Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 14:09, курсовая работа
Бұл курстық жұмысымды республикада кең тараған шаруашылықтағы маңызды бұршақ дақылы – жоңышқа өсімдігінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, шаруашылықтағы табиғи – климаттық жағдайлары, өсіп жетілу кезеңіндегі күтіп – баптау, өісірілген өнімді оңтайлы да қысқа мерзімде жинап алу үшін алқаптарды даярлау жөніндегі еңбекті дұрыс ұйымдастыру әдісі қарастырылған және Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы жоңышқаның аудандастырылған сорттары, сорттардың өнімділігі және сапасы туралы және жоңышқаны суармалы өсірудің интенсивті технологиялары қарастырылған.
Нормативтік сілтемелер........................................................................
Анықтамалар.........................................................................................
Белгілеулер мен қысқартулар...............................................................
Кіріспе......................................................................................................
1.1 Халық шаруашылығындағы маңызы...................................................
1.2 Қарбыздың құрылымы.....................................................................
1.3 Сыртқы фокторларға қойылатын талаптар
1.4 ............................
1.5 Топырақ жамылғысының сипаттамасы
1.6. Шаруашылық жөнінде жалпы мәлімет
2 Технологиялық бөлім........................
2.1 Жоңышқаны суармалы жерлерде өсірудің ерекшелігі....................
2.2 Ауыспалы егістікте алатын орны......................................................
2.3 Жоңышқаның аудандастырылған сорттары.....................................
2.4 Топырақ өңдеу жүйесі........................................................................
2.5 Тыңайтқыш енгізу жүйесі...................................................................
2.6 Жоңышқаны күтіп – баптау................................................................
3 Қоршаған ортаны қорғау....................................................................
Қорытынды...........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................
Тұқымы жалпақ, жиекті
әртүрлі түсті қара, қоңыр, қызыл,
сары және ақ болып келеді. Жасылдау
түсті шопақтары сирек
Қарбыздың өсіп дамуы.Қарбыз еккеннен бастап піскенге дейін төмендегі негізгі кезеңдерден өтеді, олар:
Қарбыз асқабақ тұқымдас басқа да өсімдіктер секілді түқы-мының тез өнуі мен өсу процесстердің қарқындылығымен мәлім. Еккеннен соң тиімді температурада (25-35°С) және топырақ ылғалдылығы жеткілікті болған жағдайда тұқымы 3-4 күнде өніп, көгіндері 9-10 күнде жер бетіне шыға бастайды. Көгін шыққаннан соң 5-6 күннен кейін бірінші нағыз жапырақтары, сонан соң қысқартылған түйін ара қашықтығында әрбір 3-4 күн сайын екінші, үшінші, төртінші және бесінші жапырақтары пайда болады. Соннан соң өсімдіктің өсуі бәсеңдеп сырт қарағанда тіп-тіке тұратын, әлі пәлек жаймаған бұта секілді көрініс береді (шатрик кезеңі).
Көгін шыққаннан соң 20-40 күннен кейін сорттардың өсу жағдайына байланысты басты сабақ құралады, соннан соң жанама пәлектер шыға бастайды. Өсу барысында гүлдің құралуы пайда бола бастайды, кейін гүлдейді, сонан соң тозаңданады.
Негізінен Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерде өсірілетін қарбыз сорттарының гүлдеуі көгін шыққаннан соң 40-50 күннен кейін гүлдей бастайды. Бірінші аталық сонан соң аналық гүлдері ашылады. Қарбыздың гүлдері таңертең ерте ашылып түске таман жабылады да, кешке қарай сола бастайды. Жәндіктер арқылы тозанданады да, жемістің құралуы мен өсіп дамуы басталады. Тозанданғаннан бастап жемістің піскеніне дейін 35-50 күн өтеді, ал көгін шыққаннан қарбыздың піскеніне дейін 60-120 к
1.3 Сыртқы фокторларға қойылатын талаптар
Жылуға қажеттілігі. Қарбыз жылу сүйгіш өсімдік, өсіп даму барысында өте көп жылу мен күн сәулесін талап етеді. Ауа райының құрғақ және ыстық жағдайында қарбыз жемісінде қант көп мөлшерде жинақталады. Сондықтан оның өсіп дамуы сыртқы орта жағдайына тығыз байланысты.
Қарбыздың өсіп дамуына ең қолайлы жағдай (10°С жоғары), тиімді температураның қосындысы 3200-3400°С-ты құрайды. Қарбыздың тұқымы температура 16-18°С болған жағдайда өне бастайды, ал едәуір темендегенде өте баяу өсіп, өнгіштігін жоғалтады, көгеріп кетеді де, өледі. Өсімдіктің шығарған алғашқы жапырақтары әлсіз болады, олардың әрі қарай дамуы баяулайды, өсімдіктің өнімділігі және өнім сапасы да төмендейді.
Тұқымдардың өніп шығуы үшін оңтайлы температура 20-25°С шамасында болады, олардың әрі қарай дамуы баяулайды, өсімдіктің өнімділігі және өнім сапасы да төмендейді.
Тұқымдардың өніп шығуы үшін оңтайлы температура 20-25°С шамасында болады, ал одан да жогары (35°С-тан жоғары) болған жағдайда бұл процесс баяулайды. Өсімдіктің қалыпты өсіп дамуы үшін оңтайлы температура 25-30°С құрайды. Одан жоғары болса, өсімдіктің өсіп дамуы баяулайды, ал 44°С-та жасушалардағы ақуыздың коагуляциясы басталады. Өсімдіктің ыстыққа төзімділігінде жапырақтарының сыртқы ұлпасы мен түктілігінің, балауыз қабатының және ыстық уақытта олардың суынуына жағдай жасайтын суды белсенді транспирациялау қабілетінің маңызы зор. Судың бүкіл өсімдік ағзасынан жедел өтуі нәтижесінде өсімдік температурасы 6-7°С-қа төмендейді.
Ауа температурасының минус 1 "С-қа дейін темендеуі өсімдік үшін қауіпті, ал 5-10°С-та олардың өсуі тежеледі. Әсіресе, өсімдіктердің гүлдеу кезеңінде 15°С-тан томен температура кері әсерін тигізеді. Бұл жағдай өсімдіктің шанақтары мен гүлдерінің түсуіне алып келеді, аталық және аналықтары пісіп жетілмейді, бұл өз кезегінде тозаңдану процесін едәуір төмендетеді. Қарбыздың тамыр жүйесі вегетативтік жүйесіне қараганда температураның төмендеуіне сезімтал келеді. Температураның ұзақ уақыт 15°С-тан төмен болып тұруы тамыршаларының микроорганизмдермен зақымдалуына алып келеді, жапырақтарға және сабағына қарағанда тез қурайды. Өсімдіктің гүлдеу кезеңінде ауаның жоғары температурасы (40°С-тан жоғары) және оның темен салыстырмалы ылғалдылығы гүлдерінің тозандануына кері әсерін тигізеді. Гүлдердің тозаңдануы үшін ең оңтайлы ауа температурасы таңертең 18-20°С, ал күндіз 20-25°С құрайды.
Жарыққа талабы.Қарбыз бейтарап (немесе қысқа күндік) дақылға жатады, оның жарыққа деген талабы жоғары. Оның қалыпты өсіп, дамуы үшін қарқындылығы және ұзақтылығы жеткілікті күннің белгілі-бір спектрдің жарығы қажет. Жарық кезеңі 12 сағаттық жарық күнде жақсы жүреді және 4-5 нағыз жапырақ пайда болған кезде аяқталады. Оның өскін алынғаннан кейін екі апта ішінде 10-12 сағатқа қысқаруы аналық гүлдерінің түзілуін, жеміс салуын және олардың пісіп жетілуін тездетеді. Өсіріп баптау кезінде жарық күнді 8 сағатқа қысқарту, сондай-ақ күн инсоляциясының және ауа температурасының төмендеуі қарбыз өсімдіктерінің өсуі мен дамуын нашарлатады. Қарбыз өсімдіктері, сондай-ақ көлеңкеге және егістің арамшөптермен ластануына төзімсіз болып келеді. Мүнда өнімділікпен бір уақытта өнім көлемі және оның сапасы да төмендейді. Бұлтты ауа-райында, өсімдіктердің тығыз жайласқан және шектен тыс артық ылғалдылық жағдайында өнімдерінде құрғақ заттар мен қанттың жинақталуы төмендейді.
Топырақтың және ауаның ылғалдылығына талабы.Қарбыздың жапырақ бетінің ылғалды көп мөлшерде буландыратындай үлкен көлемді болуына қарамастан, судың өсімдік ағзасында тез және жақсы жылжуына байланысты оларға аңызақжелдер көп зиян келтірмейді. Сонымен бір уақытта қарбыз өсімдіктері біршама ылғал сүйгіш болып келеді. Жапыраққа ылғалдың келіп түсуіне едәуір дәрежеде топырақ температурасы әсер етеді. Топырақ температурасы төмендегенде оның тамыр жүйесі суды топырақтан сіңіруі әлсіз болады, нәтижеде өсімдік ылғал жетіспеушілігінен зардап шегеді. Ауаның жоғары температурасында және аңызақжел жағдайында жапырақтарының көлемі үлкен болғандықтан өсімдіктер ылғал жетіспеушілігін сезінеді және солып қалады.
Қарбыз үшін топырақтың оңтайлы ылғалдылығы 0-70 см қабатында оның ылғал сыйымдылығының 75-80% шамасында ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 40-60%. Топырақтың ылғалдылығы оның ылғал сыйымдылығынан 45% төмендеп кетуі қауіпті болады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендеген жағдайда гүлдердің тозаңдануы нашарлайды, өсуі баяулайды, вегетациялық кезеңі ұзарады және өсімдіктердің өнімділігі төмендейді. Демек, бұл оңтүстік аудандарда жауын-шашын мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда қарбыз өсімдіктерін өсіп дамуының кей кезендерінде суару қажет екенін көрсетеді. Алайда ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығы да қарбыз өсімдіктеріне кері әсерін тигізеді-олар саңырауқұлақ ауруларына шалдығады.
Қоректену элементтеріне талабы.Органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізу карбыз өсімдіктеріне жақсы әсер етеді. Алайда органикалық тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін, әсіресе, жаңа көң енгізген жағдайда өсімдіктердің өсуі мен дамуы тежеледі, ауруларға төзімділігі төмендейді, өнім сапасы нашарлайды. Қарашірінді енгізу карбыз өсімдіктеріне оң әсер етеді.
Минералды тыңайтқыштардың ішінде фосфор тыңайтқышы ең жақсы әсер етеді, ал одан едәуір төмен дәрежеде азот және калий, әсіресе өсіп дамуының бірінші жартысында. Топырақ фосфордың жеңіл қол жеткізілетін түрлерімен жақсы қамтамасыз етілген жағдайда өсімдіктер азот пен калийді жақсы сіңіреді. Қарбыздың 10 тонна өнімі топырақтан 23,0 келі азот, 8,0 келі - фосфор және 25,0 келі калий элементтерін сіңіреді.
Калий тыңайтқыштарының хлорлы
түрлерін қарбыз өсімдігі
1.4 Бақша өсірілетін аймақтардың климаттық жағдайы
Мырзашөл өңірінің климаттық жағдайы құбылмалы, жартылай шөлге жатады. Мырзашөл өңірінің климаты тәуліктік жэне жылдық айналымдағы ауаның үлкен ауытқуларында жылу корларының молдығымен сипатталады.
Қыс және көктем мезгілінде жауын-шашынның түсу мерзімділігі айқын көрінеді.
Ауаның орташа жылдық
температурасы солтүстік-батыс
Бақша дақылдары оның
ішінде қауын мен қарбыздың өсіп-
Температуралардың жалпы саны артқан сайын өсімдіктің суға деген сұранысы артады жэне бүл жағдайды суғарганда есепке алу қажет. Жауын-шашын көлемінің жылдық мөлшері 210 мм-ден 400 мм-ге дейінгі аралықты құрайды.
Топырақтағы тұздардың жэне ылгалдың орын ауыстыру процесіне ауаның ылғалдылығы әсер етеді. Оңтүстік аудандар үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылыгы бір жылда орташа 51 -56%-ды құрайды. Солтүстік-шығысқа қарай орын ауыстыру мөлшеріне қарай ол 61-64%-ға артады.
Жылдық булану солтүстік-шығыс және орталық аудандарда 1120-1280 мм болса, оңтүстік аудандарда 1590-1690 мм-ге дейін жетеді.
Өсіп-даму мерзімінде ол 910-1330 мм, яғни жылдық мөлшердің 79-82%-ын құрайды.
Жылы мерзімнің ұзақтығы орташа 194 күнді құрайды (15 - сэуірден 25 - қазанга дейін).
Көпжылдық көктемгі суық түсудің орташа мерзімі сәуірдің екінші онкүндігіне және күзгі суық түсу қазанның үшінші онкүндігіне тура келеді.
Жауын-шашын мөлшерінің орташа көпжылдық қосындысы 262 мм-ге тең болып келеді. Ол жыл маусымдарында әртүрлі түсуімен сипатталады.
Жауын-шашынның жалпы жылдық мөлшерінен жаз мезгілінде З,8%, күзде – 17,6%, кыста – 37,2%, көктемде – 41,4%-ы түседі. Атмосфералық жауын-шашынның басым бөлігі жаңбыр түрінде жауады. Жауын-шашынның басым бөлігі негізінен көктем-қыс айларында түседі. Ол жылдық жауын-шашын мөлшерінің 73-85%-ын қурайды. Кейбір жылы жазда мүлдем жауын-шашын болмайды.
Қысы қысқа, ұзаққа созылмайтын болып және салыстырмалы түрде суық болып келеді. «Мақтаарал» метеостанциясының мәліметі бойынша қаңтар айының орташа ауа температурасы минус 3,4°С-қа тең болады. Қардың қалыңдығы 10-35 см болып, ұзақ жатпайтындығымен сипатталады. Қар жатқан күндердің саны жылына 43 күнге жетеді. Орташа тәуліктік ауа температурасы 0°С-тан төмен болған мерзімдер 45-65 күнді құрайды.
Топырақтың тоңазуының жоғарғы тереңдігі 20-60 см-ге, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 81%-ға тең болады.
Көктемі температураның қарқынды көтерілуімен және жауын-шашынның көп түсуімен сипатталады, әдетте жылы болады, ұзаққа созылмайды және салыстырмалы түрде ылғалды болып келеді.
Тұрақты нөлден жоғары орташа тәуліктік температура ақпан айының ортасына келіп қалыптасады. Бірақ ауытқулар 15-25 күнді құрайды. Кейбіржылдары көктемнің келуі наурыз айының аяғына тура келеді немесе сәуірдің аяғына дейін де созылуы мүмкін. Көктемгі мерзімнің орташа ауа температурасы +14"С-қа тең немесе +12°С-тан +20°С аралығында болады. Сәуір айында ауаның орташа температурасы +15,1°С-ка тең. Көктемде ауаның салыстырмалы ылгалдылығы 60%-ды қүрап, көктемнің аяғына келіп 50%-ға төмендейді.
Жазы қүрғақ жэне орташа тәуліктік тұрақты ауа қызуы +25,1°С болады. Ең жоғарғы ауа қызуы +45°С-қа дейін жетуі мүмкін. Атмосфералық жауын-шашындар дерлік болмайды. Шілде айының орташа ауа қызуы +26°С-қа тең болады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 46-47%-ға дейін, кейбір жылдары 26%-га дейін де төмендеп кетеді. Бұл мерзімде солтүстік жэне солтүстік-батыс бағыттағы желдер басым келеді. Шаруашылықтың аумағында орташа жылдамдығы 1,9 м/сек болған солтүстік-батыс бағыттағы жел басым болады.
Күзі жылы, орташа ауа қызуы +11,7°С-қа тең болады. Қыркүйек айында температура төмендейді. Мақта қозасының өсіп-дамуын тоқтататын алғашқы күзгі суық түсуі қазан айының басы мен ортасына тура келеді. Күзде 117-114 мм мөлшерде атмосфералық жауын-шашын түседі. Орташа айлық ауа температурасы +18,5°С болып, қараша айында ол +4,6-5,1°С-қа күрт төмендейді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 56%-дан (қыркүйек) 74%-ға (қараша) көтеріледі.
Келтірілген мэліметтер қарбызды жэне басқа да ауылшаруашылық дақылдарын өсіріп баптауға қолайлы жағдайлардың бар екендігін айқындайды.
Атмосфералық жауын-
Қысқы-көктемгі мерзім топырақтың жыртылатын қабатындағы өсімдікке зиянды түздарды шайып кетеді, бүл өз кезегінде топырақта ылғал қорын түзеді, ал тұщы немесе аз минералды жер асты сулары жақын жайласқан жерлерде ол күзгі-қысқы сор шаюдан пайда болган жоғарғы тұщы қабатының ұлғаюына жағдай жасайды.
Кейбір жылдары жауын-шашынның басым бөлігі сәуір-мамыр айларына ауысып кетеді де, бұл өз кезегінде уақтылы топырақты өңдеуді және қарбызды егуді қиындатады.
Ауаның ылғалдылығы Мырзашөл өңірінде топырақтың суда еритін тұздары мен ылгалының жылжу процесінде манызды роль ойнайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы қыста жоғарғы және жазда төменгі дәрежеде болады. Жыл бойы ылғалдың бірқалыпты болмауы және ауа қызуының көктемнен жазға өткенде тез көтерілуі екі гидротермикалық мерзімімен: ылғалды жылы көктемі және ыстық құрғак жазымен ерекшеленетін өзіндік су-жылу жүйесіне ие болуымен анықталады.