База данных IT-колледжа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:28, дипломная работа

Краткое описание

Берілген дипломдық жоба облыстық әдістемелік комиссия мүшелері мәліметтер қорын жобалауға бағытталды.
Жобалау процессінде келесі көрсеткіштер көрсетілді:
Колледждер және ақпаратты сақтайтын функционалды кестелер жасалды. Әр бір кестеде сәйкес атрибуттар анықталды. Әр кестенің атрибуттарына сәйкес берілгендер типі анықталып, осы жолда орналасқан ақпаратқа сәйкес өлшемдер көрсетілді.
Мәліметтер қорының логикалық жүйесі кілтті және кілтті емес бағандардың индексін анықтайды, сұраныстардың жұмысын қамтамасыз ететін кестелер арасындағы байланыстарды анықтайды. Соңында аяқталған, бірнеше көлемді кестелерден тұратын, арасында ерекше байланыстармен қатынасқан күрделі логикалық мәліметтер қор жүйесі жасалды

Прикрепленные файлы: 1 файл

ПОЯСНИТЕЛЬНАЯ ДИПЛОМНЫЙ ПРОЕКТ.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

 

3.2 Компьютерлерді (дербес компьютерлерді, планшетті  дербес компьютерлерді, ноутбуктерді) және бейнетерминалдарды  орналастыру мен пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

- ДК, ПлДК, ноутбуктерді және БТ-ны пайдалануға арналған үй-жайларда осы Санитариялық қағидаларда келтірілген жарықтандыру, микроклиматтың нормаланатын параметрлерін сақтау үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі.

- Білім беру ұйымдарында ДК, ПлДК, ноутбуктермен және БТ-мен жұмыс істеуге арналған оқу сыныптарын цокольды қабаттарда орналастыруға жол берілмейді. Күш беретін кәбілдер, жоғары вольтты трансформаторлар, технологиялық жабдықтар орналасқан жерлерге ДК, және БТ бар жұмыс орындарын орналастыруға жол берілмейді.

- Электронды-сәуле түтігі (бұдан әрі – ЭСТ) базасындағы ДК және     БТ-ны пайдаланушылардың бір жұмыс орнының алаңы, оның ішінде бос уақыт өткізетін объектілерде, халыққа қызмет көрсету үшін қатарлап орналастыру кезінде  кемінде 6 шаршы метр (бұдан әрі – м2), орталықта және периметр бойынша орналастырғанда – 4 м2, БТ-ны пайдалану кезінде тегіс дискреттік экрандар (сұйық кристалл, плазмалық) базасында кез-келген орналасу жағдайында 4 м2 құрайды.

- ПлДК-ны, ноутбуктерді пайдаланушылардың бір жұмыс орнының алаңы 2,5 м2 болуына жол беріледі.

- ДК-мен, ПлДК-мен, ноутбуктермен және БТ-мен жабдықталатын үй-жайлардың ішкі көрінісін әрлеуге пайдаланылатын полимерлік материалдар санитариялық-эпидемиологиялық сараптауға жатқызылады және жабық үй-жайлардың ауасына зиянды химиялық заттарды бөлмеуі тиіс. Мектепке дейінгі ұйымдарда үй-жайларды әрлеу үшін ағаш жаңқаларынан жасалған тақтайларды, қатпарлы пластикті, синтетикалық кілем жапқыштарын пайдалануға жол берілмейді.

- ДК-мен, ПлДК-мен, ноутбуктермен және БТ-мен жабдықталатын үй-жайлардың еденінің беті антистатикалық қасиеттері бар материалдардан  ойықтарсыз және саңылауларсыз жасалады.

- Бұл ретте осы үй-жайларда күнделікті ылғалды жинау жүргізу қажет.

- ДК және БТ орналастырылған үй-жайлар қорғаныш жерге қосумен  жабдықталады, электр розеткалары жерге қосу контурына қосылады.

- Тұрғын үй ғимараттарында орналастырылатын ДК-мен және БТ-мен жабдықталған үй-жайлар жеке есікпен жабдықталады.

- ДК және БТ арқылы кәмелеттік жасқа толмаған адамдарға қызмет көрсететін объектілер келушілерге арналған киім ілетін орынмен немесе шкафтармен (ілгіштер) және санитариялық тораптармен жабдықталуы тиіс.

- Компьютерлері мен ойын кешендері бар бір орындық үстелдерді екі-үш қатар орналастыру кезінде үстелдердің бүйір беттерінің арасындағы әрбір қатардағы қашықтық кемінде 0,5 метр (бұдан әрі – м), бір қатар орналастыру кезінде бір бейнемонитор мен басқа экран бетінің аралығы арасындағы қашықтық кемінде 2 м, ойын автоматтарының бүйір беттері арасындағы қашықтық кемінде 0,2 м болады.

- ДК-ны пайдаланушылар үшін үстелдің жұмыс бетінің өлшемі: 725-ке тең, реттелмейтін биіктігі кезінде ені 800, 1000, 1200 және 1400 мм, тереңдігі 800 және 1000 мм болуы керек.

- Үстелдің жұмыс бетінің биіктігі 680-800 мм шегінде болуы тиіс.

- Компьютерлер мен бейнетерминалдар жабдықталған үй-жайларда физикалық және химиялық факторлардың деңгейі осы Санитариялық қағидаларға 1 – 5-қосымшаларға сәйкес қабылданады.

- Компьютерлер мен бейнетерминалдардан болатын дыбыс деңгейінің және октавалық жиілік жолақтарындағы дыбыс қысымының рұқсат етілген деңгейлері осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшда келтірілген.

- ЭСТ-дегі БТ экранынан және корпусынан 0,05 м қашықтықтағы кез келген нүктедегі рентген сәулесінің экспозициялық дозасының қуаты реттейтін құрылғылардың кез келген жағдайында сағатына 0,1 микро Зиверттен аспайды.

- ДК бар жұмыс орындарын орналастыру кезінде бейнемониторлары бар жұмыс үстелдері мен бір бейнемонитордың сыртқы бетінің арасындағы экранға дейінгі қашықтық кемінде 2 м, бейнемониторлардың бүйір беттерінің арасындағы қашықтық кемінде 1,2 м болып көзделеді.

- Бейнемонитордың экраны пайдаланушының көзінен 600 – 700 миллиметр (бұдан әрі  –  мм) қашықтықта, бірақ алфавиттік-цифрлық белгілердің және символдардың мөлшерін есепке ала отырып, 500 мм-ден жақын емес қашықтықта болады.

- БТ және ДК орналасқан үй-жайлар бастапқы медициналық көмек көрсететін дәрі-дәрмек қобдишаларымен жабдықталады.

- БТ-да және ДК-де үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығын екі сағаттан асырмау ұсынылады.

- Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған ПлДК-ның салмағы:

      • 1 – 4 сынып оқушылары үшін  – 1 килограммнан аспайды;
      • 5 – 8 сынып оқушылары үшін – 1,5 кг дейін;
      • 9 – 11 (12) сынып оқушылары үшін – 2,5 кг дейін.

Жалпы білім беретін  ұйымдарда, орта және жоғары білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – білім  беру ұйымдары) ДК-мен, ПлДК-мен және ноутбуктермен жұмыс істеуге арналған үй-жайлар бір орынды үстелдермен жабдықталады. ДК-мен, ПлДК-мен, ноутбуктермен және БТ-мен жұмыс істеуге арналған бір орынды үстелдің құрылымы мынадай болып көзделеді:

  1. екі жеке беті: біреуі ДК-ны орналастыруға арналған, биіктігі 520 – 760 мм дейін ыңғайлы өзгертілетін және екіншісі - пернетақтаға арналған, биіктігі мен еңіс бұрышы 0 – 15 градусқа дейін өзгертілетін, тиімді жұмыс жағдайына қарай (12 – 15 градусқа) берік бекітілетін жұмыс беті;
  2. ДК, ПлДК, ноутбуктермен және БТ үшін пернетақта бетінің ені кемінде 750 мм (екі беттің де ені бірдей болуға тиіс) және тереңдігі кемінде 550 мм;
  3. ДК, ПлДК, ноутбуктер және БТ орналасатын беттердің және электр өткізгіштер мен жергілікті желінің кәбілдері орналасқан тіреуіштегі пернетақтаға арналған тіреуіштер;
  4. жұмыс орнын принтермен жабдықтағанда беттердің енін 1200 мм-ге дейін кеңейту;

- Білім беру ұйымдарында компьютерлермен жұмыс істеу кезінде жұмыс орнының негізгі өлшемі, үстелдің жоғарғы жиегі мен аяққа арналған кеңістіктің биіктігі осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшадағы 1, 2-кестелерге сәйкес оқушының аяқ киімімен қоса есептегендегі бойына сәйкес келеді.

- Мектепке дейінгі ұйымдардағы және мектептердегі БТ-мен, ДК-мен, ПлДК-мен және ноутбуктермен тікелей сабақтардың үзіліссіз ұзақтығы оқу сағаты бойынша:

1) мектепке дейінгі  ұйымдар және 1-сынып оқушылары  үшін  – 15 минуттан аспауы;

2) 2 – 3-сынып оқушылары үшін – 20 минуттан аспауы;

3) 4 – 5-сынып оқушылары үшін 25 – минуттан аспауы;

4) 6 – 8-сынып оқушылары үшін – 30 минуттан аспауы;

5) 9 – 11 (12) сынып оқушылары үшін – 35 минуттан аспауы тиіс.

- Жалпы білім беру ұйымдарындағы 16 жастан асқан оқушылар үшін өндірістік практика кезеңінде БТ-мен, ДК-мен тікелей жұмыс істеу уақыты үш сағаттан аспайды, 16 жасқа толмаған оқушылар үшін – жұмыс режімін міндетті түрде сақтай отырып, екі сағаттан аспайды. Жұмыс кезеңінде профилактикалық мынадай іс-шаралар жүргізіледі: әрбір 20 – 25 сағат сайын көзге арналған жаттығулар және үзіліс кезінде 45 минут сайын дене шынықтыру жаттығулары жасалады.

- Мектепке дейінгі ұйымдарда компьютерлік ойын сабақтары аптасына 2 реттен жиі емес жүргізіледі.

- БТ-мен, ПлДК-мен, ноутбуктермен және ДК-мен өткізілетін сабақтарды ұйықтайтын, күндізгі серуенге шығатын және сауықтыру шараларын жүргізетін уақытта өткізуге жол берілмейді.

- БТ, ПлДК, ноутбуктер мен ДК пайдалану арқылы өтетін мектеп жасына дейінгі балалардың сабағын әдіскер жүргізеді.

- Жасына қарамастан екі және одан да көп балалардың БТ-ды, ДК, ПлДК-ны, ноутбуктерды  бірге пайдалануына жол берілмейді.

 

 

3.2 Қоршаған ортаны қорғау

 

Компьютер техникасының электромагниттi сәулеленуi өте маңызды сұрақ болып табылады. Бұл техникадан шығарылатын сәулелену қоршаған ортаның денсаулықтарына қауiпсiз екендігін ешқандай зерттеулер растай алмайды.

Компьютер техникасын зерттеу спектрі ауқымды: оның құрамына рентген, ультракөгiлдiр және инфрақызыл сәулелер, сонымен бiрге басқа жиiлiктердiң электрмагниттiк толқындардың аса кең диапазоны кіреді.

Электронды-сәулелi түтiктен шығарылатын рентген сәулелерiнiң қауiптілігі мамандар ойынша өте аз, себебі сәулелердің бұл түрi экранның жуан шынысымен жұтылады. Зерттеушiлерді осы уақытқа дейiн зиянсыз болып есептеліп келген төмен жиiлiктi және жоғары жиiлiктi электромагниттi өрiстердiң өзара әрекеттесуi қызықтырады.

Көпшiлiк мемлекеттiк медициналық мекемелердiң көзқарасы видеодисплейлердiң төмен жиiлiктi өрiстерi иондайтын сәулелелерге (рентген сәулелерi) қарағанда ешқандай қауiп төндірмейді деген тұжырымға келеді. Дегенмен төмен және жоғары жиiлiктi өрiстер шындығында ағзаға жақсы әсер бермейді. Сәттi жағдайда мұндай өрiстердiң өзара әрекеттесуiнде микротолқынды пеште азықтың даярлауы процессімен салыстыруға болатын процесс орындалады. Мониторлардың қауiптi сәулелерін төмендету үшiн электромагниттi өрiстерден қорғау шараларын қолданады: экранда бейненің құрылуына жауап беретiн мәтін жолының трансформаторы монитор корпусының артқы бөлігіне орналастырылады және металл экранға бекітіледі.

Лазер технологияларын қолданылатын көптеп көшіру техникалармен жұмыс жасалатын бөлмелерде электр разрядымен ауаның таралуы кезінде озон газының түзiлу орны болуы мүмкін. Үлкен концентрацияларда ол орталық жүйке жүйесi мен жүрекке зиянды әсерін тигізеді. Мұндай бөлмелерде ағынды сорғыш желдеткіш болуы керек. Сонымен қатар ағынды сорғыш желдеткіш әр түрлi тонерлер мен бояуларды қолданатын көптеп көшіру техникаларында жұмыс iстегенде қолдануы керек. Олардың құрамына ағзаға жинақталатын және ауыр дерттерге апаратын ауыр металлдар мен улы заттар кiредi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Экономикалық тиімділікті  негіздеу

 

4.1 Экономикалық тиімділік  көрсеткішін анықтау

 

Бағдарламалық өнімді құрудағы тиімділікті бағалау кезінде  жалпылама және жеке көрсеткіштер қолданылады.

Экономикалық тиімділіктің негізгі  жалпылама көрсеткіштеріне мыналар жатады:

- жылдық экономикалық нәтиже;

- бағдарламалық өнімді функционалдаудың экономикалық тиімділігінің      коэффициенті;

- жүйенің орнын толтыру мерзімі.

Бағдарламалық өнімді құру мен енгізудің жылдық экономикалық тиімділігі жыл аралық тиімділіктің функционалдау жүйесінен және жүйені құру кезіндегі жалпы шығындар айырмашылығы арқылы есептеледі:

 

Э=П – К                                 (4.1)

 

П – жылдық тиімділік (жылдық пайданың өсуі), мын тг.

К – жалпы шығын, мын тг.

Бір уақыттағы шығындардың экономикалық тиімділігінің коэффициенті (Ек) бағдарламалық өнімді құру мен енгізудің жылдық тиімділігінің бір уақыттағы шығындарға (Р) қатынасы:

 

Ек = П/Р                                 (4.2)

 

Орнын толтыру мерзімі (Т) бір уақыттағы жалпы шығындардың бағдарламалық өнімді құру мен енгізудің жылдық тиімділігіне қатынасы:

 

Т = Р/П                                   (4.3)

 

Жоғарыда көрсетілген  жалпылама көрсеткіштер есептеулері  құрылатын немесе модернизацияланатын  бағдарламалық өнім ретінде сипатталатын, жеке көрсеткіштерді алдын ала есептеуге мүмкіндік береді, мысалы мынандай:

  • жылдық тиімділік (пайданың жылдық өсімі);
  • жүйені құру мен енгізуге кеткен  бір уақыттағы шығындар;
  • ақпаратты өңдеу ұзақтылығы;
  • техникалық құралдардың сенімділігі;
  1. ТҚК-нің (техникалық құралдар кешені) сенімді еместігінен шығынның өсуі.
  1. Шынайылық т.б
  2. Бағдарламалық өнімнің  жылдық үнемдеуі  келесі жолмен есептеледі:
  3. П=(П1+П2+П3)(1+ЕН∆Т)             (4.4)
  4. П1–t жылдағы еңбек және минералды ресурстар шығындарының азаюынан шыққан үнемдеу , тг/жылына;
  5. П2 –t жылдағы жаңа техника сапасыны мен оның тұтыну сипатының жоғарылауынан шыққан үнемдеу, тг/жылына;
  6. П3–t жылдағы  автоматтандырылған жүйенің аз уақытта алынған шешімнің басым жаңалығының қосымша пайдасы, тг/жылына;
  7. ЕН–қаржы жұмсалымдарының тиімділік нормативі,(тг/жылына)/тг;
  8. ЕН  мәні халықтық шаруашылықтың барлық саласында 1,5-ке тең болып алынады.
  9. ∆Т–автоматтандыру үдерісінің ұзақтығының азаюы, жыл;
  10. З<span class="dash0410_0

Информация о работе База данных IT-колледжа