Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін дамытудың жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасырдың соңғы жарты жылдығында барлық өркениетті елдерде қабілетті балаларды анықтап, зерттеу, оқыту және дамыту жұмыстары өркендеді. Өйткені жеке тұлғаның әлеуметтік, саяси – экономикалық, мәдениеттік процестерде ролі өзгерді. Қазіргі кезеңде өндірісті басқару, ғылым, мәдениет, өнер сферасының саласында өз бетінше, шығармашылық тұрғысынан ойлайтын іскер, алғыр жас маманды қалыптастыру талап етілуде.
Сондықтан да, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Сонымен қатар жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін дамыту болып табылады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

І-Тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық
негізі.
1.1. Шығармашылық қабілеттің дамуының психологиялық дидактикалық
алғы шарттары.................................................................................................5
1.2. Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту..................................9
1.3. Шығармашылықты қалыптастыру қажеттілігі...........................................19
1.4. Оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын қалыптастыру
негіздері.........................................................................................................24
1.5. Шығармашылық - нәтижелі оқыту.............................................................29
1.6. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру..............................................38

ІІ -Тарау. Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін
дамытудың жолы.
2.1 Ойлау қабілетін дамыту...............................................................................45
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу маңызы...........51

Қорытынды..........................................................................................................56

Пайдаланылған әдебиеттер..............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

шыгармашылк.doc

— 297.50 Кб (Скачать документ)

Жүргізілген талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігіне еліміздің жоғары оқу орындарында қосымша білім беретін мамандар даярлау туралы ұсыныс жасауға болады. Сондықтан қосымша білім беру ұйымдарының типтері және түрлері бойынша анықтау жұмыстарын жүргізу қажет.

Оқыту үрдісі екі жақты  процесс болғандықтан, оқушының өздік  жұмысы, дербес іс-әрекетті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың іздемпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың өздік жұмыстарын негізгі ерекшеліктері - олардың ықыласын және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.

Оқушылардың өздік жұмысының жоғарғы түріне олардың өз еркімен амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармалық жұмыстары жатады.

Өз бетінше іздемпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана  білу, оңайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге үмтылу, т.б.

Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғашқы  болып табылады. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен өзі пайда болады, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады.

Оқудағы дербестік оқып-үйренген тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынталық пайда болумен, назар мен ой-сана әрекетінің бағыттылығымен (талдау мен жинақтау, салыстыру мен салмақтау, т.б.), оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді.

Белсендірудің қандай да тәсілі мен әдістерін пайдалануда  оқушының қабілет дәрежесін ескеру керек. Күрделі танымдық міндеттерді  танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушыларға ғана тапсыруға болады. Оқушыға таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу, білім беруде оңды нәтиже бермейді.

Оқушылардың шығармашылық дербестігін, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми - шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың таңдауы, қалауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, оқушылардың  шығармашылық дербестігі мен іздемпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет.

Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады.

-  шығармашылық тапсырмалар  дайындауда оқылатын пәннің жеке сипатын, мазмұнын ескеру;

-    шығармашылық  тапсырмалар түрлі деңгейде болуы;

-    кезекті тапсырма  бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде берілуі;

-   білім мен біліктерін  жетілдіретіндей болуы;

-   тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге қарай өзгеруі;

- оқушының жеке қабілеттерін  ашатындай болуы және шығармашылық  дербестігін дамытатындай дәрежеде  болуы керек.

Сонымен, оқушылардың  дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, іздемпаздылықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру оқушының күнделікті рухани қажетіне айналдыру орта мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.

Шығармашылық - оқушының танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.

Оқушының шығармашылық дербестігінің пайда болуы оның іс-әрекетінен айқын аңғарылады. Ең әуелі оқушының іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп, танымдық белсенділігі арта түседі. Оқушының шығармашылық дербестігі қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.

Шығармашылық дербестік  әртүрлі сапада көрінуі мүмкін. Оның күрделі табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді.

Мәселені шешуде талданған негізгі ұғымдардың көлемі мен мазмұнына үңіле отырып, оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың мәні мынада деген тұжырымға келдік.

- қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып-білуге, ғылым жаңалықтарына түрақты қызығушылықтың пайда болуына;

-   оқу-танымдық  міндеттер мен мақсаттарын орындауға  талпыну;

-   білім алуға, шығармашылық жұмыстарға тұрақты қызығушылық;

-   оқушының танымдық  ойлау белсенділігінің дамуы;

-  жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін қасиеттерінің дамуы;

-   жеке тұлғаның дербес интеллектуалдық ой-өрісінің кеңейуі;

- тұрақты ізденімпаздық, шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелі дамуына әсер етеді;

Шығармашылық дербестік ұғымы төңірегіндегі тұжырымдар, анықтамалар бұл ұғымның өзіндік ерекшеліктерін, әртүрлі психикалық процестерден туындайтын интеллектуалдық, эмоциялық бағыттаушы (зейін, ерік) байланысын және жеке тұлғаға беретін білімнің маңызын ашып көрсетеді. Ғалымдардың бұл мәселе төңірегінде айтқан ойларын қолдай отырып, өз зерттеу пәнімізге байланысты шығармашылық дербестік ұғымына өз анықтамамызды береміз.

Біздің пайымдауымызшы, шығармашылық дербестік - жеке тұлғаның танымдық қажетсінуі мен қызығушылығын, белсенділігі мен танымдық іздемпаздығын қамтитын сан қырлы білім алуынан көрінетін, күрделі шығармашылық қалыптасуымен аяқталатын интеллектуалдық қабілет.

Шығармашылық дербестік  оқушы іс-әрекетінің сапасы ретінде  көріне отырып, үнемі ізденіп, белсенді әрекет ететін жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Шығармашылық дербестік адам өмірін жаңа деңгейге көтеріп, түрлі туындылар мен жаңалықтардың шығуына негіз болып, жағымды эмоциялық көңіл-күй орнатады.

Жүйелі жүргізілген  зерттеулеріміз оқушының шығармашылық дербестігінің деңгейі, бағыты мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне тікелей байланысты екендігін көрсетті.

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен оқушы арасындагы жылы қарым-қатынас оқушылардың шығармашылық дербестігінің қалыпатасуына үлкен септігін тигізді.

Демек, сабақтың жоғарғы  деңгейде өтуі, оқушылардың дамуы  мен дайындығына сәйкес әртүрлі  әдістерді қолдану, жеке ерекшеліктерін ескеру, сабақта түрлі танымдық тапсырмаларды  мейлінше кеңінен пайдалану оқушыларда оқу материалына деген қызығушылығын тудырады. Жұмыс түрлерін шығармашылық сипатқа өзгертіп, сабақтан тыс уақытта өздігінен ізденіп, белгілі бір оң нәтижеге жетуге бағыттау дербестіктің қалыптасуына негіз болады. Мәселен, бала сабақты жақсы оқиды, қабілетті, белсенді, бірақ оқу жұмысын ол міндеті ретінде түсінеді. Демек, баланың шығармашылық іс-әрекетке тұрақты қызығушылығы, ізденімпаздығы дамымаған. Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетке бағыттаушылығы болмаған жағдайда оқушыда «интеллектуалдық енжарлық» пайда болады.

 

Шығармашылық дербестік  жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ой және адамгершілік қуаты оның ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын белсендіретін қызықты интеллектуалдық іс-әрекетінде көрініс табады. Ол жеке тұлғаның қоғамда беделін көтеруде және оның өз-өзіне баға бере білуіне ықпал етеді.

 

1.6. Шығармашылық  дербестікті қалыптастыру.

Оқушылардың  шығармашылық дербестігін  қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Бұл мәселе педагогикалық әдебиеттерде (Е.Саркисян, Г.Суворова, П.Лосев, В.Кутьев, т.б.) қарастырылған. Олар сыныптан тыс жұмыс мектептегі бай рухани өмірді қалыптастыруға, оқу пәндері бойынша білімдерін тереңдетуге, оны іс жүзінде қолдануға, оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық пайдалануға, дүниеге ғылыми көзқарасын және оқу пәндеріне танымдық қызығуын қылыптастырып дамытуға байланысты қарастырады.

Кейбір зерттеушілер (А.Матюшкин, О.Нильсон, П.Пидкасисиый, Б.Айтмәмбетова, т.б.), сыныптан тыс жұмыстар оқу жоспарына сай оқушылардың білім дәрежесін толықтырушы және белгілі дәрежеде оқыту үрдісін оңтайлы ұйымдастырушы, оқушылардың дербестік қасиеттерін дамытушы құрал ретінде қарастырады.

Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды ерекшелігі - оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру. Мұндай ерекшелік мынадай жағдайда байқалады:

- оқушының іс-әрекетте  нәтижеге жетуіне сенімділігін  қалыптастыруда;

-  шығармашылық ой-өрісін  кеңейтуде;

-  өзіндік жұмыс істеу біліктерінің қалыптасуында;

-  дербес жұмыс істеу дағдысын жетілдіруде;

- дүниетанымының интеллектуалдық,  эмоционалдық, еріктік бөліктерін  қалыптастыруда;

- оқушының шығармашылық  дербестігін қалыптастыруда. Сыныптан    тыс жұмыстар арқылы шығармашылық дербестікті қалыптастыру бір жағынан оқу үрдісіне қызмет етсе, екінші жағынан тәрбиелік ықпал жасауды күшейтеді.

Сыныптан тыс жұмыс мазмұны әр түрлі іскерліктерді, Дағдыларды жетілдіруге бағытталады. Олар оқу дағдыларын жетілдіреді, өзіндік жұмыс ұйымдастыруда ізденімпаздығын, дербестігін, танымдық біліктерін дамыту, этикалық нормаларды сақтау іскерлігін меңгереді. Сыныптан тыс жұмыстардың іс жүзіндік жағы басым болғандықтан, олардың мазмұнын оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті бағыты жағынан қарастырып, соған ойластырған жөн.

Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.

Сыныптан тыс жүргізілетін жүмыстар пәннің негіздерін оқушыларға үйретіп, қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр.

Бірқатар мектептер сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың көпшілігі қатысатын, атап айтқанда, кештер, «ойлан-тап» ойындарын өткізумен ғана шектеледі. Оның өзінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсенділіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінбейді.

Соңғы кездерде сыныптан тыс жұмыстарды қызықты етіп жүргізуде пән апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, ойындар, жарыс кештері, т.б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді. Бұл салада   да   оқушылар   шығармашылығы   аз   пайдаланылады.  Әсіресе,оқушыларды жаппай қатыстыратын сыныптан тыс жұмыстар: мектепішілік пәндік олимпиадалар, өндірістік мәні бар таным жорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар, тапқыштар жарыс кештері сирек өткізіледі. Кейбір ұстаздар осы саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға мән бермейді.

Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да сол ғылымды  сүйе білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі сыныптан тыс жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз беттерімен тереңдете алатын жағдайға негіз қалау қажет.

Сыныптан тыс жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру, мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу - мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай-ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп әсерлі баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын енгізіп отыруы оқушылардың пәнге деген қызығуын арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді.

Мұғалім сыныптан тыс  жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей     емес, көпшілік  оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс.

Оқушылардың пәнге деген  ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгеретіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пәндік білімін дамытып  қана қоймайды, оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы  өзінің еріктілігімен қатар өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек. Сыныптан тыс жұмыстардың жоспарын жасаған кезде әрбір үйірме мүшелерінің жеке міндеттері де көрсетіледі. Бұл үйірме мүшелерінің арасында ұжымдық сезімді тудырады. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар үйірмедегі бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай тапсырмаларға қарапайым құралдарды құрастырудан бастап пән кабинетін толық жабдықтауға дейінгі жұмыстар жатады. Осыдан қоғамдық пайдалы жұмыстардың сарамандық сипаты мен қажеттігі айқын көрініп тұрады.

Оқушылардың пәнге қызығуын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да сыныптан тыс әр түрлі жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты таңдауға көмектеседі. Бұдан шығатын қорытынды, яғни сыныптан тыс жүргізілетін пәндік жүмыстардың негізгі мақсаты - әр түрлі үйірмелермен қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады.

Информация о работе Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін дамытудың жолы