Адам факторының қазақ әдебиетінде бейнеленуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 09:10, дипломная работа

Краткое описание

Адам факторы, оны зерттеп-зерделеу әдебиеттің айнымас мақсаты, мәңгілік тақырыбы ғана емес, жалпы көркемдік дамудың басты бағытын айқындайтын адастырмас темірқазығы. Адамның мәнісін түсіну жолындағы ертеден бастаған сала-сала пікірлер мен қөзқарастар қайшылығы жаңа дәуірде де жалғасын таба береді. Әдебиет осы күрделі тақырыптың күрделі аспектілерін өзінің ерекшеліктеріне сай шешуге тырысады. Өнердің бұл түріннің қоғамдық және эстетикалық маңызы адам, оның танымы мен тағдырынсыз ашылмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Уахитова Асылзада диплом.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

Адам ісімен сөзінің  қиылысуы білімділіктің айғағы. Екуінің  қиылысуы ынтаның, тереңдігі еңбектің нәтижесі. Ал ішінен дау іздеп, тілім  бар деп мағынасыз сөйлеп, ащы тілмен елді түйреп, мақтаса дандайситындар «ез, еріншек, шабан болсақ, не мақтаншақ, дарақы, надан болсақ, қайда барып оңасың, сенің хайуаннан қай жерің артық», деп сөгеді, өзін өзі тануға итермелейді.

Тегіс тексер сөз көрсең сыр менен сынын,

Түзетуге именбе тапсаң мінін

Әдеп сақта жалғыз-ақ қате айтты деп

Былшылдапты дей көрме  білсең шынын

Деп тежеу, қанағаттану, ұстамды болу, әдептен озбай сабырлы  салмақты қасиеттерді қалыптастыр, әр сөзге мән беріп құлақ ас дегенді айтады. Абайдың адалдан мол жи «қолөнерін кәсіп қыл, мал жұтайды, өнер жұтамайды, ол үрім бұтағыңа озық болады.» деген идеясын былай жалғастырады:

Егін сал, не сауда  қыл, малыңды бақ,

Білім білмек - әр іске шебер  болмақ

Қолөнерден пайда қыл  үйреніп-ақ,

Кетпес дәулет осы  ғой әмбеге хақ.

Қолөнер - өзің өлсе бірге  өледі.

Сондағы алғандар үйренеді.

Сен кетсең де өнерің елде қалып

Талай жанға азық пен  мал береді.

Адамның әлсіздігі өнермен  күресе алмау, яғни саналы ойдың төмендігі. Ақыл ойы дамыған әрбір жеке адам өміріндегі қиындықтарды, басына төнген қайғы-қасіретті сабырлы көңілмен тізгіндеп «тәуекл тізгіні кең» екендігне бас иеді, оны жеңеді.

Жасарға айтқан осындай  өсиеті – адамгершілік тәрбиесінің  барлық бағыттарын көңілге ұялатып, көкірекке қондратын идеяларға  толы. Адалдық пен арамдықтың, жігерлілік пен ынжықтықтың, жақсылық пен жамандықтың ара жігін ашып беріп, Шәкәрім атамыз жүрегі егіле, қазақ баласына , оның болашағына жаны ашып, жігерленсін, оң-солын білсін, өмірде өз орнын тауып биіктеп өсе берсін деп осындай терең ойлы тәрбиелері ойларын қалдырады.

Адам баласы өмір сүру барысында биікке ұшады, кейде өмір оны жарға лақтырады. Тек осындай  кезеңде дұрыс жол тауып, адаспай  өз қателігін анықтап түсіну үлкен  ерлік.

                               Қазақтың жайнар даласы

Жетілер оқып баласы.

Шошытатын мені сол-

Олардың күндес, таласы(3,269) дей отыра адамдарды түзу жолға  салатын жеті құндылықты алға қояды:

«Мейрім», «Ынсап», «Әділет»,

«шыдаам», «шыншыл», «Харекет»

Түп қазығы: «Ақ ниет»

Бұл жетепуін ел қылу(3,237).

Ақын әлемнің әліде ойдағыдай жетілмеуі, әділетсіздік пен бақытсыздықтың басым болуы жағдайында қоғамды жақсылыққа, дұрыстыққа бастау үшін жоғарыда аталған құндылықтарды адам бойына  сіңіру қажеттігін үнемі айтады. Шәкәрім әр шығармасында осы адами категориялардың орындарын ауыстырып пайдаланады. Олай болуы ақынның қандай мәселені көтеріп отырғандығына байланысты болса керек. Шәкәрім әділетті, арлы, білімді адам болу ел келешегіне негіз болу деп есептейді. Шәкәрімнің «арлы азаматтың жақсы мен жаманның жігін ажырата біледі. Сөз бен істе ол әділет пен түзулік жолынан айнымайды. Оның  лирикасында азаматтық пафос, биік рухты патриотизм, отаншылдық айқайлап, ұрандап тұрған жоқ. Ондағы романтизм мен  реализм категориялары асқан сабырлықпен, терең оайшылдықпен, өмірдің шытырман құбылыстарымен байланыста беріледі. Ол ұлттың жас ұрпағына деген сүйіспеншілікті, опитимистік сенімді және қамқорлықты үнемі көрсетіп отырады. Ақын өз өмірінің мәнін ашық айтады:

Адамдық борыш, ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін,

Серт берген еңбек  етем деп,

Алдағы атар таң үшін (3,176).

 

 

 

 

 

Дін туралы.

 

Шәкәрім адамды жаңартушы, руханиландырушы феномен ретінде  «жар», «жаратушы» категорияларына  ерекше ден қояды. Табиғат пен  адамзатты жаратушы Жар алдында  адам өмірдегі жақсылығы мен жамандығы  үшін жпуап береді. Сондықтан ар, ұждан, әділетті, еңбекті сүйіп Жарға жағуға тырыс деген қағиданы Шәкәрім поэзиясындағы өзекті қағидалардың бірі деп есептеуғе негіз бар.

Адам өз болмысын Жар  сүйетін құндылықтарға бұрса  дұрыс өмір болады, адам тұзу жолға  түседі. Шәкәрім Жар құдіретіне бас ие отырып, қазақ халқын адалдық пен түзулік жолына түсуге шақырады. Түзу жолға түсудуң кепілі жарға бас ию деген қағида ақын өлеңдерінде ұдайы насихатталады.

Поэзиясы.

Ақын лирикасының негізгі  объектісі- адам. «Ескіден қалған сөз  теріп» деп аталатын өлеңдерінде ақын өз көкірегін кернеген күйініші мен арманын жайып салады. Мұнда Шәкәрім өмір сүрген заманың релисттік суреті бар, ақынның айналасындағы адамдардың нанымды психологисы, рухани портреті бар.

Ескіден қалған сөз теріп,

Өз ойымнан өң беріп.

Үйретуді жөн беріп,

Түзетпек едім адамды.

 

Қышыған жерін қасуға,

Әділет жолын ьасуға,

Алдынан салып ашуға,

Жақсылық пен жаманды.

Ешкім бұған сенбеді,

Өз қылығым жөн деді,

Көре тұра көнбеді

Кетірді қуат- шамамды,- деген  ақынның көкірек көзі көреген. Адам баласына тұсау болып отырған жаман әдеттер - Шәкәрімнің басты дұшпаны. Айналасындағы адамдарды ол осы тұсаудан босатуды аңсайды. Өкінішке орай, оның бұл ойын түсінетін адам жоқ. Қайта мұның өзін келеке етуге даяр. Ақын жүрегі осыған күйзеледі. Күйзеле тұрып ол:

.....Жүрегі таза адамдар,

Зұлымдықтан амндар,

Қиянатсыз надандар,

Әулиеден кем емес,- деп түйеді.

Тіпті қандай ортада өзгеге қиянат жасамаған надандардың өзін Шәкәрім адам қатарына қосады. «Надан болсаң бол, бірақ өзгеге қиянат, кедергі  жасама, соған да шүкіршілік»,- дейді ақынның сезімтал жүрегі.

Ақын алдымен адам мінез-құлқындағы, жүріс-тұрысындағы  кемшіліктерге шүйлігеді. Надандықтың  басын осы тәрізді кемшіліктерден іздейді. «Бір салмойын сал келер» деген  өлеңінде ақын:

Жүрсе, тұрса бұлықсып,

Мұнысы тапқанқылықсып,

Өнер қалар, ат мінер,

Жығыла жаздап толықсып, - деп сән қойларды сын садағына нысана етсе, енді бір тұста еріншек  пен жалқауға шүйлігеді:

Еріншектен салақтық,

Салақтықтан надандық,

Ьірінен бірі туады,

Жоғалар сөйтіп адамдық, - деп надандықтың өзі түптін түбінде осындай жолдармен туатынын топшыдайды. Осы тәрізді надандық белгілерін көре тұрып, оны түбірімен жоюға  өзінің шарасыз екенін сезген ақын:

Жолыққан кісіге соқтық,

Қалжыңға қосып айт  боқтық.

Осы ғой сәулесі жоқтық,

Сен келдің, мен білдім, әйдә! – деп («Қалжыңшыл қылжақбас») сөзіне әжуа, мысқыл араластыра лағнет айтады. Бұл өлеңдерінің қай-қайсысында да Шәкәрімнің реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық, шынайылық бар. Қандай объектіні нысанаға алмасын, Шәкәрім оны бір адамның басындағы кемшілік деп санамайды, оларға типтік сипат бере сомдайды. Өзінің ақын ретінде өсу эволюциясының барысында ол бұл қасиетті барынша тиянақтай түседі.

Шәкәрімнің шынайы ақын болып қалыптасуының өзі оның лирикасындағы осындай реалистік сипаттарға байланысты. Айналадағы құбылыстарды бақылап көру бір басқа да, оны көркем ой кестесімен, нәрлі бояумен өз мәнінде өрнектеп, көпке мәлім ету бір басқа. Шәкәрім әрқашанда осы мәселелердің екеуін қатар ұстады. Өзінің бүкіл ақындық жолында осындай айқын мұрат ұстанған ақынның өлеңдері сол себептіде шыншыл әрі нанымды. Олай дейтініміз, жоғарыда келтірілген өлеңдері секілді көптеген туындыларында кездесетін Шәкәрімнің кейіпкерлері қазірде маңайымыздан табылатын, өзіміз күнделікті тіршілікте жүздесіп жүрген замандас жандар секіді. Бұл шығармаларындағы ақын ойларының дәлдігі, ақын жүрегінің сезімталдығы мен көрегендігі оның, шығармаларын бүгінгі күнен де осылай жалғастырып, астастырып жатады. Оның өз заманында айтқан кесек ойларымен жазған жырлары дәл қазір өмірге келгендей сезіледі. Бұл сөзімізге дәлел ретінде ақынның туындыларын келтіруге болады. Мәселен, оның «Епті тышқан» деп аталатын өлеңіндегі мына жолдарды бүгінгі күнің шындығынан алшақ жатыр дей аламыз ба?

Ойласам, сол тышқандай  бұзықтар көп,

Сырты сопы, іші арам қылықтар көп.

Пара алып, не қазынаның  ақшасын жеп,

Адалымсып жүретін ұлықтар  көп.

 

Бір ұрты май, бір ұрты қандар да бар,

Қой терісін жамылған жандар да бар .

Жазасызды жаралап, атақ алып

Ақ жүрексіп жүретін  паңдар да бар...

Әдебиетті айналадағы адамдардың бойында кездесетін кемшілік қай заманда да жанашыр ой - түсінігі бар азаматтарды толғандырмай қалмаған. Шәкәрім мындай кешіліктерді көрумен ғана шектелген жоқ. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы кеселдерін жұртқа жариялаушы ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола біледі. Аталған кемшіліктер шын мәнінде адамның ой-санасын топастандырып, рухани дамуға тұсау боларлық қасиеттер еді. Соны айқын сезінген ақын «шедірейіп шекиіп, қасын керіп кекиіп» жүрген сәнқойлар мен ақылын ашуға билеткен ызақорларды, еріншектер мен салақтарды өзінің «Хайуан мен ақымақтар» деген өлеңінде ақылсыз мақұлыққа теңейді. Өлеңін:

Қылығына қара да сезімді  ойла,

Бұларға бір жолығар  кезім бар ғой , - деп қорыта отырып, Шәкәрім мінез-құлық кемшіліктерін  әшкерлеумен қатар, өз үкімдерінде айтады, айналасындағыларға  астарлыда салмақты ой тастайды, азаматтық міндеттің ауырлығын түспалдайды.

Мұндай сипаттар ақынның  «Ашумен ынсап», «Шаруа мен ысырап», «Анық пен танық», «Дүние мен өмір», «Мақау мен сөгіс», «Міндеу мен  күндеу» сияқты бірқатар лирикалық туындыларына тән. Мүнда да ақын өз заманының шынайы суреттерін береді. Басты мақсат - қоғам мен адам бойындағы кемшілікті әшкерелеу.

Шәкәрім творчестволық  өсу, кемелдену эвоюциясына байқалатын ендігі бір қасиет – ақын өзінің бір қарағанда жеке көрінетін ойларынан халық жөніндегі толғамдарын туындатады. Халық бейнесі – шәкәрім лирикасындағы тұлғалы бейне.

 

 

Адам мен қоғом.

Шығармашылық жағынан толысу барысында Шәкәрімнің ендігі бір көтерген идеясы – адам мен қоғам арасындағы байланыс. Оның лирикасында өз түсындағы қазақ қоғамының шынайы образы сомдалған. Әдетте қоғам өмірі қандай ақынды болмасын ұдайы толғандыратын, оның творчестволық табиғатын айқындайтын мәңгілік маңызы бар тақырып.

Ақын өлеңдерінің көпшілігі 19 ғ. 2 жартысы мен20 ғ. Басындағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени жағдайды шыншылдықпен суркттеуге арналған. Алайда ақын оны жеке емес, өзе елдердің өміріндегі игі нышандармен салыстыра , саьақтастыра отырып суреттейді, болашақ заманның мүдделерімен астастыра жырлайды. Шәкәрімнің лирикасында қоғам ұғымы жекелеген адамдар басындағы қасиеттермен органикалық байланыста ашылады. Шәкәрім ақын үшін «жеке», «жалпы» деген катигориялар, яки «адам», «қоғам» ұғымдары бірін бірі алмастырып, айқындай береді. Бұл ақын лирикасында типтік образдардың мол болуына ықпал еткен қуатты фактор еді.

Түптеп келгенде, адам мен қоғам арасындағы қарым-катынас  жайындағы жаңа концепцияны қазақ  топырағына ең алғаш сіңірген Абай еді. Абай адамды белгілі қоғамдық өмірдің  жемісі, нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл-әрекетін, психологиясын, моралдық келбетін өмірге, әлеуметтік тұрмысқа байланысты көріп, бағалап бейнелейді.

Шәкәрім бұл концепцияны өзіндік ерекшеліктерімен байытып, жалғастырып әкетті. Ол қандай кейіпкерінің бейнесін сомдаса да оның бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттердің тамырының қоғам өмірінде жатқанын үнемі седіріп отырады. Қандай әлеуметтік кеселді болсын ол уақыт ағымының барысынан туған, бірақ міндетті түрде түзетуге болатын кемшілік деп білді. Билік пен байлыққа жету мақсатындағы әлеуметтік психология, адамдар бойындағы қараңғылық пен надандық, шарасыздық пен жалқаулық түптің түбнде қоғамның өміріне де әсер етпей қоймайтынын Шәкәрім жақсы түнді. Ал оған қол жеткізудің бірден бір жолы – халық санасын ояту, ел ішіндегі бай-манаптардың, залым әкімдердің бет пердесін ашу деп есептеді. Осы бағыта сыншыл реалисттік, әшкерелеушілік идеядағы өлеңдер жазды. Бұл шығармаларында Шәкәрім елді қанаушыдардың, қарны тойғанына қанағат қылған топастардың, ойын-сауықпен бар өмірін мән-мағынасыз өткізіп жүрген боскеуделердің типтік образын жасады.

Шәкәрімнің сыншыл реализмі ең алдымен өз қоғамындағы осындай  кеселдерді өткір сынаған өлеңдерінен  көрінеді. Ол қазақ қоғамының мешеулігін жай ғана сынаумен қанағаттанған  жоқ. Ең алдымен сол мешеуліктің әлеуметтік тамырын, объективті, субъективті себептерін саралауға, сол арқылы патша үкметінің мүддесін қызғыштай қорыған  жергілікті әкімшіліктің бедел-бейнесіне әділ баға беруге ұмтылды.

 

 

Ағартушылық тақырыбы.

Шәкәрімнің лирикалық  шығармаларындағы ағартушылық сипаттардың төркініне тереңірек үңілер болсақ, оның негізі ақынның реалистік ой-түйсігінде, ағартушылық, демократтық санасында жатқанын аңғару қиын емес. Өмірден жинаған тәжірейбесі мен көл-көсір білімінің арқасында оның бойында орныққан гуманисттік идеялар оның жеке адамның қалыптасуы жолындағы ғылым мен білімнің, мәдениеттің бағасын артық сезінген ағартушы болғанын дәлелдейді. Ақыл мен білім, рухани фактор Шәкәрімнің лирикалық шығармаларында адамның, қала берді тұтас халықтың жақсы қасиеттерінің өлшемі ретінде көрінеді. Әр адамның бойында адамгершілік қасиеттердің, білім мен мәдениеттің тамыр жаюы – Шәкәрімнің өмірлік арманы.

Ондай адам қазақтан

Көп туса осы заманға.

Босар еді-ау азаптан

Қазақ шығып самаллға (74,55)

«Ашу мен ынсап» өлеңінен алынған бұл жолдар соның дәлелі. Ақын өзінің бүкіл шығармашылық жолында осы арманның жетегінде, соған қашан қалай жетемін деумен жүрді.

Заманды түзесем, қазақ  қоғамын алға сүйресем деген ағартушылық  көзқарас Шәкәрімнің адамгершілік имандылық  ұғымдарына қатысты ой-тұжырымдарымен сабақтасып жатыр. «Ақын адамгершілік туралы ойларының қайсысын болса да өсиет, үлгі ретінде үсынады, жамандықтан қашып, жақсылыққа ұмтылуды уағыздайды» (8,233)

Шәкәрімнің лирикалық  туындыларында адамның ішкі әлемі, жан дүниесі үнемі назарда ұсталады. Адам мінезіндегі, әдет-дағдыларындағы, «с-әрекеттеріндегі кемшіліктердің қайсысын сынаса да, ақын оған адамның ішкі сұлулығын қарсы қояды. Ақының жүгінері ақыл, талап, ынсап, сабыр тәрізді ұлы қасиеттер. Адам мінезіндегі, әдет-дағдыларындағы, іс-әрекеттеріндегі кемшіліктер 

 

Абай адамды белгілі  бір қоғамдық өмірдің жемісі, нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл әрекетін, психологиясын, моральдық келбетін бағалап бейнеледі. Шәкәрім бұл  концепцияны өзіндік ерекшеліктерімен байытып, жалғастырды. Ол қандай кейіпкердің образын ашса да оның бойында кездесетін жақсы-жаманды қасиеттердің тамырынның қоғам өмірінде жатқанын үнемі сезініп отырады. Адамдардың байлық пен билікке ұмтылуы, надандық, шарасыздық, жалқаулық Шәкәрімге қатты әсер етті. Адамдар бойындағы осы кемшілікті жоюдың бірден бір жолы – санасын ояту. Шәкәрім үшін байлықтың ең үлкені – ғылым. Өзінің алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлардың ағартушылық бағытын одан әрі дамытты.

Информация о работе Адам факторының қазақ әдебиетінде бейнеленуі