Автомобильдің рульмен басқару жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2015 в 10:56, дипломная работа

Краткое описание

Бүгінгі күні әлемдік өндіріс жылына 50 млн. тасымал құралын шығарып келеді. Олардың айырмашылығы мен ерекшеліктері қозғалтқышты, тежеуіш жүйесін, трансмиссия жұмыстарын реттеу, басқаруды электрлендіру мен автоматтандыру болып табылады.
Автозауытконструкторлары рульдік басңаруды тежеуішті күшейту, көру аймағын жақсарту, жылыту және кабинаны желдету жүйелерін жақсарту, жүргізушінің орындығын жетік қондырғылармен ыңғайластыру, басқару автоматикасын қолдану жөне басңа қосымша жақсартулар арқылы жүргізуші еңбегін жеңілдетіп келеді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. ІІ. Автомобильдің жалпы құрылысы
Автомобильдердің классификациясы
Автомобильдің жалпы құрылысы
Автомобильдің техникалық сипаттамасы
ІІІ. Автомобильдің рульмен басқару жүйесі:
Автомобильді басқару қызметі
Руль механизмінің құрылысы мен жұмысы
Руль жетегі
Рульмен басқарудың пайдаланыста реттелуі
Рульмен басқарудағы ақаулар
Рульмен басқаруға техникалық қызмет көрсету кезінде
атқарылатын негізгі жұмыстар
ІV. Техникалық диагностика және техникалық қызмет көрсету:
Техникалық қызмет (ТҚ) жұмыстарының арналымы
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуталаптары
Ауысым сайын техникалық қызмет көрсету
Күрделі және ағымды жөндеу
V. Қоршаған ортаны қорғау
VІ. Қорытынды
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Рульмен баскару.doc

— 3.76 Мб (Скачать документ)

динамометрмен руль дөңгелегін бұруға қажетті күшті тексереді, ол ГАЗ-53А автомобилінде 1,6—2,2 кгс, ал ГАЗ-24 «Волга» автомобилінде—1,2—1,4 кгс болуға тиіс; 

тоқтататын шайбаны кигізіп, ойықтардың бірде-бірі штифті шайбаға түспесе винтті штифті щайбаның ойыққа сәйкес келуіне дейін бұрау керек; бүл жағдайда руль дөңгелегін бұруға жұмсалатын күш жоғарыда айтылған мөлшерден аспауға тиіс;

қалпақты гайканы бұрап, руль шүмегінің ұштығындағы люфтіні тағы да тексереді.

ЗИЛ-130 автомобилінің рульмен басқаруында гидрокүшейткіш насосты тексеріп, реттейді. Руль механизмін тексерудің және реттеудің алдында алдыңғы дөңгелектердің шиналарындағы ауа қысымын тексерген жөн, олардың подшипниктерін реттеп, руль тартқыштарының біріккен жерлерінің жағдайын, кардандарды, алдыңғы дөңгелектердің аралық алшақтығы мен бұрылыс бұрышын тексеру керек. Бұдан басқа гидрокүшейткіштің насосы багындағы майдың мөлшерін жетек белдігінің тартылысын тексеру керек. Күшейткіш жүйесінде ауаның жоқтығына көз жеткізу кажет. Насостың багында судың немесе ластың, сондай-ақ трубопроводтардың жалғанған жерлерінде майдың ағып кетпеуін қадағалау керек. Анықталған ақаулар мен кемшіліктерді жою қажет. Руль механизмі мынадай тәртіппен реттеледі. Автомобильдің алдыңғы дөңгелектерін тура жүретіндей жағдайға келтіріп қояды, ал руль дөңгелегін орташа жағдайға келтіріп, серіппелі динамометрмен руль дөңгелегін оның үш жағдайына бұрьш келтіретін күштің мөлшерін тексереді. Бірінші тексеруді руль дөңгелегін орташа жағдайдан екі айналымнан астам бұрап (мұнда күш 0,56—1,35 кгс болуы тиіс), екінші тексеруді руль дөңгелегі орташа жағдайдан 3/4—1 айналым өткенде (мұнда тісті іліністің саңылауы дұрыс болғанда күш 2,3 кгс аспауға тиіс), үшінші тексеруді —руль дөңгелегі орташа жағдайдан өткенде (тісті іліністің саңылауы реттелген соң) атқарылады, мұндай жағдайда күш екінші тексерудегімен салыстырғанда 0,80-1,25 кгс және 2,8 кгс аспауға тиіс. Егер осы жағдайдағы күш көрсетілген мөлшерге сәйкес келмесе, онда руль механизмін реттеген жөн.

Руль механизмін реттеуді күш мөлшерін үшінші тексеруге сәйкес мөлшерге жеткізуден бастау керек. Бұл руль механизмі (12-сурет) қақпағына орналасқан гайканы винтті бұрау арқылы іске асырылады, ол алдын-ала оның қосымша гайкасын босату қажет.

Егер күшті көбейту қажет болса, онда винтті бұрап бекітеді, азайту қажет болса— босатады. Егер осындай реттеуден кейін де пайдалы нәтиже шықпаса руль механизмін бөлшектеу қажет. Сосын бірінші және екінші тексерудің талаптарына сәйкес тексеріп, реттеу керек. Мұндай реттеуді шеберханада атқарады.

ЗИЛ-130 автомобилі алдыңғы дөңгелектерінің бұрылу бұрышын мейлінше реттеу үшін бұрылу жұдырықшасы рычагының таяныш болттары болады. Олар ось арқалығында бобышкаға тіреледі. ГАЗ-53А автомобилінде бұл болттар бұрылатын цапфаның рычагына бұралған.

Гидрокүшейткіштің ңасосы көбейтетін қысымды тексеру үшін насос пен жоғары қысымды шланганың арасына шкаласы 80 кгс/см2 дейінгі манометр мен гидрокүшейткішке май беруді тоқтатып тұратын вентильден құралған икемділік орнатылады. Тексеру үшін вентильді ашу және дөңгелекті бір жаққа бұру кажет; двигательді бос айдаған кездегі иінді біліктш кіші айналымының саны 60 кгс/см2 кем болмауға тиіс.

Егер майдың қысымы 60 кгс/см2 кем болса, онда веитильді жайлап бұрап, қысымның көбеюін монометр бойынша тапқан жөн. Егер насостың бұзығы жоқ болса, қысым кем дегенде 65 кгс/см2 жетуге тиіс. Олай болса ақаулықты рульмен басқару механизмінен іздеген жөн. Бұзылған насоспен қысым ұлғаймайды.

Егер қысым жабық тұрған вентильде ашық тұрғандағыдан көп болатын болса, бірақ 60 кгс/см2 кем болса, онда екеуінің де ақауы болғаны. Тексеру кеэінде вентиль 15 сек артық жабық болуға тиіс, ал  дөңгелек соңына дейін бұралмауға тиіс. Бактағы майдың температурасы тексеру кезінде 65~750 С  болуға тиіс.

Гидрокүшейткіштегі майды ауыстыру үшін дөңгелекті солға қарай шегіне дейін бұру қажет, бактың қақпағын ашып, руль механизмі картерінің тығынын бұрап алып, майды ағызады. Гидрокүшейткіштің барлық бөлшектерін этилдендірілмеген бензинмен жуып, сүртеді. Бұдан кейін бачокка 1 л жаңа май құйып; руль дөнгелегін бір жағына және екінші жағына айналдырады да майды төгіп тастайды. Бачокты жуып болған соң оған жаңа сүзілген май құяды, сосын двигательдің иін білігінің кіші айналымы кезінде руль дөңгелегін шеткі жағдайға бұрады.

Ауаның көпіршіктері шығып кеткен соң майды бақылау белгісіне дейін толтырып құяды. Қақпағын орнына қойып, двигательдің түрлі айналымындағы иін біліктің жұмысы кезінде майдың ағатынын, ақпайтынын тексереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рульмен басқарудағы ақаулар

 

Автомобильді пайдалануға болмайтын рульмен басқарудың мейлінше жиі кездесетін ақаулықтарына мыналар жатады: руль дөнгелегі люфтісінің мөлшерден тыс болуы; рульмен басқарудың қысылып қалуы; рульмен басқару бөлшектерінің көп тозуы; бекітулер мен шплинттердің босап кетуі. Осы айтылған ақаулықтардың кез келгені автомобильдің тура журуін де, бұрылысын да қиындатып, тіпті басқаруды толық жоғалтатындай дәрежеге әкелуі мүмкін. Рульмен басқарудағы аталған кемшіліктік бірі болған күнде автомобильді пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Тіпті автомобильді басқарудағы сәл ғана қиыншылықтың өзі авария жасауға себеп болуы мүмкін. Рульмен басқаруда ақаулық болған жағдайда жургізуші әдеттегіден қатты шаршайды, автомобильді басқаруға сенімділігі азаяды, шаршап отырғанда және жоғары жылдамдықпен келе жатқанда басқарудағы ақаулықтар қажетті шараны дер кезінде жүэеге асыруға мүмкіндік бермейді. Яғнн соқтығысып немесе бір нәрсені басып кету қаупі туады.

Люфтінін мөлшері (бос жүрісте) люфтамермен өлшенеді. Ол үшін алдыңғы дөңгелектер  автомобильдің тура  жүріс кезіндегідей жағдайға келтіріп қойылады. Люфтомердік көрсеткіші руль дөңгелегінің спицасына немесе серіппелі қысқыштың көмегімен оның  құрсауына   орнатылады   (180-сурет). Ал руль колонкасына  руль дөңгелегінің астыңғы жағына люфтомердің шкаласын   бекітеді.    Руль  дөңгелегі   алдыңғы дөңгелектің бұрылу жағдайына келтірілген соң  шкаланың нольдік белгісін стрелканың қарсысына әкеп қояды.

Сонан соң дөңгелегін кері бағытқа бұрып, алдыңғы дөңгелектердің бұрылысына   дейін   шкаланың бөлгіштеріне   қарай   қояды.   

 Мұның   қарсысында люфтомердің  стрелкасы тұрады. Бұл руль дөңгелегінің  люфтісін анықтайды.

Руль дөңгелегінің люфтісінің артуы алдыңғы дөңгелектердің күпшегіндегі подшипниктер мен руль тартқышының втулкалары саңылауларының ұлғаюы салдарынан болады. Сондай-ақ руль тарткыштары ұштықтарының серіппесі сынуынан, руль механизмі картерінің бекітулерінің, руль шүмегі, бұрылатын цапфаның рычагтары босап кетуден, червяк подшипниктерінде және червяк пен ролик аралығында саңылау пайда болуынан люфт ұлғайып кетеді.

ЗИЛ-130 автомобилінде руль дөңгелегі люфтісінің нормадан көбейіп кетуі гидрокүшейткіш насосы жетек белдігінің толық тартылмауы салдарынан болуы мүмкін. Сондай-ақ руль механизмі жетегінің кардандық берілісінің ақаулығы, майдың жеткіліксіздігі және гидрокушейткіш насосының багындағы майдың аздығы, гидрокүшейткіш жүйесінде ауаның болуы, май ағу және ластану себептерінен болады.

Тоэған немесе сынған бөлшектер ауыстырылады. Подшипниктердің, топсалы жалғамалардын немесе руль механизмдеріндегі саңылаулардың кеңіп кетуі реттеліп түзетіледі. Руль механизмі картерінің, руль шүмектерінің және бұрылатын цапфа рычагтарының босаған бекітілістері тартылады. Бекітілістер тартылғаннан кейін оған шплинт салу қажет. Басқа да бір ақаулықтар кездессе, олар түзетіледі.

Червяк подшипниктерінің зақымдануынан рульмен басқару айқасып қысылып қалады, бұл руль механнзмінің дұрыс реттелмеуінен тартқыштың майысуы немесе дер кезінде майланбауынан болады. Түзету үшін зақымданған подшипннктерді ауыстыру, майысқан тартқыштарды туэету, ал рульмен басқару механнзмін реттеу қажет. Бөлшектердің күні бұрын тозуы руль механизмі мен рульмен басқарудың топсалы жалғаныстарын дер кезінде және сапалы майлап отырмаудан болады. Рульмен басқару бөлшектерінің көп тозуы автомобиль дөңгелегін бір орында тұрғанда  бұру немесе нашар жолмен қатты жылдамдықпен журудің салдары.

 

 

 

 

 

 

Рульмен басқаруға техникалық қызмет көрсету кезінде атқарылатын негізгі жұмыстар

 

Күнделікті техникалык қызмет көрсету (ЕО). Руль дөңгелегінің

люфтісін тексеру.

Бірінші техникалық қызмет көрсету (ТО-І). 1. Бекітілгістерді 
тексеріп, қажет болған жағдайда руль шүмектерінің гайкаларын 
тарту қажет. 

  1. Бұрылатын цапфа рычагтарының жұмыр саусақтарындағы гайкалардың шплинттелуін тексеру.
  2. Руль дөңгелегінің люфтісін. және топсадағы руль тартқышын тексеру. 
  3. Руль тартқыштарының топсалы бекітілістерін   пресс-май  сауыт арқылы (майлау картасына сәйкес) майлау.
  4. Руль механизмі картеріндегі майдың мөлшерін тексеріп, қажет болса толықтырып құю. 
  5. Қызмет көрсетіп болғаннан кейін рульмен басқарудың қызметін тексеру керек.

Екінші қызмет көрсету (ТО-2). I. Жұмыр саусақ гайкаларының шплинтелуі мен бекітілуін және бұрылатын цапфа рычагтарының бекітілісін тексеру.

2, Тексеріп, егер қажет болған жағдайда кардан ашасы менв сальниктің шлицті жалғанып  бекітілген  гайкаларын  тартып, бекіту.

3. Тексеріп, егер қажет болған жағдайда біліктегІ руль шүмегін және руль шүмегіндегі тісті  саусақтарды бекіту.:

4.  Тексеріп, егер қажет болған жағдайда руль механизмінің картерін рамаға (раманың  кронштейніне) және руль колонкасын кабинаның кронштейніне бекіту.

  1. Люфтіні және рульмен басқаруды іске қосуға қажетті күш мөлшерін тексеру.
  2. Біліктегі руль дөңгелегінің бекітілісін тексеру.
  3. Пресс-май сауыт арқылы руль тартқышының буындасу жерін майлау.
  4. Руль механизмінің картеріндегі және гидрокүшейткіштегі 
    майды толтырып немесе (майлау графигі бойынша) ауыстыру.

 

 

 

ІV. ТЕХНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖАСАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Автомобиль көлігінің қозғалыс құрамына техникалық қызмет көрсету және жөндеу ережесі. Бұл құжат елімізде автомобильдерге қызмет көрсету және жөндеу бойынша негізгі нормативтік қүжат болып табылады. Оның негізінде техникалық қызмет (ТҚ) және жөндеуді жоспарлау мен ұйымдастыруды, АКМ-ді жобалау мен қайта жабдықтауды жүргізеді және бірқатар өндірістік нормативтік-технологиялық құжаттар жасалады. Автомобильдің құрылымын және оның пайдалану жағдайының өзгеруін шұғыл есепке алып отыру мақсатында Ережеде екі бөлім қарастырылған.

Бірінші бөлім автомобиль тасымалында аталған сұрақтар бойынша қозғалыс құрамына техникалық қызмет және жөндеу негіздерінен тұратын жүйе мен техникалық саясатты анықтайды. Бірінші бөлімде техникалық қызмет пен жөндеу жүйесі және түрлері, сондай-ақ оларды реттейтін алғашқы нормативтер; пайдалану жағдайының сипаттамасы жөне нормативтерді түзетуші әдістемелер; техникалық қызмет және жөндеу жүргізуді ұйымдастыру қағидалары; техникалық қызметте қалыптасқан процестер тізбегі және басқа да негізделген құжаттар қарастырылады.

Екінші бөлімде өндірістен шығатын автомобильдердің базалық моделінің өрбіріне нақты нормативтері қарастырылады.

 Техникалық қызмет (ТҚ) жұмыстарының арналымы. Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жалпы бақылау (кестені қараңыз); автомобильдің қалыпты сыртқы қалпын сақтау; автомобильге жанар май құю, жағармай және салқындату сұйығын құю, ал қозғалыс құрамының кейбір түріне кузовын санитарлық өңдеуден өткізу күнделікті техникалың қызметтің міндеті болып табылады. Техникалық қызмет қозғалыс құрамының жұмысынан соң және жолға шығар алдында орындалады. Автомобильдің техникалық жағдайын жолға шықпас бұрын және ауысым кезінде жүргізушінің өзі бақылайды.

Техникалық қызмет-1 және техникалық қызмет-2 міндеттері. Техникалық қызмет-1 және техникалық қызмет-2 міндеттері - автомобильдің механизмдері мен агрегаттарының техникалық қалпының жұмыс барысында өзгеруін азайту, ақауларды анықтау мен алдын алу шаралары, тиімді жұмысын, қозғалыс қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды өз уақытында бақылау, майлау, бекіту, реттеу және басқа жұмыстарды атқару жолымен қамтамасыз ету. Диагностикалық жұмыс (диагностикалау үдерісі) автомобильдерге техникалық қызмет және жөндеу технологиялық элементі болып табылады және сәйкес жұмыстарды орындағанда оның техникалық жағдайынан хабар береді.

Қызметі мен мерзімділігіне, диагностикалық жұмыстардың тізбегі мен орнына байланысты екіге бөлінеді: (Д-1) жалпы және (Д-2) бөлшекті тереңдетілген диагностикалау. Техникалық қызмет автомобильдердің агрегаттары мен буындарын, жүйелерінің қауіпсіз жұмыс атқаруын, тізбектегі процестерді бақылағанда, қалпына келтіргенде белгіленген мерзім аралығында қамтамасыз етілуі тиіс.

Мезгілдік қызметтің (МҚ) міндеті жылына 2 рет жүргізілетін, қозғалыс құрамын пайдаланудың жыл мезгілі ауысымына дайындау болып табылады. Мезгілдік қызмет еңбек сыйымдылығы көрсеткіші (нормативі) өте суық және өте құрғақ ыстық климатты аудандар үшін техникалфық қызмет-2 еңбек сыйымдылығының 50%-на сәйкес; ал суық және өте құрғақ ыстық климатты аймақ үшін 30%-ті, ал басқа аймақтарда 20%-ті құрайды. Басқа жағдайларда Мезгілдік қызмет жұмыстарын Техникалық қызмет-2 жұмыстарымен қосып, еңбек сыйымдылығын шамамен 20%-ға арттырады, 1-кестеде қозғалыс құрамына техникалық қызмет және ағымдағы жөндеу еңбек сыйымдылығы көрсеткіші келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

1-кесте Қозғалыс құрамына техникалық қызмет жэне ағымдағы жөндеу еңбек сыйымдылығы нормативі (Ережеден алынған)

 

Қозғалыс  құрамы және     оның   негізгі элементтері

Қозғалыс құрамының модель    маркасы (жүк көтергіштігі)

КК

ТҚ-1

ТҚ-2

Өтпелі жөндеу адам-сағ. 1000 км

 

 

Бір қызметке адам сағ.

 

Орта кластағы жеңіл автомобильдер (двигателінің    жұмыс көлемі 1,8 ден 3,5 л, бос-массасы   1/50-ден 1500 кг)

ГАЗ-24-01

ГАЗ-24-07

0,35

0,50

2,5

2,9

10,5 11,7

3,0

3,2

Автобустар:  өте кіші класты (ұзындығы

5,0   м   дейін)      орта класты (8,0-9,5 м)

РАФ-2203

ЛАЗ-60,5Н

 

60,7-Н-60,7Н 

ЛАЗ-60,5Н

0,50

0,80

 

0,95

4,0

5,0

 

6,0

15,0 24,0

 

25,8

4,5

6,5

 

60,9

Жалпы       тасымалға арналған    жүк    авто-мобилі, жүккөтергіштігі:    т   0,3-тен    1,0 дейін        8,0        жөне жоғары

ИЖ-27151(0,4т) МАЗ-5335(8 т)

0,2

0,3

2,2

3,2

7,2

12,5

2,8

5,8

Бір осьті тіркеме

Барлық моделі

0,1

0,4

2,1

0,4

Жартылай тіркеме

-//-

0,2-0,3

0,8-1,0

4,2-5,0

ІД-1,45

Информация о работе Автомобильдің рульмен басқару жүйесі