Салық басқармасы қызметін автоматтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 19:35, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жобаның заты ұйымның ақпараттық ішкі жүйесi болып табылады.
Мақсаты – Салық басқармасында заңды және жеке тұлғаларды тіркеу және есепке алудың ақпараттық ішкі жүйесін құру. Осы есептiң iске асырулары үшiн өңдеу Joomla бағадарламасымен орындалады.
Joomla – мазмұнмен басқару жүйесі, PHP және JavaScript тілдерінде жазылған, қойма ретінде MySQL деректер базасын қолданады. GNU GPL лицензиясында таратылатын ерікті программалық қамтама болып табылады.
«Салық басқармасында заңды және жеке тұлғаларды тіркеу және есепке алудың ақпараттық ішкі жүйесін құру» клиент қосымшасы файл жүйесi кестелерге деңгейде рұқсаты болады және дерек көзiмен өзара әрекеттесу үшiн арналған. Өзара әрекеттесу сәйкес редакциялауын деректер қорына өңдеген мәлiметтердiң бизнес-алгоритмдар және қайтаруын бағдарламада керi жүзеге асырылған қолданушылардың көруi үшiн мәлiметтердiң алуы, нақтылы қалыптағы олардың ұсынысы түсiнедi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

diplom изм.docx

— 1.88 Мб (Скачать документ)

Үшiншi болжам жиналмалы тазынан  жұмысты қолдайды - жинақтағыш.

Кеңейтілу дестелері:

-ActivePerl 5.8. толық версиясы;

-Python интерпретаторы;

-PostgreSQL ДББЖ немесе InterBase/FireBird 1 және 2 версиялары;

-РНР 5 версиясының интерпретаторы толық модульдер жиынтығымен;

-PHP 3 немесе 4 версияларының интерпретаторы;

-Parser интерпретаторы;

-CONFIGURATION де түзетулер. 

Joomla! – мазмұнмен басқару жүйесі, PHP және JavaScript тілдерінде жазылған, қойма ретінде MySQL деректер базасын қолданады. GNU GPL лицензиясында таратылатын ерікті программалық қамтама болып табылады.

Этимология

«Joomla!» атауы «Jumla» сөзіне ұқсас, суахали тілінен аударғанда «барлығы бірге» немесе «бірыңғай бүтін» дегенді білдіреді, бұл жүйенің  дамуына құрастырушылар мен қауымдастықтың көзқарасын көрсетеді.

Жүйе сипаттамасы

CMS Joomla! веб-сайтты жасау  үшін әртүрлі құралдарды өзіне  енгізеді. Жүйенің маңызды ерекшелігі  болып бастапқы орнату барысында  құралдардың минималды жиыны  болып табылады, ол қажеттілік  мөлшері бойынша толықтырылып  отырады. Бұл әкімшілік панельдің  қажет емес элементтермен толтырылуын  төмендетеді, сондай-ақ серверге  жүктемесін азайтады және хостингте  орынды үнемдейді.

Joomla! фронттық және әкімшілік  бөліктің интерфейсін кез-келген  тілде көрсетілуіне мүмкіндік  береді. Кеңейтілімдер каталогы  көптеген тілдік пакеттерден  тұрады, олар әкімшілеудің штатты  құралдарымен орнатылады. Орыс, украин  және ТМД елдерінің кейбір  тілдерін қолдайды.

Негізгі мүмкіншіліктері

- функционалдылығын қосымша  модульдер (кеңейтілімдер, плагиндер)  көмегімен кеңейтуге болады ;

- пайдаланушылар мен әкімшілердің  көпдеңгейлі аутентификациясы үшін  қауіпсіздік модулі;

- шаблондар жүйесі сайттың  сыртқы түрін оңай өзгертуге  мүмкіндік береді;

- модульдер орналасуының  бапталған схемалары, менюдің  сол, оң және орталық блоктарын  қоса;

- жүйе артықшылықтарына  барлық модульдер, компоненттер, плагиндер, шаблондарды өздігімізден  жазуға болатынын, кеңейтілімдердің  құрылымдалған каталогына орналастыру  немесе кеңейтілімді өз қалауы  бойынша өзгерту мүмкіндігін  жатқызуға болады.

Әкімшілеу мүмкіншіліктері:

- әрбір динамикалық бет  үшін іздеу жүйелерінде рейтингісін  жоғарылату мақсатында өзіндік  сипаттамасын және кілттік сөздерін  құруға болады;

- кез-келген материалдардың  жариялану басы мен аяғын күнтізбе  бойынша программалап тастауға  болады;

- сайттың белгілі бір  бөлімдеріне кіру мүмкіндігін  тек тіркелген пайдаланушылар  үшін шектеу мүмкіндігі;

- шаблон облыстары бойынша  элементтер орналасуының схемалары;

- әртүрлі модульдер (соңғы  жаңалықтар, сайтқа кіру есептеуіші, сайтқа кірудің нақты статистикасы, қонақ кітабы, форум және басқалар);

- әрбір контакт үшін  кері байланыстың бірнеше формасын  жасау мүмкіндігі;

- объекттер иерархиясы;

- жаңалықтарды тарату  менеджері. Бүкіл әлем бойынша  жаңалықтарды таратудың 360-тан  астам қызметтерін қолдауы.

- орнатылған визуалды  TinyMCE редакторы;

- ЧПУ – ««человекопонятный URL»;

- 5000 жуық дайын модульдер  мен компоненттер.

Минималды жүйелік  талаптар

Joomla жұмысы үшін қажет:

- PHP:

- PHP 4.3.10 немесе жаңарақ, 4.4.7 қолдану ұсынылады (Joomla! 1.5.x үшін),

- PHP 4.2.x немесе жаңарақ  (Joomla! 1.0.x үшін),

- MySQL 3.23.x немесе жаңарақ,  бірақ 6.x емес

- Apache 1.3.x немесе жаңарақ. 1.6 версиясы үшін PHP 5.2 және MySQL 5.0.4 қажет.

Құрылған жүйе жұмысы үшін аппараттық қамтамасыз етуге қойылатын  талаптар:

  • Процессор: Intel Pentium 3  1,5 ГГц;
  • Жедел жады: 256 Мб;
  • Арна бойынша жылдамдық: от 128 Кбит/с. 

Бағдарламалық қамтамасыз етуге  талаптар:

  • MS Windows XP SP3/ Windows 7/Vista Home;
  • Internet Explorer 6 және жоғары;
  • Mozilla FireFox 2 және жоғары;
  • Google Chrome 4 және жоғары;
  • Opera 10 және жоғары.

Құрылған қосымшаның дұрыс  жұмыс әстеуә үшін диск Z:/home/localhost/www/project атымен каталог құру керек және оған жоба жұмыстарымен байланысты барлық файлдар енгізіледі.

 

 

3.3 Есептің шешуі

 

Joomla!-да материалдарды  орналастыру құрылымы

Енді сайтымызды құруды бастауға болады. Бірақ Joomla-да сайт жасау үшін Joomla-да материалдардың орналасу құрылымын  және жұмыс істеу принципін түсіну керек.

Қысқаша айтқанда, Joomla! –  бұл РНР-скрипт, ол материалдарды  алып сайт шаблонында орналастырады, оларды пайдаланушылар браузерлерінде көреді және материалдар арасында байланысты меню көмегімен жүзеге асырады, сондай-ақ сайт үшін, пайдаланушылар үшін мазмұны  мен сервисті көрсету үшін Joomla! үшін кеңейтілімдер көмегімен қосымша  мүмкіндіктерді қосады: компоненттер, модульдер және плагиндер. Кеңейтілімдер  туралы кейінірек танысамыз, әзірше Joomla!-да материалдардың орналасу құрылымы туралы айтайық, өйткені бұл маңыздырақ және жаңа пайдаланушылар үшін алғашқы  қиындықтар туындайды.

Joomla!-да материалдар ретінде бейнелері бар мәтіндік материалдар есептеледі. Сайтта фото, аудио және бейне файлдарды көру үшін Joomla! үшін арнайы компоненттер қолданылады.

Материалдарды сақтау және көрсету үшін екідеңгейлі Joomla! құрылымы қолданылады: бөлімдер және категориялар. Бұл иерархияда бірінші, жоғарғы  болып бөлімдер тұрады, бөлімдерде категориялар орналасқан, ал категорияларда материалдар орналасқан. Айта кететін  жайт, материалдар тек категорияларда орналасуы мүмкін, бөлімдерде материалдардың орналасуы мүмкін емес. Сондай-ақ тура осындай құрылым кейбір компоненттермен  де қолданылатынын есте сақтау қажет, мысалы, фотогалереялар, каталогтар, хабарландыру тақталары, кейбір форумдар.

Joomla!-да бөлім құру

Сайт – ең алдымен, бұл  мазмұн. Сайтта мақалаларды (материалдар) орналастыру алдында құрылымын құрып алу қажет. Бөлімдер, категорияларды құру қажет, содан барып категорияларға материалдарды орналастыру қажет.

Joomla! басқару панелінде  авторизацияланғаннан кейін жоғарғы  менюдегі «Материалы» бөлімінен  «Менеджер разделов» таңдаймыз  немесе басқару панелінің бастапқы  бетіндегі «Разделы» батырмасын (жасыл папка суреті бар) басамыз.

Бөлімдер менеджері ашылады. Бөлімдер тізімінде ештеңе болмайды, сондықтан бөлімдерді құру керек  болады. Бұл үшін «Создать» басамыз (сурет 3.1).

 

 

Сурет 3.1- Бөлімдер менеджері

 

Бөлімді құруға арналған форма  ашылады. «Заголовок» пунктінде  бөлім атауын енгіземіз.

Сондай-ақ, бөлім жарияланады  ма екенін таңдаймыз. Егер бөлім жарияланбаған  болса (сайт пайдаланушылары үшін қол  жетімді болмаса), онда бұл бөлімде  орналасқан барлық категориялар және материалдар қол жетімсіз болады(сурет 3.2).

 

Сурет 3.2- Бөлім құруға арналған форма

 

«Доступ»: мұнда бөлімге  кіру рұқсатының деңгейін орнатамыз. Үнсіз  келісім бойынша «Все» тұрады, яғни барлық келушілер, ал егер «Зарегистрированные» деп қойса, онда материалдар мен  категориялар тек тіркелген пайдаланушылар үшін ғана қол жетімді болады.

«Изображение»: бөлім атымен бірге тұратын суретті таңдауға болады. Joomla!-да бірнеше суреттер бар, бірақ өзіміздің суреттерімізді сервердегі сәйкес папкаға жүктеп, қосуға болады.

«Описание раздела»: бұл  өріске бөлім сипаттамасын енгізе аламыз. Бұл сипаттама бөлім атауының астында бейнеленеді.

«Псевдоним» өрісіне бөлім  атын латиницамен енгіземіз, ол SEF-сілтемелерді құруда қолданылады (егер өріс толтырылмаса – псевдоним құру датасы бойынша  жобаланады, мысалы 2011−04−21 13:15:10).

Осының бәрін енгізгеннен  кейін «Сохранить» батырмасын басамыз. Құрылған бөлімімізді бөлімдер тізімінен  көруге болады.

Joomla!-да категория құру

Категория құру үшін әкімшілеу  панелінде авторизацияланамыз, содан  кейін «Категории» батырмасына  басып категориялар менеджеріне  кіреміз. Категориялар менеджерінде категориялар тізімін көреміз. Жаңа категория  құру үшін «Создать» батырмасын басамыз(сурет 3.3).

 

Сурет 3.3- Категориялар менеджері

 

Енді категориялар құру формасын  кірдік. Қажетті өрістерді толтырамыз(сурет 3.4).

 

 

Сурет 3.4- Категориялар құруға арналған форма

 

«Заголовок» - мұнда құрылатын  категория атын жазамыз.

«Опубликовано» - категория жарияланды ма, жоқ па екенін орнатамыз.

«Раздел» - мұнда категория  орналасатын бөлім таңдаймыз.

«Доступ» - пайдаланушылардың  қай тобына рұқсат берілетінін орнатамыз.

«Изображение» - тізімнен суретті таңдаймыз, ол категория атының жанында бейнеленеді.

«Описание» - категория сипаттамасын жазамыз.

Барлық қажетті өрістерді  толтырған соң «Сохранить» батырмасын басамыз.

Joomla!-да материал құру

Енді Joomla!-да материал құруға көшейік. Joomla! басқару панелінде  авторизацияланғаннан кейін, «Добавить  материал» батырмасын басамыз және материалды құру формасына көшеміз(сурет 3.5).

 

 

Сурет 3.5- Материал құруға арналған форма 

«Заголовок» пунктінде мақала атын жазамыз, ол материалдар менеджерінде көрінеді.

Материал жарияланған  ба екенін орнатамыз, яғни ол сайт пайдаланушылары  үшін қол жетімді ма екенін білдіреді.

«На главной» - бұл материал сайттың бастапқы бетінде жарияланады ма екенін білдіреді.

«Раздел» және «Категория»  пунктерінде материал орналасатын  бөлім мен категорияны орнатамыз.

Ортасында визуалды редактор орналасқан, онда мақала мәтінін енгіземіз  және сурет пен сілтеме қоямыз.

Оң жақ бағанада материал параметрлері орналасқан, бірнеше категорияларға бөлінген: Статьи, Расширенные және Мета-данные.

Параметры - Статьи:

«Автор» - материал авторы кім  болатынын таңдаймыз. Үнсіз келісім  бойынша «Administrator» болады.

«Доступ» - материалдарға  рұқсат деңгейін орнатамыз. Все (кез-келген сайтқа кірушілер), Зарегистрированный (сайтта тіркелгендер ғана) және Специальный (арнайы құрылған топтар).

«Дата создания» материалдың құрылу күнін белгілейміз. Үнсіз келісім бойынша сізбен құрылған күн белгіленеді.

«Опубликовано» - жариялауды бастауға рұқсат беретін функция, яғни мақаланы сайтта көрсетуін сіз белгілеген уақыт пен күнде көрсету.

Осы өрістердің барлығын толтырғаннан және мәтінді визуалды редакторды енгізгеннен  кейін, «Сохранить» батырмасын басамыз.

 

    1.  Ақпараттық ішкі жүйесінің қолданушы нұсқаулығы

 

Семей қаласындағы Салық  Басқармасының ақпараттық-ішкі жүйесі кез келген келушілеріне басқарма жайлы ақпарат бере алады.  Ол келушілердің уақытын үнемдейді, оны сіз ғаламторы бар кез келген компбютерден таба аласыз немесе Салық Басқармасының Анықтама Бюросында.

Ақпараттық – ішкі жүйе Joomla! бағдарламасының көмегімен жүргізілді.

Ақпараттық-анықтама жүйесіне кіргенде бастапқы бет(сурет 3.6) ашылады. Басты бетте жалпы сайттың не үшін керектігі жайлы жазылған.

 

 

Сурет 3.6 - Басты бет

 

Бұл сайтқа кіру үшін авторизациялану  қажет болады (сурет 3.7), ал егер тіркелмеген болса, тіркелі мүмкіндігі бар(сурет 3.8).

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3.7- Авторизация

 

Сурет 3.8- Басты меню

 

Басты менінен «Руководство»  батырмасын басу арқылы Салық басқармасының  басқару құрылымын, әрбір басшынығ атқаратын қызметін, тұрғындарды  қабылдау уақыттарын көруге болады (сурет 3.9).

 

 

Сурет 3.9- Басқару құрылымы терезесі

 

Басты менюінен келесі пунктін  таңдау арқылы «Структура» атты терезені ашамыз (сурет 3.10).

 

Сурет 3.10 - Салық басқармасының құрылымы

 

Енді басты менюінен келесі пунктін таңдау арқылы «Налогоплательщикам» атты терезе ашылады, онда салық төлеушілерге қысқаша ақпарат берілген (сурет 3.11).


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3.11- «Налогоплательщикам» терезесі

 

«Налогоплательщикам» менюін таңдаған кезде «Физические лица» менюі шығады(сурет 3.12).


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3.12- «Физические лица» менюі

 

 

 

Сурет 3.13- «Физические лица» терезесі

 

«Физические лица» менюі  бірнеше бөлімшеге бөлінеді, әрбір  бөлімше өзінде ақпарат сақтайды (сурет 3.13).

Информация о работе Салық басқармасы қызметін автоматтандыру