Есептеу желісі. Компьютерлік желілер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 21:36, реферат

Краткое описание

Байланыс линияларынан құралған компьютердің жиынтығы.
Байланыс линиясы желілік адаптермен, кабельдерден және коммуникациялық құралдардан құралған. Барлық желілік құрал жабдықтар жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қаптаманың басқарумен жұмыс істейді.
Есептеу желісі компьютермен телекоммуникацияның технолгияның дамуының нәтижесінде қалыптасты.
Желілерді территориялық белгісіне қарай:
глобальді
локальді
қалалық

Содержание

Есептеу желісі. Компьютерлік желілер 2
Жергілікті есептеуіш желінің аппараттық құралдары 3
Компьютерлік желілердің түрлері. Жергілікті және аймақтық-таратылған желілер 4
Аймақтық таратылған желілер. Негізгі желілік топологиялар 5
Технологиялар 6
Қолданылған әдебиеттер 7

Прикрепленные файлы: 1 файл

Есептеу желілерінің құрылуы және сыныпталу технологиялары.doc

— 104.00 Кб (Скачать документ)

 

 

                                                                                                                             Мазмұны:

 

Есептеу желісі. Компьютерлік желілер 2

Жергілікті есептеуіш желінің аппараттық құралдары 3

Компьютерлік желілердің түрлері. Жергілікті және аймақтық-таратылған желілер 4

Аймақтық таратылған желілер. Негізгі желілік топологиялар 5

Технологиялар 6

Қолданылған әдебиеттер 7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Есептеу желісі

Байланыс линияларынан құралған компьютердің жиынтығы.

Байланыс линиясы желілік адаптермен, кабельдерден және коммуникациялық құралдардан құралған. Барлық желілік құрал жабдықтар жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қаптаманың басқарумен жұмыс істейді.

Есептеу желісі компьютермен телекоммуникацияның технолгияның дамуының нәтижесінде қалыптасты.

Желілерді территориялық  белгісіне қарай:

  • глобальді
  •   локальді
  • қалалық

деп ажыратуға болады.

                                    Компьютерлік желілер

 Мәлімет алмасу үшін арнайы құралдармен біріккен  бірнеше компьютердің жинытығы. Арнайы құрылғылар келесі элеменнтерден тұрады: байланыс компьютерлерінен, байланыс каналдарынан.                  Желі архитеуктурасы  ЭЕМ - құру принциптерін және желі элементтерінің аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарын анықтайды.

Желілерді әр түрлі белгілермен топтастыруға болады, олар :

  • компьютерлердің орналсу қашықтығы ;
  • топологиялары; тағайындауға ,
  • пайдалануға берілетін қызметтердің тізімі,
  • басқару принциптары,
  • коммутация әдістері ( коммутациясыз , телефондық коммутация).

Компьютерлердің қашықтығына байланысты желілерді шарты  түрде жергілікті және глобальді деп бөлуге болады.

Глобальді желілер басқа  глобальды желілірден, жергілікті желілерден, алыстатылған компьютерлерден, енгізу-шығару құрылғыларынан тұра алады.

Глобальды желілердің негізгі түрлері: қалалық , аймақтық , ұлттық және трансұлттық .

Жергілікті есептеуіш  желі ( ЖЕЖ ) компьютерлердің ресурстарын қолдануға мүмкіндік беретін коммуникациялық жүйені құрайды.

Жергілікті есептеуіш желілерде компьютерлер бірнеше мың километр арақашықтықта орналасқан. Жергілікті есептеуіш желілерде әдетте корпаративтік жүйелер немесе желілер деп атайды.

Компьютердің желіде орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету қызметін шарты түрде екі топқа бөлуге болады: компьютердің басқару ресурстары және басқа компьютерлермен мәлімет алмасуды басқару.

Компьютердің ресурстарын  операциялық жүйе басқарады.

            Жергілікті есептеуіш желінің аппараттық құралдары:

1. Жұмыс станциялары- желіні пайдаланатын пайдаланушылардың дербес ЭЕМ.

2. Жергілікті есептегіш желісінде серверлер желілік ресурстарды тарату қызметін атқарады. Оның қызметін қуатты дербес компьютер, шағын –ЭЕМ атқара алады. Бір желіде бір немесе бірнеше сервер болуы мүмкін. Жергілікті желідегі әрбір сервер өзіне қосылған дербес компьютердің жұмысын басқарады. Серверге қатысты компьютерлер жиынтығын немесе серверге қатысты дербес компьютерді домен деп атайды. Кей жағдайда бір доменде бірнеше сервер болуы мүмкін. Бұл жағдайда бір сервер негізгі қызмет атқарса, қалғаны көмекші сервер қызметін атқарады.

Компьютер серверін таңдаудағы маңызды параметрлер мыналар: компьютер процессорының типі; жедел жадтың көлемі; қатты дисктің көлемі және типі.

3. Мәліметтерді беру линиялары- дербес компьютермен серверлерді байланыстырады. Мәліметтерді беру линиялары болып кабельдер қолданылады. Ең көп таралған кабельдер қатарына  өрілген жұпты кабельжәне оптоталшықты кабель жатады. Кейінгі кезде сымсыз желілер пайда болды олардыҫ мәліметтерді беру ортасы болып радиоканалдар саналады. Сымсыз желілерде компьютерлер бір біріне жақын орналасады.

4. Желілік адаптерлер - компьютерлерді кабельге қосуға арналады.

Желілік адаптердің негізгі қызметі кабельден желілік сигналдарды қабылдау немесе тарату.

Адаптер желілік операциялық  жүйеден мәліметтерді және командаларды қабылдап, адаптерге қосылған кабель арқылы желіге таратады.

Қолданылатын желілік адаптерлердің негізгі үш мінездемесі бар: компьютер шинасының типі(ISA, EISA, Micro Channel ); разряды (8, 16, 32, 64) және желіде құрылатын топологиясы(Ethernet, Arcnet, Token-Ring).

Жергілікті есептеуіш желілерінің қосымша жабдықтауына тоқтаусыз қоректену көзі , модемдер, трансиверлер, репитерлер, сонымен қатар коннекторлар, терминаторлар.

Трансивер- дербес компьютерді жуан коаксальді кабельге қосатын құрылғы.

Репитер- желі пегментерін байланыстыруға арналған.

Коннекторлар (қосқыштар)- желілік адаптерлерді компьютерлерді жіңішке кабельдермен байланыстыру үшін қажет, сонымен қатар кабельдерді бір бірімен байланыстырады.

Терминаторлар- желіні ашық кабельдермен қосуға арналған.

Модемдер – жергілікті есептеуіш желіні немесе жеке компьютерлерді глобальді желілерге телефон байланысы арқылы қосу қўрылғысы.

                              Компьютерлік желілердің түрлері

                   Жергілікті және аймақтық-таратылған желілер

Жергілікті желі бір  ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттағы дербес компьютерлер мен  принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер географиялық тұрғыдан алғанда  бір бірінен  қашықта орналасқан, бірақ бір  компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.

Жергілікті желілер-дербес компьютерлерді бірбірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын  қуатты компьютермен байланыстырып  тұратын желінің ең қарапайым  түрі.

Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Жергілікті желі әрбір  тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынандай ерекшеліктерін атап өтуге болады:

  • Құжаттарды бірге пайдалану;
  • Құжат айналымын жеңілдеті: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ әр түрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсніктеме беруге мүмкіндік алады;
  • Компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу ;
  • Сервердегі қолданбалы программалармен оңай байланыс жасай алады;

                            Аймақтық таратылған желілер

Жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания  компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет көрсете алатын телефон арналары қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файлдарды тасымалдау үшін жиі қолданылады.

Желі топологиясы оның негізгі функциональдық элементтерінің бір бірімен байланысу құрылымын анықтайды.

Желілік техникалық құралдар-компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

Желілік программалық құралдар-компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.

Интерфейстер-желіеің функциональдық элементтерін бір бірімен үйлестіру құралы.

Протоколдар-желінің функциональдық элементтерінің бір бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

                                Негізгі желілік топологиялар.

Негізгі желілік  топологиялар.Желініс атқаратын қызметіне қарай топологиялардың мынандай түрлері болады:

Шиналық топология.  Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осы тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді.  Желініс жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.

 

Жалпы шиналық топология.

Жұлдыз тәрізді  топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның ерекшелігі- кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

 

Жұлдыз топологиясы.

Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Таратылған мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі- кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

 

Сақиналық топология.

                                                    Технология

Гр. “тецһно” - өнер, шебер, білгір және “логос” – ілім, ғылым  – ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдерінің жүйесі.

Технология дайын тетік  немесе бұйым жасау үшін өндірістік процестерде пайдаланылатын материалдың, шикізаттың немесе жартылай өнімнің (әрбір операциялар аралығындағы дайындамалар) пішінін, өлшемін, қасиетін, күйін өзгерту амалдарынан тұрады.

 

Жалпы өндірістік процестің  бөлігі болып табылатын өндіру, тасымалдау, сақтау, бақылау жөніндегі іс-қимылдар да технология деп аталады. Қоғамның өзгеруіне байланысты өндірістің, қызметтің, оқытудың, т.б. әр түрлі салаларына инновациялық технология ұғымы енгізілуде. Қазіргі кезде технология:

алдыңғы қатардағы технология;

қалдықсыз технология;

өңдеу және қайта өңдеу  технологиясы;

халықаралық стандартқа сай технология болып ажыратылады.

 

Мұнай, газ, ауыл шаруашылығы  өнімдерін өңдеу және т.б. технологиялар  өндіріс талаптарына сай іске асырылуда.                                                                                 

Қолданылған әдебиеттер:

“ ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУІШ  ТЕХНИКА НЕГІЗДЕРІ” Б. Бөрібаев, Б. Нақысбеков, Г. Мадиярова 9-сынып оқулығы; “ Мектеп ” баспасы

“ИНФОРМАТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ НЕГІЗДЕРІ”

             Е.Қ. Балапанов, Б.Б. Бөрібаев, А.Б. Дәулетқұлов




Информация о работе Есептеу желісі. Компьютерлік желілер