Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін дамытудың жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасырдың соңғы жарты жылдығында барлық өркениетті елдерде қабілетті балаларды анықтап, зерттеу, оқыту және дамыту жұмыстары өркендеді. Өйткені жеке тұлғаның әлеуметтік, саяси – экономикалық, мәдениеттік процестерде ролі өзгерді. Қазіргі кезеңде өндірісті басқару, ғылым, мәдениет, өнер сферасының саласында өз бетінше, шығармашылық тұрғысынан ойлайтын іскер, алғыр жас маманды қалыптастыру талап етілуде.
Сондықтан да, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Сонымен қатар жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін дамыту болып табылады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

І-Тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық
негізі.
1.1. Шығармашылық қабілеттің дамуының психологиялық дидактикалық
алғы шарттары.................................................................................................5
1.2. Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту..................................9
1.3. Шығармашылықты қалыптастыру қажеттілігі...........................................19
1.4. Оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын қалыптастыру
негіздері.........................................................................................................24
1.5. Шығармашылық - нәтижелі оқыту.............................................................29
1.6. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру..............................................38

ІІ -Тарау. Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін
дамытудың жолы.
2.1 Ойлау қабілетін дамыту...............................................................................45
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу маңызы...........51

Қорытынды..........................................................................................................56

Пайдаланылған әдебиеттер..............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

шыгармашылк.doc

— 297.50 Кб (Скачать документ)

Төменгі класс оқушыларының шығармашылыққа талпынысы, оның танымдық мотивациясын қалыптастырушы ретінде, шығармашылық процестің «оталдырғыш» механизмі болып саналады. Балалар  шығармашылықты танып-білуге құштарлығы ынта-ықыласпен іс-әрекет барысында көрінеді. Ол іс-әрекеттің шығармашылық стилін айқындап, баланы жасаушы, жалғастырушы позициясына қояды.

Шығармашылық - бұл ішкі дүниедегі толассыз өзгерісті және ондағы пайда болған жаңа мазмұнды үнемі түйсіну. Бұл жерде ақпараттың келіп түсуіне деген сұранымға адам сыртқы дүниеден түсетін ақпаратты ғана қажет етпейді, сондай-ақ ішкі дүниеден жаңаны шығаруы жатады.

Шығармашылықпен айналысатын адам шығармашылықпен айналыспайтын адамнан өзінің ішкі дүниесіндегі жаңалыққа қызығушылығы - ішкі дүниесіндегі бейнелер, ойлармен ерекшеленеді.

Оның үстіне оған осы  ішкі дүниесіндегі тағы да қандай нәрсеге  лайық екендігін білу қызық болып  көрінеді. Сондықтан да нағыз шығармашылық адамның мүмкіндіктерін байқап көруі  болып саналады.

Әуестіктің, қанағаттанудың,  жеңіске жету  сезімдерінің, интеллектуалдық сезімдерді,  шығармашылық  процесс барысында жаңалық ашудағы таңдану, таң қалу, күту эмоциялары, психологтардың пікірінше, өз кезегінде танымдық процестерді реттеуді іске асыратын кері байланыс ролін атқарады. Олар мақсатқа жету жолындағы қиындықтарды жеңуге байланысты, шығармашылық іс-әрекетті орнықтырады. Сезім мен интеллектуалдық, шығармашылықтық белсенділіктің қозғаушы күші ретінде көрініп, ол іс-әрекетке деген ықыласты арттырып, оның өту жылдамдығы мен нәтижелілігін реттеп отырады. Мысалы, О.К.Тихомировтың экспериментальдық зерттеуі, ойлау мен эмоционалдық процестер арасында міндетті шешуге байланысты ойдың пайда болуы, болжаудың қалыптасуы, оның дұрыстығын дәлелдеу кезеңдеріндегі байланысты белгілейді. Мұндай эксперименттік мәліметтер шешім қабылдаудағы эмоцияның жай ғана роліне тоқталмай, эфристикалық функцияларын, шығармашылықтық ойлау жүйесін іске асырады.

Біз, М.Мұхановтың шығармашылықты интелектуалдық іс-әрекет, жоғары күй талап етеді және қалайда сезімдік мотивациясы болады деген пікіріне қосыламыз. Шынында да эмоция мен сезім жаңа идеялардың генераторы болып саналады, жаңа білімге қаланған жолдағы кедергілерді жоюды солар атқарады, өйткені «адамзатқа тән эмоциясыз, адамзаттық ақиқатты іздестіру болған емес және болмайды да». Ақыл-ойдың маңызды қасиеттері - оның үзақ уақыт шоғырлануы, - деп жазды, себебі... - «Егер эмоция болмаса онда мидың қабы өзінің негізгі күш көзінен айрылады».

Сонымен қызығушылық  сұраным мен эмоцияға тығыз байланысқан тұлға бағыттылығының өздігінше көрінуі ретінде қарастырылады. А.Г.Ковалевтің берген анықтамасы бойынша «қызығушылық - бұл маңызы өмірлік мәні мен эмоционалдық тартымдылығында көрінетін тұлғаның нысанаға деген таңдап алған қарым-қатынасы».

Шығармашылыққа деген  қызығушылықтарды қалыптастыру үшін, олардың  үш  типологиялық айырмашылықтарын білу  қажет.

Қызығушылықтың дамуы  үш сатыдан тұрады. Олар: әуестік, құмарлық және таза қызығушылық. Әуестік - әдеттен тыс, таңқаларлық, күлкілі нәрселерге бала бойында уақытша байқалатын сырттай қызығушылық.

Құмарлық - қызығушылықтың күрделі сатысы. Мұнда нысанамен (объектімен) тереңірек танысуға, бірқатар сұрақтарға жауап іздестіруге ынта-ықылас пайда болады. Құмарлық жеке тұлға бойына тұрақты бір қасиет болып орныққаннан кейін, әр түрлі салаларда көрініп, танымдық белсенділікті арттыруы мүмкін. Нағыз қызығушылық - бұл іс-әрекеттің бір немесе бірнеше бағытындағы тұлғаның танымға деген тұрақты ұмтылысы.

Төменгі класс оқушыларының шығармашылыққа қызығушылығын тәрбиелеу және қалыптастыру үшін, қызғылықты жаңалықты санқилылық мазмұндағы іс-әрекеттің, мазмұны жас ерекшелігіне сәйкестілігімен сипатталатын іс-әрекет ыңғайлы негіз болып табылады. Шығармашылыққа қызығушылықты туындататын негіздің бірі - ол балалардың проблемалық сипаттағы дербес шығармашылық әрекеті, мұндай іс-әрекет тапсырманы жеке даралайтын шығармашылық міндеттерді шешудің тиімді әдістерін, жаңа құралдарын қарастыруды ұйымдастыру, табысқа жету мен жеңіп шығу жағдайын қалыптастыруды, қол жеткен жетістіктердің барабарлық (адекваттық) бағасын беру, іс-әрекеттің әр түрлі формаларын қолдануды ойластырады. Шығармашылыққа деген  қызығушылықты қалыптастыруға    қажетті жағдайларға балалардың өзара және тәрбиешілермен арадағы қарым-қатынасты ұйымдастыру деңгейі, іс-әрекеттегі (интеллектуалдық-шығармашылық көңіл-күй, қарым-қатынастағы байсалды, тілектестік сарын, қиыншылық пен табысқа ортақтастық, өзара көтермелеу, педагогтың бала шығармашылығына деген сенімі және оны ынталандыру) жоғары      эмоциональды   толысуымен  ерекшеленетін қатынас,  педагогтың    өзінің шығармашылық  көңіл-күйіне, сондай-ақ жарыстық тыныс пен мадақтаудың   барабарлығымен ерекшелінеді.

Шығармашылыққа қызығушылық  шығармашылықпен ойлау қабілеті сияқты өзінің дамуында жекелеген ерекшеліктерге ие болады. Г.И.Шукинаның жазғанындай балалар шығармашылығының көрінуіне жататын танымдық, қызығушылық нәтижелері, сондай-ақ төменгі класс оқушыларының шығармашылық әркетіндегі қызығушылық сипатын, оның тәжірибелік эксперименттік жұмыстардағы даму динамикасы барысын бақылау негізінде, төменгі класс оқушыларының шығармашылыққа қызығушылығының негізгі нәтижелерін айқындауы мүмкін және оның даму деңгейін бағалайды. Олар: белсенділік, іс-әрекетті бастамашылдық; дербестік; эмоционалдық түрде көріну, ерекшелікке ұмтылыс, қызығушылықтың (сыртқы немесе іс-әрекет процесінде) көріну сипаты; жоғары бағаланатын іс-әрекет деңгейінің (орындаушылық немесе шығармашылықтық) типі, ынта-ықыластың бір жерге шоғырлануы жатады.

Аталмыш көрсеткіштер, төменгі  класс оқушыларының шығармашылыққа қызығушылық деңгейлерін: төменгі, ортаңғы, жоғарғы деңгейлерінің сипаттамасын жасаған кезде негізге алынуға тиісті.

Сонымен оқушылар қызығушылығының  қалыптасу теориясы мен практикасына қатысты мәселелерге жасалынған талдама негізінде, біз шығармашылыққа деген қызығушылықтың пайда болуы, орнығуы және дамуына қозғау салатын қайнар көзіне: шығармашылық іс-әрекеттің мазмұны: дербес не болмаса топтық шығармашылық әрекет: балалар шығармашылығын ұйымдастыру мен өту сипаты; шығармашылық процеске қатысушылар арасындағы қалыптасатын қарым-қатынас жатады деген қорытындыға келдік.

 

1.5. Шығармашылық - нәтижелі оқыту негізі.

Оқушыға белгілі бір  көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте  отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы.

Жалпы білім беру үрдісінде:

- жаңа педагогикалық  технологияларды ендіре отырып, оқыту үрдісінде демократияландыру  және ізгілендіру, субъект қатынасын  қалыптастыру, сабақтағы оқушының  шығармашылық ролін аттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту.

Шығармашылық қабілеттердің  белгілері ретінде:

-    мәселені қарастыруда  қырағылық, көрегенділікті;

-    ақылдың икемдігі, ойдың орамдылығын;

-    әрекетті бағалай  білуді қарастырады; Адам әрекеті:

-    шығармашылықтардағы қарама-қайшылықтардың  болуы;

-    әлеуметтік немесе жеке  адамға деген мәнінің болуы;

-    шығармашылыққа арналған  шарттардың, жағдайлардың болуы;

-    шығармашылық түлғаның  жекелік қасиеттерінің болуы;

-    нәтиженің жаңалығы;

Бұдан шығармашылық - қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар, соны жаңалыққа әкелетін адам әрекеті деген тұжырым жасалады.

Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық  ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа, жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық   деп   айтуға   болмайды,   бірақ   бұрыннан   белгілі   таныс

 

нәрселердің өзінен қандай да бір  ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады.

Шығармашылық әрекетке - оқушының проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар алуы жатады.

Оқыту сабактарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін  оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге, оған достық қолын созуға, өзгелердің ісінен сабақ алуға, саналылыққа, танымдылық, әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой пікірлері қалыптасып, сыныптағылардың пікірі бойынша ортақ тұжырым жасауға үйренеді: ортақ іске өз үлесін қосады, жолдасының жауабына пікір айтып, бағалауға үйренеді; оқушының өзіндік жұмысы талқыланады: шығарма, реферат, баяндама, бақылау жұмысы, т.б; сайыстар ұйымдастырылып, оқушылардың жарысу серпінін туғызады; ортақ мақсаттарының болуы есебінен ұжымдық шешім шығады, болжамдар жасайды, эксперименттер жүргізіледі.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту проблемасын ұқыпты қадағалау, оқу процесінің тиімді болуында қандай көрініс табады? Жалпы үлгерім, яғни олардың шығармашылық қабілетін дамытуға және логикасын дамытуға бағытталған тапсырмалар тек білім мен ұқыптылығына ғана әсер етіп қана қоймай оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі мектеп тәжірибесінде үлкен орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра білсе, демек, ол күрделі шығармашылық мәндегі тапсырмаларды орындай алады.

Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар -жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға  ерекше  ахуал,  мұғалім  мен  оқушы  арасында ынтымақтастық

қабілет қалыптасады. Мұғалім  бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын, ұжымдық, шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Сонымен қатар, шығармашылыққа үйрету интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқатты іздеудегі және қарым-қатынастағы адалдық жатады. Әр аудиторияда әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Оның басты шарты - аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады.

Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Оқу процесінде шығармашылық түсінігін жеке бастың қасиеті емес, оқушының оқу процесіндегі іс-әрекет құралы табыстың белгісі деп білу керек. Оқу процесіндегі негізгі мәселеле - оқушылардың белсенді іс-әрекеті және ол шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс-әрекеті неғұрлым үйлесімді, кемелденеген, тиімді оқыту әдістермен ұйымдастырылса, онда олардың белсенділігі де соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы қарқынды түрде көрінеді.

 

Осы бағытта алғашқы  маңызды қадамдар жасалып та үлгерді. Республикамыздағы қосымша білім  беру жүйесін бағалау және мониторингін іске асыру мақсатында балалардың қоғамдық ұйымдары (135 тіркелген), мектептен тыс ұйымдары (649), үздік қосымша білім беру педагогтері (90 педагог), облыстарға тиесілі балалардың сауықтыру лагерлері (266 лагерь) бойынша негізгі мәліметтер банкі құрылды. Еліміздің барлық мектептен тыс ұйымдарымен дәстүрлі байланыс құралдары және электрондық пошта арқылы байланыстар орнатылды. «Қосымша білім және тәрбие. Внешкольник Казахстана» республикалық оқу-әдістемелік журналын шығару жүзеге асты.

Республикалық қосымша  білім беру оқу-әдістемелік орталығының ақпараттық сайты ашылды және ол апта сайын жаңартылып отырады. Еліміздің барлық мектептен тыс ұйымдарын біріктіру мақсатында Интернетте бірыңғай портал құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде (облыстық мектептен тыс ұйымдарда серверлер орнату, сайттар ашу және жаңарту, т.б.)

Сондай-ақ, республикалық  қосымша білім беру оқу-әдістемелік  орталығында және республика деңгейінде өткізілген шараларға сапалық және сандық жағынан талдау жұмыстары жүргізілетін болады.

Республикамыздағы қосымша білім беру жүйесіндегі жұмыстардың жағдайына талдау жасауға 2005 жылы өткен авторлық бағдарламалардың, мектептен тыс ұйымдардың және қосымша білім беру педагогтерінің республикалық байқауларының қорытындысы мүмкіндік туғызды. Дегенмен, жергілікті жерлерден жіберілетін кеңейтілген есептерсіз бұл мәліметтер толық болмайтыны және белгілі. Демек, бұл үшін білім беру ұйымдарындағы балалар мен жасөспірімдердің білім сапасын анықтау, мектептен тыс ұйымдардың қызметтерін бағалау, түрлі типті мектептен тыс ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ғимарат алаңдары нормаларын анықтайтын белгілер (критерий) әзірлеу жөнінде алдағы уақытта қыруар жұмыстар атқару қажет. Сол сияқты республика бойынша қосымша білім беретін педагог кадрларға деген сұранысының болжамына талдау жүргізген жөн.

Информация о работе Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін дамытудың жолы