Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2014 в 17:28, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты
- Бала дамуы жайлы, оның ішінде дене дамуы мен психикасының дамуы туралы түсінік беру;
- Баланың психикалық дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен таныстыру, ой – пікірлерін талдау;
- Бала ағзасының дамуындағы акселерацияны қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеті:
- Акселерация, баланың психикалық даму ерекшеліктерін теориялық тұрғыда тұжырымдау;
- Баланың психикалық, танымдық процестерінің дамуына жағдай жасау жолдарын қарастыру;
- Баланың психикалық дамуын эксперименттік жолмен анықтау.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………........…… 3
І Баланың денесі мен психикалық дамуының акселерациясының теориялық мәселелері.............................................................................................5
1.1Акселерация және оның әлеуметтік - педагогикалық мәні................................6
1.2 Баланың психикалық дамуын зерттеуге үлес қосқан ғалымдардың ой – пікірлері....................................................................................................................10
ІІ Баланың денесі мен психикасының даму жолдары....................................14
2.1 Баланың денесі мен психикасының даму жолдарына байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері......................................................................................16
2.2 Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қабілетін дамыту.............................17

ІІІ Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясын эксперименттік жолмен анықтау........................................................................20

ІҮ. Қорытынды.......................................................................................................21
Ү. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................22
ҮІ. Қосымшалар.....................................................................................................23

Прикрепленные файлы: 1 файл

баланың даму акселерациясы.docx

— 91.55 Кб (Скачать документ)

2.1 Баланың танымдық процестерінің  даму жолдарына байланысты жүргізілетін  жұмыс түрлері

 

Оқу – тәрбие процесінде мұғалім баланың көңіл – күйіне, денсаулығына, сабақ үлгеруіне үнемі зейін қойып отыру керек. Себебі, бала зейінінің, ой – өрісінің өсуі мұғалімдер үшін тіпті – ата – аналар үшін де аса қажетті объект болып табылады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту кезінде сабаққа деген үлгермеушіліктерінің толықтай төмен болуына байланысты, клиникалық, педагогикалық – психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор.

Психикалық даму тежелісінің дәрежесіне және жеке ерекшеліктеріне байланысты бұл балаларды мектепте оқытудың түрліше ұйымдастырылуы мүмкін.

Психикалық дамының тежелу дәрежесі жеңіл балаларды әдеттегі (жалпы білім беретін) мектепте осы санаттағы балалардың психикалық даму ерекшеліктерімен таныс бастауыш сынып мұғалімі жеке тәсілмен оқыта алады.

Баланың танымдық процестерін дамытуда шығармашылық жұмыс түрлері кеңінен пайдаланылады. Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармаларына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын (1923ж.)

Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды талдап, түсіну үшін «қабілет» деген ұғымды түсініп алуымыз керек. Қабілет ұғымына психолоиялық тұрғыдан көптеген ғалымдарымыз анықтама берген. Академик Т. Тәжібаев «Қабілет – іс – әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті» деп түсінік береді.

Қабілеттер жайды жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам баласының табиғи мүмкіндіктері болады, олар тек белігілі – бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, ә радам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға келеміз.

Ақыл – ой кем баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ен алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық – тарихи іс – әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығы атап көрсетілген.

Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін тексеру үшін, диагностикалау мақсатында мынадай зерттеу әдістері қолданылады:

  • Қабылдауын зерттеу;
  • Есте сақтауын зерттеу;
  • Ойлау қабілетін зерттеу;
  • Зейінін зерттеу.
  1. Бұл не? Тап!

Мақсаты: Балалардың қабылдау қабілетінің қандай деңгейде екенін анықтау.

Нұсқау: Әдістемені қолданар алдында балаға кейбір суреттердің бөліктері көрсетіледі және осы бөліктер арқылы суретті тұтас құрастырып табу керек. Осы әдістеме бойынша балаға қалған бөліктерді жауып, тек «а» бөлігін көрсетіп суретті назарына ұсынамыз. Бала 10 секунд ішінде суретті тапса, онда басқа бөліктері көрсетіле береді. Баланың суретті табуға кеткен уақытын есептейді.

Бағалау нәтижесі:

10 ұпай – бала иттің суретін  «А» бөлігі бойынша 10 секунд ішінде тапса.

7 – 9 ұпай – бала иттің суретін  «Б» бөлігі бойынша 11 – 10 секунд аралығында тапса.

4 – 6 ұпай – бала бұл суреттің  ит екенін 21 – 30 секунд уақыт жіберіп, «В» бөлігін көрсеткенде тапса.

2– 3 ұпай – бала 30 – 40 секунд уақыт өткеннен кейін барып, «Г» бөлігін көргеннен кейін тапса.

0 – 1 ұпай – бала 50 секунд уақыт  ішінде де «А», «Б», «В» бөліктерін қараса да, бұл иттің суреті екенін таба алмаса.

Даму деңгейі бойынша:

10ұпай – өте жоғары

8– 9 ұпай – жоғары

4– 7ұпай – орташа

2– 3 ұпай – төмен

0 – 1 ұпай – өте төмен.

  1. «Пішіндерді таны»

Бұл әдістеме баланың есте сақтау қабілетін тануға арналған. Әдістемеде балаларға 12 сурет бейнеленген суреттер топтамасы, келесі нұсқалармен қоса ұсынылады:

«Сендердің алдарыңда 5 сурет қатарласа орналасқан. Сол жақтағы сурет басқаларынан қос тік сызықпен бөлінген, оң жақтағы қатарда орналасқан 4 суреттің біреуіне ұқсас. Неғұрлым тезірек ұқсас суретті тауып оны көрсету қажет.» Алдымен, байқап көру үшін 0 номерінде бейнеленген қатардағы суреттермен шешуді ұйғарады. Ал кейін эксперимент баланың ол міндетті шешкенше жүргізіледі. Бірақ бала осы уақытқа дейін барлық міндеттерді орындай алмаса 1,5 минуттан артық жұмсауға болмайды.

  1. «Бұл жерде не артық?»

Бұл әдістеменің мақсаты – баланың бейнелі – логикалық ойлаумен ой операцияларының, талдау және жалпылау процестерін зерттеуге арналған. Әдістемеде балаларға әр түрлі заттар бейнеленген суреттер жинағы мен келесі нұсқаулар қоса ұсынылады.

«Әрбір суреттегі бейнеленген 4 заттың біреу артық зат болып табылады. Суреттерге зейін қойып қарап, қай заттың және неге артық екенін анықта». Міндетті шешу үшін 3 минут уақыт беріледі.

 

2.2 Даму мүмкіндігі шектеулі  балалардың қабілетін дамыту

Психикалық даму мүмкіндігі шектеулі бар балаларға оқу үрдісін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс. Танымдық белсенділікті психологиялық -педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл даму мүмкіндігі шектеулі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді. Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды.Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. Танымдық қабілетті дамыту ойлау қызметін жетілдірумен тығыз байланысты. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі мектеп тәжірибесінде үлкен орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра білсе, демек ол мәнді тапсырмаларды орындай алады. Ойлану – дамушы құбылыс және ол адам басында үнемі жұмыс күйінде кездеседі. Ойланудың негізгі қызметі жұмбақ мәселелерді шешу. Мәселелердің шешілуі адам басында реттеліп отырады. Ойлаудың дамуы дегеніміз – оның мазмұны мен формасының өзгеруі, ол оқушының танымдық қызметі барысында пайда болады. Әдетте психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады:

1)Практикалық – қимылдық;

2)Көрнекі бейнелік;

3)Сөйлеу – логикалық.

Заттық әрекеттік ойлаудың көрініс сипаты: қалыптасқан жағдайды өзгертудегі ой ісі белгілі затқа тікелей бағытталған нақты әрекетпен бірге жүреді.

Көрнекі бейнелі ойлау заттар мен құбылыстардың тікелей өздері емес, олардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады. Мұндай ойлауда заттың тұтастай сипаты толық әрі жан жақты көрініс береді.

Сөзді логикалы ойлау қызметі тілдік құралдарға сүйеніп, ойлау процесі өзінің тарихи және онтогенездік дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған. Сөзді логикалық ойлау тікелей бейнеге ие болмаған түсініктерді, логикалық құрылымдарды пайдаланады.

Ойлау баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау нақты сұрақтарға жауап беруді іздеуден басталады. Сондықтан оқушының ойлау қабілетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді технология мен тәсілдер, ойын түрлерін қолдану арқылы арнайы жұмыстар жүргіземіз. Оқушының ойлау қабілетін арттыру мақсатында жұмыстар ойластырып, ұйымдастырмас бұрын оқушыларда ойлаудың үш түрінің қандай деңгейде екеніне диагностика жасаймыз. Ол үшін біз Р.С.Немовтың әдістемесін қолданып «Бұл жерде не артық», «Топтарға бөл», «Равен матрицасы» әдістемелерін көркем логикалық ойлау деңгейін анықтауға, ал «Лабиринт арқылы өт», «Фигураларды кес», «Сызықтармен қорша», «Рубик кубигы» әдістемелерін қимылдық деңгейін анықтауға пайдаланамыз.

Сөздік логикалық ойлау деңгейін анықтауда мына әдістемені пайдаланамыз. «Ұғымды анықтау, себебін табу, айырмашылығы мен ұқсастығын табу». Оны мына сұрақтар арқылы анықтауға болады:

Таңертең адамдар таңғы тамағын ішеді. Ал түсте және кеште қандай тамақтарын ішеді?

Күндіз дала жап жарық, ал түнде ше?

Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Кім сонда үлкені? т.б.

Жоғарыда көрсетілген әдістемелер арқылы ойлау деңгейлерін анықтап алғаннан кейін түрлі ойындарды сабақ барысында мазмұнына сәйкес ұйымдастыруға болады. Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықталып беріледі. Әр баланың өзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген екен. Сондықтан әр баланың жан дүниесіне үңілуден бастап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң, олардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, талдап, қолданамыз. Оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау қажет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. Ойлау қабілетін дамытуға арналған ойын түрлерінің оқу, жазу, тіл дамыту, сабақтарында қосатын үлесі зор. Мысалы: «Бұл не?» ойынын алайық. Бұл ойынның мақсаты балаларға сөздердің дыбыстық құрамын анықтай білуге және кеспе әріптерден сөз құрай білу дағдыларын дамытуға үйретеді. Ойын ережесі: суреттердің атын атап, алғашқы дыбысын оның қандай дыбыс екенін табу керек. Мысалы: алма, өрік. Енді осы сөздерді кеспе әріптерден тауып құрау керек.

«Бұл кім? Бұл не?» ойыны.

Плакатқа кім? сұрағының астына адам, не? сұрағының астына ойыншық бейнеленіп, қалташалар жасалады. Оқушы, қыз, мәшинә, доп, ата, әже, үстел, орындық т.б. суреттерін өз орындарындағы қалташаларға салады. Сөйлем құрап дыбыстық талдау жасалады, буынға бөлінеді.

«Сөз ойла, тез ойла» бұл ойынды кез келген әріпті өткенде пайдалануға болады. Мысалы: « А» дыбысын өткенде « А» дыбысынан басталатын сөз ойлау, оған белгілі уақыт белгілеп, кімнің көп сөз ойлағанын айту.

«Ойлан, тап» ойыны.

Сөздің бірінші буынын атап, балалар ары қарай жалғастырып табады. Мысалы: дәп – тер, мек – теп, ша – на т.б.

«Қай буынды, қай әріпті жоғалттым?»

Бұл ойын сөздерді дұрыс айтып, қатесіз жазуға үйретеді. Әріп, буын түсіп қалған сөздер беріледі. Балалар қай әріп, қай буын жоқ екенін өздері тауып айтады.

Баланың ақыл –ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты

Өзгеріске,жаңалыққа толы бүгінгі заман талабы мұғалімге алдында отырған бірі шапшаң,бірі баяу,енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні,қабылдауы,есте сақтауы,ойлауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне жол таба білетін білім біліктілігі жоғары,жаңашыл,ізденімпаз ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін, білім сапасын жоғарлатуға көмектеседі.

 

Тірек сызба 1. «Коррекциялық тапсырмалар»


 

 

 

 







 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ тарау. Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясын эксперименттік  жолмен анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Психикалық дамудың кешеуілдеуіне байланысты өз пікірлерін ұсынушы М. С. Певнзер, Т. А. Власова баланың эмоционалдық ерік сфераларының қалыптасуына көп көңіл бөлумен бірге, нейродинамикалық бұзылулардың жеке сипаттамасына да ерекше назар аударды. Соған сәйкес психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың сипаттамаларының негізін анықтап, яни ол психикалық және психофизикалық түріндегі анықталатын және ерте балалық шақтағы орталық нерв жүйесінің зақымдануынан, оның организмінің астениялық жағдайларға ұшырайтынын анықтаған.

Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі – ол оқу процесіндегі балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды дефференциалды зерттеудің маңызы болып отыр. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде, олардың потенциалдық мүмкіндіктерін тиімді ескере отырып, бала бойындағы кемшіліктерді толықтай компенсациялауға және түзетуге болады.

Информация о работе Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясы