Швейцария туралы жалпы мәлімет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 21:25, курсовая работа

Краткое описание

Швейцария - Швейцария Конфедерациясы - Орталық Европадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, шығысында Австриямен, оңтүстігінде Италиямен шектесіп жатыр. Ол өзінің табиғи және жасанды әсем обьектілерімен, көрікті көз тартар орындарымен көзге түседі. Ал бұл ел халқының біртұтас орналасуы мен қоғамдық транспортты тиімді пайдалану жүйесіне байланысты барлық демалушылар (жергілікті халық, шетел азаматтары...) үшін қолайлы болып табылады.

Содержание

Кіріспе
1. Швейцария туралы жалпы мәлімет
1.1 Климаты
1.2 Географиялық орны
1.3 Негізгі көрікті орындары
2. Территорияни рекреациялық пайдалануы
2.1 Швейцарияның курорттары
2.2 Швейцария қалалары бойынша туристік сапарлар
2.3 Шығыс Швейцария
2.4 Орталық Швейцария
3 Тау шаңғы курорттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Швейцария курстык жумыс.doc

— 264.00 Кб (Скачать документ)

 

2.2.5 Базель

Базель - Германия мен  Франциямен шекаралас жердегі Швейцарияның солтүстігіндегі екінші үлкен қала. Ол біздің заманымызға дейінгі 44 ж. кельт тайпалары мекендеп жатқан жерде құрылған. Рейн өзенінің таудан жазыққа шығар жеріндегі тау аңғарын бойлай салынған. Халқы 216 мың                         (1968 ж). Бүгінгі таңда қала жаңғырып, елдің ірі өнеркәсіп, сауда және банк орталығына айналып отыр. Базель - оқу орындардың (соның ішінде көне Швейцар университеті -1490 ж), банктер мен ірі сауда орталықтарының, алғашқы ұлттық музыка театрының, көркем галереяның, букинистік магазиндердің, барлар мен ресторандардың шоғырланған ошағы болып табылады.

Бұрынғы Базельдің орталығы - Маркплатц  алаңы ("Сауда алаңы") күні бүгінге дейін әмбебап тауарлы ірі сауда орталығы болып есептеледі. Дәл осында қаланың символдарының бірі - кірпіштен жасалған ашық-қызыл түсті әшекейленген қасбеті бар, алтынмен қапталған шіркеу мұнарасы мен Минациус Планкус мүсіні бар әдемі Ратуша (1507-1513 жж.) шоғырланған. Сыртқа шығарылатын сауда өнімдерінің 40%-і Базельден өтеді. Жыл сайын мұнда өнеркәсіп жәрмеңкелері болады. Швейцариядағы химия, жібек мата тоқу, дәрі-дәрмек, машина жасау, электротехника өнеркісібінің және кітап басу мен кітап саудасының орталығы. Бұрынғы Барфюссенкирхе шіркеуінің (XIV ғ.) ғимаратында тарихи мұражай ашылды. Одан бірер қашықтықта Фишмаркт алаңында Богородица (1390 ж.) мүсінімен әшекейленген Базельдің ең әдемі фонтаны орналасқан. Қаланың тағы бір символдарының бірі - екі сүмбілері мен галереясы бар Мюнстеркафедралы соборы (1019 ж.). Қаңылтырмен қапталған храм қақпасының алдында кеспе тастар төселген, ал есіктің алдында қаланың сымбатты көрінісін сүйсіне тамашалап көре алатындай көрермендер мұржасы орналасқан. Базельдің тағы бір көркем обьектісі - қызыл құм тастан жасалған, екі жағы 2 дөңгелек тісті мұнарамен жанасқан Шпалентор қақпасы (1400ж.).

Базель соборы - католик  шіркеуінің соборы (1431-1449 жж.) Базельде, кейін Лозаннада болған. Ол бүкіл  шіркеулік соборды папаның үстінен қарайтын етуді, папаның билігіне шек қоюды көздеп, күрес жүргізді, папаның жоғарғы басқару әкімшілігінің пайдасына жиналатын салықты жойды. Базель соборын мойындамаған папа Евгений IV-ні орнынан алды. Бұрын Базель соборын қолдап келген Европа елдері басшыларының Евгений IV жағына шығып кетуі салдарынан собор қозғалысын жақтаушылар жеңілді. Базель соборы жаңа сайланған Николай V (1447-1455 жж.) папаны мойындап (1449 ж.), соборды таратып жіберді. Базель соборының жеңілуі католик шіркеуінің беделін түсіріп, XVI ғасырда реформалар жасауға жол ашты. Сонымен қатар Базельде ортағасыр мен жаңа өнер үлгілері сақталған 20-дан астам мұражай бар. Сент-Албен - Грабендегі Базель бейнелеу өнері мұражайы Гольбейн отбасының толық шығармаларын жинағандығымен әлемге әйгілі болды. Белгілі коллекция жиюшы Базилиус Амербах суреттері сақталған - "амербах кабинеті" де ол жерге барған әрбір түлғаның қызығушылығын оятады. "Ескі шебер" бөлімі мен импрессионизм, модерн жинақтары - ең жоғарғы европалық жинақтар болып саналады. Сонымен қатар Сент-Албен-Тальдегі ортағасырлық қағаздар мен кітаптар сақталған соның мұражайы, Жана Тингели мұражайы, Киршгартендегі үй ("шие бағы"), Людвиг жинағы мен антиквариат мұражайы және хайуанаттар паркі де қызықты.

 

2.3 Шығыс Швейцария

Шығыс Швейцария - Европаның  ең әдемі аудандарының бірі. Таудың арасында көптеген көлдер бар, курорттар, пансионаттар мен қонақүйлер саны да көп. Ал түрлі-түсті кілемдей жайылған альпі алқаптары қайталанбас әрі өлкенің әсем көрінісін береді. Шығыс Швейцарияда елдің ең ғажап табиғи орындарының бірі - айбынды Рейнфаль ("Рейн сарқырамасы"), дебеті                  1,1 мың м/сек). Сарқырамаға жақын жерде ежелгі готика кезеңінің ескі ғимараттары сақталған ескі әсем қаланың Шаффхаухен орналасқан. Сонымен қатар бұл қала аттас барлық қасиеттілер мұражайы мен Мино қорғанымен (Мунот, XVI ғ.) көрікті.

 

 

 

 

 

 

2.3.1 Санкт-Галлен

Шығыс Швейцарияның орталығы - Санкт-Галлен қаласы VII ғасырда Ирландия монахы Галлуспен тұрғызылған. XV ғасырдан бастап бұл монастырьдің жан-жағында қала салына бастады, бұл қала қазір үлкен туристік орталыққа айланды. Ол жерде тағы екі биік мұнарасы бар Кафедра соборы (1775 ж.) бар және көне қолжазбалары мен манускриптері, Қасиетті Екатерина монастырі (1228 ж.) сақталған аббат кітапханасы орналасқан. Сонымен қатар текстиль мұражайы мен таулар көрінісін тамашалауға болады. Роршахтағы Корнхаус ескі қамбасы (1748 ж) мен бенедиктік монастырь, ескі автомобильдер мұражайы мен Роршахерберг, Вартегг           (1577 ж.), Вартензе (1806 ж), Қасиетті Анна (1210 ж) қорғандары да қызықты. Бад-Рагацеде - термальді орталықтар: "Тамина-Гордж-Альтес" пен Тамина шатқалындағы Бад-Пфаферс, Хоф сарайы (1774 ж), Қасиетті Леонардо Капелласы (1414-1418 жж) және Фрейденберг қорғанының (XII ғ) құлаған орны мен Қасиетті Панкпас (1705 ж) шіркеуі кездеседі.

 

2.4 Орталық  Швейцария

Орталық Швейцарияны - (Люцерн, Швиц, Ури, Унтервальден кантондары) "нағыз  Швейцария" деп атауға болады. Себебі мұнда әсем табиғатты - игерілген таулы аудандар, көптеген әдемі көк алқаптар мен кең альпі жайылымдарының таза мөлдір тау өзендерін кездестіруге болады. Ғасырлар бойына келе жатқан мұздықтардан бастауын алатын Берн тау өлкелерінің сарқырамалары Розенлау мен Ааре тар арналары арқылы өздеріне жол ашады.

Мұндағы Бринцерзее мен Тунерзее көл айдындарынан пансионаттар мен қонақүйлердің, тау жоталарының бейнесін көруге болады. Сонымен қатар бұл аймақтың ескі қорғандары мен қалпына келтірілген сарайлары ерекше көзді қызықтырады. Бұлардың жанынан Эйгера, Монха, Юнгфрау шыңдары көтеріліп тұр. Үлкен Сен-Бернард асуынан (2469 м) бірер қашықтықта бір аттас монастырь орналасқан. Онда күні бүгінге дейін адамдарды қар көшкінінен қорғау мақсатында асыл тұқымды иттерді бағып қарауда. Ал Сен-Готард асуында адам аяғы баспайтын "Шайтан көпірде" 12 метрлік крест тұрғызылған.

 

2.4.1 Берн - Швейцарняның  астанасы

Бұл жерде мемлекеттің астанасы - Берн қаласы (1848 жылдан) орналасқан, қала 1191 жылы герцог Бертольд V-нің бұйрығымен Аар өзенінің бойында тұрғызылған. Халқы 255 мың (1968 ж). 1353 жылы Швейцария конфедерациясының құрамына кірді. 1914 жылдың қыркүйегінен 1916 жылдың ақпаннына дейін Бернде В.И.Ленин тұрды. Индустриялық дамуы жөнінен Швейцарияның Цюрих, Базель сияқты қалаларынан кейінгі орында. Электротехника мен машина жасау, мата тоқу, тамақ, ағаш өңдеу кәсіпорындары, университет (1834 ж), Швейцарияның ұлттық кітапханасы, көптеген мұражайлар бар.

Берн - халықаралық туризмнің  ірі орталығы. Мұнда бірнеше халықаралық мекемелер (Дүниежүзілік почта Одағының бюросы, халықаралық транспорт одағы және тағы басқа) орналасқан. Кейінгі готикалық әулие Винцент соборы (142-1588 жж), Ратуша (1406-1407 жж), парламент үйі (1852-1901 жж) секілді архитектуралық ескерткіштер сақталған. Қаланың тарихи орталығы - Шпитальгассе, Марктгассе және Крамгассе көшелері Нидербрюкке көпіріне барып тақалады. Қаланың негізгі әдемі жерлері де осы орталықта - Түрме мұнарасы (1256 ж), әйгілі көше фонтандары (XVI г), Сағат мұнарасы (1191 ж., қозғалып тұратын қоңырауы бар 1527-1530 жж.) және Швейцариядағы ең биік мұнара (100 м-ге жуық) мен витраждар (XV ғ), XVI ғасырдың мүсіндері мен Кюнга жұмысының негізгі порталы (1457 ж) бар готикалық собор. Сонымен қатар үлкен қабылдау залы бар, төбесі (XV ғ) ағаштан тұрғызылған әрі қалаға "Аю сағанасы" деген ат берген Ратушаны (1406 ж) да көріп қайтқан жөн. Берн -мұражайлардың ордасы.

 

 

 

Онда әр түрлі - Европаның қолөнері сақталған Берн көркемөнер мұражайы, "Абеггштифтунг Риггисберг" мұражайы, пошталық мұражай, Крамгассе көшесіндегі Альберт Эйнштейн мұражайы және Швейцар Аьлпі мұражайы кездеседі. Бұл қалада көптеген елшіліктер мен халықаралық ұйымдар (Бундесрат) мен Федеральді конгресс, ұлттық банк пен көптеген халықаралық сауда ұйымдарының ошағы болып табылады. Мұнда Берн симфониялық оркестрі орындайтын концерттер өткізіліп тұрады.

 

2.4.2 Люцерн

Люцерн - Орталық Швейцарияның бас қаласы VII ғасырда бнедиктік монастырьдің орнында пайда болған. Ол Фирвалынтэггер көлінің солтүстік жағасында орналасқан ең әдемі қалалардың бірі. Қаланың ең әдемі көрікті орындары - Капельбрюкке көпірі (1300 ж., Европадағы ең көне), екі мұнарасы мен сегіз бұрыштық су қыспақты мұнарасы (XIII ғ) бар Иезуитенкирхе шіркеуі (1666 ж), Корнмаркт ұлы ғимараты (1606 ж), 9 мұнарасы бар Музермауәр қорғаны (1350-1408 жж), қайта өрлеу дәуірінің Өкімет Сарайы (1557 ж), Францискан шіркеуі (1561 ж), және де дүние жүзіндегі ең қияли ескерткіш - "Өліп бара жатқан арыстан", Қасиетті Шарль шіркеуі мен көптеген ағаштан салынган көпірлер, дәстүрлі фонтандары бар әсем алаңдар, Пилатус шыңындагы (2132 м) шолу алаңы және көл жағалауларындағы курортты кешендер, ұлттық киімдер мұражайы, "Утенберг" өлектану мұражайы, Пикассо мұражайы, Рихард Вагнер мұражайы мен "Глетгергарден" (мұз дэуірінен сақталып келе жатқан геологиялық феномен)   мұз   сарайы   және   де   дүние   жүзіндегі   ең   қызықты суперкинотеатрлардың бірі "ІМАХ" болып табылады.

 

 

 

 

 

 

2.4.3 Лугано

Лугано - итальян тілінде  сөйлейтін Тессин кантонының ең ірі әрі маңызды қаласы. Климаты жұмсақ, ауасы таза әсем қала Монтре-Бре (923 м) тауларымен қоршалған және ол жерден бүкіл қала көрінісін көруге болады. Қалада асыл тарихи құндылықтар - архитектуралық ескерткіштер -               Парко-Чивико саябағындағы Палаццо-Чивико Сарайы орналасқан. Онда ашық аспанда Вилл Мальпенсаттың концерттері өткізіліп түрады, сонымен қатар "Қол-аяғы керіп шегеленген Иса пайғамбардың" фрескасы бар.             Санта-Мария-дели-Анджоли (XVI ғ) шіркеуі, Сан-Лоренцо соборының           (1517 ж) жанында орналасқан Бернардо Луини жұмысының "Құпия кешкілігі", мехрапы бар әйгілі Сан-Рокко шіркеуі (1349 ж) және тағы басқа орналасқан. Бұл қонақжай қаланың ерекше өзгешеліктері - аркалар, қызыл түсті қазоты және ашық-қызыл түсті жүқа қыштар (черепица) болып табылады. Орталықта кең жаяу жүру зонасы бар. Пьяцо Чьокарно алаңынан тауға қарай жаяу баруға болады. Лугано аймақтарында Локарно мәдени ескерткіштер мен итальян архитектурасы стиліндегі ескі қалашықтарды, әйгілі Аскона, Беллицонның "қорғандар қаласын", Мендризионың "Кіші Тосканасын" кездестіруге болады. Сонымен қатар Мелидтегі "Кіші көлемдегі Швейцария" саябағына теплоходпен серуендеуге болады. Луганодан көлдің екінші жағалауына қарай итальяндық Кампионе анклавы жатыр. "Маңызды

экономикалық зона" болып табылатын ойын-сауық бизнесі орталығында екі жылда бір рет "Алтын маска" мен "Формула-1" су жарысының мәденит және өнер қайраткерлерін құттықтайтын салтанатты кештер өтіп түрады.

 

3 Тау шаңғы  курорттары

Әрине, Швейцарияның ең қызықты  көз тоймас "әшекейі"- тау шаңғы курорттары. Бұл жағынан ел әлемдегі ең алғашқы орындардың бірін иеленеді.

 

 

 

3.1 Санкт-Мориц

Елдің оңтүстік-шығыс  бөлігінде, Энгадин алқабының қақ  ортасында орналасқан қар жамылған Санкт-Мориц - тау шаңғы спортсмендерінің сүйікті орны болып табылады. Мұнда 2 рет 1928, 1948 жылдары қысқы олимпиада ойындары өткен. Санкт-Мориц -өзінің ежелден пайдаланып келе жатқан минералды суларымен әйғілі ірі бальнеологиялық курорт болып табылады. Қалада көптеген жайлы виллдар, әсіресе, дүниежүзінің ең комфортты қонақүйлерінің бірі -Бадруттс-Палас отелі шоғырланған. Сонымен қатар Швейцар ұлттық саябағы, Рим мұнарасы, Сегантини мұражайы орналасқан. Қалада гольфтен, сефтинг, парус және жазғы шаңғы спорт түрлерінен жарыстар жиі болып тұрады. Ашық және жабық бассейндер, мұз сырғанақтар, ыстық минералды суы бар бассейндер, теннис аландары бар, атап кетсек, ат туризмі де жақсы дамып келеді.

Санкт-Мориц қысқы экзотикалық ермегімен даңқты: көлдің мұз айдынында жыл сайын аттар жарысымен қатар жазғы спорт түрлері- крикет, поло және гольфтен турнирлер өтіп тұрады. Оның мұз сырғанағы - 1768-3303 метрге созылып жатыр (бір сырғанағанда 350 км-ден астам жерді өтіп кетуге болады). Санкт-Морицта Корвилье станциясымен қатар Маргус, Сувретта (70 км-ге жуық) сырғанақ орындары кездеседі. Олардың барлығы - тау шаңғы курорттары болып табылады.

 

3.2 Скуоль

Санкт-Морицтан 60 км қашықтықта ұлттық парктен 1250 км биіктікте Скуоль курорты орналасқан. Ол өзінің термальды көздерімен, әсіресе, Энгандинадағы жалғыз ғана 37 С бассейні бар емдік су орталығымен, джакузи, сауна, түрік моншаларымен даңқты. Мұнда сонымен қатар                1250-2800 м биіктіктегі тау шаңғы трассалары кездеседі.

 

 

 

 

3.3 Церматт

Церматт - Швейцарияның ең мықты тау шаңғы, климатты курорттарының бірі. Ол Маттергорн тауларының етегінде орналасқан және 36 Альпі жоталарымен қоршалған. Церматтың ауасы өте таза, себебі онда елдегі ең ұзақ мезгіл қыс айлары көпке созылады және автомобиль қозғалыстарына тиым салынған. Автомобильдердің орнына жазда - ат шегілғен экипаждар, ал қыста - шаналар жұмыс  істейді. Дүниежүзілік мәлімет бойынша Церматт - ең әдемі алғашқы он курорттардың біріне жатады. Мұнда Европадағы ең биік станцияға (Кляйн Маттергорн, 3885 м.) көтерілуге болады. Церматтан оңтүстікке - Италияға қарай әйгілі Червинья жүйрік трассасы арқылы түсуге болады. Онда туристерге қызмет көрсету мақсатында 82 көтергіш жұмыс істейді. Сонымен қатар фан-парк пен 2 шана трассалары, шаңғы мектебі, 15 жабық бассейні, 20 сауна мен парлы моншалар, 2 теннис куроттары, ойын-сауық залдары, бильярд, 100-ден астам ресторандар, барлар мен дискотекалар, 38 таулы ресторандар қызмет етуде.

 

3.4 Давос

Дүниежүзілік экономикалық форумдар мен конгресстер өткізілетін  элитарлы Давос курорты Швейцарияның шығысында 1560 м биіктікте орналасқан. Давостың символы - алаңы 22 мың м жерді алып жатқан ірі табиғи сырғанағы бар көл, және мұнда одан басқа 6 сырғанау ауданы, 55 көтергіш, 75 км жазық шаңғы ауданы, ашық және жабық сырғанақтар мен мұз стадионы кездеседі. Сонымен қатар протестанттар шіркеуінің мұражайы бар.

 

3.5 Саас-Фе

Саас-Фе - Швейцарияның ең биік таулы, әрі дүниежүзінің ең әдемі, көрікті курорттарының бірі болып табылады. Ол Альпінің ең биік 13 шыңының (биіктігі > 4000 м) арасында жатыр.

 

 

Курорт биіктігі - 1800 м., мұнда биіктігі 1800-3500 м, ұзындығы-120 км-ге созылған жол төселген. Және орасан зор Миттельаллалин тау шаңғы кешені, ашық сырғанақ, шарт-жағдайы жақсы спорт орталықтары, сноубордқа, шаңғы мен шанаға арналған трассалар, бар-ресторандар, дискотекалар мен кинотеатрлар бар. Ал 3500 м биіктікте дүниежүзіндегі ең биік, айналатын ресторан және одан бірер қашықтықта әлемдегі ең үлкен мұражай "Мұз павильоны", үйлену салты өткізілетін кішкентай шіркеу орналасқан.

Информация о работе Швейцария туралы жалпы мәлімет