Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 22:16, дипломная работа

Краткое описание

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
- Күріш ауыспалы егіс технологиясын қолданып ресурс және су үнемдейтін, суармалы егіншіліктің жергілікті жағдайында топырақ қорғауды қамтамасыз ететін технологияларды жасау және бейімдеу;
- Ауыл шаруашылығын дамытуды басты мақсатқа қойып, сонымен қатар өндірістің қоршаған ортаға келтіретін экологиялық проблемаларын қарастыру және тиімді жолдарын іздестіру.
- Күріш өсірілетін аймақтарда топырақтың тұзды сорға айналатынын ескеріп, жердің жарамсыз болмауын қарастырамыз.
Бұл жағдай қазіргі таңдағы әлемдік ауқымды кезек күттірмейтін проблема.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 6
1. Әдебиеттерге шолу ............................................................................................ 7
2.Зерттелетін ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері ...................... 9
3. Зерттеу әдістері .................................................................................................. 20
4. Зерттеу нәтижелері ............................................................................................ 26
4.1 Балқаш ауданы «Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі өндіруші шаруашылығы ....................................................................................................... 28
4.2 Күріштің таралуы және адам өміріндегі маңызы .................................... 32
4.3 Күріштің сыртқы орта факторларына қоятын негізгі талаптары және агротехникасы ........................................................................................................ 35
4.4 Алғы егістердің күріш өніміне әсері ........................................................... 42
4.5 Шаруашылықтағы өндірістен туындайтын экологиялық
проблемалар ........................................................................................................... 52
4.6 Егін алқаптарының сортаңдануы және шөлейтті
аймақтардың пайда болуы................................................................................... 57
5. Еңбек қорғау қауіпсіздік шаралары .............................................................. 61
Қорытынды ............................................................................................................ 63
Өндіріске ұсыныстар ........................................................................................... 64
Әдебиеттер тізімі .................................................................................................. 65

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ нурбол 535.doc

— 7.30 Мб (Скачать документ)

 

Жоғарыда атап өткеніміздей шаруашылықтың басты дәнді дақылы күріш болғандықтан, оның өсіру технологиясына баса назар аударылады және ол басқа  дәнді дақылдармен салыстырғанда  өнімді жоғары береді.

Дәлірек айтсақ оның өткен 2010 жылғы әр гектардан түскен орташа өнімі басқа дәнді-дақылдармен салыстырғанда екі есе жоғары болды (кесте 12)

         кесте 12

          Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі, ц/га

 

Дақылдар

2009 жыл (өткен жылы)

2010 жыл (осы жылы)

2011 жылға жоспары (алдағы жыл)

Күріш

37,6

45

44,8

Жаздық бидай

-

18,4

22

Арпа

18,7

20

-

Картоп

121

120

124

Көкөніс

84

85,6

90

Жоңышқа

46,7

45

60


 

Жерді уақытында өңдеу, барлық далалық жұмыстарды дер кезінде  сапалы жүргізу үшін шаруашылық керекті  құрал жабдықтар және техникамен жақсы қамтамасыз етілген деуге болады. Олардың ішінде КАМАЗ тіркемесімен – 1 дана; Газ 51-12 Волгарь – 2 дана; Газ 53 – 3 дана; Ваз 21213 – 3 дана; Уаз 469 – 3 дана; ЗИЛ 554 – 1 дана; Зил 130-76 – 2 дана; Toyota Prado - 1; Man – 1 дана; Ваз 2121 – 1 дана.

Осы техникалардан тысқары, шаруашылықта «Туркуаз Машинери» серіктестігінен  алынған Комбайн «MEDIVA - 6200» - 2 дана, келісім шартқа сәйкес №TD-08/200  16.07.2008ж.; Трактор «LAMBORGHINI-R8.265» - 1 дана, келісім  шартқа сәйкес №TD-08/200 16.07.2008ж.; Трактор «LAMBORGHINI-R1506» - 2 дана, келісім шартқа сәйкес №TD-09/20 10.03.2009ж.;

Егістік кешені «SMARAGD SOLITAIR» - 2 дана, келісім шартқа сәйкес №09/32  25.03.2009ж.; Шаруашылықта барлығы 7 комбайн  оның ішінде 3 Комбайн РСМ-101 «Вектор-410»; 2 Комбайн РСМ-142- «ACROS»; 1 Комбайн CS540 «New Holland»; 1 Комбайн «Енисей 1200 РМ»; және 2 «MacDon-9352», «Сурет 1» 2 «MacDon-M100» дән бастырғыштар бар.

 

Сурет 1. Күріш оратын «MacDon-9352» комбайыны

 

Біздің  шаруашылық, Балқаш  көлінің оңтүстік өңірін алып жатқандықтан

Балқаш өңірі деп  аталатын жерде орналасқан. Шаруашылықтың  климаты әрі жылы, әрі күн сәулесі  көп түсетін, табиғаты жағынан Қазақстандағы  көрікті жерлердің бірі. Шөлді  болып келетін қуаң бұл дала аймағы Балқаш көлінен нәр алады. Жеріміз өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.

Шаруашылық онтүстік Балқаш маңы құмды жазығының кең-байтақ жерін алып жатыр. Оған Іле өзенінің алқабы мен оның Балқаш көліне құяр жеріне дейінгі аймағы кіреді. Бұл өңір Іле аңғары деп те аталады. Ол уақыт бойы топырақтың ұзақ эрозияға ұшырауынан пайда болған, ежелгі қазан шұңқыр кайнозой эрасында қалыптасқан. Өңірдің солтүстігінде Балқаш көлі, батысында - Шу-Іле таулары, оңтүстігінде – Іле Алатауы, онтүстік-шығысында - Жетісу жотасының биік емес батыс сілемдерімен (Малайсары және Құланбасы), шығысында Балқаш маңы жазықтары қоршап жатыр.

Шаруашылық территориясын оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай суы мол  Іле өзені кесіп өтеді. Оның батыс  жағалауында Тауқұм, шығыс жағалауыңда - Сарыесік-Атырау құмды шөлі жатыр.

Бұлардан басқада әртүрлі көлемдегі  құмды массивтер (жерлер) Бақанастың тақыр сипатты жазығында және Іле өзенінің қазіргі кездегі  атырау жерінде шашырап орналасқан.

Бұл жердегі ең ірі өзен - Іле. Оның басты тармақтары - Жиделі, Топар, Көкөзек. Өзен негізінен мұздың және қар суымен қоректенеді. Жылдық орташа су ағыны Үшжарма ауылы тұсында 479 м3/сек, Балқаш көліне құяр жерде - 329 м3/сек. Аталған өзен желтоқсан айында қатып, наурызда мұзы ериді.

Балқаш ауданында 1,828 млн га ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер болса, 29,4 мың га - егіс алқаптары.

Шаруашылықтардың егісін суландыру  негізінде ауданда Ақдала суландыру  жүйесі салынған. Ақдала жазығы Қапшағай бөгенінің пайдалануға берілуіне  байланысты дәнді-дақылдар (негізінен күріш) егілетін ірі өңірге айналды.

«Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылы құрылған.  Ол  ауданның   Береке  ауылында  орналасқан,  негізгі  маманданды-

рылған бағыты – егін шаруашылығы, соның ішінде күріш  өсіру.

          Шаруашылық аудан орталығы Бақанас ауылынан 36 шақырым, ал облыс орталығы Талдықорған қаласынан 366 шақырым жерде орналасқан. Темір жол торабы жоқ, бірақ ауыл автокөлік жол торабына жақын жерде орналасқан. Жол жүйесі толықтай асфальтталған.

Қажетті құрал-саймандар мен техника және басқа да жабдықтарды сатып алу орындары әр түрлі. Күнделікті құрал-саймандарды (күрек, айыр, тырма, кетпен, шелек және т.б.) Бақанастан және Талдықорғаннан, Алматы қаласынан да сатып алады.

Ауылшаруашылығы Ресей  федерациясы және алыс-жақын шетел техникасымен жаңартылады. Соңғы 40686,0 мың теңгеге сатып алынған техникалардың ішінен MAGDONның белдiктiк өзі жүретін комбайнды, РСМ-101 «Вектор-410», РСМ-142- «ACROS» комбайндарын атауға болады.

       

          4.2 Күріштің таралуы және адам өміріндегі маңызы

       

 

          Ғалымдардың зерттеу жұмыстарының қорытындыларына қарағанда дүние жүзіне ең көп тараған дақылдардың -  бірі күріш деп есептелінеді. Ол аса бағалы дәнді дақыл ретінде 110-ға жуық елде 150 млн.га жерге егіліп, оның 90% -ы Азияда, 4%-ы -  Америкада, 2% - Африкада, 4%-ы басқа құрлықтарда өсіріледі.

Азия континентіндегі  ең көне, әрі өте маңызды азық-түлік  дақылдарының бірі күріш. Күріш дәнінің  жалпы өнімі 2000 жылы 426,6 млн. тоннаға, 2005 жылы 433,0 млн. тоннаға жетті, ал кейінгі жыл ішінде күріш өндірісінің жылдық орташа көрсеткіші 560 млн. тонна болды.

Қазіргі тарихи, археологиялық, палеоботаникалық, лингвистикалық мәліметтерге қарағанда, күріш өте ерте, көне заманнан бері екпе дақыл түріне айналған. Күріштің жабайы  түрлерін мәдени (екпе) түрге айналдыру 20 мың жыл және оданда бұрын Солтүстік Үнді Қытайда жүзеге асқан. Бұл аймаққа Бирма, Лаос, Тайланд, Солтүстік Вьетнам және Юньнанидың оңтүстік бөлігі жатады. Үнді Қытайдан күріш Қытайға жеткен, одан Маньчжурия, Корея, Жапония елдерінде тарап егіле бастаған. Индияның оңтүстік-батысында да жабайы түрлерін екпе дақыл ретінде егіп өсіру аталған аймақтармен қатар жүзеге асқан.

Вьетнамда  және онымен көрші елдерде жүргізілген археологиялық  қазбаларда табылған күріш үлгілеріне қарап, Вьетнам ғалымдары бұл дақыл Азия елдерінде бұдан 50 ғасыр бұрын егілген деген тұжырымға келіп отыр. Өйткені халық селекциясы шығарған күріштің көптеген көне сорттары және жабайы  түрлері Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде бар. Де-Кандольдың (1883,1885) пікірінше, күріштің шыққан жері Индия және Қытай.

Күріш өнімділігі жағынан да, өсірілетін жер аумағы жағынан да бидайдан

кейін екінші орын алады. Ол жер шарындағы үш миллиардтай халықтың негізгі азығы болып табылатын адамзаттың тағамдық калория қажеттілігінің 30 пайызын қанағаттандыратын дақыл. Күріштен жасалған тағамдар Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары жейтін тағамдардың негізгі түрі болып табылады. Күріш санскрит тілінде "дгананга" деп аталады, ал оның аудармасы " адам тағамының негізі" болады. Бұның өзі бұл елдердегі күріш дақылына қандай аса көңіл бөлінетіндігін көрсетеді.

Күрішті әртүрлі мақсатта пайдаланады. Өндірісте немесе үй шаруашылығында тек қана күріш дақылының өзі емес, оны өсіру және өңдеу кезінде пайда болатын заттардың бәрі де пайдаға асады.

Күріш салысы қауызынан, сыртқы қабығынан тазартылғаннан кейін шыққан өнім кәдімгі күріш есебінде тағамға пайдаланылады. Күріш салысының, жобамен алғанда 67-72 пайызын құрайды. 100 г күріштің энергетикалық қуаты 359 калория шамасында. Күріштегі құрғақ заттардың құрамының 88 пайызы крахмал (негізінен амилоза мен амилопектиннен тұрады), 6-8 пайызы ақуыз, 0,5 пайызы май, 0,5 пайызы қант болады.

Күріш өзінің аса құнарлылығымен, тез қорытылумымен, дәмділігімен, диетикалық қасиетімен ерекшеленеді. Басқа дәнді дақылдармен салыстырғанда, күріштің осы қасиеттері оны бірінші орынға қояды. Сондықтан да күріш диетикалық тағам ретінде аурулар мен балаларға тағам ретінде кең қолданылады. Күріштен әртүрлі тағамдар дайындауға болады, көптеген елдерде күріш тағамдары нанды алмастырады.

Күрішті сыра, арақтың  айрықша сұрыптарын (саке), спирт және крахмал жасау үшін пайдаланады. Күріштің құрамында клейковина жоқ болғандықтан, одан нан пісіруге арналған ұн жасау өте сирек кездеседі. Дегенмен кейде нан пісіретін ұн жасау үшін күрішті бидай ұнымен араластырады.

Күріш салысын қауызынан  тазартқаннан кейін оның сыртқы тетінде  алейрондық қабат, ұрық және тұқымдық қабат қалады. Күрішті тегістеген (шлифовка) кезде осыларды бөліп  алады, оны мучка дейді. Мучканың құрамында фитин, В тобындағы витаминдер, А, АЕ, РР витаминдері, адам қанындағы холестеринді азайтатын антиоксиданттар бар. Сондықтан мучканы В витаминін, фитин және де басқа дәрігерлік заттар алуға кең қолданады. Мучканың құрамындағы майдың мөлшері 10-13 пайызға жетеді, сондықтан оны күріш майын алуға, медицинада және техника салаларында пайдаланылады. Осының бәрі мучканың күріштің өзімен салыстырғанда тағам ретінде аса құндылығын көрсетеді. Осылардың бәрін кеңірек пайдаға асыру ретінде көптеген елдерде тегістелмеген қоңыр күрішті (коричневый) тағамға пайдаланады. Қоңыр күріштің тегістелген курішке қарағанда пісірілуі ұзағырақ болады, және піскен кезде тағамның түсі қызғылт болады. Сонымен қатар мучканы малға өте құнарлы жем береді.

Күрішті қауызынан тазартып тегістеп өңдеген кезде дәндер сынып ұсақ күріштер (ақ ұсақ – сечка) шығады. Ақ ұсақты консерві, спирт пен сыра өнеркәсібінде қолданады. Ақ ұсақтың құрамындағы крахмал 85-95 пайызға жететін болғандықтан одан крахмал алады. Дәрігерлік салада қолданылатын ақ ұсақтан күріш ұнын алады.

Күріш шаруашылығы ежелден  адамзат өркениетінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени, этнографиялық, діни және басқа да көптеген құндылықтарына орасан зор әсер етіп келген. Оның ішінде азық-түлікке және техникалық мақсатқа пайдаланылатын күріш дәні аса маңызды болып саналады.

Әдебиет тізіміне күріш әлемдегі негізгі және маңызды дақылдардың бірі, тағамдық құндылығы жоғары болғандықтан кең түрде егіледі.

Адам өміріндегі бидайдың 60 пайызы, жүгерінің 25 пайызы, ал күріштің 85 пайызы азық-түлік ретінде пайдаланылады.

Күріш алқаптарын жүйелі жолға қоюдың нәтижесінде ол Қазақстанды, ТМД мен Орта Азия елдерін күріш өндіруші жетекші ел етті.

Республикада ол Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында егіледі. Сырдария сағасында 80 пайыздан аса күріш алқабы бар.

Күріштің  біраз бөлігі концентрат түрінде шығарылады, оған жарманың

бүтін ядросын пайдаланады. Сол себепті жарманың қасиеттері, яғни дәннің пішіні, эндоспермнің дәрежесі (консистенция), оның мықтылығы, өңделген жарманың жалпы шығымы мен бүтін жарма шығымы, сорттың сапасы мен өндірістегі экономикалық құндылығын білдіреді. 

Күріш қауызынан 30-ға тарта  түрлі өнімдер мен материалдар  шығарылады. Дән қалдықтары қоректік жағынан үй жануарларына таптырмайтын азық, әсіресе жас малдарға қажет екендігі дәлелденген.

Күріш сабаны малға бағалы азық, әсіресе жоңышқа мен асбұршақтың көк балаусасымен сүрлем дайындағанда оның маңызы арта түседі. Күріш сабанынан жоғары сортты қағаз, құрылыс картоны, берік жіптер, арқан мен қаптар, жеңіл аяқкиім, төсеніш, сөмкелер және тағы басқа бұйымдар жасалады.

Сонымен қатар, күріш өсімдік шаруашылығы мен егіншілікте маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, оның тұзды және батпақты топырақтарды игеру кезіндегі мелиоративтік рөлі, сол секілді құрғақта өсетін дақылдардың тамыр жүйесінің ауру қоздырғыштары мен зиянкестерінен топырақты залалсыздандыру қабілеті барлығы егінші қауымға белгілі.

Қазіргі таңда дүние  жүзінде күріш 112 елде өсіріліп, оның егіс көлемі 150 млн. гектар көлемді қамтиды, ал жыл сайынғы өндірілетін өнімі 500 млн. тоннадан астам. Күріш өнімділігі жөнінен астық дақылдары арасында бірінші орын, ал егіс көлемі және жалпы өнімі бойынша бидайдан соң екінші орын алады.

Күріш өндіру жағынан  Қытай мен Үндістан мемлекеттері алдыңғы қатарда. Олардың үлесіне дүниежүзілік күріш өндірісі көлемінің тиісінше 35 және 21 пайызы келеді. Бұлардан кейінгі орындарды Индонезия, Вьетнам, Бангладеш, Тайланд, Бирма, Филиппин, Бразилия, АҚШ иемденеді.

Күрішті ірі көлемде  экспортқа шығарушы елдерге Тайланд, Вьетнам, Индия, АҚШ, Қытай, Пакистан жатса, көп көлемде импорттаушы елдерге Индонезия, Филиппин, Бангладеш, Бразилия, Иран, Жапония жатады.

Күріш өсіру едәуір мөлшерде қаржы және еңбек шығынын қажет етеді.

Күріш шаруашылығында әлемдік экономиканың аграрлық секторындағы еңбек

қорларының 50 пайыздан астамы айналысады.

         Күрішке деген тұтынушылық сұраныс жыл сайын артып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Азық-түліктік және Ауылшаруашылық Ұйымының (ФАО) болжамы бойынша 2020 жылға күрішке деген сұраныс 781 млн. тоннаны құрап, бидайға қарағанда 2-3 пайызға артады. Көрсетілген жылға күтіліп отырған күріш өндірісі 750 млн. тонна болса, бұл маңызды азықтың тапшы болатындығы белгілі болып отыр.

Информация о работе Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы