Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 22:16, дипломная работа

Краткое описание

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
- Күріш ауыспалы егіс технологиясын қолданып ресурс және су үнемдейтін, суармалы егіншіліктің жергілікті жағдайында топырақ қорғауды қамтамасыз ететін технологияларды жасау және бейімдеу;
- Ауыл шаруашылығын дамытуды басты мақсатқа қойып, сонымен қатар өндірістің қоршаған ортаға келтіретін экологиялық проблемаларын қарастыру және тиімді жолдарын іздестіру.
- Күріш өсірілетін аймақтарда топырақтың тұзды сорға айналатынын ескеріп, жердің жарамсыз болмауын қарастырамыз.
Бұл жағдай қазіргі таңдағы әлемдік ауқымды кезек күттірмейтін проблема.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 6
1. Әдебиеттерге шолу ............................................................................................ 7
2.Зерттелетін ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері ...................... 9
3. Зерттеу әдістері .................................................................................................. 20
4. Зерттеу нәтижелері ............................................................................................ 26
4.1 Балқаш ауданы «Тамшы-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі өндіруші шаруашылығы ....................................................................................................... 28
4.2 Күріштің таралуы және адам өміріндегі маңызы .................................... 32
4.3 Күріштің сыртқы орта факторларына қоятын негізгі талаптары және агротехникасы ........................................................................................................ 35
4.4 Алғы егістердің күріш өніміне әсері ........................................................... 42
4.5 Шаруашылықтағы өндірістен туындайтын экологиялық
проблемалар ........................................................................................................... 52
4.6 Егін алқаптарының сортаңдануы және шөлейтті
аймақтардың пайда болуы................................................................................... 57
5. Еңбек қорғау қауіпсіздік шаралары .............................................................. 61
Қорытынды ............................................................................................................ 63
Өндіріске ұсыныстар ........................................................................................... 64
Әдебиеттер тізімі .................................................................................................. 65

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ нурбол 535.doc

— 7.30 Мб (Скачать документ)

         4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру.

        5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.

        Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы. 

       Антропогендік факторлар әсері.  Антропогендік фактор деп адамның қызмет қарекетінен жаңа түрде туындайтын фактор.Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарынан қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгергені соншалық, табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады.

 Дүние жүзіндегі  шөлдердің шығу тегі негізінде  антропогендік болып саналады. Қазіргі  уақытта шөл аумағы 10 миллион  шаршы километрге жетті, бұл  бүкіл құрлық аумағының 7 пайызы  жуық. Көптеген жер көлемінің өзгеруі шаруашылықтың, мысалы, егіс алқаптарының тым үлкен болуы, олардың дұрыс күтілмеуі, қорғаныш орман-тоғай бедерлері мен ықтырма белдеулердің болмауы, құрылыс салу, пайдалы қазбалар өндіру кезінде үстіңгі қабаттың жалаңаштануы, малдың тым көп жайылуы тағы да басқа жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан орын алды.

  Қазіргі кезде антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар: жылу эффектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздану, шөлейттену, т.б туындады. Мысалы, жайылымды дұрыс пайдаланбағандықтан жер тозып арам не улы шөптер қаптап кетеді. Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау-кен өндіріс салалары т.б. жатады.

Сонымен қатар антропогендік  факторларды табиғи ресурстар пайдалану  процестеріне ықпал ететін кез келген әсерлерін табиғи пайдаланудағы  фактор деп атайды. Табиғи пайдаланудағы  фактор обьектілер түрлеріне байланысты

үш топқа бөлінеді:

  • табиғи ресурстарға ықпал жасайтындар;
  • өндірістің өзіне әсер ететіңдер (мысал, ортаның ластануы);
  • табиғат пайдаланушы ретінде адамға әсер тигізетіндер.

        Сонымен экологиялық факторлардың топтастырылуын талқылауды аяқтай келе, олардың барлығының жиынтығы экожүйенің қасиеттеріне ғана емес, оның қажеттігі сөзсіз. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды оңтайлы пайдаланудың бірте-бір мәселелерін табиғаттың ғылыми негіздерін ескермей шешуге болмайды (сурет 11).

 

Сурет 11. Өзен арналарының шайылған жаға жайылмасы

 

         Шөлді жерлерді кесіп өтетін өзендердің жағалауы тұрақсыз екені бәрімізге белгілі. Осы жағдай байланысты шайылған өзен жағалауындағы ағаш тектес, бұтасынды өсімдіктермен қатар көпжылдық шөптесінді өсімдіктер де шайылып кетеді, кей жерлер сортаңға айналады. Ал, бұрынғы жағалаудағы нулы тоғайлы жерлер шөлге айналып, өсімдердің түрлік құрамы да өзгереді. Әсіресе тоғай өсімдіктеріне өзен арналарының көшуі қатты әсер етеді.

          Өзен аллювиймен өзінің арнасын тартқан кезде бұл жағдай шиеленесе түседі. Өзендердің аллювиалді аңғарымен адасып жатуы үздіксіз бұзу және құраушы әрекетімен бірге жүреді. Құрауышы әрекеті осы өзендердің қатты ағыстарының салдарынан болады. Бір жерде ағыс жаңа түзілген террасаны немесе саяз жерді шайып жіберіп, басқа жерде өзен шөгінділерінің есебінен жаға сызығының ұлғаюы немесе аралдардың, жергілікті халық оларды «қайырлар» деп атайды, түзілуі арқылы жаңа құрлықты қалыптастырады.    Өзен суларының бұзу және құраушы әрекеті, әсіресе көктемгі су тасқындары кезінде, қарқынды білінеді.

         Осы үрдіс ірі масштабта Іле өзенінің ортаңғы ағысынан бастап оның төменгі ағыстарына дейін байқалады.

        Жағалаудың пішіндерінің үздіксіз өзгеріп отыруы жағалық өсімдіктеріне екі түрлі әсер етеді. Біріншіден, жаға шайылып жатқан уақытта өсімдіктер орналасқан құрлық жері азая бастайды, бұның салдарынан олардың бір бөлігі жойылып кетеді; екіншіден, жаға сызығының ауытқып тұруы, жаға маңы жолағының, әсіресе грунт суларының су балансының сәйкесті ауытқуларын тудырады.

          Жаға сызығының шайылуынан арта беретін арна шекарасының шегіну шамасына қарай ағын суларынан алшағырақ орналасқан терраса учаскелері құрғақ болады, грунт сулары өз деңгейін төмендетуі мүмкін.

         Осы себептен өзен суының грунт суларымен өзара алмасу үрдісі бұзылады, бұның салдарынан грунт суларының минералдылылығы мен тұздылығы артып кетеді.

  Осы себептердің екеуі де өзен аңғарларының қозғалғыштығын, динамикалылығын арттырып, өсімдік жамылғысының әр алуан болуына себепкер болады. Аңғар өсімдіктерінің тіршілігі топырақтың ылғалдану дәрежесіне тікелей байланысты; сондықтан ондағы барлық өзгерістер өсімдіктер әлеміне де өзгерістер енгізеді.

  Балқаш ауданы бойынша өсімдік жамылғысының жарамсыз түрге айналуына себеп болатын төмендегідей жағдайларға байланысты екені анықталды (кесте 25).

  Жердің құнарсыздануы негізінен адамның шаруашылық әрекеті әсерінен топырақтың түзілу жағдайының  өзгеріп, оның негізгі қасиеттерінің: қарашірінді құрамындағы гумус мөлшерінің азаюына, құрамының бұзылуына, улы заттектермен ластануына, екінші реттік сортаңдануына, аудандағы ең басты әсер ол малды шамадан тыс жайыуына байланысты. Көктемнің аяқ кезінен бастап, жаз бойы қырдан толассыз соғатын қара дауыл жер бетінің түгін жұтаңдатты.

  Ормандар мен сексеуіл алқаптары, шабындықтар күрт азайды, көп жерлер шөл далаға айналды.

  Атап айтқанда, топырақ түзілу процесіне әсер ететін факторлардың көбісі: ауа райы, жоғары және төменгі сатыдағы өсімдік пен жәндіктер, жер бедері, адам қоғамының әрекеттері де өсімдік жамылғысын күрт өзгерді.

 

 

 

 

 

  кесте 25

  Балқаш ауданында байқалған антропогендік және табиғи әсерлерден болатын өсімдік және жердің тозуы, 2011 ж

Әсерлердің түрлері

Жердің тозу түрлері

1

Топырақ, су мен желдің эрозиясы – дефляциясы

өсімдік жамылғысынан айырылу, жер қыртысының түгелдей жарым-жартылай  бүлінуі, топырақтың құнарлығының төмендеуі

2

Дақылдарды күту баптауда қолданылатын агротехника әдістерін  дұрыс қолданбағандықтан,

 

Техниканы артық қолдану

қоректі заттектердің топыраққа  жеткілікті түрде қайта айналып  келмеуіне байланысты гумус мөлшері  төмендеп, топырақ құнарлығының біртіндеп азаю, егістік жер қабаты құрамының бұзылуы, тығыздануы, зиянкестердің көбеюі.

3

Дақылдарды өсіру кезінде  ауыспалы егісті пайдаланбау 

топырақ құнарлығының біртіндеп  азаю, зиянкестердің көбеюі

4

Жерді құрғату (дренаж) әдісін қолдабау және суды бақылаусыз қолдану

жердің төменгі қабатындағы  судың көтерілуі, топырақтың екінші реттік тұздануы (сортаңдануы)

5

Жайылымдық жерлерді және тоғайларды ретсіз пайдаланудан

өсімдіктердің әртүрлілігінің жойылуы, жердің тозуы, жел және су эрозиясының өршуі.


 

  Бұл жағдай соңғы жылдары отын ретінде пайдалану үшін ретсіз сексеуіл ормандарын жоюға байланысты. Осының салдарынан көптеген жерлерде құм массивтері пайда болды. Эрозия процесіне тойтарыс беру үшін төмендегі шараларды жүзеге асыру керек:

  1. жыралар мен сайлар, өзендер жағалауына, егістік жерлердің айналысына, тамыры тереңге кететін табиғат қорғау ағаштары мен бұталарды отырғызу;

2)      топырақты қорғайтын көпжылдық шөптерді егу;

  3)     ауыл шаруашылығында дақылдарды кезектестіріп егу;

  4)     жыраларды бекітетін, ашық далада қарды ұстайтын, көктемде судың

ағысын бәсеңдететін гидротехникалық құрылыстар салу;

  5)     құмды, тасты жерлерде, тау бөктерлерінде мал жаюды реттеу;

  6) топырақты қайырмасыз жырту және тағы да басқа топырақ құрылымын жақсартатын агротехникалық шараларды қолдану.

4.6 Егін  алқаптарының сортаңдануы және шөлейтті аймақтардың пайда болуы

 

 

Қазақстандағы шөлейттену процесінің дамуына ықпал ететін негізгі табиғи фактор құмдардың (30 млн га-ға дейін) және сортаңданған жерлердің (127 млн га) кең таралуына алып келетін климаттың құрлықтылығын және құрғақшылығын, су ресурстарының кедейлігі мен бөлуінің біркелкілігін айқындайтын елдің ішкі құрлықтық жағдайы болып табылады. Жерлердің жұтау процестерін дамыту үшін жағдай, құрғақшылықтың әсері кезінде топырақ құраудың маусымдық ерекшеліктерін бұзу кезінде жасалады.

Сондай-ақ топырақ - өсімдік  жамылғысының әлсіз жинақылығы және оның серпінділігі шөлейттенудің алғы шарты болып табылады. Қазақстанның бұл табиғи ерекшеліктері антропогендік әсер етуі, табиғи ортаның әлсіз тұрақтылығымен белгілі (қолда бар деректер бойынша елдің шамамен 75% аумағы экологиялық тұрақсыздандырудың жоғары қатеріне ұшыраған).

кесте 26

         Топырақтың сортаңдану дәрежесі мен өсімдіктердің тұзға төзімділігі

Топырақтың сортаңдану дәрежесі

Өсімдіктердің тұзға  төзімділігі

шамалы сортаңданған

өсімдіктердің өніп-өсуі жақсы, өнім құрауы тиімді

сәл сортаңданған

өсімдіктердің солуы  байқалады, өнімі 10-20%-ға кемиді

орташа сортаңданған

өсімдіктердің солуы  орташа / қурағандары бар/, өнімі 20-50%-ға кемиді

жоғары сортаңданған

өсімдіктердің солуы  күшті /түсіп қалғаны көп/, өнімі  нашарлап, 50%-ға кемиді

аса сортаңданған

өсімдіктер бірен-саран, өнімі болмайды


 

Қазақстандағы шөлейттену процестерінің туындануына және дамуына алып келетін антропогендік факторлар, ең алдымен шаруашылық қызметінің мынадай түрлерімен байланысты: малды жаю; егін шаруашылығы; жер қойнауын әзірлеу; өнеркәсіптік, әскери және азаматтық объектілерді, суландыру және желілік құрылғыларды салу және пайдалануға беру.                      Шөлейттену сондай-ақ, орманды жоспарсыз жаппай кесудің, мал азығы мен отынға бұталар мен жартылай бұталарды шабудың, орман және дала өрттерінің, жүйесіз рекреацияның, елді мекендер аумағында қоқыстарды ұйымдастырудың, топырақтардың және улы заттармен жер асты суларының ластануының, көліктің әсер етуінің нәтижесі болып табылады.

Шөлейттенуге қарсы  күрес жөніндегі конвенцияда  қабылданған өлшемдеріне сәйкес айқындалған. Қазақстанда шөлейттенудің басты тұрпаты мыналар болып табылады:

- өсімдіктердің жұтауы;

- топырақтың сулы және желді эрозиясы;

- топырақтың сортаңдануы және қарашіріксізденуі;

- топырақтың, грунт және жер асты суларының химиялық ластануы;                                                -  жердің және гидрологиялық режимнің техногендік бұзылуы.

Өсімдік жамылғысының жұтауы – бұл ормандардың, жайылымдық жерлер мен шабындықтардың жұтауы түрінде  көрініс беретін шөлейттенудің  ең көп тараған және сырттай айқындалатын процесі.Жайылымдар мен шабындықтардың жұтауы. Тың жерлерді жаппай жырту Қазақстанның дала экожүйесіне неғұрлым кері және кешенді әсерін тигізді.

Жайылымдықтарды жыртқан  сайын, малды өнімділігі төмен жерге  ығыстырған, сонымен бірге мал  басын көбейту салдарынан қалған тың жай -  күйіндегі жайылымдардың жүктемесі ұлғайды. Құнарлы жерлердің басым бөлігін жырту, көл маңы етегі және қазан шұңқырларының ылғалды сор шалғындарын қоса алғанда малдың өнімділігі аз, кәрізденбеген, сортаң аумаққа ығыстырды және жинақтады.

Барынша жұтауға ауылды жерлерге, шалғайдағы мал шаруашылығына, сиыр сауу құрылымдарына және құдықтарға іргелес жайылымдар ұшыраған.

Топырақтың жел және су эрозиясы, құрғақ далалы, жартылай шөлейтті және шөлейтті ландшафтарды қамтыған. Жел эрозиясының әсерінен топырақтың жұқа бөлшектерінің ұшып кетуі және топырақтың құмдануы болады. Егістік жерлердің желмен үрленген қабатында  қарашіріндінің құрамы азаяды, сіңіріп алу көлемі қысқарады, карбонаттылығы көбейеді, агрохимиялық және сулы-физикалық қасиеттері нашарлайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда  егістік жерлерде дефляцияның зияндылығының әлсіздігіне оның қысқаруаны байланысты болжау жасауға болады. Алайда, республикамыздың қуаңшылық аймақтарында, әсіресе қатты жұтаған жайылымдарда  жер эрозиясының күшею қауіптілігі бар.

Суармалы жерлерді кеңейту  жөніндегі бағдарламаны іске асыру барысында суландыруға сорғытылмаған және тұздалған топырақтардың ауқымды алқаптары тартылды. Көлемді суландырудағы өңірлердің су және экологиялық проблемаларының басты себебі болып жетіспеушілік емес, осындай табиғи жағдайдағы басқа елдерде судың үлестік шығыстарынан орташа алғанда бір табан жоғары тұратын, суды үнемсіз пайдалану болып қалуда. Бұл суды тасымалдаудың қарапайым технологияларымен экономикалық ынталандырудың және оны үнемдеу дәстүрінің болмауымен белгіленеді.

Информация о работе Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы