Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 13:14, реферат

Краткое описание

Және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады. Жер жүзінде біздің қазақтың денесінен, қазақтың жүріс-тұрысынан жексұрын дене, жексұрын жүріс-тұрыс кемде-кем-ақ шығар.Аяғы қисық, жауырыны қушық. Ақыл қарында тұратындай-ақ, қарны буаз биенің қарнындай салбырап жатса, би болады-мыс. Кейбір мырзалар сұлу боламыз деп жүргенде қиқаңдай ма керек, бұраңдайма керек, қарап тұрсаң жүрегің айнып құсқың келеді. Осыларды көріп өскен қазақ баласының денесінде не сұлулық болады

Содержание

1.1 ҚОЛДАНБАЛЫ СӘНДІК ӨНЕРДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ------------------

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 БАЛА БАҚШАДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МАҚСАТЫ-----------------------------------------------------------------------------
2.2 ҚОЛДАНБАЛЫ СӘНДІК ӨНЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ-------------
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС------------------------------------------------

3 ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------

4 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ---------------------------------------------

5 ТІРКЕМЕЛЕР--------------------------

Прикрепленные файлы: 1 файл

Заңдар.doc

— 200.50 Кб (Скачать документ)

Мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда қажеттілік көркемдік көзқарастарда, идеалдарда, талғамда, шығармашылықта пайда болады және адамның іс-әрекеті мен өмірлік мақсаттарына. әлеуметтік мінез-құлкына ыкпал етеді. Бұл әлеуметтік топтардың көркемдік құндылыктарға (өнер. табиғат, еңбек, т.б.) негізделген шындыққа қарым-қатынасы болып табылады.

Талғампаздық пен шеберлік бір-біріне тәуелді және бірін-бірі толыкты-ра түсіп. бірлікті құрайды, кажеттіліктің дамуы қабілеттің дамуына әсер етеді. Мәселен, сәндік-колданбалы өнер туындыларын кабылдау кабілетін дамыту үшін оның көркемдік тілін түсіну. образдарын, спецификасын. көркемдік шындығын, шарттылығын және т. б. жете үғыну кажет.

Мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда сәндік-колданбалы өнерді менгеру үрдісінде кәсіби шеберлігін калыптастыру оның адам өміріндегі рөлін жетік түсіндіруден, оның маңыздылығы  мен мәнін және спецификалык зандышықтарын толық ашып көрсетуден де талап етіледі. Бұл жағдай сабақтарда халық өнерін қазіргі мәдениеттің ажырамас бөлігі тұргысынан, кәсіби өнермен өзара әрекеттестігі, ерекше типтегі шығармашылық тұрғысынан карастырғанда ғана мүмкін болады.

Мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда ұлттық қол өнер дәстүрін меңгеруін, сақтауы мен жалғастыруын қамтамасыз етеді, еңбекке баулу мазмұнын кеңейтуге, халық өнерінің негізгі түрлері туралы білімдерін (сәндік-бейнелеу, салттық-ойындық, сөздік-поэтикалық) пәнаралық деңгейде қорытындылауға мүмкіндіктер береді. Қысқасы, сәндік-қолданбалы өнер туынлыларын бейнелеу өнері, технология пәндерінде тиімді пайдалану, пәнаралық байланыста жүзеге асыру, мектеп мұражайын ұйымдастыру, қоршаған ортасын безендіру жұмыстарына қатысу, халық шеберлерімен кездесулер ұйымдастыру, олармен бірлесіп бұйымдар жасау және т.б. жұмыс формалары оқушының сәндік іс-әрекетіне ыкпал ете отырып оған жаңа мүмкіндіктер береді, сәндік-колданбалы өнер саласынан білімдерін кеңейтеді, кәсіби шеберлігінің жетілуіне септігін тигізеді

Әрбір баланың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, қиялын, фантазиясын  оятуға, мәдени тарихи ескерткіштерді білу, сақтау, насихаттауға байланысты қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушьілық іс-әрекеттерге белсеңді араласуына ыкпал етеді. Мектеп оқушылары ұлттық сәндік-қолданбалы өнерін оку мсн меңгеру барысында еңбек үрдісіндегі өздерінің іс-әрекеттерін басқаруга, оны жоспарлауға, мақсаттар мен міндеттер қоюга, оңтайландыру мүмкіндіктерін табуға, еңбек мақсатына қол жеткізуге үйренеді, жаңа білімдер, іскерліктер мен дағдыларды меңгереді.

Сәндік-қолданбалы өнерге негізделген көркем-шығармашылық сабақтар мектеп оқушыларына белсенділік  береді, бейнелі ойлауын, қиялдауын  да-мытуға ықпал етеді,. Мәселен, халықтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы бейнелер мен ою-өрнектерде берілген оюлар, түйсіктер мен түсініктер, тұжырымдар, халықтың дүниетанымы жеке тұлғаның эстетикалык сапаларын жетілдіре түседі. Бояу түстері мен материалдың, бұйым формасы мен нақыштарының үйлесімділігі, олардың әсемдігі мен жарасымдылығы адамның ой ұшқырына  әсер етіп, оның рухани жан дүниесін байытады. Саналуан, киын да күрделі өрнектерді жүзеге асыру шығармашылықты шыңдайды, сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында ырғақ, бояу түстері, сызбалардың икемділігі туралы негізгі үғымдарды меңгереді. Олардың әртүрлі материалдар мен құралдарды пайдалану тәсілдері туралы түсініктері қалыптасады.

Халык шеберлерінің колынан  шыққан бұйымдарын талдап қана коймай. соларға ұқсатып жасау баланың  шығармашылык жұмысқа, ұлттық өнерге сүйіспеншілігін арттьірады, әдемі заттар жасауға талпындырады.

Ұлттық сәндік-қолданбалы өнері қаншама жылдар бойы жасалып, жетіле түскен аса кәсіби дағдылар мен амал-тәсілдерге негізделген. Олар арқылы карапайым да көркем мәнерлілікке қол жеткізуге болады. Оларды жұлдызша. айшық, ирек сызықтармен бедерленген керамикалык ыдыстардан; ағаштан ойып жасалған бұйымдардан; жіптерді өру, айқастыру, шатыстыру аркылы токыған токыма үлгілерінен; құю, бедерлеу, жапсыру тәсілдерімен, асыл тастарымен, бағалы металдарымен ерекшеленген зергерлік өнер туындыларынан көруге болады. Осы техникалық әдіс-амалдарды үйрену де мектеп оқушыларына тән және бұл олардың шығармашылық қабілеттерінің байқалуына, дамуына кең мүмкіндіктер береді.

Халык өнерінің шығармашылығын игеру мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда сәндік- талғамын тәрбиелеп қана қоймай, олардың саздан бұйымдар жасау, ою-өрнектер түрін кұрастыру, оларды дамыта колдану, ағаш ұксату мен ою жұмыстарын орындау, тоқыма, кестелеу әдістерін меңгеру сиякты шығармашылық тұрғыдағы жұмыстармен жеке айналысуға құштарлығын оятады.

Мектеп оқушылары үшін сәндік-қолданбалы өнердің алуан  түрлерін, дәстүрлі техникалық әдістері мен шеберлік дағдыларын жеңіл игереді. Өйткені баланың бастауыш сыныптарында оның бейнелеу өнері сабақтарына қажетті психологиялык-физиологиялық жетілуі аяқталады. Олардың көркемдік үрдістің техникалык әдістерін үйренуге және орындауга белсенді қызығулары пайда болады.

Сонымен мектеп оқушылары  сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығымен етене танысуы негізінде қызығушылыққа  бөленіп, сұлулық пен әсемдікке тәрбиеленеді, олардың талғампаздығы жетіледі. Сондай-ақ аталған өнер туындыларының мазмұнын жете меңгеруі мен ондағы ою-өрнектердің мәнін ұғынуы аркылы ақыл-ойлары өседі, адами саналары толыса түссді, сол туындыларды өз колдарымен жеке және сынып боп жасауы барысында рухани-адамгершілік сапалары артады, шеберлігі шыңдалады, еңбекке, еңбск адамдарына құрметі калыптасады, өз еңбегін және өзгелер еңбегін бағалай білуге тәрбиеленеді. Осы тұлғалық сапалардың қалыптасуы барысында де шеберлік дағдылары да үлкен мәнге ие болады.

Осыған байланысты қазіргі  уақытта әрбір педагог тарихи мәдени мүра-ларды, соның ішінде халықтың сондік-қолданбалы өнерін оқушылардың  көркемдік-эстетикалык тәрбиесінде  мақсаттылықпен қолдана білуі тиіс. Өйткені сәндік-қолданбалы өнер формасы жағынан да, мазмұны жағынан да оқушылар үшін түсінікті, олардың сұлулық сезімін дамыту күшіне ие. Бұл оқушылар туған және басқа халықтардың ұлттық мәдениетін игеруге, барлық дәуірлердегі шығармашылық еңбекке сұлулық идеалы мен шеберліктің кажеттілігінің қалыптасуына ықпал етеді.

Бұл, сөз жоқ, мектеп оқушыларына  ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді қалыптастыру кұралы деп санауға мүмкіндік  береді. Қазіргі білім бсру жүйесіндегі  жетекші бағыттар қатарынан сәндік-қодданбалы өнері мыса-лында қарастырылған мектеп оқушыларына сәндік-қолданбалы өнерді қалыптастыру мүмкіндіктерінің табылуы игілікті іс болмақ. 

 

 

 

Пайдаланылган әдебиеттер:      

1. Н.Назарбаев. "Қазақстан - 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі. қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы". Алматы. 2001.

2. С.Қасиманов. Қазақ халқының қолөнері. Алматы. "Казакстан", 1995.

3. Казақстан Республикасының оіяш беруді дамытудың 2005-2010 жылдарга арнаіган Мемлекеттік багдарламасы // "Білім алемі" газеті, 30. 10. 2004.

4. Профессиональная педагогика /под ред. С.Я. Батышева. – М.: Профессиональное образование, 1999. – 904 с.

5. Крупская Н.К. К.Статье: Опыт анализа детского труда  // На путях к новой школе. -1926. -№5-6. –С.31-32

6. Басенов Т.К. Прикладное искусство Казахстана.-Алма – ата,1951.-269 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету