Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 22:16, дипломная работа

Краткое описание

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
- Күріш ауыспалы егіс технологиясын қолданып ресурс және су үнемдейтін, суармалы егіншіліктің жергілікті жағдайында топырақ қорғауды қамтамасыз ететін технологияларды жасау және бейімдеу;
- Ауыл шаруашылығын дамытуды басты мақсатқа қойып, сонымен қатар өндірістің қоршаған ортаға келтіретін экологиялық проблемаларын қарастыру және тиімді жолдарын іздестіру.
- Күріш өсірілетін аймақтарда топырақтың тұзды сорға айналатынын ескеріп, жердің жарамсыз болмауын қарастырамыз.
Бұл жағдай қазіргі таңдағы әлемдік ауқымды кезек күттірмейтін проблема.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 6
1. Әдебиеттерге шолу ............................................................................................ 7
2.Зерттелетін ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері ...................... 9
3. Зерттеу әдістері .................................................................................................. 20
4. Зерттеу нәтижелері ............................................................................................ 26
4.1 Балқаш ауданы «Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі өндіруші шаруашылығы ....................................................................................................... 28
4.2 Күріштің таралуы және адам өміріндегі маңызы .................................... 32
4.3 Күріштің сыртқы орта факторларына қоятын негізгі талаптары және агротехникасы ........................................................................................................ 35
4.4 Алғы егістердің күріш өніміне әсері ........................................................... 42
4.5 Шаруашылықтағы өндірістен туындайтын экологиялық
проблемалар ........................................................................................................... 52
4.6 Егін алқаптарының сортаңдануы және шөлейтті
аймақтардың пайда болуы................................................................................... 57
5. Еңбек қорғау қауіпсіздік шаралары .............................................................. 61
Қорытынды ............................................................................................................ 63
Өндіріске ұсыныстар ........................................................................................... 64
Әдебиеттер тізімі .................................................................................................. 65

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ нурбол 535.doc

— 7.30 Мб (Скачать документ)

         Зор сүзгі шығындары мен суғарудың үнемсіз емес нормалары қайталама тұзданудың, батпақтанудың және су эрозиясының негізгі себебіне айналды, ал кәрізді суларды төгіндісі өзендердің тыңайтқыштармен, пестицидтермен ластануына және жоғары минералдануына алып келеді. Алапаттың салдары Әмудария, Сырдария және Іле өзендерінің ластануы мен су балансының бұзылуына әкеледі. Олардың ықпалы Балқаш және Арал өңірінің экологиялық және экономикалық проблемалар кешеніне де әсерін тигізеді.

Осындай проблемалар  Балқаш маңы өңірінде де туындауы мүмкін. Гидрографиялық желіні жаппай реттеудің төтенше теріс салдары болды. Малды суару және жеткіліксіз гидрологиялық негіздерсіз суарылатын жайылымдарда дақылдарды суару мақсаты үшін өзен қазаншұңқырлары мен шағын өзендердің сағаларында жайылмалы ағыстың біраз бөлігіне кедергі келтіретін көптеген бөгендер, тоғандар, апандар салынды.

Резервтегі судың біраз  бөлігі ұтымды пайдаланылды, қалғаны - сүзгі және жерасты ағысына ағу  салдарынан жоғалды. Көптеген көлдер кеуіп  қалды, қалғандарында – олардың шаруашылық – ауыз су, балық шаруашылығы және рекреациялық маңызы құнсызданып, судың минералдануы біраз артты. Жерүсті ағысының біраз бөлігін жоғалтқан көлдер мен шағын өзендерде судың өзін өзі тазарту процесі әлсіреді және коммуналдық және өнеркәсіптік ластаушылардың шоғырлануы өсті.

Ретке келтірілген өзендерде  қарқынды су жайылуының қысқаруы жайылма  экожүйелердің жұтауына, жайылма  топырақтарының сортаңдануына, құнарлы  шабындықтардың өнімділігінің жоғалуына, тоғай ормандарының қысқартуына  алып келді.

Барлық жайылымдық жерлер мен жайылымдарда дегумификация  процесі тіркелген. Қарашіріндінің азаюы егінді неліктен шығару жолымен  қоректі заттарды қалпына келтірмейтін шығарылуымен байланысты. Суғарылатын  топырақта қарашіріндіні жоғалту  өзен атырауларында ағысты реттеу және қоршаған аумақтардың шөлейттенуі, сондай-ақ ирригациялық эрозия нәтижесінде болуда.

Суармалы емес жайылымның жалпы аумағынан дегумификация  есебінен әлсіз деңгейінде – 4,5 орташа – 5,2 және жоғары деңгейінде 1,5 млн га шөлейттенген. Суармалы жерлердің қарашірінсіздену үлесі 0,7 млн га-ны құрайды.

Алдын ала мелиоративтік  іс-шараларсыз ауыл шаруашылығы дақылдарын себуге арналған қолайлы жер көлемі 23,3 млн га-ны құрайды. Қалған жерлер арнайы іс-шараларды талап етеді: сортаңданған жерлердің мелиорациясы, сортаңданған жерлердің Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің деректері бойынша сортанданған және сортаң жерлер 94,9 млн га-ны 42,1%  құрайды. Топырақ эрозиясы 30,5 млн га-ны 13% қамтиды.

Шөлейттенудің факторы  ретіндегі суармалы топырақтың сортаңдануы проблеманың екі үлкен аспектісіне ие: ағынсыз бассейндерде сортаң шөлдердің өсуі және саурмалы жүйелердің қайталама сортандануы. Сортанданған топырақтардағы шөлейттенудің ерекшелігі олардың аймақтық және құрылымдық әртүрлілігімен байланысты. Сортанданған топырақтың үлесі барлық суармалы жерлер аумағының шамамен 20 % құрайды.

Суармалы егін шаруашылығында қалыптасқан жағдай өсімдік өнімінің жиынтық өнімін 1,6-1,8 есеге азайтты. Көлдер мен басқа да су қоймаларының құрғап қалуы кезіндегі топырақтың сортаңдануы да Қазақстанның ерекшелігі болып табылады. Суландыруды тоқтату немесе жедел азайту грунт суларының төмен түсу деңгейінің артуына топырақ құраудың гидрологиялық режимінің өзгеруіне, топырақтың құрғауына және шөлейттенуіне алып келеді.

Топырақтың және грунт  суларының ластануы. Соңғы екі  он жылдықта ауыл шаруашылығы жерлерін химиялық өңдеуден арнайы заттармен  топырақтың химиялық ластануы, өндірістік қалдықтарды орналастыру, сарқынды суларды, атмосфералық төгінділерді қалалар  мен өнеркәсіп орталықтарына төгу қауіптілігі қатты өсті. Топырақты мал шаурашлығы кешендерінің сарқындылары да ластайды.

Жер асты суларының ластануы Қазақстанда кең таралған және оның әсер етуі салдарынан мынадай фактор ретінде қаралады: жерлердің шөлейттенуі, топырақтың, өсімдіктердің қайталама сортандануы, ауыз сумен жабдықтау жағдайының нашарлауы. Пайдалы қазбаладрды өндірудің және ұқсатудың кәсіпорындары химиялық және улы қалдықтары бар басқа да өндірістер, мал шаруашылық кешендері, қала агромелиорациялары және т.б. неғұрлым үлкен ластануды құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  5 Еңбек қорғау қауіпсіздік шаралары

 

  Еңбек қорғау дегеніміз – еңбек процесінде қауіпсіздікті, адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін заңды шығару актілерінің әлеуметтік – экономикалық, техникалық, гигиеналық және емдеу – сауықтыру шаралары мен құралдар жүйесі.

  Әрбір мекемеде, өндіріс орындарында, лабораторияда қауіпсіздік техникасы, еңбек қауіпсіздігі, өндірістің санитарлық ережелері және де өрттен сақтану нұсқаулары, химиялық әсері бар заттардың қауіпсіздігі туралы ережелер болуы тиіс. Ереже көрнекті жерге ілінуі тиіс. Әрбір жұмысшы осы ережелермен таныс болуы керек.

  Еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігі тығыз байланысты. Себебі өрт өндірістегі және тұрмыстағы материалдық құндылыққа ғана емес, сонымен қатар адам өміріне де қауіпті болып келеді.

  Біз практикадан өткен жерде қауіпсіздік техникасы туралы, еңбек қауіпсіздігі туралы ережелер, өрттен сақтану нұсқаулары, өрт сөндіруге арналған инвентарь және оны қолдану ережесі; уланған кезде, күйіп қалған жағдайда, электр тогы соққанда көмек беру жолдары және тағы басқа жазатайым жағдайға ұшыраған кезде адамдарға алғашқы көмек көрсету шаралары бәрі де қарастырылған.

  Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыру және жұмысты орындауға жіберілген адамдардың еңбегін қорғау жауапкершілігі кәсіпорын, мекеме басшыларына жүктелген.

  Зертхана басшысы өндірістік жарақаттанудың барлық оқиғаларына және кәсіптік улануға жауап береді. Жазатайым жағдайлардың себептерін тексеріп, оларға акт жазуды ұйымдастырады.

  Еңбек қорғау жөніндегі стандарттар, ережелер мен нормалар.

  Мемлекет, өзі өкілеттік берген органдар арқылы, ғылыми негізделген стандарттар, нормалар мен ережелер негізінде өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін талаптар белгілейді. Жұмыс берушілерге белгіленген стандарттардың ережелер мен нормалардың кәсіпорындарға қамтамасыз етуін, сондай–ақ ұжымдық шарттара белгіленген өз міндеттемелерінің орындалуын, еңбекті қорғау жөніндегі күшіндегі заңнамада көзделген кепілдіктерден төмен емес деңгейдегі қызметкер құқығын қамтамасыз етуі тиіс. Өз кезегінде кәсіпорын қызметкерлері заңнамада және басқа нормативтік актілерде, ұжымдық шарттарда белгіленген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың талаптарын сақтауға міндетті.

  Адам ағзасы мен денсаулығына әсері бойынша токсикологиялық бағалаудан өтпеген заттарды, шикі заттарды, материалды қолдануға тыйым салынған.

  Егіншілікте химикат қолдануға қатысатын адам сол шаруашылықтың өзінде қауіпсіздік техникасы жөніндегі арнаулы курсты пысықтау дайындығынан өтеді. Бұл сабақтардан олар күнделікті жұмыс күн тәртібі мен химикаттар қолдану ережелерімен танысады. Мұндай дайынықтардан өткен адамдарға арнаулы куәлік беріледі. Барлық химикаттармен жұмыс істейтін адамдарға арнаулы киімдер (халат, қорғаныш көзілдіріктер, распиратор, қолғап, сабын, етік), сондай–ақ 0,5 л  сүт тегін беріледі. 

  Бақ шаруашылығында қолданылатын улы химикаттармен жұмыс істеу кезінде қоршаған құралдардан пайдаланып, адамдар тыныс алу органдарына, терісіне, көзіне және киімдеріне препараттарды тигізбеуіне болады. Тыныс жолдарын қорғау үшін химикат шаңына қарсы распираторлар мен противогаздар немесе тамшы түрінде болып, физика – химиялық қасиеттері жағынан буланбайтын болса, әрі олар белгілі дәрежеде ауада шоғарланбаса ғана киіледі.

  Ал улы химикаттар теріге, көзге зиянын тигізбес үшін арнайы қорғаныш киімдері, аяқкиімдер, қолғаптар және қорғаныш көзілдіріктер киген жөн. Арнаулы киім жұмыс аяқталғаннан кейін күнде пестицидер мен шаңнан тазарту үшін қағылады немесе ашық ауада, қалқа жаппа астына ілініп қойылады немесе 8 – 12 сағат кептіріледі. Арнайы киімдер кірлеу дәрежесіне қарай 6 жұмыс күні кезінде алмастырылып, жуылып тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Диплом жұмысында баяндалған мәселелерді сараптай келіп төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

1 Көпжылдық шөптерден кейін күріш өсіру топырақтың 0-20 см қабатындағы қарашірінді мөлшерін 0,73 %-дан 1,35%-ға дейін молайтады, сондықтан топырақтың судың шаю күшіне төзімді (3-0,25 мм) агрегаттар 3,2-17,5% көбейтеді. Бір гектар егісте 170-230 кг азот жиналады.

2 Жоңышқадан кейін тамыры мен аңыздық қалдықтарын қоса есептегенде бір гектар жерде 17,3 тонна органикалық заттар қалады. Ең аз органикалық қалдықтар (4,9 т/га) күріштің монодақылында болса, ал пар танабында ешқандай органикалық зат жиналмайды.

3   Егіншілік саласында ауыспалы егістік жүйесін қалыптасқан тәжірибені бұзбай пайдалану қажет және тыңайтқыштармен пестицидтерді аз мөлшерде қолдану

4 Күріштің ең қысқа вегетациялық кезеңі оның монодақылында байқалып, 118 күн болса, ал жоңышқа қыртысынан кейін бұл көрсеткіш 125-127 күнді құрады, яғни дақылдың вегетациялық кезеңдері бақылаумен салыстырғанда 7-10 күн ұзақ болды. Бұл күріш дәнінің әбден толығуына, сөйтіп өнімнің жоғарылауына себеп болды.

          5 Күріш алқаптарындағы шөлейттенудің басты тұрпаты мыналар болып табылады:

-  өсімдіктердің жұтауы;

-  топырақтың сулы және желді эрозиясы;

-  топырақтың сортаңдануы және қарашіріксізденуі;

- топырақтың, грунт және жер асты суларының химиялық ластануы;                                        -жердің және гидрологиялық режимнің техногендік бұзылуы.Өсімдік жамылғысының жұтауы – бұл ормандардың, жайылымдық жерлер мен шабындықтардың жұтауы түрінде көрініс беретін шөлейттенудің ең көп тараған және сырттай айқындалатын процесі.Жайылымдар мен шабындықтардың жұтауы. Тың жерлерді жаппай жырту Қазақстанның дала экожүйесіне неғұрлым кері және кешенді әсерін тигізді.

         6 Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.

        7 Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.

        8 Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.

        9 Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру.

         10 Суармалы жерлердің көлемін шектеу.

        Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін.

 

 

ӨНДІРІСКЕ ҰСЫНЫСТАР

 

1 Балқаш көліне құятын өзен суларын басқа салаға жұмсамай көлге жеткізілсе, су денгейі көтеріліп табиғи апаттар болмас еді.(Соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда).

2     Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасын сақтап қалу. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды.

3 Сонымен қатар Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыш қалдықтарымен уландыруды тоқтату.

          4    Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болған жерді қайта қалпына келтірсе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1 Зайцев В. Б. Күріш жайлы сұхбат, Алматы, Қайнар, орыс тілінен аударма, 1982, 24-27 б.

2 «Жиһан холдинг компаниясы», e-mail: zhikhan@zhikhan.com

3 Байбосынова С. М. Күріш сапасын арттыру жолдары, Ж., «Жаршы», № 7, 2003, 28-31 б.

4 Ибадулла Тәутенов (Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) «Күріш туралы не білеміз», Ж., «Жаршы», № 5, 2009, 8-9 б.

5 Жайлыбай К. Н. Күріш егіншілігі және экология, Алматы, 2006, 117-118 б.

6 Әуезов Ә. Ә., Атақұлов Т. А., Сүлейменова Н. Ш., Жанабаев Қ. Ш. Егіншілік (оқулық), Алматы, Сөздік-Словарь, 2005. Б.42

7 Сүлейменова М. Ш., Пак Н. А., Пак А. Н. Күріш ауыспалы егістігі және Пак-Ли сортын өсірген кезде оны жетілдіру жолдары, Ж., «Жаршы», №9, 2008, 10-12 б.

8 Ыбыраев Ә. Қазақстан күріші, Алматы, Қайнар, 1969, 24-25 б.

9 Жанабаев Қ., Саудабаев Т., Сейітов И. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, Аламаты, Қайнар, 1994, 251-252 б.

10 Кван-су Ким, Дуденко В. П. Қаратал тәжірибе егістігі, Алматы, 1973, 11-12 беттер.

11 Нұрғалиев О., Сыдықов С. Күріш өнімін арттыру тәсілдері, Алматы, Қайнар, 1987, 18-19 б.

12 Нұрғалиев О., Сыдықов С. Күріш ауыспалы егістігі және топырақ өңдеу, Алматы, Қайнар, 1988, 87-89 б.

13  Байракимов С. «Жемшөп өндіру» Алматы «Қайнар» 1992. 78-83б.

14  Сеитов И.С. Егіс тәжірибелерін жүргізудің методикасы. Алматы,    Қайнар, 1990. 14-21б.

15  Шермағамбетов К., Тохетова Л. Ә. Экологиялық таза өнім өндіретін күріш ауыспалы егісінің жаңа үлгілері, Ж., «Жаршы» № 1, 2010, 16-22 беттер.

16 А.Б.Бигалиев; Е.Ж.Жамалбеков .Топырақ экологиясы Алматы, 1995 жылы. Б.114

Информация о работе Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы