Автомобильдің рульмен басқару жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2015 в 10:56, дипломная работа

Краткое описание

Бүгінгі күні әлемдік өндіріс жылына 50 млн. тасымал құралын шығарып келеді. Олардың айырмашылығы мен ерекшеліктері қозғалтқышты, тежеуіш жүйесін, трансмиссия жұмыстарын реттеу, басқаруды электрлендіру мен автоматтандыру болып табылады.
Автозауытконструкторлары рульдік басңаруды тежеуішті күшейту, көру аймағын жақсарту, жылыту және кабинаны желдету жүйелерін жақсарту, жүргізушінің орындығын жетік қондырғылармен ыңғайластыру, басқару автоматикасын қолдану жөне басңа қосымша жақсартулар арқылы жүргізуші еңбегін жеңілдетіп келеді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. ІІ. Автомобильдің жалпы құрылысы
Автомобильдердің классификациясы
Автомобильдің жалпы құрылысы
Автомобильдің техникалық сипаттамасы
ІІІ. Автомобильдің рульмен басқару жүйесі:
Автомобильді басқару қызметі
Руль механизмінің құрылысы мен жұмысы
Руль жетегі
Рульмен басқарудың пайдаланыста реттелуі
Рульмен басқарудағы ақаулар
Рульмен басқаруға техникалық қызмет көрсету кезінде
атқарылатын негізгі жұмыстар
ІV. Техникалық диагностика және техникалық қызмет көрсету:
Техникалық қызмет (ТҚ) жұмыстарының арналымы
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуталаптары
Ауысым сайын техникалық қызмет көрсету
Күрделі және ағымды жөндеу
V. Қоршаған ортаны қорғау
VІ. Қорытынды
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Рульмен баскару.doc

— 3.76 Мб (Скачать документ)

ЗИЛ-130 автомобилі руль механизмінің беріліс саны—20, ГАЗ-53А автомобилінде—20,5 және ГАЗ-24 «Волга» автомобилінде—-19,1.

ЗИЛ-130 автомобилінің рульмен басқаруында гидро-күшейткіш бар. 0л дөңгелекті бұруға жұмсалатын күшті азайтуға және тегіс емес жолдағы руль дөңгелегіне берілетін сілкіністерді бәсеңдетуге арналған. Гидрокүшейткіш руль механизмімен бірге бір  агретатқа біріктірілген. Гидрокүшейткіші бар руль механнзміне (2-сурет) мыналар жатады: руль колонкасы, руль дөңгелегі, екі буындасуы бар кардан білігі мен руль механизмі. 

ЗИЛ-130 автомобилінің руль механизмі (3-сурет) картерден, шыр айналатын шариктегі гайкалы винттен, поршеньнен бірге жасалған рейкалардан, гидрокүшейткіш пен руль шүмегінің білігімен бірге орындалған тісті секторлардан тұрады.

Руль механизмінің гайкасы поршень — рейканың ішіне мықты етіп бекітілген. Тісті рейка мен тісті сектордың қалыңдығы олардың қалыңдығына сәйкес тістері бар. Бұл іліністің арасындағы саңылауды реттеп отыруға мүмкіндік береді. Оны реттеуші картердің бүйір қақпағына бұралған рейка-сектор винті жүэеге асырады.

 

 

2-сурет.  Гидрокүшейткіші бар ЗИЛ-130 автомобилінің  рульмен басқарылуы

3-сурет. ЗИЛ-130 автомобилінің руль механизмі

 

Винт пен гайкалардың бұрандаларының  арасындағы үйкелісті азайту үшін шариктер шыр айналып жүреді. Поршень-рейкада серпімділігі күшті кесілген шойын сақина бар. Ол картер-цилиндрдегі руль механизмінің мықты орналасуын қамтамасыз етеді.

Руль білігін айналдыру винттегі  гайкалардың орын ауысуы арқылы поршень-рейканы тұрақты қозғалысқа келтіреді де, поршень-рейканың тістері секторды, сонымен бірге шүмектің білігін бұрады.

Руль механизмінің картерінде басқару клапаны орнатылған. Қалақша типті екі қимылды (екі камералы) гидрокүшейткіш насосының багы мен сүзгіші бар. Олар двигательге бекітілген және иінді біліктің шкивіндегі сына секілді белдік арқылы іске қосылады. Насос басқару клапанымен екі шланга арқылы насостан май жіберетін жоғары қысым шлангаларымен және май насосқа қайтып келетін төменгі кысымның (төгетін) шлангаларымен жалғанған. Автомобиль түзу жолмен жүрген кезде клапан орташа жағдайда болады да, май насостан бачокқа ауысады (4, а-сурет). Оңға бұрылған кезде клапан төмен түсіп, майға поршень-рейканың үстінен кеңістік ашып береді (4,б-сурет). Майдың поршень-рейкаға қысымының арқасында жүргізушінің руль дөңгелегін бұруға жұмсайтын күш азаяды. Руль дөңгелегін солға бұрған кезде клапан жоғары шығып, майдың поршень-рейканың астына түсуіне жол ашады (4, в-сурет), нәтижесінде дөңгелекті солға бұру жеңілдейді.

ЗИЛ-130 автомобилі руль механизмінің кардандық берілісі автомобиль рамасына қарағанда кабинадағы тербелісті азайтады. Сондай-ақ (руль білігінің) рульмен басқару жүйесінің жекелеген бөлшектерінің көлемін кішірейтеді. Кардандардың ашалары жоғарғы жағынан руль білігімен, ал төменгі жағынан руль механизмінің жетекші білігімен жалғастырылған. Ашаның тесіктеріндегі инелі подшнпникке крестовина орнатылған.

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-сурет. Гидрокүшейткіші  бар ЗИЛ-130 автомобилінің руль механизмінің жұмыс 

              істеу схемасы:  а- тура жүргенде;   б- оңға бұрылғанда;  в- солға бұрылғанда

 

 

 

 ГАЗ-53А автомобилі руль механизмінің  схемасы көрсетілген. Олардың негізгі бөліктеріне руль дөңгелегі, руль білігі, руль колонкасы, бүйірінде және астында қақпағы бар руль механизмінің картері, глобондальді червяк, руль шүмегінің үш тарақты білігі мен подшипниктер және руль шүмегі білігінің реттегіш винті жатады. Руль механизмінің картерінде руль берілісін құрайтын червяк және роликті руль шүмегінің білігі бар. Руль  механизмінің картері автомобиль рамасына орнатылған, ол оған болттар арқылы бекітілген.

 ГАЗ-53А және ГАЗ-24 «Волга» автомобильдерінде руль механизмінің глобойдальді червяг руль механизмінің картеріне ішкі обоймасы жоқ екі конусты роликті подшипниктерге орнатылған. Подшипниктердің ішкі обоймасын червяк арқылы роликті подшипниктердің орындалатын жүгіріс жолы ауыстырады. Ал сыртқы обоймалар руль механизмі картерінің корпусына орнатылған. Аталған автомобильдердің руль механизмдерінде подшипниктерді реттеу көзделген. Ол үшін төменгі қалпақ пен руль механизмінің картері арасында бірнеше жұқа төсем салынған, олар подшипниктердің тозуына байланысты суырылып алынады. Червяк руль бөлігінің шлицты ұштығының астына престелген  (ГАЗ-53А және ГАЗ-24«Волга»).

Руль дөңгелегі ұсақ конусты шлицтерге руль білігінің жоғарғы жағына орнатылып, гайкамен бекітілген. Руль колонкасының жоғары жағында руль білігін орталықтандырып тұратын подшипник бар.

ГАЗ-53А автомобилінің руль механизміндегі үш тарақты ролик глобойдальді червякпен іліністе болып, осьтер мен руль шүмегінің басындағы ине типтес екі подшипникке орналасқан. Олар өз кезегінде картердің тесігіндегі қола втулкаға орнатылған. Біліктің цнлиндрлі шабағы роликті подшипникке қойылған. ГАЗ-24 «Волга» автомобилінде руль шүмегінің білігі инелі подшипникте және қола втулкада айналады. Екі тарақты ролик руль шүмегі білігінің басына шарикті подшипниктермен бекітілген.

 


 

5-сурет.  Руль жетегі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РУЛЬ ЖЕТЕГІ

 

Руль жетегі руль механизмінен басқарылатын дөңгелектерге берілетін күшті жеткізу үшін  қызмет етеді. Руль жетегіне (5-сурет) шүмек, бойлық руль тартқышы, сол жақ бұрылатын  цапфаның жоғарғы рычагы, бұрылатын  цапфаның  оң және сол  рычагтары  және көлденең руль тартқышы жатады.

Автомобиль дөңгелегінің қозғалысы бұрылыста бір жағына сырғанамас үшін дөңгелектердің, сызатын айналасы жалпы орталық немесе бұрылыс  орталығы деп аталады. Бұрылыс   орталығында  автомобильдің барлық дөңгелектерінің     геометриялық осі   қиылысуы тиіс.

Бұл  шартты  орындау үшін басқарылатын дөңгелек әр түрлі бұрышқа бұрылатын болуы   керек. Ішкі   дөңгелектер  үлкен бұрыш      жасайды  да, сыртқылары   кішкене бұрыш жасайды. Дөңгелектердің  түрлі  бұрылу бұрышы алдыңғы осьтен, бұрушы рычагтан және   көлденең тартқыштан құралатын руль трапециясы арқылы қамтамасыз етіледі.

Алдыңғы дөңгелектердің аспасы дербес болған жағдайда (ГАЗ-24 «Волга» автомобилі) руль жетегі шүмектен, маятникті рычагтан, ортаңғы көлденең руль тартқышынан, реттеуші түтікшелері бар оң және сол бүйір тартқыштардан, оң және сол жақ цапфалардың бұрушы рычагтарынан тұрады. Бүйірдегі тартқыштар алдыңғы дөңгелектер бұрылған кезде олардың өз аспаларында тәуелсіз козғалуына мүмкіндік жасайды.

Руль шүмегінің бір ұшы шүмек білігінің шығып тұрған бөлігіне конусты шлицтермен және гайкалармен бекітіледі. Білікте шүмекті дұрыс орнатуға арналған қатар тұрған белгілер немесе бірнеше жұп шлицтер болады. Щүмектің төменгі шетіндегі конусты тесікке гайканың көмегімен жұмыр калпақшалы саусақ орнатылған.

 

 

 

 

 

Бойлық және көлденең руль тартқыштары трубалардан жасалған. Шүмек саусағының немесе бұрғыш рычагтардың жұмыр басы тартқыштың ұшындағы өзекшелі бүйір тесіктері арқылы өтіп, сухарьлармен бекітілген. Сухарлар серіппелермен қысылып (6, а-сурет), тарткыштын өзек қуысына бұрап енгізілген тығындармен бекітіледі. Тығындарды серіппелердің тартылу дәрежесімен реттеуге болады.

Көлденең тартқыштардың бір жағында оң, екінші жағында сол бұрандасы болады. Тартқыштардың соңына ұштықтар бұрап кигізіліп, олар қысқыш болттармен бекітіледі. Осындай құрылымның арқасында ұштықтарды бұрап кіргізу немесе шығару арқылы көлденең тартқыштың ұзынын реттеп және сол арқылы дөңгелектердің аралық алшақтығын өзгертіп отыруға болады. Көлденең руль тартқыштарының ұштығы бұрғыш рычагтардың жұмыр (ЗИЛ-130) және конусты (ГАЗ-53А) басты саусақтарын ұстайтын сухарьлары болады (9 б-сурет). Мұндай құрылғы серіппелердің көмегімен саңылауды автоматты түрде жойып отырады.

Бұрғыш рычагтар бұрғыш цапфалардың тесіктеріне шпонкамен орнатылып, гайкамен бекітіледі, саусақтар рычагтың конусты тесіктеріне енгізіліп, олар да гайкамен бекітіледі. Руль  жетекшесіндегі  барлық гайкалар мен тығындар шплинттеледі.

Руль жетекшесіндегі топсалы жалғастырудың бәрі бөлшектердің үйкелісін азайту үшін май сауыт арқылы майланады және май шығармайтын, шаң түсірмейтін қорғаныш икемділігі болады.

Руль механизмін трансмиссия майымен (нигролмен) майлайды, ал қыста оны сұйылту үшін руль механизмінің картеріне 100 граммдай двигатель майы  қосылады. Майлағышта май құятын тесіктің астыңғы жағына қарай бағыттап құяды, сонынан тесікті тығынмен жауып тастайды.

 

 

 

 

6-сурет. ГАЗ-53А автомобилінің руль тартқышы ұстамасының құрылысы

 

 

 

 

ЗИЛ-130 автомобилінің рулъмен басқару гидрокүшейткішіне жазда 22 турбина майы немесе 20 индустрия майы, ал қыста АУ веретен майы кұйылады.. Гидрокұшейткіштегі майдың деңгейін тексеру үшін автомобильдің алдыңғы дөңгелектері түзу жолдағы жүретіндегідей жағдайға келтіріп қойылады да, мотор жай жұмыс істеп тұрған кезде май насос бачогінің бүйір, қабырғасындағы «май деңгейі» («Уровень масла») деген белгіге жеткенше құйылады. Бачок қақпағын алған кезде оны мұқият тазалап, бензинмен жуу керек.

Автомобильдердің, руль жетегіндегі топсалы жалғаспаларды майлау үшін жазда УС-2, ал қыста УС-1 солидолы қолданылады. Оларды майлау графигіне сайкес 1000 км жүргеннен кейін майлайды.

 

 

Рульмен басқарудың пайдаланыста   реттелуі

 

Автомобиль түзу жүретіндей жағдайда тұрған басқарылмалы дөңгелектердің люфті (алдыңғы дөңгелектердің айналуына әсер етпейтін руль дөңгелегінің еркін айналысы) өте елеусіз, ең үлкен дегенде 25° болуы керек. Жаңа   автомобильдерде  мұндай люфт болуға   тиісті де емес. Люфт үлкен болса автомобильді басқару қиындайды, рульмен басқарудағы кейбір бөлшектердің тез  тозуына немесе бүлінуіне әкеліп соқтырады.  Рульмен басқару люфтісі кейбір бөлшектердін тозуына және бекітулерінің бұзылуына байланысты ұлғаюы мүмкін. Ол    бекіткішті тарту немесе тозған бөлшекті  ауыстыру арқылы жойылады.

Рульмен басқаруда руль тартқыштарының топсалы жалғамалары червяк подшипниктерінің саңылаулары, ролик пен червяктың ілінісуі, алдыңғы дөңгелектердің бұрылу бұрышының үлкендігі, поршень-рейка мен ЗИЛ-І30 автомобилінің тісті секторының арасындағы саңылау, руль дөңгелегінің осінде айналуы реттеледі.  .

Руль тартқыштарының топсалы жалғаспаларын реттеу үшін тартқыш ұштығы тығынының шплинтін алып, оны ақырына дейін тарту керек, ал онан кейін алғашқы күйіне келтіріп қайта шплинттеу қажет. Егер мұндай реттеуден кейін де люфт барлығы байқалса, онда тозған бөлшектерді жаңасымен ауыстыру керек.

ГАЗ-53А, ГАЗ-24 «Волга» автомобильдерінің руль механизмдерінде червяк подшипниктеріндегі және червяк пен ролик арасындағы саңылаулар азайтылу үшін реттеледі. Руль механизмін реттеу үшін алдыңғы осьті көтеріп, червяк подшипниктерінде люфтінің бар-жоғын тексеру керек. Бұл үшін руль дөңгелегін солға карай, автомобильдің тура жүрісіне сәйкес келетін жағдайға бір айналымға солға бұрады. Осындай жағдайда оны бекітіп, есіктің ойығына алдыңғы сол жақ тіреуге спицаны байлап бекітеді. Калонканы қолмен үлкен саусақ руль дөңгелегінің күпшегіне тиіп тұратындай етіп қамтып ұстап, одан кейін көмекші автомобильдің алдыңғы дөңгелегін оңға және солға қарай катты тербетеді. Бұл кезде саусақ дөңгелек рулінің күпшегі бір жоғары; бір төмен түсіп тұрғанын сезсе, онда червяк подшипниктерін реттеу қажет.

Червяк подшипниктерін реттеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

сигналдық сымын алып, шүмекті және руль дөңгелегін, бұдан кейін автомобильдін руль механизмін алады;

картердің майын төгіп, бекіткіштің фланеці арқылы руль механизмдерін қысқышқа қысады;

төменгі қақпақты ашып, жұқа төсемдерді алып тастайды;

төменгі қакпақты орнықтырып, болттарды тартады. Егер люфті мұнда да жойылмаса, қалың төсемді алын тастап, оның орнына жұқа төсей салу қажет;

подшипниктердегі люфтіні жойғаннан кейін руль дөңгелегін орнына қояды және алынған білік шүмегінде динамометр көмегі арқылы червяк подшипниктерінің тартылғандығын тексереді. Руль дөңгелегін бұруға жұмсалатын күш 0,3-0,5 кгс мөлшерінде болуы керек;

ЗИЛ-130 автомобилінін руль білігінің осьтегі қозғалысын төменгі руль білігіндегі подшипниктің гайкасын және оның сальниктерін арнаулы кілтпен тарту арқылы жояды.. Подшипниктің тартылу дәрежесін динамометр арқылы тексереді. Кардандық берілістен бөлінетін руль білігінің айналуы үшін кұрсауға 0,1—0,2 кгс күш қажет.

Ролик пен червяктің ілінісін реттеу. Іліністі тексеру мен реттеудің тәртібі мынадай:

руль дөңгелегін бұру арқылы роликті автомобильдің тура жүргендегі жағдайына сәйкес червякқа орташа жағдайға келтіріп қояды;

шүмекті қолмен шайқап, оның  соңындағы  люфтіні анықтайды;

егер люфт 0,2—0,3 мм асып кетсе іліністі реттеуді жүргізу қажет.

ГАЗ-53А және ГАЗ-24 «Волга» автомобильдерінде ролик пен червяктің ілінісін мынадай тәртіппен жүргізеді:

руль механизмінің картерінің бүйір қақпағындағы қалпақты гайканы бұрап, тоқтататын  шайбаны алады;

Г тәрізді бүйір кілтпен (аспап қомплектісінен) реттейтін винтті сағат стрелкасы бойынша люфт жойылғанша бұрайды;

Информация о работе Автомобильдің рульмен басқару жүйесі