База данных IT-колледжа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:28, дипломная работа

Краткое описание

Берілген дипломдық жоба облыстық әдістемелік комиссия мүшелері мәліметтер қорын жобалауға бағытталды.
Жобалау процессінде келесі көрсеткіштер көрсетілді:
Колледждер және ақпаратты сақтайтын функционалды кестелер жасалды. Әр бір кестеде сәйкес атрибуттар анықталды. Әр кестенің атрибуттарына сәйкес берілгендер типі анықталып, осы жолда орналасқан ақпаратқа сәйкес өлшемдер көрсетілді.
Мәліметтер қорының логикалық жүйесі кілтті және кілтті емес бағандардың индексін анықтайды, сұраныстардың жұмысын қамтамасыз ететін кестелер арасындағы байланыстарды анықтайды. Соңында аяқталған, бірнеше көлемді кестелерден тұратын, арасында ерекше байланыстармен қатынасқан күрделі логикалық мәліметтер қор жүйесі жасалды

Прикрепленные файлы: 1 файл

ПОЯСНИТЕЛЬНАЯ ДИПЛОМНЫЙ ПРОЕКТ.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

Кестеде сұраныс көмегімен алуға болатын берілгендер сақталады. Барлық берілгендер біркелкі байланыста болу үшін кестелер мен сұранысды   мәліметтер қорына біріктіреміз. Форма арқылы қолданушы экранға берілгендерді шығарып, өзгерте алады. Форма мен отчет барлық ақпаратты кестелер мен сұранысдан алады. Керекті есептеулер мен берілгендерді белгілі бір формаға келтіру үшін сұраныс енгізілген функцияларды пайдаланады.

Access берілгендер типінің  максималды бостандығын камтамасыз етеді (мәтін, сандық берілгендер, күні, уақыты, ақшалық мәндер, суреттер, дыбыстар, құжаттар, электронды кестелер). Санымен қатар,  сақтау форматын енгізуге болады (жол ұзындығын, санның нақты көрінісі және күні/уақыты) және ақпаратты экранға немесе бетке басып шығаруын камтиды.

Қазіргі таңда Access Windows қосымшасы  болғандықтан, қолданушы DDE (Dynamic Data Exchange, динамикалық берілгендермен айырбас), OLE (Object Linking and Embedding, объектіні енгізу және желі) және ActiveX элеметтерімен қолдана алады. DDE көмегімен функцияларды орындауға, Access және кез-келген Windows DDE қосымша арасында мәліметтерді айырбас жасай алады. OLE - Microsoft технологиясы, ол басқа қосымшалармен байланыс жасауға немесе  Access мәліметтер қорына кез- келген объект енгізе алады. Олар  суреттер, диаграммалар, электронды кестелер немесе Windows-тың  басқа қосымшаларының құжаттары.

Access кез- келген МҚБЖ-ның  файлдық берілгендерін қабылдайды. Мәтіндік және кестелік берілгендерді импорт немесе экспорт жасау мүмкіндігі бар.  Access Paradox, dBase III, dBase IV және тағы басқа мәліметтер қорының файлдарын жаңартып, тікелей қол жеткізе алады. Сонымен қатар, мұндағы берілгендерді Access кестесіне импорт жасауға болады, оған қоса,  Access қазіргі таңдағы танымалы  ODBC (Open Database Connectivity – берілгендерге ашық қол жеткізу) стандартына сай Microsoft SQL Server, Oracle, DB2 мәліметтер қорымен жұмыс істей алады.

Мәліметтермен бірнеше  адамнан құралған топ жұмыс жасау  керек болса, нағыз МҚБЖ ақпаратты кез-келген қол жеткізушіден қорғайды, яғни, тек анықталған қолданушылар ғана  ақпаратты көруге және өзгертуге мүмкіндіктері болады.  Топтық қолданушымен жұмыс жасауға арналған МҚБЖ бір уақытта бірнеше адамның ақпаратты өзгетуіне мүмкіндік бермейтін қасиеті бар. Access – те МҚБЖ бөлек жұмыс станциясында қолданушы өз бетінше жұмыс істей алады немесе бірнеше қолданушы пайдалана алды, себебі, сенімді қорғаулы және мәліметтер біріккен.

 

1.5.2 Delphi ортасы

 

Delphi ортасы бұл бағдарламашы жұмысының жоғарғы нәтижесін қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қосымшаларды жасауға арналған программалық өнімдердің ішінде Delphi жоғары орындарға ие. Оның интерактивті ортасы қосымшаларды жасауға өте ыңғайлы болып келеді. Delphi - өте тез дамып келе жатқан жүйе, оның ең алғашқы нұсқасы - Delphi 1.0 1995 жылы жарыққа шықты. Жылдан жылға Delphi-дің жаңартылған және жақсатрылған нұсқалары пайда бола бастады. MSDOC операциялық жүйедегі жұмыс істейтін бағдарламалау тілдерінің арасында Delphi-дің алатын орны ерекше. Ол кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл Delphi-де түрлік сандық, мәтіндік, графикалық ақпаратты өңдеу және онын терезесінде кез келген фигураларды қолданып, редактор мәзірін құрып, онымен жұмыс істеу, және тағы басқа күрделі ақпаратты өңдеуді Windows -тағы сияқты визуалды орындауға болады.

Delphi 7 ортасы дайын құрудағы әр түрлі бөліктеріне жауапты арнайы бағдарламалардың жиынтығы кіретін өңдеушінің интегралды ортасы болып табылады.

Бағдарламаның негізгі  мәтіні Delphi 7 ортасында негізгі мәтіндердің енгізілген редактор көмегімен жасалынады. Бұл редактор арнайы белгілеудің иілгіш мүмкіндіктермен ажыратылады және жиі кездесетін құрылымдарының тез еңгізуіне мүмкіндік береді.

Delphi 7 бағдарламаның 6 түрлі терезелер бар:

  1. негізгі терезе
  2. объектілер бұтағы терезесі
  3. объектілердіц инспектор терезесі
  4. браузер терезесі
  5. форма терезесі
  6. бағдарлама коды терезесі

Негізгі терезе (Сурет 1.5.2.1). Бағдарлама құрастыратын жобаны басқарудың негізгі формасын негізгі терезе арқылы іске асыруға болады, ол терезенің көлемі өзгермейді, онда бағдарламаның негізгі мәзірі, пиктографиялық батырмалар және компоненттер палитрасы орналыстырылған.

Терезенің негізгі мәзірі жобаны басқару үшін қажетті құралдарымен жабдықталған және де терезенің барлық элементтері арнайы панельдерде орналастырлып, оның сол жақ бөлігінде панелді басқаратын батырмалар бар. Негізгі мәзірден басқа да кез келген панелдің терезеден алып тастауға болады. Ал қолданылатын панель жоқ болса, оны баптаулардан қосып алуға болады. Панельді алып тастау үшін сол панельді үстап негізгі менюдің шекарасынан шығарып тасауыңыз қажет. Панельдегі батырмалардың мәндерінің қүрамын өзгерту үшің, тышқанның оң жақ пернесін сол панельге апарып басамыз. Алдыңда көмекші меню шығады. Ол менюда панельдердің мынадай аттарның тізімі орналасқан: Standart, View, Debug, Custom, Component Palette^ Desk Tops, Internet, Customze.

 

Сурет 1.5.2.1. Негізгі терезе.

 

Объектілер бұтағы терезесі. (Сурет 1.5.2.2) Бұл терезе тек 6-шы нұсқаудан пайда болды. Ол жекек компоненттер арасындағы байланысты формада көрнекі түрде көрсетуге араналған. Оның қажеттілігі күрделі бағдарлама жазу кезінде қажетті бағдарламаның тез іздеп табу үшін арналған. Мұнда компоненттер сілтеуіштегі файлдар сияқты орналасады. Бұл терезеде кез келген компоненттері бар тышқанның пернесін екі рет бассаңыз, сол компонентке арналған OnClick оқиғасы шығады. Ал, бір рет бассаңыз сәйкес компонент формада белгіленеді.

 

Сурет 1.5.2.2. Объектілер бұтағы терезесі.

 

Объектілердіц инспектор терезесі. (Сурет 1.5.2.3) Бұл терезеде екі парақ бар:

  1. Properties - қасиет
  2. Events - оқиға

Properties парақта компоненттің қажетті қасиетін орнатуыңызға болады. Ал Events парағынаң компоненттің оқиғасын анықтауңызға болады. Формаға орналастырылатын әрбір компонент параметрлер жиынымен сипатталады: өлшемі, түсі, орнатылған орны, т.с.с. Кейбір компоненттің өлшемін бағдарламашы форма терезесінде де өзгертуге болады. Бірақ өлшемі көп компоненттерге қажет болған жағдайда осы терезені қолданылады. Компоненттің қасиеті формадағы көрінентін бөлігіне әсер етсе оқиғасы атқаратын қызметіне әсер етеді. Ол үшін Events парағына келіп, қажетті қызметін таңдап, тышқанның перенсін 2 рет бассаңыз, алдыңызға «Бағдарлама коды» терезесіндегі сәйкес процедура шығады.

 

Сурет 1.5.2.3. Объектілердің инспектор терезесі.

 

Форма терезесі. (Сурет 1.5.2.4) Бұл терезе болашақ бағдарламаның бейнесі, яғни Windows жобасы. Басында бұл терезе бос болады, дәлірек айтқанда, онда максимизация, минимизация және терезені жабу батырмалармен тақырыптық жолдан тұрады. Терезенің барлық жұмыс аймағы координаталық сеткалардың нүктелермен толтырылған. Ол қажетті компоненттерді дұрыс орналыстыруға арналған. Бірақ бағдарлама орындалу барысында бұл нүктелер көрінбейді. Егер бұл нүктелер қажет емес десеңіз Tools/Environment Options баптау терезесін шақырып онда Display Grid жалаушасын алып тастау керек.

Сурет 1.5.2.4. Форма терезесі

 

Delphi-де бағдарлама құру 2 процесстің тығыз байланысуынан тұрады:

1.   Бағдарламаның визуалдық көрінісінен құру;

2.   Бағдарламаға қажетті қызмет атқаратын код жазу процестері.

Бағдарламалау код терезесі бағдарлама мәтінін өзгерту және құру үшін арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер және бағдарламаның жұмыс атқаруының    сипатталуы    бойынша    жасалынады.    Осы    мәтін    жазу ережелерінің жиынтығын бағдарламалау тілі деп атаймыз. Delphi жүйесінде Pascal бағдарламалау тілінің жаңартылған нұсқасы Object Pascal тілі қолданылады. Бұл тілді 1970 жжылы Швейцария ғалымы Н.Виртон ұсынған. Уақыт өте келе Borland корпорациясы бұл тілді жаңартты. [2; 1156.]

Delphi-дің визуалды ортасы бағдарламалаудың өте көп аспектісіне ие болса да, осы ортада жұмыс істейтін кез-келген бағдарламашыға Object Pascal бағдарламалау тілін   білуі   қажетті шарт.      Программалау   код   терезесі алғашында тек  Windows  терезесінің  толық түріндегі  бос  форматының қалыпты қызметінің атқаратын мәтіннен тұрады. Бағдарламашы жұмыс істей келе бағдарламаға қажетті толықтырулар процедуралар енгізеді. Delphi-ді жаңа қосқан кезде оның жобасын жасамай тұрып, бағдарлама код терезесін ашқанда келесі жолдар шығады:

UnitUnitl; interface uses

Windows,  Messages,   SysUtils,  Variants,   Classes,  Graphics,  Controls, Forms,

Dialogs; type

Tforml = class(Tform) private

{ Private declarations } public

{ Public declarations } end;

var

Forml: Tforml; implementation

{$R*.dfin}

end.

Жаңа форма үшін бағдарлама терезесіне осы толтытру автоматты түрде қойылалды. Форма терезесі программаның сыртқы көрінісін атқаратын болса, сол көріністің қызметін осы толықтыруда жазамыз. Ол толықтыру {$R *.dfm} және end қызметші сөздері арасына енгізіледі. Ал қажетті процедураның сипатталуы да автоматты түрде енгізіледді.

Біз Unit пен Implementation арасындағы жолдарды қозғаймыз. Себебі Delphi қажетті енгізуді өзі толтырады. Ал жасалған процедурасының біреуі бағдарлама жасау барысында өшіруіміз қажет. Бағдарлама код терезесімен бірге Browser терезесі де қосылады. Ол терезе бағдарлама код терезесіндегі қажежтті оператор мен процедураларды тез іздеп табу үшін арналған. Ол да сілтеуіш сияқты қолданылады.

 

 

Сурет 1.5.2.5. Бағдарлама-коды терезесі

 

Delphi 7 жүйесінде, айтып кеткендей, арнайы формаларды жобалаушы бар, оның көмегімен болашақ бағдарламаның терезелері форма   түрінде

дайындайды. Жобалаушы терезелердің оптималды өлшемін таңдауға, әр түрлі басқару элементтер мен мәзірді орналастыру және келтіруге, дайын суреттерді қосуға, мәтінді енгізуге көмектеседі.

Құрастырылып жатқан бағдарламаның  негізгі міңездемесі тұтынушы интерфейстің қолайлылғы, қажетті басқарушы элементтердің бар болуы жэне ыңғайлылығы.

1.5.3 Визуалды компоненттер кітапханасы

 

Формаларды құрастыру  кезінде программа дайын компоненттерден (машиналық кодтың бөліктері ) құрылады. Олар қосымшаларды құру ортасына кірістірілген  объектілер типінің жиынтығы. Компоненттер жиынтығын визуалды компоненттер жиынтығы Visual Component Library (VCL) деп аталады. Delphi тағы бір жақсы жағы ол дайын компонентерді пайдалумен қатар жаңа компоненттер құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Delphi бар компоненттерді де жақсартуға болады. Объект класстары иерархия түрінде құрылған абстрактілі, аралық және дайын компоненттерден тұрады. Компоненттерді формаға тышқанның бірнеше шертеуімен орналастыруға болады. Компоненттер бірнеше өзіндік панелдерге бөлінген компоненттер палитрасында орналасады. (Сурет 1.5.3.1)

 

Сурет 1.5.5.1.    Компоненттердің палитрасы

 

Delphi-дің негізгі байлығы болып компонеттер палитрасы болып саналады. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде оналастырылып, компонеттердің функционалдылығына байланысты топ бойынша, қажетті компонеттерді тез іздеп тауып алуға арналған парақтарға бөлінген. Әр топтың функционалдылығына байланысты аттары бар. [5; 1186.]

Компонент - дегеніміз анықталған қасиеттері бар программист көмегімен форма терезесіне орналастырылатын функционалдық элемент. Компоненттредің көмегімен прогармманың бейнесі қүрастытрылады. Пиктографиялық батырмалар сияқты компоненттер палитрасын да өзгертуге болады. Ол үшін кез келген пиктограммаға тышқанның оң жақ пернесін басқандағы Properties опциясын таңдаумыз қажет.

Компоненттердің өзіндік  қасиеттер жиынтығы бар, олар бір-бірінен ажыратылған ерекшеліктермен сипатталады. Кейбір қасиеттер, мысалы Caption, көптеген компоненттерде бар - өйткені бас атау терезеге де, батырмаға да қажет. Кейбір қасиеттер нақты компоненттерге тэн, мысалы Simpletext қасиеті, оның құрамында Қалып-күй жол (Строка состояния) компонентіне арналған мәтін болып табылады.

Форманы проектілеу процесінде компоненттердің қасиеттері Object Inspector көмегімен келтіріледі. Бүл категориялар және алфавит бойынша топталған берілген компоненттің барлық қасиеттерінің тізімін көрсететін арнайы бағдарлама.

Әр қасиеттің мәнін  ауыстыруға болады, ол үшін Object Inspector-дың қажетті жолына жаңа жолды енгізу арқылы немесеқолайлы мәндердің ашылған тізімде керекті мэнді таңдау арқл жасауға болады. Кей қасиеттерде енгізілген көмекші қасиеттер бар, мысалы, Font қасиеті өлшем, стиль, түс, гарнитурасымен ерекшеленеді. Нақты компонентке арнайы жасалған және стандартты редакторлар көмегімен осыындай қасиеттерді редактілеуге ңғайлы болып табылады.

Қасиеттерден басқа компоненттерде әдістер - қасиеттердің мәндерін өңдейтін бағдарламалық код - жэне оқиғалар - бағдарламаның жүмыс істеу барсында анықталған іс-әрекет жасалғанда компонент қосмшадан алатын хабарлар (мысалы, тудың (флажок) қалпы өзгереді). Бағдарламалаушы әр компоненттің әр қасиетіне бағдарламаның реакциясын өз қолымен түрлендіре алады.

Компоненттерді дұрыс  таңдап алып жэне бір-бірімен байланыстыруға арналған қасиеттердің қолдану жолымын  олардың бірыңғай жүмысын дү-рыс  өңдегенде негізгі мэтіннің бір  де бір жолды қолмен жазбай қосмшаны жиі құруға болады. Delphi 7 жүйесінде жүздеген дайын компоненттер бар және көптеген тапсырмаларды шығарғанда мүмкін басқа адамдармен істелінген бағдарламалаудың жұмысын істеудің орнына қажетті компонентті (мысалы, Интернетте)    табу    пайдалырақ    болады.    Бағдарламаларды    құрудағы компонентті әдіс-амал дайын өңдеушілерді қайта қолдануга мүмкіндік береді және көптеген жағдайларда еңбектің эффективтілігін жоғарылатады.

Дайын компоненттерді қолдана  алмаған жағдайда қолмен бағдарламалаудың қажеттілігі туады.

 

2 Жобалау бөлімі

2.1 Мәліметтер қорын MS Access-те жобалау

Информация о работе База данных IT-колледжа