Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 16:09, доклад

Краткое описание

Балалардың құқықтарын ең үздік қамтамасыз ету қағидаты, оны балаларға қатысты іс-шараларда бірінші кезекте есепке алу қажеттігі Қазақстан Респбликасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасының Еңбек» Кодекстерінде және «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзетуді қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында, бекітіліп берілді, оларда балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясат мемлекеттік билік органдары қызметінің басым саласы болып танылады.

Содержание

Алғы сөз........………………………………………………………………...….........
Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет....................
Қазақстан Республикасында балалар
құқықтарына қатысты ұлттық саясат..................................................................
Балалардың білім беруге құқығын қамтамасыз ету саясаты............................
Балалардың денсаулық сақтауға
құқықтарының сақталуы туралы...........................................................................
Әлеуметтік саясат және балалы отбасыларды
әлеуметтік қамтамасыз ету .......................................................................................
Балалардың демалысы, бос уақыты және қоғамның
мәдени өміріне қатысуы.............................................................................................
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау..................................................
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, қараусыздық пен қадағалаусыздықтың алдын алу.............................................
Адам құқықтары бойынша ақпараттандыруды арттыру...............................
Қорытынды және тұжырымдар...............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

DOKLAD_Prezidentu_kaz..doc

— 1.54 Мб (Скачать документ)

11927 (27%) мектеп жасына  дейінгі балаға тәрбие беруге  арналған 39 арнайы балалар бақшасы мен жалпы тұрпаттағы балалар бақшалары жанында 274 арнайы топ;

жалпы білім беретін  мектептер жанында 51,5 пайыз баланы қамтитын 102 коррекциялық мектеп және 1 155 арнайы сынып ( 2010 жылы -42,6%);

17 150 бала коррекциялық-педагогикалық көмек алатын жалпы білім беру ортасына тартылған.

21 мыңнан астам бала білім беру ортасына кіріктірілді: 1 397 бала - балабақшада тәрбиеленеді, 20 354 мыңнан астамы - 1 564 жалпы білім беретін мектепте білім алады, бұл олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуі мен кірігуі мәселелерін тиімді шешуге ықпал етеді. Инклюзивті білім берумен балалардың 40%-ы қамтылған.

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық  коррекциялық қолдау туралы» ҚР Заңының 9-бабының  
3-тармағын орындау мақсатында білім беру ұйымдарының жаңа тұрпаттары құрылды. Осындай ұйымдар құру қажеттілігіне балалардың бәріне біріне тегіс қазір бар арнайы (коррекциялық) мекемелер тұрпаттарында баламалы коррекциялық-педагогикалық қолдау алуға мүмкіндік бермейтін аурулардың   алуан түрлігі себеп болып отыр.

Егер 2003 жылы 2 оңалту орталығы, 14 кабинет пен 99 логопедтік пункт  ашылса, 2010 жылы – олардың саны тиісінше 20, 129 және 479 болды.

Білім беру ұйымдарының  осы түрлері жалпы білім беретін  мектептерде оқитын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсетуді және бұдан бұрын «оқи алмайтындар» деп есептеліп келген балаларды жалпы білім беретін процеске қосуды қамтамасыз етеді.

«Білім туралы» ҚР Заңының 6-бабының 16 және 17-баптарына  және «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» ҚР Заңына сәйкес арнайы білім беру ұйымдарының жаңа түрлері: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (60 мың балаға бір ПМПК), оңалту орталықтары (облысқа бір орталық), психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеттері (ауданға бір кабинет) ашылды.

Қазіргі кезде 57 облыстық, қалалық және аудандық ПМПК, оның ішінде бір республикалық ПМПК жұмыс  істейді.

ПМПК желісінің кеңеюімен  дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды анықтау жақсарды. Мысалы, егер 2007 жылы  дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың анықталған саны 147 мыңнан астам адамды құраса , 2011 жылы 149 мыңнан астам  бала анықталды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен арнайы ұйымдар желісі туралы деректердің орталықтандырылған банкі енгізілді. Бұл білім беру ұйымдарының желісін кеңейту, жалпы республика бойынша да, жекелеген өңірлер бойынша да арнайы білім жүйесін басқару сапасын жақсарту жөнінде үйлестірілген шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды, оның ішінде мүгедек балаларды  үйде оқытуды ұйымдастыру үшін жағдайларды  жақсарту мақсатында 2011 – 2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың  мемлекеттік бағдарламасында қашықтықтан  оқыту көзделген.

Бұл үшін 2011 жылдан 2013 жылға дейін арнайы жабдықпен қамтамасыз ету көзделген (мүгедек балалардың жұмыс орындарын ауру түрін, жеке басының ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, осы орындарды Интернетке қосуды ескере отырып компьютерлік техниканың жинақтамасымен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау).

Мәселен, Павлодар облысында  ерекше мұқтаждықтары бар барлық балалар үйде оқиды, компьютерлермен, электронды оқу бағдарламаларымен  және оқулықтармен қамтамасыз етілген, Интернетке қосылған.

Арнайы білім беру ұйымдарына компьютерлік техника мен қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ойдағыдай енгізілуде, олар балалардың әлеуметтік бейімделуі мен оңалуына, оқытушылар құрамының біліктілік деңгейін арттыруға, әрбір бала үшін оңалтудың жеке бағдарламаларын шығармашылық тұрғыда жасауға жәрдемдеседі.

«Білім туралы» Республика Заңының 14-бабына сәйкес дамуында мүмкіндіктері  шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық  консультациялардың ұсыныстарын ескере отырып анықталатын оқушылар мен тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктері мен ықтимал мүмкіндіктерін ескеретін арнайы білім беретін оқу бағдарламалары жасалады.

Ұлттық ғылыми-практикалық  коррекциялық педагогика орталығы өткізген талдауға сәйкес республика мектептерінің  арнайы оқу әдебиетімен, оның ішінде көмекші мектептердің оқушылары үшін және көруі, естуі, сөйлеуі бұзылған балаларға арналған коррекциялық бағыттағы пәндер бойынша қамтамасыз етілуі 57% құрайды. Есту, көруі, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары, сөйлеуі бұзылған, зияткерлігі сақталған психикалық дамуы кідірген балалар жалпы білім беретін мектептердің оқулықтары мен оқу-әдістемелік жинақтамалары бойынша оқиды, олармен қамтамасыз етілу 100% құрайды.

Бірегей оқулықтар  мен оқу-әдістемелік жинақтамалардың 296 атауы шығарылды, олардың ішінде қазақ тілінде 39 % атау, орыс тілінде – 61 % атау балалар үшін:

зияткерлігі бұзылған – 133 атау (44,9 %);

естімейтін  – 44 атау (14,7 %);

нашар еститін  – 16 атау (5,4 %);

көрмейтін – 58 атау (Брайль ғарпімен) (19,6 %);

нашар көретін  – 42 атау (ірі ғаріппен) (14,2 %);

сөйлеуі мүлдем бұзылған – 2 атау (0,7 %).

Республикалық бюджеттен  бөлінген қаржы қаражаты шеңберінде транферттер арқылы 2002 жылдан 2010 жылға  дейін коррекциялық білім беру ұйымдары арнайы жабдықпен, көмекші техникалық және компенсаторлық оқыту құралдарымен: сурдотехникамен (сымсыз және сымды оқу сыныптары, аудиомерлер), тифлотехникамен (оқитын машианалар, тифлокешендер); релакцияға арналған сенсорлық және жұмсақ бөлмелермен, логопедтік және оқу тренажерлерімен қамтамасыз етілген. Бүгінде қамтамасыз етілу 40 – 60 % құрайды.

Кәсіби білім –  мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың  маңызды құралдарының бірі. Заңнамаға  сәйкес бірінші және екінші топтардың  мүгедектері мен мүгедек балаларға  техникалық және кәсіптік, орта мектептен  кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде мынадай жеңілдіктер көзделген:

- білім беру ұйымына  оқуға түсу кезінде қабылдау  квотасы;

- мемлекеттік білім  гранттарын бюджеттен қаржыландыру  арқылы тегін мемлекеттік білім алу конкурсына қатысу кезінде бірдей көрсеткіштер жағдайында медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға болатын бірінші және екінші топтар мүгедектерінің, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың артықшылық құқығы болады;

- мемлекеттік тапсырыс  немесе грант бойынша техникалық  және кәсіптік, орта мектептен  кейінгі және жоғары білім  берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын  іске асырып жатқан білім беру  ұйымдарында оқып жатқан мүгедектерді  стипендиямен қамтамасыз ету жөніндегі жеңілдіктер;

- денсаулық жайы жалпы  тұрпаттағы мектеп жасына дейінгі  ұйымдар мен білім беру ұйымдарында  болуына мүмкіндік бермейтін  мүгедек балалар үшін балалар  бақшалары мен басқа да арнайы  коррекциялық ұйымдар құрылады;

- мүгедек балаларды  тәрбиелеу мен оқытуды жалпы  немесе арнайы мектеп жасына  дейінгі ұйымдар мен басқа  да оқу мекемелерінде жүзеге  асыру мүмкіндігі болмағанда  ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің  тілегін ескере отырып, тәрбиелеу  мен оқыту үйде жүргізіледі.

Сонымен бірге оларды оқыту, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдауды күшейту үшін бірдей мүмкіндіктер жасау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында  жыл сайын:

медициналық тексеру (тегін) өткізіліп тұрады;

жатақханадан орын беріледі (тегін);

медициналық тексеру (тегін) өткізіліп тұрады;

жатақханадан орын беріледі (тегін);

материалдық көмек көрсетіледі;

дене шынықтыру сабақтарынан және ауыр дене еңбегінен босатылады (мүгедектік тобына және ауруының күрделілік дәрежесіне байланысты);

жеке сабақтар өткізіледі;

емтихандар тапсыру  кезінде психологиялық және дене бітімінің ерекшеліктері ескеріледі;

психологтар әңгімелер  өткізіп тұрады (жүйелі түрде);

оқу бітірушілерге жұмысқа  тұру үшін жағдайлар жасалады және т.б., ата-аналармен тығыз байланыс орнатылған.

Кәсіптік лицейлер мен  колледждерде 605,2 мың адам, оның ішінде 1 392 І-ІІ топтардың мүгедектері мен мүмкіндіктері шектеулі жастар оқиды.

Соңғы үш жыл ішінде квота  бойынша жоғары оқу орындарына оқуға  түсетін адамдар санының көбеюі байқалады (2008-2009 оқу жылы –8 194 адам, 2010-2011 оқу жылы – 8 577 адам).

Адамдардың осы санатымен  жұмыс істейтін кадрлар мен мамандар маңызды рөл атқарады. Дефектолог-мамандар даярлауды республикада 1978 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-да педагогика кафедрасы жүзеге асырып келеді. Даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде төрт бағыт бойынша жүргізіледі: логопедия, олигофренопедагогика, сурдопедагогика, тифлопедагогика.

Қазақ Мемлекеттік  Қыздар педагогикалық университетінде  оқыту олигофренопедагогика мен логопедия мамандықтары бойынша жүргізіледі

Сонымен бірге мүгедектер проблемалары бұрынғысынша өзекті, олар оны өз бетімен шеше алмайды. Мысалы, Қазақстанда қалалардың инфрақұрылымы  дене бітімінің мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін әлі де болса бейімделмеген, емдеу мекемелері жетіспейді, жұмысқа тұру және жұмыспен қамту проблемасы ең өткір проблемалардың бірі болған күйінде қалып отыр, өйткені жұмыс берушілер мүгедектер өздеріне тапсырылған жұмысты орындай алмайтынына сенімді болып, осы адамдарды жұмысқа алудан бас тартады. Мұндай көзқарас мүгедектікке қабілеттен гөрі зор маңыз берілетін қауіп пен таптауырын түсініктерге сүйенеді. Сондықтан дамыған елдердің осы проблеманы мүгедектердің өздерінің қатысуымен зерделеу жөніндегі дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту бойынша ұзақ мерзімді жұмыс жоспары жасалуда.

Алдағы уақытта мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды еңбекпен қамту, денсаулық сақтау, білім, ақпарат  саласындағы қызметтермен, мәдени және спорттық, саяси және қоғамдық өмірге қатысудың қолжетімділігімен қамтамасыз ету, медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін жаңғырту, мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесі, оңалтуды жетілдіру, оңалту және арнайы әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар  өткізу жоспарланып отыр

 

VI. Балалардың демалысы, бос уақыты және қоғамның мәдени өміріне қатысуы

 

Мәдени құқықтар балалардың рухани дамуына кепілдік береді, сонымен  қатар әрбір баланың рухани, әлеуметтік және мәдени дамудың мүшесі болуына көмектеседі.Олар: мәдени құндылықтарға қолжетімділік құқығы,  қоғамның мәдени өміріне тең және еркін қатысу құқығы, шығармашылық құқығы, демалуға және бос уақытын өткізуге құқығы.

Республикада 23 мыңнан астам  мектептік спорттық секциялар, 425 балалар - жастар спорттық мектептері, 563 балалар мен жасөспірімдер клубтары, 330 балалар мен жасөспірімдердің музыкалық, көркемдік мектептері жұмыс істейді.

Балалардың демалысын  ұйымдастырудың, аула клубтар желісін  дамытудың оң тенденциясы  байқалуда, Қарағанды – 112, Шығыс Қазақстан – 79, Павлодар – 60, Қостанай облыстарында – 46.

Балалар сауықтыру ұйымдарының  желісін (Павлодар облысында тәулік бойы жұмыс істейтін оқу-сауықтыру  орталығы ашылды, Қостанай облысында  жетім балаларға арналған лагерь қайта қалпына келтірілді; Шығыс Қазақстан -26, Солтүстік Қазақстан – 19, Батыс Қазақстан облыстарында – 13 орталықтар желісі сақталуда) кеңейту, қайта қалпына келтіру және сақтау бойынша шаралар  қабылданды. 

2011 жылдың жазғы демалыс  мерзімінде тегін сауықтыру демалысымен  бірінші кезекте халықтың әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан, оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар қамтылды.

Мысалы, 2011 жылы жазғы  сауықтыру демалысымен жалпы  білім мектептер арасындағы 1-10 сыныптардың 1 943 062 оқушы қамтылды, бұл 83,9%) (2010 жылы - 83%) құрайды. 

Балалар 7 622 лагерьде, оның ішінде 212 қала сыртындағы, 52 шипажай, 5 089 мектеп жанындағы, 1 050 кәсіптік, 342 дебаттық, 620 спорттық және 257 палаткалық лагерлерде демалды.

1 млн.-нан астам оқушыларды  еңбекпен қамту үшін 16 687 мектеп бригадалары құрылды.

Республикада жазғы  демалыс уақытында оқушылардың  жалпы санының 3 пайызын қамтыған 153 спорттық лагерлер қызмет көрсетті.

Жастарды қолдау мақсатында республиканың барлық өңірлерінде  Балалар мен жастарға арналған ресурстық  орталықтар және жастар ұйымдары құрылды.   2008 жылы 12 ресурстық орталық болса, 2009 жылы - 17, 2010 жылы - 21 ресурстық орталықтар жұмыс істеуде.

Республикалық бюджеттен жастар саясатын қаржыландырудың жалпы мөлшерінен 2010 жылы 716,5 млн. теңгені, 2011 жылы 991,2 млн. теңгені құрады.

Жергілікті бюджеттен  жастар саясатын қаржыландырудың жалпы  мөлшерінен 2010 жылы 1,1 млрд. теңге, 2011 жылы 1,35млрд. теңге бөлінді.

2011 жылы 40-тан астам  республикалық конкурс, спорттық  жарыстар, 2400-ден астам дөңгелек  үстел мен акция өткізілді.  Іс-шараларда 3,5 млн.-нан астам  балалар мен жасөспірімдер қатысты. 

Әр деңгейдегі дебат  ойындарын өткізу балаларға белгілі  бір мәселе бойынша ақпарат іздеуге және зерделеуге, сыни ойлауын қалыптастыруға, өздік білімін арттырумен айналысу қажеттілігін туындатады.

Дебат қозғалысының республикада екі бағыты бар: студенттік және мектептік. Жыл сайын әр облыста дебат  турнирлеріне 1000 астам оқушы қатысады. 2010 жылғы қыркүйек-қазан айларында «Дебатерлердің республикалық ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігімен ұлттық дебат ойындарының екінші біріншілігі өткізілді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет