Салық басқармасы қызметін автоматтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 19:35, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жобаның заты ұйымның ақпараттық ішкі жүйесi болып табылады.
Мақсаты – Салық басқармасында заңды және жеке тұлғаларды тіркеу және есепке алудың ақпараттық ішкі жүйесін құру. Осы есептiң iске асырулары үшiн өңдеу Joomla бағадарламасымен орындалады.
Joomla – мазмұнмен басқару жүйесі, PHP және JavaScript тілдерінде жазылған, қойма ретінде MySQL деректер базасын қолданады. GNU GPL лицензиясында таратылатын ерікті программалық қамтама болып табылады.
«Салық басқармасында заңды және жеке тұлғаларды тіркеу және есепке алудың ақпараттық ішкі жүйесін құру» клиент қосымшасы файл жүйесi кестелерге деңгейде рұқсаты болады және дерек көзiмен өзара әрекеттесу үшiн арналған. Өзара әрекеттесу сәйкес редакциялауын деректер қорына өңдеген мәлiметтердiң бизнес-алгоритмдар және қайтаруын бағдарламада керi жүзеге асырылған қолданушылардың көруi үшiн мәлiметтердiң алуы, нақтылы қалыптағы олардың ұсынысы түсiнедi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

diplom изм.docx

— 1.88 Мб (Скачать документ)

Бағдарламаның 4 бөлігі бар:

-басқару тақтасы;

-мәзір қатары;

-жұмыс аймағы;

-жай-күй жолағы.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1.1 - ИСАЖ бағдарламасы

 

Басқару  тақтасында бағдарламаның  атауы және салық басқармасының  аты жазылады. Мәзір қатарында 8 түйме  бар. Атаулары:

        1. Тіркеу (Регистрация).
        2. Есеп (Учет).
        3. Арнаулы салық режимі (Специальные налоговые режимы).

4. Құжаттар (Документы).

5. Аналитика.

6. Ішкі (Справочник).

7. Әкімшілендіру (Администрирование).

8. ? (Анықтама).

«Салық төлеушілерді тіркеу»  бөлімі осы мәзірдің ішінен тек қана «Тіркеу» мәзірімен ғана жұмыс жасайды. Себебі оның ішінде тек қана тіркелуге  байланысты құжаттар тізімі ғана бар. Бұл мәзірде сонымен қатар  салық төлеушіге куәлік беру үшін қажетті ақпараттар, сонымен қатар  Республикалық нарыққа жасалған сұраныстар тізімі орналасқан(сурет 1.2).

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1.2- ИСАЖ бағдарламасы

 

9. СКУНС және СЕӨЖ (СОНО)

СКУНС бағдарламасы салық  басқармасындағы жергілікті бағдарлама. Ол жергілікті қорда тіркелген тұлғалардың  мәліметтерін жиыстырып отырады. Сондай-ақ оған тіркелген тұлғалардың мұрағатқа  кеткенде бекітілген нөмірін көрсетеді. Сол себепті ол салық басқармасының  тіркеу реестрі ретінде қызмет атқарады. Бұл жергілікті бағдарлама болғандықтан оның әр ауданда қолданылуы әр түрлі  болып келеді. Сол себепті бұл  бағдарламада өзгерістер мен толықтырулар аз болады. ерекшелігі бұл бағдарламады ИСАЖ бағдарламасында көрсетілмеген  көптеген мәліметтер жазылып отырады. Яғни оның басты қасиеті болып  табылады.

СЕӨЖ (СОНО) салық төлеушілердің  салық басқармасына берілетін есептердің нысандарының жиынтығы болып табылады. Онда барлық салықтар бойынша есептіліктер, өтініштер, декларациялар кірістірілген. Өз кезегінде ЭФНО НП, НДС НП, ИСИД НП бағдарламасының біріктірілген  көрінісі болып табылады. Сондықтан  да ол салық төлеушілер үшін маңызды  бағдарлама болып табылады. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің меншігі болып табылады. Бірақ тұлғалар арасында тегін таратылады. Тоқсан сайын жаңартулар мен өзгертілері болып отырады.

Бөлімнің жіктелуі

Атқаратын қызметі бойынша  бөлімді 5 бөлімшеге жіктеуге болады:

    1. жеке тұлғаларды тіркеу;
    2. жеке тұлғаларды жеке кәсіпкер ретінде есепке алу;
    3. заңды тұлғаларды тіркеу;
    4. салық төлеушілерді ққс төлеуісі ретінде есепке қою;
    5. фискалды жады бар бақылау-касса машиналарын тіркеу.

Қазақстан Республикасының  азаматы дүниеге келген сәттен бастап салық басқармасында есеп тұруы  қажет. Сондықтан азаматтарды тіркеу кезінде жасына сәйкес 2 үлкен топқа  жіктейді:

1.Балалар – 16 жасқа  толмаған, жеке басты куәландыратын  құжат берілгенге дейін;

2.Ересек адам – 16 жастан  асқан азаматтар.

Бұл азаматтарды тіркеу ерекшеліктері  әр түрлі болып келеді. Егер де ересек адамдарды бастапқы құжаттар негізінде  тікелей тіркесе, балаларды құжаттары  арқылы ата-анасы арқылы тіркейді. Олардың  құжатталуының негізі бірдей болғанмен, кейбір айырмашылықтары бар. Ересек адамды салық базасына есепке қою  кезінде келесідей құжаттар тізімін  лауазымды адамға ұсынуы керек:

-001 нысандағы салық төлеуші  ретінде тіркеу үшін өтініш;

-жеке басты куәландыратын  құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы;

-мекен-жайын анықтайтын  құжат(үй кітабы немесе мекен-жй  бюросынан анықтама)  көшірмесі  және түпнұсқасы;

-егер болса алдында  алған СТТН құжаты;

-кейбір жағдайларда қолдан  жазылған өтініш.

001 нысандағы өтініш ең  алдымен ИСАЖ бағдарламасында  салық төлеушіні дұрыс тіркеу  үшін қажет. Мұндағы барлық  жазылатын мәліметтер толығымен  ИСАЖ бағдарламасындағы 001 нысанын  негізінде салық төлеушілерді  тіркеу нысанымен сәйкес келеді. Сондықтан бұл салық төлеушілерді  салық базасына тіркеу үшін  тиімділік үшін жасалады. 001 нысаны 4 беттен тұрады. 7 бөлімге жіктелген.

10. Салық төлеуші (СТ) кабинетінің жалпы сипаттамасы

«Салықтөлеуші кабинеті» web-қосымшасы  ерекшеліктерінің бірі - ҚР ҚМ СК web-ресурстарында  салықтөлеушінің жеке ақпараттық кеңістігінің болуында. Сонымен бірге, салықтөлеуші ҚР ҚМ Салық комитетінің ақпараттық ресурстарымен оған кез-келген ыңғайлы  орыннан, интернеттік бүкіләлемдік желісіне қол жетіліммен қолдана  алады, салықтөлеушіде «Салықтөлеуші  кабинеті» web-қосымшасы арқылы салық  органдарымен ұсынылатын қызметтер  туралы электрондық түрде ақпарат  алуға мүмкіндігі бар.

Салықтөлеуші  үшін «Салықтөлеушінің кабинеті» web-қосымшасының тағайындауы электрондық түрде салық есептілігінің формасын құру бойынша жұмыстарды автоматтау, салық органдарына ұсынатын ақпараттық жеделдігін жоғарлату және СТ үшін салық органдары жұмысының анықтылығын жоғарлату болып табылады. Осы қосымша салықтөлеушінің жеке сертификатын қолданумен ғана алуға мүмкін дер және қол жеткізу болып табылады.  

Тіркеу деректерін ұсыну:

  • жеке есеп-шотын ұсыну;
  • нақты жеке есеп-шотын ұсыну;
  • жеке есеп-шоты бойынша үзіндіні ұсыну;
  • салықты және бюджетке басқа да міндетті төлемдері төлеу;
  • ескертпені/хабарламаны ұсыну;
  • салық арызын беру мүмкіндігін ұсыну;
  • салық тексерісі нәтижелерін шағымдау мүмкіндіктерін ұсыну;
  • салық салу объектілерінде салықтөлеушіде тіркелген туралы ақпарат ұсыну;
  • салық оқиғалары күнтізбесін ұсыну.

Қазақстан Республикасында "электронды үкіметті" дамыту аясында "Салық төлеуші кабинеті" (бұдан әрі - СТ кабинеті) деген Web-қосымша 2009 жылғы 20 наурызда тәжірибелі пайдалануға енгізілген.

СТ кабинеті арнаулы клиенттік  қосымшаны пайдаланусыз электронды түрде салық есептілігі нысандарын құрастыруды автоматтандыру, салық  органдарына ұсынылған ақпаратты  жеделдетуді көбейту және салық  органдарының жұмыстарының тұнықтығын ұлғайту болып табылады.

СТ кабинеті ерекшеліктерінің бірі- ҚР ҚМ СК Web-ресурстарындағы салық  төлеушінің жеке ақпараттық кеңістігінің бар болуы. 
Салық төлеуші кез-келген ыңғайлы жерден бүкіл әлемдік интернет желісіне кіре отырып:

  1. салық есептілігін дайындап, оны сәйкесті салық органына тапсыру 
    мүмкіндігі бар;
  2. салық есептілігі нысандарын қабылдау, өңдеу (СЕН) бойынша

мәртебесін қарай алады;

- дербес шоттың ағымдағы жағдайын  қарай алады;

  1. дербес шоттан үзінді ала алады;
  2. СЕН қабылдау туралы, салық берешегі туралы хабарлама алады;
  3. хml жэне рсf" форматындағы алдын- ала дайындалған СЕН СТ кабинетінде импортталады. Қазіргі уақытта СТ кабинетінде келесі функционал жүзеге асырылған:

1." Жеке табыс салығы бойынша  декларация" 210 СЕН қабылдау жэне  өңдеу (2008 жыл үшін);

  1. СЕН толтыру ( толтыру көмекшісі)
  2. Жұмысты бұдан әрі жалғастыру үшін "жұмыс қағазы" ретінде 210

СЕН сақтау;

  1. хml, рdf" форматындағы 210 СЕН импорт және экспорт мүмкіндігі;
  2. рdf" форматындағы 210 СЕН бланкісін көшіріп алу мүмкіндігі;
  3. ҚР ҚМ СК КО ЭСҚ СЕН қолы;
  4. "СТ кабинеті" серверіне СЕН жіберу;
  5. "СТ кабинетіне" бұрын жіберілген СЕН қарау мүмкіндігі;
  6. салық органына СЕН тапсырылған туралы Дәлел/ Анықтаманы алу;
  7. дербес шот жағдайын қарау;
  8. дербес шот бойынша үзінді алу;
  9. салық берешегі туралы хабарлама алу;

СТ кабинетінде жұмыс жасау  үшін ҚР ҚМ КО берілген криптографиялық  кілт болуы керек, ал "СТ кабинетіне" кіруді жүзеге асыратын жұмыс станциясы  келесі сипаттарға сәйкес болуы керек:

  1. Операциялық жүйе- Windows (98, 2000 ХР, Vіstа) отбасы;
  2. Браузер - Іnternet: Ехрlогег 6.0 или 7.0;
  3. Жұмыс станциясындағы Кабинетпен жұмысты жүзеге асыратын 
    пайдаланушы локальды жұмыс станциясында администраторлар 
    тобына кіру керек;
  4. 80 және 443 порттары бойынша локальды желіге рұқсат болуы 
    қажет.

СТ кабинетінің web-қосымшасы һttр://саbіnet.sаІук.кz. адресі бойынша орналасқан. Онда СТ кабинетінің жұмысы және пайдаланушының ұсыныстары бойынша толық нұсқаулық орналасқан. СТ кабинетімен жұмыс жасағанда штаттан тыс жағдайлар пайда болған кезде ҚР ӨМ СК қолдау қызметіне  sds@mgd.kz электронды адресі бойынша хабарласуды ұсынамыз.

Жүйені қолдану   шарттары

Төменде Жүйенің кәдімгідей жұмыс істеуіне СТ кабинеті пайдаланушының жұмыс орнына негізгі талаптарын сипаттау ұсынылған.   

Аппараттық қамтамасыз етуге  талаптар:

  • Процессор: Intel Pentium 3  1,5 ГГц.
  • Жедел жады: 256 Мб.
  • Арна бойынша жылдамдық: от 128 Кбит/с. 

Бағдарламалық қамтамасыз етуге  талаптар:

  • MS Windows XP SP3 немесе Vista Home;
  • Internet Explorer 6 және жоғары;
  • Mozilla FireFox 2 және жоғары;
  • Google Chrome 4 және жоғары;
  • Opera 10 және жоғары;
  • Adobe Reader 8 және жоғары;
  • Java  1.6.0_12 және жоғары (жоқ болса «Баптау шеберін» пайдалану қажет).

Салықтөлеуші  кабинетіне кіру

 

 СТ кабинетіне кіру үшін интернет-шолуды қосу қажет және http://cabinet.salyk.kz. мекен-жайын көрсету қажет. СТ кабинетіне кіру үшін 2 нұсқа бар:

  • Жеке компьютерден кіру - жеке компьютерден кіруге арналған Салықтөлеуші кабинетіне кіру нұсқасы.
  • Бөтен компьютерден кіру - СТ кабинетінен шыққан кезде тіркеу сертификатын жою кезінде жалпы қол жеткізу компьютермен енгізуге арналған  Салықтөлеуші кабинетіне кіру нұсқасы.

Кірудің талап ететін нұсқаны таңдаңыз және тиісті батырманы басыңыз (сурет 1.3). 

 

 

Сурет 1.3- Салық төлеуші кабинеті

 

СТ кабинетімен жұмыс жасау  үшін алдымен интернет-шолуда ГОСТ тіркеу куәлігін орнату қажет. Жүйеде СТ кабинетінде тіркеу сертификатын автоматты орнату қарастырылған. Ол үшін СТ кабинетіне кірер алдында  компьютерді жөнге салу шеберінің  әрекеттерін орындау қажет. Болашақта  пайдаланушы жұмыс орнын кірер  алдында жөнге салу талап етілмейді.

СТ кабинетінің ақпараттық бетінде  тиісті сілтемеге басқан кезде көруге болатын Жөнге салу жөніндегі  нұсқаулық, үйрететін бейнероликтер, СТ кабинетінде жұмыс жасау үшін пайдалы сілтемелер ұсынылған.

 

 Салықтөлеушілер түрлері  және қол жеткізетін серверлердің тізімі

СТ кабинетіне кірген кезде  салықтөлеушінің тіркеу куәлігі  мәліметтерінің құрамы бойынша СТ түрі анықталады. Кейін СТ аталған түрі үшін қол жеткізетін серверлерді  автоматты жөнге салу жүргізіледі. 

Егер СТ жеке кәсіпкерге жатса, онда экранда тапсырысымен ақпараттық хабарлама шығады. Тиісті жолаққа  жалау орнатумен СТ талап етілетін түрін таңдаңыз және «ОК» батырмасын басыңыз(сурет 1.4).

 

 

Сурет 1.4- Салық төлеуші түрін таңдау

 

Егер СТ нотариус болса, онда «сіз СТ кабинетіне жеке тұлға ретінде  немесе нотариус ретінде кіргіңіз келенді  ме?» деген сұраныспен ұқсас ақпараттық хабарлама көрінеді.

Информация о работе Салық басқармасы қызметін автоматтандыру