Швейцария туралы жалпы мәлімет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 21:25, курсовая работа

Краткое описание

Швейцария - Швейцария Конфедерациясы - Орталық Европадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, шығысында Австриямен, оңтүстігінде Италиямен шектесіп жатыр. Ол өзінің табиғи және жасанды әсем обьектілерімен, көрікті көз тартар орындарымен көзге түседі. Ал бұл ел халқының біртұтас орналасуы мен қоғамдық транспортты тиімді пайдалану жүйесіне байланысты барлық демалушылар (жергілікті халық, шетел азаматтары...) үшін қолайлы болып табылады.

Содержание

Кіріспе
1. Швейцария туралы жалпы мәлімет
1.1 Климаты
1.2 Географиялық орны
1.3 Негізгі көрікті орындары
2. Территорияни рекреациялық пайдалануы
2.1 Швейцарияның курорттары
2.2 Швейцария қалалары бойынша туристік сапарлар
2.3 Шығыс Швейцария
2.4 Орталық Швейцария
3 Тау шаңғы курорттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Швейцария курстык жумыс.doc

— 264.00 Кб (Скачать документ)

 Кіріспе

1. Швейцария туралы  жалпы мәлімет 

1.1 Климаты

1.2 Географиялық орны

1.3 Негізгі көрікті  орындары

2. Территорияни рекреациялық  пайдалануы              

2.1 Швейцарияның курорттары 

2.2 Швейцария қалалары  бойынша туристік сапарлар

2.3 Шығыс Швейцария

2.4 Орталық Швейцария

3 Тау шаңғы курорттары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Швейцария - Швейцария  Конфедерациясы - Орталық Европадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, шығысында Австриямен, оңтүстігінде Италиямен шектесіп жатыр. Ол өзінің табиғи және жасанды әсем обьектілерімен, көрікті көз тартар орындарымен көзге түседі. Ал бұл ел халқының біртұтас орналасуы мен қоғамдық транспортты тиімді пайдалану жүйесіне байланысты барлық демалушылар (жергілікті халық, шетел азаматтары...) үшін қолайлы болып табылады.

Швейцарияда теңізден басқаның бәрі бар: көбінесе биік таулы жоталар, жылдам ағып жатқан өзендер, сарқырамалар, көк көлдер мен мәңгі мұз айдындары кездеседі. Сонымен қатар бұл елге әр түрлі халықтардың мәдени салт-дәстүрлері мен тілдерінің араласып кеткендігі тән. Осылардың барлығы әсем де әрі көрікті кішкентай ғана ел - Швейцарияда кездеседі.

Альпінің қар бүркеген ұлы шыңдары елдің оңтүстік батысынан  солтүстік шығысына дейін созылып  жатса, ал өзінің қатпарлы жер бедерімен әйгілі Юра тау тізбектері елдің солтүстік- батысында орналасқан.

Жоғарыда атап өткендей, Швейцария өзендерге өте бай  ел, солардың ішінде ең ірілері - Рейн, Аре, Инн, Тичино, По және Рона. Швейцарияның өзендері 3 теңіздің - Солтүстік, Жерорта және Қара теңіздерінің бассейндеріне жатады.

Швейцарияның мақтанышы - оның тамаша көлдері. Ең ірілері -Женева (588 км2), Воден (537км2), Невшатель, Лаго-Маджоре, Фирвальдштет                  (4 кантонның көлі), Цюрих, Лугано. Олардың кейбіреулері өте терең: Лаго – Маджоре - 372м, Женева - 310м. Көлде өте терең әрі мөлдір болғандықтан олардың түсі көк болып келеді.

Ал көлдердің жалпы  саны 600-ге жуық, ең үлкендері- Женева (582 км2), Воден (538 км2), Фирвальдштет, Цюрих, Невшатель. Олардың барлығы да қар суымен қоректенетін таңғажайып әсем, таза, мөлдір, әрі теңізге шыға алатындай мықты флотты иемденеді. Ірі көлдер туристердің пір тұтатын орны ғана емес, сонымен қатар олар кеме қатынасында, әсіресе, жануарлар үшін де маңызы өте зор.

Бұл елді мекендеп жатқан әр түрлі ұлт өкілдері ешбір даусыз төрт тілде сөйлейді. Осыдан 150 жыл бұрын экономикалық жағдайы нашар болған шаруа ел Швейцария, енді әлемдегі ең мықты сағаттарды жасап, ірі дүниежүзілік банктерге үстемдік етуде. Швейцария - ешбір дүниежүзілік ұйымға енбеген және ешкіммен бірікпеген бейтарап мемлекет. Әлемдік мәліметтерде глобализация деңгейі бойынша екінші-үшінші орындарда. Швейцария таулы үстірті - халықтың ең тығыз орналасқан бөлігі. Мұнда маңызды өнеркәсіп орталықтары мен егіншілік ауданы және ірі қалалар -Цюрих, Базель, Берн, Женева, Лозанна шоғырланған.

Бүгін Батые Швейцария (Берн, Нвшатель, Фрибур, Во, Женева кантондары) - туризмнің ең маңызды аудандарының біріне айналып отыр. Әр түрлі елдерден келген жүз мыңдаған адамдар Ұлттар Сарайын, Шильон қорғанын, Женева көлінің жағасында орналасқан Веве, Монтре қалашықтары мен Юнгфрау шыңына көтерілуге ұмтылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Швейцария туралы жалпы мәлімет

Астанасы: Берн қаласы

Мерекелер мен  демалыс күндері: Жаңа Жыл (1-қаңтар), Әуесқой жұма (28-наурыз), Пасха (30-31 наурыз), Мақтау күні (8-мамыр), Троица                     (18-19 мамыр), Конфедерация күні (1-тамыз), Рождество (25-26 желтоқсан). Сонымен қатар аймақтық және жергілікті мерекелер де бар: мысалы,                    2-қаңтар, 1-мамыр (Еңбек күні) және тағы басқа.

 

Ұлттық ерекшеліктері: Швейцария - шағын ел. Бұл ел мәдениетінің бір таңғалар жері - оның қайталанбас ерекше өзгешеліктерінде: тілі, тағамы, тұрмысы, архитектурасы, тіпті әсем табиғатына дейін өзгеше болып келеді.

 

Табиғаты: Швейцария - таулы ел. Территориясының 60%-ін Швейцария Альпісі, 1/3-не жуығын Швейцария таулы үстірті, 1/10-ін биіктігі орташа Юра тауы алып жатыр. Ең биік жері - Пеннин Альпісіндегі Дюфур тауы, 4638 м. Маңызды асулары - Сен-Готард (2112 м), Симплон (2009 м), Үлкен Сен-Бернар (2472 м), Фурка (2436 м). Пайдалы қазбалары - тас тұзы, графит, қаңыр көмір. Жері қоңыр орманды, күлгін және таулы шалғынды топырақты келеді. Швейцария таулы үстіртінде және оның беткейлерінің 800-900 м биіктікке дейінгі бөлігінде табиғи өсімдік жамылғысы сақталмаған, толық өңделген. Территориясының 1/4-і орман. Тау етектерінде жалпақ жапырақты (емен, шамшат) және кейбір беткейлерде қылқан жапырақты (1800 м биіктік шамасында) орман қалыптасқан. Таудың 2600-3000 м биіктігінде субальпілік және альпілік шалғын өседі. Жануарлар дүниесі қоңыр аю, түлкі, жабайы мысық, тау ешкісі, қоян, сусар, бұғы, альпі суыры және құстың көптеген түрлерінен құралады, өзен-көлдері балыққа бай.

Кейбір мүлдем жойылу қаупі төнген жануарлар түрін  көбейту үшін және табиғи ортаны сақтау үшін ұлттық парк (аумағы 169 км2) ұйымдастырылған.

XVIII ғасырда  Швейцарияның ну ормандарында аю, қасқыр, бұғы, қабан, доңыз мекендеген. Ал қазір ағаштар кесілген. Швейцар таулы үстіртінде жеке шағын ормандар мен саябақтар кездеседі. Тау жоталарында, әсіресе, елдің шығыс және оңтүстік бөліктерінде ормандар жақсы сақталған.                  Швейцарияның шығысындағы Граубюнден кантонында - Инн және Ландкварт өзендерінің жағаларында ұлттық парк (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жақсы қорғалатын) пайда болды. Бұл қорықта қоңыр аю, тауешкі, серна, түлкі, қоянды кездестіруғе болады.

Таулы үстірт пен Альпі, Юра тауларының жоталарында 800м биіктікке дейін мәдени өсімдіктер, егіс, дәнді-дақылдар, жеміс бағы, жүзім, құлмақ (хмель) егілғен жерлер басым. 800 метрден 2000м биіктікке дейін орман, ең алдымен жапырақты орман - шамшат, емен; одан екйін қылқан жапырақты орман - самырсын, шырша, қарағай, жоғарыда - биік субальпідік жайылымдар мен аласа шөптік өсімдіктер - сальданелла, примул, ал тік жоталарда - эдельвейсті (Швейцарияның "бейресми" символы) кездеседі.

 

       Халқы: 5,4 миллион (1974 ж). Швейцарияның ежелғі тұрғындары - неғізінен кельт тайпасына жататын ғельветтер (солтүстік-батыс бөліғінде), реттер (шығыс бөлігінде). Швейцарлықтардың этникалық құрамы орта ғасырда қалыптасты. Этникалық құрамы жағынан елде әр түрлі халықтар тұрады; олардың ішінде неміс тілінде сөйлейтін  швейцарлықтар 65%, француз тілінде сөйлейтін швейцарлықтар 18%, итальян тілінде сөйлейтіндері 12%, ретороман тілінде сөйлейтіндері 1%. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 155 адамнан. Ең үлкен, бірақ халық тығыз орналасқан аудан - Оңтүстік Швейцария (Граубюнден, Тессин, Вале кантондары).

 

Тілі: Мемлекеттік тілдері - неміс, француз, және итальян тілдері болып саналады. Ал ағылшын тілі елдің барлық жерінде тараған.

 

Діні: діни нанымға иланушылардың 48%-і протестанттар, 49,5%-і католиктер.

 

Валютасы: Ақша бірлігі - швейцар франкі. 1франк=100 сантим. Банкноттары: 1000,500,100,50,20,10 және тиындар: 50,5,2, 0,5 франк; 20, 10, 5,1 сантим.

 

Мемлекеттік кұрылысы: Швейцария - федерациялық республика. Қазіргі конституциясы 1874 ж. қабылданған. Одақтық өкімет билігіне соғыс пен бітім, сыртқы сауда, армия құру т.б. күрделі мәселелер жатады. Мемлекет басы - президентті Ұлттық советтің мүшелері 1 жылға сайлайды. Өкіметтің жоғарғы заң шығаратын органы - екі палаталы парламент - Одақтық жиналыс, Ұлттық кеңес пен кантондар Кеңесінен құрылады. Өкіметтің жоғарғы атқару билігі үкіметке - Одақтық Кеңеске (7 мүше) жүктелген. Бүл кеңес мүшелерінің әрқайсысы бір департамента басқарады. Республика президенті мен вице-президентінің қызметін Одақтық Кеңестің мүшелері кезекпен атқарады. Барлық кантондар мен жартылай кантондардың өзіндік конституциясы бар; өкіметтің заң шығару функциясы - үлкен кеңеске (парламент), атқару міндеттері -кантондық кеңестерге (үкіметке) жүктелген. Округтар мен қауымдарда өзін-өзі басқаратын органдар - азаматтардың жалпы жиналыс (неміс кантондарында) және қауымдық кеңестері (француз кантондарында) сайланады. Сот жүйесі федерациялық және кантондық деп бөлінеді. Әкімшілік жағынан 23 кантонға бөлінеді.

Негізгі саяси партиялары, кәсіподақтары және басқа қоғамдық ұйымдары.

Швейцария радикалдық - демократиялық партиясы (1848ж), Швейцария консервативтік-католиктік партиясы (1912ж), Швейцария социал-демократиялық партиясы (1888ж), Швейцар еңбек партиясы 1944 жылы құрылды, компартияның мұрагері. Ең ірі кәсіподақ орталығы - Швейцария кәсіподақтарының бірлестігі. Швейцария - СССР қоғамы, 1945 жылы ұйымдасқан.

 

Экономикасы: Швейцария - жоғары дәрежелі дамыған индустриялы капиталистік ел. Капиталистік дүниедегі маңызды финанс орталықтары осында. Экономика салаларында шетел капиталының (әсіресе америкалық, батыс германдық, француздық) ықпалы басым. Экономикасында халықаралық туризмнің маңызы күшті. 1975 ж. 6,2 миллион туристер болды.

 

1.1 Климаты

Швейцария өзінің географиялық орналасуына байланысты төрт климаттық  зонаның әсеріне тәуелді: орталық  және солтүстік атлантикалық, Жерорта  теңіздік және континенталдық. Швейцарияның климаты әр алуаню Оған әсер ететін рельеф. Негізінен климаты қоңыржай жылы, ылғалды, тауларында қоңыржай салқын. Швейцария таулы үстіртінде қаңтардың орташа температурасы -        1,5° С, шілдеде 17,3° С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 800-1000 мм, Альпі тау аралық аңғарларында жерорта теңіздік климат белгілері басым; мұнда қаңтардың орташа  температурасы -70 С, шілдеде 12,10 С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм. Өзендерінің суы мол, энергия қорына бай.

 

№ 1 кесте. Климаттық көрсеткіштер.

Станция

Теңіз деңгейінен жоғары

(м)

Орташа температура (С)

Орташа жылдық жауын-шашын  мөлшері(мм)

Ең жылы айда

Ең суық айда

Базель

277

19,1

-0,1

829

Берн

572

17,6

-2,3

922

Сентис

2500

5,5

-8,8

2432

Лугано

275

21,5

1,3

1760


 

 

 

№ 2 кесте. Жылдық орташа температура.

 

 

қаңтар

ақпан

наурыз

Сәуір

мамыр

Маусым

Женева

1

3

6

1    0

1    4

1      8

Локарно

3

4

8

1    1

1    5

1      9


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 3 кесте. Шевецарияның ірі қалаларының максималды және минемалды орташа күндік температурасы (С)

 

Қаң-тар

Ақпан

Нау-рыз

Сәуір

Ма-мыр

Мау-сым

Шілде

Тамыз

Қыр-күйек

Қазан

Қара-ша

Жел-тоқ-сан

Женева

макс.

3,7

5,9

9,8

13,9

18,4

22,2

25,3

24,4

20,8

14,9

8,4

4,5

мин.

-2,6

-1,5

-0,1

3

6,9

10

11,9

11,3

8,6

5,2

1,1

-1,4

Интерлакен

макс.

2,3

4,5

8,7

12,8

17,4

20,5

22,9

21,9

18,9

13,8

7,3

3,1

мин.

-4,3

-3

-0,6

2,6

6,6

9,7

11,7

11,2

8,6

4,5

-0,2

-3,3

Лозанна

макс.

3,5

5,2

8,7

13

17,3

21,1

24,2

23,1

19,5

14,1

7,9

4,3

мин.

-0,7

0,3

2,5

5,4

9,3

12,4

14,7

14,2

11,7

8,1

3,3

0,1

Люцерн

макс.

2,8

4,8

9,2

13,3

17,9

20,9

23,5

22,6

19,3

13,7

7,5

3,8

мин.

-2,6

-1,4

0,7

3,9

7,9

11

13,1

12,6

10

6,1

1,5

-1,7

Лугано

макс.

6

7,8

11,6

14,9

18,8

23

25,8

24,8

21,3

16,5

10,8

7,1

мин.

0,1

1,5

4

7,3

10,9

14,1

16,8

16,1

13,3

9,2

4,3

1

Церматт

макс.

5

7

10

13

14

17

23

19

16

9

6

2

мин.

-8

-7

-7

-2

2

6

9

7

6

0

-3

-10

Цюрих

макс.

2,1

4,3

8,6

12,6

17,4

20,6

23

22,1

18,9

13,4

7

3,1

мин.

-2,6

-1,7

0,8

3,9

7,9

11

13

12,6

10,2

6,4

1,6

-1,5

Информация о работе Швейцария туралы жалпы мәлімет