Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2014 в 17:28, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты
- Бала дамуы жайлы, оның ішінде дене дамуы мен психикасының дамуы туралы түсінік беру;
- Баланың психикалық дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен таныстыру, ой – пікірлерін талдау;
- Бала ағзасының дамуындағы акселерацияны қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеті:
- Акселерация, баланың психикалық даму ерекшеліктерін теориялық тұрғыда тұжырымдау;
- Баланың психикалық, танымдық процестерінің дамуына жағдай жасау жолдарын қарастыру;
- Баланың психикалық дамуын эксперименттік жолмен анықтау.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………........…… 3
І Баланың денесі мен психикалық дамуының акселерациясының теориялық мәселелері.............................................................................................5
1.1Акселерация және оның әлеуметтік - педагогикалық мәні................................6
1.2 Баланың психикалық дамуын зерттеуге үлес қосқан ғалымдардың ой – пікірлері....................................................................................................................10
ІІ Баланың денесі мен психикасының даму жолдары....................................14
2.1 Баланың денесі мен психикасының даму жолдарына байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері......................................................................................16
2.2 Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қабілетін дамыту.............................17

ІІІ Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясын эксперименттік жолмен анықтау........................................................................20

ІҮ. Қорытынды.......................................................................................................21
Ү. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................22
ҮІ. Қосымшалар.....................................................................................................23

Прикрепленные файлы: 1 файл

баланың даму акселерациясы.docx

— 91.55 Кб (Скачать документ)

Л. С. Выготский еңбектеріндегі бала дамуы мен «психологиялық жас» категориясы туралы түсінік. Л. С. Выготский жас ерекшелік кезеңдерінің дамуын «балалардың психологиялық негізі» және кілті деп атап көрсетеді. Кезеңдерді талдай келе, ол кезеңдеудің 3 түрін ашып көрсетеді:

1. Бала психикасының сатылай  дамуға байланысты балалық шақ кезеңі. Мысалы, Ст. Холлдың биогенетикалық принципіне байланысты алғашқы қауымдық және т.б. сатыларға бөлінуі.

2. Балалық шаққа бөлінуге байланысты  дамудың бір шартты критерийі алынады. Мысалы, дентиция – П. П: Блонский бойынша тістердің пайда болуы мен өзгеруі немесе З. Фрейд бойынша жыныстық даму тұжырымдамасы.

3. Даму үрдісі мен заңдылықтарды  феноменологиялық ерекшелік ретінде  сипаттау ( А. Гезелль еңбегі бойынша).

Л. С. Выготский балалық шақ үрдісінің дамуын есепке алатын принциптерді көрсетеді. Кезеңдерді ашып көрсету үшін бірнеше шамаларды атайды. Дамуға байланысты ішкі шама. «Баланың тұлғалық қалыптасуына тек қана ішкі дамудың өзгерісі әсер етеді». Объективтілік. Жас кезеңге бөлуде шарттылық және ырықтылық болмауы тиіс. Л. С. Выготский жас ерекшелік психологиясының негізін қалайды. Ол «психологиялық жас» деген түсінікті алдыға тартады да, оны бала дамуын талдаудағы «бірлік» ретінде қарастыруды ұсынады. 1932 – 34 жж. Л. С. Выготский «Проблема возраста» еңбегінде «Жас – жүйелі тұтас динамикалық пайда болу. Ол әрбір жеке дамудың негізгі бөлшегінің құрылысын көрсетеді». Әрбір психологиялық жас, Л. С. Выготский бойынша, әлеуметтік жағдаяттық дамудан тұрады.

Л. С. Выготский бойынша жас кезеңдерінің бөлінуі:

- Жаңа туған кезең дағдарысы;

- нәрестелік кезең ( 2 айдан – 1 жас);

- 1 жасарлар дағдарысы;

- ерте балалық кезең (1 – 3 жас);

- 3 жасарлар дағдарысы;

- мектеп жасына дейінгі кезең (3 – 7 жас);

- 7 жасарлар дағдарысы;

- мектеп жасы (8 – 12 жас);

- 13 жасарлар дағдарысы;

-  14 – 17 жас;

- 17 жасарлар дағдарысы.

Д. Б. Эльконин даму кезеңдері мен жас кезеңдер динамикасы туралы түсінік. Д. Б. Эльконин өзінің «К проблеме периодизации психического развития в детском возрасте» (1971) еңбегінде туғаннан 17 жасқа дейінгі баланың психикалық даму кезеңдерін ашып көрсетті. Әрбір психологиялық жас кезең бір – бірімен күрделі қарым – қатынаста болатын көрсеткіштермен мінезделеді:

1) Әлеуметтік даму жағдаяты.

2) Негізгі іс – әрекет.

3) Жаңа құрылымның пайда болуы.

Әлеуметтік даму жағдаяты баланың қоғамдағы алатын орнына байланысты анықталады. Баланың дамуына, сонымен қоса сол жасқа байланысты іс – әрекет те тығыз байланысты.

Негізгі іс – әрекет – баланың ұзақ уақытын алатын іс – әрекеті емес, психика дамуының негізгі іс – әрекеті. Олар:

- негізгі іс – әрекет ретінде  өзінің ішінде жаңа іс – әрекетпен ажыратылады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі кезеңде бала ойыны арқылы оқудың алғашқы элементтері пайда болады.

- негізгі іс – әрекет ішінде  психикалық процестер қалыптаса  бастайды немесе өзгереді. Мысалы, ойын кезінде баланың қиялы  қалыптасады.

- осы кезеңге тін негізгі  іс – әрекетті бақылау барысында  баланың жеке тұлғалық өзгерісі байқалады. Мысалы, ойын кезінде бала адамдар тәртібі мен мотивтерін меңгереді.

2 – кесте «Л. Б. Элькониннің балалық кезеңдегі психикалық даму периодизациясының сұлбасы»

 

Кезеңдер

Периоды

Хронология-лық

шекарасы

Негізгі іс – әрекеттің түрі

Іс – әрекет типі

Дамудың басымдылық

Жақтары

Ерте балалық кезең

Нәрестелік

кезең

0 – 1 жас

Тікелей эмоционалды

Қарым –

қатынас

1

Мотивациялық

Қажеттілік аймағы

 

Ерте балалық кезең

1 – 3 жас

Заттық –

манипуля –

циялық іс - әрекет

2

Интеллектуалдық

Танымдық аймағы

Балалық шақ

Мектеп жасына дейінгі кезең

3 – 7 жас 

Рольдік ойын

1

Мотивациялық

Қажеттілік аймағы

 

Кіші мектеп жасы

7 – 10 жас

Оқу

2

Интеллектуалдық

Танымдық аймақ

Жас –

өспірімдік кезең

Жасөспірім-дер

11 – 15 жас

Құрбы – құрдастармен интимді жекелік қарым - қатынас

1

Мотивациялық қажеттілік аймақ

 

Бозбалалық жас

15 – 17

Оқу мамандандыр-ылған

2

Интеллектуалды танымдық аймақ.


2.1 Баланың танымдық процестерінің даму жолдары.

Танымдық міндеттердің диапазоны өте кең – ең қарапайымнан күрделіге дейін. Табиғат әр баланың бойына даму мүмкіндіктерін дарытты және бүлдіршін кез келген танымдық әрекетінің ең биік шыңдарына шыға алады.

Мектепке дейінгі кезеңде баланың жас ерекшелігіне қарай танымдық белсенділігінің арқасында алғашқы әлем тану пайда болады. Адамның танымдық саласының пайда болу, даму және әрекет жасау үрдісінің әлем бейнесі қалыптасады. Танымдық қоғамда тұлғаның дамуын, сапалы және толық интеллектуалды, эмоционалды өмір сүруін қамтамасыз ететін күрделі білім ретінде қарастырамыз.

Танымдық саласында үш компонентті белгілеуге болады:

  1. Танымдық процестер: түйсік, зейін, ес, қиял ( 3 түрлі ой түрлерімен бейнеленген: көрнекілік – әрекеттік, көрнекілік – бейнелік пен логикалық ойлау операцияларымен: талдау, синтез, жалпылау, топтастыру, салыстыру және т.б.)
  2. Ақпарат: әлем танудағы адамзаттың жинаған тәжірибе мен жетістіктері. Оған адамзат тәжірибе мен жетістіктерді бейнелейтін, тарихи дамуда жинақталған ақпараттар көздері де жатады.
  3. Қатынас: әлемдегі өзгерістерге, объектілерге, заттарға жеке эмоционалды реакциялардың әсерінен құралатын адамның эмоционалды тәжірибесі.

Танымдық саланың барлық компоненттері тығыз байланысты, олар бірін – бірі толықтырып, анықтап отырады.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық дамуы педагог жұмысындағы танымдық саланың барлық үш компоненттерін талап етеді. Бірақ баланың танымдық процесі ересек адамның танымынан ерекше екенін ұмытпаған жөн.

Ес туа бітпейді. Ол баланың дамуында өзгеріп, тәрбие мен тіршілігінің әсерінен қалыптасады.

Бала өмірінің алғашқы кезеңінде ес ең қарапайым түрінде көрінеді – ағзаның тіршілігіне маңызды сыртқы ықпалды есінде сақтап қалу мен тану түрінде. Нәрестенің жоғары жүйке жүйесін зерттегендер (Н. И. Красногрский, Н. И. Касаткин және т.б.) есінде сақтап қалудың қарапайым түрі бала өмірінің бірінші айларында кездеседі дегенді тұжырымдайды. Ес шартта қатынастың қайталанған әрекеті негізінде болатын қоздырғышқа біртипті ықпал түрінде көрінеді.

Кешенді қоздырғыштарды қарапайым талдау негізіндегі есте сақтаудың күрделі түрі баланың үш – төрт айларында байқалады. Осының салдарынан әсер етіп тұрған объектінің бейнесі қалыптасып, есте сақталады. Алдында қабылданған объектілерді тану түрінде бала есінің негізі айқындалады.

Арнайы зерттеулер материалдарында 3 – 3,5 айлық балалардың көру және есту түйсігі арқылы тану әрекеті пайда болатыны дәлелденген. Көбінесе анасының дауысы мен бейнесі танудың бірінші объектілері болады. Бұл арада, тану әрекеті баланың ерекше қимылынан байқалады – басын көтеру, анасына қарай денесімен ұмтылу, жылау не жылауын қою және т.б.

3– 4 айында  тамақтануына қатысты заттарды  тани бастайды – ыдысына қарай  басын көтеріп ауызын ашады, ауызына қасықты жақындатқанда ему қимылдарын жасайды және т.б.

Тану процесінің шеңбері тамақтануына қатысты жағдайынан әрі қарай кеңейе түседі. 5 – 6 айлығында бала жақын адамдарын танып, оларды бөтен адамдардан ажырата бастайды.

7 – 8 айлығында  баланың ересектермен қарым –  қатынас процесінде пайда болатын  естің ерекше түрі – сөйлеу арқылы тану. Бастапқыда, баланың аталған заттарды көзбен белгілеуінен байқалады.

Кейін бала сөздерімен ғана қоймай, өзінің қимылдарымен заттарды сәйкестендіреді. 8 – 9 айлық балаларда сөйлеу сигналы негізінде қимылды қайталанғанын байқауға болады.  «Жасасын» сөзіне қол шапалақтау, «сау бол» сөзіне қол бұлғау және т.б.

Бала мен ересек арасындағы қарым – қатынас күрделенген сайын 1 – 2 жас аралығындағы есте сақтау объектісі сөйлеу бола бастайды.

Енді затты атаған кезде бала қимылдық әрекет (көзбен белгілеу, саусағымен көрсету) жасап қана қоймай, естіген сөзді қайталайды. Басында әдеттегідей, бала ересек адамнан кейін сөзді қайталайды, ал кейін бала затты көргенде, өзі атайды.

Өсе келе баланың қандай да бір жағдайда объектіні қабылдауы және тану мерзімі ұзарады. 2 жасында бала бірнеше апта өткеннен кейін де, дағдылы объектілер мен туыс адамдарды таниды, 3 жасар бала – бірнеше айдан кейін де, 4 жасар бала – бір жылдан кейін де барлығын таниды. Баланың дамуында объектіні көрмей де, оны есіне түсіру әрекеті маңызды болып табылады. Қазір көріп тұрған объекті бұрын көрген объекті мен кеңістік уақыт және жағдай қатынастарда болғандықтан, баланың есіне түседі.

Зейін – сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс – әрекетке бағытталуы және шоғырлануы.

Баланың зейінін дамыту. Зейінді дамытуда, әрі өтілетін сабақтың жемісті болуына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор. Оқушы еңбектенетін жерде, оның көңілін аударатын қоздырғыштардың (шу, баланы қызықтыратын қажетсіз әңгімелер) болмауы керек, қажетті гигиеналық шаралар сақталуы шарт (таза ауа, тиісті жарық).

Үлкеннің нұсқауымен түйілетін ырықты зейін 3 – 5 жас арасындағы балаларда болады. 3 – 7 арасындағы баланың зейінін дамытуға ойынның үлкен мәні бар. Бала ойнағанда алдына мақсат қояды, ойынның айла – тәсілін өздері таңдап, қимыл – әрекетін өздері ұйымдастырып, біреуі екіншісінің істегенін бақылайды. Бұл көріністе ырықсыз да ырықты зейіннің қызметі бар. Мектепке дейінгі дәуірдегі баланың ырықты зейінін дамытуға үй еңбегініе қатысуының, өзін – өзі күте білуінің пайдасы зор. Ырықты зейін мектеп жасында едәуір дамиды. Бала жасының ілгерілеуіне қарай, зейіннің жеке – жеке қасиеттері – көлемі, ауысуы, бөлінуі, күші мен тұрақтылығы дамиды. Жасқа толмаған баланың зейінінің көлемі өте тар. Бір қолында алма ұстап тұрған бөбектің екінші қолына конфет ұстатсаң, алманы тастап жібереді, өйткені зейінін екі жаққа бірдей бөле алмайды. Зейіннің бөлінуі баланың ойынында, оқу процесінде, еңбекке қатысында үлкендердің басшылығымен жетіледі.

Зейінді күшті және тұрақты ететін күш – ерік. Зейіннің кейбір қасиеттері ерікпен бірге дамиды.

Таным роцесінің негізгі түрінің бірі – сөйлеу, адамдардың дыбысты тіл арқылы өзара қарым – қатынас процесін «сөйлеу» деп атаймыз. Бұл қарым – қатынасты әр адам өзінше, тіл құралдары арқылы іске асырады. Ал тіл болса сол құралдардың (дыбыс, сөз, сөйлем) осылардың арасындағы байланыс жүйесі, яғни дыбыс қоры және сөздік қоры сондай – ақ грамматикалық формалары болып табылады. Тіл қоғамдық даму барысында, амалдардың өзара сөйлесу, қарым – қатынас жасау процесінде пайда болған, сөйтіп адам дайын тілді игереді. Ойлау мен сөйлеу бір – бірімен өте тығыз байланысты.

Бірінші сыныпқа немес мектепке дейінгі балалардың сөздерінің мағыналық жағы көп жағдайда жетіле қоймайды, сөздің мәнісін түсінуі нақты болмайды. Балалардың сөйлеу әрекеті жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп, айналасындағы адамдардың қисық айтылған сөздерін тез қағып алу арқылы кері әсер береді. Балалар еліктеуге, біреудің кемшілігін, кемістігін тез көруге өте жақын болады. Сондықтан әрбір мұғалім бірінші күннен бастап – ақ балалардың сөзбен сөйлемді өз мәнісінде дұрыс қолдануды қадағалауы тиіс. Тілді дамытуда монологты сөйлеудің пайдасы мол, ол баланың ойын, сөзін бөлмей аяғына дейін тыңдап, соңынан әңгіменің кемшіліктерін түзетіп отыруға тиімді. Сонымен қатар жазбаша сөйлеудің баланың тіл мәдениетін дамытуда ерекше орын алатын фактор. Сөздік қоры дұрыс дамымаған баланың жазба жұмыстары да дұрыс болмайды. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тілінің дамуын психологиялық тұрғыдан қарастырған Л. С. Выготский мен Швейцария психологы Жан Пиаже болды. Балалардың тілін дамыту үшін ең алдымен барлық дыбыстарды ажырата біліп, оны дұрыс айтуға үйрету барысында сөздің дыбыстық анализінің жүйелі түрде жаттықтыру қажет. Егер баланың тілінде кемшілік болса онда тиісті педагогикалық әдіспен мектепке келген күннен бастап бір қалыпқа келтіру қажет.

Адам ойлауының, қарым – қатынасының, эмоция, ішкі ойларын білдірудің іс – әрекетінің құралы – ол сөйлеу тілі болып табылады. Психикалық дамуы кешеуілдеген баланың сөйлеу тілінің қалыптасуы ерекше немесе кейде кеш болады. Ол анасымен эмоцияналдық байланысқа азырақ түседі. Олар қарапайым ситуациялық жағдайларға көп жағдайда жауап бере бермейді, тек интонацияны ғана сезеді.

Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық іс әрекеттерінің дамуындағы кемістіктер өздерін қоршаған балалармен және ересектермен өзара қарым – қатынас жасауынан байқалады. Бұл ақаулықтар балалардың әр түрлі жағдайларда өмір сүріп, тәрбиеленгендіктеріне қарамастан, олардың мектептегі барлық жылдарында да байқалады. Егер бала ұжымынан тыс қалса және өз құрбыларымен жеткілікті қарым – қатынас жасамаса, онда бұл баланың дамуын тежейді және мектеп жағдайында, қоршаған орта жағдайында әлеуметтік бейімделуін қиындатады.

Информация о работе Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясы