Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 16:09, доклад

Краткое описание

Балалардың құқықтарын ең үздік қамтамасыз ету қағидаты, оны балаларға қатысты іс-шараларда бірінші кезекте есепке алу қажеттігі Қазақстан Респбликасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасының Еңбек» Кодекстерінде және «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзетуді қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында, бекітіліп берілді, оларда балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясат мемлекеттік билік органдары қызметінің басым саласы болып танылады.

Содержание

Алғы сөз........………………………………………………………………...….........
Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет....................
Қазақстан Республикасында балалар
құқықтарына қатысты ұлттық саясат..................................................................
Балалардың білім беруге құқығын қамтамасыз ету саясаты............................
Балалардың денсаулық сақтауға
құқықтарының сақталуы туралы...........................................................................
Әлеуметтік саясат және балалы отбасыларды
әлеуметтік қамтамасыз ету .......................................................................................
Балалардың демалысы, бос уақыты және қоғамның
мәдени өміріне қатысуы.............................................................................................
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау..................................................
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, қараусыздық пен қадағалаусыздықтың алдын алу.............................................
Адам құқықтары бойынша ақпараттандыруды арттыру...............................
Қорытынды және тұжырымдар...............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

DOKLAD_Prezidentu_kaz..doc

— 1.54 Мб (Скачать документ)

БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесе отырып АИТВ-инфекцияланған балалар мен олардың отбасыларына айналасындағылардың жағымсыз қарым-қатынасын  азайту, сондай-ақ қоғамдағы шиеленісті шешу үшін Қазақстан Республикасының, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің медициналық қызметкерлері мен психологтар санынан тәртіптік мультикомандалар ұйымдастырылды. Командалар осындай балалар анықталған әрбір елді мекендердің мектептерінде, балабақшаларда оқушылармен, ата-аналармен және педагогтармен әңгімелер жүргізді, жапа шеккен балаларға төзімді қарым-қатынас туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйледі. Облыстық ЖИТС-тің профилактикасы мен күрес орталығы АИТВ-инфекцияланған балаларды күту бойынша аналар үшін оқу өткізді.

2010 жылы АИТВ-инфекцияланғандардың жастық құрылымы:

- 15-19 жастағылар - 32 -1,6% (2009ж.- 2,6%)

- 20-29 жастағылар – 759 - 38,2% (2009ж. - 40,2%)

- 30-39 жастағылар – 786 - 39,5% (2009ж.  – 38,4%)

- 40-49 жастағылар –  297 - 14,9% (2009ж.  – 13,9%)

- 50-59 жастағылар – 74 - 3,7% (2009ж. – 3,2%)

- >60 жастан жоғары – 16 - 0,8% (0,4%)

14 жасқа дейінгі балалар 24 (1,3%) құрайды. 

15-49 жастағылардың популяциясына  барлық тіркелген АИТВ-инфекциясы  жағдайының 96,2% жатады. Тіркелген жағдайлар  бойынша ересек жасқа қарай  жылжу байқалады.

АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы  әрекеттер бойынша шаралар мынадай 12 бағытта жүзеге асырылды:

  1. құқықтық қарым-қатынас саясатын жетілдіру, құқықтық және әлеуметтік орта жасау;
  2. профилактикалық бағдарламаларды жүзеге асыру;
  3. есірткі егудің зиянын азайту стратегиясын іске асыру;
  4. АИТВ-инфекциясының жыныстық жолмен берілуінің профилактикасының стратегиясын іске асыру;
  5. қызмет көрсетудің ерекше объектілерін тағайындау және қолдау;
  6. АИТВ анадан балаға берілуінің профилактикасы;
  7. қатынастан кейінгі профилактика;
  8. АИТВ-инфекцияланған адамдардың қайта ауруының профилактикасы;
  9. АИТВ-инфекциясының гемотрансфузиондық жолмен жұғуының профилактикасы;
  10. АИТВ-инфекцияланған және ЖИТС-пен ауырғандарды вирусқа қарсы емдеудің халықаралық стандарттарына сәйкес емдеу, күту және қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру;
  11. АИТВ инфекциясынан жапа шеккен адамдар үшін әлеуметтік жобаларды іске асыру;
  12. жауапты іс-шараларын эпидемиологиялық қадағалауды, мониторингті, бағалауды, жоспарлауды және жобалауды жетілдіру.

ЖИТС, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының, қоғамдық ұйымдардың бастамалары бойынша жастар үшін ЖИТС мәселесіне арналған сахналандырылған көріністер, суреттер, шығармалар байқаулары, концерттер, КТК-лар, сұрақ-жауап кештері, би кешіндегі ақпараттық жұмыстар сияқты түрлі көпшілік іс-шаралар өткізіледі.

 

 

 

V. Әлеуметтік саясат және балалы отбасыларды әлеуметтік қамтамасыз ету

 

Елімізде балалары бар  отбасыларын, сондай-ақ көпбалалы аналарды қолдаудың кешенді жүйесі жасалған.

2006 жылы «Балалары бар отбасыларына төленетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, оған сәйкес мынадай төленеді:

- баланың туғанына  байланысты біржолғы мемлекеттік  жәрдемақы (отбасы табысына қарамастан);

- отбасындағы балалар  санына байланысты сараланған  мөлшерде бала бiр жасқа толғанға  дейiнгі оның күтiмi жөнiндегi жәрдемақы (отбасы табысына қарамастан);

- табысы жан басына  шаққанда азық-түлік қоржыны құнынан  төмен жеткілікті қамтамасыз  етілмеген отбасылардағы 18 жасқа  дейінгі балаларға берілетін  жәрдемақы.

2011 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша бала тууына байланысты 329,2 мың адам жәрдемақы алған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 27,4℅-ға артық. Бұл ретте жәрдемақы төлеу шығыны 15,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылдағыдан 3,6 есе көп.

Жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардағы 18 жасқа  дейінгі балаларға жәрдемақысымен (одан әрі – МБЖ) 745,8 мың бала қамтылған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 5,4℅ көп, осы ретте тағайындау сомасы 9,1 млрд. теңгені (62,7 млн.АҚШ доллары) құрады. Төленген МБЖ жалпы сомасынан 74,5℅ ауылдық жерлерде тұратын балаларға төленгендігін атап өту керек, олардың МБЖ алушылар қатарындағы үлесі – 73℅ құрады.

2008 жылғы 6 ақпандағы  Елбасының халқына деген Жолдауын  іске асыруға қабылданған 2010 жылдан  бастап «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне  азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы енгізілгеннен кейін балалары бар отбасыларын әлеуметтік қолдау одан әрі дамытылды.

Бұл ретте төртінші және одан артық бала туғанда берілетін  жәрдемақы 2007 жылмен салыстырғанда 4 есеге көтеріліп, 70º650 теңгені құрады;

бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтімі бойынша төленетін  жәрдемақы орта есеппен 2,4 есе артық  көтерілді және қазіргі кезде:

бірінші балаға – 7 772 теңге;

екінші балаға – 9 185 теңге;

үшінші балаға – 10 598 теңге;

төртінші және одан кейінгі  балаларға – 12º011 теңге.

Әлеуметтік төлемнің жаңа түрі енгізілді - мүгедек баланы тәрбиелеуші ата-аналарға, қамқоршыларға  бір ең төмен жалақы 14 952 теңге  мөлшерінде жәрдемақы төлеу.

Көп балалы аналарды марапаттау үшін «Алтын алқа» алқасы 10 баладан 7 балаға дейін және «Күміс алқа» алқасы 8 баладан 6 балаға дейін шарттары өзгертілді, бұл ретте оларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 3,9-дан 6 АЕК-ге көтерілді (14,8 млрд. теңге сомасында мемлекеттік марапаттармен марапатталған 194,1 мың көпбалалы аналар қамтылды).

Қабылданған шаралар  мүгедек балаларды тәрбиелеумен және дамытумен тікелей айналысатын  адамдарға жәрдемақы төлеу арқылы оларды мемлекеттік қолдау жүйесін  жетілдіруге; баланың отбасында нешінші екендігіне қарай баланың туғанына жәрдемақы төлеу көлемін айқындау мәселесінде көп нұсқалықты орнатуға; көп балалы отбасылардың маңызын, мәртебесін және санын көбейту және елімізде демографиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында қолданыстағы заңнамада балалар жәрдемақысынан бөлек, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға - жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету көзделген.

 

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды және мүгедек балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету

 

Республикада мүгедек  балаларды әлеуметтік қорғауға, оңалтуға және оларды қоғамға қосуға маңызды  мән беріледі.

Қазақстан Республикасында, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 54 495 мүгедек бала, оның ішінде бірінші топтағы 16 жасқа дейінгі 45 810 мүгедек бала, 18 дейінгі 1 016 мүгедек бала, екінші топтағы 18 жасқа дейінгі 3 052 мүгедек бала, үшінші топтағы 18 жасқа дейінгі 4 617 мүгедек бала есепте тұр.

Қазіргі кезде әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік мекемелер  желісі жұмыс істейді, олардың ішінде тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек  балаларға арналған 3 интернат үй, 17 балалар психоневрологиялық интернат үйі, 6 оңалту орталығы, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 160 бөлімше бар, оларда мүгедек балалардың 30% астамы (17 мыңнан астам адам) арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.

Мүгедек балалар тегін  медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тегін емдеумен, оңалтумен қамтамасыз етіледі. Амбулаториялық жағдайларда халықтың жекелеген санаттары, ауру түрлері бойынша, оның ішінде мүгедек балалар, тегін медикаменттермен және арнайы тағам өнімдерімен қамтамасыз етіледі. Мүгедек балаларға оңалту көмегі өңірлік деңгейде де, республикалық деңгейде де көрсетіледі. Кешенді оңалту медициналық терапияны, психологиялық-педагогикалық түзетуді және әлеуметтік бейімделуді қамтиды.

Балаларға оңалту көмегі республикалық маңызы бар орталықтарда: Астана қаласы – балалар оңалту орталығы (РБОО), Алматы қаласы – «Балбұлақ» балалар оңалту орталығы, «Алатау» балалар клиникалық санаторийі, Бурабай курорты – балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығы; 39 өңірлік деңгейдегі оңалту орталықтарында көрсетіледі, олардың қызметі жыл сайын мүмкіндіктері шектеулі 8,5 мыңға жуық балаға кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік оңалтуға бағытталған.

РБОО-да герман жабдығымен жарақтандырылған ортездік шағын-зауыт  жұмыс істейді, ол денені және патологиясы  өзгерген аяқ-қолды физиологиялық күйге келтіретін әртүрлі арнайы құралдар жасап шығарады, бұл оңалтудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Есту қабілеті тумай  жатып және туғаннан кейін қатты  бұзылған мүгедек балаларға медициналық  көмек көрсету үшін 2007 жылдан бері республикада кохлеарлық имплантация бойынша бірегей операциялар жүргізілуде. Осындай 430 операция жасалды. Есту қабілеті бұзылған балалар осындай операция жасату үшін бұдан бұрын шетелге жіберілетін.

Интернат үйлерде мүгедектердің  тұрмыс сапасын арттыру үшін 2009 жылдан бастап Мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын енгізуге республикалық бюджеттен  жалпы сомасы 2,5 миллиард теңге (1,7 млн. АҚШ доллары) бөлінді, ол медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың, әдіскерлердің, дефектолог мұғалімдердің, логопедтердің, дене шынықтыру мұғалімдерінің, еңбек бойынша нұсқаушылардың, музыкалық жетекшілердің, невропатологтардың, педиатр-дәрігерлердің, физиотерапевтердің, диетологтардың қосымша штат бірліктерін енгізуге жұмсалды. Баланың әлеуметтік даму деңгейін басшылыққа ала отырып, жасына қарай – бір топта 6-12 адамнан топтар жасақтау ұйымдастырылды, сөйтіп әрбір балаға жеке көзқарас таныту қамтамасыз етілді. Интернат үйлерді қазіргі заманғы көмекші, медициналық, оқу жабдықтарымен жарақтандыру мүгедек балалардың оңалту қызметтеріне деген қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.

Мақсатты ағымдағы трансферттер қаражаты есебінен психоневрологиялық ауруларға шалдыққан және (немесе) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға сондай-ақ жартылай стационар жағдайында – күндіз болу бөлімдерінде, отбасына қолдау көрсету қызметтерінде, үйге барып қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді.

Жартылай стационарларды, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерін дамыту, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде дамыту интернат мекемелерінде бағылатын мүмкіндіктері шектеулі балалар санын қысқартуға бағытталған.

Арнайы әлеуметтік қызметтер  көрсетудің бәсекелестік нарығын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға үкіметтік  емес ұйымдар барған сайын кеңінен  тартылуда:

2009 жылы ҮЕҰ арнайы әлеуметтік қызметтерімен психоневрологиялық ауруларға ұшыраған 1,5 мыңдай бала 156,9 млн. теңге сомаға қамтылды.

2010 жылы - психоневрологиялық  ауруларға ұшыраған 2 мыңнан астам  бала 446,5 млн. теңге сомаға қамтылды.

2011 жылы 273,6 млн. теңге сомаға 2,1 мың балаға қызмет көрсету жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасында  мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға жеке оңалту бағдарламасына (ЖОБ) сәйкес жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен санаторлық-курорттық емдеу, арнайы қозғалыс құралдары (орындық арбалар), техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар (протездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық құралдар мен міндетті гигиеналық құралдар (кіші дәрет қабылдағыштар, үлкен дәрет қабылдағыштар, жаялықтар) береді. Соңғы екі жыл ішінде 7 мыңнан астам балаға протез-ортопедиялық көмек көрсетілді. Көру және есту қабілеттері бұзылған 3 мыңға жуық бала сурдо-тифлотехникамен қамтамасыз етілді, мүгедек балаларға 1 748 орындық арба берілді. Жыл сайын 1000 бала санаториялық-курорттық емдеуге жіберіледі.

Оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуді  күшейту және олардың өмір сапасын  жақсарту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп 2010-2011 жылдарға арналған ауру мен мүгедектіктің алдын алу мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі және қабылдады.

«Денсаулық сақтау объектілеріне  санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығымен мүгедектердің қоғамдық орындарда болуының жайлы жағдайларын жасау үшін  белгілі бір санитариялық нормалар бекітілді. Атап айтқанда, арбамен қозғалатын мүгедектер үшін кірме жолдар, ішкі жолдар мен жаяулар жолдары қатты жамылғымен жасалады және пандустар жабдықталады, сатылармен қозғалу үшін ересектер мен балалар үшін қосарланған ұстағыш тұтқалар, зағиптар мен нашар көрушілер үшін – ұстағыш тұтқалар учаскелері жабдықталады, сатының бірінші және соңғы баспалдақтары кедір-бұдыр етіп жасалып, қарама-қарсы бояумен боялады, әжетханаларда арнайы кабинеттер жабдықталады. Денсаулық сақтау министрлігі мүмкіндіктері шектеулі балалардың өзекті проблемаларын шешу мәселелерінде басқа мүдделі министрліктермен және ведомстволармен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен тығыз ынтымақтастық жасайды.

Қазіргі кезде республикада мүмкіндіктері шектеулі 149 043 баланың бар екені анықталып отыр 2007 жылы – 147 мыңнан астам болған.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру қызметтерін  қанағаттандыру үшін республикада арнайы коррекциялық білім беру ұйымдарының  тармақталған желісі жұмыс істейді:

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет