Linux операциялық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 21:31, курсовая работа

Краткое описание

Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix.
Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды.
Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.
OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………..
3
1
Linux операциялық жүйесімен танысу………………………………...


1.1 Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері.………………......


1.2 Linux-тің таралуы…………………………………………………...


1.3 Linux жүйесі…………………………………………………………

2
Көпқолданбалы операциялық жүйе……………………………………


2.1 Көптапсырмалы операциялық жүйе………………………...……..


2.2 Операциялық жүйедегі басқарылатын объектілер………………..


Қорытынды……………………………………………………………..


Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Linux операциялық жүйесі.docx

— 32.07 Кб (Скачать документ)

Linux жүйесі, Windows  NT мен Windows 2000 сияқты, Реntium II екілік жүйесі тәрізді көппроцессорлы компьютерлерді қолдайды. Бұл компьютерлер шын мәнінде екі бір уақыттағы әрекетті орындайды. Көппроцессорлық көптапсырмалылықпен бірге бір компьютерде орындалатын бір уақытта іске асатын бағдарламалар санын айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді.

Операциялық жүйедегі басқарылатын объектілер

Операциялық жүйелер программалар жұмысын басқарады. Оларды есепке жібереді, тоқтатады және өшіреді. Өз кезегінде  ОЖ-де микропроцессорда орындалатын  программа. Программаны орындауға  кірісу дегеніміз ол сол программаның командаларын бірінен соң бірін орындау. Программа және оның мәліметтері сол уақыттағы үрдіс ағынын анықтайды.

Сондықтан, оперциялық жүйе басқаратын объектілердің бірінші класы ол үрдістер ОЖ үрдістермен келесі әрекеттерді орындайды: үрдісті құру, үрдісті жүктеу, үрдісті тоқтату, үрдісті жаңарту (жалғастыру),үрдісті жою. Егер үрдіс деп программа орындалуын айтсақ онда ол ешқандай баяндауды қажет етпейді. әдетте, ОЖ бір ғана емес, көп үрдістермен жұмыс жасайды. Үрдістер бір-бірімен белгілі бір қатынаста бола алады. Мұндай қатынас бірінші түрі ол тәуелсіздік, яғни бір үрдіс екінші үрдіс күйіне ешбір әсер етпейді. Математика көпмүше объектілері арасындағы қатынастарын баяндағанда формальді логикалық ережелер қолданылады.

Келесі ОЖ басқаратын өте  маңызды объекттің бірі ол қор (ресурс).

ОЖ теориясында қордың анықтамасы ол кең және формальді  мағынаға ие. Қор ұғымына мынадай  түсінікті әрі сезуге болатын объекттер жатады: жедел жады көлемі, сыртқы құрылғыларының көлемі, көптеген енгізу-шығару құрылғылары. Уақыт қорына келетін болсақ, ол ұғым ұқыпты талдануы қажет. Біріншіден, ОЖ астрономиялық уақытпен жұмыс жасайтын болғандықтан, оған жылын, айын, күнін, сағатын және секундын білу керек. Екіншіден, есептеу жүйесінің жұмысы үзіліссіз жүрмейді. Машинаның қалыпты жұмысын ғана есептейтін процессорлық уақыт енгізілген. әр программа белгілі бір уақытты қажет етеді: ол тоқтайды, содан соң қайта іске қосылады. Сол себепті есептеу үрдісінің ішкі уақыты ұғымы енгізілген.

Астрономиялық уақытты (күнтізбе уақыты) бәрі пайдаланады, бірақ ол одан таусылмайды, не болмаса баяулап бағытын қарама-қарсыға ауыстырмайды. Орталық санағыштың уақыты мүлдем басқа. Егер санағыш біреу болса және астрономиялық уақыт үзіндісін ол белгілі бір программаны орындаса (бұл кезде басқа программалар орындала алмайды) онда ол программалар арасында бөлінуді қежет ететін қор ретінде анықталады.

 

Linux операциялық  жүйенің негізгі қасиеттері

Толық көпқолданбалы операциялық жүйе. Ол бір мезгілде бірнеше жұмыстарды орындауда компьютердің барлық ақпараттық ресурстарын қолданады.

Виртуалдық жадының жәрдемі. Linux қатты дискінің бөлімін виртуалдық жады ретінде пайдалана алады. Операциондық жадыда активті процестерді сақтайды және дискіге програманың аз қолданылатын бөлімдерін кіргізеді. Жүйенің барлық жадысы қолданылады (виртуалдық және операциялық), Linux үшін бағдарламалармен дискінің жалпы жадысы сипатталады.

Операциялық жүйенің графиктік  ортасы. XWindow – бұл стандартты интерфейс, ол Unix-те графиктік мүмкіндіктерді орындайды.

Linux барлық қолданбалы  тор хаттамаларын, сонымен бірге  Интернет-хаттамасы TCP/IP, желілік  хаттамалары SMB* және Novell, Nis ақпараттық  хаттамалары, NFS, WINS және т.б. желілік файлдық жүйенің хаттамаларына жәрдемдеседі.

Кітапхана байлығы. Әрбір жұмыстағы қайталанатын процедураларды сақтаудың орнына жүйе стандартты кітапхана жиынын береді. Олар қажет уақытта бағдарламаларға қосылады.

SysV, BSP және IEEE POSIX 1 стандарттарына  ұқсас болуы. Linux көбінесе стандарттарды қолданады.

Операциялық жүйенің ашық мәтіні. Linux AT&T* сияқты саудалық дамытылуларын  пайдаланбайды. Сондықтан әрбір адам өзінің OS модулін жазуға мүмкіндік алады.

Басқа операциялық жүйелерге қарағанда өте арзан.

Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі уақытта Linux-ке арналған он вирус қана белгілі. Олардың ешқайсысы операциялық жүйеге зиян келтіре алмайды.

 

Linux-тің таралуы

“Linux тегін” – бұл Linux-тің  әрбір түрі мен дистрибутивтерін таратушылардың негізгі постулаты. Linux GNU GPL лицензиялық сәйкестенушілікке байланысты таралады. Бұл мазмұнды және көлемді құжатты қысқаша былайша беруге болады:

Жүйе тегін таралады.

Операциялық жүйе жиынын және оған кіретін мағлұматтарды сатуға дайындалғаны үшін сатушының кез  келген баға қоюға құқығы бар.

Лицензияда көрсетілген  сатып алушының құқықтарына сатушының  қарсы құқысы жоқ.

Соңғы бөлімше ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Дистрибутив құраушысы және сатушы сатып алушыға дистрибутивті пайдалану құқығын береді, сатып алушының оны көбейтуге және тегін таратуға мүмкіндігі бар. Бірақ Linux тегін деп те айтуға болмайды: сатып алушы сатушыға оның компакт-дискіге жазуға, қапталуы мен сатылу орнына әкелінуіне кеткен қаражатты төлейді.

Бұл бойынша Қазақстан  Республикасында әрбір Linux дистрибутивінің лицензиялық көшірме күнделікті 300-1500 теңге бағасымен сатылады.

Linux ұсынатын жабдықтардың  әр түрлілігін ескере отырып, ол арзан тұрмайды деп аңғаруға болады. Дегенмен ол бұлай емес! Linux ядросы мен оған жазылған бағдарламалардың көп бөлігін Іnternet арқылы, негізінен көшірме жасауға және таратуға ешбір шектеу қойылмаған, олар тегін таратылады.

Ең алдымен, Linux ядросы GNU GPL (General Public License         жалпы түрдегі қоғамдық лицензия) лицензиясы негізінде таралады. Бұл тегін бағдарламалық қамтамалар фондымен (Ғrее Software Foundation) құрылған тегін бағдарламалық қамтамаларды таратуға негізделген арнайы лицензия. GNU лицензиясы бойынша бағдарламалық қамтаманы тегін немесе ақшалай GNU лицензиясының шарттары орындалған жағдайда таратуға рұқсат етіледі.

GNU лицензиясының тағы  бір маңызды ерекшелігі барлық бағдарламалық қамтамалар бастапқы мәтіндерінің толық жиынымен таралуы қажет. Бастапқы мәтіндерге қол жеткізбейтіндіктен өзгертулер енгізуге болмайтын саудалық бағдарламалық қамтамалармен салыстырғанда, GNU бағдарламаларын модификациялауға рұқсат етілумен қатар толық еркіндік беріледі.

Linux операциялық жүйесін  және оған арналған бағдарламаларды  құрудың осындай тәсілінің сәтті болуы соншалық — оны Netscape компаниясы өзінің Communicator бағдарламалар тобы үшін қабылдады.

 

Жүйе дистрибутивтері

Бүгінгі күні Linux-тің бір ядросы бар және оның жетілдіруін Линус Торвальдс (Linus Torvalds) және Алан Кокс (Alan Koks) координациялайды. Linux дистрибутивтар жиыны (20-30-дан кем емес), олардың айырмашылығы: функционалдық тағайындауында және дистрибутивке енген бағдарламалық қамтамасыз ету құрамымен. Кейбір дистрибутивтер ондаған компакт-дисктен, ал кейбіреулері бір-екі дискетадан тұрады.

Дистрибутив үшін құжаттар бөлек беріледі. Бірақ оған көптеген ережелер, анықтамалық файлдар және HOWTO кіреді, сондықтан сауатты қолданушы құжатты қажет етпейді.

Linux-ті мықты құрастырушылар: Red Hat Inc., және Mandrake S.A. өздерінің нұсқаларын  дистрибутивке енгізеді, бірақ бұл  OS* жиынының бағасының көтерілуіне  әкеліп соғады.

Linux дистрибутивтері көптеген  әр түрлі компаниялармен шығарылады. Бүгінгі күні Linux-тің 90 түрі бар, бірақ олардың барлығы Unix стандарттарымен ұқсас. Батыстағы Linux-тің негізгі құрастырушылары:

Red Hat, Inc. – Red Hat Linux-тің үш түрін: Home, Standard және Professional шығарады;

Caldera, Inc. – Caldera Open Linux түрін шығарады;

Debian Group – Linux Debian;

Corel, Inc. – әмбебап саудаға қондырылуы ыңғайлы Corel Linux шығарады, ол Linux Debian қорында сақталады;

SUSE Group – S.U.S.E Linux-ті шығарады, әсіресе еуропалық тілдер үшін локальданған.

Келесі дистирбутивтер ТМД  территориясында өте танымал:

“Процедура” қоғамынан Red Hat Linux. Бұл компания ТМД саудасы үшін ыңғайлы бағамен сатылатын Red Hat дистрибутивтерінің көшірмелерін шығарады.

Ресей-француз “Mandrake S.A.” компаниясынан Mandrake Linux дистрибутиві. Linux-тің бұл түрі жақсы орыстілдік локализациямен, көлемді құжаттарымен және арзан бағамен танымал.

Black Cat Group, BC Linux дистрибутивімен танымал. Бұл Red Hat дистрибутивінің түрі, бірақ ол Украинаға ғана локальданған.

Техникалық аспектісінде бұл барлық дистрибутивтерінің айырмашылығы өте бос қарастырылады (айырмашылықтар динамикалық кітапханаларда, аудармаларда және қондырушы бағдарламалардың түрлерінде бар). Таңдаудың негізгі критериі тек дистрибутивтің қателерінің, аударманың және бағаның болмауы болып табылады.

 

 

 

Қорытынды

Linux операциялық жүйесіне бірінші назар тастап көрдік, оның басқа жүйелерден абзалдығы(Linux жүйесінде вирустардан нұқсан көрмейміз) болмаса, кемшлігі(жүйенің ілінуі дегенді ұмытасыз) жоқ. Бірақ әр жүйенің өзіне тән ерекшеліктері, оны үйренуде қиыншылықтар болады. Оның бәрін атап өту қиын мәселе. Біздер Windows-тан басқа да жүйелер бар және Windows-тан жақсы екенін білдік.

Әлдеқашан мақұлдайтын уақыт  келді, Windows бәріне жалғыз және жақсы операциялық жүйе емес. Иә, онда әдемі программа орнатқышы бар, жағымды және ыңғай интерфейс(GUI) бар, өте көп қолданбалы бағдарламалары және өңдеу құралдары бар. Бірақ — сөйтсе де Windows — жалғыз операциялық жүйе емес, және жақсы жүйе емес. Linux, BSD, UNIX-тің басқада сыңарлары – бұлар тек өте жақсы серверлік жүйе (бұған көпшіліктің көзі әлдеқашан жетті) емес, бұл жүйелер Microsoft компаниясының Windows жүйесіне елеулі бәсекеші. Үміттенеміз бұл бәсеке, біздердің бәріміздің, пайдаланушының пайдасына болады деп.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Ди-Анн Лелаан, Мелани Хауг, Эван Бломквист  Linux для «Чайников» Москва, Санкт-Петербург 2003

Срайн Хатч, Джеймс Ли, Джордж Курц Секреты Хакеров Linux – готовые  решения Москва, Санкт –Петербург 2000


Информация о работе Linux операциялық жүйесі