Ата – ананың бала алдындағы құқықтары мен міндеттері
Реферат, 16 Апреля 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу.
Содержание
Кіріспе
І. Ата – ананың бала алдындағы құқықтары мен міндеттері
ІІ.Отбасы және ненке
ІІІ. Отбасы тәрбенің бастауы
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Прикрепленные файлы: 1 файл
реферат.docx
— 42.58 Кб (Скачать документ)Жоспар
Кіріспе
І. Ата – ананың бала алдындағы құқықтары мен міндеттері
ІІ.Отбасы және ненке
ІІІ. Отбасы тәрбенің бастауы
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу.
Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің
ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері
жас нәресте дүниеге келген күннен бастап,
оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын
жоспарлайды және саналы азамат болып
өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған
баланың қажеттігін толық қанағаттандыру,
оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн
тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір
сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты
үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету,
бойында жастайынан мәдени құндылықтар
мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері
педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова,
М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова,
Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты
сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері
оның халықтық педагогика мұраларының
мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне
заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық
еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар,
тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз
көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі
бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың
мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп
отырған.
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік,
экономикалық, экологиялық, құқықтық,
сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ
отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге
асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат
тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің
мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын
нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін
дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына
тәрбиелеу болды.
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің
күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл
мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі
деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен,
еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық
шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне
баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында
олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру,
болашаққа мамандық таңдауға дайындауды
түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу,
баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың
қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей
қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты
тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік
және зиялылық жағынан қалыптастырудың
негізгі көзі болып табылады. Қазақ отбасы
баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға
қатыстыру, олардың тәртіп және мінез
құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға,
халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке
жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы
адамгершілікке тәрбиелей білді.
Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының
негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді.
Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау
іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен
қаруландыру, негізі ойлау операцияларын
меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын
қалыптастыру міндеттері шешілді. Тәрбиенің
басқа да салаларымен тығыз байланысты
тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге
де қазақ халқы ерекше мән берген. Қазақ
халқы бала тәрбиелеуде экономикалық
тәрбие деген ұғ,ымды пайдалабағанымен,
тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет
айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан.
Мысалы, «Еңбегі қаттының ембегі тәтті»,
«Еңбек- өмірдің тұтқасы, тіршіліктің
көзі», « Еңбек – түбі береке», «Үнемшілдік-сараңдық
емес», «Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді
сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жыйса
да тоймайды» деген мақалдары дәлел бола
алады. Бұл ата-бабамыздың экономикалық
тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде
екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ
отбасында экономикалық тәрбие арқылы
айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты
негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде
меңгеру жүзеге асты.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың
тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға,
отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал
табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы
ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу
сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету
арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып
табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке
үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп
отырған.
Бала тәрбиесі, оның жан – жақты дамуы, тұлға болып қалыптасуы қоғамымыздың, оның ішінде әрбір ата – ананың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Ата – аналардың құқықтары мен міндеттері халықаралық ратификацияланған және ҚР заңында, оның ішінде «Бала құқықтары туралы» Конвенцияда, Қр «Бала құқықтары туралы» заңында, ҚР «Білім туралы» заңында және өткен жылы толықтырылып , өзгертілген «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» заңында анықтап көретілген.
Атапа айтар болсақ, ҚР «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» заңың 11-тараудың «Ата – аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі» деп аталатын 68-бабында ата – аналардың балаларының алдында тең құқылы, яғни отбасының еріне немесе әйеліне ерекше бір артықшылық т.б. берілмейтіні баяндалады. Сондай – ақ, бұл ата – ана құқықтары балалары 18 жасқа толғанда немесе кәмілетке толмай жатып некеге турғанда тоқтатылады. Бұл жағдайда кәмілетке толмаған, некеде тұрмаған ата – аналарда бала туылмаған жағдайда, олар 16 жасқа толғанда ғана ата – ана бола құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алады. Ал ата – аналар 16 жасқа толғанға дейін олардың балаларына қамқоршы тағайындалады, ол өз кезегінде ата – анларымен бірге баланы тәрбиелеуді жүзеге асырады.
70-бапта ата – аналардың
балаларын тәрбиелеу ен білім
берудегі құқықтары мен міндеттері
баяндалады. Ата – аналар балаларының
денсаулығына, дене бітімінің дамуына,
жан – жақты өсіп жетілуіне,
емдетуге, тексеруге міндетті. Ата
– аналар балаларын тәрбиелеуге
құқылы және міндетті, яғни балаларын
рухани, эстетикалық, адамгершілік, патриоттық
тәрбие беруге жауапты.
1. Ата-аналар өз баласының
денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге
құқығы бар және осыған міндетті.
Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында
баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар
оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік
жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр
сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін
жауаптылықта болады.
3. Ата-аналар баласының міндетті
орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ата-аналардың бала жалпы орта
білім алғанға дейін оның пікірін ескере
отырып, білім беру ұйымын және баланың
оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
4. Баланың тәрбиесі мен білім
алуына қатысты барлық мәселелерді баланың
мүдделерін негізге алып және оның пікірін
ескере отырып, өзара келісу арқылы ата-аналар
шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушіліктер
болған кезде, бұл келіспеушіліктерді
шешу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
71-бап. Ата-аналардың баланың
құқықтары мен мүдделерін қорғау
жөніндегі құқықтары мен міндеттері
1. Ата-аналар өз баласының заңды
өкiлдерi болып табылады және арнайы өкiлеттiктерсiз
кез келген жеке және заңды тұлғаларға
қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары
мен мүдделерiн қорғайды.
2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
орган ата-аналар мен баланың мүдделерi
арасында қайшылықтар барын анықтаса,
ата-аналар өз баласының мүдделерiн бiлдiруге
құқылы емес. Ата-аналар мен баланың арасында
келiспеушiлiктер болған жағдайда, қорғаншылық
немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды
жүзеге асыратын орган баланың құқықтары
мен мүдделерiн қорғау үшiн өкiл тағайындауға
мiндеттi.
1. Ата-аналар өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және арнайы өкiлеттiктерсiз кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.
2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналар мен баланың мүдделерi арасында қайшылықтар барын анықтаса, ата-аналар өз баласының мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес. Ата-аналар мен баланың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн өкiл тағайындауға мiндеттi.
Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген жағдайда, баланың мүдделерін білдіруге құқылы емес.
72-бап. Ата-ана құқықтарын
баланың мүддесінде жүзеге асыру
Ата-ана құқықтары баланың мүдделеріне
қайшы жүзеге асырылмауға тиіс. Баланың
мүдделерін қамтамасыз ету оның ата-аналары
жасайтын негізгі қамқорлықтың нысанасы
болып табылады.
Ата-ана құқықтары баланың мүдделеріне қайшы жүзеге асырылмауға тиіс. Баланың мүдделерін қамтамасыз ету оның ата-аналары жасайтын негізгі қамқорлықтың нысанасы болып табылады.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиіс.
73-бап. Баласынан бөлек
тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын
жүзеге асыруы
1. Баласынан бөлек тұратын
ата-ананың баласымен араласуға,
оның тәрбиесі мен баланың
бiлiм алуы мәселелерiн және
бала үшін басқа да маңызды
мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар.
Егер мұндай араласу баланың
тән саулығы мен психикалық денсаулығына,
оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян
келтiрмесе, баласы өзімен бiрге тұратын
ата-ана баланың екiншi ата-анасымен араласуына
кедергi жасамауға тиiс.
2. Ата-аналары бөлек тұратын кезде
баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы
ата-аналарының келiсiмiмен белгiленедi.
Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың
арасындағы дауды баланың мүдделерiн негiзге
алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың
талап етуі бойынша қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын органның қатысуымен сот шешедi.
Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына,
аға-iнiлерi (қарындастары) мен апа-сiңлiлерiне
үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың
адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн,
ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы
қарым-қатынастарды, баланың дамуы және
тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн
(ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмыс режимін,
ата-аналардың материалдық және отбасылық
жағдайын және басқа да осындай жағдайларды)
ескередi.
3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын
ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге
асыру тәртiбi туралы жазбаша түрде келiсiм
жасасуға құқылы.
Егер ата-аналар келiсiмге келе
алмаса - дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда
осы органның және баланың ата-аналарының
қатысуымен сот шешедi.
4. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру
тәртібі туралы сот шешiмi орындалмаған
жағдайда, кiнәлi ата-ана Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Сот шешiмi қасақана орындалмаған кезде баласынан бөлек тұратын ата-ананың талап етуi бойынша сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың пiкiрiн ескере отырып, баланы оған беру туралы шешiм шығара алады.
5. Баласынан бөлек тұратын
ата-ананың білім беру ұйымдарынан,
медициналық және басқа да
ұйымдардан өз баласы туралы
ақпарат алуға құқығы бар.
Ата-ана тарапынан баланың өмiрi мен денсаулығына
қатер болған жағдайда ғана ақпарат беруден
бас тартылуы мүмкiн. Ақпарат беруден бас
тартуға сот тәртiбiмен дау айтылуы мүмкiн.
Ата-ана тарапынан баланың өмiрi мен денсаулығына қатер болған жағдайда ғана ақпарат беруден бас тартылуы мүмкiн. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртiбiмен дау айтылуы мүмкiн.