Адам факторының қазақ әдебиетінде бейнеленуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 09:10, дипломная работа

Краткое описание

Адам факторы, оны зерттеп-зерделеу әдебиеттің айнымас мақсаты, мәңгілік тақырыбы ғана емес, жалпы көркемдік дамудың басты бағытын айқындайтын адастырмас темірқазығы. Адамның мәнісін түсіну жолындағы ертеден бастаған сала-сала пікірлер мен қөзқарастар қайшылығы жаңа дәуірде де жалғасын таба береді. Әдебиет осы күрделі тақырыптың күрделі аспектілерін өзінің ерекшеліктеріне сай шешуге тырысады. Өнердің бұл түріннің қоғамдық және эстетикалық маңызы адам, оның танымы мен тағдырынсыз ашылмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Уахитова Асылзада диплом.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

                Мазмұны

Кіріспе.      

Әдебиет - адам факторының бейнелеушісі

 

Негізгі бөлім.

Адам факторының қазақ  әдебиетінде бейнеленуі.

          YII ғ. Қорқыт бейнесі.

          XI-XII ғ.ғ. Әбу-Насыр әл-Фараби бейнесі

          XIY-XYIII ғ.ғ. Қажа Ахмет Иассауи бейнесі.

I тарау

XIX ғ. 2 жартысы Ш.Құдайбердіұлы.

 

1.1.

 

1.2

 

II тарау

 

2.1

 

2.2

 

Қорытынды.

Шәкәрім - өз бейнесін өзі  жасаған тарихи тұлға.

 

Пайдаланған әдебиеиттер  тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Адам факторы, оны зерттеп-зерделеу әдебиеттің айнымас мақсаты, мәңгілік тақырыбы ғана емес, жалпы көркемдік дамудың басты бағытын айқындайтын адастырмас темірқазығы. Адамның мәнісін түсіну жолындағы ертеден бастаған сала-сала пікірлер мен қөзқарастар қайшылығы жаңа дәуірде де жалғасын таба береді. Әдебиет осы күрделі тақырыптың күрделі аспектілерін өзінің ерекшеліктеріне сай шешуге тырысады. Өнердің бұл түріннің қоғамдық және эстетикалық маңызы адам, оның танымы мен тағдырынсыз ашылмайды. Сөз өнері адамды, оның төңірегіндегі сан түрлі процестерді көркемдік биіктен зерделеп, игеру нәтижесінде сыртқы әлеммен байланысқа түседі. Сондықтан да адам жаны диалектикасының ашылуы көркем әдебиеттің интеллектуалдық және эстетикалық байлығының өлшемі болып қала береді.

Қазақ әдебиетінде қоғамдағы  терең қайшылықтар, саяси, рухани-психологиялық мәселелер біршама ашық түрде көрніс табады. Осындай жоталы-жоталы мәселелер адам болмысына анағұрлым тереңірек, жан-жақтылық тұрғысынан келудің, қоғамдық құрылыста қалыптасқан қатынастарға сыншылдық позициядан үңілудің нәтежисенде туды. Әдебиетте жаңаша көркемдік ізденістер байқалды. Адам тұлғасынның, рухани әлемінің қалыптасуы, өзгеріске ұшырауы тарихи-әлеуметтік жағдайлармен де байланысты.

Әр қаламгердің адам туралы өзіндік концепциясы, оны  көркем кестелеудің жеке қағидалары болады. Суреткердің адамға деген көзқарасы, тану деңгейі оның стиліне, туындыларының жанрына, тіпті дүниетанымы мен бүкіл шығармашылығына әсер етеді. Яғни жазушының өзіндік стилі болуы үшін адамға деген өз қөзқарасы болуы керек. Соңғы жылдары қазақ әдебиеттанушылары да «Жалпы әдеби процесті, белгілі бір жазушының шығармашылығын көркем әдебиеттің негізгі обектісі – адам тұлғасы арқылы зерттеу жалпы ғылым үшін жемістілігімен, тиімділігімен ғана емес, көркем ойдың концептуалдық негзін құрайтындығымен құнды» (2,133) екендігін баса айта бастады.

Бертіңгі уақыттарда ұлттық философилық ой-пікірлердегі және қоғамдық ой дамуындағы адам мәселесін  арнайы зерттеуде біршама жетістіктер байқалады. Енді қазақ әдеббиеттану ғылымының алдында тұрған іргелі міндеттердің бірі - ұлттық көркем ой дамуындағы адам тұлғасын жан-жақты қарастыру.

Қазіргі әдебиеттану  ғылымының деңгейі де, оның логикалық даму барысы да ақын-жазушылардың шығармашылығындағы адам концепциясының философиялық-эстетикалық қырларына терең үңілуді талап етеді. Әсіресе, образ бен характедің табиғи, әлеуметтік, нақты тарихи және бүкіладамзаттық қырларын жаңаша пайымдау маңызды мәселелердің қатарынан әлі күнге түскен жоқ.

Әдебиетімізде адам мәселесі көркем ойдың әрбір тарихи белесінде  өз жаңашылдықтарымен көрініп отыратыны белгілі. Адам концепциясын қарым-қатынастық жүйеде алып қарастырғанда мына жайларды аңғардық:

    1. Адам және табиғат қарым-қатынасы. Қазақ халқының байырғы дүние танымында табиғат пен адамды тұтас күйде қарастырады. Бұл ауыз әдебиеті нұсқаларында көрніс табады. Табиғат құбылыстарын шешуге тырысушылық, оған шексіз табыну мифологиялық ойлауды қалыптастырды. Ал Қорқыт, Асан қайғы жайлы аңыздардан адамның табиғаттан алшақтай бастауын көреміз.
    2. Көне жазба ескерткіштерінде адамды әлемдік тұтастықтың бөлшегі ретінде қарастыру бар. Мәселен, «Оғыз-наме» жырында Ай, Күн, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз аттары нақты кейіпкерлер атауы болып келуі адам және әлем қарым-қатынасына деген қөзқарстан туады. Осы көне жазбаларда адам және жеке тұлға мәселесі алғаш сөз болды. Күлтегін, Тоныкөк сияқты қолбасшылардың батырлық бейнелерін жасау адамның ерекше сапалары жайлы ойларға негіз болды. Мұндай сипатты қазақ эпосынан да аңғарамыз.
    3. Көне түркі ойшылдарының шығармашылығында адамға қатысты өрбіген ең іргелі мәселе - адам және қоғам қарым-қатынасы. Ал, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн еңбектеріне тоқтала отырып біз қоғамдағы әлеуметтік жіктелістер, адамды әлеуметтік талдауға деген ұмтылысты танимыз. Адамның руханилығы жайлы Қожа Ахмет Яссауи сопылық ілімі де ерекше құбылыс ретінде бағалы.
    4. Қазақ әдебиетінің 15-18 ғ.ғ. қоғам дамуындағы тұлғаның тарихи роліне мән берілді. Және де бұл кезең – адамның табиғаттан алшақтап үлгерген кезеңі. Мұнда табиғат туған жер, ата қоныс, Отан сияқты іргелі ұғымдармен ұласты. Ақын-жыраулар поэзиясындағы тағы бір жаңалық – адамның уақытқа деген қарым-қатынасы. Адамның ғұмырын кезеңдерге бөліп қарастыру осыны айғақтайды.
    5. Абай мен Шәкәрімнің тұсында жеке адам мәселесі терең айшықталды. Адамның өзін-өзі жетілдіру мәселесі, интеллектуалдық қасиеттеріне көңіл бөлінеді. Рухани құндылықтар объективті дүниеден емес, адамның өзінен ізделінеді. Соның нәтижесінде адам мен адамның қарым-қатынасына тың көзқарастар келді. Ойшылдардың діңге қатынасы ортодаксалды мәнде емес адам баласының этика тұрғысынан өрбіді.

Саналы адам дамуы көркемдік дамуымен, мәдениетпен өлшенеді десек, өзінің тарихи бастауларын сонау ерте дәуірдегі түркі тайпаларынан алатын қазақ әдебиетінде адам туралы осыншама терең көзқарастар қалыптасты. Адамның табиғатқа, қоғамға, адамға, болмысқа, уақытқа, әлемге қарым-қатынасын зерттеуде қазақ халқының әдеби мұрасы өлшеусіз материал бола алады.

Әдебиет адам мәселесін  әлемдік және ұлттық концепцияларға сай дамуды көздейді. Жоғарыда біз  атап көрсеткен адамның болмыс салаларымен  қарым-қатынастар жүйесін негізге  ала отырып жаңаша қырынан әрі қарай өрістетті.

Осы жеке адам кейінгі  жылдар әдебиетінің айрықша шұқшия зерттелген мәселесі болды. Жеке тағдыр иесінің қоғамдағы орны, қоғамның оған тигізетін әсері тереңдей қамтылды деп айта аламыз. Адамның санасындағы  өзгерістер оның сыртқы тұрпаты мен сыртқы қозғалыс әрекетінен гөрі ішкі эволюциясының өніп жататын рухани-адамгершілік қасиеттер - әдебиеттің ендігі жердегі жетекші бағытына айналды.

..............................................

 

Көркемөнер оның ішінде сөз өнері адам тағдырына, оның адамзат өркениетімен сан салалы нәзік байланыстарына құрылатыны ақиқат. Әдебиет кейіпкер мәселесі оның сомдалу ерекшеліктері әдебиет сыншылдарының, зерттеушілерінің назарында әр кез болып келген. Қандай дәуірде ғұмыр кешпесін адамның ой-аңсары, өмірлік мақсаты, мәңгілік мұраттарынан ғана емес, белгілі бір кезеңдік ерекшеліктермен де сабақтаса бейнеленеді.

Дәуірдің қоғамдық-әлеуметтік суреттей отырып, жазушыларымыз оның көркем образдарын мінезі, қарым-қатынасы, әрекеті, ой-аңсары, мақсаты, ішкі жан дүниесі арқылы бейнелеп берді.

Әдебиетте адам болмысының қиындығы мен күрделілігі, дәуір  мен адам арасындағы сабақтастық  пен қарама-қайшылық әдебиеттің қай  жанр үлгілеріне болсын арқау болады. Әдебиеттің әлеуметтік күші – оның адам жанының тылсым сырларын ажыратқыштығында. Адам жанының қалтарыс қуыстарында бықсып жанған кертартпа сезімдердің, сенімдердің шоғына су бүркіп, адамды қоғамға қайтарғыштығында. Суреткердің басты міндеті – сол адам жаны мен жүрегіндегі терең иірімдердің күрделі сырын ашу, күнделікті болып жатқан өмір оқиғаларына адам жанының қатысын аңғарту, оқиғаға адамды емес, оқиғаның сырын адамның болмысы арқылы ашу.

 

Көркем әдебиет қоршаған орта шындығын бейнелеп қана қоймайды. Адам табиғаты қоршаған орта болмысын өзгертуге, жақсартуға ат  салысады. Көркемдік сана айналадағы өзгерістерді де бағдарлап, бейнелеп отырмақ. Оның қайшылықтарын, шешімін таппаған түйіндерді келешегін барлайтын да халыққа түсіндіретін де көркем сана. Аталған қасиеттерді бойына сіңірген көркем  ой туындылары ғана классикалық сапаға көтеріледі.

Қазақ поэзиясының тарихындағы  көрнекті ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы осы қасиеттермен айшықталады. Абай мектебенің ең көрнекті өкіл ретнде Шәкәрім қазақ әдебиетінің  көп тарихи қайраткерлері сияқты көркем өнеріне, поэзияға жаңа мазмұн, жаңа сипат дарытты. Қазақ порэзиясында Абай сияқты Шәкәрім де ойшыл ақындықтың үлгісіне айналды.

Негізгі бөлім

Қорқыт

Қорқыт 8 ғасырларда өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Ел аузындағы аңыздардан Қорқыт ата өзінің жел маясына мініп алып, халқына мәңгілік жасайтын жерұйық іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші, өлім дегенді білмейтін ғажайып қайсар жан ретінде танылады. Әйтсе де өмірінң соңғы сәттерінде «Өлмейтін еш нәрсе жоқ екен» деген тұжырымға келеяді. Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынан іздейді. Ұлы күйші, кемеңсгер жырау мәңгілік өмірді шынында тапқан секілді. Қорқыт атаның жан тебірентерлік сыйкырлы күйлері, ұлағатты ғибрат сөздері, әрбір жолы мақал-мәтелге айналып кеткен өлең-жырлары ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра, мәңгілік қазына ретінде ауысып, мың жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп келеді.

Барлық адам баласына ізгілікөмір іздеген жан, ұлы  қобызшы, асқан жырау есімін бүгінгі  ұрпақтары есінен шығарған жоқ.

 

Әбу-Насыр әл-Фараби

Әбу-Насыр әл-Фараби – дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын.

Ғұлама ақын ғылымның барлық саласында өзінің сүбелі еңбегін  қалдырды. Майталман математик, үлкен  дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болды.

Әсіресе, Ұлы бабамыздың әбебиеттегі поэзия өнері, шайырлық туралы көсемдігі мен жол бастаушылығы замандастары жоғары бағалап, оған ұлкен  құрмет көрсеткен, оны «ақындар падишасы»  деп марапаттаған. Ұлы бабамыздың поэзия падишрасы болғандығы жайында өз замандастары да куәлік етеді. Сайф ад-Даула сарайында өмір сүрген арабтың сері әрі жауынгер ақыны Әбу Фирас Фарабиге мынадай баға береді: «Поэзия – дөңгелек алтын түйе, оның басы Әбу Насыр Мухамедке, өркеші - Әбу НАуасқа, иығы – Омар ибн Рабиаға, кеудесі - Әбу Таммамға тиді, қалғаны – ішек-қарын – оны екеуміз (сарайдың жарапазаншы жыршысы екуі) бөлісіп отырмыз».

Фарабидің бір пара өлеңдері әлем, ондағы адамдардың орны мен өмірінің мәнісі туралы философиялық рубайлар түрінде болып келеді.

Ей, қарындас! Қашыңдар жалған жолдар.

Ақиқатты шығарма әсте қолдан

Бұл дүние мекенің  сыға берген

Жер нүктеге телміріп болма алаң.

 

Біз бір мейман бұл  жайда аз-ақ күндік

Болымсызға таласып  күн өткіздік

Анталасып, аптықпа тар  қапасқа

Адамға әлем мекн, ол мәңгілік...

(Ауд. А.Машақов)

 

 

Қожа Ахмет  Иассауи

Ұлы ғұлама, кемеңгер ақын, бүкіл Тұран жерін мекендеген исі түркі халықтарының рухани атасы, бәріміздің данышпан бабамыз. Қ.А.Иассауи  – заманының бар шындығын ашып айтқан, әділдік пен адамгершілік мұраттарын аңсған және уағыздаған, халықты имандылық пен қайырымдылыққа шақырған. Ақиқат жолын іздеген және оны таба да білген данагөй, бәтуәлі батагөй ақын.

«Мәдинада – Мұхаммет, Түркістанда – Қожа Ахмет» атанған  осынау ұлы тұлға, заманалардың заңғар биігі, ғалымдық ғұлама, ақылман жырдың жүйрігі болған.

Оның негізгі шығармасы  – «Хикметтер» жинағы. Ұлы ғұлама ақын дін мұсылман қауымына осы «Хикметтер»  арқылы Алланың ақ жолын – Ақиқат жолын айтып беруді, ұғындыруды мақсат еткен. Кемеңгер бабамыз бұл жинағында өз уақытының шындығымен қоса өз өмірінің бүкіл болмысын, ғұмырлық тәжірибесін, әдістері мен құлшыныстарын, алланың ақ жолын табумен тану үшін не істеу керектігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шын мұсылмандық ұғыммен жырлап отырған. Ана сүтімен, ата тәрбиесімен, ұстаз ұлағатымен қаршадайынан қанына сіңген, бойына дарыған, жүрегінен жай алған ұлы наным оны осы Ақиқат жолындағы тынымсыз ізденіске түсірген. Қожа Ахмет Иассауи меңзеген ақиқат жолы, ол – адалдықтың әділдіктің қайырымдылықтың, тазалықтың, адамгершіліктің жолы.

Қожа Ахмет жырлары  әділдік шапағаттылық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық  секілді игі істерге, яғни Абай айтқандай  «бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық» болуға шақырады.

Тақуалық ғұмыр, ғаріп, пақыр, жетесіздерге пана болып, қамқорлық жасау, Алла елшісінің жолын ұстау, өмірді босқа өткізбеу. Сайып келгенде ұлы ақын бұрынырақ ғұмыр кешкен мұсылман шығысының ойпаздары мен даналарының кәміл адам тәрбиелеу туралы идеясын алға тартады.

Қажа Ахмет даналық  сөздерінің көпшілігінде ұстазы Арыстанбапты жиі еске алады, ақын ұлы ойшылдарың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды ұсынады. Менмен, көрсеқызар, кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуғе ақыл-кеңес береді. Яғни бабаларымыздың хикметтері толған ғибрат, мәнд де мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы. Қожа Ахмет базыр хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдық пен мал жима, өтірік айтпа, дүние байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ, дүние жалған ешкімге де опа бермейді, дүниеқоңыздықпен мәңгілік өмір сүргісі келген һаруын, пырғауындар заманындағы Хоман қайда қазір, олар неге мәңгілік өмір сүрмейді. Алланың қаһары түссе, бәрі де сәттік-ақ жермен-жексен болады дей отырып, жүпыны өмір, қанағатшылдыққа, кедейлікке арланбауға, басқа тұскен ауртпашылыққа мойымай көтеруге шақырады. Кәззап ауылын мекендеген молда, иман, қазы, арам әмірші, қиянатшыл бастықтарға күндердің күнінде бір Алланың алдында есеп беруге тура клетінін ескертеді.

Информация о работе Адам факторының қазақ әдебиетінде бейнеленуі