінде басты талап олардың қозғалтқышының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Қозғалтқышта отынның толық жанбауын және өңделген газбен бірге улы қосылыстардың көмір тотығы, ыс және басқа да зиянды заттар түрінде шығуына жол бермеу қажет.

Ұшқышды оталдырулы қозғалтқыштарда отынның толық емес жану өнімі болып көміртегі тотығы мен сутегі, ал өздігінен жану оталдырылатын қозғалтқыштарда бос көміртегі түріндегі ыс болып табылады.

Қоршаған ортаға зиянды газдардың бөлінуін болдырмас үшін, машинаға уақытында техникалық қызмет көрсетуді, сосын ішінде қоректендіру жүйесін, қозғалтқыштың газ түзуін реттеу жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.

Сонымен қатар, қоршаған ортаны  (ауа, топырақ, өзен-су) ластауға мұнай өнімдерінің де тигізер әсері үлкен. Сұйық мұнай өнімдерінің булануы ашық түске боялған ыдыстарда аз болады.  Қара түске боялған ыдыстағы өнімнің булануы 1,5 % болса, ақ түске боялған ыдыста булану 0,85% болады. Мұнай өнімдерін жер астында сақтау булануды үш есеге дейін қысқартады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Автомобильдің  жүру кезіндегі бағытын алдыңғы. дөңгелектерді рульмен басқару арқылы бұрып отырады. Рульмен басқаруға мыналар кіреді: руль дөңгелегі, руль білігі, червяк, руль шүмегінің білігі, шүмек, бойлық тартқыш, бұрылатын цапфаның жоғарғы рычагы, бұрылатын цапфаның рычагы (сол және оң) және көлденең руль тартқышы.

Руль механизмі руль дөңгелегінен, рульмен басқару білігінен, руль колонкаларынан, бүйірінде, жоғарыда және астында  қақпақтары бар  картерден,   червяктан екі немесе үш тарақты ролигі бар шүмекті білігінен, подшипниктерден, шүмекті біліктің реттеуші винтінен тұрады. Червяк пен роликті шүмектің, білігі руль берілісін жасайды. Олар картерге орналастырылған. Картер болаттармен рамаға бекітілген. Рульдік беріліс рульдік дөңгелектен шүмекке берілетін әсерді күшейтіп, басқаратын дөңгелектердің бұрылысын жеңілдетеді.

Информация о работе Автомобильдің рульмен басқару жүйесі