Швейцария туралы жалпы мәлімет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 21:25, курсовая работа

Краткое описание

Швейцария - Швейцария Конфедерациясы - Орталық Европадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, шығысында Австриямен, оңтүстігінде Италиямен шектесіп жатыр. Ол өзінің табиғи және жасанды әсем обьектілерімен, көрікті көз тартар орындарымен көзге түседі. Ал бұл ел халқының біртұтас орналасуы мен қоғамдық транспортты тиімді пайдалану жүйесіне байланысты барлық демалушылар (жергілікті халық, шетел азаматтары...) үшін қолайлы болып табылады.

Содержание

Кіріспе
1. Швейцария туралы жалпы мәлімет
1.1 Климаты
1.2 Географиялық орны
1.3 Негізгі көрікті орындары
2. Территорияни рекреациялық пайдалануы
2.1 Швейцарияның курорттары
2.2 Швейцария қалалары бойынша туристік сапарлар
2.3 Шығыс Швейцария
2.4 Орталық Швейцария
3 Тау шаңғы курорттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Швейцария курстык жумыс.doc

— 264.00 Кб (Скачать документ)

 

3.6 Кран-Монтана

Кран-Монтана - Женевадан 150 км., Цюрихтен 280 км қашықтықта, Альпінің қақ ортасында 1500 м биіктікте  орналасқан Швейцарияның ең жылы курорты болып табылады. Курорт кез келген деңгейдегі шаңғышыларға қолайлы. Мұнда биіктігі 1500-3000 м., ұзындығы-178 км-ге созылған трасса (Плен-Морт мұз айдынында (8 км) ), 50 км-ге жуық жазық шаңғы, 45 көтергіш, жаяу жүріп серуендеуге арналған 50 км сүрлеу жол,            7 жабық теннис алаңы, сквош-орталық, ашық сырғанақ, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған шаңғы спорты мектебі, теңіз суы бар бассейн, дельта- және параплан, дүкендер мен бутиктер, қымбат ресторандар, түнгі клубтар және тағы басқа кездеседі. Ал оған жақын жатқан Аминонеде      "Пети-Бонвин" (2400 м) ресторанынан басталған 6 километрлік трасса орналасқан.

Кран-Монтана - Европадағы гольфтің астанасы болып табылады. Мұнда қыркүйек айының басында "Канон - европалық шеберлер"  атты турнирі өтіп тұрады, ал ең алғаш гольф алаңы мұнда 1906 ж пайда болды.

Әйгілі биік таулы  Вербье курорты Рона аңғарындағы шағын үстіртте 1500 м биіктікте, Вале кантонының "Төрт алқап" тау шаңғы ауданының батыс бөлігінде орналасқан.Мұнда тау шаңғышыларына арналған биіктігі 1300-3330м, ұзындығы-400 км-ге созылган трассалар бар және 89 көтергіш, ресторан, кафе-барлар жұмыс істейді. Мон-Жель шыңынан төмен қарай "қара" трасса кетеді және Лез-Аттель қауіпті трассасы бар. Сонымен қатар әлемге танымал Ле-Шабльдегі биіктігі 2530 м., 15 километрлік Мон-Фора трассасы бар. Ал қауіпсіздеу деген трассалар Ля-Шо ауданындағы жоталарда (2210 м) кездеседі. Бұл ауданда 410 км-ге созылған шаңгы трассасы, 101 көтергіш, 3 фан-парк, 128 км-ге созылған әр түрлі биіктіктегі жазық шаңғы трассасы мен Евопадағы ең үлкен "Джамбо" аспалы көтергіші (бір рейсінде 150 адамды 3300 м биіктікке көтереді) қызмет етуде. Айта кетсек, тағы да спорт орталығы, бассейндер мен сауналар, сырғанақтар, күнге қыздырынуға арналған алаңдар және тағы басқа өте көп. Оңтүстікке қарай Шамони мен Церматты біріктіретін ск-тур маршруты - От-Рут өтеді.

 

3.7 Лейкебард және Интерлакен

Лейкебард - Женевадан 215 км қашықтықта, Дала өзенінің аңғарында орналасқан "Төрт алқап" курорт орталықтарының бірі. Бургербад және Альпентерме термальді көздерімен танымал курорт бірнеше термальді бассейндермен, джакузи, сауна, массаж және    косметикалық кабинеттермен жабдықталған. Курортқа тау жоталарынан тікелей түсуге болады. Мұнда биіктігі 1034-2971м, ұзындығы 60 км трассалар, 48 көтергіш, 60 км жаяу жүру жолы, жазық шаңғыға арналған 70 км трасса, шана жолдары, ашық және жабық сырғанақтар, керлинг, минералды суы бар термальді бассейндер, теннис аландары, треккинг, сквош, балық аулау орындары кездеседі. Әсіресе, Торрент тауының (2800 м) солтүстік-шығысынан басталатын "қара" трассалар, Риндерхалде - Альтер Штафель-Вальдпиште қызықты.

Швейцарияның әрі әйгілі, әрі туристер көп баратын орталығы -Интерлакен Юнгфрау (4158 м) және Айгер тауларының етегінде, Бринцерзее мен Тунерзее көлдерінің арасында орналасқан. Бұл курорттық зонада жыл бойы тынышсыздық байқалады, себебі келушілер өте көп, әсіресе, жазда. Интерлакен туристік обьектілерге өте бай курорт: су туризмі, жаяу жүру, велосипед, үңгір туризмі жақсы дамыған, сонымен қатар мұнда Сент-Леонар жерасты көлі, 70 сарқырамасы бар Триммельбах асуы, ортағасырлық Штокальп, Вале, Турбильон қорғандарын, Мартиньядағы Пьера Джаннада мұражайын, Сьеррада жүзім мүражайын көруге болады.                                     Ал қыста -ұзындығы-183 км, биіктігі 576-3454м трассаларда шаңғы тебуге болады. Онда 49 көтергіш жұмыс істейді. Сонымен қатар "Мұз Сарайы" (мұз қалыңдығы - 30м) мен Шильторн шыңындағы (2970м) қаланың бүкіл көрінісін беретін "Пиц-Глория" ресторанын кездестіруге болады. Венген аймағындағы шағын деревнялар "автомобильдерден босатылған", солардың бірі Мюрренде жыл сайын экстремальді ойындар өтіп тұрады.

 

3.8 Гриндельвальд пен Майринген

Гриндельвальд - Интерлакеннен 15 минуттық жерде орналасқан елдің ең әдемі курорттарының бірі. Мұнда тау мұз айдындары көп кездеседі, сондықтан да қысқы спорт түрлеріне жақсы мүмкіндік туғызады, яғни, мұндағы сырғанақ бүкіл Швейцария бойынша ұзақ мерзімге созылады. Сонымен қатар бұл жерден "Көк мұз үңгірін", мұз асуын, метеорологиялық станция мен қатар-қатар орналасқан Аьлпі, Айгера шыңын (3970м), Мюнха (4099м), Юнгфрау тауларының (4158м) көрінісін көруге мүмкіндік беретін шолу алаңын кездестіруге болады. Олардың жоталарында биіктігі 1034-2971м., ұзындығы-213км трасса төселген және 47 көтергіш, 25км жазық шаңғы, Буссальпадан (1800м) басталатын 8-километрлік шана трассасы мен ұзындығы ЗООкм-ге созылған жаяу жүруге арналғансүрлеу жол бар. Жотаның екінші бір жағында қызықты -Фест сырғанау алаңы (1050-2500м) жатыр. Және жабық жүзу бассейні, гимнастика залы, шәй салоны, кафе-бар, түнгі клубтары бар спорт орталығы қызмет етуде.

Бринцерзее көлінің  жағалауында, Интерлакенге қарама-қарсы жерде Майринген әйгілі курорты орналасқан. Онда "Шерлок Холмс" қонақүйі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

3.9 Гштаад және Шато д'О

Гштаад - дүниежүзіндегі ең қымбат, ең әйгілі Европадағы қарлы аудан. Мұнда тек қыста ғана емес, сонымен қатар басқа да жыл мезгілдерінде белсенді демалыс өткізуге барлық жағдайлар жасалған. Гштаад "қалталылар" үшін десек те дұрыс болар, өйткені ол әрі көрікті, әрі қымбат, оған тек "патшалар" мен киножұлдыздар, әлемнің бай бизнесмендері ғана бара алады. 1000-3000м биіктікте 69 көтергішпен жабдықталған 250 км тау шаңғы трассалары, 70 км жазық шаңғы, сансыз көп жаяу жүру маршруты, Ла-Пинте минералды көзі, көптеген ресторандар, теннис-сквош аландары, ат спортына арналған алаңдар мен маршруттар, әуеде ұшу мен бассейндер бар.

Гштаадтан бірер қашықтықта елдің жанұя курорт орталығы -                      Шато д'О орналасқан. Онда жыл сайын қаңтар айының екінші жартысында әуеде ұшу халықаралық аптасы - әлемнің 15 елі қатысатын "Әуеде ұшу дүниежүзілік фестивалі" өтіп тұрады.

 

3.10 Швейцарияның  басқа да әйгілі тау курорттары

Флимс пен Лаакс көршілес жатқан курорттар - "Альт аренасын" қалыптастыратын Швейцарияның ең үлкен  тау шаңғы ауданы болып табылады. Мұнда жақсы жабдықталған трассалар  өте көп; барлық сырғанау зонасы 220 км құрайды, биіктігі 1020-3018м трасса, соның ішінде ең ұзыны шыңның өзінен басталып, 1900м биіктікте ұзындығы 16 км-ге созылады. Сонымен қатар 29 көтергіш, 6 км жазық шаңғы, 6 км шана трассасы, жабық теннис аландары, нысананы көздеп атуға арналған арнайы жабдықталған тирлер, картинг, сквош, су алабтары - бассейндер, бордер-парктер жұмыс істейді.

Порт-дю-Солей сырғанау алаңына 12 француз және швейцар станциялары кіреді: Шампери, Ле-Крозе, Шампуссан моржан, Торжок, Авориаз, Шатель, Морзин, Ле-Же, Монтрион, Сан-Жан д'Альп, Абонданс, Ля-Шапель д'Абонданс. Шампери Валь д'Иестен 10 км қашықтықта 1580 м биіктікте орналасқан.

Ол өзінің 228 көтергішпен  жабдықталған 650 км өте ұзын трассасымен  даңқты. Сонымен қатар мұнда жабық сырғанақ ( 60x30м ), суы жылы ашық бассейн, күнге қыздырынуға арналған алаңы бар фитнесс-орталық, сауда және қазіргі заман талабына сай физиотерапевт кешені орналасқан.

Ал Бюргеншток - Орталық  Швейцарияның қақ ортасында 1873ж  құрылған және Европадағы көне қонақүй кешенімен әйгілі курортты орталық. Мұнда 3 бесжұлдызды қонақүйлер - Палас Отель, Гранл Отель және Парк Отель Люцерн көлімен шайылып жатқан түбектерде орналасқан. Овронна курорты - әсіресе орташа деңгейдегі тау шаңғышылары үшін өте қолайлы. Энгельберг - Швейцарияның көне курорттарының бірі (1120ж). 3200м биіктікке көтеретін "Ротаир" көтергіші бүкіл көріністі көргенде ұмытылмас әсер қалдырады (ол елдің ең үлкен биікке -3333м көтеретін көтергіш). Айта кетсек, ұлы Титлис тауы да (Орталық Швейцарияның ең биік нүктесі) өте қызықты. Ондағы тау жоталарында 82 км., биіктігі 1050-3028 м трассалар бар, 27 көтергіш, көптеген ресторандар мен барлар, дискотекалар қызмет етеді. Курорттың көп бөлігі - жаяу жүру зонасына арналған.

Ли-Диаблерэ - "Альпі  жаннаты" 1300м биіктікте тау  алқабында орналасқан. Ол жерден алып территорияны - Женева көлінен француз Альпілеріне дейінгі жерлердің көрінісін тамашалауға болады.1200-3000м биіктікте ұзындығы - 120 км трассалар, 50 көтергіш жұмыс істейді. Қоғамдық транспорттың жақсы жоспарланған жүйесіне байланысты Гштаад, Лейзен, Шато д'О, Саанена және Виллар жоталарында сырғанауды жалғастыруға болады. Бассейндер мен сырғанағы бар спорттық - емдік кешен, спорт клубы (бадминтон, сквош), боулинг пен залдары, теннис-гольф алаңдары, және атта қыдыру мектебі жұмыс істейді.

Курорттардың ішіндегі ең ерекше көзғе түсетіні - Женева және Лозанна, Монтре, Веве, Ле-Мосс (1450м., "қара" трассалар), Шато д'О, Гштаад сияқты маңызды мәдени орталықтар да өздерінше әдемі. Сонымен қатар әлемге әйгілі "Куклос" айналатын рестораны бар Лейзен мен Фалера сияқты таулы

курорттар, "жанұя жаннаты" - Виллар, "тың" Анзер, жанға жайлы Понтрезина, Швефельберғ-Бад және Ивердон бальнеологиялық курорттарына қарасаң көзің тоймайды.

 

4 Швейцарияда  туризм дамуының болашағы

Жоғарыда айтылғандарға  жақсылап назар аударсақ, Швейцариядағы  демалыс арзан емес екендігіне көзіміз жетеді және ол жерге тек "қалталы" адамдар ғана бара алады. Қазіргі кезде Швейцарияда барлық адамдарға әрі арзан, әрі сапалы түрде туристік қызмет көрсету жоспарланып отыр. Бұл елде көбінесе таулы, емдік-сауықтыру бағытындағы туризм жақсы дамып келеді.

 

№ 4 кесте. Швецарияға халықаралық келулер.

Мемлекет

Келушілер саны (мың адам)

2003 жылға өзгеру %

Швецария

11,4

+10,5


 

 

 

Швейцария туралы ойлағанда  Сіздің ойыңызға не келеді? Әрине,   таулар,   көлдер,   сауықтыру   көздері   мен   ірімшік   көз алдымызға елестейді. Егер Сіз еліміздегі туристік агенттерге барып осы елге тур алсаңыз, әрине Сіз осының бәрімен жақсы таныса аласыз. Көзбен көргенге не жетсін.

Автобуспен кетіп бара жатқанда жол-жөнекей әдемі шағын ауылдарды көруге болады. Пойыз Сізді көл аңғарымен, термальді курорттары қасында орналасқан тау жолдарымен апарады. Ал елдегі ең дәмді швейцар ірімшігін дайындайтын Грюйер қаласында бір күн қалсаңыз - оған қалай қарайсыз? Онда кішкентай ғана ұлттық ресторанда топпен бірге көңіл көтеріп және ірімшік фондюсының қалашығында өткізуіңізге болады. Сонымен қатар тіпті швейцарлықтардың өздері жақсы көретін Ст. Морис термальді курортына барып қайтуыңызға болады. Тек осындай жолмен ғана -Швейцарияның шағын қалаларымен танысу арқылы Сіз бұл елдің рахаты мен ләззатын көре аласыз.

Егер Сіз Швейцарияға  баруды армандасаңыз, ондағы қалалар  мен курорттарды көріп; таза көлдерде шомылып, Европадағы ең биік Альпі шыңы - Юнгфрауге қызықты да қауіпсіз экскурсия жасағыңыз келсе; теңіз  деңгейінен 3454м биіктікте орналасқан Европадағы ең биік темір жол станциясына көтеріліп, сосын «Голден Пасс» пойызымен Цвайзиммен және

Гштаад арқылы Интерлакеннен  Монтрёға өткіңіз келсе, онда еліміздің  туристік агенттері Сіздің материалдық  жағдайыңызға байланысты қызметтер  ұсынуға дайын.

 

Швейцарияның  кеден ережесі:

Ақша қаражатын апаруға  немесе әкелуге шек қойылмаған. Сонымен қатар жеке заттарды - киім, фото, видеокамера, спорт заттары мен музыкалық аспаптар, азық-түлік апаруға рұқсат етілген. Евроодаққа кіретін елдерден келген туристер ешбір алымсыз 200-ғе дейін сигарет, 50 сигар немесе                250г табак (17 жасқа дейінгілерге рұқсат жоқ), спиртті ішімдіктер - 1-2литр көлемдегі шарап апаруға болады. Ал басқа елден келген туристер үшін жоғарыда аталғандар -қойылған шектер екі еселенеді. Бағасы 100 CHF дейін сыйлық апаруға болады. Наркотик, ет, еттен жасалған азық-түліктерді, жабайы мысықтың, крокодил, кесірткенің терілері мен олардан жасалған бұйымдарды, топырағы бар гүлді өсімдіктерді апаруға тиым салынған. Швейцарияға барған күннен қайтқанға дейінгі аралықта міндетті түрде сақтандыру қызметі болуы керек. Жұқпалы аурулармен ауыратын адамдар Швейцарияға барудан 14 күн бұрын прививка салдыруы керек. Швейцарияға барғаннан кейін ауруға байланысты жағдайлар туындап қалса (яғни, дәрігерге бару немесе ауруханаға жату және тағы басқа) міндетті түрде депозит енгізу керек немесе медициналық сақтандыруды көрсету керек. Олай болмаған жағдайда көрсеткен медициналық қызметіне қолма-қол ақша төлеуді талап етеді. Ал медицина өте қымбат,-сондықтан госпитализация мен елден эвакуацияны талап ететін өзекті мәселелер бірнеше мың долларға жетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Швейцарияда жыл сайын іскер, мәдени, спорттық түрдегі оқиғалар болып тұрады. Женевада әрбір адамның көңілі ауатыны - "Фете де Эскаладе" (желтоқсан) маскарад костюмді тарихи мереке, ат спортынан халықаралық жарыстар (желтоқсан), халықаралық автомобиль салоны (наурыз), "Броканте" антиквариат жәрмеңкесі (қараша) және "Таза үй" халықаралық көрмесі (қараша). Санкт-Морицте - "Айлендс" жоғары тағам фестивалі (қаңтар-ақпан). Лозаннада - қарулар халықаралық көрмесі (желтоқсан), халықаралық джаз фестивалі (қараша), "Анималия" үй жануарлары көрмесі (қазан), ескектен халықаралық жарыстар. Люцернде - ескі аң аулау қарулар көрмесі (сәуір), блюз фестивалі мен классикалық фортепьянолық ән фестивалі (қараша). Базельде -  "Уорлд Мани Фэйр" тиын мен купюрдің халықаралық көрмесі (ақпан), Базель күздік жәрмеңкесі (қазан-қараша), сағаттар мен зергер бұйымдарының халықаралық көрмесі (наурыз) және "APT'' көркем галереясының халықаралық көрмесі (маусым). Саас-Фе мұз скульптурасының халықаралық көрмесі (желтоқсан).

Цюрихте - жыл сайын  Цюрих көлінің жағасында өтетін "Эксповина" шарап жәрмеңкесі (қараша), авангард өнерінің дүниежүзілік фестивалі                       (тамыз-қыркүйек), джаз фестивалі (қараша) және коллекционерлердің рождестволық көрмесі (желтоқсан). Гриндельвальдте - қардан дүниежүзілік фестиваль (қаңтар), Шато д'О - әуеде ұшу халықаралық аптасы (қаңтар). Кампионда -"Формула-1" су жарысы мен "Алтын маска" фестивалі. Сонымен қатар, әрине елдің курортты зоналарындағы көптеген қысқы спорт түрлерінен жарыстар.

Информация о работе Швейцария туралы жалпы мәлімет