Адам факторының қазақ әдебиетінде бейнеленуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 09:10, дипломная работа

Краткое описание

Адам факторы, оны зерттеп-зерделеу әдебиеттің айнымас мақсаты, мәңгілік тақырыбы ғана емес, жалпы көркемдік дамудың басты бағытын айқындайтын адастырмас темірқазығы. Адамның мәнісін түсіну жолындағы ертеден бастаған сала-сала пікірлер мен қөзқарастар қайшылығы жаңа дәуірде де жалғасын таба береді. Әдебиет осы күрделі тақырыптың күрделі аспектілерін өзінің ерекшеліктеріне сай шешуге тырысады. Өнердің бұл түріннің қоғамдық және эстетикалық маңызы адам, оның танымы мен тағдырынсыз ашылмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Уахитова Асылзада диплом.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

Бұл үшеуі біріксе, сорды  жоймақ

Шын бақ осы деп бұған ақыл тоймақ

Бір адамға мұндай бақ  біте қалса 

Өзімшіл көп күншілдік  көзін оймақ (74,166)

Адамға қажет қасиеттердің бәрі біріккенде, тоғысқанда ғана әркім  өзінің шын бақытын табады. Олай болса сол асыл қасиеттердің ішіндегі ең қымбаттысы – еңбек. Осындай баққа жету мақсатында өзі де өмір бойы адал еңбек етуге бел байлаған ақын:

Адамдық борышың ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін,

Серт бергем еңбек  етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

Сертіме жету - арманым 

Көтерем тағдыр салғанын

Өлгенімше ізденем

Толтырар кемін қалғаным. (74,176-177)

Өмірдің бүкіл мәні еңбекте  жатқандығын, сол жолдағы ауыртпалықты еш қиындықсыз жеңу, Осыған барлық адамзатты  жұмылдырады. Халқының игілігі үшін қастерлі іс тындырған жанның ғана соңында шамшырақтай жарқыраған із қалмақ: Еңбек ету адам баласының ең асыл міндеті, қасиетті парызы санайды .

Шәрімнің терең философияға  толы лирикасының бүкіл өне бойына өзек болып тартылған еңбек тақырыбы ақының пайымдауынша барлық жаман әдеттерден арылудың бірден-бір кілті, адамзат  баласының алға дамуының кепілі.

Ақ жүрек пен таза ақыл,

Қылсаң адал еңбек,-

Бәрінен де сол мақұл

Артқыға жол бермек

Арсыздардың түкке тұрмай

Арам ойы жойылып

Аяғында хақиқатты бұл  үшеуі жеңбек

Сен бола ғөр аққа хақ

Болам десең адам

Адал еңбек берер  бақ

Бассаң соған қадам

Айнымайтын ақ жүрекпен

Таза ақылды адамның 

Таппасы жоқ бұл өмірде,

Осынымды ұқ балам (74,210)

Адамның қалыптасу жолындағы  білім мен ғылымның, мәдениеттің  бағасы артық. Ақыл мен білім рухани фактор Шәкәрімнің лирикалық шығармаларында адамзаттың жақсы қасиеттеріннің өлшемі ретінде көрінеді. Әр адамның бойында  адамгершілік қасиеттердің, білім мен мәдениеттің тамыр жаюы – Шәкәрімнің өмірлік арманы.

Ондай адам қазақтан

Көп туса осы заманға

Босар еді-ау азаптан

Қазақ шығып самалға. (74,55)

«Ашу мен ынсап» өлеңінен алынған бұл жолдар соның дәлелі. «Ақын адамгершілік туралы ойларының қайсысын болса да, өсиет, үлгі ретінде ұсынады, жамандықтан қашып, жақсылыққа ұмтылуды уағыздайды». (8,233

 

Ақын дастандарындағы  тұлға мәселесі

Ш. Құдайбердиев қазақ  қоғамының өмірінен алып, үш поэма  жазды. Олар: «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», үшіншісі «Нартайлақ-Айсұлу» бізге қолжазба түрінде жеткен. Шәкәрімнің поэмалары түгелге жуық махабат тақырыбына арналған. Бұл жағынан алғанда олар шығыс классиктерінің шығармаларына көбірек ұқсайы. Әйтседе ол тақырыпты қою, шығармалардың сюжетін шешу жайларында өзіндік, реалистік стилін, дүниетанымын бастан аяқ сақтап, сабақтап отырған

Ш.Құдайбердиев поэмалары  қазақ әдебиеті тарихында, қала берді  қазақтың поззиялық шежіресінде  әрі тың, әрі кесек құбылыс. Бұл  поэмалар әдебиет әлеміне белгілі  бір уақыттың, қоғамдық дамудың есеюдің эстетикалық соны, талап-тілектердің нәтижесі, көрнісі ретінде көрінеді. Әдетте, жеке бір көркем туынының, не жанрлық формалардың, әйтпесе, жарық жұлдыздай некен-саяқ сирек таланттардың да не тұтас бір әдебиеттің де сан алуан қоғамдық, әлеуметтік жағдайларда олардың бірлігі мен қайшылықтарына байланысты, дамудың жалпы заңдылықтарына сәйкес өмірге келетіні мәлім.

Ш.Құдайбердіұлының поэмалары түгелдерлік махаббат тақырыбына арналған. Махаббат мәселесі оның жалпы гуанисттік көзқарастардың бөлінбес бір саласы ретінде көрініп, жаңа басындағы бостандық идеяларына, адамдық құқық туралы ойларға шебер үндеседі.

Шәкәрімнің адам бостандығы туралы заман идеясына үн қосу қадамынан туған халықтық тақырыбындағы поэмалары осы махаббат деген ұлы сезімнің барлық уақыттарда бірдей, бір қалыпты, бір мөлшерде таныла, бағалана білгенін білдіреді.

 Шәкәрім поэмаларындағы  басты діңгек - адам мәселесі. Олар соның ішінде өз заманы үшін өзекті болған адамның бас бостандығын ерекше алға қояды. Шәкәрім Құдайбердіұлының адамгершілік идеялары, арман-мұраттары, алуан түрлі адамдардың тағдырын бейнелейтін сюжетті дастандарынан көреміз. 

Қазақ поэзиясындағы  реалиситтік поэма  жанрын өркендетуге  зор үлес қосқандардың бірі - Шәкәрім. Оның «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Ләйлі-Мәжнүн», «Нартайлақ-Айсұлу» поэмалары тақырптық жағынан өзара ұқсас. Ақын поэзиясы махаббатты, сүйіспеншілікті жақтап ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерге өз бағасын береді.

Дастандарынан Шәкәрімнің аса терең психолог екендігіне тағы да куә боламыз. Поэмаларындағы оқиға күрделі психологиялық ахулдар төңірегінде өрбейді. Олардың кейіпкерлері әлеуметтік ортаның, қасаң дәстүрлердің құрбаны болуға қарсы. Шәкәрімнің кейіпкерлері – жаңалықтардың жаршысы, олардың әрекеттері махаббат пен әділет үшін күреске бағытталған.

Поэмадағы адам тұлғасы  екі сапада көрінеді. Біріншісі - кейіпкер болмысының қоршаған ортамен, қоғамдық қарым-қатынастармен байланысы. Екіншісі - кейіпкердің рухани әлемі, оның адамгершілік қасиеттері мен психологиясы. Ақын дастандар оқиғаларын қазақ тарихымен, болмыс шындығымен үнемі байланыстырып отырады. Онда романтизм, утопизм, қиял-ғажайып, әсірелеу элементтері болғанымен, қоғамдық шындық шешуші роль атқарады. Өмір ақиқаты дастандардың мазмұны мен мақсатын айқындайды.

Шәкәрім поэмаларының тақырыптарының тарихилық, фольклорлық сипаты туралы Ж.Тілеповтың: «Қазақтың елдік тарихынан елеулі орын алған аса ерекше оқиғалардың сол елдің тарихына байланысты жазба деректер мен халық жадында сақталған естелік әңгімелерге, белгілі ақындардың тоғау-жырларына сүйене отырып жырлау. Мұндай шығармалардың қатарына Шәкәрім Құдайбердиевтің  поэмаларын жатқызуға болады»- деген (16,49) пікірі әбден орынды. Себебі «Еңілік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр» дастандарының қандай тарихи оқиғаларға байланысты екендігі туралы мағұлматтар беретін деректер бар.(17) Бұл поэмалар белгілі аңыздар негізінде туған, автор сол аңыздарды жаңа заман талабына лайық суреттеген. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» аңызы жұрттың бәріне белгілі. Сол көпке мәлім аңызды уақыт пен адамдардың өзара қатынасымен, өткен өмір, алдағы болашақпен,  жалпы адамгершілік идеялармен тығыз байланысты түрде бейнелегенде ғана жұрт құптарлықтай көркем дүние жасауға болады.

Шәкәрімнің поэма негіздерін халық тарихындағы аңыз-әңгімелерден алуын – оның «Өткен істен адамзат үлгі алмақ» деген ағартушылық идеяларына байланысты тану қажет. Поэмамлары арқылы ол оқушысына өткенді білдіру, өз тұсын таныту, болашағын аңғарту сияқты мақсаттарын жеткізуді көздеген. Бұл, басқаша айтқанда, талантты ақынның «Өмір оқулығын» жасауға өз жолы, өз бетімен келуі еді. Осы айтылғандардың түйіні Шәкәрім поэмаларының үлкен әдебиет жасау тәрізді игі тілек-мақсаттан туғанын білдіреді.

Шәкәрім дастандарында  кейіпкер образы жеке тұлға ретінде  айрықша мәнге ие. Поэмалар кейіпкерлері ел тарихымен, сыртқы ортамен тығыз байланыста. Олар тағдырдың тауқыметін көріп, өмірлері трагедияға толып жатса да, биік рухтарын жоғалтпайды. Зұлымдыққа, сатқындыққа өз бойларындағы табиғи, адами қасиеттерін қарсы қоя біледі. Адам бостандығын шектегенді Шәкәрім кейіпекерлері қаламайды. Өздерін өмір мақсаттары адал, серттепріне берік, адамды сүйетін рухани бай тұлға ретінде көрсетеді. Дастандардағы негізгі кейіпкерлердің жан дүниесінің байлығы, бостандық сүйгіштігі оқырманды тәнті етеді.                   

 «Қалқаман-Мамыр» трагедияларын туғызған ру таласы қазақ қоғамының шындық өмірінен туған қолтума құбылыс, белгілі әлеуметтік залал. Жас жауқазындай тіршілік дүниесіне жаңа ғана келіп, бір-біріне құмартқан бейкүнә, жарқын жастардың өміріне мейрімсіз оқ атқан Көкенай тәрізді ру басы билері де, батырларда дала өмірінің қанды шеңгел мейірімсіз билеушілерінің бейнесін береді. Демек, поэмадағы оқиғада, уақытта бірігіп, қазақ өмірінң келмеске кеткен ескі күндерін оқушының көз алдына  бар сипатымен әкеледі.

Поэмада баяндалатын оқиғаның қысқаша мазмұны мынадай. Ағайындас екі жас Қалқаман мен Мамыр бір-біріне ғашық боп қалады. Шын сүйген жүрек өз дегеніне жетіп, олар қосывлады. Бұған Мамырдың немерелес ағасы Көкенай батыр қасы болып, ақыры ол Мамырды садақпен атып өлтіреді. Қалқаманның жақыны тобықтың әулесі іспетті Әнет бабадан Қалқаманды ұстап беруді сұрайды. Әнет баба үкімді қанша жұмсартқысы келгенмен, одан ештеңе шықпайды. Ақыры жүйрік атпен шауып өтетін Қалқаманды Көкенайды садақпен атуға шешім шығарады. Көкенай батырдың оғы Қалқаманның қара санына тиіп, ердің қасын жарып өтеді. Тірі қалған Қалқаман еліне өкпелеп, Ұлы жүздегі нағашы жұртына жол тартады. Осы кезде Қалқаман қалмақ-қазақ соғысы басталап кетіп, қиын күндердің кияпаты бұл оқиғаны ұмыттырып жіберіп, елеусіз қаладырады. Кейін ел есін жиған тұста, тарихи кезеңнің сан тарау оқиғалары ізін жасырып үлгерген Қалқаманды іздестіру мүмкін болмай қалады.

Шәкәрім сюжеттік желіге осынау тарихи оқиғаларды негіз ете  отырып, қазақтың бұрыңғы тұрмысын, әдет-ғұрпын кеңінен көрсететін махаббат драмасына құрылған дастан жазып шықан. Поэмадағы махаббат мәселесі шәкәрімнің жалпы адамгершілік, азаматтық көзқарасының негізі ретінде көрініп, оның еркіндік сүйгіш, азаматшылдықпен астасқан бостаншыл бағытын айқындайды.

Поэмадағы басты кейіпкер екеу. Олар – Қалқаман мен Мамыр. Ақын осы екі кейіпкерін сыртай ғана бейнелеп қоймай, қаһармандардың ішкі сезімдеріне терең бойлап, олардың өздеріне ғана тән табиғи болмыстарын аша алған. Ақын оқиғаны екі жастың балғын кезінен бастап дамытады. «Әрі сұлу, әрі есті, еркешора» бай қызы Мамыр бозбалаша киініп жүрсе де, жігіттердің көз құрты болады. Оған ғашық Қалқаман өз сырын жылқы бағып жүргенде білдіреді. Жұмбақ күйінде айтылғанмен, жігіт ойында не бар екенін сезген ақылды қыз өзіне туыс болып келетін жігітке басу айтады. Бірақ өзінің ғашықтығын қайта-қайта білдірген жігітке кездеседі де , бір шешімге келеді.

Қыз алған жоқ жақыннан Тобықты әзір,

Өлтірем деп жүрмесін бізді қазір.

Өзімді аяп тұрғам жоқ, сізді аяймын,

Сен сау болсаң болар  ем мен-ақ нәзір.

Шәкәрім Мамырдың осы  алғшқы кездесуіндегі сөзінен-ақ оның ішкі әлемінің рухы қаншалықты биік екенін танытып өтеді. Бұл оларджың бір-бірімен  тілдесіп, сырласып, белгілі бір  уағдаға келгеннен кейінгі кездесуі сәтіндегі Мамыр сөзі. Сол алғашқы кездесуден-ақ, біз Мамыр бойындағы нық сенімді, нақты байламды байқаймыз.

Шындығында, поэмадағы  әрбір қимылдың, оқыс оқиғаның бастау көзінде Мамыр тұрады. Ол - өжет те өр қыз. Мұны Шәкәрім Мамырдың әрбір  сөзінен, іс-әрекетінен байқатып, үнемі  оқырманға ой тастатып отырады. Қалқаманмен кездесіп, бірге кетуге бел байлаған Мамыр шешіміне назар аударайық:

Мамыр айтты: мен сенсіз тірі тұрман,

Үш қайрдым сөзіңді  мен антұрған.

Бір құдайға сыйын  да, ал да жөнел,

Жолыңда өлсем разымын, жаным құрбан.

Бұдан тағы бір түйеріміз, поэмада Шәкәрім Көбіне Мамырдың сырт тұлғасына, сыртқы сұлулығына сұқтанбай, оның ішкі жан дүниесін ашуға ұмтылған. Мамыр ең алдымен, ішкі рухы күшті, бір шешімді, ер мінезді қыз ретінде көрсетуі де ақынның осы ерге тән өжеттіліктің өзегі қайда жатқанына жөн слтеген бағдар шамы еді.

Мамырдың жан сұлулығы, ішкі сезім нәзіктілігі жоғарыдағы Қалқаманмен кездесу сәтінде  айқын байқалады.

Алдыңа кшу сұрап  келіп тұрмын,

Көзге тірі болсам  да өліп тұрмын.

Қалқаман, осы саған  қоштасқаным,

Денемді емес, жанымды  беріп тұрмын.

Қыз жанының нәзәктігі, сезімталдығы, оның ішкі рухы осы сөздердің  өн бойынан төгіліп тұрған жоқ  па? Яғни Шәкәрім кейіпкерлердің сөз  қатысын олардың бітім болмысын ашуға оңтайлы пайдаланып, сол  арқылы кейіпкерлердің жан-дүниесіне  терең бойлаған, Сүйгеніне деген адалдыққа , махаббат атты ұлы сезімге деген пәктәккке Мамыр өмірінің соңына дейін берік болады. Ағасы Көкенайдың қолынан қаза табар сәтте қайсарлығын, өжеттігін сақтап қалуы оның бейнесін биіктете түседі. Ол өзінің ажал алдында тұрғанына өкінбейді, тілегі тек Қалқаманның амандығы.

        • Көкенай, қорғамаймын, сөзіме бақ,

Ісім жөн, бір құдайға  көңілім хаһ.

Мойныңа менің қаным  халал болсын

Болма енді Қалқаманның  қанына ортақ.

 

Кешікпей мен өлемін, сен тірісің,

Іс емес құдай кешер  қылған ісің.

Өлтіртпе, тілегім сол, Қалқаманды,

Барарсың тәңірі алдына, білемісің?

Мамырдың  осы  соңғы  сөзінде өз басынан өткен іске өкіну жоқ. Тек тағдырға мойынсұну  бар. Ол өзінің адалдығына сенімді, махаббат атты ұлы сезімнің құдіретіне шырмалып, құрбанға шалынғанын жақсы түйсінеді. Осы қасіретті оқиғаның құрбаны жалғыз өзі ғана болуын қалайды. Сондықтан да оның аузынан шыққан соңғы сөз «Қалқаман, аман бол!»

Поэмадағы Қалқамн –  шыншыл бейне. Оның өзгелерден артылып, көзге ұрып тұрған өзгешелігі жоқ. Ол – шыншылдығымен, қарапайым жан ретіндегі іс-әрекетімен сүйсіндіретін кейіпкер. Қалқаман – Мамырға шын ғашық жан. Өз тілігіне, орай қыз келісімін алған жігіт, аллдағы қиын-қыстау күндердің, тартыс-таластардың боларын біле тұра, күрт шешім қабылдап, берік байламға келеді. Сөйтіп Мамырды алып қашады. Бұл – Қалқаман бейнесінің ірі қимылға барар қаһармандық тұлға екенін байқататын бір көрніс.

Қалқаманның Мамырдай аруға тең, Мамыр махаббатына сай жан екендігін танытатын екінші бір көрністі Шәкәрім поэма соңында береді. Мәмілеге келмеген Көкенай ақырында садақпен атып, қара санынан жаралағанда, «Мамырдан қалған жанның керегі не» деп басын оққа байлаған Қалқаманның аман қалғанын көріп, «А, құдайлап» шауып келген құрбы құрдастарына ол былай дейді:

Тоқта құрбыларым,

Жоққа есеп осы күнде  менің барым.

Аямай елім оққа байлаған соң,

Кетер ме өлгенімше іштен  зарым.

 

Ел қылып тобықтыны  қыла алмаймын,

Ешкіммен ойнап-күліп  жүре алмаймын.

Өлерді аямады, қайда  аяйды,

Информация о работе Адам факторының қазақ әдебиетінде бейнеленуі